Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Химия

Химияны оқытуда интернетті тиімді пайдалану
Загрузка...
Химия және химиялық білім саласындағы мәліметтер мөлшері, кез-келген басқа саладағы секілді күнен күнге көбейіп жатыр. Бүгінгі таңда біз желінің көмегімен мәліметтерді іздеуді, өндеуді, сақтауды және таратуды жүзеге асыруымыз ыңғайлы, сенімді және тез болып табылады. Жаңа ғасырдағы маманға өзінің кәсіби білігімен қатар жалпы әлемдік ақпараттық ағымда қажет мәліметті тауып, өңдей білу, олардың негізінде дұрыс шешім қабылдай білу қажет. [2,8]
Интернет желісінде ғалымдарға, ұстаздарға, студенттерге, орта мектеп ұжымына арналған әр түрлі сайттар мөлшері күннен күнге көбеюде. Желіде жұмыс істеу барысында көптеген сайттарды кездестіруге болады. орта мектептегі химия пәні мұғалімін қызықтыратын қазақ және орыс тіліндегі сайттарды сіздердің назарларыңызға ұсынсақ. Бұл сайттардан: химиялық білім беруге қатысты нормативті құжаттарды, әдістемелік құжаттарды, бағдарламаларды, оқулықтарды және оқу құралдарын (электрондық түріндегі), практикумдар, кызықты тәжірибелер, анықтамалық мәліметтер, периодтық кестелер, мерзімді басылымдар, баспаға шығарылуға жоспарланған кітаптар тізімін, кітап сататын дүкендердің мекен-жайын және т.б. көптеген ақпарат таба аласыздар. Мұғалімдер Интернет желісіндегі окушылармен жұмыс істеуге және өзін-өзі оқытуға арналған мәліметтер таба алады. Бұл сайттар бір-бірінен өзінің нақтылылығымен, дәлділігімен, қолданудағы ыңғайлылығымен, қолдану сапасымен ерекшеленеді. Олардың өзіне тән ерекшелікгері бойынша жіктеу өте қиын. Біріншісі көптеген салаларды қамтыса, екіншілері тек арнайы мамандарға ғана қажетті болуы мүмкін.
Әр сайттың мазмұнын толығымен баяндау мүмкін емес, өйткені, ондағы мәліметтер мөлшері өте көп, сондықтан олардың тек желідегі мекен-жайын және қыскаша сипаттамасын біле аламыз. [9,13]

Химиялық сайттар
Халықаралық сайттарда (электронды беттерде) химия пәні мүғалімі оқушылармен жұмыс істеуге колданылатын мәліметтерді пайдаланып, өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндігі мол. Бұл желілік ресурстардағы мағлұматтардың нақылығы, сапасы, қолдану жағдайлары әркелкі және Интернеттегі мәлімет әрдайым жаңаланып тұрады. Сіз өзіңізге қажет мәліметті тергенде интернеттегі іздеуші машина енгізген сөзіңіз бойынша көптеген әр түрлі мәліметті береді. Бұл кезде белгілі бір ережеге бағынуымыз қажет. [2,9,14]
Ең сенімді интернет-ресурстар ірі ұйымдарға қарасты. “СhemNet” желілік ресурсындағы мәліметке М.В. Ломоносов атындағы МГУ-дің химия факультеті деканы, РҒА академигі В.В. Лунин жауапты. Ал жекеменшік желілік ресурстар ішінде олардың негізін қалаушылардың есімдері, фотосуреттері беріледі. Әдеби шығармалардың авторлары лақап атымен жазылса, химиялық мәлімет таныс емес немесе кез-келген есіммен жазылған болса, оның берілген мәліметіне толық сенім арттыруға болмайды. Қазіргі мектептерде мұғалімге қарағанда оқушылар интернет мәліметтерін жақсы меңгерген. Егер мұғалім интернет желісіндегі мәліметті сабақта пайдаланғысы келсе, мұғалім оны оқушыларға ұсынбай, алдымен өзі тексеруі тиіс. Сонымен қатар Мәскеудегі Д.И. Менделеев атындағы химия-технологиялық институттың www.alchimik.ru сайты сіздерге ұнауы керек. Орта мектеп мұғалімі химия пәніне мектеп бағдарламаларын, әдістемелік құжаттарды, қашықтан оқыту жаңалықтарын, «Химияның бастапқы курсы» т.б. қажетті және қызықты мәлімет таба алады. Бұл сайтта мынадай айдарлар бар: «Абитуриентке кеңес», «Химия пәні мұғаліміне», «Анықтамалық құралдар», «Қызықты химия», «Жаңалықтар», «Олимпиадалар», «Кунсткамера» (тарихи мәліметтер) және т.б. alchimik.ru оқу залында Э.Гроссе, X.Вайсментальдардың неміс тілінен аударылған «Қызықты тәжірибелер» еңбегімен және басқа көптеген оқу құралдарының мазмұны көрсетілген.
Сайтта www.som.flio.ru айдарына сілтеме бар. Бұл айдардың «Химия» бөлімінде мұғалімдерге пайдалы көптеген мәлімет алуға болады: химия пәнінің бағдарламалары, зертханалық жұмыстар, химиялық есептер, тесттер, бақылау жұмыстары, химиялык. кабинет, химиялық элементтердің периодтық кестесі, химиялық олимпиадалар, химия пәніне арналған Интернет-оқулықтар, химия пәні мұғалімінің анықтамалық құралдары, химия тарихы, педагогикалық кеңес, бағдарлы мектеп химиясы, Интернет-технологиялар, химияны оқыту әдістемесі және т.б.
Пайдалы химиялык мәліметті www.chtmport.ru сайтынан табуға болады. Бұл сайт ғылымда, өнеркәсіпте жұмыс істейтін химиктер үшін ыңғайлы болғанымен, мұғалімдер де көптеген кажетті мәлеметтер таба алады. Мысалы, «Абитуриентке», «Мұғалімдер бөлмесі», «Кітап дүкені», «Электронды анықтамалық құрал», «Қызықты химия» және т.б.
www.chemistry.r2..ru Оқушыларға арналған, мұнда кез-келген мәліметті табуға болады. Мынадай бөлімшелер бар: «Білім және билік», «Бұны кім ойлап тапкан», «Күрделі мәселелерді бірге шешеміз».
www.center.fio.ru «Интернет-Білім» — бұл портал мұғалімдерге пайдалы. Интернеттегі білім мәселелері, химия пәні бойынша сабақты ұйымдастыру, қашықтан оқыту және т.б. бөлімдері бар.
www.formula44.narod.ru «Қосылыстар жайлы мәліметтер» — мектептің органикалық химия бөліміндегі қосылыстар жайлы барлық мәліметтер бар. Мұнда органикалық химия саласына өз үлесін қосқан әйгілі ғалымдардың еңбектері және өмірбаяндары бар.
www.chemistry.narod.ru. «Химия әлемі» — сайтгың мақсаты — химияның теориялық білімін игеруге көмектесу, шығармашыл ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Бөлімдері: «Әйгілі химиктер», «Кестелер», «Мақалалар», «Тәжірибелер», «Үйде жасайтын тәжірибелер», «Жаңалықтар» және т.б.
www.chem.msu.su/rus/elibrary/. «Химия пәні бойынша электрондык кітапхана» - сайт жаңалыққа қанық болғандықтан, ғылыми жәнс әдістемелік басылымдардың электрондық нұсқаларын, оқушыларға мәліметтер, химия пәні бойынша берілгендер базасы және анықтамалық мәліметтерді табуға болады.
www.hemi.nsu. ru. «Химия негіздері» — электрондық оқулық. Іnternet-басылымы, өзгертілген және толықтырылған. Новосибирск: НМУ, 2001 — 2006. НМУ доценті А.В. Мануйлов, В.И. Родионов. 8-11 сыныптарға арналған жалпы және бейорганикалык химияның эксперименттік оқулығы.
www.chemistry.ssu.samara.ru. «Органикалық химия» - орта мектепке арналған электрондық оқулық (авторлары - Дерябина, Кантария, Соловов, Самара университеті, орг. химия каф). Көлемді электрондық оқулық. Самара университетінің сайтында орналастырылған. (=enit.ssau.ru).
www.schoolchemistry.by.ru. «Мектеп химиясы» — порталда өте көп танымдық мәліметтер бар, мүнда химияның адам ағзасына әсері кең қарастырылған. Ал бұл сабатың қызықты әрі әсерлі етуіне көмектеседі. Мультимедиялық қосымшаларға жалғанған мынандай бөлімдер бар: «Химияның зияны мен пайдасы», «Химия тари-хы», «Химия түрлері», «Оқу-әдістемелік құралдар», «Химия пәні бойынша анықтамалық сөздік», «Химия ғалымдарының өмірбаяны», «Химия және өмір» және т.б.
Интернетте химиктердің көпшілігі пиротехникаға байланысты жұмыстар жасайды. Желіде «Жарылғыш заттарды қалай жасауға болады» атты бөлімнің ең жас авторы — 11 жаста. Мұндай мәліметтер оқушылардың өзіндік ізденіске ұмтылуын көрсетеді. Бұл тек теориялық жұмыс емес, өте ұқыпты, зерттеу арқылы дәлелденген.
Ең қызығы, мектеп оқушылары мен студенттердің көпшілігі өз сайттарында аты-жөнін, тегін көрсеткен. Олар көбінесе былай жазады: «Автор берілген ақпаратқа кепілдік бермейді», «Автор бақытсыз оқиғаға жауапсыз». Ресей терроризм актілерінен кейін мұндай сайттар тізімі азайды.
Қазіргі таңда компьютер - өміріміздің қайталанбас атрибуты, онда алынатын мағлұматтар қоғамның дамуына көмектеседі. Мұғалімге компьютерлік технологиялық сабақ өткізумен қатар сабақтан тыс жұмыстар өткізуге мүмкіндік береді. Химия пәнін меңгеру барысында оқушылар заттың қеңістікгегі құрылысын, химиялық реакциясының жүру механизмін қиын қабылдайды, ал мультипликациялардың көмегімен қиын материалды игеруін жеңілдетеді.
Химиялық білімді интернет желісінде игерудің тиімділігі — оқушыны сабаққа қызықтыра білу. Әрине сабаққа қызықтырудың бір түрі — химиялық тәжірибе, ол химияның барлық тарауларына қатысты. Дегенмен, демонстрацияға арналған тәжірибелер шектеулі, өйткені, кейбір химиялық қосылыстар оқушы өміріне қауіпті. Сондықтан өте әсерлі, танымды және қызықты тәжірибелерді мектеп бағдарламасына енгізбейді. Компьютерлік модельдеудің негізгі жетістігі — қауіпті және әсерлі химиялық тәжірибелерді көрсету мүмкіндігі. [14, 25]
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Химия | Добавил: Admin
Просмотров: 3478 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Жасуша теориясы
Ұлытау мұражай қорығы
Тастанбекқызы Сара
Германия
Нұрпейіс келіні Дина (1861-1955) – қазақтың әйгілі күйші композиторы
Неологизмдердің жасалу жолдары
Ақан Сері
Айбек Қалмағанбетовтың Жоғалған қыз туралы аңызы
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары
Сарыбаев Болат (1927-1984) – қазақтың ұлы өнертанушысы
Құранды түсіну
Кіші өзендердің энергетикалық мүмкіндігін пайдалану
Баймырзаұлы Балуан Шолақ
Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бей...
Домбыра философиясы