Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 21.9.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Ән, Мәдениет, Өнер

В категории работ: 145
Показано работ: 121-135

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
2004 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының құрылғанына 70 жыл толады. Осы айтулы мереке қарсаңында “Асыл мұра” жобасы “Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары” атты саз дискісін жарыққа шығарып Қазақстан опера өнерінің негізін салған алғашқы қарлығаштарымен Қазақстан музыкалық мұрасының даңқын асырып осы өнердің басында тұрғандарды тағы да бір еске түсіріп құрмет көрсетіп отыр. Әрине, театр бірден аяғынан тік тұрып кеткен жоқ. Көп ізденістермен сынақтардан өтті (1934 жылы Алматыда Қазақтың музыкалық театры болып ашылды, 1937 жылдан қазіргі атауы, 1941 жылдан академиялық, 1945 жылдан Абай аты берілді).
Читать полностью

Категория: Ән, Мәдениет, Өнер

Камералық-аспаптық музыка -өмірдің әр саласын қамтып, тыңдарманға қуаныш сыйлай алатын тамаша құбылыс. Маңыздылығы жағынан алғанда, Қазақстанның камералық-аспаптық музыкасы күрделі жанрлармен иық теңестіретін дәрежеге жетті деуге әбден болады. Қазақстандағы ХХғасырдың 30-жылдарында басталған әлеуметтік жаңару әсерлері ұлттық мәдениетімізге елеулі өзгерістер әкелгені белгілі. Осы жылдары байырғы дәстүрлі өнерді дамытумен қатар европалық үлгімен дамуға бет алған композиторлық шығармашылықтың да іргетасы қалана бастады. Қазақ музыкасының кеңес заманындағы даму кезеңдері халықтық аспаптық және ән фольклорының композиторлық хатпен қосарлана өсуін қамтамасыз етті, бұл ұлттық өнердің тарихи және эстетикалық нормаларына нұқсан келтірген жоқ.

Қазақстандағы музыка және театр өнерін кәсіби тұрғыда дамыту мақсатында 1932 жылы Алматыда музыка-драма техникумы ашылды. Техникумда ұстаздық ететін мамндар жетіспегендіктен 1933 жылы Ленинград көркемөнер зерттеу академиясының аспиранты Ахмет Жұбанов шақыртылып, оған техникумда сабақ беретін кәсіби музыка мамандарының тобын ұйымдастырды. А. Жұбанов содан екі жыл бұрын Ленинград консерваториясын бітірген Е. Брусиловскийді жұмысқа шақырды. А. Жұбанов пен Е. Брусиловскийдің келуімен техникум енді тек оқу орыны ғана емес, музыка мәдениетін жаңаша өркендету дің ошағына айналды.

ғасыр Қазақстанның мəдени өміріндегі ағартушылық ғасыр деп аталады. Осы кезеңдегі қазақ мəдениетінің қасиетті тұлғаларын сөз еткенде олардың ішіндегі ең ірісі, ең өнімдісі де, өзектісі де деп Шоқан, Ыбырай, Абай, Мұхамбет Салық Бабажанов сияқты есімдерді, ел білген, орасан зор ойшылдығымен танылған тамаша тұлғаларды ауызға аламыз. Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уəлиханов (1835-1865) Құсмұрын бекінісінде туған. Шын аты – Мұхамед-Қанапия. 12 жасқа дейін Шоқан Құсмұрындағы жеке меншік мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысады.

Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінетінін білесіздер. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі.

ғасыр Қазақстанның мəдени өміріндегі ағартушылық ғасыр деп аталады. Осы кезеңдегі қазақ мəдениетінің қасиетті тұлғаларын сөз еткенде олардың ішіндегі ең ірісі, ең өнімдісі де, өзектісі де деп Шоқан, Ыбырай, Абай, Мұхамбет Салық Бабажанов сияқты есімдерді, ел білген, орасан зор ойшылдығымен танылған тамаша тұлғаларды ауызға аламыз. Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уəлиханов (1835-1865) Құсмұрын бекінісінде туған. Шын аты – Мұхамед-Қанапия. 12 жасқа дейін Шоқан Құсмұрындағы жеке меншік мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысады.

Адырна - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң- құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады. Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты- үсті терімен қапталады.Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішіктер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды.

Қарата күйшілік мектебі дегенде домбырашылық пен қобызшылық өнер қатар қанат жайған Созақ жері бірден ауызға оралады. Күйшілік дәстүрге келсек - Қаратау күйлері Арқа орындаушылық үлгісінің өзінше дамыған бір арнасы болып табылады. Арқа күйшілерінің ішінде әуелі Сайдалы сары Тоқа мен Арғын Дайрабайдың (Алшын Дайрабай дейтін де күйші өткен) ықпалы Қаратау күйшілік мәдениетіне көбірек тигені тарихи дәлелді шындық. Осы күні Қаратау мектебін зерттеушілер Сүгірдің Тоқадан бата алғанын айтқанмен, тарту үлгісін бөлекше деп санап жүр. Шындығында, Сүгірдің ұстазы – Ықылас пен Тоқа бір елдің адамдары болған, олардың күй шалу мәдениеттері Тәттімбеттен тарағаны даусыз ақиқат.

Қастеев Әбілхан (1904-1973) – қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып өскен жері Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түркісіб темір жол құрлысында жұмысшы болып бастады. Москвадағы көркем сурет студияларында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.

Қашаубаев Әміре (1888-1934) - қазақтың атақты әншісі. Туған жері Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауының алабы. Алматы қаласынан топырақ бұйырған. Шыққан тегі Орта жүз ішіндегі Тарақты руы. Кедей шаруа жанұясында туып өскен. Жастайынан әншілік өнерпаздығымен жұрт аузына ілігіп, ел аралап ән салып, қараөткелдік Сәтмағамбет, Ғазиз, баянауылдық Жаяу Мұса, Қали Байжанов, керекулік Майра Уәлиқызы сияқты арқалы әншілермен танысып, өнерін одан әрі шыңдай түседі. 1924 жылы Семейде өткен өнерпаздар байқауында Қалимен бірге бас жүлдеге ие болды.

Қорамсаұлы Ақан сері (Ақжігіт, 1843-1913) – қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын. Туып-өскен жері - Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Үлкен Қоскөл маңы. Топырақ бұйырған жері Айыртау ауданындағы Бұлақ басы, Құлагер құдығы, Құлагердің ақ шарбағы деген жерлер. Шыққан тегі – Арғын ішіндегі Қарауыл руы. Әкесі Қорамса, шешесі Жаңыл қарапайым шаруа адамдары болған. Алғашқыда ауыл молдасынан сауат ашып, содан кейін Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) медресесінде оқыған (1856-1859).

Қорқыт (VIII-IX ғғ.) оғыз, қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, батагөй абызы, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел данасы. Оның өмірде болғаны Сыр бойы мен Сарыарқа алабында ғұмыр кешкені, нақтылы тарихи тұлға екені бүгінгі күнге дейін жинақталған ғылыми деректер бойынша күмән қалдырмайды. Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қай (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, анасы жағынан қалың қыпшақ нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қара (Қарақожа) деген кісі болса керек.

Қылқобыздың шығу тарихын сонау атам заманнан белгілі бақсы балгерлерді жебеп жасқаушы түркілердің бабасы тұңғыш қобызшы Қорқыт ата есімімен байланыстырып аңыз етіп айтады. Халық арасына кең тараған аңызда былай дейді: « – Қорқыт 20 жасқа толғанда түс көреді. Түсіне кірген адамдар оған 40 жасқа келіп қыршыныңнан қиыласың – депті-мыс». Бұдан кейін Қорқыт өлмеудің қамын ойлап өзінің Желмаясына мініп жер шарлап ел аралап өлімнен қашып жолға шығады.

Қылқобыздың шығу тарихын сонау атам заманнан белгілі бақсы балгерлерді жебеп жасқаушы түркілердің бабасы тұңғыш қобызшы Қорқыт ата есімімен байланыстырып аңыз етіп айтады. Халық арасына кең тараған аңызда былай дейді: « – Қорқыт 20 жасқа толғанда түс көреді. Түсіне кірген адамдар оған 40 жасқа келіп қыршыныңнан қиыласың – депті-мыс».

Ұлы күйші, композитор, халық арасына кең тараған “Балбырауын”, “Сарыарқа”, “Кішкентай”, “Көбік шашқан”,“Серпер”,“Алатау” және тағы басқа күйлердің авторы Құрманғазы Сағырбаев қазақтың аспаптық музыкасының басты бір саласының негізін қалаушысы. Басқа да халық мәдениеті саласының көрнекті өкілдері сияқты, Құрманғазының шығармашылығы да, өмірі де сол өзі өмір сүрген заманның тарихи –көркемдік шежіресі болды.

Загрузка...
Предыдущая 1 2 ... 7 8 9 10 Следующая