Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 31.10.2014
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Тарихи тұлғалар

Иммануил Кант
Скачать удаленно
КІРІСПЕ



Классикалық неміс философиясы ойлау, таным, рух, табиғат, тарих проблемаларын терең зерттеді; жалпы даму заңдарын ашып, диалектиканы даму жөніндегі жан-жақты және дәйекті ілімге айналдырды; философиялық методтар мен категориялар жүйесін, таным, ойлау, рух жөніндегі ілімдерді құрды. Сөйтіп, Кант, Гегель және басқалары философияны ғылым, логика, методология, гносеология, диалектика ретінде дамытты. Ғылым дәрежесіне жеткен философиянын мүмкіндіктерін ашып берді.

Классикалық неміс философиясы жалпы алғанда – идеалистік философия және мұнда идеализмнің екі түрі де дамып жетілген. ( V бъективтік идеализм ретінде Кант пен Фихтенің, ал объективтік идеализм ретінде Шеллинг пен Гегель ілімдерін қарастыруға болады. Сонымен, классикалық неміс философиясы - классикалық идеалистік философия.

Классикалық неміс философиясының елеулі жетістігі диалектиканы теория, метод және философиялық көзқарас ретінде жан-жақты дамытқаны. Бұрын айтканымыздай, диалектикасыз философия шынайы, өткір, сыншыл, пәрменді ғылым бола алмайды. Немістер диалектаканы теориялық тұрғыда негіздеп қоймай, таным процесінде шебер қолдана білді, жүзеге асырды. Диалектиканы дамыта отырып, Кант, Фихте, Гегель метафизикалық ойлау тәсілінін тайыздығын, сыңаржактылығын ашып, бұл көзкарасқа катты сокқы берді.

Неміс философтары философия меи ғылым үшін маңызы өте зор таным мен ойлаудың белсенділігі идеясын ұсынып, іс жүзінде оны негіздеп берді.

Таным мәселесіне айтарлықтай өз әсерін тигізген ол классикалық неміс философиясының өкілі Иммануил Кант. Кант философияда таным теориясында шынында да өзі айтқандай «Коперниктік төңкеріс» жасады.Одан кейін философияда таным туралы көзқарыс мүлде өзгерді. Материалистер таным процесін сыртқы дүниенің заттардың адам санасандағы жай бинеленеді деп түсінді. Кант материалистік таным теориясын сынай отырып, танымның, ойлаудың, субъиектің белсенділігін баса көрсетеді.





Иммануил Кант (1724-1804)



Қарапайым отбасының түлегі, әкесі теріден ер-тұрман, жүген, шідер жасайтын шаруа болған. Канттың гимназияға, кейін Кенигсберг университетіне түсіп, білім алуына Шульц деген пастор қол ұшын берген. Университетте Кант философия мен қатар жаратылыстану ғылымдарын (математиканы, физиканы, астрономияны, географияны және меднцинаны) тиянақты оқып, меңгереді. Белгілі грузин, кеңес философы М.К. Мамардашвилидің жазғанындай, біз үшін Канттың ілімімен, еңбектерімен бірге оның өзі, оның өмірі - сабақ аларлық. Бір қызық жәйт - Канттың өмірінде, дейді Мамардашвили, назар аударарлық ешқандай оқиғалар болмаған деуге болады. Өмір бойы бір қалада – Кенигсбергте тұрған. Шығыс Пруссия жерінен ешқайда шықпаған. Басқа жерлерден оны көруге, онымен сөйлесуге атақты адамдар оған келіп тұрған (Фихте, Карамзин т.б.), ал өзі ешқайда, ешкімге бармаған. Сөйткен адам, оқымысты кейін университетте өне бойы географиядан сабақ беріп, «Физикалық география» деген үш томдық еңбек жазған. Еш жерде болмаған адам калайша мұхиттар, теңіздер, кұрлықтар, таулар, жан - жануарлар жөнінде, әр түрлі халықтар, елдер, олардың салт-дәстүрлері, әдет - ғұрыптары, мәдениеті жөнінде мамандар күмән келтірмейтіндей мағлұматтар береді?! Ғажап емес пе? Канттың не нәрсені болса да көзімен көргендей, сол жерге, сол елге, өзі арнай барғандай көз алдына келтіре алатын, сол жерді, сол елді, сол нәрсені сонда тұрған адамдардай суреттей алатын ойлау қабілеті болған. Кант ойлау, киял қабілеті жөнінде кеп жазды, терең пікірлер айтты. Тектен тек емес екен. Канттың априорлық (латынша аргіогі-бұрынғыдан) ұғымдар, априорлық түсінік жөніндегі ілімі бар: адам санасында тәжірибеден тыс пайда болатын түсінік.

Кант өмір бойы үйленбеген, бала - шағасы болмаған. Бірақ бала оқыту, тәрбиелеу жөнінде аса құнды пікірлерге толы «Педагогика» деген еңбек жазған.

Кант жасынан шалағай, әлсіз, әлжуаз болып, бала кезінде көп ауырған. Тума - туысқандары, көршілері «бұл бала көп тұрмайтын шығар» деген ойда болған. Жоқ, Кант творчестволық табысқа толы ұзақ ғұмыр кешкен; ержеткен соң еш те бір ауырмаған. Бұл күйге ол өзінің табандылығымен, еңбекқорлығымен, езін-өзі шынықтырып, жетілдіруімен, қатаң тәртіппен (режиммен) жеткен. Ұзақ жылдар бойы бір мезгілде жатып, бір мезгілде тұрып, бір мезгілде серуенге шығуды әдетке айналдырған. Қала тұрғындары Канттың аскан ұкыптылығын, дәлдігін ескеріп, ол серуенге шыққанда, айталық, кешкі сағат 5-те, сағаттарын түзей бастайтын болған. Кант жөнінде біз: «ол өзін өзі жасады» деп айта аламыз.

Канттың өмірбаянын зерттеушілер оның асқан еңбекқорлығын атап көрсетеді. Күн сайын (Кант демалыс, мереке күндерін білмеген) 10-12 сағат студенттерге дәріс оку және ғылыммен айналысу Кант үшін үйреншікті әдет болған. Демалғанда шаршатқан бір пәнді (ғылымды), мысалы, математиканы қоя тұрып, баска пәнмен (логикамен), философиямен, физикамен т.т. мен айналысады екен.

Кант - жан-жақты ғұлама. Ол университетте жыл сайын 5-6 паннен сабақ беріп, әртүрлі ғылым салаларынан күрделі еңбектер жазған. Өзінін ерен еңбекқорлығының, дарындылығының арқасында қарапайым отбасында дүниеге келген Кант әлем таныған философ, ғалым, ұстаз болды, үш академияның толық мүшесі болды.

Әдебиетте Кант шығармашылығын екі кезеңге бөліп қарастыру дәстүрге айналды: 1770 жылдарға - сыни кезеңге дейінгі (докритический) және одан кейінгі сыни кезең (критический период). Алғашқы кезеңде Кант өз еңбектерінде жаратылыстанушы – ғалым ретінде танылады және объективтік дүние жөнінде материалистік тұжырымдар жасайды. Оның әйгілі бағдарламалық пікірі мынадай: «маған материяны беріндер, мен одан дүниені калай құру керек екендігін көрсетейін». Бізді қоршаған дүние, Канттың пікірінше, адамға тәуелсіз өз алдына объективтік реалдылық ретінде өмір сүреді. Бұл, - әрине, материалистік түсінік.

Кант өзінің аспан әлемінің механикалық заңдарға сай табиғи жолмен пайда болуы жөніндегі ғылыми тұжырымын «Аспанның жалпы табиғи тарихы және теориясы» (1755) деген еңбегінде жария қылады. Аспандағы планеталар бір кезде табиғи жолмен заңды түрде пайда болған, бір кезде олар жоқ болуы мүмкін; Күн де мәңгі жанып тұрмайды, түбі сөнеді; табиғат құбылыстарына тарихи тұрғыдан қарау керек деген диалектикалық тұжырым жасайды. 1754 жылы Кант бір еңбегінде «Жер физикалық тұрғыдан картая ма?» - деген мәселе көтереді. Кант жаратылыстану саласындағы еңбектерімен, дейді Энгельс, метафизикалық көзқарасқа түңғыш соқкы берді. Ағылшын философы А.Н. Уайтхед Кант жөнінде: егерде Кант барлық күш-жігерін философияға жұмсамағанда, ол аты әлемге жайылған ұлы физик болар еді - деп жазды. (Қара: Уайтхед А. Избранные работы по философии. М.:Прогресс, 1990, с. 199)

Кант бірақ ғылымда жаратылыстану саласымен шектеліп калмады. Оны қызықтырған тағы бір ғылым саласы философия болды. Философтың өзінің айтқаны бар: «өмір бойы мені екі нәрсе таңдандырумен келеді: төбемдегі жүлдызды аспан мен бойымдағы моральдық заң» (Кант И. Соч. в 6-т. М., «Мысль» 1965 ч. 1. с.499)

1770 жылдан бастап Канттың шығармашылық өмірінің екінші -«сыни» кезеңі басталады. Кант философиясын әдебиетте сыни философия деп атайды. Әңгіме неміс ойшылының өзіне дейінгі болмаса өз заманындағы философтарды, философиялық көзқарасты сынауы жөнінде емес: Кант теориялық және практикалык зердені, таным теориясын, адам санасында орын алып келе жатқан түсініктерді, бәрін де танып білуге болады деген оптимистік көзқарасты талдап, сын елегінен өткізеді. Осы екінші кезеңде Кант өзінің философиялық жүйесін құраған атақты сыни кітаптарын жазады: «Таза зердеге сын» (1781), «Практикалық зердеге сын» (1788) және «Пікір кабілеттеріне сын» (1790).

Кант ғылымда ғана емес, философия саласында да іргелі жаңалықтар ашты, өзі айтқандай, «коперниктік төңкеріс» жасады. Бұлай деп мәлімдеуге оның толық құқы болды.


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Тарихи тұлғалар | Добавил: Admin
Просмотров: 637 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Столыпин реформасы және қазақ шаруаларының тағдыры
Көрнекілікпен оқыту принципі жəне оларға байланысты оқу ережелері
Ферменттер (Энзимдер) жайлы түсінік
Инфляцияға қарсы саясат
Мағжан Жұмабаев -ағартушы педагог (1893-1938)
Қаржылық менеджмент
Шәкәрім Құдайбердиевтің педагогикалық көзқарастары
Әкімшілік мәжбүрлеу, жаза
Ішкі секрециялық бездер және олардың жіктелуі
Кәсіпорын салығы
Информатика сабағында дамыту технологиясын қолданып оқыту
Халық ағарту ісі
Сұранысты құру жолдары
Механиканың физикалық негіздері
Құқық қорғау органдары