Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару

«Сары -Арка -Нан» ЖШС-не жалпы сипаттама
Загрузка...
«Сары –Арқа – Нан» ЖШС бұрынғы нан өнімдері зауытының негізінде құрылған. Сәтбаев қаласының нан зауыты 1961 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Нан өнімін шығаратын зауытының жұмыскерлері 46 жыл бойы өзінің әдемі де жұмсақ құнарлы өнімдерімен қала тұрғындарын қамтамасыз етіп келеді. 29.12.1993 жылдан бастап «Сары – Арқа – Нан» ААҚ ретінде құрылды және оны Кунеділов Жақия Асанғазы ұлы басқарады. Территориясы – 1,3 гектар. «Сары – Арқа – Нан » ААҚ – ның соңғы № 8863 – 1930 – АО қайта тіркеу 1999 жылдың 12 сәуірінде Қарағанды облысының әділет басқармасында жүргізілді. Қызметтің негізгі түрі – бөлке нан және макарон бұйымдарының өндірісі. Сонымен қатар «Сары – Арқа – Нан» ЖШС 1996 жылдан бері жеке – ұжымдық кәсіпорын қызметін атқарады. 66 жұмыскерлер, 2 цехта: нан өнімдері, макарон өнімдері, пряник өнімдері цехтары үздіксіз жұмыс істейді. 8 түрлі нан өнімдері әзірленіп жоғары сортты макарон өнімдері шығарылады. Бірнеше айлардың ішінде бәсекеге қабілетті кәсіпкерліктің арқасында 48962,5 мың теңгенің өнімі шығарылды және де құрал – жабдықтар өңделіп, жаңартылды сонымен қатар диірмен жұмыс істейді.
«Сары – Арқа – Нан» ұжымы өз шығарған өнімдерінің сапасын жақсарту түрлерін көбейту үшін жұмыс атқаруда. Қазіргі қиын нарық заманында да цехтардың барлығы да бұрынғысынша жұмыс істеп отыр.Нан, кеспе, тәтті тоқаштар және кондитер өнімдерін шығаратын цехтар істейді.
Кәсіпорынның меншік формасы – ұжымды – жекеменшік. Жарғылық қоры толық төленген, оның өлшемі 5306,0 мың теңге.
Акционерлері еңбек ұжымының мүшелері, олардың жарғылық капиталдағы пайыздық қатысуы 100 % құрайды. 1 сорт «Сәтбаев» 2 сорт «Қазақстандық», кебек, қара нан түрлерін 7 жылдан бері «Қазақмыс» корпорациясы АҚ қамтамасыз етеді. Нанның сапасы мен жеткізіліп беруіне еш мін жоқ. Ақша төлеу уақытылы атқарылады. Жақын жылдары инвестицияға сұраным жоспарланбаған, себебі: нан заводы бәсекелестіктің жоғарылығынан бар толық мүмкінділігін пайдалана алмай отыр.

«Сары – Арқа –Нан» ЖШС-ң негізгі өндірісі ұнның 1- ші сорты, қазақстандық ( 2-ші сорт ), қара бидайды және жоғарғы сорты бөлке –нандар өнімдері болып келеді.Орта тәулік шығару 5,3 тонна құрайды. Ассортименті – бөлке-нан өнімдерінің 9 түрі. Барлық өнім прогрессивті технологиямен өндіріледі, СЭС – пен бақыланады, жыл сайын сараптау және сертификация Ұлттық Орталықтарында сапа туралы куәләндырылады. «Сары –Арқа –Нан» ЖШС бөлке – нан өнімдерін өткізу үшін өзінің 13 сауда орны, 4 фирмасы, сондай – ақ дүкендері бар. Осы «Сары – Арқа – Нан» ЖШС өнім әрдайым рецеп бойынша дайындалады. Рецеп бойынша дайындалатын өнімдер әрине сапалы болмақ. Сонымен қатар ЖШС «Сары – Арқа – Нан» өнім дайындауға тікелей және жанама әсер ететін негізгі өндіріс және көмекші өндіріс болып екіге бөлінетін цехтар, құрал – жабдықтар, шикізаттар бар. Яғни осы өндірістер кәсіпорын үшін өте тиімді және де ЖШС «Сары – Арқа – Нан» тигізетін әсері зор. Дәлел ретінде төмендегі суретке назар аударсақ.




2.1.1 сурет Кәсіпорынның негізгі және көмекші өндірісінің құрылымы

Өндірісті ұйымдастыру
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
1. Кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
2. Шығарылатын өнімнің құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
3. Төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
4. Шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
5. Қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарның жағдайы;
6. Кәсіпорынды басқару тиімділігі.
Экологиялық және әлеуметтік бағалануы
Өндірістік пештердің және жылыту жүйелері электр тоғымен жұмыс істейді, сондықтан да қоршаған ортаға экологиялық әсер етеді.
Зауыттың жұмыскерлері қала өміріне, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару | Добавил: Admin
Просмотров: 2053 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Гобелен өнері
Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
Қазақстандағы камералық-аспаптың жанрдың қалыптасуы мен дамуы
Бауыржан Момышұлы
Дербес компьютерде іс-қағаздарын жүргізу
Куәдан жауап алу тәртібі
Мұрат Мөңкеұлы
Саз әлемінің сардары - Ахмет Жұбанов
Компьютерлік желілер. Желілердің қызметі
Бұқаралық ақпарат құралдары
Қазақстан Республикасының климаты
Айша бибі
Қазіргі замандағы шертпе дәстүрі
№ 40 соль- минорлық симфония
Қазанғап күйші