Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 16.12.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Химия

Білгір химик
Загрузка...
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы №249/ мектеп-лицейдің химия пәні мұғалімі Сереева Рысты-Жанагуль.

Сабақ жоспары + презентация

Қызылорда облысы Қазалы ауданы №249 мектеп-лицейдің химия пәні мұғалімі Сереева Рысты-Жанагуль.
Іс-шараның тақырыбы: «Білгір химик»
Мақсаты:
• Оқушылардың білімдерін тексеру,логикалық есептерді шығару қабілетін бақылау
• Қызықты есептер арқылы қызығушылықтарын ояту,ойлау қабілетін дамыту
• Еңбек сүйгіштікке,ой еңбегіне,шапшаңдыққа,топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу
Типі:білімдік шара
Түрі:сайыс
Көрнекілігі:Интерактивті тақта,презентациялар.
Барысы:
1.Зымыранды сұрақтар
2.Есептер додасы
3.Жұмбақ ыдыстар
4.Көрермендер көрімдігі
5.Тікелей сұрақтар
6.Ғажайып шеңбер
«Білгір химик»сайысы.
Жүргізуші:Саламатсыздар ма,құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Қайда қарасақта,қайда көз жіберсек те химия ғажайыптары»демекші,шындығындада бізді қоршаған табиғат химиялық құбылыстарға толы.Атап айтсақ,күнделікті көріп жүрген ағаштың,көмірдің жануы.Міне осындай таңғажайып сыры мол химия пәнінен 8 сыныптар арасында өткізілгелі отырған«Білгір химиктер»сайысына қош келдіңіздер!
Енді бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған топтарымызды ортаға шақырайық.
1. 8«а»кл«Тапқырлар»
2. 8«ә»кл«Ойшылдар»
3. 8«б»кл«Алғырлар»
Сайысымызға әділ бағасын берер әділ-қазы алқасымен таныстырып өтейін:
1.Г.Дөңесова биология пәнінің мұғалімі.
2.Ғ.Кенжалиева биология пәнінің мұғалімі
3.Э.Сыдықова химия пәнінің мұғалімі.
Білгір химиктер сайысына қатысушы сайыскерлерлерімізді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтер болсам:
1.Зымыранды сұрақтар
2.Есептер додасы
3.Жұмбақ ыдыстар
4.Көрермендер көрімдігі
5.Тікелей сұрақтар
6.Ғажайып шеңбер
Жүргізуші:Ең қиын жарыстың бәйге келді,
Мықтылары ортаға шықсын енді,
Тез жауап бер,ойланып тұрып қалма.
Осы ойыннан көрейін ерен ерді-деп зымыранды сұрақтарға кезек береміз.Бұл турда әрбір топқа 10 сұрақтан беріліп,дұрыс жауапқа 10ұпайдан беріледі.
«Тапқырлар»тобының сұрақтары:
1.Атомдардың әр түрінен тұратын заттар не деп аталады?
2.Коэффицент нені көрсетеді?
3.Күкірт қандай валенттілік көрсетеді?
4.Металл атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын заттар?
5.Капсула дегеніміз не?
6.Оттектің салыстырмалы молекулалық массасы нешеге тең?
7.Жану реакциясы кезінде не байқалады?
8.Мыстың латынша атауы?
9.Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін бөлшегі?
10.Кез келген заттың 1 молінде қанша молекула бар?
«Ойшылдар» тобының сұрақтары:
1.Зат құрамының тұрақтылық заңын кім ашты?
2.Индекс нені білдіреді?
3.Натрий неше валентті?
4.Екі элементтің біреуі оттегі болатын заттар?
5.Атомдардың белгілі бір түрі?
6.Ауада оттек неше пайыз?
7.Судың салыстырмалы молекулалық массасы?
8.Оттектің латынша атауы?
9.Отынның жануы қандай құбылыс?
10.Қышқылдармен де,сілтілермен де әрекеттесетін негіздер?
«Алғырлар» тобының сұрақтары:
1.Тұздар қалай жіктеледі?
2.Темір қандай валенттілік көрсетеді?
3.Сутек атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын заттар?
4.Металдардың кернеу қатарын ұсынған ғалым?
5.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі?
6.Натрийдің салыстырмалы атомдық массасы?
7.Сутектің латынша атауы?
8.Суда еритін негіздер қалай аталады?
9.Зат массасының сақталу заңын кім ашты?
10.Қышқылдарда өздерінің түсін өзгертетін заттар?
Жүргізуші:Рахмет сендер бірінші турда белсенділік көрсеттіңдер,енді сөз кезегін әділ-қазы алқасымен берсек.
Әділ-қазы сөзі:------------
Жүргізуші:Тағы келді сыналар шақ айналып,
Тереңіне білім теңіз бойланып,
Кім шешеді,сол сайыста ұтып тұр
Есеп шешер кезегіде келіп тұр,-деп есептер додасы турына кезек береміз.Турдың шартымен таныстырып өтетін болсам,әр топ тақырып таңдайды.Әр тақырып төңрегінде 10,20,30ұпайлық есептер жасырылған.Тақырыпты ұпайы көп топ таңдайды.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



964.0Kb
Категория: Химия | Добавил: Admin
Просмотров: 2607 | Загрузок: 234 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Астана - Қазақстанның саяси ерік-жігерінің нышаны
Қонақ үйлердегі қызметтің түрлері және оның қонақ үйлермен байланыс...
Ғұмар Қараш
Жер планетасы
Ахмет Байтұрсынов және қазақ терминологиясы
Менің Отаным - Қазақстан
Германия
Дәрілік өсімдіктермен емдеу
Бетховен. Фортепианолык сонаталар
Топырақтың адамзат үшін маңызы
Жеке күйшілердің орындаушылық мектебі
Аристотель
Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі
Рашмор тауы