Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 17.8.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Ән, Мәдениет, Өнер

В категории работ: 145
Показано работ: 16-30

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Әзірбаев Кенен (1884-1976) - қазақтың әйгілі халық ақыны, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Туып-өскен жері – Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Мәтібұлақ деген өңір. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен Кенен өзі өмір сүрген замандағы әйгілі «июнь жарлығы», сонымен сабақтас 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, одан соңғы Қазан төңкерісі
Читать полностью

Категория: Ән, Мәдениет, Өнер

Мифтік санада тұлға түсінік жоқ, ол табиғи және қауымдық күштердің тасасында қалған. Тылсым табиғаттың алғашқы еркін жіберілген тұлғасы – Батыр. Бұл шынында да батырлық еді. Табиғи немесе құдайылық қажеттікті жеңе білген батыр нағыз адамзаттық мәдениеттіліктің негізін қалады. Батыс мәдениетінде варварлар бастаған батырлық ғасырлар Рим империясы құлағаннан кейін басталса, Еуразия ұлы даласында бұл процесс номадалық түрік империяларының шарықтауымен сәйкес еді. Ғалымдар қазақ эпостарының алғашқы нұсқалары түрік қағанаттары кезінде қалыптасқаны туралы көптеген дәлелдер келтіреді. Ең бастысы - батырлық уақытта қазіргі қазақ мәдениетінің архетиптері қалыптасқан.

Б.з.б 6-4 ғасырларда Евразия далаларында аң стиліндегі өнер стилистикалық жағынан өзгерістерге ұшырады. Бір орында тұрған күйінде бейнеленген жануарлар бейнелерінің орнына құрылымы күрделі, серпінділікке толы сюжеттер шығады. Мүсіндік бейнелер азайып, қозғалыс үстіндегі аңдардың бедерлі бейнелері, аңдардың шайқасып жатқан, жырқыштардың шабуыл жасап жатқан көріністері бар композициялар көбірек кездеседі.

Қазақ ауыз әдебиеті туралы ғылыми зерттеулер он тоғызыншы ғасырда өз бастауын алды. Бұған дейінгі уақытта қазақ фольклоры жайында жекелеген пікірлер ғана айтылып, тек ауыз әдебиеті үлгілері жарияланып келді. Әрине, баспа ісінің кеңіп, өріс алмай тұрған бұл шақта, фольклористиканың өзіндік қиындықтары болды. Сонда да зерттеу-жинақтау жұмыстары тоқтамағаны белгілі.

«Европадан тыс елдердің музыкалық әдебиеті» пәні профессионалды музыкалық білім системасындағы профильдеуші тәртіптердің бірі, Европадан тыс мемлекеттердің музыкалық мәдениетінің ерекшкліктерін зерттеуге бағытталған. Тәртіптің пререквизиттері. «Европадан тыс елдерінің әлем музыка тарихы » пәніне дейін БММ және колледждердегі музыкалық әдебиет өтіледі, оның мақсаты – музыканың клссикалық үлгілерін білу, жанрлар мен формалардың терминологиялық түсініктерін меңгеру.

Байжанұлы Жаяу Мұса (1835-1929) – қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын. Туған жері – Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасы, Ақшоқы алқабы. Шыққан тегі – Орта жүз, Арғын ішіндегі Сүйіндік руы. Алғаш ауыл молласынан оқып, сауат ашады. Оң-солын тани келе өнер-білім қуып, Қызылжар, Омбы қалаларына келеді.

Байсерке Ұлы жүз ішіндегі Дулаттан шыққан әйгілі ¬Өтеген батырдан өрбиді.Байсеркенің әкесі Қылыш он саусағынан өнері төгілген ісмер,өлмес өнердін парқын білетін,сері көніл сергек жан болса керек.осындай дәстүрлі өнері бар ортада өскен Байсеркенің домбырашылык қабілеті жас кезінен-ақ Төңірегін тәнті еткен.

Жалпы адам баласында рухани және материалды байлық деген бар. Соның ішінде адамды адам етіп, ұлтты ұлт ететін – рухани байлық. Рухани байлықтың қайнар көзі - өнерде. Соның ішінде тоқталып өтетініміз бұл – бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің адамға сыйлар рухани байлығы ұлан-ғайыр.

Өткен жолыңды қорытындылау, жете түсіну және бағалауға деген ұмтылыс әр саналы тұлғаға тән. Сондықтан, адамның осы қасиеті оның ұлттық рухани түсінігінің жалпылама процестерін де анықтайды. Өнердің көркемдік кейіпкерлеріне дүниетанымының қандай идеялары, сезімдері мен принциптері жүзеге асырылатынын түсінуге бағытталған ұмтылыс, әсіресе дәуірлер тоғысында, мәдениет кезеңдері алмасар сәттерде ерекше орын алады.

Соғыстан кейінгі жылдары бізде мүсін өнері де пайда болғанын айта кету қажет. Онымен әуелі шеттен келгендер айналысса, содан соң өзіміздің мүшелер шықты. Соның алдыңғы қатарында Исаак Иткинд де болды. Оның жұмыстарының арасында «Шалдың басы. Философ» (1959) деген де бар. Онда ойға сүңгіген ақсақалдар бейнесі шамамен алғанда шығыс адамының тағдыры мен мінезінің портреті сияқты. Иткинд бастың формасын оның құрамына, құрылысына қарай мүше-мүшеге жіктейді

Патетикалық соната ерте туындылар арасындағы ең бетховендік болып табылады. Осы шығарманың үш бөлімі контрастты принциппен жалғанған. Патетикалық сонатада баяу кіріспеден, оның табиғатынан аллегроның және финалдың тақырыптары бастау алады.

Б. шығармашылығының ас көрнекті аумағын симфониялар алып жатыр. Симфонияны фәлсафа мен әдебиеттің ой деңгейіне дейін алғаш көтерген Л. В. Бетх. Оның симфониялары Гайдн мен Моцарттың шығармашылығының жетістіктерін қорытындылайды.

Барлық кәсіпорындар сияқт баспахана да жоспармен жұмыс істейді. Газеттер, журналдар, кітаптарды беттеуде цехтың да өзінің өндірістік жоспары болады. Бетту цехының ойдағыдай жұмыс істеуі, қолмен істелетін процестер мен теру машиналарының толық та біркелкі жұмыс істеуіне, олардың бос тұрмауына байланысты. Цехтың жоспарына сәйкес редакциялар мен баспалар, график бойынша, теруге әзірленген түп нұсқамен, макеттермен және оқылған басылым көшірмелерімен, графикалармен, қос беттермен цехты мерзімінде қамтамасызетуне байланысты.

Гайдн өз симфонияларын 50-ші жылдардан бастап 90-шы жылдардың орьасына дейін шығарды. Оның алғашқы симфониялары еуропалық симфонизмінің қалыптасу дәуіріне жатады, - және веналық мектептің стилистикалық негіздерінің анықталу процессіндегі елеулі кезең болып табылады. Ал Гайднның ақырғы симфониялары кемелді классикалық симфонизмды көрсетеді.

Органдық музыкаға қарағанда, клавирлік музыка білімді әуесқой аудиторияға арналған. Аристократиялық салондарда ойналатын. Клавесин мен клавикордтың дыбыс шығару ерекшелігі музыканың мінезін анықтайды (сыңқылдақ тембр, жеңіл және үздік- создық дыбыстау). Бұл - сюиталық циклге бірікке билер. Кішкентай пьесалар немесе жазылған темаға вариациялар. XVIII ғасырға қарай клавирлік шығармаларда баяндаудың белгілі әдістері дағдыланды: өзіндік фигурациялар, пассаждар. Орнаменттік әшекейлер.

Загрузка...
Предыдущая 1 2 3 4 ... 9 10 Следующая