Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Химия

Электрондық оқулықтар, құрылымы
Загрузка...
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі - оқыту процесін ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшін жаңа буын оқулықтарын Электрондық вариантқа аудару қажет.[25]
Қазіргі кездегі көрнекі құралдың жаңа жанрларының бірі- мультимедиялық энциклопедия, электронды оқулықтар. Интернеттегі материалдар, электронды оқулықтар оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына және оқытудың сарамандық ұстанымының жүзеге асуына мүмкіндік береді. Электронды оқу материалының ішкі мазмұны үнемі Интернет желісі және басқа электронды кітапханалар арқылы толықтырылып отыратыны белгілі, сондықтан ол ақпарат жинақтаудың қайнар көзі. Электронды оқулық оқушы үшін өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беруімен қатар, ғылыми курс бойынша жан-жақты, толық мәлімет бере алады.[17,7]
Химиядан жасалатын зертханалық жұмыстарды да жаңа ақпараттық технология арқылы оқытуға болады.Қазіргі уақытта ең сапалы мультимедиялық оқу құралы «1С: Репититор.Химия», оның интернеттегі адресі: http:// repetitor.1c.ru/online/disp.asp ?10;3 Мұндай бейнехимиялық эксперименттерді көруге болады. Мектептерде реактивтердің жетіспеушілігінен, зертханалық сыныптардың өз деңгейінде болмауынан химиялық тәжірибелер жасалынбайды. Осы жағдайда бейнетәжірибелердің маңызы зор.[15,23]
Электрондық оқулықтың мазмүны оқушының интеллектілік ойлау қабі-летін дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттерін қанағаттан-дыруы жеткілікті жинактылық, жүйелілік, эстетикалық көркемділігі, жылдамдылығы және т.б.[22]
Электрондық оқулықтар ара кашықтықтан оқыту формасына негізделіп жасақталады және оны жүзеге асыру үшін қолданылады.[18]
Осы уақытқа дейін бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеуші, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келді. Бүл программалар оқушының өздігінен оқып - үйренуіне және өзіндік жүмыс жасау қабілетін дамытуға мүмкіншілік береді. Электрондык оқулықта, мәтіндік ақпаратган гөрі графиктік ақпарат көбірек камтылуы керек, себебі оқушының ақпаратты тез, өрі көрнекті түрде қабылдануына жағдай жасайды. [27,16]
Электрондық окулыктың құрылымы
Біз оқулықтың сыртқы құрылымын қарастыратын боламыз. Оқулықтың сапалылығы тақырыптық, мазмұндық материалы келесі үш түрде өрнектелетін болады:
1. Материалдың мәтін, сурет, график, кескін, кесте және т.б түрлерде баяндалуы. Ол оның дөстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.
2. Материалдың кескін түрінде баяндалуы - оқулық мазмұнының графиктік мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелену.
З.Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.[17,19,27]
Материалдың мұндай түрде бейнеленуі оқушының есте сақтау қабілетінің дамуына және өткен материалды ұмытпай, оны дамытуына игі әсерін тигізеді. Ал енді электрондық оқулықтың құрылымдық элементтеріне жан -жақты тоқталайық:
- сыртқы беті
- титульдық экран
- мазмұны
- аннотация
- оқу материалының толық баяндалуы (кескіндер, кестелер, графиктер, бейнелер)
- оқу материалының қысқаша мазмүны (кескін курс түрінде берілуі)
- қосымша әдебиеттер (оның тізімін ғана емес, мәтіндерді де енгізу қажет)
- өзіндік білімді тексеру жүйесі
- өзіндік бақылау жүйесі
- мәтіндік үзінділерді іздеу функциясы
- авторлар тізімі
- терминдік сөздер
- оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық, жүйе
- оқулықпен жұмысты басқару жүйесі
Әрбір құрылымдық элементке жеке - жеке тоқталып, сипаттама берейік:
Сыртқы беті түрлі - түсті бояулармен боялып, эстетикалық түрғыдан әдемі безендірілуі қажет. Ол үшін графиктік қойылымдар мен түстер қолданылады. Оқулықты көрмеге қою мақсатында анимациялық құбылыстармен безендірілуі қажет.[23]
Титульдық экран. Онда оқулықтың атауы, жоғары білім мекемелері (мысалы, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі), авторлық құкық, оқулықтан лицензиядан өткен белгісі, баспаға тапсырылған күні, оқулық авторларының мекемелері туралы ақпараттар жазылады.
Мазмұны. Ол оқулықтың негізгі қүрылымдық элементтерінің қатарына енеді. Оқулық мазмұнының негізгі құрылымдық бөліктерін шағын түрде үйренушінің оқуына жеңіл болатындай етіп көрсету қажет.
Электрондық оқулықты жасақтаушылар алдына мынандай мәселелер қойылады: неден бастау керек? Электрондық, оқулықтың типі қалай таңдалады? Оны құрудың негізгі мақсаты қандай? Оқулықтың бөлімдерін үйренушіні ынталандыру бағытында қалай таңдап алуға болады? Оқулықтың сценарийін қалай жазуға болады. Оның құрылымдық мазмұнын қалай құруға болады? Электрондық оқулықпен оқытуда үйренушінің қызметін қалай үйымдастыруға болады? Оқытудың нәтижелерін қалай бақылауға болады? Электрондық оқулықты құруды қалай сипатгауға болады? және т.б.[5,19,15]
Электрондық окулыққа койылатын талаптар:
1. Жан-жақтылығы.
2. Ізгіліктілік. Оңда кез келген орындаушы өзіне қажетті білімді ала алады.
3. Бейімділігі. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшін бірмәнді болуы керек. Бірақ оқу материалы әр түрлі формада берілуі мүмкін.
4. Модульдік. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлі оқулықтар негізінде құрылымын жасақтау.
5. Экономикалык тиімділігі. Аталган оқулыққа сұраныс көп болуы қажет және сөйкес түсетін пайданы да қарастыру қажет.
6. Тұтынушыға бағдарлау.
Электрондық оқулықты топтау

Ерекшелік деңгей

Дәстүрлік Интеллектуалдық

Қағаз түріндегі оқулық Оқыту траекториясы бойынша
Материалдың бейнеленуі (өзінді
оқу мен өзіндік бақылау)

Тарату деңгейі


СD, DVD желілік

Электрондық оқулық осы Интернет, электрондық пошта
дискеталар арқылы тара- арқылы берілетін ақпараттары
тылуы керек (жадының шексіз болуы керек
көлемі)

Оқыту процесіндегі өзіндік бағалау деңгейі

Автоматтандырылған Автоматтандырылмаған

Оқу материалдарының мазмұны Алынған нәтижелер мен жүргізіл-
мен құрылымын кез келген уақыт- ген бақылаулар нәтижесінде мұға-
та қолданушы өзін қолайлы жағ- лім ғана өзгерістер енгізуіне бола-
дайда өзгертуін. ды.Бірақ бұл жағдайда оқыту про-
цесіне өзгерістер.

Белгіленулер деңгейі

Терминдік ақпараттық өзіндік Жалпы Жалпылама
сөздер оқыту курс курс

глоссарий, лекция,тео- тестік мульти- автомат-
негізгі тү- риялық ма- сұрақтар медиялық тандырыл-
сініктердің териялдар мен өзіндік ған
анықтама- жүйелері
лары.


Электрондық оқулықты құрастырудың әдістемесі
Электрондық оқулықты құрастыру мына алгоритм бойынша жүзеге асырылады:
1. Оқу пәнінің мазмүндық көлемін бағалау.
2. Оқу элементтерін үйренушінің білімділік, икемділік дағдыларын қалыптастыру деңгейіне сай анықтау.
3. Оқу материалын өзіндік білім алу деңгейіңе бөлу.
4. Оқу материалының мазмұнының негізгі элементтері (тарау, тақырып, сабақтар) аралығындағы мағыналық байланыстар жүйесін айқындау.
5. Электрондық сөздік-анықтаманы (глоссарий) дайындау.
6. Әрбір тақырыптар бойынша динамикалық және статистикалық компьютерлік слайдтар жиынтығынан құралған лекциялар конспектісін дайындау.
7. Тест материалдарын дайындау (тест тапсырмалары қиындықтары бойынша 3 деңгейде -жабық, ашық және типтік емес есептерді шешу).
8. Көрнекі материалдарды электрондық түрде дайындау.
9. Өзіндік және практикалық сабақтарды жүргізетін материалдарды дайындау.
10. Электрондық баспаны дайындау жүмыстарын мультимедиялық лабораториялардың мамандары (программалаушы, дизайнер, инженер) жалғастырады.

Электрондык, окулықтың кұрамы:
- аннотация;
- пән туралы қысқаша ақпарат;
- жұмыс бағдарламалары;
- электрондық оқулықпен және оның бөліктерімен жұмыс жасау туралы әдістемелік нұсқаулар;
- ұсынылатын білім беру бағдарламалары;
- теориялық материалдар (лекция конспектілері);
- теориялық материалдарға негізделген оқу құралы;
- практикалық жұмыстарды орындауға негізделген әдістемелік құрал;
- практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тізімі;
- бақылау тапсырмалары;
- лабораториялық жұмыстардың әдістемелік нұсқалары;
- білімді бағалау критерийлерін айқындайтын тапсырмалар;
- бақылау тестілерінің жинағы;
- телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлері мен графигі;
- глоссарий;
әдебиеттер тізімі және Интернеттің.ақпараттық ресурстарына сілтемелер; озат мүғалімдердің жасақтаған қосымша авторлық материалдары; үйренушінің жұмыс папкасы; мүғалімнің жұмыс папкасы. Аталған құрам арқылы электрондық оқулықтың құрылымы түрғызылады.[14,16,24]
Электрондық оқулықты оқушыларға пайдалануға бергенде олар тез меңгере біледі. Мұның негізгі себебі оқушы электрондық оқулықты парақтап отырмай, өзінің қалаған тақырыбына барьп тез әрі қызықты үйрене алады. Сондықтан оқушыларды сабаққа қызықтыра және компьютерді барлық пәндерге пайдалана білуіміз керек. Осыларға өз көмегін тигізетін электрондық оқулықтар, сондықтан қазақша электрондық оқулыктарды көптеп шығаруымыз қажет. Ол үшін көптеген жаңадан шығып жатқан программалық жабдықтарды менгеру керек.[22,20,18]
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Химия | Добавил: Admin
Просмотров: 3503 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Майлин Бейімбет
Құранды түсіну
Дәрілік өсімдіктермен емдеу
Ре – мажорлық №104 симфония
Қазақстан мен Германия арасындағы қатынастар
М.Мағауин
Сапарғали Бегалин - халықтың сүйікті жазушысы
Абай мен Ыбырай шығармаларындағы үндестік
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы
Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі
Қошке Кемеңгерұлы
Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазірг...
Денсаулықты сақтау мен нығайту
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Абілда Тәжібаев