Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару

Кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері
Загрузка...
Шваб шұжық кәсіпорны 1994 жылы құрылды. Бұл кезде Нұрсилинов А.К. және Рахымғалиев Ж.Н. деген екі кәсіпкер өз кәсіптерін біріктіріп, "Айгерім Сауда Үйі" АҚ- ын құрады. Олардың меншік иелену мен басқарудағы үлестері және құқықтары тең болды. Сол кезеңдегі қызметтерінің негізгі бағыты – жұмыс істеп тұрған дүкен мен ЖҚС-рының желісі арқылы жиһаздар мен мұнай өнімін өткізу болатын. Өз республикамыздағы және мемлекеттер арасындағы құлдырап кеткен орталықтандырылған қамсыздандыру жүйесі қызметтің жаңа түрін тудырады: Өзбекстанға, Ресейге және Қазақстанның мұнай-газ өндіру аймақтарына тауарлық етті даярлау және көптеп өткізу. Еттің ірі партияларын қайта өндіру, сою, жеткізу үшін 1995 жылы "Айгерім СҮ" АҚ Семей ет комбинатының филиалы болып табылатын Ұржар қасапқанасын сатып алып, 1000 тоннаға дейін ет сақтауға арналған тоңазытқыш орната отырып ішкі құрылымын өзгерту арқылы оны ет комбинатына айналдырады. Бұл мақсаттарда Аягөз ет комбинатының да акциясының біраз бөлігі сатып алынады, кәсіпорынның сауықтыру жұмыстары жүргізіліп, мал сою және ет өнімдерін қайта өндіру жұмыстары қалпына келтіріледі.
Обылыстағы шұжық өндіруші жалғыз өнеркәсіп орны- Семей қаласындағы ірі ет комбинатының тоқталуымен нарықтық бұл нишасы өнімді қарапайым әдіспен, арнайы жабдықталмаған жағдайларда өндіретін, тұтынушылар сұранысын саны жағынан да, сапасы жағынан да қанағаттандырмайтын ұсақ кәсіпкерлермен тола бастады. Кәсіпкерліктің болашағы соңғы өнімді өндіруде жатқанын сезінгеннен кейін қызметтің бұл бағыты келешекте басымдылыққа ие болды. 1996 жылы ғимараттарын жөндеуден өткізіп, бұрынғы ет комбинаттардың қолдануында болған құрал-жабдықтарды сатып алып, құрастырып және оларға мамандарды жұмылдырып, "Айгерім СҮ" Ақ шұжық өнімдерінің өндірісін толығымен игерді. Өндіріс шикізаты: шошқа және ірі-қара мал еті- халық пен шаруа қожалықтарынан сатып алу арқылы дайындалды, материалдар мен қоспалар Ресей мен Қазақстан кәсіпорындарынан сатып алынады.
Кейіннен цех Қазақстан мен Ресейде жасалған сүрлеу және қайнату камераларымен, толтыру машинасымен және басқа қажетті құрылғылармен толықтырылды. Өнім стандарттау комитетімен сертификатталған; тұтынушылар сұранысына ие болады. Шұжық өнімдерінің таратылуы мақсатында Семей, Өскемен және Алматы қалаларында бөлшек сауда және көптеп сату желілері құрылған. Өндіріс көлемі айына 50 тоннаға дейін жеткізілді. Пісірілген және жартылай сүрленген шұжықтың 50-ден астам түрі, деликатестік және ұлттық тағамдардың 15 түрі, сонымен бірге: мал майы, көже-сорпа қоспалары өндіріледі. Алайда мұнымен кәсіпорынның техникалық дамуы тоқтап қалды. Бірінші кезекте тауарлық ет өндіруге, ал содан кейін ғана шұжық өнімдерін өндіруге қалыптасқан комбинат техникалық жағынан қайта құрылымданбады. Физикалық ескірген және моральдық тозған құрал-жабдықтар өнімнің сапасы мен тауарлық түрінің жақсаруын қамтамасыз етуге, ассортиментті кеңейтуге, өнімділікті көтеруге қабілетсіз болып отыр. Фарыш өндіру мен батондарды толтырудың вакуумды технологисын пайдаланатын қазіргі заман машиналарының болмауы өнімнің сақтау уақыты мен тарату уақытын ұзартуға мүмкіндік бермей отыр.
Малды союдан кейін артылып қалған терілер фирманың жаңа бағытын- кейіннен жеке кәсіпорынға айналған тері және тон өнімдерін шығару өндірісі ашылды.
Кәсіпорынның төмендегідей өндіріс қуаттары бар:
1. Негізгі өндірісатік цехтар:
• Мал сою және етті бөлшектеу цехі;
• Жіліктеу цехі;
• Шұжық цехі;
• Тері кептіру цехі;
• Ет тоңазытқышы;
• Дайын өнім тоңазытқышы;
• Малды союға дейін ұстау орны;
• Сапаны бақылау зертханасы.
2.Қосалқы цехтар мен өндірістік қызметтер:
• Механикалық цех;
• Гараж;
• Әкімшілік-тұрмыстық корпус.
3. Өндірістік емес бөлімшелер:
• Асхана.
Өндіріс келген шикізат пен дайын өнім сапасын бақылау зертханасымен жабдықталған. Арнайы құрылған бөлімше шикізат пен материалдарды, дайын өнімді сынықтан өткізіп, технологиялық процесс нормаларының сақталуын бақылайды.
Қолда бар өндіріс қуаттары бір ауысымды 5 тоннаға дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді.Алайда, сауда тапсырыстарына бейімделген өндіріс өндіріліп жүрген тауар ассортименті мен сапасының орташа айлық 70 тоннасын ғана шығаруға мүмкіндік ашты.
Шұжық цехіне сиыр, жылқы және шошқа еті сою цехінен жартылай бөлінген күйде немесе тоңазытқыштан суытылып, ерітілген күйде әкелінеді. Мал етін тазартып, семіздігіне байланысты сорттап, өлшейді.
Бөлшектеу – мал еті арнайы бөлшектеу консерінде пышақпен бөлшектенеді. Мал етінің сүрленген өнім өндіруге арналған сан етін, төсін және төс етін бөліп алады, қалған бөліктері жіліктеуге кетеді.
Жіліктеу – мақсаты- етті сүйектен ажырату. Сүйектердің жекелеген түрлері (омыртқа) алынбаған етімен сорпа жиынын, қуырдақ, сүрленген шошқа сүйектерін өндіруге және одан арғы таратылуға бағытталады.
Сұрыптау және сіңірінен айыру – оның мақсаты –сіңірлерді, ірі пленкаларды, шеміршектерді, қан тамырларын және ұсақ сүйектерін бөліп алу. Бұл жұмыстар жалпақ және ұзын дүзі бар арнайы пышақ арқылы қолмен жүргізіледі. Етті қоспалық тамырлары мен майлылығына байланысты сұрыптайды.
Етті тұздау – тұздалуға кететін ет және өнімдері шұжық өнімінің түріне байланысты ұсақталады. Етті инъектер арқылы тұздайды. Сүрленгген қатты шұжықтар мен деликатестер үшін етті 400-600 грамм бөліктермен тұздайды. Тұздау уақыты мен тұз мөлшері –ережелерге сәйкес әр өнім түріне байланысты әр түрлі.
Фарш дайындау – тұздау жұмыстары аяқталғаннан соң, етті екінші қайта куттерде ұсақтайды. Бір еттарту машинасына 10кг ет сияды, тарту жылдамдығы 380 порция/мин.
Термиялық өндеу – шұжық өнімдерін термиялық өндеу жұмысы тұндыру, сүрлеу (өнім түріне байланысты қуыру, қайнату, ыстық және суық сүрлеу), суыту және кептіруден тұрады. Толтырғыштар мен жасанды орамаларды қосу кезінде қайнатылған шұжық, сардельки және сосискаларды тұндырудың қажеті жоқ.
Сүрлеу – температураға байланысты сүрлеудің үш түрін ажыратады:
Қақтау-70-120 С температурада 30-150 мин аралығында қысқа уақыттық сүрлеу (қайнатуға дейін). Ыстық сүрлеу-35-50С температурада 12-48 сағат сүрлеу. Суық сүрлеу-18-22С температурада 2-5 тәулік сүрлеу.
Түтінің әсерінен ылғалдың 10-20%-ға жоғалуы, хлорлы натрий концентрациясының өсуі нәтижесінде сүрленген ет өнімдерінің сақталуы уақытын ұзартуға мүмкіндік болады. Шұжық өнімдерін сүрлеу үшін сүрлеу және жылулық камералар пайдаланылады.
Жылулық өндеу – шикі ет өнімін дайын күйге дейін жеткізу, микро ағзалардың вегативті түрлерінің көпшілігін жою, ферменттерді жұмылдыру, ақуыздарды денатурациялау және ірілендіру, коллаинді желатинге айналдыру. Жылулық өндеуге қайнату мен булау жатады. Қайнату кезінде өнімді суда, сорпада немесе буға толы ауда қыздырады. Термиялық өндеудің ұзақтығы шұжық өнімдерінің әр түріне арналған технологиялық ережелерге сәйкес келуі тиіс.
Шұжықтарды кептіру – бұл процесс ауданы желдету және температуралық, ылғалдық шарттарын бақылау құрылғыларымен жабдықталған камерада жүргізіледі. Кептірудің мақсаты – сақтау кезіндегі шұжықтардың төзімділігін жоғарылату. Кепкен шұжықтарға деген сұраныс кезіндегі шұжықтардың төзімділігін жоғарылату. Кепкен шұжықтарға деген сұраныс жоғары болады, яғни бұл олардың дәмдік ерекшіліктеріәмен және өнімді сақтау жағдайлары болмаған кезде сақтауға деген қажеттілікпен түсіндіріледі.
Өнімді орап, түю – өнім сәйкесінше атауы белгіленген вакуумды немесе аллюминий қаптамаға оралады.
Активтерді талдау кезінде есепті жылда олар қалай жұмсалғандығына және негізгі назар қайсысына аударылғандығын анықтау қажет. Сонымен қатар компанияның өндірістік потенциалының жағдайы, оның негізгі құралдары жайлы мәліметтерді білу маңызды. Ол үшін өндірістік потенциал көлемін анықтап алайық. Оның құнына негізгі құралдардың құны мен өндірістік запастардың, аяқталмаған өндірістің құндары қосылады. Өндірістік потенциал құны 2005 жылдың басына қарай (1-кесте) 19 718 мың теңге, жыл соңында 14 521 мың теңге болды, яғни ол 5 197 мың теңгеге немесе 26,3%-ға қысқарған.

Өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициенті келесідей шекті мәнге ие болады:
Кө ≥ 0.5. Егер ол 0,5-тен төмен түсіп кетсе және кәсіпорынның өз қаржы жағдайы жеткіліксіз болса, онда өндірістік мақсаттағы мүлікті ұлғайту үшін ұзақ мерзімдік займдық қаражаттарды тарту жөн болады.
Өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициенті 2005 жылы 0,29-ға тең болды, ол ұсынылған мәннен әлдеқайда төмен.
Баланс валютасындағы ағымдық активтердің үлесін анықтаған маңызды. Кәсіпорын активтерінің жұмылдыру коэффициенті ағымдық активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталады. Оның мәні неғұрлым көп болған сайын, кәсіпорында да тоқтаусыз жұмысты қамтамасыз етуге, кредиторлармен есеп айырысуға мүмкіншілігі соғұрлым көп болады.
Кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы негізгі қордың нақты құнының үлес салмағының өзгеруі де маңызды орын алады, себебі бұл көрсеткіш оның кәсіпкерлік қызметінің жүзеге асу ауқымын анықтайтын негізгі бағыттардың бірі. Жалпы мүлік құнындағы негізгі қор құнының үлес салмағы коэффициенті баланс активіндегі барлық құнның 50%-нан кем болмауы керек. Бұл коэффициент қалдықты құн бойынша есептелген негізгі қордың баланс валютасына қатынасымен анықталады.
Аталмыш кәсіпорында ол 2005 жылдың басында 19,6 %-ды, ал жыл соңында 29,3 %-ды құрады.
Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып тозу коэффициенті саналады. Бұл коэффициент тозу құнының олардың нақты кезеңдегі алғашқы құнына қатынасымен анықталады. Кейбір экономисттердің пікірінше, 50%-дан асатын тозу коэффициенті жағымсыз әсер деп танылады. Мұндай деңгейдегі коэффициентке ие болған кәсіпорын моральды және физикалық тозған құралдарға ие деп айтуға болады.

Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қай бөлігі өз қаржысына, қай бөлігі жұмылдырылған құралдармен қаржыландырылатынын көрсетеді.
Қаржыландыру коэффициентінің көлемі < 1 болған жағдай төлем қабілеттілігіне қауіп төндіреді және несие алуға да өз кедергісін тигізуі мүмкін. «Шваб шұжықтары» ЖШС-де бұл коэффициент 2005 жылдың соңында 1,65 тең болды.
Қазіргі әдебиеттерде кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық деңгейі бойынша келесі төрт түрге бөліп жүр:
1) қаржылық жағдайының абсолютті тұрақтылығы;
2) қаржылық жағдайының кәдуілгі тұрақтылығы;
3) тұрақсыз қаржылық жағдай;
4) дағдарыстық қаржылық жағдай.
Кәсіпорындағы еңбек ресурстарының тиімді пайдалануына көптеген факторлар ықпал етеді, солардың қатарына құралдардың жарамдылық және техникалық деңгейі, өнімдерді өндіруге қажетті материалдық-ресурстық құндылықтардың дұрыс жеткізілуі және басқа да факторлар бар.
Еңбек ресурстарын талдаудың негізгі мақсатына келесілер жатады:
- кәсіпорынның, оның құрылымдық бөлімшелерінің еңбек ресурстарымен қамтылу деңгейі, олардың жіктелуі және біліктілік сипаттары;
- кадрлар ағымдылығының жағдайын анықтау және зерттеу;
- еңбек ресурстарын тиімді пайдалану резервтерін анықтау, соның нәтижесінде маңызды ұсыныстар жасау.

Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтылу дәрежесі ондағы персоналдың жоспарлы санының нақты көрсеткішімен сәйкестігі арқылы анықталды. 3 кесте мәліметтеріне сүйенсек «Шваб шұжықтары» ЖШС қызметкерлерінің ішінде негізгі үлес салмақты жұмысшылар алатынын байқаймыз. Егер 2004 жылы олардың үлесі – 70,6 % 2005 жылы – 70,1 % құрады.
Жас мөлшері бойынша еңбек ететін кәсіпорын қызметкерлерінің топтамасы мынаны көрсетті: ең көп үлес 30 бен 49 жас аралығындағы еңбеккерлерге тиесілі болып отыр, олардың саны 2005 жылы 3 адамға артып, 60 адамға теңелді.
Бұл жобаның есептемелеріне өндіріс көлемі мен сату түсімдерінің пессимистік көрсеткіштері алынған. Қолда бар құрал-жабдықтардың қуаты бір ауысымда (смена) 5 тонна өнім шығаруға, ал тәжірибеленген жүйе оны өткізуге мүмкіндік береді. Жаңа құрал-жабдықтар бір ауысымдағы өндіріс қуатын 7 тоннаға дейін жеткізіп, сатудан түсетін табысты айтарлықтай көтермелеуге әсер ететін өнімнің жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік ашады. Тек «сосискалар» өндірісі ғана 4 тоннаға дейінгі өсімді береді. Өнімді таратудың бағалары қазіргі бағаның төмендетілуіне негізделген, ол да жобаның тұрақтылығын күшейтеді. Сатудан түскен түсімдердің 5%-ы – сауда шегерімі болып табылады, яғни бұл да өнімді өткізу көлемінің өсуі кезіндегі табыстардың көбеюіне әкелетін факторлардың бірі болып отыр.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару | Добавил: Admin
Просмотров: 1380 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Астана - Қазақстанның саяси ерік-жігерінің нышаны
Қазақтың демократ ағартушылары
Сейфуллин Сәкен
Түмән ұлы Мүде қаған
Иоган Себастьян Бах
Австралия
Компьютерде іс жүргізудің ерекшеліктері
Досмұхамедұлы Халел
Мыңзықұлы Еділ (Аттила) қаған
Домбыра философиясы
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Қазақстан Республикасының климаты
Бәсентиін Малайсары батыр
Есенжанов Хамза
Гигиена