Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 26.4.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Халықаралық қатынастар

Отто фон Бисмарк дипломатиясының негізгі белгілері
Загрузка...
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.......3-5

1. ГЕРМАНИЯНЫ БІРІКТІРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ БИСМАРКТЫҢ САЯСИ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ.
1.1 Бисмарктың саяси қызметінің басталуы..........6-7
1.2 Солтүстік Герман одағын құрудағы Бисмарктың рөлі........8-9
1.3 Герман империясының құрылуы........10-12

2. БИСМАРК ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ.
2.1 Отто фон Бисмарк - саяси қайраткер.......13-14
2.2 Бисмарк дипломатиясына жалпы мінездеме..15-17
2.3 Пруссиялық соғыстар кезіндегі Бисмарк дипломатиясының ерекшеліктері..18-19
2.4 Герман империясы құрылғаннан кейінгі Бисмарк дипломатиясы..20-24

ҚОРЫТЫНДЫ...........25-26

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............27

КІРІСПЕ

Такырыптың өзектілігі. Курс жұмысы Отто фон Бисмарктың өмірі мен саяси қызметін талдауға арналған. Бисмарк сияқты ірі тарихи тұлғаны, әр түрлі қырдан зерттеуге болады. Еуропа мен әлем тағдырына үлкен ықпал жасаған ХІХ ғасырдың мемлекет қайраткерлерінің арасында, Бисмарк қызметінің тарихи маңызы бойынша да, өзінің саяси және дипломатиялық өнері бойынша да алдыңғы қатардағы тұлға.
ХІХ ғасырдың ортасында біртұтас мемлекет құру қажеттілігі туындады. Сондықтан да, Германияның мемлекеттік бірлігіне жету - 1848ж. буржуазиялық-демократиялық революциясының негізгі, басты мақсаты болды. Бірақ буржуазиялық-демократиялық революциясы жеңіліс тапты, оған қарамастан, ол едәуір ірі із қалдырды. Германияның қоғамдық өмірдің барлық салаларында, әсіресе Пруссияда: экономикада, әлеуметтік-саяси өмірінде елеулі өзгерістер болды.
Герман мемлекетінің құрылуының ерекшеліктері Отто фон Бисмарктың саяси қызметімен, биографиясымен тығыз байланысты. Оның аты герман және жалпыеуропалық тарихтың маңызды оқиғаларына тікелей байланысты, ең алдымен, ол өзінің “қан мен темір” атты саясатымен атақты. Германияның бірігуі осы адамның саясаты арқылы жүзеге асты.
Бисмарк – көрнекті дипломат пен үздік қолбасшы, оның қабілеттері “Пруссиялық соғыстар” деп аталатын 1860-70 жылдарды қамтыған кезеңде айқын көрінді. “Темір канцлер” деп аталған Бисмарк өз заманынан озған адам еді.
Бисмарктың өмірі мен қызметі жақсы зерттелген Батыста, ол туралы әр түрлі пікір қалыптасты, оның жеңістері мен жеңілістерінің қарама-қайшы талдаулары жасалды. “Темір канцлер”, “ақ революционер”, Германияны біріктірген адам, ХХ ғасырдың соғыстарына алғышарттар құрған адам, Гитлерге жол салушы – бұның бәрі Бисмарк.
Германияны Қазақстанмен салыстыратын болсақ, біздің мемлекеттеде Отто фон Бисмарк сияқты ірі тарихи тұлғалар бар. Олар Қазақстанды одан әрі гүлдендіруіне және де басқа елдерге танымал етуге зор үлес қосуда.
Тақырыптың мақсаты. Отто фон Бисмаркты тарихи тұлға және саяси қайраткер ретінде қарастыра отырып оның Германияны біріктіру жолындағы қызметіне сипаттама беру. Сонымен қатар Германия бірігу барысын, оның мәнін және тарихи маңызын анықтау. Жалпы сол кезеңдегі халықаралық қатынастарға тоқтала отырып, Германияның халықаралық аренада алатын орнын көрсету.
Тақырыптың міндеті:
 Бисмарктың саяси қызметін қарастыру;
 Солтүстік Герман одағын құрудағы Бисмарктың рөлін саралау;
 Герман империясының құрылуын сипаттау;
 Пруссиялық соғыстар кезіндегі Бисмарк дипломатиясының ерекшеліктерін сараптау;
 Герман империясы құрылғаннан кейінгі Бисмарк дипломатиясын талдау.
Тақырыптың деректік негізі. Герман империясының тарихына арналған монографиялар, оқулықтар мен тарихи очерктер, Бисмарктың биографиялары мен Бисмарктың өзінің естеліктері пайдаланды. Соның ішінде, Бисмарктың естеліктерін пайдалануда өте сақ болу керек, кейбір фактілер аталмайды, кейбір фактілер асырылып жібереді. Дегенмен, бұл еңбек өткен ғасырдың тарихи ескерткіші және Бисмарктың кейінгі ұрпақтарға өсиеті.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Герман империализмінің тарихын зерттеуге А.С.Ерусалимскийдің еңбектері үлкен көмек көрсетті. “Дипломатия және милитаризм” атты кітапта, ол Бисмарк тұлғасының масштабын ашып көрсетті.[1] Сонымен қатар, В.В.Чубинскийдің “Бисмарк. Политическая биография” [2] атты кітабы да пайдалы болды. Бұнда жас шағынан бастап Бисмарктың бүкіл өміріне талдау жасалған. Чубинский Бисмарктың сыртқы саясатына ерекше көңіл бөлді.
Еңбекті жазу барысында, Э. Людвигтің “Бисмарк” атты еңбегі пайдаланылды. [3] Еңбекте Герман империясының құрылуындағы Бисмарктың рөлі кемітілмей, нақты көрсетілді.
Зерттеу жұмысының методологиялық әдістері. Жұмысты жүргізуде қазіргі кезде қолданылып жүрген методологиялық принциптер мен әдістер негізге алынды. Сонымен қатар курстық жұмыстың ақпараттары мен деректерін өңдеу кезінде жүйелеу және талдау әдістері пайдаланылды. Тарихи мәліметтер мен фактілерді зерттеу мен таңдау барысында салыстырмалы әдістің қолданылуы аса маңызды болды.
Тақырыптың құрылымы. Курстық жұмыстың көлемі – 27 бет. Курстық жұмыс жоспар, кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ГЕРМАНИЯНЫ БІРІКТІРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ БИСМАРКТЫҢ САЯСИ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ

1.1 Бисмарктың саяси қызметінің басталуы

Бисмарктың тұлғасын қарастырғанда ең алдымен ата-тегінен бастаған жөн. Бисмарк атақты, бірақ кедейленіп кеткен жанұядан шыққан. Ол пруссиялық жериеленушілер-юнкерлер классының өкілі, 1815 жылы 1 сәуірде Берлин маңындағы Шенгаузен деген жерде туды. Жанұя дәстүрі бойынша, ол әскери қызметке түсуге үміттенді. Бірақ профессорлық жанұядан шыққан анасы баланың дипломатиялық қызметке баруын дұрыс көрді. Анасының әсерінен бе, жоқ па Бисмарк мектептен кейін, Геттинген және Берлин университеттерінде құқықты оқып шығып, дипломат болуды шешті. Бірақ орналастыратын таныстары болмаған соң, Бисмарк шенеулік-әкімшілік қызметтен дипломатиялық қызметке жол салуды үміттенді. Бюрократияға жек көрушілік сезіммен Бисмарк ақырында бұл жұмысты тастап, әкесіне көмектесіп, Шенгаузен жеріне ие болады. Өмірінің бұл кезеңін Бисмарк былай еске алады: “Мен ауылшаруашылықта табысқа жетіп, соғыс басталып кетсе, ұрыстарда көзге түсіп, ауылда өмір сүріп, өлуге шештім” . Оның келешек бейнесінің белгілері “адам қиялдарына жек көрушілік, таудай талап, мақсатқа жетуде тәсілдерді таңдамау және дене мықтылығы” сол кезде-ақ қалыптасқан.[1, 10c]
Бірақ ауылдағы өмір Бисмаркқа жарамады. Оның өміріндегі төңкеріс тарих оқиғаларына байланысты болды. “Ауыл қожайынының орнына саясаткер, жеке тұлғаның орнына тарихи тұлға” [7, 20c] келуі уақыт мәселесі болды. Бұл сәт 40-шы жылдардың соңында туды. 1848 жылғы революция Бисмаркті саясаткер қылды, революция кезінде “Құтырған Бисмарк” деп аталып кеткен, арақ ішіп, айналаны қиратып жүрген адамның орнына жаңа Бисмарк туды. Бұл Бисмарк өзінің ойларын логикалық шешімге жеткізіп қана қоймай, оларды қорқақтықсыз, батыл айтып, қолдаушыларды да таң қалдыратын. 1848 жылы өз күшіне сенім, демократиялық қозғалыстарға, парламенттік талқылауларға жек көрушілік, қарсыласының күшін дәл есептеу алу сияқты мінезінің қасиеттері одан ары айқындалуда. Күш оның басты аргументі болды, күште ол “әрбір дипломатиялық және саяси жеңістің альфа мен омегасын” [2, 24c] көрді. Сол кезде-ақ ол “Герман мәселесі парламенттерде шешілмейді, дипломатия мен ұрыс алаңында ғана шешіледі [1, 58c] деген сөз айтады.
Сол кезде, Германия бірнеше кішігірім мемлекеттер мен князьдіктерден тұратын. Олардың саясатын Австрия бақылаған, Пруссия болса 2-ші орында тұрды. Бисмарктың саяси қызметі 1851 жылдың мамырында басталды. Ол Франкфурттегі Одақтық сеймде Пруссияның елшісі болып тағайындалды. Бисмарк Германияның бірігуі тарих мәселесі екенін сезіне бастады және осы бірігу Пруссияның гегемониясында жүзеге асыру керектігі де оған айқындалды. Армия мен Пруссияның милитаристтік жүйесіне сүйеніп, Бисмарк іске кірісті. Австриямен соғыстан құтылу мүмкін емес екендігін түсініп, Бисмарк ұрыстарға дайындала бастайды. Бұндай мақсатты алдына қойған Бисмарк халықаралық саяси жағдайдың маңызын түсінді. Соғыстарға үшінші мемлекеттің қатысуын қаламаған Бисмарк, Петербург пен Парижде бола тұрып мемлекеттердің мүдделерімен, қайшылықтарымен жақсы танысып алған. Қолайлы халықаралық жағдайды қалыптастыруға Бисмарк өзінің дипломат және саясаткер ретінде бүкіл күшін, айласын жұмсады.

1.2 Солтүстік Герман Одағын құрудағы Бисмарктың рөлі

Сол кездегі екі ірі герман мемлекеттер арасында - Пруссиямен (онда Гогенцоллерндер династиясының королі билік еткен) Австрия (Габсбург династиясынан император билеген) арасында Германияның бірігуіндегі басты ролге күрес басталады.
1861ж. прусс тағына Вильгельм І отырады. Уақыт ұзамай, ол билікке, Германияның бірігуіне көп үлес қосқан адам - помещик Отто фон Бисмаркты шақырады. 1862 жылы қазанның басында Бисмарк министр-президент және сыртқы істер министрі болып ресми түрде тағайындалады. Сол сәттен, ол 28 жыл бойы алдымен Пруссияның, кейін Герман империясының саясатын жүргізді. Өзінің алғашқы ресми сөзінде, “тарихтың ұлы мәселелері сөздер мен жарғылармен шешілмейді… олар қан мен темірмен шешіледі” деген жиі қайталанатын сөздерін айтады. “Қан мен темір саясаты”, “темір канцлер” – саяси және тарихи әдебиеттегі бұл ұғымдар Бисмарк бейнесін елестетеді.
Дания Бисмарк саясатының бірінші құрбаны болды. Даниямен соғысты, Бисмарк Шлезвиг пен Гольситейннің бірігіп, Герман одағында тағы бір тәуелсіз мемлекеттің пайда болуын болдырмау үшін бастады. Бұл соғыста, ол қайта ұйымдастырылып, үлкейген Пруссия армиясын сынамақ болды. Данияға шабуыл ұйымдастыру сәті дәл таңдалынды. Бірнеше күнде Пруссия Данияны басып алды. Австрия Пруссия жеңісінен кейін, өзіне де пайда түсіруді көздеп, Пруссияға қосылады. Франция нейтралитет сақтайды. Бисмарктың престижі Пруссияда ғана емес, шетел мемлекеттерінде де көтеріледі. Король баладай қуанады. Өзінің хатында ол “Сізді мен үкімет басына тағайындаған 4 жыл аралығында, Пруссия өзіне тиісті орынды иеленді, барлығы да мемлекетімізге сәтті де, ұлы болашықты үміттендіреді” [1, 18c] деп жазады. Бірақ Даниядан тартып алынған герцегствалардың тағдыры әлі де де шешілген жоқ еді. Бұл мәселенің шешілуі Пруссия мен Австрияның қарым-қатынасына байланысты болды. Уақыт көрсеткендей бұл мәселе жалпы Германияның, соның ішінде Пруссияның болашағын да анықтады.
Даниямен соғыста, өзінің үлкейген күшін көрсеткен Пруссиялық милитаризм, Бисмарк саясатының нәтижесінде Австрияға қарай бағытталды. Шлезвиг-Гольштейнді бірігіп билеген Пруссия мен Австрия арасындағы талас-тартыстар, Бисмаркпен соғысты бастау үшін сылтау ретінде қолданылды. Осы соғысты бастау үшін Пруссияға Патшалық Ресейдің нейтралитетін алу маңызды болды. Данияға қарсы соғыс пен австро-прусстық соғыстың арасы 2 жыл өте аз уақыт. В.В.Чубинский өзінің Бисмарк туралы монографиясында “Бірінші конфликт екіншіге апаратынын замандастар да сезді” [7, 172c] деп жазды. 1866 жылы жазда Австрия мен Пруссия арасында соғыс басталды. Садовой түбіндегі шайқаста жақсы жатыққан және қаруланған Пруссия армиясы австриялықтарды талқандайды. Соғыстың нәтижесі: Австрияның герман мәселесіндегі рөлінің шешіліуі, Пруссияның басымдылығы және Солтүстік Герман одағының құрылуы. Пруссияға 3 мемлекет – Ганновер, Гессен-кастель, Насау және еркін Франкфурт қаласы қосылды. Солтүстік герман одағы атымен Орталық Еуропада іс жүзінде жаңа мемлекет құрылды. Бисмарк мемуарларында бұл жағдай бойынша “Мен біріккен Германия уақыт мәселесі екенін сездім, Солтүстік Германия оны асырудағы бірінші кезең болды” [1, 51c] деп жазды.
Австро-Пруссия соғысын көптеген тарихшылар Бисмарктың “үстіңгі революциясы” деп атайды. Біріншіден, Германияның бірігуі прогрессивті акт болды, буржуазияның мақсатына сай болды. Екіншіден, оны Бисмарк радикалды, бұл мәнде революциялық тәсілдермен жүзеге асырды. Соғыстар Пруссиялық монархия атынан жүргізілгендіктен, буржуазия өзінің либералды көзқарастарынан бас тартуға мәжбүр болды.

1.3 Герман империясының құрылуы

Австриямен бейбіт келісім жасасып, Пруссия Германияны біріктірудегі ең соңғы кезеңді дайындай бастады. Шығыс шекарасында біріккен, қуатты Германияның пайда болуын қаламаған Франциямен соғысу үшін, Бисмаркқа Ресейдің нейтралитеті қажет болды. Бисмарк дипломатиялық дайындыққа қызу кірісті.
Халықаралық қауымдастық кезінде оң болып көріну үшін, Бисмарк Францияға соғысты бірінші болып жариялауын қалады. Осы мақсатпен Бисмарк маңызды дипломатиялық документті өзгертеді. 1870ж. 13 шілдесінде Эмстен телеграмма алды, ондағы прусс королімен француз елшісінің арасындағы әңгімесін өзгертіп, Францияның намысына тиетіндей етіп, оны баспасөзде жария етуге бұйрық береді. Эмсадан алынған телеграмманы Мольтке оқып “Былай”, ол басқаша естіледі, бұрын шегінуге белгідей естілсе, қазір фонфарадай естіледі [1, 84c]. Өзгертілген Эмск депешасының тексті, Бисмарктың бұйрығы бойынша ақпарат құралдарына басылды.
1870 жылы 19 шілдеде Франция Пруссияға соғыс жариялайды. Бірнеше ай ішінде француздардың негізгі күштері талқандалады. Тамыз прусс әскері француз әскерінің бір бөлігіне тойтарыс беріп, Мец қорғанысына дейін қуады да, қоршап алады, ал екіншісін Седанда қоршап алады. Сол кезде, амалсыздан 82-мыңғы француз әскері мен император Наполен III өзі тұтқындалады. Седандық катастрофадан кейін, Парижге жол ашылып, прусс әскерлері француздардың астанасына жылжи бастайды, ал Францияның буржуазиялық үкіметі пруссактармен капитуляция жөнінде келіссөздер жүргізеді. Сонымен, франк-прусс деген атпен белгілі соғыс нәтижесінде Франция Солтүстік герман одағының алдында жеңіліс табады, ендігі Пруссияның алдында оңтүстік-герман мемлекеттерін қосу мәселесі тұрады.
Франко-пруссия соғысы қос сипатта болды. Германияның бірігуіндегі тарихи қажеттілікте басталған соғыс, әрине прогрессивті сипатта болды. Бірақ, шешуші шайқаста жеңген Пруссия армиясының кейінгі шабуылында соғыстың прогрессивті мәні бітеді. Енді, өз кезегінде немістер жаңа тонаушылық, озбырлық талаптар қоя бастады. Соғыс аяқталғаннан кейін Пруссия Оңтүстік Герман мемелекеттерін біріктіруді мақсат етті. 1870 жылы 18 қаңтарда жеңілген Франция территориясында Вильгельм І император болып жарияланады.
Францияға қойылған бітім мен бейтіт келісімінің қатал шарттары Бисмарк юнкерлік буржуазия мен милитаристік империяның экономикалық, әскери, саяси талаптарын жүзеге асыру үшін керек болды. Бисмарк “билеуші кластың - юнкерлер мен буржуазияның және милитаризм, национализм, империализм туының астында біріккен басқа да топтардың кулиріне айналды” [7, 83c]. Бисмарк өмірінің басты ісін жасап аяқтады.
Германиядағы біріктіру процесінің жүзеге асырылуына түрліше қарауға болады. Сөзсіз, бірігу қатал тәсілдермен жүргізілді, бірақ 1860-70 жылдарда Германиядағы қалыптасқан жағдайға мұқият көз салсақ, бұндай тәсілдер қажет болғанын аңғарамыз. Көпғасырлық бытыраңқылықты, экономикалық дамудағы бөгеттерді жойған және неміс жұмысшы қозғалысына, әлеуметтік күрестің басталуына жаңа жағдайлар мен мүмкіншіліктер туғызған бірігу, прогрессивті факт екені күмән тудырмайды.
Сонымен қатар, Бисмарктың Германияны біріктіру процесіндегі рөлін кемітпеуіміз қажет. Әрине, герман мемлекеттерінің бірігуіндегі объективті алғышарттар болды, бірақ Бисмарктың саясаты сияқты, субъективті факторсыз Германияның табиғи бірігу процессі көптеген жылдарға созылатын еді. Не де болмаса, Бисмарк саясатының нәтижесіндегі Герман империясының құрылуы, Европадағы күш балансын өзгертіп, Еуропаның ғана емес, бүкіл әлемнің дамуына үлкен ықпал етті.
Сонымен, Еуропаның ортасында Герман империясы деген атпен белгілі жаңа мемлекет пайда болды. Жаңа конституция қабылданады, 1871ж. жаңақұрылған мемлекеттің құрамына 22 монархия кірген, олардың арасында Пруссия, Саксония, Бавария. Империя басында императоры - прусс королі болған. Билік соның қолында болғанымен, іс жүзінде билік президент қолында болды. Сөйтіп Германияның бірігуі жүзеге асты, оған көп үлес қосқан Отто фон Бисмарк. Бірінші герман рейхстагына жүргізілген сайлаудың негізгі мақсаты империялық конституцияны қабылдау еді. Ол жөнінде Энгельс “Конституция Бисмарктың ыңғайына жасалды” [3, 178c] деп жазған еді. Іс жүзінде Германияда Маркс дәл көрсеткендей феодалдық қалдықтар мен парламенттік формалармен араласқан, буржуазияның ықпалындағы, бюрократиялық, полицейлік жолмен қорғалған әскери деспотизм” [4, 118c] орнатылды. Авторитарлық билік Вильгельм І, Бисмарк, Мольткенің қолында шоғырланған еді. 1870 жылы 12 мамырда империялық канцлер болған Бисмарк бұл қызметте 1890 жылға дейін болды. Сонымен қатар, ол министр-президент пен сыртқы істер министрі қызметтерін сақтап қалды.
ХХ ғасырдың 70-ші жылдардың басымен салыстырғанда, Бисмарктың саяси басшылықтағы позициясы нығайды. Бірақ оның тағдыры, конституциялық гарантияларға емес, императордың еркіне тәуелді болды. Жалпы алғанда, Бисмарктың 1870 жылдан кейінгі қызметі мардымсыз болды. Тарихи қажеттілігі аяқталғаннан кейін, Бисмарктың іс-әрекеті, кейінгі кезеңде қателіктерге толы болды, ол националдық, кластық шеңберден аса алмады.

2. БИСМАРК ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ.

2.1 Отто фон Бисмарк - саяси қайраткер

Бисмарк - германдық саяси қайраткер, 1887ж. біріккен прусс ландтагтың мүшесі. 1850ж. бастап депутаттар палатасының мүшесі. 1850ж. эрфурт парламент мүшесі, ультраконсервативтік партиясының дарынды ораторы, Ең алғашында Германияның бірігуіне қарсы болған, және Австрияның жақтаушысы болған.
1815-1859жж. Аралығында Франкфурттағы одақтық сеймнен прусс елшісі болып істеген; бұнда ол Австрияның жауына айналып, Пруссия гегемониясының астында герман бірігуін жақтай бастады. 1859-1862жж. Санкт-Петербургта елші қызметін атқарды, ал 1862ж. Парижде елші. 1882ж. прусс министрлігінің, сыртқы істер министрлігінің президенті болып тағайындалды; прусс сеймнің көпшілігіне қарсы тұрып, әскерді қайта құру ісін қолдады, палатаның шешімдеріне қарамастан, конституцияны бұзып, салықтарды жинады. Бірақ та соған қарамастан, Даниямен (1864), және Австриямен (1866) соғыстардағы жеңісі нәтижесінде Бисмарк ұтып, 1865ж. ол граф атағын алады.
1867ж. Солтүстікгерман одағының канцлері болып тағайындалады. Солтүстікгерман (кейіннен герман рейхстагы) үшін Бисмарк жалпы сайлау өткізеді. 1870-1871жж. соғыс Бисмарктің ісі болды. Одан кейін жаңа Герман империяның құрылуы болды. Бисмарк, прусс министрі және президент атағын сақтай отырып, жаңа Герман империяның канцлері болып тағайындалды да, князь дәрежесіне көтерілді.
Бисмарктің тағы бір, соңғы, қосқан ірі үлесі, Германия-Австрия-Италия үштік одағын құруы болған (1879-1883жж.). Бисмарктің ішкі саясаты, неміс католичествосымен (1873ж. бастап), кейіннен прогрессистермен және социалистермен нәтиже әкелмеген күресімен белгілі. Социализммен Бисмарк аталмыш әлеуметтік шаралармен күресті, яғни полицейлік қудалаулармен,; әсіресе, бұл социал-демократтарға бағытталған өте қатаң заңды енгізгенінен айқын көрінеді, бірақ кейіннен оны жоюға мәжбүр болды. 1879ж. бастап ол протекционизм жолына тұрады. 1890ж. мартында император Вильгельм ІІ-мен қарама-қайшылықтар мен келіспеушілік нәтижесінде Бисмарк барлық қызметтерінен босатылып, отставкаға жіберіледі. Гамбургтың қасындағы Фридрихсруэдегі үйіне көшіп кетіп, үкіметті сынап отырады. 1892ж. неміс сейміне сайланады, бірақ та оған бір де бір рет келмейді. Бисмарктың өміріне 2 қастандық болды: 1866 Блиндтікі және 1874 Кульмандікі. Бисмарктың жақтаушылары оны дарынды саясаткер деп санаған, Германияның бірігуі тікелей Бисмарктікі және Вильгельм І-ң жетістігі деп есептеледі. Бірақ та, тарихта басқа да көзқарас орын алды: Германияның бірігуіне, бір жағынан, Бисмарк қарсы болды. Тек қана Бисмарктың арқасында, бірігу сыртқы әскери сипат алды, және Германияның құрамынан Австрияның неміс облыстары шығарылып, құрамына неміс облыстары енгізілді: Эльзас-Лотарингия, Шлезвигтің бір бөлігі. Сонымен қатар, Үштік одақ Германия мен бүкіл Еуропаға милитаризм ауыртпалығын жүктеді.

2.2 Бисмарк дипломатиясына жалпы мінездеме

Дипломат ретінде Бисмарк жақсы мектептен өтті. 1851-59 жылдары Франкфуртте Одақтық сеймде Пруссияның өкілі бола тұрып, ол “кішігірім кіріс, шығыстарды ” [1, 58c] үйренуге мүмкіндік алып, жекелеген герман мемлекеттерінің қарама-қайшы мүдделерінен шығатын дипломатиялық ойындарын талдады. Сонымен қатар, Одақтық сеймдегі қарсыластары, Меттерних мектебінен өткен, айлалы әрекеттер жөнінен шексіз тәжірибе жинаған австриялықтардан да, Бисмарк көп нәрсені үйренді. Пруссия королі “дипломатиялық өнердің жоғарғы мектебі” деп атаған Венадағы қысқа мерзімді жұмысы оған өте пайдалы болды. Кейіннен, 1859 жылы Петербургте Бисмарк орыс дипломатиясының тәжірибесін үйренеді. Бисмарктың өзі Горчаковтан “дипломатиялық өнердің сабақтарын” алып жүрдім деп жиі айтатын. Сонымен қатар, саясат, дипломатия жөніндегі Бисмарктың тағы бір мұғалімі Наполен ІІІ болатын. Ол француз бопапортизмнің тәсілдерін зерттеді. Үлкен мақсаттарды: неміс ұлттық буржуазиялық кластың мүдделерін қанағаттандыру, герман мемлекеттерін біріктіруді алдына қойған Бисмаркке Наполеон ІІІ өте ұнаған еді.
Сөйтіп, 11 жыл ішінде Бисмарк 3 ірі еуропа державалары: Ресей, Австрия, Францияның сыртқы саясаты мен дипломатиясын зерттеуге мүмкіндік алды. Бірақ ол Франкфуртте, Вена, Парижде алған тәжірибені, дипломатиялық тәсілдер кобинацияларын қайталап қана қойған жоқ. Бисмарк дипломатиясының “ұлы курфюрст”, Фридрих ІІ-ге тамырмен баратын өзінше ұқсамас белгілері де болды.
Шетел держеваларының пара беріп, Бисмаркті сатып алу әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Бисмарк ешкімнен ақша алған емес, бірақ 70-80 жылдары ол Германияның ішіндегі қыржы топтардың ықпалымен, олардың мүдделерін қорғағаны рас.
Бисмарк дипломатиялық интригалардан бас тартпайтын, дегенмен де мінезінің басты қасиеті, қарсыластарды таң қалдыратын талап күші еді. Біреуге жақсы тәрбие көрсетіп, біреумен ашық, тіпті дөрекі болып, ол адамда қандай әсер қалдырудың шешкеніне байланысты, Бисмарк әрбір адамға жеке жол іздеді. Ол әрқашанда күресте болып, соққы беруге дайын болатын. Дипломатиялық ептілік онда туралық, ақ көңілділік формасында болды. Керек жағдайда. ашықтық айқын байбаламға айналды. Бисмаркпен әңгімелескеннен кейін, Англияның болашақ премерьер-министрі Дизраэли “Бұл адамнан сақтаныңдар! Ол ойлағанын айтады” деген екен. Дизраэлимен әңгімелесіп Бисмарк оған мақсаттарын баяндайды: ол көп ұзамай Пруссия үкіметінің басшысы болатынын, армияны қайта құрып, бірінші мүмкіндікте Австрияға соғыс ашып, Герман мемлекеттерін Пруссия бақылауында біріктіруін, қуатты мемлекет құратынын.
Бисмарктың энергиясы барлық әңгімелескен адамды таң қалдыратын. Ол сабырлы емес, қызба қанды болатын. Кейіннен бұл қасиеттерге ашуланшақтылық қосылды. Кейде ашуын тия алмай, қол атындағыларын қорқытатын. Көп жылдар бойы Бисмарк ұйқы қашып азаптанды. Бірақ та, Бисмарк ауырса да, қызу жұмыс жасап шаршамайтын. Ол жек көрушілікті өмірдің двигателі деп есептеп, өзінің саяси қарсыластарын қатты жек көретін. Бірақ керек кезде ол өз сезімдерін сыртқа шығарған емес. қаталдық пен айлалықты ол дипломатия саласында ғана емес, саяси күштермен күресте де қолданатын. Өзінің саясатында ол армияны зорлық құралы ретінде пайдаланды, Пруссиялық милитаризм жүйесі оның саясатында тірек тапты. Тіпті дипломатиялық жолмен шешкен мәселеде де, Бисмарк сақтану үшін қару күшін қолданды.
Бисмарк сәттілік алғышарты дұрыс есептеліп алынған уақыт деп есептеді. Тек соғыс үшін жауакершілікті қарсыласқа аудару керек болды. Уақыт келгенде әрекет ету керек. “Кез-келген саясат, шешімсіздік саясатынан жақсы” [5, 228c] деп жазды Бисмарк. Бірақ барлық жағдайда ашық болу қауіпті. “Сыртқы саясат тұрақсыз элемент белгілі жағдайларда ол уақытша қатты формаға ауысады, бірақ ауа райы өзгерсе өзінің алғашқы қалпына келеті” [6, 112c].
Бисмарктың сыртқы саяси концепциясы мемлекет мүддесіне негізделді, ол эмоционалды, идеологиялық мақсаттарды жоққа шығарды. Пруссияға не дұрыс болады, қайда мүддесі бар – бұл мәнге ие. Оған тырысу керек, керек болса соғысу керек.
Ресей Бисмарк үшін прифитетті мемлекет болды. Ресейдің халықаралық аренадағы рөлін жақсы түсінген Бисмарк, саясаткер мен дипломат ретінде мақсат қойған Бисмарк, Германия ресейдің қолдауынсыз, болмағанда нейтралитетінсіз біріге алмайтынын сезді. 1853-56 жылы Қырым соғысында жеңілген ресей үшін, Пруссияның Англия, Франция, Турция кірген поалицияға қосылмауы маңызды болды. Бисмарк оны түсініп, ешқандай таласқа түспеген еді. Сонымен, Бисмарк саясатының басты мақсаттары мыналар еді:
1. Австриямен күрес
2. Ресеймен байланыстарды нығайту.


2.3 Пруссияның соғыстар кезіндегі Бисмарк дипломатиясының ерекшеліктері

Бисмарк үкімет басшысы қызметіне тағайындалғанда Пруссия саяси дағдарыста еді. Король мен ландтаг арасындағы түсінбеушілік конституциялық конфликт деп аталды.
Дау туғызған мәселе әскери реформа еді, либералдар мемелкетінің милитаризациясына және юнкерлер позициясының күшеюіне қарсы болды. Король тіпті тақтан кетуді ойлаған еді. Әскери министрдің ықпалымен, ол Бисмаркті үкімет басына қоюды шешті.
Данияға қарсы соғысты бастағанда, Бисмарк Германия бірігуінің бірінші кезеңін жүзеге асырғысы келді. Күш балансының тұсынан Данияға қарсы соққының сәті дәл таңдалынды. Сол кездегі жағдайды А.С.Ерусалимский жақсы сипаттаған: “Австрия, Пруссия жеңісінен кейін табысты бөлгісі келді. Бонапарттың Франция Мексикасындағы соғысты бастады. Англия, соғысты тек континентальді державаның қатысуында ғана жүргізуге дайын болды. Кілт Ресейдің қолында еді” [6, 23c]. Ресейдің дат соғысындағы позициясы Пруссияға жеңіс әкелді деуге де болады. Шығыс көршісімен қарым-қатынас бірігудің келесі кезеңін асыру үшін де қажет болды. Бисмарк тамаша дипломатиялық өнер көрсетіп, Австрияны көмексіз қалдырды. Ресейдің позициясы Пруссияның Австриямен соғысында да маңызды мәнге ие болды. Генераль Мольткенің басқаруындағы армиясы алдында жеңіске тез жету мақсаты тұрды. Пруссияның Европа ортасында орналасуы,армияның батыста шоғырлануы, барлығы да өте қауіпті болды. Бейтарап мемлекеттердің қатысын жоққа шығару үшін тез жеңіс қажет болды. Франция қарсы соғысқан Пруссия армиясының іс-әрекеттрінен шығыс шекараның қауіпсіздігі, Пруссияның тағдыры байланысты болды. Сондықтан да Пруссияның соғыстары бойында Бисмарк, ең алдымен Ресеймен қарым-қатынасты жақсарту, династиялық және саяси байланыстар арқылы достық орнату мақсатын көздеді. Тарих коммунасының жеңісімен Бисмарктің ойынша одақтасы Ресейден іздеу керек болды.
Жалпы алғанда, Бисмарктің пруссиялық соғыстар кезіндегі дипломатиясын талдағанда мынадай қорытынды жасауға болады. Бисмарк жаңа, басқалардан өзгеше, өзіндік әскери-дипломатиялық стиль қалыптастырды. Оның дипломатиясына қатыгездік, агрессия, превентивті соғыс тактикасы тән болды. Бұл заманда, бұл дипломатия мен саясат өте эффективті болды.

2.4 Герман империясы құрылғаннан кейінгі Бисмарктің дипломатисы

Герман империясының құрылуы Европаның халықаралық қатынастар мен дипломатиялық қатынастар тарихында жаңа бет ашты. Бисмарктің негізгі, көптеген жылдар бойы ұмтылған мақсаты жүзеге асырылды. Біріккен Германия халықаралық аренадағы ірі державаға тиісті рөл атқаруға дайын болды. Тарихи коммунасын әрең жеңген Францияның реакциялық үкіметі Германия мен Ресейдің ықпалында болды. “Құтырған” Бисмаркты сынаған неміс либералдары, енді оған сый-сияпат көрсетті. Буржуазияның мүдделерін қанағаттандырып, Бисмарк бәрінің ауыздарын жапты. Тарих коммунасының жарияланғанын естіген буржуазия, енді бәріне де көнді.
Шығыс шекарасындағы Ресеймен қарым-қатынас қалыпты деңгейде сақталынды.
Австро-Венгриямен қарым-қатынас қанағат тұтарлық деңгейде болды. Жаңа ғана құрылған Герман империясында, Англиямен отарлық немесе экономикалық қайшылықтар әлі жоқ болды. Барлығы да Германия үшін жақсы болғандық. Бірақ, Герман империясының құрылуынан кейінгі халықаралық жағдай да, Бисмарктің кейінгі әрекеттері сондай тамаша болған жоқ.
Бисмарк сыртқы саясаттың мақсаты, Германияның орталық Европадағы орналасуына шығады деп есептеді. Шекаралары барлық жақтан да ашық болғаннан, ол империяға қауіп төнуі мүмкін деп ойлады. Коалициядан сақтану үшін Бисмарк өзі коалиция құруға кірісті. Австрия Германияның бірігуі алдында ең маңызды жау болса, енді ол тарихи одақтасқа айналды. Бұрын Франциямен достық қарым-қатынасты сақтау Бисмаркқа керек болса, Францияның жеңілуінен, Эльзас пен Лотарингияның аннекциясынан кейін, ол тарихи жауға айналды.
Герман империясының құрылуынан кейінгі екі онжылдық бойы, Бисмарк сыртқы саясатта қатал күрес жүргізді. Ол Германия айналасында одақтар мен топтардың үлкен және кейде түсініксіз жүйесін құрып,әр түрлі комбинациялар жасады. Бисмарк Германия империяға айналғаннан кейін, соғыстың болмайтындығын жариялаған. Францияда болса реванштік толқын көтерілді. Бисмарк, осы жағдайды режимнің негізгі тірегі – армияны күшейту үшін қолданды. Жаңа империяда негізді рөлді юнкермер классы ойнады, буржуазия билікке ұмтылған да жоқ. Германияның бірігуімен пайда болған ішкі нарық мүдделерін қанағаттандырды.
Бисмарк Германия мен Франция арасында жасалған Франкфурт бейбіт келісімін, өзінің сыртқы саясатында негіз етіп алуды жөн көрді. Бұл келісім Францияға бірінші тиімді болды. Бірақ Эльзас пен Лотарингияның Германияға қосылуы қайшылықтар туғызды. Сондықтан да Франция тарапынан Германияның кез-келген жауы одақтас табатынын Бисмарк жақсы білді. Бұл жаңа мақсат туғызды: Францияның ішкі күштерін әлсірету және халықаралық аренада изоляциялау. Осыдан, Австрия мен Франциядағы реванштік күштердің жақындасуын болдырмау әрекеттері түсінікті. Германияның ішіндегі каталицизммен күресі, антипрустік элементтер мен жоғарғы екі күштің қосылуын болдырмау мақсатымен түсіндіріледі. Осы жағдайды ескеріп, Бисмарк Ресеймен жақындасуды үміттенеді.
Өзінің мемуарларында Бисмарк Франциямен соғыс жүріп жатқанда-ақ, Ресеймен және Австро-Венгриямен қатынастарды нығайтуға тырысқаны туралы жатады. Одан бұрын, Пруссия Австриямен соғыс жүргізгенде Бисмарк Вильгельм І-нің Венаға кіру жоспарларына қарсы болған. Алдыға болжайтын Бисмарк, сол кезде-ақ Германия Австрияның жақсы одақтас бола алуын сезген. Сонымен, ол үш держава Франция, Австрия, Ресей коалициясын болдырмау үшін үлкен жұмыс істеді. Бисмарк өзінің Германиямен жақындасу үмітін де тастамады.
Англиямен қарым-қатынасты жақсарту әрекеті сәтсіздік тапқаннан кейін, 3 шығыс-европалық монархиялардың династиялық мүдделерінің ортақтығы идеясын ұсынған Бисмарк, үш император одағын құрады. Ол халықаралық аренда Германияның рөлін нығайту үшін жасалған әрекет. Германия, Австрия, Ресей императорлары одағы тұрақсыз болуын Бисмарк жақсы білді. Бисмарк державалар арасындағы қайшылықтарды пайдалануға да тырысты. Осы тұста Ресей мен Англияның Қиыр Шығыс пен Орта Азиядағы қайшылықтары көрінді. Бисмарк Ресеймен достық байланыстар сақтай отырып, Англиямен байланысты үзген жоқ. Ресеймен достық Францияны изоляциялау үшін қажет болды. Бұл кезде, Франция контрибуцияны мерзімнен тез төлеп, армиясын нығайтуға кіріскен еді. Бұл жағдайда, Германиядағы кейбір ықпалы бар әскери, саяси топтар, ең алдымен орталық Штаб жаңа соғыстың, яғни первентивті соғыстың басталуын ойластырды. Сонымен қатар, соғысты Германидағы дағдарысты тоқтату үшін пайдалануға болатын. Бисмарк ол ойлардан тыс қалған жоқ. Мемуарларында ол “Үш, төрт жақтап шабуылға ұшырай алатын, Германия сияқты мемлекеттің, уақытты таңдап өзі шабуылдап, қарсыласын озып кетуі заңды болар” [1, 179c] деп жазған еді. “Темір канцлер” кейін де пайдаланған, Германияның превсптивті соғыс туралы милитаристік концепциясын жасаған еді.
Осылай, 1875 жылы көктемде Европа алдында жаңа соғыс қаупі төнді. Бірақ, екінші бастау үшін жасалған дипломатиялық дайындық сәтсіздікке ұшырады. Горчановтың ықпалымен Ресей бейтарап позициясын ұстауға келіспеді. Англия да қарсы шықты.
Соғыс басталса, Франция емес, Германия изоляциялауда қалатын. “Үш императорлар одағы” 1875 жылдан бері жойыла бастады.
Әлемді бөлісудің жаңа кезеңі келгенде, жағдай одан әрі қиындады. Франциядағы реванштік топтардың нығайып болдырмау үшін, Бисмарк Францияның колониялды саясатын қолдай бастады. Осы жолда Франция Англиямен (Үндіқытай мен Египетте), Италиямен (Тунисте) қақтығысатынын ол жақсы түсінді. Сондықтан да ол Англия мен Италияны да қолдаған еді. Сонымен қатар, ол Австрия мен Ресейдің қарым-қатынастарын әлсіретіп, шиеленісуіне бағытталған әрекеттер ұйымдастыра бастап, Германияға пайда түсірді. Бірақ бұл ойын көпке созылмады, ақырында бір тұрақты одақтас керектігін сезген Бисмарк Австро-Венгрияны таңдады. 1879 жылы Ресеймен соғыс басталып кетсе, Австрияға қарулы көмек көрсетуді көзделген келісімге қол қойылды. Өз жағынан, Австрия, Ресей мен Пруссия соғысса көмек көрсетуге, Францияға қарсы соғысса нейтралитет сақтауға міндет алды.
Францияның изоляциясын сақтауға тырысты, Бисмарк Италияның, Францияның бәсекелестігін үлкейтіп, Италияның Австриялық Триест пен Тринтонияға талабын әлсіретуге тырысты. Бұл 1882 жылы Германия, Италия және Австро-Венгрия “Үштік Одақтың” құрылуына әкелді. Бұл келісім Бисмарктың жеңісі болды. Оған сәйкес, егер Франция Германияға шабуыл жасаса, Италия көмек көрсетуге уәде етті (Австро-Венгрия бұндай міндет алған жоқ). Ал егер Франция Италияға соғыс ашса екі одақтас көмек көрсетуге келісті. Ал егер одақтастың өзі басқа мемлекетке соғыс ашса, қалғандары бейтарап позицияны сақтауға келісті.
“Үштік одақ – стратегиялық позиция, сол кездердегі қауіпті еске алғанда, ақылды қадам еді” [8, 230c] деп жазды ол естеліктерінде.
80 жылдың басынан Бисмарк колониялды саясат жүргізуге кірісті. Бұл Англия мен Германия арасындағы қайшылықтардың шиеленісуіне әкелді. Бисмарк, бұл жолы қатал позицияны сақтауға шешті. Бірақ, 1885-86 жылғы оқиғалар оның жоспарларына зиян келтірді. Балкан түбегінде Австро-Венгрия мен Ресейдің мүдделері қақтығысты. Бисмарк барлық күшін соғысты болдырмауға тырысты. Соғыс болмады.
1887 жылы үш императорлар одағы қирады. Ресей келісімді ұзартудан бас тартты. Бисмарк Ресеймен құпия екі жақты келісім жасасты. Егер де екі мемлекеттің біреуі соғыс ашса, екінші жоқ нейтралитет сақтауға міндет алды. Нәтижесінде, қызықты жағдай қалыптасты. Италия мен келісім Франциядан сақтандырды. Австро-Венгриямен келісім Ресейден сақтандырды, ал ендігі Ресеймен келісім шарт Германияны бұл жақтан да сақтандырды. Бірақ, бұл келісім үш жыл ғана болды.
Бисмарк Англиямен қатынастарды жақсартуға тырысты. Бұған 3 себеп болды. Біріншіден Герман буржуазиясы әлемдік нарыққа жолдар іздеді, оларға Англиямен қарым-қатынас тиімді болды. Екіншіден, Бисмарк Францияға қарсы одақтас іздеді. Үшіншіден Германия мен Ресей қатынастары жаман болды. Бисмарк шығыс шекарасында орыстың нан экспортына үлкен кедендік салықтар орнатты. Өз жағынан патшалық Ресей үкіметі орыс фабриканттарын қолдап, Германиямен экономикалық соғыс жүргізді. Бұл Ресеймен қатынасты бұзбауға бағытталған Бисмарктің сыртқы саясатымен қайшы келді. Ерусалимский жазғандай “Бисмарктің сақтану жүйесі экономикалық конфликтер негізіндегі, шиеленісті дипломатиялық қондырғы еді” [6, 50c]. 1887 жылы Бисмарк Ресейге ықпал жасау үшін неміс биржаларының несиелерін беруін тоқтатты. Бірақ, ол қателесті. Патша үкіметі француз ақша нарығына ұмтылды. Ресей мен Франция арасында одақ құрылу мүмкіндігі туды. Бисмарк Англияны Үштік Одаққа тартуды үміттенді. Бірақ, Германияны Ресеймен соғысқа жіберуге тырысқан Англия бұл одақтан бас тартты.
Вильгельм І-нің өлімімен Бисмарктің позициясы әлсіреді. Жас Вильгельм ІІ Бисмарктің саясатын жақтырмады. Оның ойынша ол ескі әдістер мен қондырғыларға негізделді. Бірақ қызметінен кеткісі келмеген, Бисмарк әр түрлі жолдар іздеді.
Бисмарк оны былай түсіндірді: “Менің отставкаға кетуден бас тартуым, басқа себептермен түсіндіріледі – ол сыртқы саясат. Көптеген жылдар бойы шетел және неміс сарайларында алған авторитет пен сенімді, мен басқаларға бере алмадым. Мен кетсем, бұл капитал мемлекет пен династия үшін жойылатын еді” [8, 53c].
1890 жылы Бисмарк қызметтен кетеді. Қорытындыласақ, Бисмарк қызметінің соңында үлкен, түсініксіз дипломатиялық конструкцияларды қолданды. Бұл жаңа, динамикалық саяси жағдайда нәтиже берген жоқ еді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Тақырыпты қорытындылай келгенде, Отто фон Бисмарк Германияның ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы дамуына үлкен ықпал жасады. Бисмарктың “Қан мен темір” саясатымен Герман жерлерінің бірігуі жүзеге асырылып, Еуропаның саяси картасында жаңа қуатты мемлекет – Герман империясы құрылды. Бірігу, антидемократиялық сипатына қарамастан, прогрессивті болған, өйткені елдің дамуындағы экономикалық кедергілерге жол бермеді. Біріккеннен кейін, 1871ж. Германияның конституциясы қабылданды. Конституция, өзінің сипаты бойынша заңдылық қарама-қайшылықтарға толы болды. Император канцлердің контрассигнатурасымен байланысты болды, бірақ канцлерді, өз еркімен орнынан алуға және тағайындауға құқылы болды. Конституция император билігін Одақтық кеңеспен шектеп отырды. Бисмарктың бұл процесстердегі ойнаған рөлін асыру қиын. Оған ол бүкіл дипломатиялық, саяси қабілеттерін, энергиясын, батылдығын жұмсады. Бисмарк туған юнкерлік классының көз-қарасының шеңберінен шығып, герман буржуазиясының жалпыұлттық мақсаты бірігуді іске асырды.
Бисмарк европалық әскери дипломатияның жаңа стилін қалыптастырды, оны Вильгельм ІІ, шамалай Адольф Гитлер де қолданды. Бисмарк дипломатиясының жалпы белгілері қаталдық, прагматизм, дипломатиялық тәсілдер мен әскери күшті алмастыра қолдану, үлкен саяси-әскери-дипломатиялық қондырғыларды пайдалану. Іс жүзінде, Бисмарк дипломатияны жаңа соғыстарға дайындау үшін қолданды. Сондықтан Бисмарктің қызметі халықаралық шиеленушілікті одан ары күшейтті. ХХ ғасырдың соғыстарының басталуына Бисмарктің жауапкершілігін асырмау қажет. Әрине, Бисмарк дипломатия және милитаризм ұғымдарын жақындатты, оның айлалы тәсілдерін, прессані өзіне бағындыруы, қорқыту саясатын келесі ғасырдың қайраткерлері қолданды. Бірақ Бисмарк мәнсіз, қатал соғыстарға ешқашан барған жоқ, соғыс тек сақтандыру құралы болды.
Бисмарк құрған герман милитаризм жүйесі ХХ ғысырдың еуропалық, тіпті әлемдік тарихына үлкен ықпал етті.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Ерусалимский А.С. Бисмарк. Дипломатия и милитаризм. М., 1986. – 213с
2. Чубинский В.В. Бисмарк. Политическая биография. М., 1988. – 318с
3. www.temakosan.net интернет сайты
4. История дипломатий. Под ред. В.А. Зорина М., 1959. – 118с
5. Нарочинская Л.И. Россия и войны Пруссии в 60-х годах ХІХ века за объединение Германии М., 1960. – 163с
6. Палмер А. Бисмарк. М., 1997. – 231с
7. Бисмарк О. Мысли и воспоминания. М., 1940. – 447с
8. Всеобщая история государства и права. М., 1996. – 183с
9. Людвиг Э. Бисмарк М., 1999. – 267с

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



829.2Kb
Категория: Халықаралық қатынастар | Добавил: Admin | Теги: курстық жұмыс, ГЕРМАНИЯНЫ БІРІКТІРУ, Бисмарктің дипломатисы, Герман империясы
Просмотров: 2369 | Загрузок: 402 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Азаттық жырының ақтаңгері
Ыбырай Алтынсарин
Шерхан Мұртаза
Мағжан - ақынның ақыны
Хамза Есенжанов
“Салауаттану – денсаулықты сақтау” бойынша салауатты өмір сүру салтын ...
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның құқықтық дамуы
Абайша сүйіп, Абайша күйіп жүрміз бе?
Арқа ән мектебіндегі Мәди шығармашылығының сипаты
Мұстафин Ғабиден (1902-1985)
Әлихан Бөкейханов
Германия
Жұбан Молдағалиев
Жансүгіров Ілияс
СӨСҚ қызметінің негізгі бағыттары