Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Ән, Мәдениет, Өнер

Фольклорлық аспаптық музыка, оның негізгі белгілері мен сипаттары, жиналуы мен зерттелуі
Загрузка...
Фольклорлық аспаптық музыка, оның негізгі белгілері мен сипаттары, жиналуы мен зерттелуі. Сыбызғы, қобыз, домбыра атауларының құрылымы мен мән-мағынасы

Қазақ фольклорының үлкен бір саласын музыкалық аспаптар, соларға арналған музыкалық шығармалар құрайды. Оларды бір стадиялық сипатына орай екі салаға жіктейміз:

1. Фольклорлық музыка аспаптары.

2. Халық музыка аспаптары.

Мұның алғашқысына археологиялық қазба жұмыстары, көне дәуірдің түрлі жазба ескерткіштерінде сақталған саз сырнай, қамыс сырнай, мүйіз сырнай, ұран, үскірік, тастауық, най, сырнай, даңғыра, асатаяқ, кепшік, дабыл, қылқобыз, месқобыз, желқобыз, т.б. аспаптар жатады. Осы аталған аспаптардың көпшілігі бүгінгі өмірімізге Б. Сарыбаевтың ыждаһатты еңбегінің арқасында оралды. Себебі арғы жердегі тарихымызда болса да, олардың барлығы бірдей кейінгі халық мәдениетінен орын ала бермеген. Музыкалық аспаптардың фольклор аясында туып, архаикалық сатыда қалған үлгілері де аз емес. Сонымен бірге қазақ халқымен бірге жасасып, оның халық ретінде қалыптасуына игі әсер еткен үлгілері де бар. Олар - сыбызғы, қобыз және домбыра.

Бүгінде әлемдік этнография ғылымында музыкалық аспаптану саласы қалыптасып отыр. Кезінде К. Вертков, Т.С. Вызго, Ф.М. Кароматов, И. Мациевский, Б. Сарыбаев, Б. Ф. Смирнова, З. Славюнас, С. Субаналиев, П.И. Чисталев секілді өзге де ғылымдар түрлі халықтардың аспаптарын терең зерттеді. Сол негізде фольклорлық аспаптардың ерекшіліктері де айқындалғаны бар. Мысалы, И. Мациевский халық аспабының мынадай стадиялық белгілерін анықтап көрсеткен:

1. Эстетикалық қызмет атқаратын музыкалық аспаптар.

2. Музыкалық шығарма орындауға бейімделген аспаптар.

3. Мұндай мүмкіндіктері жоқ аспаптар (Народный музыкальный инструмент и методология его исследования / Актуальные проблемы современной фольклористики. Сборник статей и материалов.

Сост. В.Е. Гусев.- Л.,1980, 149- б)

Әрине, И. Мациевский бір аспаптың әрі халықтық, әрі кәсіби музыка өнеріңде қолданылатынын да жоққа шығармайды.

Фольклорлық дәстүрдің тағы бір ерекшілігі - бір музыкалық аспаптың әр түрлі халықтар мәдениетінде көрініс беруі. Олар сол елдереің халық аспабы ретінде аталатыны тағы бар. Осыған орай айтарымыз: бір аспапт бір ел үшін фольклорлық, екіншісі үшін кәсіби құрал болуы әбден мүмкін.

Фольклорлық музыкалық аспаптар өздерінің дыбыс шығару ерекшіліктеріне сай жіктеледі. Оның үлгісін В. Маийон көрсетіп кеткен болатын. Зерттеуші фольклорлық аспаптарды былай бөлген: " самозвучащие, мембранные, струнные, духовые” / Актуальные проблемы современной фольклористики.- Л.,1980, 24- б/

Музыкалық аспаптардың өзге сипапттары да жоқ емес. Соны анықтаған жерде И. Мациевский: "Музыкальные инструменты могут рассматриваться в разных ракурсах - как явление материпльной культуры, как определенные исторические, социальные, национальные атрибуции, как акустические системы - и составлять сответственно предмет самых различных наук: истории, социологии, этнографии, акустики” (Основные прпоблемы и аспекты изучения народнгых музыкальных инструментов и инструментальной музыки/ Народные музыкальные инструменты и инструментальная музыка.- Москва, 1987, 15 – б), -деп жазады.

Халық аспаптарының фольклорлық сипатына келгенде зерттеуші: "Ряд свойств народной инструментальной музыки роднит его с многочисленными явлениями фольклора. Это традиционность, коллективность, бесписьменная, контактная форма передачи традиции, в связи с чем произведения народной инструментальной музыки живут только в исполнении”(сонда, 11-б),- дейді.

Мұның бәрі фольклорлық музыкалық аспаптардың табиғатына анықтық енгізетін күделі ғылымы мәселелер. Сол негізді бүгінде халық аспаптары аэрофон, хордофон және идиофон болып үшке бөлініп жүр:

1. Үрлеп орындалатын аспаптар – аэрофондар (саз сырнай, сыбызғы, керней, жел қобыз, месқобыз)

2. Шертіп ойналатын аспаптар – хордофондар (домбыра, шертер, қобыз, т.б.).

3. Ұрмалы аспаптар –идиофондар (асатаяқ, тайтұяқ, даңғыра, кепшік, дауылпаз, т.б.)

Кейбір ғылыми әдебиеттерде фольклорлық аспаптардың бұл үш саласы өз ішінде тағы да жіктеледі.

Музыкалық аспапты белгілі бір халықтың мұрасы ретінде тану фольклортану ғылымында көптен дау тудырып келе жатқан мәселе. Мысалы, шаңқобыз (шаңғы ауыз) көптеген түркі және славян халықтарының мәдениетінде кездеседі. "Атлас музыкальных инструментов народов СССР” (Москва, 1963) деген кітапта шаңқобыз (варган) украин, белорус, орыс, тува, қалмақ, қазақ, т.б. халықтардың төл аспабы ретінде аталады. Домбыра, тамбур, дутар, комбуз – бәрі де домбыра тектес қос ішекті, шертпелі аспаптар. Қобыз, гиджак, кеманшы, қияқ –ішіекті ысқышты музыкалық аспаптар. Бұлардың бір-бірінен өзгешелігі шамалы. Олай болса, мұндай аспаптары қай халықтың еншісіне хатқызамыз?

Музыкалық аспаптардың бір-біріне ұқсастықтарын екі түрлі тынымдық деңгейде түсіну қажет.

1. Тарихи-типологиялық негізде. Бұл тұста ұқсас аспаптардың типтік сипаттары назарға алынады.

2. Тарихи-генетикалық тәсіл аясында, яғни бір аспаптың арғы жерде ортақ бір түбірден тарағандығын анықтау арқылы.

Бір-бірімен тарихи-мәдени байланысқа түспеген халықтар мәдениетіндегі ұқсастықтарды сол халықтардың қоғам дамуының белгілі бір белесінен өткендігін білдіретін белгі ретінде тану қажет.

Фольклортану ғылымындағы этнографизм теориясының ұсынған жүйесі осы болатын. Бұл мәселеге қатысты В.П.Аникин, Ю.Г.Круглов, К.Вертков, Т.С.Вызго, А.И.Гумениюк, Р.Б.Галайский, Ю.Г.Круглов, И.Мациевский, т.б. аспан-танушылардың пікірлері де бар.

Бүгінгі музыкатану ғылымында музыкалық аспаптарың тегі туралы түрлі пікірлер айтылып жүр. Біз оларды этнография ғылымының талаптарына негіздеп архайкалық, фольклорлық, халықтық, ұлттық деп жіктеген болар едік. Бұл этнографиядағы демос-этнос-халық-ұлт деген стадиялық кезеңдерге жақындаудың бір үлгісі.

Мұндай бөліністің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, архаикалық аспаптарды біз түрлі археологиялық қазба, жазбалардан кездестіретін болсақ, фольклорлық аспаптар этникалық кезеңдерге тән. Оның ерекешелегін бірде этникалық тегі (түркі, славян тайпалары), бірде географиялық шегі (таулы, орманды, далалық), бірде діни наным-сенімдеріне (христиан, будда, ислам) қарап ажыратамыз. Ал халық аспабы болу үшін белгілі бір халықтың музыкалық мәдениетінен кең орын алумен бірге, сол аспапқа арналған музыкалық репертуары да болуы шарт. Осы белгісіне біз тағы бір сипатын қосар едік: әрбір халық аспабы сол халықтық тілі мен ұғым-түсінігі аясында атаулы керек.

Қазақ музыка мәдениеті жағдайында фольклорлық аспаптарды жинап жаңғырғып зерттеген қазақ ғалымы – Болат Сарыбаев. Өзінің "Қазақ халқының музыкалық аспаптарың (1980) атты еңбегінде ол көптеген фольклорлық аспаптардың құрылымы, диапазоны, орындау ерекшеліктеріне байланысты мәліметтер келтірген. Соның арқасында бұл аспаптар өмірге қайта оралды.

Бірақ қазақ музыкатанушылары фольклорлық аспаптардың атауына терең үңіліп, олардың құрылымы – этимологиясы мен мән-мағынасы – семантикасын зерттеген емес. Мысалы, қазақта қобыз, қылқобыз, шыңқобыз деген атаулар бар. Бұдан байқалатыны қобыз – жалпы музыкалық аспапқа қатысты атау.

"Қобыз” атауының этимологиясы туралы біз мынадай ғылыми болжам ұсына аламыз.

1. "Қобыз” сөзінің түбірі – қауыз А.Эйхгорн өзінің "Полная коллекция музыкальных инструментов народов Средней Азии и Казахстана” (СПб, 1985) атты еңбегінде қауыз – іші қуыс, екі ішекті ысқышты аспап деген.

2. Н.Бичурин еңбектерінде 680 жылы көшпелі тайпалар мен қытай елінің бір келісімі кезінде түріктердің "күпі” деген аспапта әсем музыка орындағаны айтылады. Оның үні қытайлықтарды таң қалдырған.

"Күпі”, "күбі” - қазақ ұғымында іші қуыс ыдыс. Демек құрылымы мен мағынасы жағынан қауыз бен күпі ұқсас.

3. Рашид ад-Диннің "Шежірелер жинағында” қыпшақ – іші қуыс ағашты білдіреді. Осы дерекке қарап қобыз –қыпшақ тайпасының ортасында туған, сөйтіп алғаш іші қуыс, бірде күбі, бірде қауыз деген семантикаға ие болған музыкалық аспап екіндігін көреміз.

"Домбыра” атауы қазақ, орыс, украин елдерінің мәдениетінде кездеседі. Ол тек қазаққа ғана тән атау емес, арғы түбірі "даңғыра” сөзінен шыққан. Домбыра, даңғыра, тандыр, тамбур, бандур секілді сөздердің түбірі бір, олардың барлығы да ішекті аспаптарға қатысты қолданылған. Көп жағдайда музыкалық аспап атаулары олардың құрылымынан туындайды.

Сонымен фольклорлық музыкалық аспаптарды этнографиялық негізде былайша жіктеуге болады:

1. Көне замандарда туған архаикалық аспаптар (демос)

2. Тайпалық дәуірде туған фольклорлық аспаптар (этнос)

3. Феодаизм дәуріндегі аспаптар (халық)

4. Бүгінгі таңдағы аспаптар (ұлт)

Қоғам дамуының төрт түрлі дәуіріне тән музыкалық аспаптардың стадиялық көрінісі - осы. Алғашқысына –архаикалық (тайтұяқ, асатаяқ, кепшік), екіншісіне –фольклорлық (даңғыра, сазсырнай, т.б.), үшіншісіне – ХV-XVIII ғасырлар аралығында ел мәдениетінен орын алып , кең қолданысқа ие болған сыбызғы, қобыз, домбыра аспаптарын, төртінші тармағына – ХХ ғасыр шеңберіндегі музыкалық мәдениет жетістіктері, яғни жетілдірілген, өзгеріске түскен, сөйтіп классикалық-темперациялық құрылымға келтірілген домбыра-прима, қобыз-прима, т.б. аспаптарын жатқызамыз.

Фольклорлық аспаптар – тұрмыс-салт шеңберінде, халық аспаптары –тарихы кезеңдерде, ұлт аспаптары – бүгінгі мәдени өмірімізде қолданылады. Олардың әрбіріне тән өзіндік музыкалық репертуары болады.

Қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан төл музыкалық аспаптарымыздың бірі – домбыра. Ол архаикалық, фольклорлық халықтық, ұлттық даму сатыларынан өткен классикалық аспап. Музыкалық репертуарын күй деген жалпы атауға ие болған шығармалар құрайды.

Күй - аспаптық шығармаларға қолданылатын атау. Қ.Жұбанов. А.Сейдімбюектердің анықтауынша, ол адамның көңіл-күйін білдіретін ұғым. Келе-келе күй әрі жанр, әрі шығарма, әрі форма атауына ие болған. Мысалы, сыбызғы, қобыз, домбыра аспаптарына арналған шығармаларды біз күй деп атаймыз. Олардың музыкалық-интонациялық негізінде ән әуендерінің жатқаны да анық. Халық музыкасы аясында аспаптық жанрлардың туу, қалыптасу ерекшеліктері тұсында белгілі фольклортанушы .Г. Ерзакович мынадай үш түрлі сатыларды көрсеткен:

1. Музыкалық – иллюстрациялық шығармалар.

2. Музыкалық – фрагменталық туындылар.

3. Аяқталған аспаптық күй.

Міне. Осы негізді бірте-бірте қалыптасқан аспаптық жанр бері келе классикалық сипатқа ие болып, қазақ даласының дауылпазына айналған.

Қазақтың ұлттық музыка аспаптары

Қай халықтың музыка аспаптары болсын өмірге жайдан-жай келмеген. Ол адамның жан дүниесі, ішкі сезім иірімдерін білдіру қажеттілігінен, әр халықтың тұрмыс-тіршілік, салт-дөстүр, әдет-ғұрыптарына орайласа туын-дап пайда болған. Адам болмысының сөзбен, ән-өлеңмен айтып жеткізуге болмайтын сырлы саз, әуен үнін, күрделі сезімдерін сыртка шығару үшін музыкалық аспаптарды ойлап шығарған.

Жалпы казақтың ұлттық музыка аспаптарының саны өте көп болған. Қазақтың музыка аспаптарын түбегейлі, жеріне жеткізе зерттеген ғалым Б. Сарыбаевтың айтуынша жер-жерлердегі мұражайлар қорлары мен экспозицияларда қазақтың 400-ден астам көне музыкалық аспаптары сақтаулы. Тек Санкт-Петербург этнографиялық мемлекеттік мұражайы қорында қазақтың 50-ден астам ұлттык, музыка аспаптары бар.

Әрине бүл ретте мына бір жайды да ескеру керек. Музыка аспаптарын зерттеген көптеген ғалымдар тұжырымдары, «түркі тілдес халықтардың музыкалық аспаптарының пайда болуы, шыққан тегі бір» деген ойлары әр тұстан тоғысып жатады. Мәселен, белгілі этнограф ғалым С. Е. Малов: «...Осы ескерткіштердің бәрі немесе осы ескерткіштердің бәрінің, айтары түркі тілдес халықтар тарихы үшін ортақ арқау болып табылады...» десе, тағы бір әйгілі орыс ғалымы В. Виноградов: «Музыка аспаптарының өзара байланыстылығы тайға таңба басқандай болып, ап-айқын көрінетін белгілері Солтүстікке, Орталық Қазақстан мен Онтүстік Сібірге, Алтайға жетелейді», - деп жазады. Демек, В. Виноградовтьщ болжамынша, Орта Азия және басқа түркі тілдес елдерді аитпағанның өзінде, қазақтың музыка аспаптары мен сонау Сібір аймағындағы алтайлықтар, хакас, тува, якут халықтары музыка аспаптарының тегі бір дегенге меңзейді.

Қазақтың ұлттық музыка аспаптарының көбі сан ғасырлар бойына халқымыз басынан кешірген саяси, коғамдық-әлеуметтік өзгеріс, жағдайларға байланысты қолданылудан қалып, ұмыт болып келді, 1960 жылдарға дейін бізге белгілісі негізінен небәрі төрт қана аспап болатын. Олар домбыра, қобыз, сыбызғы, сырнай еді, Соның өзінде көбінесе домбыра мен қобыз ғана қолданылып келді. Тіпті кейбір облыстарда қобыздың не екенін білмейтін кездері де болған. Соңғы кезді қойып, 1855-4856 жылдары Шоқан Уәлиханов өзінің «Қазақ халық поәзиясының түрлері туралы» деген мақаласында домбырамен орындалатын өндер мен күйлердің етек алғанын, сол себепті қылқобыздың сүйемелдеуімен айтылатын ұзак жырлардың қалып бара жатқанын ескеріп: «...Домбыра мен жаңа әндер енді жыр мен қобызды мүлде ығыстырып шығарды», - деп қынжыла жазды,

Казақтың ұлттык, музыка аспаптары сонау ұлы ғалым бабамыз Әл-Фарабиден бастап, Шоқан Уөлиханов, Абай, Әлкей Марғұлан, Ахмет Жұбанов сынды, тағы басқа ғалымдар мен өнер адамдарының назарынан тыс қалып көрген жоқ. Музыка мен музыка аспаптарын зерттеу саласында ұлан-ғайыр еңбектер қалдырған Ш. Уәлихановты айтпағанның өзінде Абай Құнанбаев өзінің орыс досы Н. Долгополовпен бірге 1885-1893 жылдар аралығында бірнеше музыкалық аспаптарды тапқан. Абай әсіресе, ең сирек кездесетін музыкалық аспаптарды жинауға назар аударған. Семей қаласындағы Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық мұражайында үш ішекті екі домбыра, қияғы тым қарапайым екі қылқобыз, сыбызғы және асатаяқ сақталған. Суретшілер Г. Гуркин, Н. Белослюдовтердің Абай музыкалық аспаптарын бейнелеген суреттері бар.

Бүгінде отыздан астам қазақтың ұлттық төл музыка аспаптары бар. Бұл аспаптар алпысыншы жылдардан бастап ұлттык көне музыка аспаптарымызды зерттеуге өлшеусіз үлес қосып, соларды жер-жерлерден, қаншама мұражайлардан, ғылыми еңбектерден қажымай-талмай іздестіріп тапқан және сол аспаптарды жасатып, сол аспаптар құрамымен ансамбль ұйымдастырып, кыруар еңбек сіңірген ғалым Болат Сарыбаевтың қажырлылығы аркасында өмірге қайта оралды. Қазіргі Нұрғиса Тілендиев атындағы фольклорлық-этнографиялық оркестрдің, негізін салған да Б. Сарыбаев еді. Б. Сарыбаев өмірге жолдама берген сол ұлттық музыка аспаптарымыздың көбі қазірде ұлттық оркестрлеріміз бен көптеген халық аспаптары ансамблдерінің құрамына енген. Б. Сарыбаев қазақтын ұлттық музыка аспаптарын бірнеше топқа бөліп, төмендегідей жіктейді.

I. Үрлеп тартылатындар, Тармақталуы:

1. Флейталық - сыбызғы, үшпелек, сазсырнай, үскірік, тастауық, ысқыруық.

2. Тростық — қамыс сырнай, қос сырнай, қауырсын сырнай.

3. Мундштуктік - мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней.

II. Ішекті. Тармақталуы:

1. Шертіп ойналатын - жетіген, шертер, домбыра.

2. Қияқпен ойналатын - қыл қобыз.

III. Мембраналы. Ұрып ойналатын — даңғыра. кепшік, дабыл, дудыға, дауылпаз, шыңдауыл.

IV. Сым тілшелі: шаңқобыз.

V. Сілкіп ойналатындар: асатаяқ, шың, сылдырмақты қамшы, қоңырау.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Ән, Мәдениет, Өнер | Добавил: Admin
Просмотров: 1538 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары
Қажығұмар Шабданұлы
Неологизмдердің жасалу жолдары
Құранды түсіну
Марқакөл қорығы (Шығыс-Қазақстан облысы)
Айбек Қалмағанбетовтың Жоғалған қыз туралы аңызы
Асан Кайғы
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Қазақ музыка өнері
Шәмші Қалдаяқов
Жасуша теориясы
Тастанбекқызы Сара
Жүрсін Ерман
Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары
Қазақстандағы камералық-аспаптың жанрдың қалыптасуы мен дамуы