Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару

Кәсіпорында өнімдерді өткізуді ұйымдастыру
Загрузка...
Кәсіпорынның қызыметінің сәтілігі оның персоналы қаншалықты өнімдерді өткізу «философиясын» игергендігінен, олар өз өмірлерін қаншалықты фирма өмірімен байланыстыратындығынан тәуелді, маркетингтің кәсіпорындағы міндеттерін келесі суретте көруге болады:

1.3 сурет Кәсіпорындағы маркетингтің функционалды міндеттері
Басқару концепциясы ретінде маркетингтің кез-келген басқару типіне тән,бір қатар жалпы функциялары бар: жоспарлау,ұйымдастыру, үйлестіру, есеп жүргізу және бақылау. Сонымен қоса кез-келген басқару процесіне тән бұл функциялар тек маркетинг қызметіне тән функцияларымен толықтырылуы керек, олар:
Өнімдері өткізу кешені дегеніміз – нарықтағы тұтынушыларға әсер ететін маркетинг құралдарының жиынтығы. Маркетинг құралдары төрт факторлар тобы бар. Олар: тауар; баға;сату орны; жылжыту және коммуникация. Тауар ұғымына тауар саясаты жатады, яғни нарыққа ұсынылған тауар ассортименті, олардың сапасы, дизайны, нарықта өмір сүру уақыттары, орауы, таңбасы жатады. Тауар бағасы кәсіпорын пайдасын белгілеуде зор орын алады. Баға деңгейі нарықтағы фирманың мақсатына, тұтынушы талғамына, сұранысқа, тауарды өңдеуерекшелігіне, өндіру шығындарына, бәсекелес фирманың баға саясатына, басқа да факторларға байланысты болады. Сату орны тауарды тұтынушыларға қолайлы өткізу жүйесімен беруі тиіс. Оған тауарды өткізу арналары мен тауарды қозғалту жуйесі кіреді.
1. Нарықты кешенді зерттеу, ол келесі маңызды бағыттарды қамтиды: маркетингтік ортаны зерттеу; нарықтық жиынтық сипатарын талдау; конъюктурлы зерттеулер және болжамдар; нақты тараудың тұтынушылық қвсиеттерін және оның нарықтағы іс-әрекетін зерттеу; нарықтық фирмалық құрылымын талдау; өткізудің нысандарымен әдістерін талдау; тұтынушыларды зерттеу (жеке және коллективті).
2. Кәсіпорынның өндірістік-өткізушілік мүмкіндіктерін талдау.Бұл функция маркетингтік зерттеулердің маңызды түрі, себебі, тек ғана нарық қажеттілігін анықтап кәсіпорын оның нақты сегментін; мақсатты нарықты таңдай алмайды, ло үшін нарық талаптарын қажеттілігін кәсіпорынның мүмкіндіктерімен, даму келешегімен сәйкестендіру керек.
3. Өнімдерді өткізудің стратегиялармен бағдарламаларды өңдеу. Жүргізілген маркетингтік зерттеулер нәтижесінде кәсіпорынның өндірістік- өткізушілік қызметінің стратегиялық, тактикалық және жедел жоспарларын құруға болады, оған нарық конъюнктурасының дамуының болжамы, кәсіпорынның нарықтағы мақсаттары, стратегиясы және тактикасы, оның тауарлы, бағалық, өткізу саясаты сонымен қоса өткізуді ынталандыру, жарнамалық шаралар саясаты немесе коммуникациялық саясаты еңгізіледі. Өнімдерді өткізу бағдарламалары маркетинг қызметіндегі маңызды бөлім, оның дұрыс құрылуынан кәсіпорын қызметінің сәттілігі тәуелді.
4. Тауарлы саясатты жүргізу. Алдындағы үш функциядай бұл маркетинг бағдарламасының арнайы бөлімін, фирманың бәсекелік позицияларын жоғарлатуға бағытталған, нарыққа әсерін тигізетін нақты жүргізілетін шаралар жиынтығын (marketing-mix) туындайды. Бұл жағдайда осы шаралар өндірілетін тауардың тұтынушылық қасиеттеріне, оның жаңа түрлерімен ассортиментін өңдеуге қатысты да тауардың сапалық сипаттарын таңдалған сегменттің нақты талаптарының деңгейіне жеткізуді және тиімді өткізуді қамтамасыз етуді көздейді.
5. Бағалық саясатты жүргізу. Ол фирманың ұзақ мерзімдегі нарықтық әрекетінің бағалық стратегиясын және әр тауар тобы немесе түріне, нарықтың нақты сегментеріне қатысты неғұрлым қысқа мерзімге бағалық тактикасын анықтайды. Бағалық саясат бәсекеге қабілеттілік бағалық құраушысын өзгерту мүмкіндігін береді.
6. Өткізу саясатын жүргізу. Кәсіпорын тауарларын өткізу каналдарын жоспарлау және қалыптастыруды туындайды: тікелей әдіспен, жанама әдіспен немесе комбинерленген әдіспен.
7. Коммуникациялық саясат немесе ФОССТИС (сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру)-тауарды нарыққа жылжытуға бағытталған шаралар кешенін жоспарлау және жүзеге асыруды туындайды. Ол үшін келесі шаралар жүзеге асырылады: престижді жарнама, тауарлы жарнама, тікелей немесе жеке сатулар, сұранысты қаржылық құралдармен ынталандыру, сату алдында және сатудан кейін қызмет көрсету.
8. Өткізу қызметін жүзеге асыру фирма қызметін басқару жүйесінде арнайы құрылымдарды құруды туындайды.
9. Маркетинг қызметін бақылау өткізу бағдарламаларын іске асыру кезінде жүзеге асырылады, ол фирма жоспарлапының орындалуын бақылау түрінде болады.
Өнімдерді өткізу жұмысы кәсіпорында ерекше қызметті ұйымдастыруды қажет етеді. Кәпорында маркетинг қызметін ұйымдастырудың үш варианты бар: функционалды, тауарлы және нарықтық. Олардың әрқайсысының әлді және жақтары бар.
1. Ұйымдастырудың функционалды түрі-әр функционалды міндет бойынша жауапкершілік жеке адам немесе адамдар тобына жүктеледі.
1.3а сурет Өткізу қызметін ұйымдастырудың функционалды түрі

Ұйымдастырудың функционалды түрі тиімді болады, егер де фирманың өндірістік - өткізу қызметі тұрақты және бірқалыпты болса.
Ұйымдастырудың бұл түрін көбіне 1 немесе 2 өнім түрін өндіретін және аз нарықтар санында қызмет ететін фирмалар пайдаланады.
2. Ұйымдастырудың тауарға бейімделген түрі-мұнда өнімнің әр тобы бойынша тауар басқарушысы және оның қарамағындағы сол тауар бойынша маркетинг функционалды міндеттерін орындайтын бөлімшелердің қызметкерлері бар. Ұйымдастырудың бұл түрі тиімді болады, егер тауардың кең номенклатурасы бар фирма олардың бір-бірімен ұқсас көп нарық санында өткізсе.

1.3б сурет Тауарға бейімделген өткізу қызметін ұйымдастырудың түрлері

Ұйымдастырудың тауарға бейімделген түрі тиімді болады, егер де фирманың өндірістік - өткізу қызметі тұрақты және бірқалыпты болса.
3. Ұйымдастырудың нарыққа бейімделген түрі – мұнда функционалды принципке қоса аймақтық нарық және тұтынушылар түрлеріне қарай да басқарушылар бар.
Ұйымдастырудың мұндай түрін қолдауы тиімді, егер фирма тауардың шектелген номенклатурасын өндірсе, бірақ олардың бір-бірінен өткізу жағдайлары бойынша ерекшеленетін нарықтық өте көп санында өткізетін болса. 1.3в сурет Нарыққа бейімделген өнімдерді өткізу қызметін ұйымдастырудың түрлері

Жаңа түсініктер: нарықты кешенді зерттеу; ұйымдастырудың функционалды түрі; ФОССТИС; ұйымдастырудың тауарға бейімделген түрі; ұйымдастырудың нарыққа бейімделген түрі.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару | Добавил: Admin
Просмотров: 2773 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Әуезов Мұхтар Омарханұлы
Аймауытов Жүсіпбек
Құнанбайұлы Абай
Германия
Черногория мемлекеті
Гигиена
Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бей...
Бәсентиін Малайсары батыр
Менің Отаным - Қазақстан
Аңыз әңгімелер
Туыстық қарым – қатынастар
Австралия
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
М.Мағауин
Дулатов Міржақып