Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
http://thai-time.ru/ мастера маникюра и педикюра.
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Әлеуметтану

Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары
Загрузка...
Қазақстандағы Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың басты бағыттары халықаларық тәжірибе мен қазіргі жағдайды талдауға негізделуі тиіс. Нарықтың талаптарға сай келетін және минималді шығындармен тұрғындарды көп қаптап қызмет етуде төленетін тұрақты стимулдарды қалыптастыратын жүйесін құру ұсынылады.
Жаңа жүйе аралас болуы керек, оған ынтымақтастық элементтерімен қатар тұрғындарды негізгі қауіптен әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету үшін еректі және міндетті сақтандыру жүйесі енеді.
Әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің басты міндеттері мен мақсаттары экономикалық өсуге ықпал ететін элементтерден тұруы керек.
Қауіпті жағдайлар кезінде барлық азаматтар әділ қорғау қызметін көрсету, тиімді ұйымдастыру және барлық тұрғындарды максималды толық қамтылуы тиіс.
Әлеуметтік саланы реттейтің заң әлеуметтік қауіптер негізінде құрылуы міендетті..
Әлеуметтік қорғау жүйесін мыналар жүзеге асыруы қажет:
1) әлеуметтік қорғау құқығы әрбір адамның қолы оңай жететіндей болуы керек. Бірдей әлеуметтік қауіп кезінде жұмыс тәжірибесі мен жалақысына қарамастан. Мемлекет берген төлемақының минималды көлемі барлығына бір деңгейде төленуі тиіс. Сонымен қатар, қосымша қорғау әрбір адамның жүйеге қатысуының мерзімі мен мөлшеріне байланысты болады;
2) әрбір азаматтың мемлекетіне тәуелділігін емес және жауапкершілігін арттырады. Барлық еңбекке қабиетті азаматтар өздерінің болашпғы мен отбасыларының жақсы тұрмысына жауапты болуға ұмтылуы керек;
3) төлемақы оны қажет ететіндерге және оған құқығы бар жандарға берілуы керек. Сонымен қатар, тиімді, әділ, жақсы басқаралатын аз шығынды және қарапайым болуы тиіс;
4) жүйенің негізгі кампоненттері тез реттелуі керек, Белгілі бір мерзімшінде тұрғындарды толық қамту.
Жоғарыда аталғандарды есепке ала отырып әлеуметтік қауіп негізінде әлеуметтік қорғау жүйесін ұйымдастыру қарастырылады. Оған қорғаудың мынадай элементтер кіреді:
1) әлеуметтік қауіпке байланысты барлық азаматтарға бюджет есебінен және жұмысшылар есебінен міндетті әлеуметтік сақтандыру;
2) жинақтаушы зейнетақы жүйесі;
3) белгілі бір азаматтар тобының бюджет есебінен қолдау көрсететің арнайы мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік көмек.
Сонымен қатар әлеуметтік қауіп төнген жағдайды ерікті сақтандыруды жүзеге асыратын азаматтар марапатталады.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің институционалды базасын әлемдік тәжірибе негізінде қарастыруда Қазақстан жағдайын ескере отырып аралас жүйені таңдау керек. Онда мемлекеттік және жеке институттардың мүмкіндіктері тиімді қолданылады.
Барлық әлеуметтік төлемді басқару мен бақылау үшін жеке теңестірудің жалпы мемлекеттік жүйесі және әрбір азаматқа жеке теңестіру кодын беретін мәліметтердің ұлттық базасы құрылуы тиіс.
Ана мен баланы кең көлемде әлеуметтік қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік қорғау жүйенің басымдықтарының бірі. Әлеуметтік қорғау жүйесін жүзеге асыруда әлеуметтік қауіп қатары кеңейді, ондай жағдайда әлеуметтік қорғау қажеттілігі туындайды. Демографиялық процестерді қалдау мақсатында бала туу мен тәрбиелеу әлеуметтік қорғауды қажет ететін жағдай ретінде қарастырылады. Қолдау мақсатында бала туылғанда берілетін төлемақы мен кәмелетке болмаған балаларды тәрбиелейтін отбасыларға қосымша төлемақылар енгізіледі.
Мүгедектік мәселесін шешу шаралары қарастырылады. Ол мүгедентердің негізгі құқықтары мен қызметтерін қамтамасыз ететін мемлекеттік стандарттарды енгізуді қажет етеді.
Әлеуметтік қауіптердің жеке бағдарламасын дамытудың, мүгедектердің интеграциясына көмек көрсетудің шаралары қарастырылады. Аталған ұсыныстар 2002-2005 жылдарға арналған мүгедектерге қатысты бағдарламада көрініс тапқан.
Нақты әлеуметтік көмек тек қажеттіліктің шынайы критерийлері негізінде тұрғындардың аз қамтылған тобына арналады. Сонымен қатар, белгілі бір әлеуметтік топ адамдары-соғыс ардагерлері мен мүгедектерде және көп балалы анадарды қосымша қорғауға бағытталған арнайы бағдарламалар жасалады.
Әлеуметтік қорғауды жүзеге асырудағы маңыздысы әлеуметтік нормативтер рөлін аттыру, минималды жалақының өмір сүру минимумы деңгейіне жетуі мен кезең-кезеңімен осуі болып табылады. Әлеуметтік төлемдер көлемі нақты әлеуметтік – экономикалық жағдайға қанес нормативтерге сүйене отырып есептеледі.
Әлеуметтік қауіпті азайту мен алдын алу мақсатында мемлекет бірқатар шаралар қолданады. Жұмыстан айырылу қаупінің алдын алу үшін және азаматтардың тұрақты жалақы алатын еңбек жағдайын қалыптастыру мақсатында мемлекет жаңа жұмыс орындарын құру бағдарламасын жүзеге асырады.
Тұрғындар өмрі мен денсаулығына қатер төндіретін қауіптің алдын алу
үшін еңбек заңдылықтары мен еңбек қорғау заңының орындалуын қадағалайтын мемлекеттік бақылау күшейтіледі.
Мүгедектік қауіпін азайту мақсатында медициналық көмек көрсету жүйесі және оны қаржыландыру мен жүзеге асыратын механизмдері қарастыралады.
Әлеуметтік сақтандыруды енгізу негізінде төлемақы төлеу принциптері жасына байланысты мемлекеттік төлемақы алушыларға, асыраушысынан және еңбекке қабілеттіліктен айырылған жағдайда өзгермейді.
Әлеуметтік қорғау жүйесіне жас азаматтарды ғана емес, сонымен қатар еңбекшілердің кәсіби одағын, Үкіметтің әлеуметтік қызметкерлерін жұмыс берушілер ұйымын қатыстырылуы тиіс.. Себебі, әлеуметтік қорғау жүйесі жұмысшылар мен жұмыс берушілер есебінен қаржыланады.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Әлеуметтану | Добавил: Admin
Просмотров: 2325 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Әбілғазизұлы Арынғазы
Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы
Жамақұлы Бейбарыс
Бұқаралық ақпарат құралдары
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Абай шығармаларындағы нәзирагөйлік дәстүрдің зерттелу жайы
Ислам әлемінің мәдениеті
Отбасы түрлері
Германия
Бақытжан Қаратаев
Абыл Тілеуұлы
Ақан сері Қорамсаұлы
Бәсентиін Малайсары батыр
Шәмші Қалдаяқов
«Абай жолы» романындағы тарихи шындық эволюциясы