Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару

«Сары -Арқа -Нан» ЖШС-нің ұйымдық құрылымы
Загрузка...
Кәсіпорынның негізін ұйымдық құрылымы құрайды. Ұйымдық құрылым өнім шығаруға әрекет етуші субъектілерден тұрады. Осы ұйымдық құрылым арқылы өндірістік процестер орындалады және басқару қызметтері жүргізіледі. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы тек оның элементтерінің тізбегі ғана емес , оның барлық жағдайларын қарастырады. Кәсіпорынның ұйымдық құрамы оның қызметтерімен басқару деңгейлерінің байланысы мен құрамын көрсетеді.
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы шығаратын өнім түрі, өнімнің құны, көрсетілетін қызметтің көлемі және кәсіпорынның болашақтағы даму негізіне қарай құралады. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы бәрінен бұрын фирманың жеке бөлімшелері арасындағы өзара байланысына , олардың ұқсастықтарымен міндеттемелерін бөлуге бағытталады. Басқарудың ұйымдық құрылымы көптеген факторлардан тәуелді. Оған кәсіпорынның өндірістік қызметі, өндірістік профиль, өнімнің бір түрін шығаруға маманданған немесе әртүрлі өнімнің кем номенклатурасын шығаруға маманданған, шығарылатын өнімнің мінездемесі және өндіріс технологиясы, кәсіпорынның қызмет сферасы және тағы сол сияқтылар.

2.2.1-сурет ЖШС «Сары – Арқа – Нан» басқару құрылымы

«Сары-Арка-Нан» ЖШС жұмыскерлерінің атқарытын міндеттеріне сипаттама
Директор орынбасарының атқаратын міндеттері:
Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес «Сары – Арка – Нан» ЖШС барлық қызмет түрлерін басқарады. Кәсіпорындық – іс шаруашылық қызметін жоспарлау әдісін пайдалана отырып, құжатты, материалдық, қаражаттық және еңбек шығыстарын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпорынды білімді кадрлармен толықтыру, олардың еңбек етуіне жағдай туғызады. Қаражатты пайдаланудың дұрыстығын тексереді. Шешімдер, өздерінен жоғары тұратын құзырлы әдістемелік, құжатты материалдарды экономика жұмыстарын ұйымдастыруды, жоспарлы жұмыстардың түрлері мен әдістерін, жаңа өнімдердің түрлерін енгізудің тиімділігін, шаруашылық келісімдерді орындау, еңбек қауіпсіздігін, тазалық және өрт қауіпсіздігін білу қажет.
Бас бухгалтердің міндеттері:
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды, материалдық, еңбек, қаржылық ресурстарды, жеке меншік жұмыстарын ұйымдастырады. Бухгалтерлік құжаттарды, есептерді, төлемдерді, айлық қорының шығысын, ақшалай қаражатқа алынған құндылықтарды тексереді. Экономикалық талдау жұмыстарын өткізуге қатысады. Штатқа сай жұмыстарды, қаражат тәртібін, әкімшілік – шаруашылық сметасын және т. б. шығыстарды әзірлеуге қатысады, бухгалтерлік құжаттарды сақтауға оларды архивке өткізуге қатысады.
Тауарды бақылаушы:
Материалдық ресурстарды дайын өнімдерді, келісім – шарттардың сапаға сай болуын тексереді; материлдық – техникалық қамтамасыз ету, тағамның сапасын бақылау, заттарды сақтау мен тасымалдау жұмыстарына басшылық жасайды. Қоймадағы құндылықтардың сақталуын, қажетті құжаттардың толтырылуын қадағалайды. Сонымен қатар құжаттардың есебін, материалды ресурстардың мөлшерін, экономика негіздерін, еңбек заңының негіздерін, техника қауіпсіздігін білуі қажет.
2.2.1-кесте
Дайын өнімдерді әзірлеудегі бухгалтердің міндеттері

Алғашқы құжаттарға сай бухгалтерлік есептің өз уақытында орындалуы және айтылған мерзімде орындалысы Мерзімі
1. Нан тағамдарын қабылдау және өндіру
2. Нан тағамдарын өндіру жайлы басшылыққа хабарлама үнемі үнемі
3. Нан тағамдарын сұраныс бойынша өткізу, тексеру, шотты жазып алу. тоқсан сайын, 10 күн сайын
4. Коммерциялық құрылымдарды еңгізу, өзара есеп шотты бақылау, 66.1. төленімге шоттан.
5. 67,1., 20,2., 33,5., 66,1., бойынша нан тағамдарын өндіру реестрін әзірлеу ай сайын
6. Материалды – заттай құндылықтарды ұрлау, жетіспеушіліктері



2.2.2-кесте
Есеп бухгалтерінің міндеттері

Алғашқы құжаттарға сай бухгалтерлік есептің өз уақытында орындалуы және айтылған мерзімде орындалысы Мерзімі
1. Алғашқы құжаттарды әзірлеу, айлық жазудағы уақыт есебі (жұмыс уақыты табелі, осыған дейінгі бұйрықтармен салыстыру)
2. Уақытылы және сапалы түрде айлық есептеу (еңбекке жарамсыздығы туралы қағаз, демалыс және жұмыстан босау туралы), айлықтан ұстау (кассамен салыстыру, қоймамен т.с.с) әрбір айдың 7 күні
3. 68,1 бойынша бухгалтерлік есепті уақытылы көрсету,шоттағы айлықты есептеу. әр айдың 10 дейін
4. №7 33.3 бойынша аванс отчетын уақытылы тексеріп өткізу. . ай сайын
5. Әлеуметтік және зейнетақы қорларына аударымдары салынған қызметкерлердің тізімін әзірле ай сайын
6. 6. №300 формасы бойынша квартал сайын

2.2.3-кесте
Материалдық бөлім бухгалтерінің міндеттері

Алғашқы құжаттарға сай бухгалтерлік есептің өз уақытында орындалуы және айтылған мерзімде орындалысы Мерзімі
1. Қойма және шикізат арқылы өндірілетін құндылықтардың құжаттарын қабылдау мен өңдеу. апта сайын
2. Сальдо ведомосы бойынша қойма меңгерушісінің материалдық заттай құндылықтарының есебін тексеру. ай сайын
3. Сальдо ведомосы бойынша қойма меңгерушісінің материалдық заттай құндылықтарының есебін тексеру. күнделікті
4.Қойма жұмысы бойынша уақытылы бухгалтерлік есеп күнделікті жүргізу жыл сайын
5. Материалдық заттай құндылықтарды санау. ай сайын
6.Зат қоймасын қабылдау. айдың 10-на дейін
7.20.4; 20.5; 20.6; 20.7; 22.3. шоттраы бойынша уақытылы және сапалы өткізу. әр айдың 5 күніне
8.Сұраныс берушілер мен тасушылар арасындағы төлемдерді уақытылы және дұрыс тексеру. әр айдың 5 күні
9. НДС төлемі бойынша реестр. әр айдың 5 күні
10. 300 форма бойынша үнемі, сапалы жұмыс істеуді бақылау ай сайын
11.Сұраныс берушілер мен тасушылардың құжаттарын қарастыру. тоқсан сайын

Экономистің міндеттері:
Кәсіпорынның экономикалық қызметін, еңбек тиімділігін, шығарылатын өнім сапасын, еңбек қаржы ресурстарының ұйымдастырылуын бақылайды. Сонымен қатар барлық кәсіпорындардың бөлімдерінің перспективалық жоспарын экономикалық және әлеуметтік дамуын бақылау сандарына сай әдістемелік жағынан басқарады. Экономикалық көрсеткіштерінің жоспарлануын, заттық құндылықтардың межесін жетілдіруді бақылайды. Материалды, еңбек, қаржы ресурстарының барлық шаруашылық қызметінде орындалуын қатаң бақылайды; Экономикалық бақылауды мекемеде жүзеге асырады. Ол: үкімдерді, бұйрықтарды, әдістемелік құжаттарды, кәсіпорынның экономикалық жұмыстарын ұйымдастыруды, еңбекті қорғау нормалары мен өрт қауіпсіздігін білу қажет.
Кадрлар бөлімінің инспекторының міндеттері:
Жұмыскерлердің кадрлық жағынан қамтамасыз ету, мамандықтарына сай біліктілікті тағайындауда іскерлік қабілеттерін бақылау. Перспективалық, жылдық жоспарды дайындау, жаңа техника мен технологияны енгізу, жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау, орындарын ауыстыру және жұмыстан босату. Сонымен қатар құжаттардың есебін, материалды ресурстардың мөлшерін, экономика негіздерін, еңбек заңының негіздерін, техника қауіпсіздігін білуі қажет.
Технологтың міндеттері:
Технологиялық процесстердің дамуын, шығарылатын өнімнің орындалысын, қызмет түрлерінің орындалуын, шикізат шығынының азаюын, еңбек сапасының артуын ұйымдастырады.
Кәсіпорында жоғары дәрежедегі ғылыми – техникалық жетістіктерді жеделдету, жаңа заманға сай алдыңғы қатарлы технологиялық процесстерді дамыту үшін жұмыс жүргізеді. Жаңа технологияны енгізу жоспарларын бақылап, құжаттарды дайындау, цех, участок және басқа да құрылым жұмыстарын басқарады. Перспективалық және жылдық кәсіпорын жоспарларын орындалысын қадағалайды жаңа өнімдерді жоспарлау мен ұйымдастыру жұмыстарын басқарады. Өнім қалдықтарының азаюын, еңбек шығындарының: электрэнергиясы, шикізаттың азаюын, құрал – жабдықтардың заман талабына сай болуын қадағалайды.

Механиктің міндеттері:
Барлық құрал – жабдықтардың ақаусыз жұмыс істеуін, уақытылы жөнделуін қамтамасыз етеді. Цехтың, құрылыстың, ғимараттың техникалық бақылауға сай екендігін тексереді.
Құрал – жабдықтардың тексерілуін толық жөндеу жұмыстарының орындалуын, әрбір құрал – жабдықтың құжатының болуын, артық тетіктер, құрал – саймандардың және т.б. техникалық құжаттардың орындалуын қадағалайды. Жұмыс орынына қабылдауда аттестация жұмыстарын, жаңа құралдарды орнату жұмыстарына қатысады. Барлық пайдалануға жарамсыз заттардың құжаттарын әзірлейді. Әрбір құралды пайдалану шартын, оның жұмыс істеу мерзімін қадағалайды. Еңбек орындағы жарақат, апаттардың алдын алу жұмыстарын жүргізеді, техникалық механизмдерді тексеріске әзірлейді. Әр құралдың сапасын тексереді, жұмыс уақытында еңбек қауіпсіздігінің сақталуының ережесін бақылайды.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару | Добавил: Admin
Просмотров: 2245 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Шоқайұлы Мұстафа
Астана - Қазақстанның саяси ерік-жігерінің нышаны
Неологизмдердің жасалу жолдары
Сейфуллин Сәкен
Аңыз әңгімелер
Қазақстан Республикасының климаты
Дербес компьютерде құрылымының функциональді-логикалық негізі
Түмән ұлы Мүде қаған
Музыка пәнін қазақ ұлттық аспаптар арқылы үйрету
Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бей...
Жамбылдың ұстазы еді Майкөт ақын
Жүрек қызметінің көрсеткіштері
Құнанбайұлы Абай
Досмұхамедұлы Халел
Дулатов Міржақып