Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Химия

Компьютерлік технологияны қолданудың оқушылардың танымдық-ізденушілік қабілеттерінің әсерін анықтау
Загрузка...
Практикалық зерттеулердің нәтижесінде оқушылардың зерттеу қызметінің даму әдістемесінің жақсы жақтарын атап өту керек. Мысалы: электронды оқулықты қолдана отырып, оқушылардың бойында практикалық дайындық қалыптасуы, ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастырып, коммуникативтік қабілетін дамытады, «ақпарттық қоғамның » жеке тұлғасын дайындайды; берілетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін жеткізеді; зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастырады.
Жалпы ақпараттық технология арқылы химия пәнін оқыту арнайы мектепте мынандай міндеттерді қамтиды:
─ ойлау қабілетін дамыту;
─ дайын бағдарламаларды қолдана білу шеберлігін арттыру;
─ оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу.
Өз іс-тәжірибемізде сабақ үрдісінде мынандай айғақтарға сүйендім:
1. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
2. Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру.
3. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
4. Компьютер арқылы, оқушының жеке тұлғасын дамыту.
Сонымен қатар, сабақты түрлендіріп, қызықты өткізуге көмектесетін, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын компьютерлік құраушыларды пайдалану өте тиімді.
Ғалымдар пікірін, өзіндік іс-тәжірибені жалпылай келе компьютерлендірудің оқушылардың танымдық-ізденушілік қабілетінің әсерін анықтадық. Оны 11 -суреттен көруге болады.

Компьютерлендірудің оқушылардың танымдық-ізденушілік қабілетінің әсері

11 – сурет. Компьютерлендірудің оқушылардың танымдық-ізденушілік қабілеттерінің әсерінің көрсеткіштері

11 - суреттен оқу арқылы ақпараттың 10% , тыңдау арқылы 20%, тыңдау көрнекі құралымен ұштастырылса 40% оқу процесінде де оқушы белсенділігін арттыратын мүмкіндіктер жасалса, білімнің 70% есте сақталады екен. Нағыз өмір шындығымен ұштастырылған ақпараттың бала ойында қалу дәрежесі 90%.
Олай болса, компьютерді жеке тұлғаны дамытудың тамаша құралына айналдыру шешімін күтіп тұрған өзекті мәселе деуге болады.


Қорытынды

Компьютердің оқушылардың өзіндік дамып жетілуіне ықпал ететін құрал ретінде тиімді пайдалансақ, оқушыны соған үйретіп, баулысық, сонда ғана мемлекет жүзеге асырып отырған компьютерлендіру үрдісі нәтижелі болады.
Ендеше компьютерлік бағдарлама тек қана оқытуға ғана емес,оқушылардың жалпы дамып жетілуіне, психикалық ерекшелігіне, темпераментіне, ойлау қабілетінің дамуына, есту қабілетін дамыту және сөйлеу тілін жетілдіруге де көп әсерін тигізеді.
Мен, Семей қаласындағы №37 мектеп – гимназиясының 9 Г және 9 А сынып оқушыларының білімін зертеуге алдым. Ол уақытта 9 А сыныбында дәстүрлі оқу әдістемесі қолданылып оқытылды. Ал, 9 Г сыныбында электрондық оқулықты қолданылып оқытылды. Осы зерттеу нәтижесінде 9 А сыныбы 75,62% және 9 Г сыныбы 89,96% көрсетті. Бұдан біз электронды оқулықты қолдану арқылы өткізілген сабақта оқушылардың білім сапасы өсіп, олардың пәнге деген қызығушылығы арта түскенін көрдік.
Қазіргі уақытта қоғамды ақпараттандыру мемлекеттік саясаттың негізгі элементтерінің біріне айналып отыр. Қоғамды ақпараттандырудың негізгі іргетасы білім беруді ақпараттандырудан басталады.
Әрине, менің ойымша, ең алдымен ұстаз «Компьютер» атты білім мен тәрбие берудің, дамытудың алып күшін ой елегінен өткізе, тиімді пайдалана білуі қажет. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының мемлекеттік құжаттарында да, айқын көрініс тапқан. «Қазақстан Республикасының-2030» бағдарламасы, Білім беруді ақпараттандыру бағдарламасы компьютерлік технологияларды білім саласында кең қолдану ісін датытуға көп көңіл бөліп отыр. Ендігі бағыт-сол компьютерді тұрақты жұмыс істейтін күйде ұстап, білім саласында жаңа технологияларды пайдаланып, кез келген пән мұғалімдері электрондық оқу құралдарын даярлау, қолдану ісін жұмылдыру ісімен жалғасуы тиіс. Перзентіміз басты Білім жүйесін ақпараттандыру ісін ары қарай дамыту, барлық пәндер бойынша компьютерлік оқулықтарды кеңінен оқу үрдісіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылады.
Бұл ХХІ ғасырда бүкіл мұғалімдер мен оқушылар үшін көкейкесті мәселе. Қорыта айтқанда, мектеп оқушының танымдық қызығуын тудыруы мен ойлау белсендігін арттыру керек.
Егемен еліміздің болашағы жас ұрпақтын қолында десек, неге оларды заман талабына сай тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатпасқа. Оқытушы қауым химияны оқыту әдістерінде жаңа ақпараттық технологияның тиімді жағын пайдаланар деген мақсатпен дипломдық жұмысымды аяқтағым келіп отыр.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Химия | Добавил: Admin
Просмотров: 1689 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару органдарымен төленетін ...
Ілияс Жансүгіров
Ұлытау мұражай қорығы
Ғарифолла Құрманғалиев
Құранды түсіну
Бетховен. Фортепианолык сонаталар
Депозиттерді тарту және қайтару есебі
Қазанғап күйші
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Мәшһүр Жүсіп
Мәлімет алмасуды ұйымдастыру
ЖИТС-21 ғасыр дерті
Иса Байзақов
Халық ауыз əдебиеті
Сапарғали Бегалин - халықтың сүйікті жазушысы