Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару

Жалпы әлемдік қонақ үй шаруашылығының қалыптасу тарихы
Загрузка...
Бүкіл әлем бойынша көптеген дамыған және дамушы мемлекеттер туризмнің дамуы үшін, туристік рекреациялық көптген мүмкіндіктерге ие болуда. Бірақ кейбір мемлекеттерде туризмнің потенциялды көрсеткіші экономикалық ресурстарға байланысты төмен. Себебі бұл мемлекеттердегі туристік индустрияның салалары халық аралық стандарттарға сай емес. Осы себептердің бірі, біздің қонақ үйлер әлемдік стандарттарға сай дәрежеде туристерді қабылдай алмауда, басты мәселе қонақ үй орындарының аздығында. Қонақ үйлердің жағдайы жоғары дәрежелі моральды және жеке көзқарастар бойынша дамушы мемлекеттерде қонақ үй бөлімдерінің жағдайының төмендігі көрсетіледі, бұл қызмет түрінің шектеулігі, тозған ескі техникамен сипатталады.
Дамушы мемлекеттерде осындай жетілмеген бұл туризм саласын дамыту үшін, қазіргі қонақ үй нарығын зерттеу, қонақ үйдегі қонақ үйдегі қызмет түрлерін арттыру, басқа дамыған мемлекеттермен өз жағдайымызды салыстыру қажет болып отыр.
Қонақ үй саласын дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жету үшін, осы салада қызмет ететін кадрлардың білім сапасын, қызмет түрін арттыру керек. Сонымен қатар саладағы қызметшілердің жұмыс бағдарлары нақты болғаны жөн. Қонақ үй қызметінің сферасы – бұл адамдар арасындағы қарым-қатынас, нақты алушы мен сатушы арасындағы байланыс. Яғни қызмет көрсетушілердің күш жігері демалушыларға арналып, қонақтардың ойын жаулап алу мақсатында ауқымды дәрежеде қызмет көрсету. Туризм саласындағы қызметкерлердің нақты жұмыс барысы, жұмыс уақыты, демалыс уақытты тура белгіленсе онда бұл салада үлкен жетістіктер, атақ абыройға ие бола алады. Аз ғана уақытқа болса да туристер үшін қонақ үй – ақылы өз үйі. Ал үй ішінде адам өзін жақсы сезіну, көтеріңкі көңілде болу, оны әрқашан көтеріңкі көңілмен күтіп алатындығына, оның барлық сұраныс түрлерін қанағаттандыратындығына сенімді болуы шарт. Осындай жолмен ғана қонақ үйлерді туристердің екінші үйі ретінде, осы үйге қайта- қайта келу тілегін тудыру керек. Қонақ үйлердің негізгі мақсаты – туристер үшін сапалы қызмет көрсету, оларға барлық жағдайды жасау арқылы қонақ үй өзінің деңгейін әлемдік дәрежеде көтере алады.
Әлемдік қонақ үй индустрияның негізгі кезеңдеріне шолу жасайтын болсақ, саяхатта жүрген адамдарға қызмет көрсету алғашқы қонақ үйлер (Керуен сарайлар) БЭД 2000 жыл бұрын көне шығыс елдерінде кең таралған.
Ежелгі Греция, Ертетегі Рим кезеңінен бастап әртістерге, саяхатшыларға арналған ертедегі конақ үй түрлері: хаинны, инны, пошта бекеттері т.б. болып саналған. Жоғарыдағы қонақ үйлер қазіргі қонақ үй функцияларына ұқсас қызмет түрлерін көрсеткен. Сол замандағы негізгі көлік ретінде аттарды пайдалану, ат қоршаулары мен тұрақтар болуымен қатар адамдар тынығуға арналған, ас ішетін бөлмелерден тұрған. Ал Орта ғасырларда саяхатшыларға арналған бұл кешендерге әжептәуір өзгерістер енгізілген. Қосымша театр сахналары пайда болған. Қонақ үй иелері өз жанұясымен, кұлдары мен кызметшілері келген қонақтарға кызмет көрсеткен. Олардың қызмет көрсету деңгейі жоғарғы сапалы көлемді қызмет көрсетумен ерекшелінген. Қонақ үй - қала мен ауыл қысқа мерзімге келген жолаушылардың уақытша тұруына, жолшыбай түнеуіне арналған жай. Қонақ үй отырықшы қалалы елдердің бәрінде ерте кезден болған. Әсіресе сауда жолы бойындағы базарлы қалаларда көп болды. Оны қазақтар керуен сарайлар, қонақ жай, мейрамхана деп атады. Ертеде саудамен, діни мақсатпен жолға шыққан жолаушылар үшін жеке адамдар керуен сарайлар ұстады. Керуен сарайларда тағам әзірлейтін, қонақтар түнейтін үйлер, жүк сақтайтын, көлік байлап жемдейтін қора-жайлар болды. Сарай иелері жолаушылардан мол төлем алып тұрды. Сонымен қонақ үй шаруашылығы ертеден пайда болғанына күмәніміз жоқ. Осындай мысалдармен бірге айта кететін бір жай бар. Бізге белгілі болғандай адам баласының бойында қыдыру, көру, сезу, тану сияқты үлкен жан сезімдер, алдына қойған мақсаттар арқылы саяхат жасау ниеті пайда болды. Біздің эрамызға дейін 4000 жыл бұрын Египет халқы Сүмерлер дөңгелекті ойлап тапты, сонымен біршама жолдарды өту кезінде уақыт ұтты. Сонымен қатар біздің эрамызға дейінгі 200-ші жылдары жолаушылар үшін хандықтар және таверналар пайда болды. Біздің эрамызға дейінгі 700- ші жылдары антик гректердің олимпияда ойындары спорт туризмінің дамуында тарихи жағдай болып есептелді.
Сауда қатынасын жандандырған Ұлы Жібек Жолы бойында бекеттер және тамақтану орындары қалыптасты. Америка континентінің халықтарының дүние жүзін аралау ниетінің әсерінен көптеген саяхаттар жасалды.
Жоғарыда айтып кеткендей Ұлы Жібек жолын қонақ үй шаруашылығының даму ордасы деп тұжырдасақта болады деп есептеймін. Ұлы Жібек жолы кейбір мәліметтерге көз салсақ , 7-12 мың км деседі . Бірақ осы Ұлы Жібек жолының барлығын басып өткен саудагер жоқ екендігін айқындайды. Негізінде саудагерлер тездетіп өздерінің тауарларын айырбастап , сатуға икемденген. Әрине олар мұндай әрекеттерден пайда көріп отырған және уақыт ұтқан. Осы аталған ұлы жолымыз, әр-түрлі жолдар жүйесін құраған. Сонымен қатар Шығыс пен Батысты яғни әлемдік цивилизация Рим империясымен Хан империясын біріктірген. Мұндай жол қатынасы тек әлемдік цивилизация емес, сауда қатынасы, мәдени шаралардың жасалып даму жолында маңызы зор.
Қонақ үй индустриясының даму тарихы әлемдік адамзат өркениетінің даму тарихы мен тұспа түс келеді. Европа, Азия дүние бөліктеріндегі ірі империялардың құлауы. Жібек жолы бойындағы калалардың күйреуі, соғыс әрекеттері, қонақ үй кәсіпшілігіне тоқырау алып келсе.
XVII-ХІХ ғасырдағы өндірістік револяюция, су жолының дамуы дүниежүзілік конақ үй шаруашылығының қалыптасуына өзіндік үлесін тигізді. XX ғасырдағы қонақ үй индустриясының ерте кезден бастап 20 ғасырдың соңына дейінгі даму этаптарының негізгі сипаты төмендегідей.
Б. Э. дейінгі II—I мыңжылдык аралығында Ассирия кезінде керуен сарайлар мен алғашкы адамдар демалатын үйлердің саяхатшыларға уақытша тұруына арналып салына басталды. Осы уакытта Шығыс елдерінде, көне Грецияда, Крит аралдарында да керуен сарайлардың ашылғандығы белгілі Б. Э. дейінгі I мыңжылдықтың Ежелгі Грек жерінде қонақ үйлердің үш типі қальштасқан; жекеменшік аулалар (кататоталар), мемлекет құзырындағы аулалар (пандокен), ұйықтайтын белмелері бар таверналар (тамақ ілетін орындар).
Б.Э. дейінгі VІ-ғасырдағы — б. эрамыздың І-ғасырында Ежелгі Рим территориясында жол бойында көне қалаларда көптеген жатын үйлер мен таверналар салынған. Оларды пайдаланушылар саяхатшылармен катар, мемлекеттік шенеуніктер, саудагерлер, кезбелер, т.б. болып Рим империасындағы пошта байланысының қальптасуына байланысты мемлекеттік заңға байланысты 70-100 шақырым ат шабыс аралық бекеттерінің ашылуы таверна, қонақ үйлердің дамуына себеп болды. Рим империясының күйреуі заманында жоғарыдағы пайда болған кешендер бұзылып қирауға ұшырады.
Орта ғасыр (V-VIII ғ.) заманында Европа мен Шығыс елдерінде сауда мен саяхаттың қайта жандануына орай орналастыру мен тамақтану қызмет көрсету саласы дамудың жаңа жолдарына бағытталды. Европалық монастырларда арнайы қонақ жайлық орындар пайда болды. Бұл кешендердін бірінші қабатында ас ішетін орын және аткора, шаруашылық, қызметшілерге арналган бөлмелермен жабдықталса, ол жоғарғы қабатында жататын бөлмелер төбесі жабық арнайы театрлық көріністерге арналған орындар болған.
Қайта өрлеу заманында Европа дүние бөлігінде кәсіпкершіліктің дамуы, ат шегілген тарантас, көлік кұрылының пайда болуы конақтар тоқтайтын аулалардың соңының кебеюіне септігін тигізді. Европа елдеріндегі мемлекеттердің экономикалык және саяси байланысының дамуы барысында конақ үй шаруашылығы қарқынды дамуы байқалады. XVII-XVIII ғ. Америка континентіне Европалықтардың келуіне орай Европалық типтегі қонақ үйлер пайда бола бастады. Алғашқы 70 бөлмелі қонақ үй «Сити-Отель» Нью-Йорк каласында 1794 ж. салынған. XVIII—XIX ғ. бас кезеңінде тек саяхатшыларға арналган орта және үлкен қонақ үйлер пайда болды. Оның ең үлкені 170 бөлмелі «Тремонт» отелі 1829 ж. Бостон каласында іргетасын көтерген.
XIX ғ. Европа мен Америкада өндірістік революция нәтижесінде көлік түрлерінің пайда болуы (пороход, паровоз) туризмнің дамуына үлкен ықпалын тигізді.
Нәтижесінде теңіз жағалауында, теміржол бойында қонақ үй құрылысы пайда болды. Қонақ үй компаниялары, корпорациялары, синдикаттардың бизнесмендерге, комерсанттарға және көшіп келушілерге арналған қонақ үй кызметі ұсынады. Адамдар жер бетінде көшіп қонуы, жаңа жерлерді игерулері нәтижесінде ерте кезден бастап қонақ ұй шаруашылығының ірге тасы қалана бастағанын көптеген әдебиеттер арқылы танып білдік .Соның ішінде туризм тарихына арналған (15.,16.,25.,24.,) оқулықтар мен әдебиеттерді қарастырдық. Бастапқы кезде бұл сала Жерорта теңізі аймағынан, кейінгі кезде Европалық бөліктен біртіндеп Азия құрлығына ауысқандығын байқаймыз. Жәнеде Ұлы Жібек жолының тарихы көптеген мәліметтер қалдырған. Ал бұл стратегиялық сауда, қатынас, дипломатиялық жолдың қонақ үй шаруашылығын дамытудағы ролі жеке тақырып, зерттеу объектісі.
Қазақстан жерінде атақты Жібек жолы оны Құлжа жолы деп те атаған. Жібек жолы біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдан біздің дәуіріміздің XVI-ғасырына дейін жұмыс істеген. Шығыс пен батысты жалғастырып жатқан сауда керуенінің ғажайып дәстүрі мен салтын қамтиды. Ұлы сорап жолдың тармағы мол. Солардың ішіндегі ең ірісі Нілдария жағалауы, перғауындар елінен тізіліп шыққан керуен Бағдат, Мерв арқылы екі өзенді кешіп өтіп, Дәшті-Қыпшақ жерін басып, жоңғар қақпасы арқылы Ұлы Қытай қорғанына жеткен. Осы жолдың бойында қонақ үй шаруашылығы қандай дәрежеде болған.Ол тарихи мәлімет. Біз білетін керуен сарайлар алғашқы қонақ үй , жатын үй есебінде деп санаймыз.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару | Добавил: Admin
Просмотров: 3075 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
Германия
Сот билігі
ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары
Топырақтың адамзат үшін маңызы
Бейімбет Майлин
Наурызым қорығы (Қостанай облысы)
Шәмші Қалдаяқов
Қазақ фольклористикасы
Қазақтың демократ ағартушылары
Тірі ағзалардың бірлестіктері
Қазақстандағы камералық-аспаптың жанрдың қалыптасуы мен дамуы
Өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша Емтихан билеттері
Ұлытау мұражай қорығы
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері