Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 2.8.2014
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Ән, Мәдениет, Өнер

Ислам және Мәдениет
Скачать удаленно
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ 3
I ИСЛАМ ДІНІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ 6
1.1 Исламның өнерге көзқарасы. 6
1.2 Мұсылмандық бейнелеу өнері, сәулет өнері және поэзиясы 22
II ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ 34
2.1 Қазақстан Республикасындағы ислам мәдениеті мен мешіттердің монументальды – сәндік безендірілуі 34
2.2 Ислам және Қазақстан мәдениеті. 45
ҚОРЫТЫНДЫ 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 55

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Ұлт тәрбиесінің басты құралы - өнер. Жас ұрпақ ислам дінінің негізінде қалыптасқан тәрбиенің құнды қасиеттерін бойына сіңіріп, бүгінгі өмір талабына керекті жақтарын іздестіреді. Ислам дінінің берік орын алып күш қуатының дамуына, оның жас ұрпақ тәрбиесіне деген ізденістердің тәжірибелік ғылыми көзқарастың жақындасуына әсерін тигізетін тіке жол, ол - өнер, яғни музыка арқылы ислам дінінің негізінде көптеген табыстарға жетуге болады. Ислам дінінің «түпкі сырының өзі адамгершілікті, шыншылдықты, қамқорлықты, аяушылықты, жанашарлықты, біліктілікті, еңбекқорлықты, өнерпаздықтарды қалаған. Ал қатыгездік пен зұлымдықтардан арылудың жолын уағыздаумен келді. Адамзаттың құндылығын сақтайтын қасиеттерді іздестірген ислам діні тудырған құран сүрелерінің бәрі дерлік ауызекі әуеннің негізінде жатталып айтылды. Құран сүрелері саф тазалығымен ауыздан - ауызға әуен негізінде жетіп, халық арасына кең тарады. Құран оқылған кезде жігерлі дауысқа салып, жоғары диапазондағы регистрмен әрбір әріптің нақты естілуін салақты қадағалаған. Жатталған сүрелер тыңдаушылардың құлағына тез жетіп сіңімді болу үшін әуеннің атқарған ролі өте жоғары болды.
«Аңыздарға қарағанда, Әбу Бәкір Құранды жылап отырып, әндетіп оқығанда, естушілер еріксіз денелері балқып, көздеріне жас алатын болыпты.» Құран сүрелерін әуен негізінде вокалды қойылым арқылы жүзеге асырса, дауыс ерекшелігі тұрақталып оның тез жатталуына мүмкіндік беріп отыратын көмекші құрал бола алады. «Бірде мерекелік намаздан кейін біздің әулие пайғамбарымыз өзінің жақын досы Әбу Бәкірмен бірге отырады. Осы уақытта Мұхаммедтің (с.ғ.с.) жұбайы Айша қурайда сол кездегі ұлттық әуенді ойнайды. Әбу Бәкір: «ойнауды тоқтат, пайғамбардан ұялсаңшы» деп оған ашуланады. Сонда пайғамбар: «әр тайпаның өз қуанышты күні бар, ал бізде осындай үлкен, қуанышты мереке» деген екен. /1/
Бұл айтылған сөз музыкалық құралды пайдалануға болатындығын анық дәлелдей алатын шығар. Егер бұл күнә болса, оны пайғамбар ойнауға рұқсат бермеген болар еді. Діни әдет - ғұрыптарды белгілі бір музыкалық мақаммен орындау ежелден келе жатқан діни - мәдени құбылыс екенін өз мәдениетімізден де көруге болады. Музыка мен өлеңнің яғни сөздің тығыз байланыста болғандығын әнші ақындар өнерінен байқауға болады. Ақындықпен қатар әнші, бата оқу, жыр, терме, күйші, сазгер, би өнерлерін дамытып, құран сүрелерін қоса жаттап біліп отырған. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыруда музыканың атқарар қызметі үлкен. Ол ислам дінінің жалпы заңдылықтарына сүйене отырып, ұлттық мәдениетке табан тірейді. Бұл тұрғыда қазақ музыка өнерінің синкретті сипаты аса қолайлылық туғызды, әсіресе музыканың Құранмен байланысын синтезді әдіспен қолдану ізгілік мұраттарды шешуде тиімді жол болып табылады. Жас ұрпаққа ислам дінінің негізінде тәрбие беру құралы ретінде музыка тек өнердің басқа түрлерімен, соның ішінде Құранмен тығыз байланыста екенін көреміз.

Зерттеу жұмысымның мақсаты мен міндеті.
Зерттеу жұмысымның негізгі мақсаты - ислам дінінің сөз өнері, поэзиясы, көркем әдебиеті, сәулет өнерінің ерекшеліктерін көрсету. Мұсылман сөз өнері, мұсылман поэзиясы ретінде дүние жүзілік мәдениеттің қорына теңдесі жоқ үлес қосқанын, жаратқан Алланы мадақтап, әділетсіздік пен зұлымдықты құр бос уақыт өткізумен, жалқаулықты қатты сынға алып адамды шынайы, рухани өсіруге, олардың жүрегінде имандылығын жабуға, өз өлеңдерімен мұсылман ақындары өз үлестерін қосқанын баса ашып көрсету.
Осы мақсатқа жету жолында зерттеу жұмысымның алдына мынадай міндеттер қойылды:
- өнерге исламның көзқарасы қандай?
- ислам өркениеті, әдет – ғұрпы және бүгінгі ислам;
- исламның діни – мәдени салт – дәстүрлері;
- мұсылман бейнелеу өнерін, сәулет өнерін, мұсылман поэзиясы негізгі құндылық ретінде талдау;
- қазақтарда ислам өнерінің алатын орнын ашып көрсету.

Зерттеу жұмысымның жаңалығы.
Зерттеген бітіру жұмыстың ғылыми жаңалығы – ислам өнерінің түгелдей халық тағдыры мен тығыз байланыстығын көрсету. Мұсылмандық көркем өнер бір келкі арабтық пен аяқталмай, мұсылмандық арасында парсылық, зороастрлық стилдің бар болуында.

Бітіру жұмысының құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ИСЛАМ ДІНІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
1.1 Исламның өнерге көзқарасы.
Дін мен мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда. Соңғы кездері дін экспансия алаңына айналған елімізде "дініміз өзгерсе өзгерсін, ал мәдениетіміз өзгермесін" дейтіндей орашолақ пікірлер де айтылуда. Осы мәселеге байланысты ғылыми қорытынды жасау үшін алдымен қоғам өмірінің ең маңызды ұстыны саналатын дін мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық. Бүгінгі мәдениеттану, антропология және социология саласының теоретиктері дінді мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі деп санайды. Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз мәдениет те болмайды. Дін әлеуметтік құбылыс, қоғамды қалыптастыратын ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рол атқарады. Кейбір идеологиялар мен саяси ағымдар діннің осы ролін пайдаланғысы келеді. Бүгінгі күні дүние жүзінде орын алып жатқан саяси, әлеуметтік, мәдени, экономикалық уақиғалардың негізінде діни факторлардың бар екенін айту жаңсақтық болмас. Әсілі, дін - осы салаларға бағыт - бағдар беретін күштің бірі, тіпті ең бастысы. Қоғамдық құрылымның анатомиясында діннің алатын орны ерекше. Қоғамдарды басқа қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі осы діннің өзі болып табылады.
Заманауи әлеуметтану ғылымдары қатарынан социология, психология, антропология, мәдениеттану, философия, саясаттану, өнертану дінді зерттеумен шұғылданады. Бұлар әлеуметтік феномен, қоғамдық уақиға және қоғамға пішін беретін құдірет ретінде қарайды. Тіпті, халық арасында кең таралған хұрафи сенімдер мен ырым - секемдердің қаншалықты әсерлі екені баршаға белгілі. Діннің мәдениетті қалыптастырушы басты күш екеніне дау жоқ. Әсіресе, бүгінгі өтпелі кезеңде азаматтардың өзін - өзі танып білуі, ортақ ұлттық мұраны қалыптастыруы және XXI ғасырдағы халқымыздың өсіп - өркендеуінің басты құралы - дініміз.
Әлеуметтану ғылымдары ішінде ең көп дау - дамай туғызғандардың бірі мәдениеттану болып табылады. Мәдениет дегенде кейбіреулердің есіне тек Пикассо, Моцарт, Чайковский түседі. Ал, мәдениет үғымы, шынында, өте кең ауқымды қамтиды. Әр қоғамның қоғамдық қасиеттерінің материалдық және рухани тамырлары бар. Мәдениет дегеніміз осы дүнияуи және рухани қатынастардың ғасырлар бойы етене араласуы нәтижесінде қалыптасатын нәрсе. Сондықтан, заман өзгеріп, мәдениеттің кейбір тұстары өзгеріске үшырағанымен қоғам өзінің мәдениетін сақтап қалуға тырысады. Ислам дінінің көшпелі және руларға бөлінген араб қоғамында пайда болғаны белгілі. Дегенмен, Ислам діні негізінен отырықшылықты, қалалық мәдениетті уағыздайды. Қазақ халқының тарихына қарайтын болсақ, ірілі - ұсақты рулар мен тайпалардың басын қосқан күш осы Ислам діні болған. Ислам діні қауымдастығына қосылмаған түркі тайпалары болса, мүлдем басқа мәдениет тобына қосылып, мүлдем басқа қоғамдарға айналған. Бұған мысал ретінде бұлғарларды, мажарларды, чуваштарды т.т. айтуға болады. Америкада зорлықпен шоқындырылған қараларды, африкадағы халықтарды, Оңтүстік Америкадағы қызылтерілерді осы санатқа жатқызуға болады. Демек, әр халықтың мәдени ортасын анықтайтын басты фактор дін екені анық. Біздің мұсылман халқымызға тән басты қасиеттеріміз, меймандостық, ағайынмен тату болу, ораза айт пен құрбан айт кезінде кешірім сұрасу, араағайыншылдық, қайырымдылық Ислам дінінің мұсылман үмметіне уағыздаған қасиеттері.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда Ислам діні:
1. қоғамға бағыт – бағдар береді;
2. қоғамды біріктіреді;
3. идеологиялық және мәдени ұғымдарды бүкіл қоғамға
телиді;
4. жеке тұлғаның мүдделерін қорғайды;
5. этникалық негізден гөрі адами, рухани құндылықтарға мән береді.
Діннің мәдениеттің құрамдас бөлігі екені туралы тәжірибелік дәлелдер:
1. діннің жеке тұлға және қоғам өмірінде нақты
функциялары бар;
2. дін әр адамға сол адам бағынышты болуға
міндетті құдіреттің алдында жеке басының
сенімділігі сезімін береді;
3. дін адамға өзінің төңірегіндегі әлемді түсіну
тұрғысынан өзіндік жүйе ұсынады;
4. дін қоғам қатынастарының қалыптасуында басты міндет атқарады.
Мадениеттің күштілігі соншалық, мәдениеттер арасындағы қақтығыста жеңіске жеткен мәдениеттің өзі жеңіліске ұшыраған мәдениеттің белгілі бір элементтерін сіңіріп алуға мәжбүр болады. Мұның нәтижесінде аралас мәдениеттер пайда болады. Ислам діні мәдениетердің арасындағы парықтарды қабыпдаған дін. Нәсілдер мен тілдердің, тіпті діндердің әртүрлілігін Ислам діні таниды. Құранда адамдардың тайпаларға, түстерге бөлінгендігі, әркімнің діні езіне екені туралы айтылған және Құран мүны Жаратушының шешімі ретінде көрсеткен. Қоғамдар арасындағы парықтар адамдардың бірін - бірі танып білуі және қарым - қатынас орнату жағынан жағымды роль атқаруы да мүмкін. Бүл - біздің қолымыздағы нәрсе. Сондықтан, Ислам дініндегі толеранттылықты шынайы толеранттылық деп қабылдаған жөн. Тарихқа қарағанымызда сан жағынан аз мұсылмандардың үлкен мемлекеттерді басқарғанын кереміз. Яғни, мұсылмандар басқа дін өкілдерін де қорғаумен шұғылданған. Мұсылмандар негізінен бір мемлекеттің туының астында біріккен басқа тілдегі және діндегі халықтарға, олардың мәдениетіне хош көрушілікпен қараған.
Адамзаттың тарихында дінсіз мәдениет болмаған. Алғашқы қоғамдық құрылымнан бері қарайғы уақытта пайда боған мәдениеттердің барлығы да діни сенім негізінде қалыптасқан. Ал, сенім жүйесі ең жоғары деңгейдегі имани, фәлсафи негіздерді қамтитын Ислам діні осы дінге қосылған халықтардың мәдениетіне орасан зор ықпал жасаған, түбегейлі өзіндік қалыпқа салған.
Дін - адамдардың іс - әрекеттеріне бірінші дәрежеде ықпал жасайтын құдірет. Солай бола тұрғанмен, дін мәдениеттің негізгі салаларымен шұғылданады да, егжей - тегжейге араласпайды. Мәселен, дін адамдардың киіну мәселесінде негізгі қағидаларды белгілейді, бірақ дәл қандай киім үлгісін киюді ұсынбайды. Ислам діні адамдардың халал тағам жеуін сұрайды, бірақ тамақты дайындау және қабылдау салтына араласпайды. Мәселен, Қытайдағы мұсылмандар қасықпен, араб елдеріндегі мұсылмандар қолымен тамақ іше алады. Негізгі мәселе, халал, яғни рұқсат етілген таза тағамдарды жеу./2/
Кейбір әдебиеттерде, мәселен Жоржи Зейданның "Ислам мәдениеті тарихы" атты еңбегінде мәдениет былайша сипатталған: "Мәдениет дегеніміз –бір қоғамды, жамағатты, ұлтты ұлт жасайтын, оныөзге ұлттардан ажырататын өмірлік көріністердің топтамасы. Осы өмірдің көріністері әр улттың өзіне тән болып келеді." Қысқаша қайырып айтқанда, мәдениет "әр үлттың өзіне тән ойлау және өмір сүру салтының жүйесі" болып табылады. Мәдениеттің негізгі қасиеттері мыналар:
1. Ұлттық сипатқа ие.
2. Табиғилық және тірілік.
3. Жалғастылық және тарихилық.
4. Ұлттың ортақ мүрасы болып табылады.
5. Өзегі өзгермейді.
6. Үйлесімді тұтастық болып табылады.
7. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасады.
Міне, осы қасиетердің барлығын зер сала зерттегенімізде Исламдінінің қазак, халқының мәдениетіндегі ең маңызды бөлік екенін көреміз. Ендеше, "дін - мәдениеттің құрамдас бөлігі емес екен, дініміз езгерсе өзгерсін" деген сөздердің ғылыммен үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны анық болады. Ал, мәдениет пен еркениеттің парқы неде? Мәдениет ұлттық сипатта болғанымен, өркениет дегеніміз халықаралық сипаттағы нәрсе. Бір мәдениетті екінші мәдениетке тұтастай аударудың мүмкін еместігін жоғарыда айтқанбыз. Өркениет болса жаппы адамзатқа тән байлық.

Мәдениеттің негізгі факторлары мыналар:
1. Дін: Әр ұлттың өзіне тән иман және сенім жүйесі.
2. Тіл: Әр ұлттың өзіне тән сөйлеу және түсінісу құралы.
3. Өнер: Әр ұлттың өзіне тән сән, заулық және сезімдердің бейнеленуі және жасалуы.
4. Тарих: Әр ұлттың өзіне тән өмір сүру салтының, мәдени байлығының замана ағымындағы көрінісі, іс - әрекеттердің даму барысы.
5. Әдет - ғұрып: Құқықтық - қалыптық құжат еместігіне қарамастан, қоғам тарпынан есепке алынатын, іске асырылатын салт - дәстүрлер./3/
Ислам - көркемдікті ұнатып, барлық нәрседен көркемдік пен сыматтылыққа үндеген дін болып есептеледі. Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисінде: „Аллаһ Тағаланың өзі сымбатты болу себебінен сымбаттылықты жақсы көреді!” /4/– деген (хадисті имам Муслим ”Әл - Иман” кітабында риуаят еткен.)
Өнер - эстетикалық шығармашылық, сондықтан Ислам оған қарсылық білдірмейді. Ислам эстетикалық негіздермен салыстырғанда, адамгершілік негіздеріне басым мән береді, яғни эстетикалық негіздер адамгершілік негіздерінен кейін тұрып, онымен тығыз байланыста болады. Бұл Исламның өнердың барлық тұріне қатысты көзқарасы. Өнердің қай түрінде болмасын, оның құндылық дәрежесін анықтауда: ”көркемділік - жақсылық, жағымсызда - жамандық бар” деген Исламдық ұстаным басшылыққа алынады.
Мұсылмандардың Киелі кітабы болғандықтан Құран осы күнгі мұсылман мемлекеттері өмірінде, ең алдымен діни жұмыстар саласында маңызды роль атқарып келеді. Құран әралуан оқу орындарында оқытылады. Бұрынғысынша оның идеялары ен бейнелері көркем әдебиеттен орын алуда. Ол мұсылман халықтарының бұқаралық ақпарат құралдарында, қоғамдық – саяси әдебиеттерінде кең пайдаланылады. Құран текстері исламдық сурет және сәулет өнерінде негізгі өрнектік міндет атқаратын мәнін де сақтап қалған. Құран идеялары мен бейнелері осы күнгі мұсылмандардың оқыл – ойына, тәлім – тәрбиесіне әсер етпей тұра алмайды. /5/
Құран Кәрімде әлемдегі барлық жаратылыстың бір - бірімен үйлесімділігі мен оған қараған адам көңілін шаттық сезімге бөлейтін көркемділік, ұлылықпен асқан әдемілікке назар аударатын аяттар баршылық (қараңыз - Хижр сүресі, 16 - аят, Нахл сүресі, 6-аят, Фуссилат сүресі 12 - аят). Демек ислам әсемдік пен сымбаттылықты қамтыған көркем өнер түрін қабыл алмайды деу қисынсыз. Ислам тек материалдық және адамгершілікке жат нәрсені бейнелейтін өнерді қабылдамайды.
Ислам ақыл - ойды ләзаттандырып, құшырландыратын, жоғары сезімдерді оятып, адами табиғи қасиеттерді дамытатын өнердың түріне қарсы емес. Алайда өнер өз шекарасынан шығып, жағымсыз нәрселерге, құмарлық пен нәпсіні қоздырса, салауатты өмірдің салтанат құруына емес, керісінше оның жойылуына себепші болады, сөйтіп жағымсыз ермектің түріне айналады. Мұндай нәрсені Ислам қабыл етпейді және қолдамайды.
Тамаша әуен, жоғары өнегелі сөз әсем дауыспен орындалар саз бен әнге Ислам қарсы емес. Тек өлең мағынасы адамгершілік пен саналылықтың шегінен шықпай, адамды рухтандырып, сезімдер мен жан дүниесін байытуға қызымет етуі тиіс.
Мысалы, Әбу Муса Әл - Әшғари (р.л.ғ.) Құран Кәрімде оқыған уақытта, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оның дауысын мақтайтын. Пайғамбар (с.ғ.с.) сақабалары (р.л.ғ.) арасынан дауытары ең әдемілерін таңдап, азан айтуға бекітетін. Сонымен бірге Пайғамбар (с.ғ.с.) тамбурин (барабанның бір түрі) мен сырнай тыңдауға құлықсыз емес-ті.
Айт күндерінің бірінде хазіреті Әбу Бәкир ас - Садық (р.л.ғ.) Айшаға (р.л.ғ.) кірген уақытта екі күңнің тамбурин соғып, өлең айтып, билеп жатқанын көріп ашуланады. Сол уақытта Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): „Ей, Әбу Бәкирі! Оларды қоя бер, қазір айт күндері емес пе!” - деген сөзбен, хазіреті Әбу Бәкирдің (р.л.ғ.) ашуын басқан болатын (хадисті имам әл - Бухари және имам Муслим риуаят еткен).
Айшаның (р.л.ғ.) туысы ансарлардың біріне күйеуге шыққан кезде Пайғамбардың өзі (с.ғ.с.) Айшаға (р.л.ғ.) үйленуі тойына өлең айтатын біреуді жіберуін сұраған болатын.
Айшаның (р.л.ғ.) туысы ансарлардың біріне күйеуге шыққан кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-нің өзі Айшаға (р.л.ғ.) үйленуі тойына өлең айтатын біреуді жіберуін сұраған болатын.
Пайғамбар (с.ғ.с.) туралы бұдан басқа көп әңгімелерде адамгершілік көзқарас тұрғысынан айыпталмайтын ән мен сазға Исламның қарсы келмейтіндігі атап көрсетілген.
Би мәселесіне келер болсақ, Ислам биді екі түрге бөледі. Ол - әйелдер немесе ерлер биі. Ерлер орындайтын халық билерін тамашалауға барлық адамға рұқсат етіледі. Мысалы, Пайғамбар (с.ғ.с.) Айшаға (р.л.ғ.) эфиоптықтардың айт кезіндегі биін көруге қарсылық жасамаған. Әйелдерге әйелдердің алдында билегенге шек қойылмайды. Алайда Ислам әйелдердің ерлер алдында билеуіне тыйым салады, одан сақтануға себеп көп.
Театр, яғни, сахнада ойнау мәселесіне келер болсақ, егер адамгершілік пен саналылылықтың шегінен шықпаса Ислам оған тыйым салмайды. Қоғамдағы түрлі келеңсіздіктер мен алуан мәселелерді шешу мақсатындағы қойылымдардың мәнін ешкім де жоққа шығармайды. Сонымен қатар әдептілікке қайшы болмаған қаджың, әзіл мағынадағы комедиялық рөлдерге де жол ашық. Қазіргі уақытта заманның талабына сай суретке түсуге де рұқсат берілген.
Мүсін мен үлкен ескерткіштерге келмек, оған анық түрде тыйым салынған. Мұның негізгі себебі мүсіндерді шамадан тыс артық құрметке бөлену немесе көне замандағы халықтар сияқты мүсіндерге табыну ықтималының болуында. Қазіргі дәуірде адамзаттың санасының өсуіне байланысты мұның қайталанбауы да мүмкін, бірақ салынған тыйым өз күшінде қалып отыр. Әрі, болашақта мүсіндерге табынудың қайталануынан сақтану мақсатында тыйым өз күшін сақтайды.
Ислам барлық заман және ұрпаққа тиісті өз шариғатын ұсынады. Себебі бір қауым жат көрген нәрсенің басқа ортада қабыл алынуы, ал бір заманда орындалуы мүмкін болмаған нәрсенің осы немесе келер ғасырларда ақиқатқа айналуы мүмкін. /6/
Ислам өркениеті, әдет – ғұрпы және бүгінгі ислам.
Әртүрлі бағыттағы ағымдар, топтар, секталары болумен қатар Ислам - біркелкі түтас діни жүйе. Шығыс пен Европа мәдениетінің өркендеген кезінде өзіне христиан және иудей, грек философиясының, римдік құқық, ескі парсы империясының және индуизм мен буддизмнің мистикалық - метафизикалық саудасының әкімшілік құрылысынан тәжірибе жиған бұл жүйе көп салада синтезден өткен күрделі қорытынды еді. Бұл синтездің негізі - араб мәдениеті, араб этносы, араб мемлекеті.
Шығыстың көлемді территориясында кішігірім, мәдени тұрмысы жағынан артта қалған семиттер әулетінен күшті саяси жүйесімен, өрбіген өркениетімен, көп санды, өзіндік этномәдениетімен ірі қауым пайда болғаны белгілі. Араби ислам - діни мәдениетінің әдет - ғұрпы тез арада төңірегіндегі және кейінгі кезде басып алған мемлекеттер мен халықтарға, оның ішінде ерте дүниеде әлемдік өркениет шыңына шыққан мемлекеттерге тарап кетті. Қысқаша айтқанда, араби ислам екігіні қысқа мерзімнің ішінде Аравияға жақын және қашық елдерді, ондағы көп тайпалы, өзінің ертеден келе жатқан әдет - ғүрыптары бар халықтарды өз ішінде ерітіп, бойына сіңдіріп жіберді.
Бұл күшті ассимиляция толқыны өзіне сай екпінді қарсы күшті тудырды. Нәтижеде Египет, Месопотамия, Индия, Иран, Орта Азия, Африка, Испания, тағы басқа елдердің мәдениетін жинақтаған ,,халықтарынын рухани әдет - ғұрыптарымен байыған күшті араби ислам дінінің әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі пайда болды. Бұл әдет - ғұрып өсіп - өрбіп келе жатқан араби ислам мәдениетіне алып күш беріп, әрі қарай дамуына ықпалын тигізді. Мұның өзі орта ғасырдағы араби мұсылман мәдениетінің аз уақыттың ішінде әлемдік өркениеттің басында болуына алып келді. Бұған әсерін тигізген күрделі мәселе - ҮІІІ ғасырдан бастап Европа мәдениеті құлдырау жолына түсіп, ескі, көне және жаңа кезеңге бөліне бастаған еді. Европада христиан мәдениеті, Батыс Европада католик, Византияда православие діні өрбіп тұрған кез бола тұра, олардың жағдайы араби ислам өркениетінің алдында нашарлана бастады. Араби ислам мәдениетінің жетістігі көп елдерге, оның ішінде орта ғасырдағы Европа елдерінің мәдени орталығына үлкен әсерін тигізді. Бұл, әсіресе, математика, химия, философияда көрнекті орында болды. Кордов халифаты (Испания) ҮІІІ - ХІІ ғ. араби ислам мәдениетінің орталығы болған Европа университеті арқылы әлемдегі ірі тұлға, ойшылдар Авиценна, Аверроэс, әл - Газалидің еңбектерімен танысуға қолы жетті. Мысалға, Аристотельдің ғылыми мұраларына берген Аверроэстың түсініктемесінің төңірегінде Европаның ірі философтары ұлы Альберт, Сигер Брабантский, Фома Аквинскийлердің арасында дау - дамай пікірталастар ашылып кетті.
Кейін араб мәдениеті, Кордов халифатының күйреуімен\ жалпы араб мемлекеті мен өркениеті құлдырап кетті. Бірақ исламның тараған аудандары, түкпір - түкпірдегі ең қашық жерлерде де ислам дінінің әдет - ғұрыптарын ұстап, Құран оқып, Сунна хадистерін амал етті. Міне, осы жағдайда ислам дінінін жойылған жерлердегі араби ислам мәдениетінің (құдайшылдық, фикх, шариат, әдет - ғұрып, отбасы тәртібі) ролі үлкен.
Сонымен, ислам бұл елдердің әлеуметтік - мәдени жүйесін өзгерткені сонша, арабтар қашықтап кеткен жағдайға қарамай, араб мәдениетінің көптеген ықпалы халық арасында қалып қойды. Діни форманы да арабтардан алды, соның бірі Ирандағы шииттік ағымын алуға болады. Мұның барлығы, Құран көптеген ғасырлар бойы өзге тілдерге аударылмай араб тілінде оқылуымың өзі араб тіліне деген құрмет туғызды. Сондықтан араб тілі католиктер үшін латын тілі сияқты бүкіл ислам әлеміне тарады Осы тілде Аллаға жалбарынды, осы тілді мешіттерде, медреселерде оқытты. Ислам елдерінде зиялылар, мемлекет қызметкерлері міндетті түрде араб тілшле оқып, араб тілінде жазады.
Сонымен, араб тілі, араб мәдениеті және мемлекеттері ислам әлемін құруда, бүкіл ислами мемлекеттердің бір - бірімен қарым - қатынас жасауында үлкен роль атқарды. Қасқаша айтқанда, араби ислам салт – дәстүрі "Ислам елемік" қалыптастырды. "Ислам элемент деген теокин - заңдылық, ұл шынайы болмысқа әсерін тигізетіні хақ. Қайткенде де ислам көптеген ғасырдан бері өзіндік салт - дәстүрімен Еуропаны; Азиядан, Европаны Африкадан геограсриклық территорисы ғана емес, қайта діни мәдениет жағынан да бөліп тұрды. /7/

Исламның діни – мәдени салт – дәстүрлері.
Исламның табиғатында рухани және зайырлық бірігу, саяси әкімшілік пен діни биліктің бірігуі мен өзгешелік бар. Халифатта да немесе басқа да ислами мемлекетте мемлекет ісіне қарсы тұратын шіркеу сияқты қауым жоқ. Бұл мұсылман орындарының басшыларында, шейх, имамдарда мемлекет әкімшілігінің іс - әрекетіне немқұрайлы қарау бар немесе келісім бар, келіспеушілік болмайды деуге болмайды. Ондай жағдай қазіргі кезде де кездеседі. Бірақ православие, католиктер шіркеуі сияқты шіркеудің және діни қызметкерлердің пайдасы үшін мемлекетпен айтысу және бір - бірімен бөліну деген мұсылман әлемінде кездеспейді. Христиан дінінен ислам дінінің айырмашылығы онда дін мен саясат бірлескен түрде, оның басшылары әрі діни көсемдер, әрі саясатшылар - пайғамбар, халифтер, әмірлер және жергілікті көмекшілер.
Бұл зайырлық және діни бірігу бір жағынан діннің абыройын көтерсе, екінші жағынан әкімшілік - бюрократиялық иерархияның маңызы төмендей түседі. Қандай да болмасын әкімшілік шенеунігі өз әрекетін шариатпен салыстырып отыруы, Құранға негіздеуі қажет. Олар муджтахидтермен және мутакаллимдермен ақылдасып, молдалардың, шейхтардың, сопылардың жөне басқа діни қызметкерлердің кеңесін басшылыққа алып отырады. Шариат жолын, Құран аяттарын, хадистерді әкімшілік қызметкерлері өздері де жетік біледі. Ол - мемлекет бөлек, дін бөлек дегеннен аулақ деген сөз. Әкімшілік қызметкерлерді қадағалауға алып, олардың өзінше шариат жолын, адам құқығын бұзуға жол бермейді, оларды бір түп - түзу арнаға салады деген сөз. Әр деңгейде әр қилы қалыптасқан тәртіп болады. Дегенмен ешкім ешқашан түрік сұлтанына, Иран шахына өзінің қол астындағы қандай да деңгейде болмасын, оның істеген қылмысына жаза берсе, оны ешкім тоқтатуға, ара түсуге қақысы жоқ. Ал, қаншалықты әкімшілік деңгейі төмендеген сайьш олар діни орындармен көбірек байланыста болып, олармен кеңесіп отырады. Міне, бұл әкімшілік орындардағы шенеуніктерді заңсыздыққа жібермейді.
Бұл екеуінің, яғни діннің және зайырдың бірігуі діннің өктемдік танытып, діни мәдениеттің нығаюына себепкер болды. Дін шынайы орнын алды. Алла Тағала адамға жанмен қоса дін салады екен. Алдымен дін, кейін барып қызмет пен тұрмыс. Осы екеуін ауыстырмай орын - орнына қалыптастырған жағдайға ғана адам шынайы болмыстық тұрмыс етеді. Мұны түсіне алмаған әкім қол астындағыларға, жай пенделерге қиянат жасап, оларға өз өктемдігін діннен жоғары қойып, өз қызмет әрекетін Құран мен Сунна қағидаларымен, шариатпен келіспей істесе, әлемдік байланысқа қарсы болғандық болып есептеліп, Алла алдында жауап беретіні белгілі еді. Сондықтан шенеуніктер бірінші жауапкершілік Алла алдында деп білді. Міне, бұл Ислам дінінің таза дін екендігін білдірді, оның халықтар арасына тез тарауына мүмкіндік туғызды.
Келесі, діннің тез тарауына себепкер болған Исламның қасиеті, оның халықтарды сабырлылыққа шақырып, барлық іс, яғни жақсылық та, жамандық та Алладан дегенге сендіре білуінде еді. Адам бұл жағдайда өзінің неше түрлі қызығушылық (зинақорлық, әуесқойлық, құмарпаздық) және нәпсісін қадағалай біледі, оның тұрмыс қасиетінде рухани күш алдыңғы кезекке шығады да, шынайы тұрмысқа алып келеді. Бұл, әсіресе, суфизм, сунниттер оқуында үлкен нәтижеге жетті. Крестшілермен соғыста болсын, өз мемлекетінде дінге қарсы бас көтергендерге, өз идеясын қатты ұстаған, өз сеніміне берік мұсылмандар өз саясатын дұрыс жүргізе білді, ислами норма тұрмыста мүлтіксіз орындалу шарты негізге алынды. Жеке тұлғаның прогресс жолында, ілім жолында, тұрмыста жаңалық, кәсіпқойлық белсенділік көрсетуіне исламда ешқашанда тыйым салынған емес. Әлеуметтік - экономикалық өркендеу жолындағы істерде тазалық сақталды.
Діни әдет - ғүрыптарды қалтқысыз орындап, яғни Алланың адамға қойған парыздарын орындау, яғни Алланның бірлігіне, пайғамбарларына сену, бес уақыт намаз оқу, ораза тұту, жегім - жесірлерге міндетті түрде зекетберуі жағдайына қарай қажылық жасау исламның біркелкі діни мәдениетін қалыптастырды. Бұл мұсылман адамдарын Аллаға бағыну, шариатты орындау тәртібіне тәрбиеледі. Ең басшсы шариатқа, Құран Кәрімге, хадистерге жеке тұлғаның «өзіндік пікірін, оларға өзгеріс ендіруге немесе одан алыс тастауға қатаң тыйым салып, оны қадағалады. Бұл парыздарды орындауда ешқандай бастық, ешқандай күш мұсылманға қанағат бере алмайды, яғни намаз уақытында орындалуына ешқандай күш кедергі бола алмайды, 30 күн ораза міндетті түрде тұтылады, егер қандай да себептермен тұтылмай қалған күндері болса, міндетті түрде кейін орындайды. Сол сияқты зекет беру міндетін ешқандай күш өзгерте алмайды. Бұл парыздардың барлығы Алланың құлына міндеттеген парызы, оны орындау - мұсылманға міндет. Міне, осы парыздарын орындау арқылы адам күнделікті, әр сағат, минут сайын өзінің Алла алдындағы жауапкершілігін, өзінің Алланың құлы екенін сезініп, Алла алдында сәжде жасап, табынуы мұсылмандарды біркелкі рухани тазаруға алып келді. Шындығында, мұсылманға парыздарын орындау, оның тұрмысты өміріне ешқандай кедергі алып келмейді, оның үстіне адамды ешқандай қызметтен, ол жай қара жұмыс болсын, одан оны тыймайды оған кедергі болмайды. Міне, бұл мұсылманды біріктіруге, дінді сыйлауға алып келді. Бұл жағдай діннің тез тарауына, оның нығаюына алып келді.
Ислам діні де басқа діндер сияқты теңдікті қадағалайды.
Бірақ христиан дінінде сөзбен ғана айтса, ал исламда зекет арқылы халықтың тұрмысын теңестіреді. Зекет беру әрбір мұсылманға парыз. Алла алдында әрбір адам тең, бірінде дүние көп болса, зекет беру арқылы жоқ адамға көмектеседі. Мұсылман - әлемінде туыстық сезім бұрыннан да жоғары бағаланатын болса, ол сезім тек туысқандар шеңберінде ғана емес, бүкіл адамзатқа бірдей деген исламдық нормада тарап, жиналған зекет бәріне ортақ болды. Бұл да дін мен зайырдын бірігуіне үлкен себепкер болды.
Муджтахидтер мен мутакаллимдердің жетістігі, олардың әулеттік негізінде немесе әлеуметтік байланысында қаралады, оның исламдағы тазалығына, білімділігіне, имандылығына қарай бағаланады.
Мұсылман халифатында ХҮ - ХҮІ ғасырда сырттан келі - егі басып алушылар әскерлерінің келуімен біркелкі ислами тәртіп бүзылды. XVI ғасырда халифаттың көп жері Осман империясының қол астына енді. Жекеленген күшті Сефевид мемлекеті шииттер орталығы болған Иран болып қалды. Үшінші орындағы ислам империясы Индиядағы Ұлы моғолдар империясы еді. Бұл үш империяда ислам өзіндік жеке бағыттағы саяси күш болып, әр жерде жергілікті тәртіпке қарай өрбіді.
Индияда индуизммен қатар енуге қалыптасса, Иранда шиизмнің нығаюымен санасуға тура келді. Осман империясының қол астына бүкіл араб елдерінің жері де, халқы да енгендіктен бұл жерде ислам бұрынғы қалпында сақталып, әрі қарай өріс алды. Халифа орнына сұлтан келді, ислами тәртіп әрі қарай өркендеді.
Келесі ислам дінінің өркендеуі XIX ғасыр еді. Ол Голландиялық Индия мен Индонезияда еді. Ол өз жолымен жүрді. Ескертетін жай, әлемді жағрапиялық бөлшектеуге түсірген Европа экспансистерінің кезінде капиталистік жүйе өркендей бастаған шақта Шығыс елдері терең тамырдан жарылуға кезікті. Бұл, әрине, дінді де жанай келді. Дінге көп кесірі тимегенмен, бұл күйзеліс XIX ғасырдың өзінде - ақ ислам дінінің рухани басшылары, ғалымдары ислам дінінін тұрақтауына төнген қауіптен құтылу жолын іздеді. Діннің тазалығын, оның мәдениетін, әдет - ғұрпын сақтауға тырысты. Ізденісте түрлі ағымдар пайда болды. Оған террорлық жолмен енген сыртқы күштер де әсер етті. Ислам дінінің тез тарауына басқа Европа елдерінін ислам әлемінің бөлшектенуіне әрекет жасаған істерінен нәтижелер алғандары да болды.
Сол кездегі әлемнің көп жеріне өзінің қоластында ұстаған Англия империализмі және сол сияқты ірі мемлекеттер исламды ыдыратуға әрекет жасады. Сондай жолда, яғни Англия мемлекетінін қауіпсіздендіру орнының көп жылдар бойы араласуымен ХҮІІ - ХІХ ғасырда араб елінде ваххабизм ағымы пайда бөлды. Бірақ ол араб елдерінен әрі асқан жоқ, оны діннін өрбіген және жақсы сақталған аймақтарында қолдамады. Ал Иранда шиизм ағымы қалыптасты.
1844 жылдары, он екінші имамның ғайып болғанынан кейін мың жыл өткенде бабтар және бехаистер ағымы пайда болды. Өзін он екінші имам Махди деп хабарлаған Бабты қолдаушылар, оның соңынан ерушілер де аз болмады. Ол да шетел экстремистерінін әсерімен келген ағым еді. Оның жолы бостандық, теңдік, әйелдердің теңдігін қорғау еді. Міне, осы үрандардың өзі ислам дінін шынайы болмысымен түсіне алмайтын басқа діндегілердің араласуымен құрылғаны белгілі. Бостандықты кімнен алмақ, бостандық Алладан берілгенін шын мұсылман біледі. Теңдік - қандай теңдік? Алла алдында барлық адам тен. Ал, әйелдердің теңдігі жайлы айтсақ, бұл басқа діндегінің немесе дінсіздердің, яғни еркін ойшылдардың ықпалы екені белгілі. Исламда әйел тендігі шешілген, ол Құранда айтылған. Баб 1850 жылы тұтқынға алынып, ату жазасымен өлтірілді. Оның жақтастары жан-жаққа қашып кетеді. Олардың бір бөлігі Иракта тұрақтап, оның ішінде Бехаулла деген өзін Махди деп хабарлады. Бұл ағым бехаустер деп аталып, Батыс идеясын қабылдап, соғысқа, әлемдік бірігуге, шыдамдылыққа, махаббатқа, теңдікке, заңды түрде меншік затгы бөлісуге қарсы күресгі. Бабизм, бехаизм соншалықты үлкен нәтижеге жете алған жоқ, бірақ интеллигенттер арасында біршама қозғалыстар тутызып, исламда реформа, модернизация дегендерді туғызуға әсерін тигізді.
Тарихқа көз жүгіртсек орта ғасырларда орта және таяу шығыста қалыптасқан "мұсылман әлемі" деп аталатын мәдени - саяси қауымдастықтан, қазақ тектес тайпалар географиялық орналасуы жағынан шалғай болғандықтан, едәуір шеткері болды. Сонымен қатар, Қазақстан территориясындағы исламдандыру деңгейі де әр түрлі болды. Негізінен бұл әрекет Оңтүстік аймақтардан Солтүстік аймақтарға қарай бәсеңдеу болды. Исламдандыру негізінде Ислам мәдениеті қазақ даласына тереңірек бойлай түсті. Ең алдымен, бұл өрекеттер араб жазуымен араб тілінің қасиетті Құран тілі ретінде таралуымен кеңірек танылды.
Араб тілі негізінен ҮІІІ – ІХ - шы ғасырларда дамыған ірі қалаларда, мемлекетті басқарушы қызметкерлер, діни қызметкерлер ғана қолданып қоймай тарихи - географиялы әдебиеттер жазуда да қеңінен қолданылды.
Бүкіл ислам әлемінде түгелдей дерлік араб тілі жергілікті аристократия, діни қызметкерлерге, ғылыми шеңбердегі қызметкерлерге түсінікті, жалпыға бірдей әдеби тіл қызметін атқарды. Осы араб тілінің арақасында түркі дүниесінің бірқатар ғалымдарының еңбектері бүкіл ислам дүниесіне мәлім болды. Сондай ғалымдардың біразы Әл - Фараби, Әл - Хорезми тағы басқалары.
Ислам мәдениеті сонымен қатар түркі мәдениетінің негізгі бағыттарының бірі әдеби поэзияға да елеулі әсерін тигізді. Осы жанрдың ең әуелгілерінің әрі ең негізгілерінің бірі IX ғасырларда жазылған Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" еңбегі. Э. Наджиптің айтуынша: "бұл еңбек түркі дүниесінде ең алғаш ислам діні негізінде, ислам діни ілімдерін дәріптеуші көлемді шығарма болып табылады". Алайда мұнда араб - парсы тілдерінен енген сөздер де аз емес.
Ал мистикалық - сопылық поэзияның көрнекті шығармаларына, түркі тайпаларының арасында Ислам дінін дәріптеуші мистик, ақын әрі ойшыл Ахмет Иасауи шығармаларын жатқызуға болады. Оның "Диуани Хикмет" еңбегінде берілген өлеңдер жинағы көне түркі тілінің оғыз – қыпшақ диалектісінде жазылған. Бірақ бұл еңбекте "Құтты білікке" қарағанда араб - парсы сөздері көбірек қолданылған. Сонымен қатар, бұл шығарма араб - парсы поэзиясының классикалық өлең сөз өлшемі аруз арқылы жазылған. Ең соңғы XIV ғасырларда "Алтын Орда" тұсында жарық көрген түркі поэзиясының ескерткіштері қатарына Хорезмидің екі вариантта (араб, ұйғыр тілдерінде) жазылған "Мұхаббат нәме" шығармасы жатады. Бұл әдеби шығарма араб - парсы әдеби жанры "нәме" жүйесімен жазылған.
Қазақ халқының поэзиялық және қара сөздік дәстүрін толық қамтитын, этно - мәдени танымды, даналар сөзін ұрпақтан - ұрпаққа жеткізудің көшпелі халық үшін, ең бір тиімді, кеңінен дамыған түрлерінің бірі ауыз әдебиеті. Қазақ халқының поэзиялық және қара сөздік дәстүрін толық қамтитын халық ауыз әдебиетіне де Ислам дінінің өзіндік әсері болды. Бұл жайлы Шоқан Уалиханов өз еңбектерінде кеңірек қарастырған. Оның айтуынша көпшілік ақындар Исламдағы Алланы, Пайғамбарды мадақтаушы өлеңдерді халық әндеріне салып айтады. Қазақтың ұлттық салт - дәстүрлік поэзиясы да, оның ішінде бата жанры Құран аяттарымен кеңейтіліп, исламдандырылған. Қазақ фольклорінде аса жиі кездесетін Ислам дінінің кейіпкерлері — олар бірінші кезекте Алла Тағала және Пайғамбар Мұхаммед, Ілияс, Сүлеймен, Дәуіт Пайғамбарлардың есімдері. Сонымен қатар Ислам әл - қиссаларында жиі кездесетін адам баласын аздырушы немесе керісінше қолдап - қорғаушы періштелер, шайтандар.
Қазақ аңыздарына Құран Кәрім, хадистерде баяндалған бірқатар көріністер толығымен енгізілген. Бұлар көбіне Исламға дейінгі Талмудтық, Інжілдік көріністермен үндесіп жатады.
Бойында араб, иран мәдениеттерінің нышандары бар ислам мәдениеті орта ғасырдағы қазақ мәдениетінің қолөнерлік, зергерлік салаларына әсерін тигізбей қоймады. Мұны біз Оңтүстік Қазақстанда, Жетісу өңірінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінен көре аламыз. Онда ІХ - ХІІ ғасырдағы Ислам елдері қалаларына тән рабаттары, мешіт, моншалары бар қала құрылыстары табылған. Нағыз мұсылмандық құлшылық орындары мешіттер құрылысына тоқталатын болсақ, олар алғашқы кездері, яғни ІХ - Х ғасырларда бұрынғы шіркеу ғимараттарын мешітке бейімдеп қайта өңделген. Ең алғаш салынған мешіт ғимараттары Оңтүстүк Қазақстан облысындағы Құйрық - Төбе (X ғ.) елді мекенінде табылған. Алғашқы медреселер де осы маңдарда ашылған. Қалай болғанда да Ислам түркі дүниесінде ежелден қалыптасқан құлшылық, ғибадат үлгілерін түбірімен ығыстыра алмады.
Соның нәтижесінде әйгілі ғұламалар мүрделерінің басына кесенелер тұрғызып, оларға сиыну, жалбарыну дәстүрі қалыптасты. Ондай кесенелер атап айтар болсақ Қожа Ахмет Иассауи (ХІҮ ғ.), Арыстан баб, Бабажы - Хатун (X ғ.), Қара - Хан (XI ғ.) кесенелері.
Қазақ даласында кеңінен тараған ислам өнерінің үлгілерінің бірі шебер жазу өнері. Негізінде бұл жазулар геометриялық фигура немесе өсімдік бейнесінде куф, сулс деп аталатын араб классикалық жазу үлгісінде Құран аяттарын, әртүрлі тақырыптағы хадистерді шеберлілікпен, бояу арқылы немесе ойып, бедерлеп жазу. Мұндай жазу үлгілері жоғарыда атап өткен кесене, мешіттерді безендіруге қолданылған. Сонымен қатар мұндай куф араб жазуларымен безендірілген жезден жасалған майшам тұғырлары, ыдыс - аяқтар (ҮІІІ-ХІ ғ.) Қазақстан территориясынан археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған.
Исламға тән өнердегі адам бейнесін бейнелемеу сияқты заңдылықтар қазақ жерінде де өз ықпалын көрсетті. Оған дәлел: XII ғасырлардағы адам бейнесінде тасқа қашалып жасалған балбал тастарда адам бетінің бедерлері нақты көрсетілмеген. Сол кездегі айналымда жүрген ақшалардың нысандары мен бет - пішіндері өзгертілді. Бұрын қытай технологиясымен әзірленген ақшалар (теңгелер) енді күмістен, жезден құйылған динарға, дирхамға ауысты. Көп метал ақшаларда құран аяттарымен қатар халифтердің аты - жөндері жазылды. Өкінішке орай, көп ұзамай халифаттың құлдырауымен ақша беттеріндегі халифтердің аты - жөндерінің орнына жергілікті әмір иелерінің аты - жөндері жазыла бастады.
Сонымен қатар Орта Азия және Қазақстан территориясында мистикалық - сопылық мәдени дәстүр нығая түсті. Бұл дәстүр бүкіл түркі дүниесіне ерекше қарқынмен тарап, түркі тіліндегі мистикалық поэзияның өрбуіне үдеу берді. Сопылық негізінен түркі дүниесінде бүған дейін қалыптасқан дүние таным заңдылықтарымен үйлесімділік тапты. Мысалы, түркі дүниесіндегі әлем бірлігі концепцияларын сопылықтың "уахдат ал - вужуд" (болмыс бірлігі) концепциясы қуаттай түсті.
Қазақстандағы Ислам мәдениеті жайлы айтқанда оның Исламға дейінгі мәдениетпен кірігіп өзінше бір түркі дүниесіне тән мәдени орта қалыптастырғанын көреміз. Бұл қалыптасқан мәдениет Қазақстан халқының барлық шаруашылық, тұрмыстық жағдайларына лайық ыңғайластырылған болды. Кеңес үкіметінің келуімен діни басқарма, басқа діни басқармалар сияқты репрессияланып, көптеген мешіт, медреселер жабылып талқандалды. Тек 1943 - ші жылдары ғана діни ұйымдарға деген көзқарас өзгеріп, Орта Азия және Қазақстан діни басқармасы қайта бас көтерді. Көптеген мешіттер қайта ашылып, діни қызметкерлер даярлайтын Бұқарадағы "Мир Араб" медресесі қайта ашылды./8/



Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



362.0Kb
Категория: Ән, Мәдениет, Өнер | Добавил: Admin
Просмотров: 2201 | Загрузок: 383 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан
Галогендер және олардың қосылыстары
Ферменттер (Энзимдер) жайлы түсінік
Мұзафар Әлімбаев
Абай Құнанбаев
СОТ БИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Абай Құнанбайұлы
Су қоры - біздің байлығымыз
Тайманұлы Исатай
Абай
Қазақтың палуаны Балуан Шолақ
Торғай өңірінің тарихы
Шоқайұлы Мұстафа
Арқаның дәстүрлі ән мектебі