Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 16.12.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Тарихи тұлғалар

Абай (Ибраһим) Құнанбаев
Загрузка...
Абай(Ибраһим) Құнанбаев

Қазақтың ұлы ақыны Абай(Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы, қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Өз әкесі Құнанбай, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай - бәріде Тобықты руларының билеушілері, ірі феодалдар болған. Абай Құнанбайды 41-жасында туған. Құнанбай көпәйелді болған. Үлкен әйелі қыздай алған Күнке. Бұдан туған баласы Құдайберді. Екінші әйелі-Ұлжан
Ол Құнанбайдың інісі Құттымұқанбетке айттырылған қалыңдық екен. Інісі өлген соң Құнанбай келінін алған. Бұдан туған балалары:Тәңіріберді, Ыбырай, Ысқақ, Осман;үшінші әйелі-Айғыз. Одан-Халлилолла, Ысмағұл деген балалары болған. Құнанбайдың төртінші әйелі-Нұрғаным. Бұдан бала болмаған.
Ұлжан мен Айғыз бір ауыл болып, Құнанбай осылармен тұрған уақытта, екі шешесінің ортасындағы тел баласы
Кішкене Ыбырай болады. Бұл екі шешесінен кейінірек Осман, Ысмағұл деген екі бала туған. Бірақ олардың жасы Абайдан едәуір кіші. Айғыздың үлкен баласы Халлилолла болса оқуда болды. Сондықтан Абай балалық шағын екінші баласының ортасында, жалғыз баланың халінде өткізген. Жас кезінен өлең, әңгімеге әуес Абай халықтың ертегі- аңыздарын тыңдап өседі. Ол алғашқы сауатын ауыл молдасынан бастайды. Содан соң оны әкесі он жасында Семейге оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабул-Жапардың, кейін Ахмет-Ризаның медресесінде оқиды. Болашақ ақын өзімен сабақтас шәкірттерден үздік оқиды. Мектепте жүргізілетін дін сабағын жеңіл үлгеріп, бос уақытын кітап оқуға, өз беті- мен ізденуге жұмсайды.
Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, өз қолына алады да, ел билеу әдісін үйретіп, өз үлгісіне бау- ли бастайды. Ел басқару ісінде өз орын басуға лайық, яғни өз орнымды басатын адам ол-Абай деп Абайдың әкесі ойлаған болатын.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



25.0Kb
Категория: Тарихи тұлғалар | Добавил: Admin
Просмотров: 1784 | Загрузок: 158 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Жасуша теориясы
Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
Жеке күйшілердің орындаушылық мектебі
Қазақстандағы камералық-аспаптың жанрдың қалыптасуы мен дамуы
Дербес компьютерде іс-қағаздарын жүргізу
Қонақ үйлердегі қызметтің түрлері және оның қонақ үйлермен байланыс...
Құранды түсіну
Батыр жырау - Қожаберген
Черногория мемлекеті
Аристотель
PowerPoint 2007 бағдарламасы
Мұстафин Ғабиден
Шал Мырза
Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бей...
Ахмет Байтұрсынов және қазақ терминологиясы