Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Материалы конкурса

FLASH ИНТЕРФЕЙСІ
Загрузка...
ЛЕКЦИЯ 1. FLASH ИНТЕРФЕЙСІ

Панельдер
Flash интерфейсі фильм терезесі, инструменттер панелі және т.б. панельдерден тұрады. Бұл элементтердің программа терезесінде орналасу ретін қалауымызша баптауға болады.
Flash программасында келесі панельдер бар:
1. ToolBox (Инструменттер панелі)
2. Stage (Жұмыс облысы)
3. Align (Туралау)
4. Color Swatches (Түстер каталогы)
5. Transform (Түрлендіру)
6. Debugger (отладчик – жөндеуші)
7. Reference (Анықтама)
8. Accessibility (Доступность – ыңғайлылық)
9. Component Parameters (Компоненттер параметрі)
10. Answers (Жауаптар)
11. Timeline (Уақыт шкаласы)
12. Property Inspector (Қасиеттер инспекторы)
13. Color Mixer (Түс миксері)
14. Info (Ақпарат)
15. Actions (Әрекет)
16. Movie Explorer (Фильм сілтеуіші)
17. Output (Берілгендерді шығару)
18. Components (Компоненттер)
19. Library (Кітапхана)
Property Inspector панеліндегі параметрлер контексті тәуелді болып табылады, яғни қай объектінің белгіленіп тұрғанына тікелей байланысты. Property Inspector панелі объектілерді жылдам баптауға мүмкіндік береді.

Панельдерді біріктіру
Бірнеше панельдерді біріктіру үшін панельдердің сол жақ жоғарғы бұрышынан ұстап келесі панельге тарту керек. Тышқан көрсеткіші қажетті жерге келгенде «қол» белгісі бар пиктограмма пайда болады. Егер біріктірілген панельдердің бірін жасыру қажет болса, оны сол жақ бұрышынан біріккен панельдерден тысқары шертіп, жабу түймесін шерту керек. Біріккен панельдердің тек жоғарысында ғана жабу түймесі болады, оны шерту біріккен барлық панельдерді жауып тастайды.
Flash-те үнсіз келісім бойынша әзірленген панельдер жиыны бар. Оларға қол жеткізу үшін Window→Panel Sets командасын орындап, Default ішкі менюінен Designer (Дизайнер) және Developer (жасаушы, разработчик) панельдер жиынынын қолдануға болады. Сонымен қатар пайдаланушы өзіне қажетті панельдер жиынын әзірлей алады. Ол үшін қажетті жиынды құрастырып, Window→Save Panel Layout командасын орындау керек.

Құжат атрибуттарын баптау
Құжат атрибуттары немесе фильм қасиеттерімен жұмыс істеу үшін Property Inspector немесе Modify Document командасын орындау керек. Қасиеттер инспекторында фильм жасалу барысында үнсіз келісім бойынша тағайындалатын параметрлер орналасады, оларға қол жеткізу үшін сценалық (сахна) объектіден тыс жерде шерту жеткілікті. Size (өлшем) батырмасын басқанда Document Attributes сұхбаттық терезесі шығады. Мұнда жұмыс облысының өлшемін, келісім параметрлерін, фондық түс, кадрларды алмастыру жиілігін, сызғыштың өлшем бірлігін баптауға болады. Publish (жариялау) батырмасын шерткенде Publish Setting (жариялау параметрі), ал Background (Фон) түймесі жұмыс облысына беруге болатын түстер каталогын шығарады. Фильмді ойнату жылдамдығы секундына өтетін кадрлармен (frame per seconds – fps) өлшенеді, бұл мәнді тікелей Frame Rate (кадрларды алмастыру жиілігі) өрісіне енгізуге болады.

Уақыт шкаласы
Дәстүрлі фильм тәрізді Flash видеоклипі уақыт бірлігінде өтеді. Flash фильмінің мазмұнын басқару орталығы Timeline (уақыт шкаласы) болып табылады. Ол уақыт өтуімен әртүрлі кадрлар және кілттік кадрдың мазмұндарын көрсетуіне жауап береді. Timeline-да фильмді құрайтын барлық қабаттар мен кадрлар орнықтырылған және ағымдағы кадр индикаторы болып табылатын оқу тиегі орналасқан.
Кадрлар. Қозғалыс эффектісін туғызу үшін комбинацияланатын жекелеген статистикалық кванттар немесе уақыт моменттері кадрлар деп аталады. Кадрлар фильм кадрының орналасу реті мен олардың ойнатылу жылдамдығын және фильмнің жалпы ұзақтығын анықтайды. Кадр қою үшін Insert→Frame (Кірістіру→Кадр) командасын орындау керек немесе F5 басу керек.
Кілттік кадрлар. Кілттік кадрлар анимациядағы өзгерісті хабарлайды. Кадрларда өздеріне дейінгі кілттік кадрларда бейне қайталанады, тек жаңа кілттік кадрдан өткен соң ғана фильмнің мазмұны өзгере алады.
Кілттік кадр қою үшін Insert→Keyframe (Кірістіру→Кілттік кадр) командасын немесе F6 батырмасын басу жеткілікті. Кез келген кілттік кадрларда бұған дейінгі кілттік кадрдың мазмұны болады. Бұл пайдаланушыға алғашқы бейнеден өзге жерден өңдеуге мүмкіндік береді. Бос мазмұнды кілттік кадр қою үшін Insert→Blank Keyframe (Кірістіру→Бос кілттік кадр) немесе F7 бассақ болғаны. Уақыт шкаласында бос кілттік кадрлар бос шеңбермен, ал мазмұны бар кілттік кадрлар боялған шеңбермен сипатталады.

Қабаттар және қабаттар папкасы
Қабаттар фильмнің мазмұнын біріктіруге мүмкіндік береді. Әр қабатты фильмнің жекелеген жолағы деп қарастыруға болады. Егер кез келген бір қабаттың белгілі бір бөлігі бос болса, онда ол өзінен төмен орналасқан қабаттың мазмұнын көрсетеді, ең жоғарғы қабаттың мазмұны басқа қабаттың мазмұнын көрсетпей тастайды.
Қабаттар мазмұнды жүйелеуге және бөлуге мүмкіндік береді. Әртүрлі қабаттарда орналасқан бейнелерді басқару жеңілдеу болады. Объектілерді әртүрлі қабаттарда орналастыру әр объектіні өзінше жекелей анимациялауға мүмкіндік береді, осылайша күрделі анимацияға қол жеткізуге болады. Қабаттардың саны дайын фильмнің көлеміне ешқандай әсерін тигізбейді.
Қабаттарды жасау барысында Flash оларды автоматты түрде нөмірлеп, атау беріп отырады. Қабаттардың атын өзгерту үшін уақыт шкаласының сол жағында орналасқан қабаттың атын (мысалы: Layer1) екі рет шерту керек. Қабаттарға ат беру кезінде оларды объектінің орналасу көрсеткіші ретінде қызмет көрсететіндей етіп, мүмкіндігінше қысқа ат беру керек, яғни қабат атының мазмұндық мәні болуы керек.
Әр қабаттың оң жағында орналасқан пиктограммалар қабатты жасыру, құлыптау және оларға мазмұнды контурлар түрінде көрсетуді ұйымдастырады. Ағымдағы уақытта жұмыс істемей тұрған қабаттарды құлыптап қойған жөн, бұл абайсыз өзгертулерден сақтайды. Ол үшін Alt пернесін басып тұрып қабаттағы құлып бейнесін шерту керек, бұл кезде ағымдағы қабаттан басқа қабаттың барлығы құлыпталады. Дәл сол сияқты экранда белсенді емес қабаттарды көрсетпей тастау үшін Alt пернесін басып қабаттағы «көз» пиктограммасын шерту керек. Қабат аты және пиктограмма бағандары арасында орналасқан «қалам» белгісі қабаттың ерекшеленіп тұрғанын және өңдеуге болатынын көрсетеді. Жасырын тұрған қабатты өңдеуге болмайды. Жасырын қабатты өңдеу әрекеті орындалса, сызылып тасталған «қалам» белгісі пайда болады. Қабаттардың орналасу ретін өзгерту керек болса, қабат атында тышқанды шертіп, оны жаңа орнына қарай тарту керек. Бір мезетте бірнеше қабаттарды ерекшелеу үшін Shift пернесін пайдалану керек.
Уақыт шкаласы терезесінің төменгі жағында орналасқан пиктограммалар - жаңа қабат қосуға, бағыттаушы қабат қосуға немесе қабаттар папкасын жасауға мүмкіндік береді. Бағыттаушы қабаттар объектілерді туралауға мүмкіндік береді. Кез келген қабатты бағыттаушы қабатқа айналдыру үшін Add Motion Guide (қозғалысты бағыттаушыны қосу) пиктограммасын шерту керек. Flash фильмінде бағыттаушы қабаттар көрсетілмейді.

Бірнеше кадрларды өңдеу және калькалау
Фильм облысында бір мезетте тек бір кадр көрсетіледі. Туралау процесін жеңілдету үшін, бір мезетте бірнеше кадрларды көрсету мақсатында калькалау функциясы пайдаланылады. Уақыт шкаласының төменгі жағында орналасқан үш пиктограммада бір-біріне енгізілген квадраттар түрліше орналасқан. Onion Skin (Калькалау) батырмасын шерткеннен кейін бір мезеттте бірнеше кадр көрсетіледі.
Ағымдағы кадр түсі қанық, ал қалғаны сұр түспен беріледі де, редактрлауға жатпайды. Көрінетін кадрлар санын Start Onion Skin және End Onion Skin маркерлерін жылжыту арқылы басқаруға болады.
Onion Skin Outlines (Контурлық калькалау) батырмасын шерткенде калькіленетін кадрлар мазмұны контурлар түрінде беріледі. Калькіленетін барлық кадрларды редактрлеу үшін Edit Multiple Frames (Барлық кадрларды редактрлеу) батырмасын шерту керек, пайда болған опциялар тізімінен маркерлерді ағымдағы кадрдың өзгеруіне байланысты жылжитындай етіп баптауға және калькіленетін кадрлар санын таңдауға болады.

Инструменттер панелі
Инструменттер панелі 4 бөліктен тұрады: Tools (Инструменттер), View (Түр), Colors (Түстер), Options (Параметрлер). Кейбір инструменттердің модификаторлары Options бөлімінде көрініс табады. Tools бөлімінде ерекшелеу, сурет салу, бояу және объектілерді өзгерту инструменттері орналасады.
Arrow инструменті (Тілше) объектілерді ерекшелеу үшін пайдаланылады. Бір рет шерту арқылы объектіні ерекшелеуге, ерекшелеу облысын салуға болады, екі рет шерту бояу облысын және штрихтау облысын анықтау үшін пайдаланылады. Arrow инструментіне «V» пернесін басу арқылы да қол жеткізуге болады. Arrow инструментінің үш модификациясы бар: 1. Snap to Objects (Объектіге байланыстыру). Тышқан курсорының соңында сақина пайда болады. Ол қандай да бір объектіні екіншісіне қарай жылжытып, сонымен үлкейе береді. Объект ерекшеленіп тұрғанда Smooth (сглаживание) және Straighten (түзету) модификаторы белсенді болады. Бейнені доғалдандыру үшін нүкте қосу немесе оның бұрышын шығару нүкте қосу үшін, бейне контурының қажетті бөлігін ерекшелеп, тиісті модификацияны басу керек.
Subselection инструменті (Бөлшектік ерекшелеу) арқылы түзулер бөліктері немесе сурет контурлары ерекшеленеді. Сонымен қатар оны түзулермен объектілер контурларында нүктелерді көрсету үшін пайдаланылады. Оларды болашақта бейнені өзгерту үшін де қолданады.
Line – түзулерді салу үшін қолданылады. Shift пернесін басып тұру арқылы көлденең, тік және диагональ бойынша түзулер салуға болады.
Lasso – дұрыс емес формалы облыстарды ерекшелейді. Инструмент тышқан көрсеткішіне тәуелді, соңғы нүктені салып болып тышқан батырмасын босатқанда ғана облыс сызылады. Оның үш модификаторы бар. Жоғарғы екеуі: Magic Wand (Сиқырлы таяқ) және Magic Wand Settings (Сиқырлы таяқ параметрлері), олар растрлық бейненің көрсеткішін түс диапазонына сай жекеленген бөлігін белгілеуге мүмкіндік береді. Мұның маңызды параметрлері - сиқырлы таяқтың сезімталдығы, яғни көршілес пиксельдердің түс контурасын анықтау деңгейі. Мәні неғұрлым төмен болса, ерекшелеу соғұрлым нақты болады. Polygon Mode модификаторы ерекшеленген облыстың көпбұрыш болатынын көрсетеді.
Pen (перо) – түзу және қисық сызықты бөліктерден тұратын траекторияларды салу үшін пайдаланылады.
Text – мәтінді енгізу басын анықтайтын орын беріледі. Параметрлері қасиеттер инспекторында бапталады.
Oval – шеңберлер және эллипстерді салу үшін пайдаланылады. Шеңберлер салу үшін Shift пернесін басып тұру керек.
Rectangle – тіктөртбұрыштар мен квадраттар салу үшін пайдаланылады. Квадрат салу үшін Shift пернесін ұстап тұру керек. Инструменттердің тіктөртбұрыштың бұрыштарын доғалдандыру радиусын анықтауға мүмкіндік беретін Round Rectangle Radius (тіктөртбұрыштың бұрыштарын доғалдандыру радиусы) модификаторы бар.
Pencil – тегіс емес түзулерді салу үшін қолданылады. Тышқан көрсеткішінің соңынан ілесе отырып салынады. Pencil Mode модификаторымен салу барысында траектория түзеу және доғалдандыру режимін анықтайды.
Brush (қылқалам) – Flash-те бояудың ең жақсы инструменті. Оның модификаторы бояу режимін, қылқалам формасын және өлшемін, сонымен қатар бояу түсін құлыптауды баптайды. Brush Mode (қылқалам режимі) штрих немесе бояу үстінен бояуға мүмкіндік береді немесе объектінің бөліктерін қорғау үшін қолданылады. Paint Fills (Бояуды бояу) суретті бояйды немесе бос бөліктері ғана боялады, ал штрихтар және контурлар өзгеріссіз қалады. Paint Behind (Арт жағын бояу) суретте объекті боялмайды, тек бос облыстар боялады. Paint Selection тек ерекшеленген облыс боялады. Paint Inside (Контурдың ішін бояу) объектілердің іші боялады.
Free Transform (Еркін түрлендіру). Rotate және Skew (Айналдыру және көлбеулеу), Scale (масштабтау) модификаторларынан тұрады.
FillTransform (Бояуды түрлендіру) – градиенттік және растрлық бояуды реттеу үшін пайдаланылады.
InkBottle (Сияқұйғыш) – бұрыннан бар контурды өзгерту үшін пайдаланылады.
Paint Bucket (Бояу) – бұрыннан бар бояуды өзгерту үшін пайдаланылады.
Evedropper (Пипетка) – бір объектінің штрих немесе бояу атрибуттарын көшіріп, тікелей екінші объектіге пайдалануға мүмкіндік береді.
Eraser (Ластик) – жұмыс облысындағы объектілерді өшіруге арналған.
Erase Mode (Ластик режимі) – өшіруге жататын элементтерді көрсету үшін пайдаланылады. Erase Normal (қарапайым өшіру), Erase Fills (тек бояуды өшіру), Erase Strokes (тек шртихтарды өшіру), Erase Selected Fills (тек ерекшеленген аумақтағы бояуды өшіру), Erase Inside (объектінің ішін өшіру).
Faucet (кран) – бір рет шерту арқылы барлық бояулар мен штрихтарды алып тастау үшін пайдаланылады. Eraser Shape – ластик формасы.
View бөлімі. Жұмыс аумағын көру немесе оның байланысын жылжыту үшін Hand (қол) және Zoom (масштаб) инструменттері қолданылады. Үлкейту және кішірейту үшін M немесе Z пернелерін пайдалануға болады. Басқа инструментпен жұмыс істеп жатқанда Hand-ты пайдалану үшін Space Bar-ды басып ұстап тұрамыз.
Colors бөлімі. Штрихтар және бояудың түсін белгілейді. Егер сахнада ешқандай объект ерекшеленіп тұрмаса онда Stroke (штрих) және Fill (бояу) өрістерде анықталған мәндер бұдан кейін салынған инструменттер үшін орындалатын болады. Өрістердің Black and White батырмасы үнсіз келісім бойынша алынған қара штрих ақ бояу режимін қайтарады. No color – сәйкесінше не штрих, не бояуды өшіреді. Swap Colors (Түстерді алмастыру) – ерекшеленген объектінің контурымен бояудың түсін бір-біріне алмастырады.

Ыстық пернелер және оларды баптау
Кез келген программа секілді көптеген панельдер мен меню командаларына оғай қол жеткізуді ұйымдастыратын «ыстық» пернелер немесе пернелер комбинациясы бар.
№ Инструмент «Ыстық» перне
1 Arrow V
2 Subselection A
3 Line N
4 Lasso L
5 Pen P
6 Text T
7 Free Transform Q
8 Fill Transform F
9 Ink Bottle S
10 Paint Bucket K
11 Eyedropper I
12 Eraser E
13 Hand H
14 Zoom M,Z

№ Панель Ыстық перне
1 Tools Ctrl+F2
2 Timeline Alt+Ctrl+F2
3 Property Inspector Ctrl+F3
4 Answers Alt+F1
5 Align Ctrl+K
6 Color Mixer Shift+F9
7 Color Swatches Ctrl+F9
8 Info Ctrl+I
9 Scene Shift+F2
10 Transform Ctrl+T
11 Actions F9
12 Debugger Shift+F4
13 Movie Explorer Alt+F3
14 Reference Shift+F1
15 Output F2
16 Accessibility Alt+F2
17 Components Ctrl+F7
18 Component Parameters Alt+F7
19 Library F11
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



96.5Kb
Категория: Материалы конкурса | Добавил: Maratik
Просмотров: 1861 | Загрузок: 144 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Қазақстандағы камералық-аспаптың жанрдың қалыптасуы мен дамуы
Қазақстанның географиялық зерттелу тарихы
Мұстафин Ғабиден
Қазақтың демократ ағартушылары
Италия Республикасының Конституциялық құқығы
Әбілғазизұлы Арынғазы
Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
Германия
Қазақстандағы ұжымдастыруға қарсы шаруалар көтерілісі
Мағжан Жұмабаев
Сот билігі
Дербес компьютерде құрылымының функциональді-логикалық негізі
Марат Отарәлиев: «Тағдырмын ерте жоғалған...»
Абай Құнанбаевтың әлеуметтік ой-көзқарасы
Батырлар жыры мен Шахнама дастаны арасындағы сабақтастықтар