Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару

Алдағы кезеңдерге өнімдерді көп көлемде өткізуді жоспарлау
Загрузка...
Басқару бойынша ағылшынның белгілі мамандарының бірі- К.Л. Хадсон өзінің «Кәсіпорындарды ұйымдастыру және басқару» деген кітабында, жоспарлау дегеніміз – белгілі бір мерзім ішінде белгіленген нәтижелерге жету үшін, фирманың болашақтағы схемасын өңдеу деп көрсеткен.
Ол үшін жоспарлаудың келесі схемасын қолданған:
1. Жоғары бөлімнің басшылары – 5, 10, 15 жылға дейін ұзақ мерзімдік жоспар құрумен айналысады, яғни жоспарды фирманың ішкі және сыртқы ортасының қол жеткізген нәтижелерімен салыстырады.
2. Орта бөлімнің басшылары – 1-5 жылға дейін қысқа және орта мерзімдік жоспарларды өңдейді. Өздеріне бағыныштылардың әрқайсысының іс-әрекетіне жоспарлау кестесін құрады. Сонымен бірге шығындар сметасын құрып, оның орындалуын тексереді.
3. Төменгі бөлім басшылары – 1 жылға дейінгі жедел (оперативті) жоспарларды өңдейді және оның орындалуын бақылайды.
Өнімдерді көп көлемде өткізуді жоспарлау мынадай мәселелерді шешуге бағытталады:
1.Мақсатты анықтау (мысалы, нарықтың таңдап алған сигменттеріне тауарларды шоғырландыру, жаңа тауарларды жетілдіру, бәсекелестік мәселелерді шешу және т.б.), сонымен бірге жоспарлау процесін бағалайтын негізгі принциптер мен критерийлерді анықтау;
2.Жекелеген жоспарлардың құрлымын қалыптастыру және олардың бір-бірімен өзара байланысын сипаттау (мысалы: нарықтың жекелеген сигменттерінде тауар өткізу жоспарының және бөлімдер мен филиалдардың өткізу және өндірістік іс- әрекеттерінің байланыстылығы);
3. Жоспарлау үшін қажетті деректердің сипатын анықтау (нарықтың жағдайы мен болашағы, кәсіпорынның өнімін соңғы тұтынатындардың қажеттіліктері, сыртқы нарықтың тауарлық құрлымының өзгеруі және тб. болжанған деректер);
4.Жоспарлауды және жалпы ұйымдастыру процесін анықтау (басқарушылардың жауапкершілік деңгейлер, кәсіпорынның ұйымдық – құрылымдық бөлімшелерінің құқықтары мен міндетті және т.б.)
Стратегиялық жоспарлау - нарықтық экономика жағдайында маркетингтік іс - әрекеттерде стратегияларды қолдану және өңдеу фирмалардың жоғары бөлім басшыларының ең маңызды функциясы болып есептеледі. Стратегия дегеніміз – басты мақсатқа жету үшін қажетті ресурстар мен мәселелердің артықшылығын көрсететін іс - әрекеттердің ұзақ мерзімдік бағдарламасы. Стратегиялық жоспарлау фирманың мақсаттары және оның мүмкіншіліктері арасындағы стратегиялық сәйкестікті қалыптастыратын және демейтін басқарушылық процесс. Ол фирманың нақты қалыптасқан бағдарламасына сүйенеді.
Стратегиялық жоспарлаудың мынадай ерекшеліктері бар:
1. Ол ұзақ мерзімдік шешкендегі шығынның көлемінің азаюына басшылардың көңілін аударады;
2. Басшылардың көңілін бұрын болған өзгерістерге емес, керісінше, сыртқы ортаның болашақтағы өзгерістеріне көп аударады;
3. Фирманың басшыларына ресурстарды дұрыс бөлуге, нақты мақсаттарды анықтауға және сол мақсаттарға жету үшін өздерінің барлық ресурстарын орынды қолдануға мүмкіндік береді.
Стратегиялық жоспарлау процесі бір – бірімен байланысты кезеңдерден тұрады және фирманың басшылары мен маркетингтік қызметкерлердің бірігуімен жүзеге асады.




Стратегиялық жоспарлау процесі


Ұйымның міндетін анықтау – ұйымның міндетті белгілі бір іс - әрекет түріне және оның нарықтағы орнына негізделген. Оны қандай тұтынушының топтарына қызмет көрсетеді, қандай функциялар атқарады және қандай өндірістік процестер қолданады соған байланысты анықтауға болады.
Ұйым өзінің міндетін анықтап алғаннан кейін стратегиялық шаруашылық бөлімшелерін қалыптастырады (СШБ) – ол нақты нарықта бір ассортимент тобына немесе қандай да бір тауар бөліміне жауап беретін бөлімшелер. СШБ – бұл маркетингтің стратегиялық жоспарын құру кезіндегі басты элементтер. Олардың әрқайсысы төмендегі жалпы сипаттамаларға ие: нақты мақсатты нарық; өз ресурстарын және стратегияларын бақылау; нақты бәсекелестерді және олардың ерекше артықшылықтарын анықтау.
Маркетингтік мақсатты қалыптастыру – ұйымдағы әрбір СШБ өздерінің маркетингтік мақсаттарын қалыптастырулары керек. Олар әдетте сандық көрсеткіштерде (сауда жүргізу, пайданың өсу проценті, нарықтың үлесі т.б.) сапалық түсініктерде (инновация – жаңалық ) анықталады.
Ситуациялық талдау – кезінде ұйым маркетингтік мүмкіншіліктер мен мәселелерді анықтайды. Ситуациялық талдау екі жалпы сұраққа жауап береді: фирманың қазіргі кездегі жағдайы қандай және ол қандай бағытта қозғалады? Осы мақсатта қоршаған ортаны зерттейді, мүмкіншіліктерді іздейді, ұйымның сол мүмкіншіліктерді пайдалану қабілеттерін бағалайды, ұйымның әлді және әлсіз жақтарын анықтайды, бәсекелестердің іс - әрекеттерін салыстырады және оларды бағалайды. Егерде ситуациялық талдау ұйымның әлсіз жақтары басым екенін көрсетсе, онда шығарып жатқан тауар топтарын тоқтату керек.
Өткізу стратегиясы - ұйымның мақсатына жетуі үшін, оның құрылымы қандай болуы керек екенін анықтайды.
Маркетингтік құрылымдағы ең бастысы- өнімді, оны өткізуді және бағаны жаспарлау болып табылады.
Стратегиялық жоспарлаудың төрт тәсілі бар:- олар 1) тауар- нарық бойынша мүмкіншілік матрицасы; 2) «Бостон консалтинг групп» матрицасы; 3) нарықтық старатегияның пайдаға әсері; 4) жалпы старатегиялық модель.
Осы төрт тәсілдің көмегімен кәсіпкерлер өз мүмкіншіліктерін, тауарларын және іс - әрекеттердің бағыттарын жеке- жеке бағалайды және пайдаланады. Осы бағалау негізінде кәсіпорынның ресурстары мен күштері бөлініп, сонымен бірге маркетингтің сәйкес бағдарламасы өңделеді.
Маркетингтік бағдарлама - фирманың стратегиялық жоспарында оның қандай өндіріс түрімен айналасатындығы және олардың қандай міндеттер атқаратындығы көрсетіледі. Егерде өндірісте бірнеше ассортимент топтары, бірнеше тауар, марка және нарық болса, онда олардың әрқайсына жеке жоспар өңделеді. Осы барлық жоспарлар «Маркетингтік жоспар» деген бір терминмен анықталады.
Маркетингтік бағдарлама фирмалардың маркетингтік концепциясының негізінде өңделеді. Маркетингтік бағдарламада ең басты орынды тұтынушылық факторларды ескере отырып, нарықтық артықшылықты анықтау алды.
Маркетингтік бағдарламаны өңдеу мынадай элементтерден тұрады:
1. Маркетингтік мақсатты анықтау.
2. Мақсатты нарықты анықтау.
3. Нарықты кешенді талдау.
4. Маркетингтің саясатын және жоспарын өңдеу.
5. Маркетингтік бағдарламаны құру.
6. Осы бағдарламаның жүзеге асуын бақылау.
Фирмалардың ұзақ және қысқа мерзімдік мақсаттарын, сонымен бірге олардың сандық және сапалық параметрлерін нақты қалыптастыру өте маңызды процесс. Сандық параметрлерге – болжанған пайданың көлемі, сату көлемі, тауар түрлері және нарық сегменттері бойынша нарықтағы үлес жатады. Ал, сапалық параметрлерге – экологиялық, фирманың репутациясы, эргономикалық қасиеттер және т.б. жатқызуға болады.
Маркетингтің саясатын және жоспарын өңдеу процесі мына кезеңдерден тұрады. Олар: ақпараттарды жинау, бәсекелестердің жағдайларын талдау, өндірілген өнімнің сегментациясы, нарықтық стратегияны өңдеу, нарықтық тактиканы өңдеу, шығындарды анықтау және талдау, маркетингтік бағдарламаның жүзеге асыруын бақылау.
Осы кезеңдерден кейін маркетингтік бағдарлама құрастырады. Бұл ішкі фирмалық құжат болып есептеледі. Бағдарламаның неғұрлым маңызды элементтеріне: өндірістік міндеттердің жиынтығы, өнім ассортименті, осы өнімдерге сұраныс қалыптастыру, жарнама, өткізу каналдары, сату операциялары және т.б. жатады. Бұдан кейін осы бағдарламаның жүзеге асуы бақыланып, нәтижелер талданады.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару | Добавил: Admin
Просмотров: 1916 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Құранды түсіну
Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бей...
Сақтар
Мұқағали Мақатаев
Махмұд Қашқари
Дербес компьютерде іс-қағаздарын жүргізу
Құнанбайұлы Абай
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы
Электрокардиограмма
Қазақстандығы сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер
Бейімбет Майлиннің прозалық шығармалары
№ 40 соль- минорлық симфония
Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы...
Шығайұлы Дәулеткерей
Қоршаған ортаны қорғау