Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Химия

Компьютердің оқушы білімін тексерудегі ролі
Загрузка...
Компьютер үрдісін басқарудың икемділігін қамтамасыз ете отырып, оқушылардың іс әрекетін бақылаудың сапасын өзгертеді. Дәстүрлі оқытудың негізгі кемшілігі-оқу іс - әрекетінің маңызды кездерін бақылаудың мұғалім үшін мүмкін еместігі. Сынып оқушыларымен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушыларыдың әр қайсысының орындаған барлық тапсырмаларын тексере алмайды, ал дер кезінде түзетілмеген қателер игерілетін білім туралы кері пікір тудырады, ал бұл қателерді түзету кейіннен өте қиын.[1,15]
Компьютер барлық жауаптарды тексетуге мүмкіндік береді, ал көпшілік жағдайда ол қателерді көрсетіп қана қоймай, оның типін анықтап, дер кезінде оның пайда болу себебін көрсетеді. Оқу үрдісін компьютер көмегімен басқару диапазоны өте кең: оқушының сұрақ қоя алу мүмкінділігінен оқыту стратегиясын, тапсырмалардың қиындық деңгейін, көмек мөлшерін, кейбір жағдайда оқу материалын түсіндіру ретін таңдауға дейін. Оқушы тапсырманы орындау барысында өзі қажет ететін көмекті дер кезінде алу өте маңызды. Бұған дейін ешбір оқыту құралы мұндай мүмкіндікке ие болған емес.[24,13,9]
Компьютер оқушыда өз іс - әрекетінің рефлексиясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Ең алдымен, компьютер оқушыға өз іс-әрекетінің нәтижесін көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді.[3]
Мұғалімдердің оқыту барысында сабақ түсіндіру, бақылау алу, тапсырманың орындалуын қадағалау, бағалау, білім мен іскерлікті игеру деңгейлерін анықтау сияқты басқару жұмыстарының шығармашылық іс-әрекетке көшуіне алып келеді.[2,6]
Компьютермен өткізілген әрбір сабақтан соң оқушы тест, бақылау жұмыстары арқылы өз білімін бекітеді. Бала өз білімін өзі тексере алады. Бұдан соң оқушының өзінің өз бетінше оқуға қызығуы артады, өз білімін көтеруге ұмтылады. Әр пән мұғалімі оқушылардың білім деңгейін өлшеу жүйесі: тест, бақылау жұмыстары тәжірибелік тапсырмалар әзірлеуді дәстүрге айналдырып келеді. Бұдан өзге компьютерлерде тапсырма жасылған үлестірмелер, сөзжұмбақтар, өзара тексеру парақтарын дайындайды. Түрлі терминдер сөздіктері жасалынды.[5,8]
Компьютерді қолдану барысында ұстаздың әр оқушымен жеке жұмыс жасауға, әр қайсысына әртүрлі тапсырмалар беріп, барлық оқушы білімін бағалауға толық мүмкіндігі болады, кімнің қай тақырыпты жақсы меңгергенін немесе қай жерде білімнің осал екенін дөп басып, көмек көрсете алады.Әр оқушы өзі еңбек етеді, кейбір жағдайдағыдай тақтадан немесе жанындағы оқушыдан селсоқ көшіріп отырмай, жаттығуды өзі орындауға тырысады. Сабақта компьютерді пайдалану оқушыны шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйретеді. Оқушы мен ұстаз қызметінде ақпараттық мәдениет қалыптасады. Сонымен қатар, оқушы психикасы мен ойлау қабілетіне де игі әсер ететіні сөзсіз.[4,22,7]
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Химия | Добавил: Admin
Просмотров: 1035 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Б. Адамбаев - фольклортанушы
Шоқай Мұстафа
Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасуы
Бейімбет Майлин
Қазақтың ұлы ақыны - Абай
Әбілқайыр әулетінен шыққан өнерпаздар
Жабаев Жамбыл
Жыр жампозы - Жамбыл
Неологизмдердің жасалу жолдары
Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы...
Түркі халықтарының Ислам дүниесіндегі орны
Экоголияның экономикалық мәселелерді шешудегі орны
Программалу тілдері және негізгі классификациясы