Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 2.9.2014
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Материалы конкурса

Дін ислам-діңгегім немесе қазақ поэзиясындағы имандылық ілімі.
Скачать удаленно
Мазмұны

Кіріспе........................................................................
Негізгі бөлім
1. <<Алланың өзі де рас, сөзі де рас...>>.................................
2.Дін ислам-діңгегім...........................................................
Қорытынды......................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................

Кіріспе
Әрбір мұсылман үшін Құранның сөзі бұлжымас заң болып табылады. Ежелгі ойшылдар айтқандай, заң ешқашан да мейірімді де, қатал да болмайды. Өйткені, ол- заң.
Өз заманында түркі түлектері түленіп, ұлттың ұлы мақсаттарын мұрат тұтқан тұжырымдар ұсынып, ел мүддесін айқындар әдеби- көркем топтамаларында имандылықтың қайнар көзін ашқан. Олар <<Құран-Кәрімге>> иек сүйеген, бүкіл адамзаттың сұранысын қанағаттандырар мән-мазмұнға ие шығармалар жазған.
Ақындардың бәрі де өмірлерінің өкінішпен өткенін, көп күнәға батқанын жыр жолдарымен жеткізіп, Алладан ғалал қылмай, сергек қылуды тілейді.
Жазығым көп, ұятсыз бір құлыңмын,
Рақым келсе сенен келер, ұғындым!-деп Алладан рақым күтеді, бас иеді.
<<Алланың сөзі де рас, өзі де рас>> деген дана Абайдың үнін естіген әрбір мұсылманның ұлттық құндылықтарымызды сақтап, тек сыртқы келбетімізбен емес, ішкі жан-дүние әлемімізді өзгертуімізге ислам дінінің берері көп екенін білеміз. Шәкәрімше толғасам:
Жайнар көңіл,
Қайнар өмір,
Ар ілімі оқылса-дегендей, адамгершілікті, ізгілікті жаңғырту жолында иманымыз мықты болу керек. Міне, иманы мықты елдің ұрпағының келешегі де жарқын болады деген ұғым үнемі келешектің көрінісін көрсетіп тұрғандай.
Келешек кемел болу үшін еліміз мейірбанды, жұртымыз аман, ұрпағымыз иманды болу керек.
Ι тарау
<< Алланың өзі де рас, сөзі де рас...>>
Мадақ айтып бас иеміз Жаратушы Аллаға,
Рақымы мол, мейірімі шексіз сол ғана.
Қиямет-қайымның жалғыз әміршісі де сол ғана
Тек сенен ғана медет-жәрдем күтеміз
Тек саған ғана мінәжат қып, жалбарынып өтеміз.
Міне, дін ілімі – ықылым заманнан бері келе жатқан құбылыс. Құдіретті Алла Тағала адам баласын барша жанды-жансыз дүниенің ішіндегі ең асылы етіп жаратқан. Өмірге келген жас сәбидің алдынан дүние есігі қалай ашылса, жалпы адам баласының да алдында үлкен міндеттер тұрады.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең, - деген ұлы Абайдың аталы сөзі өмірдің өлең екенін түсіндіріп тұрғандай. Ал, өлең-поэзия, сыршыл сезім. Сондықтан да жаратылысында жер басып жүрген әрбір ақын Алла Тағаланың берген ризық несібесіне ерекше ынта қойып, жырларында Ислам туралы өз ойларын жеткізіп кеткен.
Түркі халықтарының ұлы ескерткішінде:
Биікте Көк Тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында
Адам баласы жаралған, - деген жазудың өзінде ислам дінінің Адам атадан бері бүкіл адамзат үшін берілген дін екені, тірі жан иесі етіп адамды жаратқаны айқын аңғарылады.
Исламда адамдарды түр-түсіне, тіліне, әлеуметтік тегіне қарай бөлмей, адам баласын тең тұтып қадірлеуді уағыздайды.
«Әй, адамзат! Шүбәсіз сендерді әуелде бір еркек, бір әйелден, бір ата, бір анадан жаратып, өрбіттік. Өзара қарым-қатынас жасауларың үшін көптеген ұлт, ұлыс етіп көбейттік», - дейді Құран Кәрім тәфсірінде (49-с. 13-А)
Осы тұрғыдан ұлы Абай:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй, ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және Хақ жолы осы деп әділетті,– деп адамдарды бауырмалдыққа баулушылықты әрбір оқырманның құлағына құйып, зердесіне жиып беріп тұрған жоқ па?! Яғни, Алла сені махаббатпен сүйіп жаратса, сен де Аллаға бар жаныңмен сүйіп берілуің керек дегенді ұқтырады.
Адам болып жаралғаннан кейін өмірдің қай белесі де өз таразыңа әрбір жүгін артады. Бірақ адамға иман, ар, сенім, ең бастысы нәпсіні жеңу мақсат болу керек екен.
Адамның адал ұлы болам десең
Алдымен өзіңнің нәпсіңді жең, - дейді Шәкәрім ақын (182-бет)
Ал, түркі әлемінің ХІ ғ. ұлы туындысы «Құтадғу білікте»:
Мықты болғын, тұтқын болма нәпсіге
Нәпсі құрғыр ұрындырар әр іске...(343-бет) – дейді Жүсіп ақын.
Бүгінгі таңда дүние қамын жеп, пайдасын ойлап әрі қызығып көрушілердің көбейіп жатқаны жаныңды қиналтады. Осындай қам-қарекет күймен жүргендерге Яссауише:
Дүние үшін иман, ислам дінін сатқан
Ақылдыға бұл сөзді айтқым келер – (111 бет) деп, Алланың нұрына ғашық болған пендені жолдан тайдырар әзәзіл дүниеқоңыз пиғылдың түбі жақсылыққа бармайтынын ескерткім келеді.
Ұлы Абай «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» демей ме?! 38-қарасөзінде ғақлия, нақлияға сүйенген Абай ақыл, әділет, рақымды бойына дарытқан адам ғана толық адам болады деп сипаттайды:
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шафғат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бірақ осы қасиеттерді бұзатын үш іс бар.
Иманды бұзатын үш істі:
<<Пайда, мақтан, әуесқой>> деп атап айтып, «содан шошы» деп сақтандырады. Дінге сыртпен емес, ішкі сарайыңмен, бар жан-дүниеңмен берілу керек.
«Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ...»
«Құран рас Алланың сөзі дүр ол» - деп, дінге деген сенім, нанымын тағы да бекіте түсіп, өз ойын:
«Алланың, пайғамбардың жолындамыз» , - деп қорытады.
...Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,
Жарлық берді ол сіздерді сөзді ұғарға – деген жолдарында
Алла тағаланың өлшеусіз, ал біздің ақылымыздың өлшеулі екенін ұғындырып кеткен. Ар-ұждан-әрбір адам баласының айнасы. Егер бұл қасиет адамда болмаса ол басқа қасиеттердің бәрін зұлымдыққа пайдалануы мүмкін. Ар ілімі-рухани тазалық жолы. Ол Аллаға тән қасиеттің адам жүрегіндегі сәулесі болып табылмақ.
Сынау үшін жаратқан бір иең бар,
Тексерілмей қалмайсың бір кезінде – деген Шәкәрім ойлары да ұлы Абайдың пікірімен сабақтасып жатыр. Жаратушы Алла әрбір адамның жүрегіне қарайды. Ұждансыз адамның жүрегін ешбір ғылым да, өнер де тазарта алмайтыны белгілі.
Иншалла қабыл еткен бұл сөзімді,
Бас иіп, бата қылған сол кезімді.
Пендесін қай орынға қоям десе,
Ыхтияры Алланың бір өзінде, - деген Ақан Серінің де ойы ақындардың сөзін дәлелдейді.
Жалпы ислам ізгілік пен адамгершілік мұраттарды көздейді, арсыздық пен қатыгездікке бой алдырмауға шақырады, тоғышарлықтан сақтандырады. Адамның
имансыздығынан қазіргі кезеңде әлеуметтік азғындау етек алып барады. Маскүнемдікке салыну, есірткіге құмарлық, зорлық-зомбылық, кісі өлтіру сияқты қылмыстың жасалуы бұрынғы заманда сирек кездесер құбылыс болса, бұл күндері ашкөздікке салыну, зорлық пен қиянатқа бейім тұру сияқты азғындықтан өрбіп қылмыстар көп жасалуда. Жүсіп Баласағұн айтқандай:
Адалдықты түгел арам таптады,
Арам ниет жердің жүзін қаптады.
Міне, сондай кішіде - әдеп, ағада-ақыл қалмаған, ұстаз өнегесін, шебер мұрагерін ұмытқан, шындықтың өзі жоқ, иісі қалған кезеңнен шығу үшін ислам ілімін тарату – қоғамның ізгілігінің кепілі.
Ұлт мақтанышына айналған Мұқағали ақынның да үні менің жүрек сөзімді жеткізгендей болады:
Я, Аллам!
Адалдарға қас қылма,
Сорлы қылма көк аспанның астында.
Я, Аллам!
Жауыздықтан сақтай гөр,
Жамандыққа, жауыздыққа бастырма!
Ислам діні әр адамның ойы да, ісі де таза болуын талап етеді. Жалған сөйлемеу, қайырымды және мейірімді болу, әрбір ісін ақылдасып істеу, адал өмір сүру - әрбір мұсылманның міндеті:
Сатқан емен,
Сатпаймын дінімді мен,
Алмайтұғын, өшпейтін күнін білем.
Алла есімі – жүрегім жұдырықтай
Жүрегімнің соққанын біліп жүрем.
Мұхаммедтің үмбеті – мұсылманмын,
Пайғамбарым қолдайды қысылған күн
Алсын Тағалам, ант етем, ант етемін,
Алла есімін кеудемнен ұшырған күн, – деген Мұқағалидың өлең жолдары барлық мұсылманның кредосына айналса, нұр үстіне нұр болар еді.
Өз заманында бүкіл шығыс өңірін билеп - төстеуші Шыңғыс хан, Ақсақ Темір секілді императорлар ислам дініне шектеу қоймай, қайта өркендеуіне жағдай жасаған. Осы игілікті істер, жаңғырған дәстүрлер бұдан кейін билік құрған хан-сұлтандар дәуірінде де жалғасын тапты. Иманның берік негіздері, адам құқығының үстемдігі, ғылымның артықтығы, тазалықтың қажеттігі уағыздалып, шын мұсылманға Отанды сүю, ата-ананы сыйлау, адал еңбек ету секілді міндеттер қойылған.
«Құран-Кәрімге» иек сүйеп, бүкіл адамзаттың сұранысын қанағаттандырған Шәкәрім қажының мына бір өлеңін:
Әлемдегі діндердің түп мақсаты
Үш нәрсеге бұлжымай құшақтасар.
Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын
Еш діннің мақсаты жоқ мұнан асар, - деп жеткізуінде үлкен мән бар. Өйткені Ислам – адамзаттың тура жолмен жүруі үшін Хақ тағаланың көрсеткен шынайы әрі ақиқат жолы. Оған дәлел ретінде Құранның «Әли Имрак» сүресінің 19 аятындағы [2] жазуды келтірейік: «Аллаһтың алдында шынайы дін-Ислам».
Түркі жұртын өз кезінде тұтастыру үшін Хақ жолы таңдалған екен. Азаттық пен әділетке жету үшін де бір Алланың қолдауына сүйеніп, рақымына қол созған.
Түркі жұртының мақтанышы М.Жұмабаев «алты алаштың» алдағысын ойлап, Тәңіріне жалбарынады:
Кеш, Тәңірім, сорлы құлға қаһар етпе,
Рахым қыл, біз сорлыны шетке теппе.
Сөз шықты жан ашумен, әділ Тәңірім,
Тиген соң ащы таяқ тұщы етке!
Бұл - «сорлы қазақтың» мүшкіл халін ойлап, қамыққан, келешегін ойлап кейіген ақынның жүрек сөзі, жан айқайы. Тіпті қараңғылықтың шәлісін жамылып, ескіліктің шырмауынан шыға алмай жатқан халықты оқуға шақырып, дала қоңырауын тербеткен Ыбырай Алтынсарин де:
Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық! – демеп пе еді?!
Бұл туындының да алмағайып, қым-қиғаш кезеңде халық санасын сергітіп, таным баспалдағына нық тірек болғаны рас.
Хазіреті Пайғамбар с.ғ.с: «Өзіңді қалай жақсы көрсең, басқаларды да солай жақсы көр. Өзіңе не тілесең, әуелі соны басқалар үшін қыл. Адамға осылайша махаббаттанбай тұрып, мұсылман бола алмайсың» деген.
Қожа Ахмет Яссауи:
Дұға қылғын, муминдерге себің тисін,
Ақыретте бір пайдасын көрер, достар - деп жырласа,
Ыбырай Алтынсарин:
Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым,
Тең етті бәрімізге күн мен айын, - дейді.
Ал Абай:
Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа?! – деп жырлайды.
Мына жалғанда сыйлы болу үшін таза болуың керек, пейілің түзу болса, жан тазалығы да, ар тазалығы да болады.
Ақын, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Т.Медетбек: «Жұрттың қалай екенін қайдам, мен үшін адамгершілік, ар-ождан экологиясы барлық экологиялардың түп-тамыры, түп қазығы сияқты.Өйткені, ар-ождан экологиясы тазармай, сол экология сауықпайды деп білем» , - дейді.
Жауған күнмен жаңғырып,
Жер көгеріп күш алар, - дейді Абай.
Табиғат та жуынып, жаңарып тұрады. Ж.Баласағұн айтқандай:
Бұл дүние ісі қылды тұмайман,
Хаққа ғибадат ету қайда, нық айлам.
Маған ақыл-кеңесің бер, тұтайын,
Тазарайын мен сөзіңнен құтайып – дегені - кіршіксіз таза сәби жүрегіндей тазалық болса деген ойы. Мұндай қасиет тәрбие арқылы беріледі. Ал, тәрбие бастауы-отбасы, мектеп.
Тәрбие тілден басталады. Тіл-адамның баға жетпес қазынасы, қаруы. Ақын М.Әлімбаев сөзімен айтсақ, «Әр сөзі, әр нақылы бұрынғының – жол сілтері бүгінгінің».
Үлгі-өнеге көкірек көзін аршиды. Жүрек көзі ашылса, адамға ақиқаттың сәулесі түседі.
Ұлы Абай:
Жүректің көзі ашылса,
Халықтың түсер сәулесі.
Іштегі кірді қашырса,
Адамның хикмет кеудесі – деп, жүрек таза болса, шындықтың салтанат құратынын, іштегі кірді қашыратынына сенеді. Ол кетсе, адамның кеудесі ашылып, мерейі үстем болатынын жеткізеді.
Патша құдай сыйындым,
Тура баста өзіңе – деп , Алладан медет сұрайды, тура жолға бастауын тілейді.
Тазарудың тағы бір жолы – сүйіспеншілік. Адал махаббат жан тазалығынан туады. Махаббат махаббатты оятады, ізгілік ізгілікке жан береді, өмірге, адамға ынтық адам жамандық жасай алмайды.
Белгілі ақын Қ.Бұғыбаева:
Жалғанда бұл жасап жанға қиянат,
Ғашық жүрек алдамайды ешкімді , - деп келтіреді. «Махаббатсыз дүние бос» деп Абайдың жырлауы да осыны дәлелдейді.
Тірлік бар жерде қайғы-қасірет те болады. Қайғылыны жұбату да-қайырым.
Дулат Бабатайұлы:
Беріш боп шері байланған,
Ұйқы беріп, қайғы алған
Қайғылыны уаттым, - дейді.
Қайырым-тарыққанда табан тірер тірегің. Ақын С.Оспанов: «Қайырымнан қаймығып қашты мұңым» -дегендей, қайырымдылық жасасаң, қайғы да, қасірет те жеңілдейді.
Ислам дінінде ең бірінші қайырымдылықты да, жақсылықты да өз анаңа жасау керек деген ұғым бар. Әйел-ананың қасиеттілігі туралы пайғамбарымыз: «Жұмақ-ананың табанының астында» - деген. Әр адамның өмір бойы ұмтылатын, өзінің әр сөзі мен әрбір ісі арқылы сәт сайын, сағат сайын жетуге талпынып, соған лайықты болуға тырысатын жұмағы ананың қасиетімен салыстырғанда Алла Тағаланың бұйрығымен оның табанының астына теңеліпті.
Бұл-қасиетті парыз. Әйел-Ана-жанұяның ұйтқысы, аяулы ана, адал жар. Ол ұрпаққа ғұмыр берді.
Мұқағалиша толғасам:
Ақуыз берді, қарыз деп Апам айтпады,
Мойнымда әлі әкенің қарызы қайтпады.
Бір сөзбен айтқанда ислам діні - адамға өмірді Алла беретінін және оны ана арқылы беретінін бекем ұстанатын дін. Әлемнің құрылысында ананың атқаратын міндеті туралы осыдан артық қалай айтуға болады!...

ΙΙ тарау
Дін ислам- діңгегім
Рух-қанат. Ол-адамға Алланың үрлеген өмір демі . Ел рухы биік болу үшін әр адамның рухы биік болу керек. «Алыптың кеудесі биік болуы үшін халықтың рухы биік болу керек». [8] Жаны таза, елін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, тілін, дінін сүйген жанның рухы асқақ, рухсыз жан-тірі өлік.
Ей, жолыңды,пейіліңді түзегей,
Қос жаһанда төрден орын тілегей! – деген Жүсіп үні рухани тазаруға жетелейді. Ал, рухани қасиетке суарылған дүние жүрек тербейді, жан жылытады, адамзатты ізгілік, ізет жолына бастайды.
Аллаға сенетін, жүрегінде иманы бар әрбір адамның бойында міндетті түрде абзал қасиеттер болуы тиіс. Ұят,кішіпейілділік, ізеттілік секілді қасиеттер болмаса, онда ол шын мұсылман бола алмайды. «Адамнан ұялмаған кісі Алладан да ұялмайды»дейді екен.
Абай отыз алтыншы қара сөзінде: «Ұят өзі иманның бір мүшесі екен. Ұят кімде болса, иман сонда», - дейді.
Ізгілік пен жақсы қылық амалы
Мұныменен ер екі дүниені алады , - делінген. Жүсіп ақын имансыздыққа бой алдырған адамнан құт қашады, бақ-дәулет безеді, тағдыры тәлкекке ұшырайды деп көрсетеді.
Ислам діні ғылым-білімнің, оқудың жақтаушысы. Құранның өзінде «Әуелі білім ізде, сұрап білуден арланба, күнің білім сұраумен өтсін» деген озық үгіт насихат айтылған.
Ілім білген дана атанар ақыры
Білім - елге пайда берер ашығы – деп жырлаудың да мәні
осында.
Білімді болып, нұры жанған ұрпаққа тұғыр болатын бір-ақ нәрсе бар, ол-иман.
Соғыс жылдарында мынадай бір жағдай болған екен. Немістер тұтқынға түскен славян қыздарының ары таза, пәк екенін білген соң, идеологтар мынадай қорытындыға келеді: «Бұл халықты жеңу мүмкін емес, мұндай халықтың жігіттері намысшыл келеді. Олардың иманы мықты» , - дейді.Иә, иманы мықты елдің ұрпағы да мықты болады.
Құрулы тұрған дар алдында да,
Бас имей кетер тектілік - тек қазақ халқында бар асыл қасиет. Сол халықтан өрбіген ұрпақтың да тегі асыл болып қалуы үшін жазылған ақын жырлары санаға сәуле ұялатады.
Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп-ақ. Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Мал-мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ: «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші-иманы, екінші-ырысының тұрағы, үшінші-дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған. Ата-бабамыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты тірегі-иман. Ол-барлық бет-болмысымыздың, мінез-құлқымыздың айнасы. Яғни, Шәкәрім атамыз айтқандай:
Кімде болса шын мінез
Болмас онда екі сөз
Өлтірсе де көзбе- көз
Иманын сатып алмас бөз , - дегені осыны дәлелдейді.
Қазақтың жүзі жылы адамды жолықтыра қалса, «бетінен иманы
төгіліп тұрған адам екен» деп сөз етісетіні де содан.
Кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов: «Біз барлық қайратымызды ел үшін еселеп жұмсайық. Халықты түзейік» , - деген сөзінде тәрбиені имандылықтан іздеген. Бесікте жатқан жас сәбидің жүрегіне имандылық нұрын құюды жөн деп есептеген.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз-тегіміз Түркі, дініміз-Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап-Құран- Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек. Халық Алласына, Тәңірге сеніп, ертеңгі күнін ойлап,Пайғамбарымыздың хадистеріне сәйкес өмір сүрсе деймін! Дінімізді,-ділімізді,
тілімізді сақтау-Ұлттығымызды, Мемлекеттігімізді сақтау. Саясат күнде өзгереді, ал дін-мәңгілік» , - деп көрсеткен еді. Әсіресе, діннің адамдарға тигізер ықпалын Бұқар жырау былай келтірген:
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір аллаға жазбасқа,
Екінші тілек тілеңіз,
Ер тұғыл пасық залымның,
Тіліне еріп азбасқа...
Бесінші тілек тілеңіз,
Бес уақытта бес намаз,
Біреуі қаза қалмасқа.
Ұлы жырау шын мәнінде Алла тағаланың барлығына сеніп, иман айтып жүру керектігін толғау жолдарымен өрнектеген:
Күллі әлемді қаратқан,
Ең алдымен Алланы айт.

Бойыңа жан таратқан
Аты жақсы тәңірді айт.
Мұхаммедтің аяты,
Алла сөзі құранды айт.
Немесе:
Құдайыңа құл болсаң,
Шын жаратқан ұл болсаң,
Құдай тағалам өзі берер нәсіпті , - деген толғау жолдарында он сегіз мың ғаламның патшасы бір Алла екенін оқырманға жеткізгісі келеді.
Келе жатыр жақындап,
Ай мен күннің арасы.
Таразыны аударар
Залымның қылған күнәсі
Сақта құдай сонан деп
Сол себептен қорқамын , - деп жырлаған зар заман ақыны Шортанбай да жалғыз жаратушының құдіретін сүйіспеншілікпен жырлаған.
Әрбір ақын өлең өлкесіндегі тіршілігінің берекесінің де жақсы болуын тілеген.
Шераяқтың Омары:
Жаратқан жан біткенді бір Алласың,
Көңілімнің аш айнасын, кір алмасын - деп жырласа, кейбір ақын көңіл айту, жоқтау сияқты жырлары арқылы Алланың құдіретін,
фәни мен бақи дүние жалғастығын мойындауды, тіршілік қозғалыстары мен адамзаттық өмірдің шындығын имандылық қағидасы тұрысынан қабылдауды ұсынады:
Алтын балдақ жерге түсті,
Құдайдың құдіреті күшті,
Дүние, дін күшті.
Міне, осындай бағытта жазылған ақын Мәшһүр Жүсіптің дінге арналған, Алла құдіреті мен Мұхаммед пайғамбар ғұмырын тілге тиек ететін туындыларында басты ғибрат етіп имандылықты алып, адамгершілікті асқақтата түседі.
Нақ осы тұрғыдан келгенде ақынның «Құдайым жексенбі күн жер жаратты» атты өлеңі-ғибратына қоса ғанибеті мол, танытарына қоса тағылымы кемел кесек туынды.
Құдайым жексенбі күн жер жаратты,
Жер-суды әуел бастап бір жаратты.
Тау мен тас, ағаш пен шөп, көл мен өзен
Түріндей текеметтің түр жаратты.
Міне, осылай Алла Тағала он сегіз мың ғаламды жаратып берген. Бәрін тең, кемел етіп жаратқан. Ең соңында барлық өлі-тірі дүние өкілдеріне мынадай тілек-өтініш білдіреді:
- Қысылып жарлық сөз деп қалма! – дейді,
- Ерлік өзіңе жақпаса алма! – дейді.
- Сақтауға бір аманат ие болып,
- Ішіңде бір талапкер бар ма? – дейді.
Алайда батылы барып, аманатты алып сақтауға тілек білдірушілер табылмайды. Ол-не аманат? Алу-оңай, ал-сақтауы. Шама келе ме? Бәрінің

ойы осы. Сонда Алла өзі толық жаратқан жалғыз саналы тірлік иесі-адамға қарайды.
Адам не екенін білмесе де, Аллаға сеніп, батырлық танытып, аманатты алуға келіседі.
Биік аспан, алып тау, жойқын дария, жарық күн-бәрі үнсіз қалғанда, Адам тәуекел етті. Аллаға жүрегін бұрды.
Сонда Алланың айтқаны мынау болды:
Ғылым менен ақылды бердім бұған
Бәрің бұған боласың құлақ кесті.
Иә, дүниенің кілті де, өмірдің көркі де адамға ғана берілген. Ақын осындай ізгілікті жырларды нөсерлетіп, адамдықты қолдап, халқына пайдасын тигізер мұра қалдырған.
«Иман тілдің ұшында емес, жүректің ұшында болуы керек» демеп пе еді ер Махамбет?!.
«Мұсылмандық кімде жоқ?
Тілде бар да, дінде жоқ» деп жырлауының мәні де осында.
Адалдық қасиеттерімізді сақтап, иманы мықты ел болуды аңсап, сол ұлылардың айтқан ақыл-өнегесін үлгі тұтып, бүгінгі таңда жастарымыз да өз өлеңдерінде «дін ислам-діңгегім» деп көңілге түрлі ой салуда.
Он күнәнің тоғызы тілден екен,
Сөз түзелсе, Иншаллаh, ел түзелер – деп жас ақын Мұхамеджан Тазабеков асыл сөз айтуға ұрпақты жетелесе,қазаққа иман, ислам түс көргенде немесе кісі өлгенде керек, басқа уақытта ажардан нұр кетіп, дүние құлқынын жаулап алатын жағымсыз қасиеттерді сынайды.
Бұл бір терең мағыналы өлең «жүрекке кіріп,бойды алатындай>> терең ойда жазылған. Абай атамыз айтқандай:
Адамзат-бүгін адам, ертең-топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.
Ертең қайда екенсің,білемісің,
Өлмек үшін туғансың, ойлан шырақ - деп, адамдарға үлкен ой салады.
Тірліктің мәні бар ма, сәні бар ма
Іште өлсе иман менен пікіріміз? – деп имандылықтың өте маңызды екенін, қасиетті екенін жеткізген.
Тағы бір Ербол Бейілхан деген жас қаламгер:
Өлім деген бір Аллаһтың қақпаны,
Құтқара алмас ағайының, досың да.
Бұл фәниде сүрсең де өмір ғаламат,
Шыбын жаның бір Аллаһқа аманат.
Іздеп-іздеп таптым оның дерегін,
Құранда екен менің барлық керегім.
Жалғыздықтан құтқаратын Құдірет,
Аллаһты іздеп келемін! – деп, иманды адам санасына сіңіріп, жүрекке ұялатуға тиіс деп санайды.
Мұсылманның әрбір өткізген күні-бақытты әрі сәтті. Ақыретпен салыстырғанда бұл дүниенің мәні тек қана саусағыңызды теңізге батырып қайта шығарғанда саусағыңызда қалған су тамшысы секілді. Адам теңізден қаншасын қолымен ала алатынына қарасаңызшы?! Иә, қысқа ғұмырда көп жақсылыққа жеткізер жүректе иман болса, ел болашағы да болады деп сенеміз.

Қорытынды

Балалық тазалық өлді,
Жүректің ақ нұры сөнді
Түзелмес мін емес бұлар- дегендей, пенде болған соң жаңылыс баспай тұрмайсың. Кейде білмей, кейде біліп тұрып жамандыққа ұрынасың, көңіл кірлейді, жанға жара түседі. Бұл дерттен құтылудың бір жолы- Алланың бар екеніне сену,иман келтіру.
Шыңдалған рух болса да, жаңарған жан болса да, басыңа не қаралы күн туса да, Аллаға тәуба, Аллаға мың-мың шүкір деп жатамыз.
Жақсылыққа үміт артқан күндеріміз үшін,
Жақсы менен жаманның жігін айыра алғанымыз үшін,
Басымызға түскен қайғыдан айырылу үшін,
Денемізге дерт боп жабысқан аурудан айығу үшін,
Өмір атты жаңа таңның арайлап атқаны үшін,
Өмірден шарқ ұрып іздегенімізді тапқанымыз үшін,
Әдепті, иман жүзді, әділ ұрпақтың өсуі үшін,
Қорғансыз кезде Алла бізді қорғағаны үшін,
Ғұмырыңның ерте үзіліп келте болмауы үшін,
Шаңырағың бақыт пен шаттыққа толғаны үшін-
Аллаға тәубә!
Иә, жас ұрпақ, күнәлі істерден тыйылып, адалдық жолын таңдау- бүгінгінің емес, ертеңіңнің еншіңе берер сыйы болатынын ұмытпа!

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Алтынсарин Ы. Қазақтың болыстық мектептері туралы записка.Таза бұлақ.А.,Жазушы,1988 ж.139 бет

2.ҚамзабекұлыД. <<Аңдату>>. Руханият.А.,Білім.1997ж 3бет 3.Өмірзаққызы Д. Мұхаммед пайғамбар өмірі мен өнегесі,Жұлдыз,№3,2001ж,123 бет
4.Әлімбаев М. Халық-ғажап тәлімгер.А.,Рауан,1994ж 14-15 бет
5.М.Мақатаев.Аманат.Атамұра,2002ж.
6.Абай Ι,ΙΙ том Жазушы,2005ж
7.Ш.Құдайбердиев.Шығармалары.Алматы Жазушы 1988ж
8.Нагим-Бек Нурмухамметов. Мавзолей Хаджи Ахмета Ясеви. Алма-ата <<Өнер>> 1980
9.Құран Кәрім Қазақша мағына мен түсінігі
Х.Алтай-Мәдине.Құран Шәриф.Басым комбинаты 1991 ж
10.М.Жұмабаев Сүй,жан сәулем. Өлеңдер мен поэмалар
Алматы.Атамұра,2002ж 256 б
11.Ш.Құдайбердіұлы. Иманым. Алматы. Арыс-2000жыл


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Материалы конкурса | Добавил: самгат
Просмотров: 1957 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Бұқар жырау Қалқаманұлы мен Дулат Бабатайұлының педагогикалық идеялары
Шалкиіз Жырау
Сот отырысындағы тәртіп
Қазақ тілін үйренуге талаптанатындарға арналған тест
Қазіргі қазақ жарнамаларының тілдік ерекшеліктері
Антонимдер
Миокард жасушасының электрлік белсенділігі
Мұқағали Мақатаев поэзиясының көркемдік жүйесі
XIX ҒАСЫРДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ҮШІН КҮРЕС ЖЫЛДАРЫ
Танымның әмбебап принциптері және жалпы ғылыми әдістері
Вакуольдер
Ұйқы мен түс көрудің психофизиологиялық механизмдері
Шығыс Қазақстан облысы
Графика в Бейсике
Балқаш аңызы