Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Әлеуметтану

Алаш мүддесі
Загрузка...
Қазіргі таңда азат ұлтпыз,кемеліне келген ұлтпыз деуге толық қақымыз бар. Оған мүмкіндік беріп,жол салған-Алаш мұраты және алаш ардагерлері.
«О баста Алаш идеясының, Алаш мүддесінің ұйтқысы - жердің жалпықазақтық меншікке көшуі, мемлекеттік дін мен тілдің үстемдігін орнату, ғылымға сүйенген мемлекет құру, жер асты,үсті байлығы жергілікті ұлттың құзырында болу, игілігін қазақ ұлтының көруін қаматамсыз ету болды» [2-24б] Ал мұның барлығы кейін алаш ардагерлеріне қара күйені жағып, «әр түрлі айыптар тағылып», ату жазасына кесілуге алып келді.
Ел болып бірігу үшін үлкен ортақ мүдде керек болды,ұлттық азаматтық тұтастыққа қол жеткізу керек болды. Осы орайда алаш ардагерлері,исі алаш қауымы бірі ағалық,бірі інілік жолмен «Алаш баласы» болып,туыстық жүйе құрды. Сондықтан да Алашорда үкіметі – елдіктің, мемлекеттіліктің белгісі, қазақ халқының ең басты «ескерткіші» деуге әбден болады.
Алаш ұғымы әлі күнге дейін қазақтан ажыраған жоқ. Әлихан Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары Алаш атын жаңғыртып, биікке самғатып кетті. Елдің өзі де осыған мұрындық, бастама жасады. 1918 жылы Мәскеу Алашорданы үкімет деп мойындаған. Бұл хабарды алғаш естігендер Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов болды. Олар іле-шала исі алаштан сүйінші сұрағандай, алақайлап хабар жаза бастады.
Өмірі,қазақ-қазақ болғалы көрмеген қуаныш басына келіп, осы сәттен бастап-ақ халық өз билігін өзіне алды. Кеудесінде жаны бар,денесінде қазақтың қаны бар, жүрегінде алаштың намысы бар, ары бар «алаштың балалары» бастарын көтерді, «Алаш», «Жаса Алаш» деп атойлады. «Торлаған тұманнан жол таппай тұрған халқын сүйреген күш Алаш қозғалысы еді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,М.Дулатов, М.Тынышбаев сынды дүлдүлдер бастапқыда осы қозғалыстың тұлғалық-интеллектуалдық әлуетін сомдаса, іле-шала Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин,Т.Рұсқылов,С.Сәдуақасов, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, тағы басқалары ары қарай әрлендірді. Саяси және таптық ұстанымдары әр қилы осы азаматтардың бәрі ұлтшыл, ұлтжанды, ұлты үшін білімі мен білігін, күш-қуатын жұмсады, тіпті құрбандыққа да барды» [1-18б].
Алаш қозғалысына бастама болған оқығандар мен зиялылар көп емес те еді. Ал отарлаушылар оларды қайтсе де уысынан шығармау үшін құйтыртқы саясат жүргізіп, араларына от тастау,жала жабу, арандату,жанжалға итермелеу, әрқилы амалдарын іске қосты. Осыған қарамастан алаш зиялылары өз қарақан бастарын бәйгеге тігіп, ұлт азаттығын ұлы мүддеге, мақсатқа айналдырды, ұлт мүддесін ту етіп көтерді.
Осы ретте алаш ардагерлері ұлы істерге жұмылды, қоғамдық-саяси,шығармашылық ізденістерге толы болды. Бар жан-тәндерімен ұлттық идеяның бастау-бұлағына енді, қайтсек те туған халқының бұлыңғыр болашағына «сәуле» шашамыз, жан төзгісіз ауыр халден еш бейқамсыз,рахат өмірге алып шығамыз деген арманмен, мақсатпен, зор үмітпен қызмет жасады. Қаншама жыл отарлау саясаты, қорлық пен зорлық халықтың дүниетанымына, мінезіне, өмір салтына, шаруашылығына орасан зор нұқсан келтірді, еңсесін түсірген еді. Осы ретте ел болып бірігу үшін үлкен ортақ ұлы «тұлға», идея, прогрессивті идея керек болды. Қазақ қауымы Алаш идеясына жүгінді, бұл – қазақ халқы үшін өзекжарды ұлттық идея болды. Оянған халық алды-артын бағамдау қасиеттеріне ие болып, жақсы мен жаманды айыра білді.
20 ғасырдың басында Алаш қайраткерлерінің қоғамдық саяси қызметі арқасында тарихмызға мүлдем жаңа әлеуметтік саяси күш шықты. Бұл қазақ зиялылары болатын. «Олар қоғамдық саяси күреске араласа отырып, азаттық пен әлеуметтік-ұлттық теңдік үшін күрестің бағдарламасын ала келді. 14 мың адамның қолы қойылған қазақ өміріне, қазақ ұлтының мүддесіне байланысты үлкен мәселелер көтерілген бұл құжат ұлт-азаттық қозғалысының ең алғашқы бағдарламасы еді. Сол уақыттан бастап Әлихан Бөкейхан бастаған қазақ зиялылары патшалық билікпен ашық күреске түсті. Осы саяси күрес барысында олар мүлдем жаңа әдіс-құралдарды пайдаланды (Газет шығару, жұрнал бастыру, кітаптар шығару)» [1-21б]. 20 ғасырдың басындағы қазақ зиялылары шығарған кітаптарда қазақ азаттық қозғалысына не керек екенін, қандай мақсат-мүдделерді көздейтінін анық көрініп тұр.
1917 жылы қазақ халқының өмірін дүр сілкіндірген бірнеше ірі оқиғалар болып өтті. Олар: ұлт тарихындағы тұңғыш саяси ұйым - Алаш партиясының өмірге келуі; Ресей империясы құрамында Алаш автономиясын құру туралы ұсыныстың жария етілуі; Алаш автономиясының Ұлттық Кеңесі - Әлихан Бөкейхан бастаған Алашорда үкіметінің құрылуы еді. Осы тұрғыдан алғанда Алаш қозғалысы дегеніміз, бұл - ұлт-азаттық қозғалыс, ұлт өмірімен мәңгі бірге болатын ұлттық идея. Алаш зиялылары ұлт-азаттық қозғалыстың басқарушы күші, тобы болатын. Осы тұрғыдан алған уақытта Алаш қозғалысы қазақ тарихында терең із қалдырды.
Осыған қарамастан империялық билік тым күшті болатын. Империялық билік қазақ халқын ғана емес, сол кездегі Ресей империясының құрамындағы басқа ұлттарға да мемлекеттік теңдік, бостандық берген жоқ, өзге халықтарға мемлекеттік тәуелсіздік беруден бас тартты. Екіншіден, Мұстафа Шоқай айтқандай, Алаш зиялылары белгілі дәрежеде саяси күресте тәжірибесіздігін байқатып алды. Ол сол кездегі халықтардың азаттық қозғалысына тән қасиет болатын [2-26б]. Дегенменде, Алаш идеясы мен қозғалысы жасанды, өткінші құбылыс емес. Ол қазақ ұлтымен бірге өмір сүретін, ұлт өмірінен нәр алған құндылықтар жиынтығы. Қазіргі таңда Алаш идеясының қайта жаңғырып, өзекті тақырыпқа айналуы оның өміршеңдік сипатын айғақтайды.
Алаш идеясының өзегі - ұлттық мемлекеттілік. Әлихан Бөкейхан айтқандай, мемлекеттігі жоқ халық - жетім, жетекшіл халық. Міне, ұлт тарихындағы Алаш қозғалысының орны, әрине, осы тұрғыдан анықталатыны хақ. Және де Алаштың қазақ интеллектуалдары ұсынған бағдарлама кеңестік билікке балама ретінде ұсынылды. Оны да мойындамасқа болмайды.
1917 жылы бүкіл қазақ даласын қамтыған съездер болып өтті. Осы съездердің шешімімен барлық қазақ облыстарында Қазақ комитеттері құрылды. Ал Қазақ комитеттері болашақ ұлттық мемлекеттіктің негізі, бастау көздері болатын. Ол сол тарихи кезеңде қазақ қоғамына өз мүддесін қорғауға және сақтауға мүмкіндік беретін бірден - бір күш бар болғандығын көрсетеді. Алаш зиялылары осы күшті іске қоса білді [1-30б]. Өкінішке орай, кеңестік билік оны жойды, Алаш зиялыларының мақсаты мен ұстанымын бұрмалап көрсетуге көп күш салды.
Билік пен халық арасындағы үйлесімділік - бұл Алаш зиялылары аңсаған мақсат болатын. Кеңес үкіметі, партиялық органдар қаншалықты қаталдық жасап, қырағылық көрсетсе де алаш идеялары, ұлттық азаттық рухы, тәуелсіздік сарындары, әсіресе әдебиетте, өнерде, ғылымда жойылып кеткен жоқ. Сондықтан бұл жерде біз Алаш қозғалысын жеңіліп қалды деп кінәлай алмаймыз. Алаш қозғалысы ұлттық мүдде үшін күрестің үлгісін танытты. Осысымен бізге бағалы.

Әдебиеттер:
1. «Абай» журналы 4/2008 Х.Әбжанов. Алаш қозғалысындағы ұлттық идея эволоюциясы.
2. «Абай» журналы 1/2009 ж. Артықбаев. Ежелгі Алаш тарихынан.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Әлеуметтану | Добавил: Admin
Просмотров: 3300 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Сейфуллин Сәкен
Қонақ үй қызметтері сапасын басқару мәселелері
Компьютерде іс жүргізудің ерекшеліктері
Мыңзықұлы Еділ (Аттила) қаған
Жамбылдың ұстазы еді Майкөт ақын
Түмән ұлы Мүде қаған
Құранды түсіну
Дулатов Міржақып
Туыстық қарым – қатынастар
Денсаулық - басты байлық
М.Мағауин
Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігі арасындағы қатынастар
Жүрек қызметінің көрсеткіштері
Әуезов Мұхтар Омарханұлы
Музыка пәнін қазақ ұлттық аспаптар арқылы үйрету