Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару

«Риджент Алматы» қонақ үйіне мінездеме және қызмет көрсету сапасы
Загрузка...
Қазақстанда «Риджент Анкара» өте әйгілі және де әсем бесжұлдызды отельдерінің бірі болып саналады. Әрине отель әсемдікпен ғана емес, сонымен қатар өз қызмет көрсетудің жоғары сапасымен, дизайнмен, орналасқан жерімен және тағы басқа көптеген артықшылықтармен төмендегі бөлімдерде оқып, таныса аласыз.
1993 жылы Туркияның «Ахсель» инвестициялық құрылыс компаниясы Отельдің салына басталуына жол ашты.
1996 жылы 16 желтоқсанда айында ресми түрде ашылып тұрғызылды. Өзінің әйнек қасбентімен, қазіргі көз-қарасты құрылысымен көрікті, және қала ғимараттарының ішінде ең әдемі екені сөзсіз.
«Риджент Алматы» - қаламыздың сән-салтанатты, іскерлік, жалғыз отель. Ол Республика алаңында, Президент үйінің қарама- қарсында, стратегиялық маңызы бар жерде орналасқан. 13-пәтерді биік құрылыс сарғыш түсті мәрмәр тасымен қапталынған және терезелерінің оның жақтауларының көк түсі адам ойына таңқарарлық ізді қалдырады жоғарыдағылармен бірге оның ғажайып құрылысына – Тянь-Шань таулы аймақтарын қаладан шықпай-ақ тамашалауымызға болатыны белгілі.
«Риджент Алматы» отелі өзінің қонақтарын кең вестебюлдерімен, тоғыз этажды витраж жарығына бөлінген сәнді фонтандармен, мүсіндермен қарсы алады. Отельдің үш «көпіршік» тәріздес лифттері қосымша сәнді, эстетикалық түр-әлпетін береді.
«Риджент Алматы» қонақ үйі 1998 жылы қыркүйек айында "Риджент Интернешнл Хоутелз" әлемдік жоғары классты қонақ үйлер тізбегіне кірді. Ол өз алдына дүние жүзі бойынша қамту көлемінің екінші орның иемденген жүйесіне кіреді. «Риджент Итернешнл Хоутелз» өзінің тұтынушыларына толық арналып жұмыс істеуі, люкс қонақ үйлер нарығында лидерлік рөлін анықтайды. Риджент тек қана қонақжай қызметі борышынан, ұқыптылығынан, сапа міндеттілігінен өзінің шайқалмас атағын қалыптастырады. Ал қонақ үйлердің мінездік анықтамасы "Риджент тәжірибесі" деп аталатын айырықша мәдениет маркасын қалыптастырды.
"Риджент тәжірибесі" мәнінде қоғам бірлестіктерінің мәдениеті мен жылуларын қосып, қонақжай тәжірибесін жақсарту болып табылады. Ал Риджент қызмет көрсету сапалығын жоғарлату мақсатында, кешкі шай ұйымдастырып, қызметкерлердің бір-бірімен байланыста болуына жағдай жасайды.
Ридженттің басқа да міндеттеме мысалына: 24-сағаттық консерж, дворецкий, валет сервис, аяқ киім тазалағыш, күн сайын екі мәрте қызмет көрсету жатқызылады. Риджент қонақ үйінің қонақтарға деген персоналды түрде қызмет көрсетуі, қонақжайлылығы мен ұсыну сапасы қонақ үйді әлемдік саяхат шаруашылығында көш басшы орнын береді.
Риджент тізбегі бұрыннан бастап ақ ақпараттық құралдармен белгіленді және оның мүлкі ардайым мадақталып, мойындалды. Белгілі Investor, Conde Nast Traveler, Travel & Leisure деген тәуелсіз қызмет бағалаушылар баспасы өздерінің сый-сияпатын білдірді. Ал Conde Nast Traveler (США) жыл сайынғы "Алтын Тізім" ішіндегі тоғыз мүлкінен сегізін Ридженттікі деп бағалады. Бұл тізімге соңғы 6 жыл ішінде 7-ден кем емес Риджент мүлкі басылған. Сонымен бірге "Gourmet" және "Rooms at the Top" журналдары, Риджент Интернешнл қонақ үйін АҚШ-та және бүкіл әлемде ең жақсы қонақ үй тобына жатқыздырды, ал Риджент Гонконг 1998 - 1999 жылдары "Ең жақсы іскер қонақ үй" атағына ие болды.
"Риджент Интернешнл Хоутелз" компанияы 1971 жылы қаңтар айында Гонконг қаласында Роберт Бернспен бірлесіп ашылған.
1971-1979 жылдары аралығында бұл кәсіп орын өзінің бірнеше филиалдарын ашып, тек 1980 жылы "Риджент Гонконг" қонақ үйі салынғаннан кейін шынымен де танылып, қоғамның алғысын алдды. Қазіргі уақытта Риджент қонақ үйі Гонконг, Алматы, Бангкок, Чанг Май, Джакарта, Куала Лумпур, Сингапур, Тайпей, Сидней, Лос Анджелес, Лос Вегас, Мумбае, Лос Кобос, Мехико сияқты қалаларында орналасып, өркендеуде.
Риджент қонақ үйлері әлемдік "Карлсон Хоспиталити" әлемдік конгломерат (Курт Карлсон 1938-1999ж.ж.) брондтау жүйесі компаниясына қосылды. Ол Ридженттің алдында интернет, ақысыз 41 мемлекетпен байланысқан Куртис-С телефон жүйесі, сонымен бірге АҚШ және Канада қалаларындағы ақысыз телефон жүйелері арқылы дүние жүзі бойынша брондтау мүмкіндігін береді.
"Риджент Алматы" қонақ үйі 1995 жылы желтоқсан айында ашық акционерлік қоғам реінде, қазақ-түрік бірлескен "Айт Отель" негізінде "Анкара Хоутел энд Тауэрс" болып құрылған. Өзінің тікелей жұмыс бағытын тек 1996 жылы желтоқсанында орындай бастады.
Қонақ үй құрылысын қаржыландыру, шаруашылық түрде жүргізіліп, займ мен кредит алынды. 1996 жыл бойына қонақ үй құрылысын салумен айналысып, МСК РК-ға хат жіберілгеннен кейін ҚҚС есептеуінен босатылды.
1996 жылы 14 желтоқсанында құрылыс аяқталып қонақ үй эксплуатацияға берілді. Сонда, қонақ үйдің негізгі қызмет бағытымен айналысып, жұмысының басталуы 1997 жылдың басына келген.
Сонымен "Анкара" қонақ үйінің "Риджент" қонақ үйлер жүйесіне кіруі, Қазақстанның әлемдік қонақ үйлер қызметі нарығында өз атын шығаруына жол ашты.
Басты кіреберіс жерінен вестебюлдің сол жағында, Лобби пәтерінде (L), 200 адамды орналастыра алатын – «Asian cafe» орналасқан. Ол ашық аспанда патионы, ал сол уақытта «Bosphorus» мейрамханасымен «Members Bar» әдемі құрастырылған балконды иемденеді. Түрік салт-дәстүріне және асына негізделген «Bosphorus» мейрамханасы, «Members Bar» сияқты Мезанин пәтерінде (M) орналасқан. Осылармен бірге «Риджент Алматы» қонақ үйі қаланың ең жақсы «Belvedere» мейрамханасын мақтаныш ете алады. Өйткені бұл мейрамханада мемлекетіміздің ең таңдаулы аспазшылары жұмысын атқаруда.
1-деңгей – G гараж: техникалық бөлім, қойма, темекі тартатын бөлме, киім шешетін бөлме, қонақ үйдің шаруашылық бөлімі, формалы киім бөлімі, техникалық офис;
2-деңгей – C казино: әкімшілдік офисі (қорғау, кадрлар бөлімі, сату бөлімі, тренинг бөлмесі, қызмет істеушілер үшін асхана, химикалық және кір жуатын бөлімі, 3 конференц зал, медициналық бөлімше, денсаулық клубы(бассейн, теннис, массаж, сауна, тринажер залы, аэробика залы) сән салоны);
3-деңгей – L лобби: қонақтарды тіркеу бөлімі, «Азиялық Кафе» мейрамханасы, кондитерлік «Бон-бон», «Лобби бар», үлкен банкет залы «Салтанат»(Бал Рум), 3 зергерлік дүкен, 1 сувенир дүкені, «Шопар», «Энви», «Бушеро», бизнес орталығы, туристік агенттігі «Айт трэвл»;
4-деңгей – M мезонин: «Босфор» туркиялық мейрамханасы, «Мемберс бар», 3 конференц зал – «Абылай хан», «Абай», «Алматы», 9 қонақ тұратын қабаттар;
5-деңгей – T тауэр: 10 қабат люкс және жартылай люкс нөмірлер, «Риджент» клубы, «Бельведер» франциялық гриль мейрамханасы;
6-деңгей – P президент: 11 қабат Президенттік нөмірі «Сұлтан», «Паша», бильярд VIP залы;
Риджент Алматы қонақ үйінде 290-нөмерлер орналасқан. Қонақтарға арналған осы нөмерлер келесідей бөлінген:
- 2 таңдаулы Президент нөмерлері.
- 9 ВИП-люкс нөмерлері.
- 279 стандартты жартылай люкс нөмерлері.
Риджент Алматы отелі іскерлік мейманхана дәрежесіне сай, нөмерлердің ішінде жұмыс столының бар болуы дәлел, сонымен бірге орташа көлемді дивандар нөмерлерде қосмша демалыс орнын ұсынады. Қонақ үйдің букіл нөмерлері жеке бармен, теледидармен, IDD телефонымен қамтамасызданлырылған, ал қонақтардың қауіпсіздігі үшін, түтін дете- кторымен автоматты өрт сөңдіру жүйесімен жабдықталынған. Нөмерлердің әр қайсысында сейфтер орналастырылған, ал нөмерлердің есіктері электронды құлп жүйесімен басқарылады. Темекі шекпейтін тұтынушыларға арнайы пәтерді бөліп ұсынылуда.
"Паша" және "Сұлтан"атты екі таңдаулы Презиент нөмерлері Бал залына түсетін жеке лифттерімен қамсыздандырылған. Осы нөмерлерді және VIP-нөмерлерді пайдаланушылар автоматты түрде Риджент Клуб мүшелері болып саналады.
Риджент Клуб – қонақ үйдің төбесінде орналасқан бірегей коцепциясы. Ол арнайы іскер элита, білгір саяхатшылары үшін жасалынып , жан-жақты қызмет көрсетуді қонақтардың алдын-ала келгеніне дейін басталып, қара стрылып, ұсынылады. Бұл Клуб жетісіне 7 күн, тәулігіне 24 сағат үзілмей жұмысын атқарады, ал арнайы үйретілген консьерж күніне 24сағат Клуб мүшелеріне қызметін ұсынып қонақтардың талғамдарын қанағаттандыру мақсатымен қызметін жасайды.
Клуб қызметіне жеке тіркеу уақытымен есептесу уақыты, азаңғы шведтік стол,күн бойы жеңіл тамақтану, кешкі коктейлдер, күн сайынғыгазет журналдар, жұмысқа арналған А4 қағаздары, ақысыз киім өтектеу сияқты қызметтер кіреді.
Риджент Алматы мейманхананың негізгі ерекшеліктерінің бірі – Бизнес орталығының бар болуы. Бұл орталық қонақ үйдің Лобби пәтерінде орналасып, табысты бизнесті жүргізу мүмкіндігін беріп, мамандандырылған қызмет ассортименттері арқылы ұсынады. Бұл орталық келесі қызметтерді біріктіреді:
-жалға берілетін компютер;
-интернет байланысы;
-факсимиле;
-аудармашылар қызметі;
-аударымдар;
-сканерлеу;
-ламинерлеу;
-переплет;
-көшіртпе;
-тексті басу;
-кездесу бөлмесі;
Денсаулық клубы – «Риджент Спа» таңғы сағат 6:00 түнгі сағат 24:00 дейін қонақтардың денсаулығын, көңіл-күйлерін көтеріп, сауықтырады. Сауна, монша және түрлі массаж арқылы релаксациялау қызметін ұсынады, сонымен бірге осы денсаулық клубына ішкі бассейн, балаларға арналған кішігірім бассейн, тренажермен қамсыздандырылған зал, теннис корты және витаминдер жинақталған бар кіреді.
«Риджент Алматы» қонақ үйінің тағы бір ерекшеліктеріне – музыкалық, би кеші залы жатады. Алматы қаласы бойынша бұл залға бәсекелес қонақжай орындары жоқ.
Өте үлкен (5,285кв фут), биік керегелі (4,7м), ауқымды әшекейленген фойе әр түрлі мейрам, салтанатты жиындарды өткізуге қызметін ұсынады. Музыкалық би кеші залы 250 адамға дейін банкетте және 700 адамды театрлық стилде құшағын жая орналастыра алады.
Бұл залдың қалған екі бөлмелері «Абылай Хан» (1,284кв фут) және «Абай» (925кв фут) өз алдарына 44 және 34 адамды конференц стилінде және сәйкесінше 120 және 90 адамды театрлық стилінде, орташа және кішігірім салтанат жиналысын өткізуге әр уақытта дайын.
Мейманхананың қызмет көрсететін қызметшілер құрылымы, ғимарат құрылымына сәйкес жасалынған.
Жалпы қонақ үйдің ғимарат-бөлмелерінің келесідей түрде құрылған:
-вестибюл бөлмесі;
-тұрғын бөлігі;
-тамақтандыру бөлмелері;
-қызмет және тұрмыс бөлмелері;
-техникалық бөлмелері.
«Риджент Алматы» қонақ үйінің қызмет көрсету ассортименті арқылы ең негізгі және әртүрлі топ қызметтерін 3 – суретте көре аламыз.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару | Добавил: Admin
Просмотров: 1496 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Абілда Тәжібаев
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы
Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі
Гобелен өнері
Алғашқы қазақ газеттерінің тарихы
Абайтанушы ғалым Қайым Мұхаметханұлы
Аймауытов Жүсіпбек
Алпамыс батыр дастанының зерттелуі
Германия
Салауатты өмір салтын қалыптастырудьң ғылыми-теориялық негіздері
Қазақстан мен Германия арасындағы қатынастар
Құранды түсіну
Атқарушы органдар
Марат Отарәлиев: «Тағдырмын ерте жоғалған...»