Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 21.9.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Ән, Мәдениет, Өнер

Гендельдің клавирлік музыкасы
Загрузка...
Гендельдің клавирлік музыкасы.
Органдық музыкаға қарағанда, клавирлік музыка білімді әуесқой аудиторияға арналған. Аристократиялық салондарда ойналатын. Клавесин мен клавикордтың дыбыс шығару ерекшелігі музыканың мінезін анықтайды (сыңқылдақ тембр, жеңіл және үздік- создық дыбыстау). Бұл - сюиталық циклге бірікке билер. Кішкентай пьесалар немесе жазылған темаға вариациялар. XVIII ғасырға қарай клавирлік шығармаларда баяндаудың белгілі әдістері дағдыланды: өзіндік фигурациялар, пассаждар. Орнаменттік әшекейлер.
Гендель клавирлік музыканың шекарасын кеңейтіп, оған көбірек тереңділік пен байсалдылық берді. Оның жазған шығармаларының арасында: фантазиялар, прелюдиялар, фугалар, сюиталар, сонаталар. Гендель19 сюитаның авторы, олар дәстүрді ұстанып, оны жаңартады. Композитордың даралығы сюиталарды өзінің ораториялары мен органдық шығармаларына жақындатуынан байқалады. Ол сюиталарға варияциялар циклдарын енгізеді (вариациялары бар ариялар), импровизаторлық циклдар (прелюдиялар, фантазиялар және полифониялық формалар). Сюитадағы билердің классикалық ретін Гендель кейде ғана сақтайды. Сюита бөлімдерін басқа пьесалармен толықтырады. Жеке пьесаларға жиі далпы ат береді: «Ларго», «Анданте», «Аллегро». Оларда да, билерде сияқты, ритмикалық қозғалыстың түрі сақталады. Клавирлік шығармашылығы кішкентай пьесалармен көп мөлшерде көрсетілген. Клавирлік музыканың негізгі қорын клавирлік сюиталардың үш жинағы құрайды. Бірінші жинақ 1720 жылы, екінші- 1733, үшінші- 1735 жылы басылып шығарылды.
№7 сюита- соль минор. 6 түрлі мінезді пьесалардың циклынана тұрады: Увертюра, Andante, Allegro, Сарабанда, Жига, Пассакалия.Алғашқы үш бөлімі сюита жанрына сай емес. Циклдың иұтас болуы үшін, Гендель оларды сюитаның билік бөлімдерімен жақындатады. Белгілі ассоциялар туралы айтуға болады: Andante’ мен Алеманда – 4/4 размерлі, жай темпте; Allegro’ мен Куранта- 3/8 размерлі, жеңіл, қызулы; тек Увертюра ғана билік жанрлармен байланысы жоқ.
Сюитада екі қарама- қарсы образдық бастау анықтауға болады: біріншісі- қатал шоғырланушылық, тереңділік, еркіндік, әсерлілікпен салыстырылады. Увертюра, Сарабанда, Пассакалиятереңділік пен байыптылықпен ерекшклкнсе, Andante, Allegro, Жига бәсеңдік енгізеді.
Бірінші бөлімнің аты- увертюра- талапқа сай. Бұл- «әрекеттің» байлануы. Увертюрадан басқа бөлімдер бастау алып, қарама- қарсы салыстырулардан өтіп, финал- пассакалияға ұмтылады.
Увертюраның үшбөлімдік құрылымы образдардың қарама- қарсылығын үлкен драмалық күшеюге әкеледі. Маңғаз «жүрісті», әшекейлерге бай шеткі екі баяу бөлімдерге тез темптегі ортаңғы бөлім қарсы қойылған.
Оның негізінде- бір фанфарлық ритмикалық фигура; оның дамуы оркестрлік хаттың тәсілдерін еске түсіреді.
Ашық, кішкене уайымды мұнарлатып тұрған келесі екі пьеса – Andante мен Allegro – ерекшелігі увертюраның ықыласы мен оның ерекше мәнділігін өткірірек сезіндіреді. Екі пьесаның размерлері мен қозғалыс мінезіне қарамастан, екі пьесаның эмоционалдық күйі бірдей.
Бахтың сюиталарында сияқты, Гендельдің да соль- минорлық сюитасының сарабандасылирикалық эмоциялардың түйіні мен лирикалық центр болып табылады. Жұмсақ лирика сарабандада көтеріңкі- айбынды кейіпке шоғырланады. Сезімнің шоғырланушылығы бұнда үлкен байыптылықпен ашылады. Үш- төрт дауысты гомофондық баяндаудың қарапайымдылығы, жанрға сәйкес дерлік мелизматикадан босатылған мелодияның диатоникалығы, әрбір құрылымның бір- бірінен аяқталған каденциямен бөлінуі, барлық дауыстарды ұзақ бір аккордта жинау- бұның барлығы хоралдық құрылымды шығармаларға байланысты ассоциация туғызады.
Andante мен Allegrо ’ ны салыстырғанғыға қарағанда ,Сарабанда мен Жиганы салыстырғандағы драмалық эффект күштірек. Одан арғы күшею Жига мен Пассакалияның жанасуы арқылы іске асады.
Увертюраны драмалық байланысуы деп қарастырсақ, Сарабанда «лирикалық центр» болса, онда Пассакалия батырлық және патетикалық әундерге акценттер қойылатын жалпы кульминация болады.
Пассакалияға тән вариациялық форманың осында ерекше мәні бар. Теманы әртүрлі ракурстарда көрсету, бір процессте бірте- бірте өсетін динамикамен қарама- қарсы салыстыруларда қосу мүмкіндігі бейненің жан- жақты дамуына ғана емес, драмалық элементтердің өсуне мүмкіндік туғызады.
Бірінші вариация диапазонды кеңейтіп, теманың монументтілігі мен айбындылығын күшейтсе, келесі екеуі байсалды қозғалыстың тыныштығымен, мелодико- ритмикалық бағыттың жұмсақтығымен- бірінші варияцияның қалың дыбыстауы мен тығыз фактураны сиретеді.
Төртінші вариацияалдыңғы екуін жинақтап, вариациялық дамудың бірінші кезеңін аяқтайдыц. Бесінші вариациядан бастап даму жаңа фазаға кіреді. Ғасырлар бойы жетіліп келе жатқан вариациялау бұл кішкентай клавирлік пьесада классикалық кемеліне жетеді.

Гендельдің оркестрлік музыкасы әсемдікке және сарқылмас балғындыққа толы. Оның негізгі көпшілігін concerto grossi құрайды. Алғашқы рет concerto grossi Италияда пайда болды. Оның негізін қалаушы- ірі итальяндық композитордың бірі скрипкашы- виртуоз Арканжелло Корелли болған.
«Үлкен концерттің» белгісі- жалғыз аспап емес, біркелкі аспаптардың тобы немесе бірнеше жеке орындаушылардың ойнауы.
Сoncerto grossi циклдық композициясында, сюитада сияқты, бөлімдер саны үштен бес- алтыға дейін тербеледі. Бах Бранденбургтық концерттерде қарама- қарсылық бөлімдерді салыстыру принциптерін сақтаған, Гендельде де қатарынан тез және жай пьесалардың тізбегін кездестіруге болады.
Оркестрлік шығармаларда Гендель жанрлық тематикаға сүйеніп, үйреншікті өнердің музыкалық элементтері мен бейнелерін кеңінен қолданады.
Ең танымалы опус 6 12 concerto grossi. 30- жылдардың соңында Гендельдің әртістік өмірінің гүлденген кезінде пайда болды.
Сoncerto grossi’ дан басқа Гендельде оркестрлық музыканың ерекше түрі бар, онда ол жаңашыл болып табылады; бұлар- «Музыка на воде» және «Музыка фейерверка». Лоар ашық кеңстікте, көшелерде, алаңдарда орындау үшін жазылған.
XVIII ғасырдың оркастрлік музыкасына қарағанда «Музыка на воде» шығаромасында үрмелі аспаптардың рөлі күшейген, ал «Музыка фейерверка» тек ішекті аспаптар құрамына арналған.
«Музыка на воде» шығармасын миниатюралық пьесалардың сериясы құрайды: тез және жай, мажорлық және минорлық.
Жеңісті- сыңғырлаған фанфарлар ойшыл кантиленамен кезектеседі.
Бахтың Бранденбургтық концерттерімен қатар, Гендельдің оркестрлік музыкасы Гайдн мен Моцартқа дейін пайда бұл облыстарда жазылған шығармалардың ең көріктілері.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



41.0Kb
Категория: Ән, Мәдениет, Өнер | Добавил: Аслан
Просмотров: 1137 | Загрузок: 130 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Махмұд Қашқари
Құрмалас сөйлем
Қажығұмар Шабданұлы
Терминнің тілдік сипаты
Аймауытов Жүсіпбек
Жиренше шешен
Тіршілік үшін өсімдіктің маңызы
Мұқанов Сәбит Мұқанұлы
Қазақтың ұлттық саз аспаптары мен ұлттық киімдері
Төле би
Хамза Есенжанов
Халық ауыз əдебиеті
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Әзірбаев Кенен
Шал Мырза