Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Ән, Мәдениет, Өнер

Музыкалық фольклор және оның этнографиялық сипаты. Фольклор – көркем әрі тарихи-этникалық құбылыс
Загрузка...
Музыкалық фольклор халық өмірі мен тұрмысы. яғни этнографиясымен тығыз байланысты. Сол себепті оны музыкалық этнография деп те атап келеміз. Өзінің табиғатына орай қазақ фольклоры салт-дәстүрге байланысты және салттан тыс болып екіге жіктелетінін жоғарыда айттық

Салт-дәстүрге байланысты фольклор үлгілері өте ертеден байқалады. Әр халықтың ментальдік ерекшеліктерін айқындайтын белгілердің бірі осы. Мысалы, орыс халқында "хоровод" дәстүрі бар, бірақ оны қазақ халқының музыкалық фольклорьшан кездестіру қиын. Түркі тайпаларында ұжымдық орындаушылық дәстүр болмаған. Қазақ халқының музыкалық мәдениеті — монодиялық құбылыс. Оған көп болып ән салу, күй тарту, болмаса жыр жырлау тән емес. Ел ұғымында ол шеберлік белгісі де бола алмайды. Эпикалық дәстүрі дамыған көшпелі елдерде жске орындаушы, жеке басының өнерімен суырылып шыққан тұлғалар ғана бағаланған. Мұны ғылым тілінде монодиялық мәдениет деп атаймыз. Ол бүкіл түркі және шығыс әлеміне тән.

Салтқа байланысты фольклор үлгілері (бесік, шілдехана жыры, сыңсу, тойбастар, жоқтау, т.б.) салт-дәстүр шеңберінде ғана өмір сүреді. Олар өмір қажеттітгінен туып, қуаныш немесе қайғы үстінде ғана орындалған. Салтқа байланысты музыкалық шығармалардың құрылымы қарапайым келеді. Кейде түрлі ладтық ерекшеліктері де байқалады. Бірақ бұл жанрларға тән стереотиптік, шың мағынасындағы тұрақты музыкалық мәтіні бар шығармалар жоқтың қасы. Олардың бәрі белгілі бір дәстүрге орай, белгілі бір ладтық (мақамдық) негізде туып отырған. Басты орынға музыкалық әуені емес, ладтың негізі шығады.

Салттан тыс фольклор үлгілеріне халық әндері мен күйлерін жатқызамыз. Олар авторы жоқ, бірақ тұрақты музыкалық мәтіні бар шығармалар. Мысалы, "Келіншеқ", "Ақсақ құлан", "Қамажай", "Маусымжан", т. б. шығармалардың иесі болмаса да, олардың фольклорлық мұра екендігі айқын. Бұдан байқалатыны, салттан тыс фольклордын стадиялық тұрғыдан кейіндеу қалыптасқан сала екендігі. Оның үлгілері біздін заманымызға дейін жетіп отыр. Салттан тыс фольклордың басым көпшілігін лирикалық жанр құрайды. Тарихи әндер сиректеу. Мұның өзі халықтың әсемдік, сұлулық туралы эстетикалық талғамынын өскендігін байқататын белгі.

Музыкалық фольклордың этнографиялық сипаты тұсында олардың үн-әуен ерекшеліктері басты орыңда тұруға тиіс. Әзірге біз қазақ халқының музыкалық фольклорын тақпақ сазды - речитативтік және кең тынысты - лирикалық, аспаптық музыкаға келгенде токпе және шертпе күйлер деп қана жіктеп келеміз. Бұдан әріге терендеп бара алмай жатырмыз. Оның басты себебі — музыкалық этнология ғылымыньгң жетілмеуінде.

Дұрысында Қазақстанның әрбір аймағына тән музыкалық үн-әуендер бар. Тіпті арғы дәуірлерде әрбір ру-тайпаның өзіндік музыкалық үні болған. Антикалық замаңда болған көне ладтарды қазақ музыкасынан да көптеп кездестіруте болады. Осының әзі қазақ музыка фольклорын музыкалық интонация деңгейінде зерттеудің қажеітілігін аңғартады. Оны ғылым тілінде музыкалық лексикология дейміз.

Фольклор туындыларының этнографиялық сипатын айқындайдын белгілердің бірі - мақамдық (ладтық) құрылымы. Дәл осы музыкалық мақам арқылы белгілі бір халықтың өзіндік болмысы дараланады. Оған ырғақ, өлшем жүйелерінің қосатын үлесі де жоқ емес.

Музыкалық этнология ғылымының бүгінгі талаптары қатарында қазақ музыкалық лексикасының туу, қалыптасу, даму кезендерін анықтау міндетін жатқызуға болады. Бұл салада атқарылып жатқан жұмыстар жоқ емес, бірақ жетімсіз.

Музыкалық фольклор - көркем әрі тарихи категория. Оны түрлі кезендердің үн-әуенін бойына жинақгаған тарихи дереккөз ретінде бағалауға да толық негіз бар. Көптеген фольклор шығармаларынын мазмұны нақгы бір тарихи оқиғаларға құрылған болса, олардын тарихи табиғатына терендей түскен жөн.

Тарихилық тек қана шығарманың атауы немесе белгілі бір тарихи оқиғаға қатысына байланысты емес, ең алдымен, фольклор туындысының өз табиғатынан анықталуға тиіс.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Ән, Мәдениет, Өнер | Добавил: Admin
Просмотров: 787 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Шәмші Қалдаяқов
Жамақұлы Бейбарыс
Рысқұлов Тұрар
Абай шығармаларындағы нәзирагөйлік дәстүрдің зерттелу жайы
Қорамсаұлы Ақан сері
Кіші өзендердің энергетикалық мүмкіндігін пайдалану
Саз әлемінің сардары - Ахмет Жұбанов
Аристотель
Шопеннің фортепианолық шығармашылығы
Абыл Тілеуұлы
Бақытжан Қаратаев
Рашмор тауы
Дербес компьютерде іс-қағаздарын жүргізу
Қазіргі замандағы шертпе дәстүрі
Италия Республикасының Конституциялық құқығы