Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Химия

Ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығуын арттыру, есте сақтау, ізденушілік кабілеттер
Загрузка...
Ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығуын арттыру, есте сақтау, ізденушілік кабілеттерін дамыту

Жаңа үшінші мыңжылдықта алдыңғы қатарлы өркениетті елдермен қатар Қазақстан ғылым мен білімді әлемдік деңгейде, ұлттық ерекшелікке сай үйлесімді дамыту жолдарын қарастыруда. Қазақстанның болашақ дамуына арналған елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жасаған «Қазақстан-2030» бағдарламасында тәуелсіз мемлекет құруда еліміздің әр азаматы өзінің қоғамдағы алатын орнын саналы түсінуі және білім алу қажеттігіне баса назар аударылған.[14,16]
Бұл міндеттердің шешілуі оқу үрдісінде оқушылардың танымдық ізденімпаздығының қалаптасуына тікелей байланысты.
Қоғам сұранысына сай, жоғары сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселесі үшін химия сабақтарында олардың танымдық ізденімпаздылығын дамытуға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар жүйесін жасаудың мәні зор.[ 24 ]
Химия сабақтарында оқушылардың іс-әрекетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеу тәсілдерін меңгерту, танымдық біліктерін дамыту арқылы ізденімпаздығын қалыптастыру оқыту үрдісін жетілдіруде маңызды. Оқушылардың танымдық ізденімпаздылығын қалыптастыратын оқытуды ұйымдастыру түрлеріне: дәріс, семинар, сарамандық және зертханалық сабақтар, конференция, пәндік үйірмелер, оқу экскурсиялары, шығармашылық жұмыстар, т.б.жатады. [ 25]
Жалпы орта білім беру мектептерінде реформа жүргізудің маңызды бағыты оқушыларға жаңа ақпараттық технологияны пайдалануды үйрету болып табылады. Бұл мәселені информатика сабағында ғана шешу мүмкін емес.
Химия сабақтарында компьютер химиялық білімді жетілдіруге арналған педагогикалық процессті күшейтуші құралы қызметін атқаруы керек. Компьютер дидактикалық мүмкіндіктердің кең спектріне ие болғандықтан, оны химия пәнінде барлық типтегі сабақ өткізуде және әртүрлі есептер шығаруда қолдануға болады.[27]
Химия экспериментальды-теориялық оқу пәні ретінде тәжірибеге негізделеді және негізгі химиялық түсініктерді оқытуда комплексті ыңғайлығын қажет етеді.
Орта мектеп мұғалімдері ішінара қарама-қайшы проблемаға кездеседі: біріншіден оқушының жаңа программа бойынша оқитын информацияның мөлшерінің ұлғаюы болса, екіншіден осы пәнді игеруге берілген оқу жоспарында уақыт мөлшерінің жетіспеушілігі.[30]
Бұл жағдайда жоғары сапалы оқулықтар мен толық комплексті қосымшалар(соның ішінде электрондық презентациялар) жасап шығару арқылы шешім табуға болады.[25]
Химия пәні сабақтарында әртүрлі оқу программаларын қолдануға болады.
Мен жүйелік бағдарламаны қолдандым. Ол жүйелі түрде кездескен шағын оқулық информациялық блоктар, бақылау топтамалары. Оқушы дұрыс жауап беру тиіс, кейде бірнеше жауаптың біреуін таңдайды. Дұрыс жауап бере қойған жайдайда, ол келесі жаңа информация алады. Ал енді жауап қате болса, бастапқы информацияны қайтадан оқу ұсынылады.
Дәстүрлі технологиямен оқытуда мұғалімнің әрбір оқушымен кері қайтара байланыс жасаудың мүмкін емес екендігі белгілі. Сабақ материалдары оқушы топтарымен игерілгендіктен бүкіл класстың оқытудың эффектілігі төмендейді. Ондай проблеммаларды байқау керек ағымдық бақылау кезінде ғана мүмкін. Ал компьютер пайдаланғанда ондай қиындықтар жоғалады.[21,23]
Оқуды программалаудың идеяларын түрлендіруде блоктык және модульдік оқыту пайда болады. Мынандай кезектескен блоктар айқындалады:
1. Информациялық.
2. Тесттік-информациялық.
3. Коррекциялық-информациялық (қате жауап берілген жағдайда қосымша оқыту ұсынылады)
4. Проблеммалық (алынған білім негізінде тапсырмалар орындау)
5. Тексеру мен коррекция блогы.
Модульдік оқытуда өздік оқытуды іске асыратын, жұмыс қарқыны мен оқу материалының құрамын реттеуге болатын индивидуалды оқыту қолға алынды.
Методикалық көзқарас тұрғысында, әртүрлі себептер (улы заттар, жарылыс заттар, орташа қаупі бар заттар) салдарынан көрсетілуі мүмкін емес құбылыстарды оқытуда компьютер қолдану тұтас тәріздес болып табылады.
Компьютер арқылы модельдерді қосу және өзгерту, оларды көлемі, формасы,құрамы бойынша өзгертуге мүмкіндік туады. Ол әсірксе молекулалардың кеңістік ұғымдары шешуші роль атқаратын органикалық химияда маңызды.
Компьютерді пайдаланудың жақсы аспектілері мен қоса мектепте қолдануда бірнеше объективті бөгеттер бар:
1. Жүйелі түрде пайдалану үшін химияның барлық оқулық курстарын өзгерту (модернизировать) керек.
2. Компьютер жүйесінің істен шығу қауіпін толық жою мүмкін емес.
Химия пәнінің мұғалімдерінің компьютерлік білімдерінің төмендігі.
Мұғалім әр тақырыпқа байланысты ақпараттық технологиядан химимя ғылымында ашылып жатқан жаңалықтарды алып, жаңа тақырыпты түсіндіргенде қосымша мәлімет ретінде беріп отырса, оқушының күрделі де қиын химия пәніне қызығуы артар еді. [14,19,29]
Компьютердің жеке тұлғаны дамытудағы сабақта орынды қолданудың бірқатар артықшылықтары бар, атап айтқанда: жеке тұлғаның пәнге қызығушылығының артуы, оқу процесі қарқынының жоғарлауы, шығармашылық белсенділігінің көтерілуі, оқу сапасының артуы. [11,12]

Компьютердің жеке тұлғаны дамытуға ықпалы

Сонымен, компьютерді пайдалана отырып, оқушының жеке тұлғасын, рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы міселенің бірі екені баршамызға аян. Оның себебі, оқушы өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетімен алған білімін тәжірибеде, өмірде пайдалануды үйренбеген, сол үшін де оқушының сезімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әртүрлі, жанжақты болуы керек. Сабақ мазмұнының теориялық-практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі.Ұстаздың әрбір сабағы оқушы сезіміне, ынта-ықыласына әсер етуі тиіс. Ол үшін сабақ құрылымы көптүрлі оқыту әдістемесімен, ұстаздың дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек.[10,13]
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Химия | Добавил: Admin
Просмотров: 2919 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
Черногория мемлекеті
Туыстық қарым – қатынастар
Әуезов Мұхтар Омарханұлы
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Рашмор тауы
Марат Отарәлиев: «Тағдырмын ерте жоғалған...»
Денсаулық - басты байлық
Австралия
Салауатты өмір салтын ынталандыру
Жамбылдың ұстазы еді Майкөт ақын
Құнанбайұлы Абай
Аңыз әңгімелер
М.Мағауин
Жүрек қызметінің көрсеткіштері