Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару

Қонақ үйлердегі қызметтің түрлері және оның қонақ үйлермен байланыстылығы
Загрузка...
Қонақ үйлерді классификациялау оның ауқымдылығы мен туризм және саяхаттаудың кезекті көп тұрлігінің келісімділігімен туристерді орналастырумен айналысатын мамандардың үйлесімді іс әрекетіне қарай саяхаттың әртүрлі мақсатына адамдардың материалдық сипатына, ұлттық құрамына географиялық жағдайына және табиғат ерекшелігіне байланысты. Дегенмен классификациялауды бірнеше ортақ белгілері бойынша ұлттық тұрғыдан қарастыруға болады. Мысалы нарық жағдайына байланысты кызмет көрсету деңгейі алуан тұрлі жекеменшік формасы басқару жүйелігіне, тәуелділік деңгейіне де байланысты.
Қазіргі қонақ үйлерді классификациялау жүйесі мемлекеттік немесе ұлттық қонақ үйлер ассоциясының үлгісі бойынша және сертификациялык ережелерінің заңдастыру материалдық базасының сандык сипаты, сервистік жағдайға, кызмег көрсету сапасының жоғарғы деңгейде болуы шарт.
Қонақтарды қабылдау орнындағы жихаз, жаңа технологияға қарай оның қандай қонақ үй түріне жататынын біле аламыз.
1, 2, 3 қонақ үй шаруашылығының комфорттылығы, ассортименттері және қызмет көрсету бағасының әртүрлігі.
Ассортименттері мен қызмет көрсетулердің бағасы бойынша, қонақ үй шаруашылығьн бірнеше типтерге бөлуге болады (14):
• Арзан конақ үйлер немесе қызмет көрсету сервистерімен шектелген (мотельдер, үнемдеу класына жататын қонак үйлер және т.б.) — қызмет көрсетудің кейбір түрлері ғана ұсынылады. Кейде, кейбір қонақ үй шаруашылықтары, кызмет көрсету тұрлерін кең көлемде ұсынады, бірақ орташа деңгейде.
• Орташа деңгейдегі қонақ үйлерді (курорттық қонақ үйлер, жекеменшік қонақ үйлер және т.б.) — кез-келген әлеуметтік деңгейі орташа туристер тобы тандай алады. Бұл жерде қызмет көрсету түрлері орташа.
• "Люкс" отельдер (толық қызмет көрсететін қонақ үй тұрлері, жоғарғы класты конак үйлер және т.б.) — фешенебельді декормен, жоғаргы деңгейдегі жиһаздармен жабдыкталған, қоғамдык бөлмелерімен қамтамасыз етілген, салондары жақсы жабдыкталған. Жоғарғы деңгейдегі конак үй шаруашылығында, нөмірлердің салдарына (кейбір кездерде, олар бір-біріне сәйкес келеді) байланысты қызмет көрсетушілердің пайызы жоғары.
Люкс-отельдерде 100-ден 400-ге дейін нөмірлер бар. Қаланың ортасында орналасқан, жоғарғы деңгейдегі қызмет көрсетумен сипатталады, бағасы жоғары, туристтердің құрамында лауазымды адамдарга арналған, қымбат бөлмелері бар және қонақтардың тұрақтауы үшін элиттік деңгейдегі жағдай жасалынған, негізінен ірі мекемелердің жетекшілері, жоғарғы деңгейдегі кәсіби мамандар, конференцияға қатысушылар үшін арналған.
Курорттық қонақ үйлерде 100-ден 500-ге дейін нөмірлер болуы мүмкін, олар теңіздерге, мұхитқа, көлдерге, тауларға жақын орналасқан, қала маңында, қызмет көрсету түрлері ұсынылады, қалалық қонак үйлерден қымбаттырақ. Саны жағынан, спорттык кешендер көбірек, қымбат мейрамханалары,банкет залдары, кездесулерге арналған жолдары және туристердің категориясына байланысты салынған.
Үнемдеу класына жататын қонақ үйлерде нөмірлік фондына немесе қорына байланысты 10-нан 150-ге дейін нөмірлер болуы мүмкін, қалаға жақын арада орналасқан, кішігірім қызмет көрсетушілер штаты бар, қазіргі заманға сай орташа баға ұсынылады, нөмірлері жақсы жиһазбен жабдықталған, бірақ тамактандырусыз. Тұрғындары негізінен жұмыс бабымен келгендер және туристер.
Комфорттылық деңгейі, тек қана қонақ үйлердің базасының тұрмыстық жағдайына байланысты ғана емес, сонымен қатар қонақ үйдің қызмет көрсетушілерінің жұмыс сапасына да байланысты болып келеді. Бүгінгі күнде 30-дан аса әртұрлі классификациялар бар. Дүниежүзіндегі қонақ үйлерге бірдей классификацияны енгізуге, мемлекеттердің тарихи-мәдени дамуына байланысты кейбір факторлар әсерін тигізеді. Сонымен қатар, олардың ұлттық ерекшеліктеріне, қызмет көрсету сапасына және т.б. бағалау сапасына байланысты болып келеді. Төменде әртүрлі елдердегі берілген классификацияларының ерекшеліктері қарастырылады.
Жұлдыздық жүйе. Көбінесе кездесетін қонақ үйлердін классификациясы француз ұлттық классификациясы болып табылады. Барлық дерлік қонақ үйлер комфорттылығына байланысты категорияларға бөлініп, жұлдыздық жүйемен белгіленеді, әрбір "жүлдыздар" саны да бірқатар көбейеді.
Қонақ үйдің орналастыру бөліміне нөмірлер, баспалдақтар мен лифтер кезекші персонал бөлмелері кіреді және ол түрлі формада болып онда бір немесе бірнеше коридорлар болуы мүмкін. Нөмірлерге жалпы тұрғын бөлімнің 54-70 %, ол коридорларға 13 тен 22 % дейін көлемі келеді. Нөмірлер орын санына бөлмелер санына көлеміне және жабдықталуына қарай бөлінеді. Қонақ үйлердің нөмірлерінің көпшілігі, дүние жүзілік тәжірибе бойынша, бір орындық және бір бөлмелік болып келеді. Бөлме кеңістігі бірнеше функциональдық бөлімдерге бөлініп, бір бөлмелі нөмірдің 70 % тұру бөліміне 14 % кіре беріске, 20 % санитарлык торапқа тиесілі болады. Жалпы көлемі бұндайда 7 ден 14 кв. м дейін қазіргі заманғы талаптар бойынша бұл көрсеткіш 14-18 кв. м 20-21 кв. м дейін болады.
Қызмет етушілердің алыста болуы қызмет сапасын төмендетіп, колайсыздык тудырады, сондықтан қызмет етушілердің бөлмелері әр қабатта орналасқаны дұрыс. Нөмірлердегі тазалау үш түрде болады: күн сайынғы, тұрушының кетуінен кейінгі және толықтай тазалау. Тазалауды тұратын адамның рұқсатымен не ол жоқта жасау керек. Нөмірлердегі қызмет етушінің міндеттеріне бөлмелерді желдету, ыдыс жуу, төсек жинау, шаң сүрту, төсек жабдыктарын ауыстыру т.б. жатады.
Қонақ үй әр түрлі инженерлік жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс. Оны жұмыс жағдайында ұстау керекті технология мен қамтамасыз етіледі. Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау сақталынуы керек. Сумен жабықтау: ыстық сумен, өрт сендіретін сумен, тамақка пайдаланатын және тұрмыстық қызметке қажет сумен қамтамасыз етеді. Ауа тазартқыш жылу беретін жүйелер де, сондай-ақ өрт сөндіру жүйесі қалыпты жұмыс істеуі керек.
Қонақ үйлердегі қызмет түрлері үйымдастыру құрылымына байланысты. Оның ішінде категориясына, нөмірлік қордың ауқымдылығына, орналасқан орнына, қонақтардың ерекшелігіне т.б. факторларға қатысты.
Қызмет көрсету түріне қарай қызметкерлердің жұмысын анықтайды, белгілейді.
Негізгі қызмет түрі:
- әкімшілік басқару қызметі;
- қабылдау және орналастыру қызметі;
- нөмірлік қор қызметі;
- қоғамдық тамақтандыру;
- коммерциялық;
-инженерлік-техникалык;
- қосымша және көмекші қызмет.
Қонақ үй қызмет түрлері жоғарыдағы схемада түсінікті берілген Біз өзіміз білетін қонақ үй негізінде «Амбасадор» қонақ үй қызметіне тоқталып өтуді жөн көрдік.
Әкімшілік қызмет міндеттеріне қонақ үй кешеніндегі барлық бөлім қызметіне жауапты. Қаржы мамандармен қамтамасыз ету, жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істеуге жағдай жасау, еңбек ережесін сақтау, қауіпсіздікті сақтау, өрттен сақтану және экологиялық қауіпсіздікті сақтауды камтамасыз етеді. Қызмет құрамы: хатшы, кадр, қаржы, инспекторлар (өртке карсы кауіпсіздік, техникалық кауіпсіздік).
Қабылдау және орналастыру қызметі жататын орынды брондау (сұраныс беру) конақтарды қабылдау, тіркеу, бөлмелерге орналастыру, жатын орындарында, бөлмелерде қызмет ету, сонымен қатар қонақтарға үйлеріне шығарып салумен айналысады. Қызмет құрамында: директордың орынбасары (менеджер түрлері), әкімшілік кызметкерлері, портье, есептеу операторлары, төлқүжат және анықтама қызметкерлері, швейцарлар, жүк тасушылар, кауіпсіздік кызметкерлері т.б. болады.
Нөмірлік қор кызметкерлері қонақ үй тазалығынан бастап тұрмыстық қызмет керсетуді қамтамасыз етеді. Оның құрамында: менеджер (директордың орынбасары), қабаттағы қызмет көрсетушілер, үй тазалаушылар, кезекшілер, кастелянша, кір жуу қызметкерлері.
Тамақтану қызмет орны (ресторан) мейрамхана, кафе, барларда презентация, банкет, тамақтануды үйымдастырады. Бүл жерлерде менеджерлерден баска асхана қызметкерлері, даяшылар, зал администраторы жұмыс істейді. Коммерциялық қызмет конақ үйдің оперативті стратегиялык жоспарлау мәселелерімен және қызмет көрсету түрін оңтайландырумен қонак үй сұранысы сараптап үнемі жүзеге асырып отырады.
Коммерциялық қызмет тобында - директор, маркетинг және жарнама қызметкерлері жұмыс істейді. Қаржы қызметі қонақ үйдің қаржы және шаруашылық іс әрекетін реттеп, қадағалап қаржыландырып отырады. Бұл сала өте жауапты және қомақты жұмыс істейтін бөлім.
Инженерлік-техникалық қызметкерлердің негізгі міндеті: электр, санитарлық-техникалык жүйені қадағалау, жөндеу құрлыс жұмыстарын үйымдастыру, байланыс телекомуникация жұмысының дұрыс болуы, Қазақстан қонақ үйлерінің көпшілігі ескі ғимараттарда, сондықтан да күрделі жөндеу,технологиялық өзгерістер қажет етеді. Ал ірі қонақ үй шаруашылығы, кейінгі салынғандары Европалық стильде, қызмет көрсету дәрежесі өте жоғары болуы оның құнының өте жоғары болуына әкеліп соғатынын корсетуде.



Желдеткіш салқындатқыш қондырғыларының дүрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Көмекші қызмет тобы түрмыстық қажет жұмыстарын реттеп отыратын конақ үй кешенінің бір бөлімі.
Оған кір жуу, химиялық тазарту, аяк киім жөндеу т.б. жаткызамыз.
Қосымша қызмет көрсету саласына бизнес-орталык, спорттык-шыныктыру орталығы, шаштараз, сүлулык салондары, магазин т.б. жатады.
Қызмет түрлерінің ортақ моделі кездеспейді. Олардың әр түрлі конақ үй статусына тікелей катысты. Қонак үй бизнесіндегі басқару жүйесі, нарық жағдайына икемделген, қарапайым, қызмет алушыларға жағымды болуы шарт. Оған төмендегілер сәйкес келуі тиісті:
1. Басқару органдарының көп болмауы;
2. Қызмет белімдері ықшам, мамандармен қамтамасыз болуы;
3. Қызмет көрсету және барлык жұмыстарды түтынушы сүранысына сәйкестендіру керек.
Қонақ үй шаруашылығының осындай моделді мекен жайларының қызмет көрсету жүйелігі, әрқашанда өзінің сапалы дәрежелі денгейін көрсетеді. Ол мынандай қонақ үйлердің жұлдыздық жүйелігіне сай болуы қажет.
1 жұлдызды қонақ үйлер. Ғимараты ескі, 1-2 қабатты, бөлмелерінде терезелері ашылмайды, тек қана барлығына да ортақ коридор, бөлмелердің кіре беріс жері жоқ, едені ағаштан жасалған, холы және сервистік қызмет тұрлері жоқ, душы мен дәретханасы бірге орналасқан (әрбір қабатында бір-бірден немесе сыртта), асханасы бөлек ғимаратта орналасқан, барлығына да ортак. Бөлмелері жиһаздалмаған, 1-2 төсек орны бар, үлкен столы, орындыктары, айнасы, кондиционері, телефоны, тоңазыткышы, радиосы жок, электр жүйесі ортақ, тесек орын 12 күнде 1 рет ауыстырылады. Қонақ үй бойынша кезекшілік тек қана күндіз, күзеті жоқ.
2 жұлдызды қонақ үйлер. Ғимараты бетоннан немесе кірпіштен салынған. 1 -3 қабатты ғимарат. Терезелері ашылады, лоджиясы мен балконы жоқ, жалпы кішігірім холы бар. Холы телевизормен және жұмсак жиһазбен жабдықталған, тек қана жүк тасуға арналган лифті бар. Бөлмелері кішігірім, жиһаздары стандартқа сай емес: төсек, қолдан жасалған гардероб, ванна бөлмесінде айнасы бар; душы дәретханасымен бірге орналаскан. Тесек орын келген мерзімнен бастап 2 рет ауыстырылады; ыстық елдердегі конак үйлерде кондиционері бар; 1 қол сүртетін орамал мен сабын беріледі; стол, орындыктар, тоңазыткыш, телевизор, конак үй ішіндегі телефон, кала бойынша телефон кезекшіде ғана бар; элекір жүйесі ортак. Бөлмені жинау күнделікті жүргізілмейді, асханасы бөлек ғимаратта орналасқан, сервисі көп түрлі емес және ақылы түрде жүргізіледі, қонақ үй бойынша тәулік бойығы кезекшілік жүргізіледі.
3 жұлдызды қонақ үйлер. Ғимараты бетоннан немесе кірпіштен салынған; 2-7 кабатты ғимарат, қонак үйдегі ортақ холы едәуір үлкен; холда бірнеше телевизоры, кішігірім журналды столдары, ыңгайлы жұмсақ креслолары бар. Қабаттардың бірінде, тәулік бойы, бары жұмыс істейді. Холы және әрбір қабаты жақсы жарықпен қамтамасыз етілген; қабаттарында кілем төселген; жылдам лифті (жүк және адам тасымалдауга) бар. Міндетті түрде қонақ үйдің сыртына аты жазылады. Бөлмелер кішігірім жиһаздармен жабдықталған; стандартты жиһаз, стол мен орындықтардың болмауы да мүмкін. Тесек орны бар; электр жүйесі белме бойынша барлығына да ортак. Терезелері ашылады, балкон мен лоджия міндетті түрде емес, қонак үйдің қабырғалары суреттермен әшекейленген, телевизорды пультті; кондиционер; тоңазытқыш, радиоаппаратура, бар (тек кана "люкс" нөмірлерінде); қонақ үй бойынша телефон тегін; ал қала бойынша ақылы; дүние дәретханасымен бірге орналасқан; дәретхана қағазы, орамал (қол сүртетін және моншалык), сабын (күнделікті ауыстырылады).
4 жұлдызды қонақ үйлер. Ғимараты міндетті түрде кірпіштен, бетоннан салынады. Міндетті түрде сырткы атының жазылуы болу керек, демеушілердің жарнамасы. Қонақ үй көп қабатты, 17 қабатқа дейін болуы мүмкін. Қонак үйде жылдам лифті (2 жүк тасымалдауга және 45 адамдарға арналған) кем болмауы тиіс. Қонак үйде үлкен холы бар. Холы қазіргі заман талабына сай жиһаздалган, қабырғалары әдемі дизайнды, гүлдермен әсемденген, жалпы жаксы жарықпен және радио-видео-телеаппаратураларымен жабдықталған. Қонақ үйде кешкі мейрамхана, бөлек кафе және түнгі бар жұмыс істейді.
Бассейні қонақ үйдің қасында орналаскан және бильярд ойнайтын жері бар. Әр қабатта және холында кілем төселінген. Бөлмелері — үлкен кіреберіс жиһаздармен және толық жиһазбен жабдыкталған. Міндетті түрде: телевизор, магнитола, кондиционер, бары бар тоңазытқыш, төсек асты кілемшек, қонак үй ішіндегі және кала бойынша телефон болады.
5 жұлдызды қонақ үйлер. Ғимараты казіргі заман талабына сай, кеп қабатты. Міндетті түрде сыртқы және ішкі бөлімшелері, кымбат соңғы үлгідегі қүрылыс материалдарынан салынған. Кіре-беріс есігінде міндетті түрде швейцар тұрады. Кіретін есіктері бірнеше, территориясы қоршалған және өте жақсы күтілген (төсеніштер, гүлдер, клумбалар т.б.), міндетті түрде туристердің және конак үйдің транспорты тұратын орын болады. Бір қабаты қызмет көрсетушілерге арналған орындардан, қызмет көрсетуге арналған құрал-жабдықтар тұратын бөлме кеңістіктері мен бөлмелерден тұрады. Егер де қонақ үйдің қасында теңіз болса, онда бассейн қонақ үйдің қасынан салынады және теңізге шыга алады. Төбесі жабылған бассейн қорғалмалы қакпамен салынады. Бассейн жағалауында көптеген де столдар, тербелмелі креслолар, жатқыштар т.б. барлығы да тегін. Бұл жерде-ақ, солярий (ауа ваннасы) болуы мүмкін. Массаж т.б. қызмет көрсету түрлері бөлек ақылы түрде жүргізіледі. Дүниежүзілік стандартқа сай, көп қабаттардың бірінде теннис корты, пинг-понг ойынына арналған корт салынады. Сонымен катар, бильярд және гольф ойындарына арналган заддары бар. Міндетті түрде 2 концерттік залдары; біреуі - холдың қасында орналасқан, барлығына да ашык. Бұл концерттік залы едәуір үлкен, бірак, сахнасыз, түнгі бағдарламасыз, орындықсыз, тегін. Екіншісі - қымбат концерттерге, керсетулерге, шоу-багдарламаларға, лекцияларга арналган. Екінші концерт залы ақылы. Орталық холл өте үлкен (ол бүкіл қонақ үйді көрсетеді): кабырғалардың дизайны, жиһазы, жарықпен камтамасыз етілуі жақсы ойластырылған. Қонақ үйдің тұрғындары үшін би кештері тегін, әрбір қабатта барлар тәулік бойы жұмыс істейді. Бөлменің электронды карточкалары беріледі. Үлкен коридор, кіреберіс және нөмірлер дыбыстартқыш паласпен жабдықталған. Бөлмелерде әдемі кілемдер мен төсек асты кілемшіктері төселген. Ванна, душ, дәретхана, биде, 3 орамал, бөлмеге киетін аяк-киім, халат, тіс пастасы, сабынсу — әрбір бөлмеде міндетті түрде бар.
Әр елдердегі қонақ үй жүйелігіне тоқталатын болсақ, ол төмендегідей:
Австрия мемлекеті қонақ үйлері 5 жұлдызды Европа Қонақ үй жүйесіне жатады. Ауылды елді мекендерде кішігірім қонақ үйлер категориясыз ең арзан орналасу және түнеу орны болып саналады.
Ұлыбритания конак үйлері өте жиі тараған конак үй классификация жүйесіндеі тәжі (корона) немесе кілт сипатында болып келген.
Европа елдеріндегі қонақ үйлерге карағанда тәжі жұлдыздық жүйеліктен бір сан жоғары болып есептелінеді (5 жұлдыз – алты тәжіге).
Сонымен катар мұнда (ВТА) Британдык туристік агенттілік классификациясы жиі пайдаланады. Бұл қонақ үй бағасына байланысты әдемі, арнайы туристік топтарға арналып жасақталған қонақ жай орындары.
Аргентина қонақ үйлері ұлттық жүйеге енген. Бес жұлдыздык категорияға сай бес категория белгілері енгізілген.
"Т"- туристік класс- Ол екі жұлдыздык қонақ үй болып есептелінеді.
"Ғ"- бірінші класс. Бұл үш жұлдызды қонақ үй деп есептейміз.
"ҒS"- супер класс. Суперкласс - төрт жұлдызды конақ үйге сай келеді.
"L" - люкс, "DL"- өте жайлы ең жоғарғы қонақ үй категориясы болып бес жұлдызбен тең.
Германия қонақ үйлерінің жүйелігі мемлекеттік бес жүлдызды белгіге ие. Орналастыру тәртібінің іс шаралары: қонақ үйлер, курортты, қонақ жай мекемелері, отель-пансиондар және отель-гарнн деп аталады. Осылар орта ауқатты демалушыларға арналған.
Греция мемлекеті қонак үйлеріне әріппен белгілеу негізге алынған. Олар төрт категорияға жатады. Жоғарғы, сапалы қонақ үйге — " DL", ал бесжұлдызға сай - А, үш жұлдызға - В, екі жұлдызға - С, бір жұлдызды - Д әрпімен белгіленген. Сонымен қатар қарапайым орналастыру орындарына кішігірім аппартаменттер, жеке пәтер үйлер және қонақтарға арналған орындар. Олар негізінен әуежай, автобекет, теміржол бекеттері, порттар маңында шоғырланған.
Египет жерінде бес жұлдызды жүйелік барлық қонақ үйлерге тән. Бірақ кез келген қонақ үйлер жұлдыздары Европа елдеріндегі қонақ үй жұлдыздарынан 1 не 2 жұлдызға артығырақ, көрсетілген. Европадағы екі жұлдызды қонақ үй кызметі Египеттегі төрт жұлдызды қонақ үйге тән.
Испания категориялык деңгейі жұлдызды болып келген. Қонақ үйлердің топтарының ерекшеліктері бар. Қонак үйлерге арналган жұлдыздық жүйелік 1-5 жұлдызға дейін белгіленген. Бунтало, жеке аппартаменттер 1-4 жұлдызды белгілерге сай қызмет керсетеді. Пансиондар мен қонақтарға арналған жайлар 1-3 жұлдызды категорияга сай жұмыс істейді. Өте карапайым орналастыру орындар 1-2 жұлдызды болып келген.
Италия қонақ үйлері Европа қонақ үй белгілерінің үлгілеріне сай, үш категориядан тұрады. Бірінші категория - 4-5 жұлдызды қонақ үйлері біріктіреді. Екінші категория үш жұлдызды қонақ үйге, үшінші категорияға екі-бір жұлдызды қонақ үйлерді топтастырады.
Қытай республикасында жұлдызды классификацияда. Қарапайым қонақ үйлерден бастап 5 жұлдызды комфортты қонақ үйлер кешендерін кездестіреміз. Өте арзан тұраққа хостельдер жатады. Студенттік жатақханаға сай қонақ үйлер көптеп тараған.
Мальдив аралдары қонақ үйлері ете жайлы, жоғарғы сапалы қызмет көрсете алады. Ең жоғарғысы "Стандарт" ауқатты демалушыларға арналған. " DL" қонақ үйлер орта ауқатты адамдарға арналса, "Балалар кешені" жанұялык топтарға арналған арнайы тұрақтар. Мальдив жері туристік рекреациялық аймак болғандықтан лауазымды адамдарға арналған "Президенттік кешен" деп аталатын қонақ үйлерді де кездестіреміз.
Америка Құрама Штаттарының қонақ үй және мотелдер ассоциациясының ақпараттары бойынша, АҚШ-та 46 000 қонақ үй және мотел, жалпы бөлме сандары 3,3 млн . Жылдық табыс көлемі 65 млрд. долл. АҚШ- та басқа мемлекеттерде сияқты нақты өкімет органдары тарабынан бекітілген қонақ үйлердің классификациясы жоқ. Бірақ тәжірибе жүзінде қонақ үйлер түрлері көп. Америка автомобилдер ұйымы қонаүйлерді “брилиант”бірлігімен сипаттайды. Ал Mobile Travel Guide ұйымы болса қонақ үйлерді “жұлдыз” жүйелігімен сипаттауда. АҚШ Автомобилдер Қоғамына кіретін 24000 қонақ үй мынандай қызмет түрлерімен және категориялармен сипатталады:
Категориясы бір брилиант қонақ үй - негізгі жол торабы жағынан жай ғана көрініске ие жәнеде мұнда туристер үшін ең керекті шарттар қарастырылған.
Категориясы екі брилиант қонақ үй - сапасы орта дәрежедегі қызмет және жихаз түрімен әбзелденген. Қонақ үйдің сыртқы көрінісі аса көрнекті.
Категориясы үш брилиант қонақ үй - сапасы жағынан жоғарыда айтылған екі категорияға қарағанда, айтарлықтай көптеген мүмкіншіліктерге ие.
Категориясы төрт брилиант қонақ үй- келген қонақтардың сұранысынан бұрын оларға арнайы қызмет түрлері көрсетіледі. Негізгі жол торабынан күрделі көрініске ие.
Категориясы бес брилиант қонақ үй- келген қонақтарға максималды түрде қызмет көрсетіледі және бөлме ішіндегі жихаздар, қонақ үй сыртының көрінісі архитектуралық сапасы жағынан керемет.
Жоғарыдағы айтылған қонақ үй жұлдызды жүйесінде басқару «менеджмент» мәселесі елеулі орын алады.Менеджмент ағылшын сөзі,оның түп төркіні басқарудың және ұйымдастырушылықтың ғылыми, практикалық мәнін білдіреді. Басқаша айтқанда адамдармен қарым қаитынас жасау әәәдісі,үлгісі,билік және басқару өнері,экімшілік бөлігі болып табылады.Күнделікті түрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы адамдар қызметіне басшылық ғтумен шұғылданып,өз мақсатына жетуді білдіреді.Тіпті білікті басқару саласында менеджмент үғымы түрліше түсіндіріледі.Менеджмент басқару болса менеджер-басқарумен және экономикамен шұғылданатын адамдар. Менеджер қабылдап шешімін таба білу,менеджер міндетінің бірі кезкелген шешімді дер кезінде орындау. Қонақ үй, ресторан менеджменті туристік бизнесте ерекше орында. Қонақ үй жүйесінде менеджерлер тобы тікелей жұмыс атқаратын аадамдар тобы қалыптасқан. Олар үш топқа бөлінген. Біріншіден жеке қызметкерлер жұмысын реттейтін жетекші менеджерлер, олар басқа менеджерлер қызметіне араласпайды. Басқа менеджерлер жұмысын қадағалаушы, жоспарлау саясатына ықпал тигізеді және басты міндеттерді шешуде үлкен роль атқарады.Сонымен бірге қонақ үй басшыларына тікелей жауапты менеджерлер.Қонақ үй бизнесіндегі менеджерлер негізгі бес іс әрекеттерді жүзеге асыра алуға тиісті.
Біріншіден,ол қарамағындағыларға бағдар бере алатын,мақсат қоя білетін оның орындалуын талап ететін тұлға.
Екіншіден,менеджер-мақсатты орындау бағытында сараптама жүргізе отырып дұрыс шешім қабылдау,проблема мәселесін топтастыру,шешуде қызметкерлерді тарта білу.
Үшіншіден қонақ үй ұжымын тығыз қатынаста болу жұмысты игере, ұйымдастыра білу.
Төртіншіден, қонақ үй қызметкерлерінің әрқайсысының жұмысын бағалау,марапаттау,менеджерлердің функциясына жатады.
Бесіншіден, адамдарды кәсіби шындалуына өсіп жетілуіне назар аудара отырып, өзінің жетілуіне көңіл бөлу.
Басқару әдістері-бұл мақсатқа жетуге арналған басқарылып отырған объектіге әсер ету және қабылдау жиынтығы.Практикада басқарудың қонақ үй қәсіпорындарымен қатар көптеген әдістер және олардың ұйлесімділігі қолданылады.Оларға жататындар; Экономикалық,Ұйымдастыру-әкімшілік.,
элеуметтік-психологиялық. Басқару стилі менеджерлердің қонақ үй және мейрамханалар жұмысын жүйелі түрде басқару болып табылады. Басқару стилі мен әдістері бар. Жетекшілік стилді таңдау көбіне менеджердің өз алдына қандай тапсырма қоятындығында. Ол басқару және бағыттауға байланысты.

Қонақ үйлерде негізгі қызмет көрсету түрлеріне-әкімшілік басқару қызметі. Бұл еңжоғарғы деңгей болады. Одан кейінгілері-қабылдау және орналастыру қызметі, номірлік қор қызметі, қоғамдық тамақтандыру қызметі, комерциялық, инженерлік техникалық, қосымша және көмекші қызмет болып жіктеледі. 2 кестеде көрсетілгендей қонақүй шаруашылығы туристік фирма құрылымына қарағанда өте күрделі екендігін байқаймыз.Оның себебі қонақ үй шаруашылығы инфрақұрылымының күрделі және алуан түрлілігінде.
Тамақтану қызмет орны мейрамхана, кафе, бар, банкет үйымдастыру.Бұл жерлерде менеджерлерден басқа асхана қызметкерлері,даяшылар,зал администраторлары жұмыс істеу қажет. Комерциялық қызмет тобына жоспарлау мәселелері мен қонақ үй сүранысы сараптан отуі жүзеге асырылуы үлкен мәселе. Комерциялық қызмет тобына-директор, маркетинг және жарнама қызметкерлері кіреді. Қаржы қызметі қонақ үйді қаржы және шаруашылық іс әрекетін реттеп қадағалап қаржыландырып отырады.
Инженерлік қызмет орталығының негізгі міндеті; электр, санитарлық техникалық жүйені қамтып қадағалау,жөндеу қүрылыс жұмыстарын ұйымдастыру, байланыс телекоммуникация жұмысының дұрыс болуын,желдеткіш салқындатқыш қондырғыларының дұрыс жүмыс істеуін қадағалау. Көмекші қызмет тобына-тұрмыстық қажет жүмыстарын реттейтін қонақ үй кешені бөлімі жатады. Оған кір жуу, химиялық тазарту, аяқ киім жөндеу т.б жатқызамыз. Қосымша қызмет көрсету саласына бизнес-орталық, спорттық шынықтыру алаңдары мен залдары, шаштараз, сән салондары, магазиндер кіреді. Қызмет тұрлерінің ортақ моделін таппадық. Олардың түрі әртүрлі қонақ үй статусына оның иесіне тікелей қатысты. Қонақ үй бизнесіндегі басқару жүйесі, нарық жағдайына икемделген, қарапайым, қызмет алушыларға жағымды болуы шарт. Оған төмендегілер сәйкес болуы тиісті.
1. Басқару органдарының көп болмауы;
2. Қызмет бөлімдеруі ықшам,маман болуы;
3. Тұтынушы сүранысына сай болуы.

Қонақ үй туралы демалушылардың алғашқы пікірі, қабылдау және орналастыру кезінде қалыптасады.
Қонақ үй қызметін тұтынушылармен жүмыс іс әрекеті бірнеше кезеңнен түрады:
1. Алдынала орынға сұраныс беру (брондау)
2. Қонақтарды қабылдау, тіркеу орналастыру
3. Қонақжайлық және тамақтану қызметін ұйымдастыру, өткізу
4. Тұрғындарға қосымша қызмет көрсету
5. Есеп айыру, шығарып салу.
Осы айтылғандар кешенді түрде ұйымдастырылса тұтынушы тарапынан айтылатын кемшіліктер болмаған жағдайда қызмет көрсету дәрежесінің жоғарғы болғандығын көрсетеді. Тұрақты тұтынушы, қонак үй имиджін көтеру, жарнама ісінің дұрыс үйымдастырылғандығын байқаймыз. Алдын ала орынға сұраныс берумен, тұтынушыны орналастыру қабылдаумен кезекші администратор, портье, есеп айырысу кассирі, төлқүжат тіркеулер айналысады. Қабылдау және орналастыру қызметі көпшілік қонақ үйлерде ағылшынша "Reception" деп аталады. Қабылдау және орналастыру кызметкерлерінің жұмысы кәсіби стандартқа, талапака сай орындалуға тиісті.
Администратордың басты міндеті тіркеу журналын тексере отырып сұраныс ақпаратын сұрыптау, басқа қызметкерлер жұмысын кадағалау. Қонак үйдің нөмірлік қорының санын және оның конақтармен қоныстану деңгейінің есебін біліп отыруы кажет. Есеп айырысу кезінде ұқыпты тиянақтылықты талап етуі.
Портье қызметі - бөлме кілттерін конақтардың қолдарына тіркеу, карточкасын көрсеткен жағдайда беру. Міндетіне жауап береді. Сонымен бірг қосымша кызмет, ақпарат анықгама бере алуға тиісті.
Есептеу операторы уақытылы есеп айырысуды бақылай отырып, бухгалтерлік есеп беру жүмысынмен айналысады.
Төлқұжат тіркеу столы - төлкұжат мәліметтерін тексерумен қатар, тіркеу карточкасына енгізу отырып, виза уақытын қадагалауға міндетті.
Қонақ үйдегі брондау өтінішті жазбаша түрде беру арқылы, телефон аркылы және соңғы жылдардағы кеңтаралған компьютерлік әдіспен (WEB-сайт жүйесі).
Қонақтарды тіркеу және орналастыруда, жеке конактарды, туристік топтарды және шетел азаматтарын қабылдаудың әртүрлі тәртібі жолдары бар. Негізгі мақсат қонақтың бабын табу, сұранысын толық канағаттандыра алу.
Шетелдік қонақтарды қабылдау барысында ВИЗА мәселесіне басты назар аударуымыз керек. Визалық рүқсат төлкұжатта немесе туристік топтарға жекеленген кұжат ретінде беріледі.
Олар: жеке, топтық, бір рет пайдалануға, бірнеше рет пайдалануға, студентгік, кіру, шыгу, транзитгік болып белінеді.
Бұлардан басқа (дипломаттык) елшілік, кызмет бабындағы, жай, туристік болыпта келеді. Келген қонакгар үш тәулік ішінде өз төлкұжатын тіркеуден өткізу керек. Төлқұжатты тіркеу барлык қонақ үйлерде кездесе бермеуіне байлаиысты, жергілікті ішкі істер бөлімінде тіркеуге алынады. Қонақ үйлерде тіркеу жүргізу үшін ол мекеменің арнайы лицензиясы болуы керек. Әлемдік қонақ үй шаруашылығының категориялық жұлдыздық құрлымы дүние жүзілік мемлекеттерде мынандай жүйелікті құрайды.
Мальта мемлекеті қонақ үйлері бесжұлдызды классификациялық жүйе жаңа ұлттык құрылымды ендірген кезде сақтала отырып оларды үш категорияға бөледі:
1 категория "Алтын "
2 категория "Күміс "
3 категория "Қола "
Мексикада бесжұлдызды классификациялық жүйелік Европаға ұқсас. Кластың деңгейі бірнеше критерии негізінде ерекшелінген. Олардың саны 52-108 дейін. Сонымен қатар бесжұлдыздан да жоғарғы категория "Гранд туристо".
Біріккен Араб эмираттары қонақ үйлері бес жұлдызды классификацияға жатады. Сонымен қатар жекеленген вилла, аппартаменттер өте көп кездеседі. Оған себеп климаттық т.б. жағдайлар. Қала шетінде категориясыз жататын орынды қонақ үйлер кездеседі. Онда негізінен өндіріс жұмысшылары, кызметкерлері тұрады.
Ресей Федерациясында бесжұлдызды қонақ үйлер 1995 жылдан бастап пайда болды. Ресейдің ұлттык қонақ үйлер ассоциациясына қабылдануымен тікелей байланысты. Қазірде Кеңестік кезеңнен қалған разрядтык қонақ үйлер әлі сакталган.
Франция қонақ үйлері жұлдызды жүйеде болуы тарихи аспектіге ие. Алғаш Француздар жұлдыз жүйелігіне көшкен. Сондықтан мұнда барлык қонақ үйлер толығымен жұлдыздық бірлік енгізілген.
Қонақ үй индустриясына — экономикалық іс әрекет ретінде адамдарға әртүрлі мерзімге сай қызмет керсететін орналастыру орындары кешендерінің тобын жаткызамыз.
Орналастыру орындарына қонақ үйлердің алуан түрі кіреді. Олардың өзі әртүрлі мазмүнға, сипатқа ие.
Орналастыру орындарының әртүрлі ерекшеліктеріне байланысты жіктеле отырып, орналаскан орны, қызмет көрсету дәрежесіне қарай, максаттылығына карай бөлінеді.
Негізгі орталық қонақ үйлер, биік ғимараттардан тұрады. Олар өте қымбат, орташа, экономикалык дәрежеге сай қызмет керсете алады.
Өте қымбат қонақ үйлер барлык қызмет көрсету түрімен қамтылған. Соған орай бағасы да жоғары. Фирмалық тамақтану, ойын сауық, спорт кешендері және кажет жағдайда жеке даяршы, секретарь, дәрігер, медбике, жеке компьютер, факс т.б. ақпараттык құралдар жүйесімен камтамасыз ететін қонақ үйлер тобы.
Курортты қонақ үйлерге — емдік сауықтыру аймағында (таулы өлке, теңіз жағалауы, минералды бұлақтар) орналасқан қонақ үйлер кіреді. Бұл қонақ үйлердің өсуі, теміржол транспортының өсуімен тығыз байланысты. Тұлғалар бос уақытын экзотикалық жерлерде өткізуге тырысты. XIX ғасыр аяғына таман курортты орындарда мұндай қонақ үй құрлысы басталды. Мысалы: курортты қонақ үйлерге жататын Greenbrier, Hotel de Coronado, Banff Springs (АҚШ). Осы уақыттарда, табиғаттың керемет көркімен қоршалған тау маңындағы қонақ үйлер көптеген инвесторларды қызықтырды. Сонымен қатар табиғаттан ләзат алу үшін мұхит маңындағы немесе тау маңындағы орындарға сұраныс туды. Өз кезегінде автомобиль жол торбтарының дамуы курортты орындардың өсуіне үлкен ықпал тигізді. Европа, Кариб маңы бассейні, Мексика маңында демалушылардың саны артты. Уақыт өте халықтың демалу принциптері өзгере бастады. Ұлттық бір айлық демалыстан көрі, демалушылар мезгіл – мезгілімен 6 – 7 күнге өздерінің демалыс уақыттарын бөле бастады.Күнделікті курортты жерлердегі қонақ үйлердің ашылуына қарамастан, ескі курортты орындарға үлкен жастағы туристер баруда. Ал жас демалушылар тобы қазіргі заман талабына сәйкес курортты орындарды таңдауда. Мұндай қона үйлерде әр – түрлі шарттар, бағдарламалар қарастырылған. Мысалы: кейбір курортты қонақ үйлерде кішкентай баламен шомылатын орындарға баруға болмайды. Адам баласының мінез құлқының әр-түрлігіне байланысты, туристердің барлық сұраныстарын қанағаттандыру үшін еңбек етеді. Қызмет көрсету дәрежесі емдеуші мен туристерге қолайлы жағдайға ие. Бұл қонақ үйлерге тән нәрсе емхана, сауықтыру орталықтары, спорт кешендері және экскурсиялық қызмтке көрсету жолға қойылған.
Әуежайда орналасқан қонақ үйлер 200-600 орынға есептелген, толык сервистік қызмет көрсете алатын жататын орындар. Мақсаты - іскер адамдардың кездесуіне, келіссөз жүргізуіне жиын т.б. еткізуге қолайлы жағдайлар туғызған.
.

«Риджент Алматы» қонақ үйінің SWOT-талдауын өткізейік (7 – сурет):
МҮМКІНДІКТЕР
1. Нарықтағы сұраныстың көбеюіне әкелетін іскер белсенділіктің өсуі, туристік ағынның көбеюі.
2. Компанияны ғаламдық резервілеу жүйесіне қосу ҚАУІП
1. Қоршаған ортаның ғаламдық өзгерістеріне байланысты іскер белсенділіктің азаюы
2. Нарыққа агрессивті ойыншы-ның шығып, оның жаңа қонақ үй салуы
КҮШТІ ЖАҚТАРЫ МҮМКІНДІКТЕР ҚАУІП
1. Барлық үш қонақ үйдің өте оңтайлы орналасуы
2. Қонақ үйдің бөлме қоры, мұндай дәрежәлі қонақ үйлерге қойылатын халықаралық талаптарға жауап береді
3. Алматы қаласындағы кірме туризмін қамтамасыз ететін туроператорлармен тұрақты байланыс.
4. Қайта құру жұмыстарына қажетті болатын жеткілікті қаржылық ресурстарының болуы.
5. Қонақ үйлердің кең танымалдығы.
6. Мекеменің жоғары менеджментінің үлкен тәжірибелі болуы.
7. Құрама экскурсиялық қызметті ұсына алу. 1. Басқа қонақ үйлерді (сатып алу менеджменті), оның ішінде жағалаудағыларды да жалға беру арқылы жүйені кеңейту.
2. Қонақ үйлердің біреуінің нарық сегментін толық ауыстыруының мүмкіндігі. 1. Ғаламдық жүйе өкілдерімен қарым-қатынас түрлері(жалға беру) жөнінде келіссөз өткізу.
2. Қала ортасында жаңа қонақ үйлерді салудағы бастапқы бөгеулерді көбейту мақсатымен әкімшілік пен баспасөзге ықпал ету.

7 – суреттің жалғасы
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ
1. Жеке ойын-сауық мекемелері мен тамақтандыру жүйесінің болмауы
2. Қонақ үйдің жалпы көлемінің бөлме қоры көлемімен арақатысының қанағаттанарлықсыздығы, осының салдарынан бөлме қорының 1 кв.м. көлеміне жұмсалатын тұрақты шығындардың жоғары деңгейі қалыптасады.
3. «Кездесу үйі» атағы.
4. Басқарудың икемсіз ұйымдастырылуы, басқарудың жедел еместігі, тұрақты клиенттермен жұмыс жасай алмау.
5. Қызметкерлердің тұрақсыздығы, дипломдалған мамандардың жетіспеуі. 1. Жалға беру уақыты өткеннен кейін жеке кафе, мейрамхана жүйесін құру
2. Қонақ үйдің тұрғын емес көлемдеріндегі жалға беру ақысын ұлғайту.
3. Атақты өзгертуге жұмсалатын қаржының болуы.
4. Басқарудың ішкі реформаларын өткізу мүмкіндігі 1. «Көне», «кеңес» қонақ үйінің жағымсыз бедел-бейнесі.
2. Тұтынушылар талғамының өзгерулеріне жедел бейімделе алатын бәсекелестер жағынан бәсекелестіктің күшейтілуі.
7 сурет – «Анкара» қонақ үйінің SWOT талдауы

SWOT – талдаудан 7 – суретте көрініп отырғандай, компанияның ішкі жөндеу мен қайта құру жұмыстарын, сонымен қатар ішкі басқарудың реформаларын өткізуге мүмкіндік беретін, тұрақты қаржылық ресурстары бар. Бірақ, жоғары менеджменттің икемсіз ұйымдастырылуы қонақ үйге тұтынушылар талғамының үнемі өзгеріп отыруларына жедел бейімделуге мүмкіндік бермейді, ал болашақта бұл жағымсыз нәтижелерге әкеліп соғары сөзсіз. Бұл жағдайда тұтынушы талғамдарын анықтау мен қонақ үй қызмет сапасын талдауға бағытталған зерттеулерді жүргізу өзекті болып келеді.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару | Добавил: Admin
Просмотров: 6831 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.7/3

Это может Вас заинтересовать:
Отбасы түрлері
Қошке Кемеңгерұлы
Мұстафин Ғабиден
Қазанғап күйші
Саз әлемінің сардары - Ахмет Жұбанов
Діни экстремизм мен терроризм
Бұқаралық ақпарат құралдары
Рысқұлов Тұрар
Жыр cұлтаны Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы сөз
Италия Республикасының Конституциялық құқығы
Германия
Қазақстан Республикасы, туризм, туристік нысандар
Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы
Бәсентиін Малайсары батыр
Шопеннің фортепианолық шығармашылығы