Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 21.9.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Тарихи тұлғалар

В категории работ: 199
Показано работ: 181-195

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Кекілбайұлы Әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.
Читать полностью

Категория: Тарихи тұлғалар

Әбдіжәміл Нүрпейісов Қазақстанның «Халық жазушысы», 1985 Әбдіжәміл Нүрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы Арал ауданының Құланды ауыл советіне қарасты Үшкөң деген жерде туған. Әбдіжәміл орта мектепті бітірісімен әскер қатарына шақырылып, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. Әдебиетке 1947 жылдан араласа бастады. Тұңғыш шығармасы – Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған «Курляндия» романы 1950 жылы жарық көрді. Жазушының күрделі туындысы «Қан мен тер» трилогиясы. Автор бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Арал, шалқар маңында болған қазақ ауылының тап тартысын суреттейді. Балықшылар өмірі жан-жақты баяндалады.

1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды ауылдық кеңесіне қарасты Үшкөң деген жерде туған.1942-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1956 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген, 1962-1964 жж. "Жұлдыз" журналының бас редакторы болды. Қазір халықаралық Қазақ ПЕН клубының президенті.Әдебиетке 1947 жылдан араласа бастады.

Әбділда Тәжібаев (1909-1998) Қызылорд қаласында дүниеге келген. Интернатта оқып, тәрбиеленген.

Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынын көкіреп ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтарм бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі – күллі әлемге танымал ұлы жерлесіміз - Әбу Насыр әл-Фараби.

Әбу Сәрсенбаев қазанда қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы (Теңіз) ауданы, Мақаш ауылдық округінің Алға ауылында туған. 1929 жылы Астрахань кеңес-партия мектебін бітіріп, 1932-1934 жж. Алматыдағы Комвузда оқыған. 1934- 1936 жж. "Түрксіб" газетінде редактор, 1936-1942 жж. Қазақтың мемлекеттік баспасын басқарды. 1942-1947 жж. Кеңес Армиясы қатарында қызмет етіп, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1947-1953 жж. Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасының директоры болды.

Әбубәкір революцияға дейін екі жинағын шығарса да, сондай-ақ өз заманының көрнекті ақындарының бірі бола тұрса да, оның шығармасы соңғы кезге дейін жөнді зерттелмей келді. Тегі Әбубәкірдің өлең-толғаулары Дулат, шортанб діні мен «ақ патшаның» «шарафаты» болған соң, көбінесе, ол жөнінде ат үсті сөз етіліп, жалпылама қорытынды жасалып жүрді.

1922 жылы 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Келінсүйегі деген жерде туған. Ауылдағы орталау мектепті бітіргеннен кейін, Алматыдағы Тау-кен институтының жұмысшы факультетінде, Семейдегі Абай атындағы қазақ педагогикалық училищесінде, одан кейін педагогикалық институтында оқыды. 1941-1945 жж. Қызыл Армия қатарында қызмет етті.

Науаи - өзбек халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекет қайраткері. Әлішер Науаи 15 жасында түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын белгілі ақын болды. Ғиратта, Мешхедте, Самарқанда оқып, логика, фило-софия, математика пәндерінен мағлұмат алды. өзінен бұрынғы Фирдауси, Низами, Дехлауи, Хорезми, Саиф сарал, замандастары Атаи, Саккакл, Лутфи, Жәми твор-чествосымен танысты. Оның ағартушылық көзқарас-тарының дамуы Фирдауси мен Низами еңбектерімен танысқан соң пайда бола бастады.

15 қазанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған.
Еңбек жолын Қарағандыда шахтер болудан бастаған. Сол кезден бастап алғашқы әңгімелерін жазған ("Заваль", "Еңбек ері - ел еркесі", "Зейнегүл").
"Лениншіл жас" газетінде бөлім меңгерушісі, "Әдебиет және искусство" (қазіргі "Жұлдыз") журналында редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.

Әлияның балалық шағы. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова 1925 жылы 15 маусымда Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Бұлақ ауылында Нұрмұхамбет Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында дүниеге келді. 1933 жылы анасы қайтыс болғағаннан кейін нағашы ағасы Әбубәкір Молдағұловтың отбасында тәрбиеленді.
– Оқу жылдары.1933 жылы Әбубәкір отбасымен Әулиеатаға көшіп барады. Сол жерде Әлия мен Сапура /Әбубәкірдің қарындасы/ №11 мектеп есігін ашты. 1935 жылы Әбубәкірдің Москвадағы Әскери-Транспорт Академиясына оқуға түсуіне байланысты, оның отбасы Москваға қоныс аударды.

Әлкей Хақанұлының бай мұрасы, әсіресе оның Отан тарихын зерттеуде ұстанған методологиялық принциптері ғылымдағы бүгінгі өзгерістермен ұштасып жатыр.
Қазақтар жайлы гуманитарлық ғылымның тұтас саласын ұйымдастырушы—іс дегенде тынымсыз, табанды да қайратты, сырттан қарасаң әрқашан сабырлы көрінетін өте сезімтал әрі жаны нәзік, тағдырдың небір шырғалаңы мен соққысын көрген ғалым Ә.Марғұлан еді.

Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша: تیمور لنگ‎‎ — Тимур-е Ләнг, Ақсақ Темір, Темірлаң) (1336—1405 жж.) — Орталық Азия жаһангері. Әмір Темірдің (Темуридтер) империясының негізін қалаған. Барлас руынан шыққан, Кеште туған. Қазір бұл Өзбекстанның Қащқадәрия облысының Шахрисабыз қаласы. Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді. Барластар Шыңғысханның жаулануы кезінде, қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға көшкен.

Әміре сахнада.Ол халық сыймай отырған залды бір шолып өтіп , домбырасына қарады.Әміре залдағылардың құлағын жарып кететіндей бір-екі айқай дыбыстар алды, бірақ тек бастауы екен.Онысы залдың дыбыс ерекшелігін байқауы дегені болу керек.Енді аз ғана уақыт өткенде әнші залды да,
онда құлаққа ұрған танадай болып тыңдап отырған көрер-менді де ұмытып кеткендей болды.Әміренің даусы күннің күркірегеніндей кейде аспанды жерге түсіріп дүрілдеп, кейде баяу соққан желмен қозғалған бидайықтың шашағындай сусылдап,сыбырлап кетеді,-дейді.1927жылы сәуір айын-
да Мәскеуде болған бүкілодақтық кеңестер құрылтайында шыққан концертке жазылған бір мақалада.Әміренің аты тек Қазақстан емес,бүкіл Одаққа,бүкіл Еуропаға әйгі болды.

Загрузка...
Предыдущая 1 2 ... 11 12 13 14 Следующая