Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 23.7.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Ән, Мәдениет, Өнер

В категории работ: 145
Показано работ: 31-45

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Музыкаға деген құштарлық. Цахаудың сабақтары.Г. Ф. Гендель 1685 ж. 23 ақпан күні Галле қ. Туды. Жас кезінен оның музыкалық қабілеті мен музыкаға қызығушылығы байқалды. Бірақ оның музыкалық әуестігі әкесінің қарсылығына ұшырады. Георг Гендель басқа немістің бюргерлері сияқты, музыкант мамандығын жақтырмады.
Читать полностью

Категория: Ән, Мәдениет, Өнер

Гобеленнің отаны – Франция. Сонау орта ғасырларда өмір сүрген ағайынды Гобелендер негізін салғандықтан, солардың есімімен аталатын осы бір өнер түрінің қазақ жерінде жылы қабылданып, тез таралуы – бізде негіздің барлығынан. Ол қандай негіз? Гобеленге қараңыз да, қазақтың тақыр кілемімен салыстырыңыз. Еш айырмасы жоқ. Айырмасы – тек француздар ертерек қимылдап, оны өздерінің өнерлері, бренд ретінде қалыптастыра алғандығында.

Ғарифолла Құрманғалиев – ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің ерен құбылысы. «Бүгінгінің Мұхиты» атанған, ондаған жылдар бойы ол жалғыз өзі Батыс Қазақстанның көне де жоғары дәрежеде дамыған вокалды-аспаптық дәстүрін паш еткен. ХІХ ғасырда эпикалық кең тынысты әннің асқан шебері болған Мұхит мұрасын жеткізген де Ғарифолла Құрманғалиев болатын. Халықтың сүйіп тыңдайтын теңдесі жоқ екпінді дауысты әншісі болды.

30 – 40 жылдары романтикалық өнерге құмарлылық Ресейде бірте – бірте азая беріп, «табиғи» мектеп қалыптаса бастады. Пушкин мен Лермонтовтың шығармаларында оқырман нағыз орыс адамын «көрді»; Гоголь, Гончаров, Герцен, Григорович, Тургеневтің шығарамаларында үйреншікті емес жаңа кейіпкерлер пайда болды – еңбекші шаруа, ұсақ атқамінер, әділетсіздікке қарсылық ашық түрде білдірілді.

Демография – бұл халық туралы ғылым. Ал демографиялық саясат деп мемлекеттік тұрғыдан қоғамның ең өміршең және бастапқы қажет тіршілігін, атап айтқанда – халықтың өсіп-өнуі мен сақталып дамуын, өлім-жітімі мен көші-қонын және мекен-жайға дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін, маңызды аталмыш «бес таған» айналасын реттеуге арналған шара мен іс-әрекеттердің біртұтас жүйесін айтамыз.

Домбыра көне аспап және ол қазақпен кіндіктес ұлыстардың бәріне ортақ мүлік, себебі домбыраның жасы қазақ хандығынан үш мың жылдай үлкен, дәуірлей тексергенде аспап аттары әртүрлі диалект салдарынан өзгеріске ұшырағанымен түбі бір екені айдан анық білініп тұрады. Толғамды мәселелердің сырына үңілместен бұрын, әуелі аспап жайына түсіндірме бере кетейік.

Домбыра - қазақтың жаны. Ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негiз бола алады. Ұлтымыздың болмысына куә болған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерiне жан бiтiрiп, оның құнды қалпын сақтауға негiз болғанын көремiз.

Ұсынылмақ кітапты жазуды қолға алғандағы мақсатым – қазақтың шертпе күй өнерінің мектептері туралы А.Жұбанов, Уәли Бекенов, Ақселеу Сейдімбек сияқты ғалымдар айқындап кеткен зерттеулерді қазіргі күйшілікті кәсіби оқыту бағдарламасына мүмкіндігінше қоғамдап енгізу екенін ашық айту. Себебі, аталған ғалымдардың күйшілік үрдісті жаңа заманда жаңғырту жайлы жазған еңбектері қашанда маңызды, арнайы білім ошақтарындағы оқыту ісі мен дәстүрдің арасындағы алшақтықтың бар екенін қадап айтқан Ақселеу ағамыз домбыра методологиясына этнопедагогикалық салт қағидаларын төтенше енгізуді ұсынған болатын

Өткен ғасырдың аса құндылы ән-күйлері, термесі, жыры, қисса мен халықтың музыкалық шығармашылығының негізінде жас ұрпақты адамгершілік рухта, музыкалы-эстетикалық нәзік сезімге тәрбиелеуде үлкен рөл атқарып отыр.

Досмұхамедұлы Халел (1883-1937) – аумалы төкпелі заманда мұң мен зардың, айтыс пен тартыстың, өмір мен өлімнің бел ортасында жүрсе де азаматтық тұлғасына дақ түсірмеген қазақ зиялыларының бірі, мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы. Туған жері қазіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданы.

Дүкенұлы Ықылас (1843-1916) – қазақтың әйгілі күйші қобызшысы. Туып өскен жері Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы, Мұңлы Қулы тауларының етегі. Топырақ бұйырған жері Жамбыл облысының Сарысу ауданына қарасты Шу өзенінің бойындағы Қуарал деген жер. Шыққан тегі Кіші жүз Жетіру ішіндегі Тама руынан, оның ішінде Жөгі бұтағынан.

Адамзат қай жерде өмір сүрмесін дыбыстар әлемінде, түрлі дыбыстардың ортасында болады. Адам өміріне оның етене еніп кеткендігі соншалықты — сағаттың тықылы, машинаның гүрілі т.б. сияқты айналадағы тұрмыстық шулар еленбейді. Ал, құлақка сіңіп, үйреншікті болған дыбыстар ортасынан бөліне қалған жағдайда, солардың жетіспей түратындығы аңғарылады.

Гректердің қоғамдық және жеке өмірінде музыка елеулі орын алды. Құл емес, яғни бос адам үшін гректің Афина, Спарта, Фивада азаматтық тәрбиелеу және білім беруге музыкалық өнерді, оның теориясын, эстетикасын, орындау тәсіллдерін үйрету кірді. Жеке әншілер, хорлар, аспапшылар, өлеі және ән шығаратын ақындар әр қала – мемлекеттен шығып, жарысқан. Музыка мемлекеттік, әскери де маңызға ие болған.

Екінші симфония Бородиннің симфониялық шығармаларының ең үздігі және тек қана орыс музыкасының емес, бүкіл әлемнің симфониялық музыкасының ұлы ескерткіштерінің бірі. Симфонияны композитор 1869 – 1876 жылдары, «Князь Игорь» операсымен бірге, жазды. Сондықтан кейбір музыкалық материалдар алдымен опера үшін жазылып, кейін симфонияда қолданылды.

Омарова Жамал (1912-1976) - әнші (контральто). Қазақстанның халық артисі. Өзбек ССР-нің Янгиюль қаласында туған. Ташкент педагогикалық училищесінде оқу бітірген. Ж. Омарова қазақ ұлттық операсымен ән мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосты. Ол 1934-1936 жж. музыкалық драмалық спектакльдерден Мақпал (Б. Майлиннің “Шұғасы”), Қамқа (Ғ. Мүсіреповтың “Қыз Жібегі”), Айман (М. Әуезовтің “Айман-Шолпан”) образдарын жасады.

Загрузка...
Предыдущая 1 2 3 4 5 ... 9 10 Следующая