Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Ән, Мәдениет, Өнер

Газет материалдарын ұйымдастыру және жоспарлау
Загрузка...
Барлық кәсіпорындар сияқт баспахана да жоспармен жұмыс істейді. Газеттер, журналдар, кітаптарды беттеуде цехтың да өзінің өндірістік жоспары болады. Бетту цехының ойдағыдай жұмыс істеуі, қолмен істелетін процестер мен теру машиналарының толық та біркелкі жұмыс істеуіне, олардың бос тұрмауына байланысты. Цехтың жоспарына сәйкес редакциялар мен баспалар, график бойынша, теруге әзірленген түп нұсқамен, макеттермен және оқылған басылым көшірмелерімен, графикалармен, қос беттермен цехты мерзімінде қамтамасызетуне байланысты.

Түп нұсқаларды теруге жіберу. Редакцияда, әдетте, газеттің кезекті санының жоспары күні бұрын әзірленіп қойылады. Бұл баспаханаға түп нұсқаларды дер кезінде өткізуді жеңілдетеді. Редакцияның хатшысы әрбір бөлім үшін берілетін жолдардың санын белгілеп, дайын материалдарды хатшылықтың қай сағатта алатындығын және кестеге сәкес бұларды теруге жіберу мерзімін дәл көрсетеді.

Үлкен форматты газетте беттің биіктігі 291/2 квадратқа тең болады. Оның әрбір бағанасына 177 жол петит сыйғызуға болады. Әрбір бетте 6-8 бағана болады; беттердітолтыру үшін редакцияның теруге петиттік материал өткізуін қажет етеді. 6 бағаналық болу үшін – ені 3 Ә квадрат, 1062 жол мәтін 7 бағана үшін 3 квадратқа 1239 жол мәтін, 8 бағана үшін – 2 Ә квадратқа 1416 жол мәтін керек. Газеттің бүкіл санының сыйымдылығын білу үшін осы сандарды беттердің санына көбейткен жөн. 4 беттік газет үшін теруге ені 3 Ә квадрат 4250 жол мәтін, немесе 3 квадратқа 4950 жол, немесе 2 Ә квадратқа 5660 жол мәтін өткізу керек.

Алайда бұл цифрлар дәл бола бермейді. Өйткені беттерде мәтіннің басқа газеттің жалпы бас тақырыбы, шапкалар, материалдардың бас тақырыптары , клише, хабарландырулар, тағы басқалар еддәуір орын алады ғой. Мәселен, газеттің бас тақырыбы 100 жол, хабарландырулар – 200 жол, барлық беттерде клишелер 400 жол алады. Алдына ала есептеп қарағнда шапкалар мен бас тақырыптарға 300 жол қалдыруға болады. Сонымен осы нөмер үшін беттің жалпы сыйымдылығы 1000 жолдан кем болмағаны жөн.

Беттерді дер кезінде беттеуді қамтамасыз ету үшін баспаханаға материалдар жіберу редакцияларда қатаң қадағаланады. Егер таңертең істің жалпы барысына зиян келтірілмей-ақ кез келген материалдарды теруге жіберуге болатын болса, басқаша, яғни бірінші беттелетін беттерге баратын материалдарды бұрын жіберу керек.

Қолжазбаларды әдеби редакциялау



Баспасөз жанрларының алуан түрлі болуына, газеттер мен журналдарда жарияланатын көптеген материалдардың идеялық мазмұны мен көркемдік сапасына қойылатын жоғары талаптар осы материалдардың әрқайсысын мұқият редакциялап отыруды қажет етеді. Редакциялар өзінің мазмұны, тілі және стилі жағынан әбден аяқталып біткен бірқатар қолжазбалар алып отырады. Бірақ олардың ішінде көпшілігі азды-көпті түзетуді керек етеді.

Қолжазбаны редакциялаудың негізгі мақсаты. Газет материалдарының терең идеялық мазмұнды болуымен бірге оны әдеби жағынан жетік мамандықпен редакциялау, тілі мен стилінің жоғары сапалылығы біздің баспасөзіміздің тәжірибесіндегі аса маңызды мәселелер болып табылады.

Редакция жұмысының тәжірибесінде қолжазбаны түзетудің төрт түрі болады, олар: өңдеп түзету, қайта жазып түзету, қысқартып түзету, оқи отырып тзету.

ӨҢДЕП ТҮЗЕТУ – түзетудің ең көп тараған түрі. Әдетте авторлардың көпшілігі өздерінің материалдарын белгілі бір жоспар бойынша жазады, компазициясын ойластырып құрады, әрбір сөзді, сөз тіркесін сауатты, мәнерлі жазуға тырысып, бұл іске бар өнерін салады. Алайда мұндай шеберлікке авторлар үнемі жете бермейді. Кейбір жазушылардың компазициясында, тілінде, стилінде және грамматикасында шалалықтар кездеседі. Дәл құрылмаған тұжырымдар, мәтіннің абзацқа дұрыс бөлінбеуі, негізгі қағидаларды нашар дәлелдеу және т.б. жатады. Кейде қолжазбада келтірілген фактілердің негізгі тақырыпқа тікелей қатынасы болмайды, ой тиісті дәйектілікпен баяндалмайды, қолжазбаның жеке бөліктері тең емес, және т.б.

Редактордың немесе әдеби түзету енгізушінің міндеті – мұндай кемшіліктерді жібермеуде. Мұндай мәтінге мәнді түзетулерді тек автордың келісімімен ғана енгізуге болады.

ҚАЙТА ЖАЗЫП ТҮЗЕТУ. Тақырыпшаның өзінен көрініп тұрғандай, бұл материалды түбірінен қайта құру деген сөз. Редакцияның айтқан ақыл-кеңесі бойынша мұны автордың өзі іске асыруға тиіс. Газет редакциясының жұмысты қолма-қол істейтін жағдайда бұған әр уақытта мүмкіндігі бола бермейді. Оның үстіне кейбір авторлар тәжірибесі жеткіліксіз болғандықтан өзіне қойылған талаптарды орындауға шамасы да келмейді. Мұндайжағдайда редактор немесе әдеби түзетуші қолжазбада бар фактілер мен қорытындыларды пайдалана отырып, материалды қайта жазады.

ҚЫСҚАРТЫП ТҮЗЕТУ газеттің, журналдың немесе кітаптың форматы мен көлемі шаңғын болғандықтан, алдын ала белгіленген материалдарды ғана сыйғыза алатын кезде қолданылады. Бұл материалдардың кейбіреулерін редакциялау үстінде қысқартуға тура келеді. Кейде қысқарту басқа оймен де (қайталана беретін немесе маңызы шамалы сөздерді, артық цифрларды, т.б. алып тастау қажет болғанда) жасалады. Қысқартып түзетуді редакция бөлімдерінің сол материалды әзірлеген қызметкерлері әдебиөңдеу үстінде жасайды. Ал беттеу кезінде қысқартумен редакцияның жауапты хатшысы, редакция алқасының кезекші мүшесі не газет редакторы шұғылданады.

ОҚИ ОТЫРЫП ТҮЗЕТУДІҢ мәні – барлық жеке-жеке, ұсақ емле қателерін, стилистік және техникалық қателерді жою үшін баспаға әзірленген материалды біржолата оқып шығуда. Оқи отырып түзету, сонымен қатар терілген мәтінді түп нұсқамен салыстырғанда да жүргізіледі.

Оқи отырып түзеткенде хабарланған фактілерге өте сақтықпен қарау, сәл күдік туғызатынның бәрін анықтамалықтар, энциклопедиялар және басқа құралдар бойынша міндетті түрде тексеру керек. Әсіресе цифрмен берілген деректерге сақ болу керек, өйткені сөзбен жазылғанға қарағанда мұндай деректерде кеткен қатені табу өте қиын болады.

Сонымен әдеби редакциялаудың барлық түрі әрбір материалдың идеялық, тақырыптық мазмұнына сай келуіне, сөзсіз сауатты, тілі мен стилі жағынан көкейге қонымды, дәл және шыншыл болуынабағытталған. Әдеби редакциялаудың сапасы көптеген элементтерден құралады, журналистің даярлығына, тәжірибелігіне және қабілетіне, оның іске ұқалай қарайтынына байланысты болады.редакциялау үстінде қолжазбаларға қойылатын негізгі талаптардың сақталуына көңіл бөліп отыру керек.

Әдеби материалдар жанрлары



Газетті, радио немесе телевизиялық хабарларды жасауға қатыса отырып, журналистер өз алдарына қойылған міндеттерге қарай бірнеше жолдық хабарлардан бастап, мазмұны жағынан күрделі мақалаларға немесе фельетондарға дейін алуан түрлі жанрларды қолданады.

Газет пен журналдан оқушылар мақаланы, корреспонденцияны, очеркті, әңгімелесуді (интервьюді), хабарды, фельетонды, рецензияны, библиографияны, басқа да жанр материалдарын таба алады. Жанр ішінде материалдар әдеби баяндалуы мен стилінің өзгешелігі жағынан бір-бірінен ажыратылатынын айта кеткен жөн. Мәселен, мақалалардың, корреспонденциялардың, есеп пен шолулардың, очерк пен фельетондардың бірнеше түрлері бар. материалдың әдеби түрлері неғұрлым сан алуан болса, олардың мазмұны оқырмандарға соғұрлым жақсы жетеді.

Газеттің немесе журналдың бір санында, бір хабарда, әрина, барлық жанрды пайдалану қиын, алайда бұлардың мүмкіндігінше көп болуына ұмтылу керек. Жанрлардың сан алуан болуы газет-журнал хабарларының шығармашылық мазмұнын байытады.

Газет материалдарының жанрлары әдеби берілу әдісі және баяндалу стилі жағынан біздің шындығымыздың фактілері мен құбылыстарын бейнелеу үшін қолданылатын құралдары, ол көргендеріміз бен сезгендерімізді айтып беру тәсілдері жағынан бірінен бірі айырылады. Бұлардың арасындағы ортақ нәрсе сол – барлығы да түрлі әдістер мен тәсілдер арқылы бір мақсатқа қызмет етеді. Барлық жанр үшін ортақ нәрсе – қандай да болсын материал дәл және жақсы тексерілген фактілерге негізделеді, танымдық оқиғалар мен құбылыстарды сипаттап жазады. Біздің баспасөзімізге өрекпелікке салыну, теріс хабар тарату жат іс. Кез келген жанрдың материалы, ең алдымен шындықты айқын бейнелейді.

АҚПАРАТТЫҚ ЖАНР деп аталатын жанрлар газет бетінің кемінде 50 пайызын алып жатады. Бұған хроника, шағын және кеңейтілген ақпарат, сұхбат, есеп, суреттеме, репортаж жатады. Бұл жанрлардың бір ортақ мақсаты бар, ол күнделікті фактілер туралы, біреулердің қызметі жайында, бір сипатты оқиға туралы жинақы, қысқа, жалпы пайымдаусыз, оперативті түрде оқырмандарға хабарлау.ақпараттық жанрлардың материалдары фактілердің өзімен үгіттейді.

ХРОНИКА. Бұл өзінің бас тақырыбы жоқ, шағын, кейде бірер сөйлемдік хабарлар. Бір-екі жол арқылы егжей-тегжейін ашпай фактілер жайында ғана хабарлайды. Газет және кейбір журналдарда хроникалар ерекше (тұрақты не уақытша) : «Жер-жерден», «Қысқаша да бәрі», «Облыс бойынша», «Мәдени хабарлар» т.б. бас тақырып біріктіріліп беріледі.

ҚЫСҚА АҚПАРАТ. Кейде бұл жанрдың материалдарын заметка деп атайды. Мұнда «заметка» деген ұғымды жинақталған мағынада түсінеді, яғни бұл хабарды да, қысқаша әрі кеңейтілген ақпаратты да біріктіре алады. Мұндай біріктірудің пайдалы болуы неғайбыл, өйткені бұл жанрлардың әрқайсысының алдында өз міндеттері тұрады. Қысқаша ақпарат газеттерде, радио және телеарнада ммейілінше кеңінен тарап жүр. Оның көлемі – 10-30 жолдық, өзінің бас тақырыбы болады. Мұның бәрі оқырмандарға хабардағыдай фактінің өзі туралы ғана хабарлауға мүмкіндік беріп қоймайды, сондай-ақ ол жөнінде кейбір егжей-тегжейлерді айтуға да мүмкіндік береді.

КЕҢЕЙТІЛГЕН АҚПАРАТ. Мұндай материал өзінің көлемі жағынан хабардан немесе қысқа ақпараттан едәуір асып түседі. Бұл 40 жолдан 150 жолға дейін болады. өзіне бас тақырып қойылады, ал кейбір жағдайларда мәтін алдында немесе мәтіннен ішінде тақырыпшасы болады.

Кеңейтілген ақпарат оқиғаны неғұрлым кең, көптеген егжей-тегжейлерін қоса баяндайды. Мәтіннің ішінде тарих анықтама беріп, оқиғаға қатысқан адамдарды салыстырып, оларға сипаттама беріп, жергілікті жерді сипаттап жазуға, кіріспемен бастап, сипаттай қорыту мен аяқтауға мүмкіндік бар.

СҰХБАТ. Бұл ағылшын сөзі, аударғанда – баспасөзде жариялау немесе радиода беру үшін жазылған әңгіме деген сөз. Сұхбатта кіммен әңгімелескеніңді, әңгіменің мақсаты қандай екендігі көрсетілуі қажет.

Сұхбаттың өзіне тән ерекшелігі сол, мұнда фактілерді немесе оқиғалар жайында айтылған пікірлерді баяндаужурналистің атынан емес, сұхбат берген адамның атынан болады. Демек журналистке қарағанда редакция қойып отырған мәселеге көбірек қатысы бар адамның пікірлерімен, пайымдауларымен сұхбат құндыболып келеді.сұхбат дегеніміз – журналист пен әңгіме жүргізілген адамның екеуара біріккен шығармашылықжұмысы.оның табысты болуы көп жағынан жүргізушіге, яғни журналистке байланысты. Ол жоғары мәдениетті, редакциялық жұмыстан мол тәжірибесі болуға тиіс.

Әрбір жанр сияқты сұхбат та бірнеше түрге бөлінеді:

1. сұхбат-монолог;

2. сұхбат-диалог;

3. суреттеме-сұхбат;

4. анкета;

ЕСЕП. Бұл ақпараттың өте көп тараған жанрларының бірі. Есеп маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды – облыс, қала, аудан әкімдерінің жиналыстарынан, конференция, кеңестерден, т.б. журналист редакция тапсырмасымен жазады. Есептер өзінің көлемі жағынан әр түрлі – бірнеше ондаған жолдан талай жүз жолға дейін болады.ол ең алдымен журналистке емес, оқиғаның маңыздылығына байланысты.

Есептің үш түрін бөліп айтуға болады: жалпы (тура), тақырыптық, түсініктемесі бар есеп.

СУРЕТТЕМЕ. Әңгіме – бір зауыт, кәсіпорын, ауыл немесе оқу орны туралы болады. Суреттемеде журналист қысқа, бірақ жіті де образды өзінің алған әсері жайында айтып береді, өзінің байқағандарын жеткізеді. Суреттеме – ақпаратты жанрлардың қызықты түрі болып саналады. Бұған да көп әрі қажымай-талмай еңбектену, фактілерді мұқият іріктеп алу, ең қызықтыларын баса көрсету, әрбір сөйлемді екшеп, көргендері туралы жіті жазу керек.

ШОЛУ. Ақпараттық жанрдың бір болып отырып, шолу оқырмандарын белгілі кезең ішіндегі (апта, ай) елдің, облыстың, қаланың, зауыттың өміріндегі аса маңызды оқиғалармен таныстырады.

РЕПОРТАЖ. Оқырмандарға журналистік көзбен – көрушінің немесе қатысушы кісінің тікелей ұғымы арқылы қандай да болсын оқиға туралы көрнекі түсінік берілетін материал ретінде репортажға анықтама берілген. Репортаж оперативті түрде, қажетті егжей-тегжейлерімен және айқын етіліп, ең маңызды да қызықты жағдайды қабылдауды көздейді. Бұл оқырманға репортер хабарлаған оқиға туралы өзі, өзі көзімен көргендей мүмкіндік жасайды.

Репортаждың түрін анықтағанда айдарларына, бас тақырыптарына емес, маңыздылығына, оқиғаның өзінің мазмұнына, журналист алдына қойған мақсаттарына, мұнда әрекет орнын еске ала отырып, жаңалықты жазу сипатына т.б. сүйену керек. Осыған сүйене отырып, репортаждың 3 түрін: оқиғалы, тақырыптық деп бөлінеді.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Ән, Мәдениет, Өнер | Добавил: Admin
Просмотров: 983 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы
Мұрат Мөңкеұлы
Құнанбайұлы Абай
Махмұд Қашқари
Қазақстан Республикасының климаты
Қазақстандағы камералық-аспаптың жанрдың қалыптасуы мен дамуы
ТМД мемлекеттерімен жасалған келісімшартгар
Тұрар Рысқұлұлы
Шылым шегудің алдын алу
Туыстық қарым – қатынастар
Дербес компьютерде құрылымының функциональді-логикалық негізі
Сот билігі
Жасуша теориясы
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауі...
Баймырзаұлы Балуан Шолақ