Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Химия

Электрондық оқулық түсінігі
Загрузка...
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурызында халыққа Жолдауында электрондық үкімет жүйенін шұғыл енгізу қажеттігін нақты атап көрсеткені мәлім. [4,6]
Ал, электрондық оқулық жас буынның жаңа әдебиеті болып есептелінетіні даусыз. Сондай-ақ ол компьютер технологиясының мүмкіндіктері мен кәсіби оқулықтардың дәрежесін біріктіреді.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты - оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық-ізденіс қабілетін дамыту.
Білім берудің негізгі саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызады.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласындағы оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағатандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжуы мүмкін емес. [4,13,19]
Қазіргі уақытта электрондық оқулықтың қандай екендігі біртұтас ой жоқ. Дегенмен, біздіңше электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылысы сапалы жаңа деңгеде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді. Оқу материалдарын іздей отырмай, өтілген және оқушыңың ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпалын тигізеді. Себебі, оқушының ең қажет элементі-аудиохабарлар.
Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіндік береді. Оқулық көлемінен шығармай керекті материалды жинақтауға болады.
Электрондық оқулықтың ең қажет элементі –аудиохабарлар. Мысалы, құстардың дауыстарына қарай қандай құс екенін ажырата білу, жүрек қағысын байқау. [16,18, 22]
Бір жағынан электрондық оқулықтың келеңсіз жақтары да бар. Бұл психологиялық-педогогикалық талаптардың, пәнаралық байланыстардың жоқтығы сияқты.
Ең үлкен кемшілігі-фрагменттік бағдарлама. Ол материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару, берілген материалдарға санитарлық, гигиеналық нормалардың сақталмауы, компьютердің графиктік мүмкіншілігінің қолдануының нашарлығы және әлсіздігі.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытудағы ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. [3,14,17]
Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:
- оқу үрдісіне ақпараттық технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;
- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекеттерінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
- мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;
- мектептің материалдық – техникалық базасын нығайту.
Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеру диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады. [11,16]
Бүгінгі таңда мектептің білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында өзіндік қайшылықтардың да орыналып отырғанын айту қажет. Мәселе, мектептерде әлі де болса пән мұғалімдерінің бағдарламаларымен тікелей жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, автоматтандырылған оқу бағдарламаларының саны аз, оларды көбейту мәселесі нақты шешімін таппаған, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы информатикадан басқа пән сабақтары өткізілмейді десе де болады.
Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:
- оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
- нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады;
- материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.
Ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді және мектеп тәжірибесін оқып-үйрену мен талдау негізінде ақпараттық технологияларды мектептің оқу үрдісіне енгізу үшін кешенді ақпараттық білім беру жүйесін құру қажеттілігі туындады.
Бұл жүйенің негізін ақпараттық технологиялар құрайды. Енді оқытудың ақпараттық технологияларының мәнін ашып көрсетейік.
Компьютерлік және ақпараттық сауаттылық. Компьютерлік сауаттылыққа электрондық есептеуі техникасымен жұмыс істеу білігін жатқызуға болады. Ақпараттық сауаттылық ақпарат алудың, қайта жасаудың, сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелерін білуді көздейді.
Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану оқышылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуде де елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, мұндай жаңашыл өзгерістерді оқулықтардан бастауға болады. Мұндай дәстүрлі баспа оқулықтарымен қатар оқу үрдісінде электрондық оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі пайдалану көзделді.
Электрондық оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электрондық оқулық оқу ақпараттарын тасылмадаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әртүрлі қосымшалар, анықтамалы материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер береді. [23, 25, 30]
Электрондық оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады:
 шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;
 дәстүрлі оқулықта көп ізденуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі;
 гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;
 қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды т.с.с. (мультимедиалы технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы осы жерде көрінеді);
 әрбір студентке дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;
 Белгілі бір білім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады.
Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сонымен, мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдары молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім, жүйесінен қалыспайтын ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірбие алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отыруымызғы болады деп ойлаймын. [6, 9]
Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайына ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әр түрлі саласына біртіндеп өзгерістер енуде. Ақпараттандыру ісі Қазақстанның білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде. Ақпараттық технологияның қарқынды дамуны сәйкес электрондық оқыту деп аталатын оқытудың жаңа технологиясы қалыптасып нығая түсуде. Сондықтан педагогика ғылымының алдында электрондық оқытудың жүйе құраушы факторлары мен ннегізгі педагогикалық ұстанымдарын анықтау және айқындауға байланысты бірқатар міндеттер қойылды. Сонымен қатар, электрондық оқыту құрылымы мен мазмұнына, оқыту әдістеріне оқытудың формасына және құрамына қойылатын кешен талаптарды анықтау қажеттігінен электрондық оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру мақсаты туып отыр.
Классикалық педагогикада әдістемелік жүйенің бөліктері төмендегіше көрсетіледі:
• Оқыту мақсаты;
• Оқыту мазмұнының құрамы: ақпараттық теориялық бөлік, тәжірбиелік бөлік, меңгерген білім деңгейін анықтау;
• Оқыту құралдары;
• Оқыту әдістері;
• Оқыту түрлері;
Дәстүрлі әдістемелік оқу үрдісіндегі бөліктер бірдей және бір уақытта қатысады. Ал классикалық оқу үрдісінде әдістемелік тәсілге байланысты оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары, әдістері және оқыту құралдары қолдануылуы мүмкін.
Әдістемелік жүйенің бөліктерін электрондық оқытуға сәйкес толығырақ қарастырсақ, оны мына сызбадан к¬өруге болады:


Оқыту мақсаттары мен міндеттері білім беру, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру, тәжірбие алмасу, алынған білім,біліктілік пен дағдыны жалпылай жатқызамыз. Электрондық оқыту жағдайында осы мақмат міндеттерге жету келесі электрондық оқыту түрлері мен жабдықтарының көмегімен іске асырылады.
Оқыту мазмұнының құрамына әрдайым теория, білімді тәжірбиелік бекіту және білімді тексеру кіреді.
Электрондық оқыту түрлері мен жабдықтары
Оқыту мақсаттары Электрондық оқыту түрлері мен жабдықтары
Білім беру Мәтіндік және мультимедиялық оқу материалдарының жинағы
Біліктілік пен дағдыны қалыптастыру Компьютерлік демонстрациялау бағдарламасы. Жаттықтырушы бағдарламасы.Автоматтандырылған жаттықтырушы.
Тәжірбие алмасу Электрондық кеңес.Интернет/Интернет Форум.
Интернет/Интернет конференция.
Алынған білім,, біліктілік пен дағдыны тексеру On-Line сабақтар.
Тестілеу. Тексеру тапсырмалары

Электрондық оқытудың әдістемелік оқыту моделінде оқыту құралдарының орын алуы өзгерді. Олар оқыту құрылымы мен мазмұнын, әдістерін және оқытудың формаларын анықтайды. Енді бүгінгі күнде электрондық оқыту шеңберінде жиі қолданылатын оқыту әдістері мен формаларына топтық әдіс және жеке-дара оқыту әдісі жатады. Бұларды кеңінен тараған оқыту формаларына жатқызуға болады.
Нақты бағдарламалық өнімді жасау мен қолдану технологиясы жеке-дара және топтық оқыту сияқты әр түрлі әдістерді қолдана отырып, оқытуды іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар электрондық оқыту шеңберінде оқытудың әр түрлі формаларын ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. [23,24]
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Химия | Добавил: Admin
Просмотров: 2524 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Ақпараттық процестер және оның моделдері
Араб халифаты және Исламның таралуы
Рашмор тауы
Информация және информатика
Тастанбекқызы Сара
Домбыра философиясы
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы
Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазірг...
Шылым шегудің алдын алу
Шәмші Қалдаяқов
Әбділкәрім Сатұқ Қарахан
Халел Досмұхамедов
Қазақстандағы камералық-аспаптың жанрдың қалыптасуы мен дамуы
Туыстық қарым – қатынастар
Абай шығармаларындағы нәзирагөйлік дәстүрдің зерттелу жайы