Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 21.9.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Ән, Мәдениет, Өнер

В категории работ: 145
Показано работ: 136-145

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Құқық салаларын, оның пәнін, әдісін құқықтық реттеудің салалық әдісін және құқықтық жүйені тұтасымен теориялық талдаудың маңызды инструментіне құралына құқық қағидасының түсінігі жатады.Құқықтық қағидалар қалай болмасын, құқықта көрсетілгендей, негізгі идеялар ретінде осы уақытқа дейін көрсетілуде.Қазіргі кездегі, біздің құқықтануда, құқықтық қағидалар теориясы құқық қағидасы ретінде қабылдаып, қандай күйде болсын құқықта бекітілгендей, негізгі бастаушы идеялар ретінде қалды.
Читать полностью

Категория: Ән, Мәдениет, Өнер

…Тайга ішінің аязы бүгін ерекше шаңытып тұр. Барактан барынша жылы киініп шыққан қария қуаты қайта бастағанын бойының лезде қалтырап қоя бергенінен аңғарғандай болды. Қалың оппа қардан малтығып, бірер аттап үлгергені сол еді, жайдың оты түскендей әлде не жақын маңнан шатыр етті. Қарағай, самырсындар селк етіп, ағаштардың өн бойларынан қар ұшқыны саулап қоя берді. Еңсегей бойлы қария өзін басып қала жаздаған ақ ұлпадан үсті-басын қағынып, арылысымен-ақ қарсы алдына көз салды. Әлгінде ғана тұлғасы аспандай зорайған алып қарағай аязға шыдамай қақ айырылған екен. Өзегінің қызғылт беттерінен сары алтындай шырыны бұлақ болып ағып жатыр.

Қай заманда қазақ үшін ән өнердің ұшар басында тұрды. Көшпелілердің сахнасын өлеңмен ашу ата дәстүрі болса, сол рухани азығымыздың өрісі өрлеп, өркендей түсті. Сұлу саз, көркем сөз, асқақ ән дегенде, қазақтың сал-серілерінің бейнелері көзге елестейді. Бұл орайда әңгіме қозғалса сексен көлі толқыған аққулы өлке Есіл-Көкше еске түседі. Сол асыл өңірді әнмен көмкерген Сегіз сері, Шал ақын, Нияз сері, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай әндері халқымыздың мәңгі өшпес рухани азығына айналды. Бұл жолы қазақтың ақтангер ақыны, ұлы композитор, өз заманында алдына жан салмаған әнші Үкілі Ыбырайдың бүкіл шығармашылық әлемін түгелімен қозғамай, “Гәкку” атты әні жайлы ғана ой өрістетпекпін.

Әбілғазизұлы Арынғазы (1785-1833) – алмағайып аласапыран заманда өмір сүріп, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі үшін арыстандай арпалысып өткен көрнекті мемлекет қайраткері, көреген саясаткер, төре күйлерінің негізін салушылардың бірі болған дәулескер күйші-композитор. Арынғазы қазақ сахарасына әйгілі болған текті әулеттен.

Көне кептің байыбына салсақ, көмейіне Жошы хан қорғасын құйғызған домбыра қайтып үн қатпастай тұншықпақ еді. Алайда, ғасырлар өткенде басқа емес – нақ осы әміршінің өзінен өрбіген жұлдызды шоғыр азалы да жазалы аспаптың құдіретіне дүниені қайта табындырды. Жошы заманы тым жырақ – әңгімеміз адасар. Арғы атасы әз-Жәнібек – бұл да бағзы белесі.

Әзірбаев Кенен (1884-1976) - қазақтың әйгілі халық ақыны, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Туып-өскен жері – Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Мәтібұлақ деген өңір. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен Кенен өзі өмір сүрген замандағы әйгілі «июнь жарлығы», сонымен сабақтас 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, одан соңғы Қазан төңкерісі

Мифтік санада тұлға түсінік жоқ, ол табиғи және қауымдық күштердің тасасында қалған. Тылсым табиғаттың алғашқы еркін жіберілген тұлғасы – Батыр. Бұл шынында да батырлық еді. Табиғи немесе құдайылық қажеттікті жеңе білген батыр нағыз адамзаттық мәдениеттіліктің негізін қалады. Батыс мәдениетінде варварлар бастаған батырлық ғасырлар Рим империясы құлағаннан кейін басталса, Еуразия ұлы даласында бұл процесс номадалық түрік империяларының шарықтауымен сәйкес еді. Ғалымдар қазақ эпостарының алғашқы нұсқалары түрік қағанаттары кезінде қалыптасқаны туралы көптеген дәлелдер келтіреді. Ең бастысы - батырлық уақытта қазіргі қазақ мәдениетінің архетиптері қалыптасқан.

Б.з.б 6-4 ғасырларда Евразия далаларында аң стиліндегі өнер стилистикалық жағынан өзгерістерге ұшырады. Бір орында тұрған күйінде бейнеленген жануарлар бейнелерінің орнына құрылымы күрделі, серпінділікке толы сюжеттер шығады. Мүсіндік бейнелер азайып, қозғалыс үстіндегі аңдардың бедерлі бейнелері, аңдардың шайқасып жатқан, жырқыштардың шабуыл жасап жатқан көріністері бар композициялар көбірек кездеседі.

Эстетикалық тәрбие құалдарының бірі музыка екені баршамызға белгілі. Халық музыкасының асқан шеберлері әнші, күйші, жыршы, жырау, ақындар ертеден ақ ел арасында зор әлеуметтік қызмет атқарды. Мұндай тума таланттар жалпақ жұртшылыққа ағартушы, тәрбиеші де болған. Олардың көзі ашық, көңілі сергек, ой-өрісі өзгелерден озық болды.

Соль- минрлық симфония ең танымал шығармалардың ішіне кіреді. Моцарттың симфонияларының ішіндегі ең эмоционалды, лирикалық- драмалық деуге болады.
Бірінші бөлімде кіріспе жоқ. Бірден негізгі партияның баяндауынан басталады. Бұл тема саздылығымен, лирикалық толығымен және толқынды мінезімен ерекшеленеді.

Загрузка...
Предыдущая 1 2 ... 8 9 10