Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Химия

Жаңа ақпараттық технологияның дидактикалық ұстанымдары
Загрузка...
Технология кез келген ғылымның (оның ішінде химия пәнінің де) ажырамас бір бөлігі. Алдымен технология сөзінің мағынасын айқындап алайық. Бұл ұғым 1872 жылы әлемдік техника мен ғылым жетістіктерінің алғаш өркен жая бастаған кезеңдерінде ендірілді. Латын тілінен аудармасы «технос»-кәсіп, өнер, шеберлік; «логос»-«ілім», «ғылым», «пән» деген түсініктерді аңғартады.[3,8]
Білім беру жүйесінде де кезінде жаңа технология түрінде қабылданып, өз дәуірінде барлық ғылымға елеулі үлес қосқан.Біздің қазіргі «жаңа технология» деп жүргеніміз де бұрыннан қолданылып келе жатқан оқыту әдістерінен бастау алып, жалғасын тапқан, толықтырылып өңделген педагогикалық технологиялардың жаңа үлгісі.[4,6]
Жаңа ақпараттық технологияға ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр. Мысалы: Н.Макарова «Жаңа ақпараттық технология-қысқаша компьютер негізіндегі технология» деп тұжырымдайды.[5]
М.Жалдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді: Ол «Жаңа ақпараттық технология – адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы» дейді.[9,5]
Білім берудегі тез қарқынмен компьютерлендіру өзектілігі мына факторлармен түсіндіріледі.[10]
– Оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу.
– Оқушылардың коммуникациялық техниканың құралдарын пайдалану дағдысын қалыптастыру.
– Оқушылардың шығармашылық қабілетін, экспериментальды іскерлігін дамыту.
– Компьютер жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде пайдалана отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейін жетілдіру, тиімділігі мен сапасын жоғарылату.[13]
Қазіргі кезде танымдық қажетсіну ол- жаңа ақпаратты қажетсіну дейміз. Ендеше компьютерлік, ақпараттық техника мен технологиялар ақпараттандыру мен жаһандау кезенінде оқушылардың танымдық әрекеттерінің артуына, білім мазмұнындағы негізгі компонент оқу пәнін тереңірек меңгеруге себін тигізеді.[26,17,20]
Оқу әдістемелік құралдар жасау технологиялары дамып отырғанда оны оқу процесіне енгізу басты шарттың бірі. Ғылыми әдебиеттерде технология түсінігіне уақыт өткен сайын әр түрлі анықтамалар беріледі. Оның ішінде «Технология-бұл қоғамдағы практикалық процестердің техникамен реттеліп отыратын және материалдық дүниенің заңдылықтарымен анықталатын, техникалық құралдармен түсіндірілетін объектінің өзара әрекеттесуінен туындайтын процесс »
Қазіргі кезде оқу ақпаратының ең ауқымды кең тараған формасы (технология деп те атаймыз) – Интернет жүйесі арқылы ақпарат алу.[23,29]
Зерттелінген ғылыми-педагогикалық, техникалық әдебиеттерден «Компьютер» ұғымына төмендегідей анықтама берілген. Б.Бөрібаев «Компьютер» есептеуіш (computer түбірі лат.compute-санау, есептеу), компьютер,вычислитель есептеу жұмыстарын атқару мен ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған техникалық құралдар кешені. Компьютер –ЭЕМ- нің ғылыми жәнеғылыми көпшілік әдебиеттерден (негізінен ағылшын тілінде) қабылданған атауы. Компьютерлендіру-computeruzation- компьютеризация, компьютерлік қызмет көрсету өнеркәсібінің даму процесі және оны қоғамда кеңінен пайдалану кәсіпорындарда мекемелерді және оқу орындарын компьютерлік техникалармен жабдықтау және оны қолдану саласында тұрғындарға жалпы білім берудің деңгейін арттыру.[11,19]
Технология терминінің түсіндірмесі әрқилы. Егер қазіргі кездегі баспасөз материалдарына жүгінсек, бес бағытқа бағдарланған елуге жуық технологиялар ғылыми түрде негізделген екен. Олар: қалыптасқан оқыту жүйесі, жетілдірілген технологиялар, баламалы технологиялар, дамыта оқыту технологиялары және авторлық мектептер. Олардың әрқайсысы ғылыми тұжырымдамаларға негізделген мазмұны мен әдістемесінде ерекшеліктері бар, үрдістің мәнін түсіндіре алатындай құралған.Педагогикалық технологиялардың құрылымы мынандай болуы тиіс:
а) Тұжырымдық негізі;
ә) Оқытудың мазмұндық бөлімі:
• Оқытудың мақсаттары жалпы және тікелей;
• Оқу материалының мазмұны;
Б) Іс әрекет (үрдістік) бөлімі технологиялық үрдіс:
• Оқу үрдісін ұйымдастыру;
• Оқушылардың оқу әрекетінің әдістері мен түрлері;
• Мұғалімнің материалды меңгерту үрдісін басқарудағы іс әрекеті;
• Оқу үрдісінің диагностикасы.[2,4,10]
Ал, технологияға қойылатын әдіснамалық талаптардың критерийлері мынандай болуы тиіс:
1. Концептуалдық (тұжырымдамалығы) белгілі бір ғылыми концепцияға сүйену.
2. Жүйелілігі үрдістің логикасы (ой ізділігі) барлық бөлімінің өзара байланыстылығы біртұтастылық.
3. Басқаруға икемділігі диагностика, жобалау, сатылы диагностика, коррекциялау мақсаты мен құралдар мен әдістерді жинақтап қорыту.
4. Тиімділік конкуренция жағдайында жұмсалған күш, әрекеттердің тиімділігі, белгілі бір оқыту стандартына жету кепілділігі.
5. Қайта жаңғырту басқа бір білім беру мекемелерінде басқабір адамдардың қолдану мүмкінділігі.[19,21]
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Химия | Добавил: Admin
Просмотров: 1838 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі
Құранды түсіну
Жыр жампозы - Жамбыл
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның құқықтық дамуы
Өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша Емтихан билеттері
Ыбырай Жақаев
Байжанұлы Жаяу Мұса
Неологизмдердің жасалу жолдары
Программалу тілдері және негізгі классификациясы
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Нығмет Сауранбаев
Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар
Германия
Әбілқайыр әулетінен шыққан өнерпаздар
Экоголияның экономикалық мәселелерді шешудегі орны