Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару

Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті
Загрузка...
Қай тауардың болмасын бәсекелік қабілеті оның тұтынушы қызығушылығына ие және осы сұранысты қанағаттандыратын көрсеткіштерінің жиындығымен анықталады, ал белгіленген шектен шығатын басқа көрсеткіштер бағалауда есепке алынбауы тиіс, яғни өндірушіге әсер ететін көрсеткіштерге тұтынушы мен бере қоймайды. Осылайша тұтынушыны өнімнің жобаланып, өндіріліп, тасымалданып, нарыққа түсуіне дейінгі жағдайлар қызықтырмайды, ал қызығушылық тудыратыны, өнімнің тұтынушылық құрамы. Мысалға, егер басқа барлық сипаттамаларды сақтай отырып, өндірушінің өндірістегі материал сиымдылықты, еңбек сиымдылықты төмендетуіне қол жеткізсе, онда бұл өнімнің сапасы міндетті түрде жоғарылайды, бірақ тұтынушы қызығушылығы, өндірістің шығындарды және материалдық шығындарды төмендету мен байланысты өнім бағасы төмендемесе еш өзгеріссіз болады. Бәсекелік қабілетті бағалауда талданып отырған және бәсекелес өнімнің параметрлерін сатып алушының талаптарының деңгейімен салыстырып, алынған көрсеткіштерді салыстыру керек.
Сапа тұрғысынан алғанда қолдану саласында ғана емес сондай-ақ конструктивті және технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тек бір текті өнімдерді салыстыруға болады.
Ал бәсекелестік тұрғысынан алғанда, есепті ретінде нақты бір сұранысты қанағаттандыру алынатындықтан, элементтік базасына, атқаратын функциясына, дайындалу технологиясына байланысты әртекті бірақ, сол бір сұранысты түрлі жолдармен қанағаттандыратын өнімдерді салыстыруға болады.
Заңи күші бар нормативтік құжаттарға сәйкес орындалған сапа талдауы өнімге бәсеке қабілетті баға деңгейін бермейді. Бұл өнімді өткізу кезінде анықталады, яғни сатып алушы әрекетіне тәуелді.
Сатып алушы әрекетінің үлгісі сатып алушы әрекетінің кей функцияларымен – Z, сатып алушы қалауымен (қай жағдайда рационалды емес) – D, сыртқы ортаның көптеген факторларымен – X, сатып алушының мінез-құлқымен – Y, анықталмаған фактор мәнімен – Q, түсіндіріледі:
z = f (D,X,Y,Q)
Тұтынушы үшін сапа міндетті сипаттама болғанымен, белгілі бір өнімді сатып алу шешімін қабылдау үшін жеткіліксіз. Басқаша айтқанда бәсекелік қабілет тек тауардың үздік сипаттамаларымен ғана емес, ал клиенттің сатып алуына бағытталған тартымдылығымен де сипатталады. Атап өтетін жәйт, тауардың ерекшеліктерінің жиынтығымен анықталатын сапасы мен бәсекелік қабілеті әр саладакөрініс табуы мүмкін. Тауар сапасы – жобалау және өндірілу аясында қалыптастырылып, оны қолдану үрдісінде, яғни тұтыну аясында байқалады. Өнімнің бәсекелік қабілеті оны сату нәтижесінде анықталады, немесе ұсыныс аясында.
Өнімнің сапасы өзгермеген жағдайда да оның бәсекелік қабілеті кәсіпорынның бәсекелестік ортасымен анықталатын түрлі факторларға әсер етіп, өзгеріп отырады.
Өнімнің бәсекелік қабілеттілігі дегеніміз – тауардың барлық нарық шарттарына сәйкес келе отырып, өндіруші мен тұтынушының мүдделері сақталатын, тауар мінездемесінің тұтынушы талаптарына толық сәйкес келуі. Яғни, тауар тек қана техникалық, эстетикалық, эргономикалық және тағы басқа қасиеттерге ие бола қоймай, оның сатылуына да ( баға, сервис, фирма престижі, жеткізілу мерзімі) жауап беру керек. Өнімнің бәсекелік қабілеті бірнеше маңызды қасиеттерге ие: бәсекелік қабілет –салыстырмалы шама, яғни ол ұқсас өнімдермен теңестіру арқылы анықталады; ол динамикалық шама, яғни уақытқа байланысты өзгереді, тауардың өмірлік циклына және басқа да жағдайларға тәуелді; әрбір тұтынушының жеке талғамы әрбір өнімнің бәсекелік қабілетіне өздігінше әсер етеді. Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілеті құбылмалы сипатқа ие; бәсекелік қабілет нақты, яғни ол өнімнің белгілі бір түріне, нарыққа, ҒТП даму деңгейіне, қоғамдық еңбек жүйесіне және т.с.с. байланысты; бәсекелік қабілетке әсер етуге болады, ол оның құндылығын арттыру үшін маңызды.
Сондықтан өнімнің бәсекелік қабілетін талдау мен бағалау мәселесі осы екі ағымға сәйкес теориялық және қойылма аппаратты қолдану негізінде шешіліп, келесі мәселелердің шешімдерін қарастырулары керек:
- өнімді нақты сатып алушылардың талаптары мен сұраныстарын зерттеу;
- өнімді өткізу жағдайы, фирмалар және бәсекелес тауарлар жайлы мәлімет жинау мақсатымен нарық мониторингін ұйымдастыру;
- өнім сапасы көрсеткіштерінің өндірушіге де тұтынушыға да қолданыста біркелкі жүйесін жасау;
- зерттеліп отырған мәселенің жалпылама үлгісін құрастыру, соның ішінде бәсекелік қабілетке әсер ететін және олардың байланыстарын анықтайтын көптеген факторлардың құрылуы;
- өнімнің бәсекелік қабілетін мөлшерлік бағалауда жалпы әдістердің қалыптасуы, осы мәселеге қатысты жекелеген әдістерді, алгоритмдер мен шешімдер үрдісін дайындау;
- жалпы өнімнің бәсекелік қабілетінің және оны анықтаушы факторлардың дамуын талдау;
- нарықтық қажетті бөлігін немесе тапсырылған табыс көлемін беретін өнімнің бәсекелік қабілетін деңгейін анықтау;
Осы мәселелер шешімдерін ауыл шаруашылығы өндірісіне ендіру, ауыл шаруашылық саласына негізделген моделдерін құру бұл салада өндірілетін өнімдердің бәсекелік қабілетін көтерудің негізін қалаушы факторы болып табылады.
Біз ашық нарықтық экономика құрудамыз, сондықтан бәсекелік қабілетін мәселелері шешілмей экономикалық дамуда оң нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес.
Өнімнің бәсекелестер шығаратын дәл осы өнімінен айырмашылығы:
• Жаңадан сойылған етті пайдалану кеңінен тоңазыту, одан кейін еріту процесіне, яғни ет сапасының жоғалуына жүгінбеуге мүмкіндік береді;
• Өндірудің жеделдетілетін әдістерінен ерекше –оны қалыптастыру кезінен бастап өндіру жоғары шыдамдылық пен еттің табиғи жетілуін қарастыратын өндірістің дәстүрлі технологиясна бейімделген. Бұл технология жоғары температурада жылулық өндеуді болдырмайды да, соның есебінен шикізаттың пайдалы қасиеттерін сақтап қалуға жол ашады;
• Қоспалар мен дәмдеуіштерді дайындаудың дәстүрлі әдістемесін сақтаумен қатар Шваб шұжықтары ЖШС-нің өнімдерінде өзіндік құнды 15% -ға дейін азайтуға, дайын өнімнің шығарылуын 30%-ға өсіруге мүмкіндік беретін, өнімге құнды физиологиялық және технологиялық қасиеттер беретін Шаллер фирмасының қоспалары мен дәмдеуіштері пайдаланылады;
• Өндірісте қайнатылып пісірілген шұжықтарға арналған жоғары сапалы орамаларды шығаратын Атлантис –Пак фирмасының өнімі де өз қолданысын тапты;
• Қайнатылып пісірілген, қайнатылып-сүрленген шұжықтардың 50-ден астам түрін, сонымен қоса дәмді ет өнімдерінің 15 түрін өндірудің тәжірибеленген технологиясы өнімді тұтынушылар сұранысына және сауданың апталық тапсырыстарына байланысты әр түрлі ассортиментте шығарылуына мүмкіндік береді;
• Өндірістегі қалыптасқан дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесуі сатып алушыларға қолайлы бағада сатылатын өнімнің дәмдік қасиеттерін жоғарлатуды қамтамасыз етеді.
Шваб шұжықтары ЖШС басшылығының назары өнімді жергілікті газеттерге, радиода және теледидарда үнемі жарнамалап отыруға аударылады. Сатып алушыға әсер етудің тағы бір түрі ретінде жарнама тақталары, ет комбинатының өнімдері жайлы көп түсті буклеттер мен газет беттеріндегі мақалалары шығып отыр.
Барлық өнім Шваб шұжықтары деген логотипін, өндірушіні, өнімнің атауын, сұрыбын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар тауардың сыртқы түрін келбетті ететін орамамен қапталады.
Жобаны жүзеге асыру жоспары. Қарастырылып отырған жобаны жүзеге асыраудан кейін өндіріс көлемі 2006 жылы айына 75 тонннаға дейін өседі деп болжаланған. Жоба бойынша негізгі өндіріс өсімі отандық өнеркәсіп нарығында әлі көрініс алмаған және тұрғындардың жоғары сұранысына ие болған сосиска өндірісін меңгерудің есебінен жүзеге асуы қарастырылған. Аталмыш жобамен қарастырылған комбинаттың өндірістік даму бағдарламасының негізгі бағыты – көлемдерді өсіру, шұжық пен деликатестер сапасын жақсарту, өнімді қаптау.
Өнімді Семей, Өскемен, Қарағанды, Алматы қалаларында орналасқан филиалды желілері және жеке кәсіпкер-таратушылар арқылы азық-түлік тауарларын сататын ұйымдарға көп мөлшерде өткізеді. Алматыда, сонымен қоса, өзінің арнайы дүкендері арқылы бөлшектей сатады. Тек қана шұжық өнімдерін сататын арнайы маманданған дүкендерді құру экономикалық тиімсіздікті көрсетті. Сондықтан, кейін тек көптеп сату жолы ғана қарастырылады. Көптеп сату кезіндегі бағалар бөлшек саудаға қарағанда 10%-ға арзан, сәйкесінше тарату көлемі де азырақ болады. Өнімді аптасына екі рет Алка моделіндегі рефрижераторлы автокөліктермен жеткізеді.
Өнім нарығын талдау. Шваб шұжықтары ЖШС өнімінің негізгі тұтынушылары болып Семей, Алматы, Өскемен қалаларының және ауылдық жерлерінің тұрғындары саналады. 2001 жылдың тамызында Шығыс-Қазақстан, Павлодар және бұрынғы Семей облыстарында ресейлік коммуникациялар институты жүргізген маркетингтік зерттеулер нәтижелері шұжық өнімдерінің тұтынуы мен нарық мүмкіндіктері жайлы жеке-жеке талдау береді. Сөйтіп, әрбір облыста ет комбинаттарының қызмет етуі жағдайында Семейде күнделікті шұжық өнімдерін сатып алатын адамдар үлесі Павлодар облысында1,5 есе, ал Өскеменнен екі есе артық екені анықталды. Сатып алушылар арасында 36-45 жас аралығындағы тұрғындардың үлесі жоғары. Сатып алушылардың көпшілігі (77,8%) отандық өндірушілер өніміне көп қызығушылық танытады. Зерттеулер көрсеткендей, Ұржар ет комбинатының өнімі үш облыстың 14,3% тұрғындарының көңілінен шыққан. Семейде оған сұралғандардың 37,4%-ы дауыс берді. Өткен жылы нарықтағы жағдай айтарлықтай өзгерді. Өндіріс көлемін екі еседен аса көтерген Шваб шұжықтары ЖШС Ленингор комбинатының аса жоғары өнімін ығыстырып , Семей қаласы нарығының 45%-ын және Өскемен қаласы нарығының 30%-ын ұстап тұр.
Бәсекелес фирмаларды талдау. Ұржар ет комбинаты өнімдерінің Семей және Өскемен қалаларындағы негізгі бәсекелестері Риддер қаласының ет комбинаты (Шем-Азат АҚ) мен Павлодарлық Рубикон ЖШС; Алматыда Беккер и К ЖШС, Қарағандыда Тұлпар, Бекон фирмалары болып отыр. Сонымен қатар, Өскеменде ет комбинаты (Шығыс ет АҚ), Қарағандыда Грин фирмасының шағын цехі, Семей қаласындағы Руц ЖШС-нің ет комбинаты, Алматыдағы шұжық цехтары мен 40 тарта ұсақ өндірушілер бәсекелес болып отыр.
Маркетингтік қызмет жүргізген Шваб шұжықтары ЖШС бәсекелестері өнімінің бағасы мен сапасын салыстырулары мынаны көрсетті :
• Өскемен ет комбинатының (Шығыс ет АҚ) шұжықтары сатып алушыға 1996 жылдан бері таныс. Нарықта тек сапасының төмендігіне байланысты (негізінен 1 және 2 сұрыптар) 15%-ға кем бағасы үшін ғана қалып отыр. Ассортименті тар болып табылады.
• 1997 жылдан бастап нарықта соңғы үлгідегі құрылғыларды өндірілген, жоғары сапалы, көптеп сату бағасы төмен болып келетін Павлодарлық Рубикон ЖШС-нің шұжықтары пайда болды. Алайда, цехтің әлсіз қуаттары мен таратудың шағын көлемдері сезінерлік бәсеке тудырмайды.
• Шем-Азат АҚ-ның Риддер ет комбинаты өндіретін қайнатылған шұжықтары табиғи орамаларға байланысты жоғары дәм сапасына ие болып, нарықты 1994 жылдың өзінде-ақ жаулап алды. Оның барлық өнім түрлері бойынша бағасы Ұржар ет комбинатымен салыстырғанда 10%-ға жоғары және сату уақыты шұжықтар бойынша 72 сағатты, ал сардельки бойынша бар жоғы 48 сағатты құрайды.
• Семейлік Руц ЖШС-нің негізгі өнім түрі болып ет консервілері саналады. Оған қосымша шығарылатын қымбат шұжықтар бәсеке тудырмайды.
• Оңтүстік астана нарығында басымдылық жағдайға ие болған Алматылық Беккер и К ЖШС жоғары сапалы шұжықтар өндіреді. Оған қоса, сатып алу талғамы бүгінгі күннің өзінде де 45 тоннаға дейін өнім өндіруге мүмкіндік беріп отыр.
Қазақстан экономикасының дамуына кедергі болатын мәселелердің бірі, оның көптеген өнімдерді шикізат ретінде өндіруді себеп болғаны белгілі. Өңдеуші, өндіруші салалардың жете дамымауы ел экономикасына кері әсерін тигізеді.
Қазіргі нарықтық экономика өндіріліп жатқан өнімге өзгеше талаптар қойып отыр. Бұл қазіргі әлемде кез-келген фирманың әрі қарай дамуы мен қызмет етуі, тауарлар мен қызметтер нарығындағы тұрақты жағдайы оның бәсекеге қабілетті өнім өндіру деңгейімен анықталатындығына байланысты.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып дамуы шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмін кеңінен енгізу, әлемдік нарықтық жүйеге ену барысында республика экономикасының бәсекеге қабілетті болуының тетіктерін жеделдетудің маңызы зор екенін белгілі. Сондықтан ұлттық экономика саласында өндірілетін өнімнің бәсекелік қабілеттілігін арттыру қажет.
Осы орайда өндіріс технологиясын жетілдіру және түпкілікті тұтанатын адам қажеттілігінің дамуы әсерінен сапалы өнім өндірудің маңызы ерекше. Мәдениет пен білім деңгейінің өсуі күнен-күнге тұтынушылардың талабы мен қалауын өсіріп отыр. Осыған байланысты, өнім сапасы мәселесі тауар өндірушілер алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік мәселелердің негізі болып отыр.
Тауарлардың бәсекелік қабілеті – нарықтық қатынастарға қатысушылардың нарықтағы коммерциялық табысының шешуші факторы. Тауарлардың бәсекелік қабілеті оның нарықтағы салыстырмалы қалпын анықтаушы, тұтыну және құндық қасиеттерінің жиынтығы ретінде анықталатындығы белгілі.
Өнімнің бәсекелік қабілеті келесі элементтерден тұрады:
1. Өнімнің бағалық бәсекелік қабілеті:
1.1. бағаның негізгі өнім өндірушілер арасында өзара салыстырылуы;
1.2. сұраныс пен ұсыныс қатынастарына байланыстыбағаны
дифференциялау жүйесінің жұмыс жасауы;
1.3. өнімді тұтынушыларды жеңілдіктер жүйесімен тартуы.
2. Өнімнің сапасы:
2.1. өнімнің техникалық- функционалдық қасиеттері;
2.2. қосымша пайдалылықтың болуы;
2.3. өнімнің танымалдылық деңгейі.
3. Өнім өткізу, жарнама және қызмет көрсету жүйелерінің бәсекелік қабілеті:
3.1. өнім өткізу жүйелерінің тұтынушыларға қолайлылығы;
3.2. жарнаманың тиімділігі;
3.3. қызмет көрсету жүйелерінің қолайлылығы мен сенімділігі.
Ғалымдану жағдайында өнім өндірушілер арасында олардың бәсекелік қабілетін одан әрі дамыту тұрғысынан іргелі проблемалар туындап отырғаны белгілі. Демек, Қазақстан үшін ең өзекті мәселе болып отандық өндірушілер қызметінің тиімділігін өсіруге сүйеніп, елдің бәсекелік қабілетін арттыру табылады.
Жалпы өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруға бірнеше факторлар әсер етеді. Оларды 2-ге бөлуге болады: сыртқы және ішкі.
Сыртқы факторларға мемлекет деңгейінде қабылданатын бағдарламалар мен заңдар жатады. Ең бірінші кезекте 2001 жылдың 27 қаңтарында қабылданған Қазақстан Республикасының "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" заңын айтуымыз керек.
Бұл заңның мақсаттары:
• Еркін бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту, тұтынушылардың мүдделерін қорғау және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
• Заң кәсіпкерлікті қолдау, монополистік қызметті болғызбау, шектеу, тыю және реттеу жөніндегі мемлекеттік реттеуді және құқықтық шараларын анықтайды.
Сонымен қатар, 1998 жылдың 11 маусымында қабылданған Қазақстан Республикасының "Теріс пиғылды бәсеке туралы " Заңы, 1999 жылдың 21 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының "Демпингке қарсы шаралар туралы" Заңы, "Сапа" бағдарламасы, "Жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларында импорт алмастырудың 2001-2003ж.ж. арналған бағдарламасы", "Сертификаттау туралы", "Стандарттау туралы", "Субсидиялар мен орын толтыру шаралар туралы " және т.б. заңдар.
Бәсекелік қабілет мемлекеттік қолдау емес, бәсекелестермен қатаң күресте жетілетіні баршамызға мәлім.
Өнімнің бәсекелік қабілетін басқару жүйесінде оны бағалаудың маңызы зор. Тауардың бәсекелік қабілетін зерттеу әдістемелерінің көптігіне қарамастан, олардың жаңару үрдісі жалғасуда.
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау оны пайдаланудың жолдары мен түрлеріне байланысты анықталады:
• Егер мақсат ұқсас тауарлар қатарындағы берілген тауардың орнын анықтау болса, онда маңызды параметрлер бойынша оларды тікелей салыстыру арқылы;
• Егер зерттеу мақсаты тауарды нақты бір нарықта өткізу перспективаларын бағалау болса, онда талдауда жуық арада нарыққа шығатын бұйымдар жайлы мәліметтерді қосатын стандарттар мен заңдылықтардың өзгерісі жайлы ақпарат пайдалануы керек.
Айта кететін жағдай, бәсекелік қабілет салыстырмалы шама болып табылатындығын ескерген жөн. Нарықтық жүйенің белгілі бір уақыт аралығында бәсекелі болған тауар келесі бір жағдайда қойылған талапқа сәйкес келмеуі мүмкін. Яғни, тауардың нарықта өткізілуінің нақты жағдайлары мен бәсекелестердің өнім өндіру барысындағы күрделі іс-әрекеттердің сапалы деңгейіне байланысты. Сондықтан өнімнің бәсекелік қабілетін бағалаудың жалпы ережелері төмендегідей болып келеді:
• тауарды өткізу нарығын таңдау және талдау,
• ұқсас тауарларды өндіретін және өткізетін бәсекелестерді зерделеу,
• салыстыру бағасы ретінде бәсекелік қабілеті жоғары ұқсас тауарларды негізге алу,
• бағалауға тиісті параметрлердің қажетті тобын анықтау,
• өнімдердің сәйкес топтары бойынша бірегей көрсеткіштер жиынын белгілеу,
• тауар топтары бойынша көрсеткіштерді талдау, анықтау және талдау әдістемелерін таңдау,
• кәсіпорын тауарларының бәсекелік қабілетінің интегралды көрсеткіштерін есептеу,
• тауар өңдеуге қатысты кәсіпорынның тауар саясатын әзірлеу.
Тауардың бәсекелік қабілетін бағалауда мына негізгі қағидаларға көңіл бөлген жөн:
• интегральділік қағидасы – бәсекелікке әсер ететін факторлары арасындағы байланыстарды нақтылауды және нығайтуды қамтамасыз етеді,
• кешенділік қағидасы – тауардың бәсекелік қабілетін құрастырушыларды және оған әсер етуші факторларды анықтауды ескереді,
• диалектілік қағидасы – факторлар жиынтығын даму үстінде қарастыруды ескереді.
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалаудың төмендегідей негізгі түрлерін атап айтуға болады:
1. Тестілік сату. Бұл бағалау әдісінің негізгі мақсаты –зерттеліп отырған тауарды сату орындарында тұтынушылардың оны қабылдауын байқау. Бұл әдіс өте сенімді ақпарат бере алады. Алайда бұл өте көп қаржы керек етеді, себебі кез – келген кәсіпорын сапасына сенімсіз өнім шығаруға бармайды.
2. Фокус – топтар:
• ақпаратқа толы әдіс,
• респонденттердің бағаланып отырған өнімге шынайы қатынасын анықтауға жол береді,
• өнімді дайындаудың кез-келген кезеңінде бағалау жүргізуге жол береді.
3. Хол – тестер (Hall – test). Оларды сапалы зерттеу нәтижелерін тексеру үшін.
Көп жағдайда тауардың бәсекелік қабілеті мәселесі пайда болған жағдайда оны маркетингтік зерттеу негізінде шешу кең таралған.
Тауардың бәсекелік қабілетін маркетигтік жолмен бағалау әдістемесі 4 кезеңнен тұрады:
1. Тауарға деген тұтынушылардың талаптарын анықтау,
2. Тұтынушылардың сұранысы негізінде тауардың күтілетін бәсекелік
қабілетін бағалау,
3. Фирманың бәсекелес фирмаларға қатысты маркетингтік қызметінің
бәсекелік қабілетін бағалау,
4. Тауардың нақты бәсекелік қабілеті жайлы қорытынды жасау және
оны арттыруға күш салу нүктелерін анықтау.
Бұл әдіс, сатып алушылардың осы кәсіпорын тауарларына деген қатынасын, сонымен қатар фирманың ішкі орталарының артықшылықтары мен кемшіліктерін, сыртқы ортасының мүмкіндіктерін пайдалану мен қатерлерін айналып өту тиімділігін ескеруге мүмкіндік береді.
Соңғы кезде көптеген ғалымдар мен тәжірибешілер фокус – топтау әдісіне қызығушылық танытуда. Бұл әдіс белгілі-бір тәртіппен ұйымдастырылып жүргізілетін терең топтық сұхбат. Осы әдістің пайдаланылуы бірқатар себептерге байланысты.Әлеуметтік сұрау нәтижесінде алынған мәліметтер тұтынушылардың белгілі-бір тауарға деген қатынасын көрсетеді. Ал тауарды өндірушілердің кемшіліктері мен олардың артықшылықтарын анықтау үшін тереңірек зерттеу жүргізу қажет. Ал осы фокус-топтар әдісі бұған зор мүмкіндік береді.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару | Добавил: Admin
Просмотров: 2332 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Менің Отаным - Қазақстан
Жүсіп Қыдыров
Италия Республикасының Конституциялық құқығы
Азаттық жырының ақтаңгері
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауі...
Шылым шегудің алдын алу
Неологизмдер
Халел Досмұхамедов
Құнанбайұлы Абай
Қазақстандағы камералық-аспаптың жанрдың қалыптасуы мен дамуы
Жасуша теориясы
Баймырзаұлы Балуан Шолақ
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу