Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 26.4.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Халықаралық қатынастар

Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселелері
Загрузка...
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік жүйесінің қалыптасу негіздері
1.2 Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының факторлары және алғышарттары
2. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
2.1 Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселесінің ерекшелігі мен қайнар көздері
2.2 Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі XXғ. аяғы – XXIғ. басында ғаламдық және аймақтық деңгейде саяси-экономикалық салада мемлекеттер арасындағы өзара тәуелділік және әлемде пайда болған жаңа қауіптерге төтеп беру үшін бірігіп қызмет ету іс-шаралары күшейе түседі. Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы ынтымақтастық жаңа көрініс алды. Оңтүстіктен төніп тұрған қауіптер – аймақтық қақтығыстар, халықаралық лаңкестік, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, демографиялық теңсіздік бүгінде Солтүстік елдерінің басты назарын аудартып отыр.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Орталық Азияда бес тәуелсіз мемлекет пайда болды. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан және Тәжікстан. Орталық Азия посткеңестік аймақтағы маңызды стратегиялық аймаққа айналды. Табиғи қазба байлықтарға бай Орталық Азия аймағы әлемдегі ірі державалардың мүдделері тоғысқан аймақ болып табылады. Кеңестер Одағынан бөлініп шыққан мемлекеттер ендігі жерде өз қауіпсіздіктерін қалыптастыруға кірісті. Қауіпсіздікті берік қамтамасыз ету мақсатында тынтымақтастық шаралары жүзеге асырыла бастады. Ең алдымен Орта Азия мемлекеттері арасында дипломатиялық қарым қатынастар орнатылып, екі жақты қатынастарда қауіпсіздік саласындағы келісімдер жасала бастады. Осы қатынастардың негізінде тынтымақтастық ұйымдары құрыла бастады. Мұндай ұйымдардың жарқын мысалы Шанхай Тынтымақтастық Ұйымы, Ұйымдық Қауіпсіздік Шарты туралы Ұйым. Қазіргі таңда осы ұйымдардың аясында қауіпсіздікке әсер ететін мәселелермен түрлі бағытта күрес шаралары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің жолдамасында айтқандай, «ұлттық мүддені қорғауды және болашақта аймақтағы күштердің тепе-теңдігін қамтамасыз етудің жолы – интеграция саясатында жатыр. Сондықтан да бірінші кезекте Қазақстан өз сыртқы саясатында басты назарды Ортаазиялық интеграциялық үрдіске бөлуі тиіс», – дейді.
Жұмыстың негізгі мақсаты - Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік жүйесінің қалыптасу негіздерін анықтау, сонымен қатар Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының факторлары және алғышарттарын, Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы мәселелердің ерекшеліктері мен қайнар көздерін, осы мәселелерді шешуге бағытталған тынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ашып көрсету. Осы мақсаттарға жету үшін біз төмендегідей міндеттерді алға қойдық:
• Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік жүйесінің қалыптасу негіздерін анықтау.
• КСРО құлдырағаннан кейінгі тәуелсіздік алған мемлекеттердің экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайын, сыртқы және қауіпсіздік саясатын қарастыру.
• Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының факторлары және алғышарттары зерттеу
• Орталық Азия елдерінің ішкі қауіпсіздік саласындағы тынтымақтастығын талқылау.
• Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік саласындағы тынтымақтастықтың жаңа бағыттары
Қазақстандық зерттеушілер қазақстанның сыртқы саясатында мемлекеттік маңызы бар мәселелер турасында жазған белгілі тарихшы-ғалымдардың еңбектері бар.
Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық, аймақтық, ғаламдық, саяси, әскери қауіпсіздігі, сонымен қатар Орта Азиядағы ішкі қауіпсіздік жағдай мен өңірдің әлемдік саясатта алатын орны сияқты мәселелер белгілі ғалым М. С. Әшімбаев еңбектерінде қарастырылып, жан-жақты талдау жасалынған [3].
Тарих ғылымдарының докторы М. Т. Лаумуллин өзінің «Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстандағы қауіпсіздік, сыртқы саясат және халықаралық қатынастыр: 1991 – 2001» [14] еңбегінде Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді, тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тарихын қарастырады. Зерттеу барысында Қазақстанның ядролық қауіпсіздік мәселесіне және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басқа аспектісіне үлкен көңіл бөлінеді.
Қазақстан сыртқы саясатына қатысты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты кафедрасының оқытушылары К. Н. Макашева, Қ.Е.Байзақованың, және т.б. еңбектері бар.

Жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім үлкен екі тарауға бөлінген, бірінші тарау Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік мәселелерінің негізгі аспектілері. Ал екінші тарау Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы баяндалады. Жұмыстың құрылымы қорытынды және пайдаланылған әдебиетпен бітеді.


1. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік жүйесінің қалыптасу негіздері

КСРО тыдырағаннан кейін Орта Азия мемлекеттері тәуелсіздіктеріне қол жеткізді. Осы кезеңнен бастап аймақ халықаралық қатынастардың дербес субъектісіне айналғандықтан, аймақтық аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі туындады. Қазақстан Орта Азия мемлекеттерімен дипломатиялық қарым қатынастар орнатып, қауіпсіздік саласындағы тынтымақтастықты дамытуға белсене кірісті.
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 23 қарашада орнатылды. 2007 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасында Төтенше және өкілетті Елшісі Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков болып табылады. 2008 жылдың қараша айынан бастап Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасында Төтенше және өкілетті елшісі Фарух Исламжанұлы Тұрсынов болып табылады.
Қазақстан-өзбек арасындағы қатынастар жеткілікті түрде тұрақты дамуда. Тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселелерінде ықпалдасады олар халықаралық ұйымдар мен форумдар мысалы ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, АӨЫСШЖК мүшелері болып табылады. Қазақстан-өзбек қатынастары шарт-құқықтық базасын ынтымақтастықтың барлық саласын қамтитын 100-ден астам құжат құрап отыр. ҚР Президентінің 1998 жылғы 30 қазандағы Өзбекстанға ресми сапары кезінде екі жақты қатынастардың негізін салушы Мәңгілік достық туралы шартқа қол қойылды. 2006 ж. 11 қаңтарда Өзбекстан Президенті И. Кәрімов Астана қаласында өткен Қазақстан Президентін ресми ұлықтау салтанатты рәсіміне қатысты. 2006 жылғы 19-20 наурызда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында екі ел Президенттерінің жетекшілік етуімен Мемлекетаралық үйлестіру Кеңесін (МҮК) құру туралы шешім қабылданды. Ол екі жақты ынтымақтастықтың басым мәселелерін тиімді шешуге қызмет етеді. Ол сондай-ақ Алматыда өткен АӨСШК Екінші Саммитіне (2006 жылғы 17 маусым) және Астанадағы Орталық Азия елдері президенттерінің ресми емес кездесуіне (2006 жылғы 1-2 қыркүйек) қатысты. 2006 жылдың 4 қыркүйегінде ӨР Президенті И.Кәрімовтің Қазақстанға мемлекеттік сапары болды, оның барысында Мемлекетаралық үйлестіру Кеңесінің ережесі бекітілді. Сонымен бірге 2006-2010 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық және 2006-2008 жылдараға арналған мәдениеттілі-гуманитарлық ынтымақтастық бағдарламаларына қол қойылды.
2006 жылғы 3 қарашада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Өзбекстанға жұмыс сапары болып, оның барысында МҮК-тің 1-ші отырысы өтті. 2007 жылғы 26-27 шілде аралығында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің Өзбекстанға сапары болып, оның кезінде МҮК-тің 2-ші отырысы өтті. К.Мәсімов Ташкентте болған уақытында оны ӨР Президенті И.Кәрімов қабылдады және ол ӨР Премьер-Министрі Ш.Мирзиёевпен келіссөздер өткізді.
МҮК отырысы кезінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы 2007-2016 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың стратегиясына қол қойылды және оны іске асыру үшін жұмыс тобы құрылды. 2008 жылдың 22-23 сәуір күндері Президент И.Кәрімовтің Қазақстанға ресми сапары орын алды, оның барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды қарастырды. Қазақстан мен Өзбекстан арасында еркін сауда аймағын құру, бизнес-орталықтар және Сауда өкілеттіктерін ашу, мұнай саласында әріптестікті нығайту және т.б. туралы келісімдерді дайындауға екі жақ уағдаластыққа келді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Түрікменстанда ресми сапармен 1993 жылғы 19 мамырда, 1999 жылғы 8-9 сәуірде болды, сондай-ақ 2002 жылғы 23-24 сәуірде Ашхабат қаласында өткен Каспий жағалауы мемлекеттері Басшыларының Бірінші саммитінің жұмысына қатысты. Түрікменстанның Президенті С.Ниязов Қазақстанда ресми сапармен 1997 жылғы 27 ақпанда, 2001 жылғы 5-6 шілдеде болды, сондай-ақ 2002 жылғы 28 ақпан – 1 наурыз аралығында Алматы қаласында өткен ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты. 2001 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында мемлекет басшылары Қазақстан-түрікмен мемлекеттік шекарасын межелеу және демаркациялау процесі туралы шартқа қол қойды. 2005 жылдың қараша айында іргелес мемлекеттердің мемлекеттік шекарасында алғашқы шекара бағаналарының орнатылу рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау процесін ағымдағы жылы аяқтау көзделген. Қазіргі таңда біздің елдеріміз Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтауға қатысты келіссөз процесіне қатысуда. Бұл мәселеде Қазақстан мен Түрікменстан ұқсас ұстанымдар білдіріп,келісушілік танытп жатыр. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізінің табанын межелеу туралы келісімнің жобасын даярлауға байланысты келіссөз процесі жалғасу үстінде. Сондай-ақ Арал теңізі бассейнінің су қорларын басқару және трансшекаралық өзендердің су қорларын пайдалану мәселелері қарастырылатын Аралды сақтап қалу халықаралық қоры шеңберінде Қазақстан мен Түрікменстан ынтымақтастық танытуда.Географиялық тұрғыдан жақындығы, тарихи тарихи тұрғыдан терең тамырластығы, тілдің, мәдениеттің, салт – дәстүрдің ортақтығы Қазақстанның Қырғыстан Республикасымен жаңа тиімді ынтымақтастығының сенімді негізі болып табылады. Екі жақты қарым-қатынас 1993 жылы жасалған, Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттың ережелеріне сәйкес құрылады. Шартта тараптардың әрқайсысы өз аумағында тұрып жатқан екінші тараптың азаматтарына жалпыға бірдей танылған азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар мен еркіндіктерге кепілдік береді. Құжатта сауда-экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық және басқс да байланыстарды кеңейтуге, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айрықша маңыз беріледі. Тараптық қоршаған ортаның ластануын болдырмау, табиғатты пайдаланудың, әсіресе экологиялық тұрғыдан қолайсызаудандарда ұтымдылықты және ресурсты үнемдеуді қамтамасыз етуге айрықша маңыз беріледі. Тараптар қоршаған ортаның ластануын болдырмау, табиғатты пайдаланудың, әсіресе экологиялық тұрғыдан қолайсыз аудандарда ұтымдылықты және русурсты үнемдеуді қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау туралы өздеріне міндеттеме алды. Мемлекеттер сейсиология саласында ынтымақтасуға, өз аумақтарындағы ірі эколгиялық тұрғыдан қолайсыз аудандарда ұтымдылықты және ресурсты үнемдеуді қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау туралы өздеріне мндеттеме алды. Мемлекеттер сейсмология апаттардың салдарын жоюда жәрдем көрсетуге, сондай-ақ халықтың тыныс тіршілігі үшін қауіп туғызатын, табиғи және техногендік факторларға байланысты төтенше жағдайлар туындаған кезде өзара көмек көрсетуге уағдаласты.
Екі жақты қатынастардың шеңберінде 90-ға жуық құжаттарға қол қойылды. Олардың ішінде Сауда-экономикалық ынтымақтастық принциптері туралы, Еркін сауда-саттық туралы, Қазақстан мен Қырғыстанның үкіметтері мен ұлттық банктері арасында есеп айырысуларды ұйымдастыру туралы келісімдер маңызды болып табылады. Жерді республикааралық пайдалану туралы, өнеркәсіп, құрамында ураны бар шикізатты өндіру және ұқсату саласындағы бұдан былайғы интеграция туралы және басқа да келісімдердің маңызы үлкен. Тараптардың өзара қарым-қатысындағы негізгі арқау – сауда-экономикалық ынтымақтастықты жан-жақты тереңдету.
Қырғыстанның Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Біртұтас экономикалық кеңестік құру туралы шартқа қосылуы, осы шартқа қосылуы, осы шартқа үш тарапты құжаттың сипатын беру шын мәнінде Орталық Азия республикаларының арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі басталғандығын куәландырады, олар өзара тиімді байланыстарды нығайту мақсатында күш-жігерді біріктіруге деген ұмтылыстарын анық білдірді. Екі жақты қатынастарды кеңейту үшін Президент А. Ақаевтың 1997 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстанға ресми сапарының зор маңызы болды. Екі мемлекет басшылары мәңгілік достық туралы шартқа қол қойды. Бұл құжат Қазақстан мен Қырғыстанның әртарапты ынтымақтастығының тұрлаулы болашағын белгілеп берді. Екі елдің Президенттері екі елдің арасындағы мемлекеттік шекараны құқықтық тұрғыда ресімдеудің орындылығы туралы пікір білдірді. Осы уағдаласты орындау үшін тараптар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы шекараны делимитациялауға кірісті. Н. Назарбаевтың 2001 жылғы маусымда Бишкек сапары барысында екі мемлекет басшылары осы жұмысты тиісті шартқа қол қою үшін жылдың аяғына дейін аяқтау ниеті туралы мәлімдеді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы 2001 жылы «Шанхай бестігінен» (Қазақстан, Ресей, Кытай, Қырғызстан және Тәжікістан) құрылған. ШЫҰ-ның негізі – Шекара аумағында әскери саласында сенімді нығайту туралы Шанхай келісімі (1996 жылы) және Шекара аумағында қарулы күштердің өзара қысқартылуы туралы Мәскеу келісімі (1997 жылы) болып табылады. Аталған екі тарихи келісімнің біріншісіне қол қою үшін 1996 жылы Шанхай қаласында бес мемлекет басшысы кездесіп, ол «Шанхай бестігі» деген атауға негіз болды. Шанхайдағы, оған ілесе бір жылдан кейін Мәскеуде өткен саммиттер алты жылдан соң көп жақты ынтымақтастық ұйымына айналған құрылымның негізін қалады. Қазақстан, Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ықпалдасуды өзінің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі ретінде қарастыра отырып, аталған Ұйымға ерекше мән береді. ШЫҰ осы өңірдегі мемлекеттердің қауіпсіздік және сенім шараларын нығайту мәселелерін бірлесіп шешу ұмтылысының нәтижесінде пайда болды. Ұйымның мүдделері саяси, экономикалық және мәдени–гуманитарлық салаларға таралды.
Терроризм, экстремизм және тағы басқа сыртқы қауіптер аймақтағы мемлекеттерді ШЫҰ-ның құрамында бірігуге итермелейді. ШЫҰ – белгілі бір күштерге қарсы қимылдайтын әскери одақ немесе тұйық қоғамдастық емес. Ол – халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылған ашық ұйым. ШЫҰ-ның қазіргі жағдайдағы мән беретін мәселелері – аймақтағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті сақтау, әсіресе, сауда–экономикалық ынтымақтастықтың дамуы. «Шанхай үдерісінің» ең жоғары жетістігі – Қытай шекарасындағы шиеленісушіліктің әлсіреуі. Дипломатиялық және әскери сарапшылардан тұратын Бірлескен Бақылау Тобы шекара бойындағы 100 шақырымдық қауіпсіздік аймақтарда өзара тексерістерді жүргізеді. 2001 жылғы Шанхай Саммитінде терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрес туралы келісімшарт негізінде ӨТҚҚ құрылды. ӨТҚҚ-ның Атқарушы Комитеті 2004 жылдан бері Ташкентте жұмыс істейді. 2002 жылғы 7 маусымда Санкт–Петербургте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының екінші кездесуінде үш маңызды құжат жасалды: ШЫҰ-ның Хартиясы, ӨТҚҚ туралы келісім және ШЫҰ-ның мүше мемлекеттері басшыларының мәлімдемесі. 2003 жылғы 29 мамырда Мәскеу қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуінде Ұйымның бюджетін қалыптастыру және орындалуының тәртібі туралы келісімге қол қойылды. 2003 жылы 23 қыркүйекте Пекинде Үкімет басшылары Кеңесінде сауда–экономикалық, көлік, энергетика салаларындағы қарым–қатынасты одан әрі дамыту туралы мәселелер талқыланды. Көп жақты сауда–экономикалық ынтымақтастықтың Бағдарламасы, ШЫҰ-ның 2004 жылғы бюджеті және тағы басқа қаржы құжаттары қабылданды. 2004 жылы 15 каңтардан бері Пекинде ШЫҰ-ның Хатшылығы жұмыс істейді. 2004 жылы 17 маусымда Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі өтіп, Ташкент мәлімдемесін жасады және көптеген құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде ШЫҰ ӨТҚҚ шеңберінде құпия ақпаратты қорғау, есірткіге қарсы күрес туралы келісімдерді атап өтуге болады. 2005 жылы 5 шілдеде Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кезекті саммитінде Астана мәлімдемесі жасалды. Антитеррорлық сипаттағы маңызды құжаттар –(терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күресуде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық тұжырымдамасы, ШЫҰ ӨТҚҚ жанындағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдіктері туралы Ережесі және ШЫҰ ӨТҚҚ Кеңесінің баяндамасы бекітілді. Сонымен қатар Пәкістан, Иран және Үндістан мемлекеттеріне ШЫҰ-ның жанындағы бақылаушы мәртебесін беру туралы шешім қабылданды. 2005 жылы 26 қазанда Мәскеуде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшылары Кеңесінің мәжілісінде Банкаралық әрекеттесу және Төтенше жағдайды жоюға жәрдем етуде өзара іс-қимыл туралы келісімдер қабылданды. 2006 жылғы 15 маусымда Шанхайдағы мерейтойлық саммитінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы, Ұйымға мүше мемлекеттердің аумағына террористік, сепаратистік және экстремистік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың кіру арналарын анықтау және жолын кесу саласындағы ынтымақтастық туралы және 2007–2009 жылдарға арналған ШЫҰ-ның мүше мемлекеттердің терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрестің бағдарламасы қабылданды.
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылары және бас прокурорлар жылына бір рет жүйелі түрде кездеседі. Ү.ж. 30 мамырда Мәскеу қаласында ШЫҰ-на мүше мемлекеттер парламенттері төрағаларының кездесуі өтті, Жоғарғы соттар төрағаларының кездесуі ү.ж. қыркүйек айына жоспарланған. 2006 жылы ШЫҰ-да жаңа іскерлік құрылымдар – Банкаралық Бірлестік және Іскерлік Кеңес құрылды. 2006 жылдың мамыр айынан ғылыми – саяси топтардың Форумы өз жұмысын бастады. Соңғы кездерде ШЫҰ-ның халықаралық қатынастары едәуір нығайды. Мысалы, Солтүстік Корея, Непал, ТМД және Еуроодақтың мемлекеттері, БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы, ҰҚШҰ, ЭЫҰ, басқа мемлекеттер мен ұйымдар ШЫҰ-ның іс-әрекетіне зор ықылас қойып отыр. 2004 жылы ШЫҰ БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бақылаушы ұйымы мәртебесін алды, ал 2005 жылдың көктемінде ОШАМҚ және ТМД хатшылықтарымен өзара түсінісу туралы меморандумы қабылданды. ШЫҰ шеңберінде гуманитарлық салаларда, яғни білім, мәдениет, туризм және спорт алаңдарында өзара ықпалдасу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2007 жылдың қаңтарынан бастап, ШЫҰ-ның Бас хатшысы – Қазақстанның өкілі Б.Қ. Нұрғалиев, ӨТҚҚ Атқарушы Комитетінің директоры – Қырғыз Республикасының өкілі М.У. Субанов.
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы қазіргі кезеңде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету тек Орталық Азия өңірі үшін ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастығы үшін де ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Қазақстан Республикасы елдегі және өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, жаңа қауіп–қатерлермен халықаралық құқық арқылы күресуге, төнер қауіпті болдырмау және алдын ала сақтандыру мәселелерін шешуге, олардың негізінде жатқан іргелі себептерді жоюға қолайлы жағдайларды туғызу үшін дәйекті түрде қолдау жасайды. Бүгінгі күні Ұжымдық қауіпсіздік тұралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимыл мен үйлестіру жұмыстарының құралдарының бірі болып табылады. ҰҚШҰ – халықаралық аймақтық бірлестік, оның құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан кіреді.

1.2Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының факторлары және алғышарттары

Азиядағы өзара іс – қимыл және сенім шаралары кеңесі. Ресми атауы: Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (Азия кеңесі, АӨСШК).Құрылу күні: АӨСШК-ні құру туралы идеяны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1992 жылғы 5-ші қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынды. Мәртебесі: Азиядағы қауіпсіздікке қатысты мәселелер бойынша пікірлесу, келіссөздер жүргізу және келісімге келу негізінде шешім қабылдау мен шаралар қолдану жөніндегі мемлекетаралық форум. Қызметінің негізгі мақсаты мен бағыты: Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты көп жақты көзқарасты пысықтау жолымен ынтымақтастықты нығайту.Мүше мемлекеттері: Ауғанстан, Әзірбайжан, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай, Израил, Иордания, Иран, Корей Республикасы, Қазақстан, Қырғызстан, Монғолия, Мысыр, Өзбекстан, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Үндістан. Бақылаушылары: АҚШ, Вьетнам, Жапония, Индонезия, Қатар, Малайзия, Украина (мемлекеттері); БҰҰ, ЕҚЫҰ және АМЛ (ұйымдар). Төраға мемлекеті: Қазақстан Республикасы (2002-2006 жж., бірінші мерзім; 2006-2010 жж. екінші мерзімге қайта сайланды). Саяси органдары: Мемлекет және үкімет басшыларының кездесуі (Басқосу – ең жоғары орган 4 жылда бір рет жиналады), Сыртқы істер министрлерінің кездесуі (СІМК - екі жылда бір рет жиналады), Аға лауазымды тұлғалар комитеті (АЛТК – жылда екі рет жиналатын құрылым). Көмекші органдары: АӨСШК Атқарушы директоры модераторлық ететін түрлі тақырыптағы Арнаулы жұмыс топтары (АЖТ) және Мамандырылған сарапшылардың кездесулері (МСК). Әкімшілік органы: Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) орналасқан тұрақты түрде жұмыс істейтін халықаралық Хатшылық. АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Д.Бәкішев (Қазақстан), Атқарушы директордың орынбасары Корхан Каракоч (Түркия), кәсіби персонал (Қазақстан, Ресей, Үндістан, Иран және Пәкістан). Хатшылықты 2010 ж. Астанаға көшіру мәселесі қарастырылуда. Басты кездесулері: I-ші СІМК (1999), Бірінші Басқосу (2002), IІ-ші СІМК (2004), Екінші Басқосу (2006), IІІ-ші СІМК (2008). Құрылу құжаттары: АӨСШҚ-ға мүше-мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін принциптер декларациясы (1999-жылы АӨСШҚ-нің сыртқы істер министрлері қол қойған) және Алматы актісі (2002-жылы АӨСШҚ-нің мемлекет және үкімет басшылары қол қойған). Негізгі құжаттары: Сенім шаралары тізімдемесі, Рәсімдер ережесі (2004-жылы қабылданған). АӨСШҚ Хатшылығы туралы келісім және оның қосымшасы – Қаржылық ережелер (2006-жылы қол қойылып, 2007-жылы ақпан айында бекітілген). АӨСШҚ рәміздері туралы ереже, Сенім шараларын іске асыруға арналған Бірлескен тәсіл, АӨСШҚ-ның сыртқы байланыстары туралы ереже (2007-жылы қабылданған), Хатшылықтың Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы келісім (2007-жылы қол қойылып, 2008-жылдың наурыз айында Қазақстан бекіткен). Саяси декларациялары: АӨСШК-нің Терроризмді жою және өркениеттер арасындағы сұхбатты дамыту декларациясы (2002-жылы), Сыртқы істер министрлер Екінші Кездесуінің декларациясы (2004-жылы), Мемлекет және үкімет басшыларының Екінші Басқосуының декларациясы (2006-жылы), Сыртқы істер министрлер Үшінші Кездесуінің декларациясы (2008-жылы).
АӨСШК-ні құру туралы идеяны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1992 жылғы 5-ші қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынды.
Бастаманың негізгі мақсаты - Азия құрылығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ертеректе табысты бола алмай қалған тиімді де әмбебап құрылымын жасау жолындағы талпыныстарды қайта жаңғыртуға ұмтылу, өйткені, қазіргі таңға дейін, әлемнің басқа аймақтарымен салыстырғанда, осындай құрылым әлі күнге дейін қалыптасқан жоқ.
Бүгінгі таңда АӨСШК-ға мүше мемлекеттердің алатын аумағы едәуір кең. Аталған мемлекеттердің жалпы аумағы бүкіл Азия аумағының шамамен 90% құрайды. Бұл мемлекеттерде бүкіл жер шары халқының 45% астамы тұрады.
Азия кеңесінің Бірінші Басқосуы. 2002 жылы 4 маусымда Алматыда Азия кеңесінің Бірінші Басқосуы болып өтті. Осы Басқосуға Қазақстан, Ресей, Қытай, Пәкістан, Түркия, Монғолия, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан Президенттері, Әзірбайжан және Үндістан Премьер-Министрлері, Иран, Мысыр, Палестина және Израильдің өкілетті ресми тұлғалары, бақылаушы мемлекеттер: АҚШ, Индонезия, Малайзия, Жапония, Таиланд, Вьетнам, Украина және Корей Республикасының өкілдері, бақылаушы ұйымдар: БҰҰ, ЕҚЫҰ және АМЛ басшылары қатысты.
Басқосу барысында Алматы Актісіне, Терроризмді жою және өркениеттер арасындағы сұхбатқа (диалогіне) қолдау көрсету туралы декларацияға қол қойылды.
Үндістан және Пәкістан, Палестина мен Израиль сияқты өзара жанжалды жағдайда болған елдер басшыларының қатысуын Алматыдағы кеңестің үлкен бір ерекшелігі деп айта аламыз. Атап айтқанда, Азия кеңесі сол кездің өзінде мәселелер мен жанжалдарды реттеудің жолын іздеу мақсатындағы сұхбатқа бағытталған ашық форум болуға деген өзінің қажеттілігін, яғни өзінің нақты бағытын айқындап үлгерді.
Азия кеңесінің Екінші СІМК-і. 2004 жылы 22 қазанда Алматыда Азия кеңесіне мүше мемлекеттердің II-ші Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. Бұл кездесу қарсаңында Таиланд Корольдігінің Азия кеңесіне он жетінші мүше-мемлекеті болып қабылдануы айтарлықтай оқиға болды. Азия кеңесінің жұмыс істейтін сұхбаттық құрылымы Азия құрлығында күннен күнге көптеген өз жақтастарын тауып келеді.
Сенім шаралары тізімдемесінің, Рәсімдер ережесінің және Азия кеңесі Министрлік кездесуінің декларациясының қабылдануы Министрлер кездесуінің басты нәтижесі болды. Осы аталған құжаттар АЖТ-ның екіжылдық еңбектерінің әзірлеген қорытындысы болды.
Декларацияда аймақ пен әлемдегі қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша Азия кеңесіне мүше мемлекеттердің ұстанымдары мен бір ымыралы көзқарастары көрініс тапты. Делегация басшылары шешілмеген мәселелерді және сенім шараларын іске асыру жөніндегі бағыттарды айқындау туралы тізімдемеде бекітілген ортақ әдістерді пайдаланудың маңыздылығын арнайы атап өтті.
Қатысушылардың пікірінше, қабылданған Азия кеңесі Сенім шаралары тізімдемесінің маңыздылығына баға беру оңай емес. Қауіпсіздік пен бірқалыптылық мәселелері бойынша көпжақты қарым-қатынасты көздейтін құжаттың қабылдануы Азия құрлығының тарихында бірінші рет болып отыр ]. Азия кеңесінің Екінші Басқосуы 2006 жылғы 17 маусымда Алматы қаласында өтті. 4 жыл бұрын Бірінші Басқосуды өткізу мен Азия кеңесін қалыптастырған құжатқа (Алматы актісі) қол қоюдан бастап, Кеңестің істері мен мақсаттары әлем қауымдастығында кең көлемді қолдау мен түсінушілік тапты. Таиланд Корольдігі (2004 жылы) және Корей Республикасы (2006 жылы) сынды аймақтағы беделді елдердің Кеңеске толық құқықты мүше болып қосылуы бұған дәлел болды. Сөйтіп, Азия кеңесі диалогқа бағытталған форум ретінде Азия құрлығында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Басқосу барысында көп ауқымды саяси құжат – Азия кеңесі Екінші Басқосуының декларациясы қабылданып, форумның институттану жолындағы негізгі құжаты – Азия кеңесі Хатшылығы туралы келісімге қол қойылды.
Декларацияда Кеңеске мүше мемлекеттердің:
- азиялық өңір және әлемдегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық көкейкесті мәселелеріне ортақ көзқарасы;
- күн тәртібіндегі мәселелерді шешу барысында әмбебап ұстанымды қолдану және оны дамыту, 2004 жылғы Азия кеңесі сенім шаралары тізімдемесіне кірген шараларды іске асыру және үдерістің одан әрі дамуы принциптері;
- I-Басқосудан бастап II-Басқосуға дейін Азия кеңесі жұмысының қорытындылары;
- БҰҰ реформасы жөніндегі ұстанымдары көрініс тауып, жаппай қырып–жою қаруын таратпау, аймақтық таластарды шешу, жаңа қауіп-қатерлерге төтеп беру, өркениеттер арасында диалогті дамыту, мемлекеттердің ядролық технология, материал және жабдықтарды иемдену құқығы және оны Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) қауіпсіздік кепілі жөніндегі келісім негізінде бейбіт мақсаттарда қолдану, Орталық Азия мемлекеттерінің ядролық қарудан азат аймақты құру туралы ұсыныстары айтылып, халықтар арасындағы бірлік пен қарым-қатынастарды нығайтатын Жібек жолының дәстүрлерін қайта жаңғырту мақсатында туризмді дамытуға көңіл бөлінді [16].
2010 жылы болатын Үшінші АӨСШК-нің Басқосуына дайындық аясында маңызды іс-шаралардың бірі - 2008 жылы 25 тамызда Алматы қаласында өткен ІІІ сыртқы істер министрлерінің отырысы болып табылады. Осы іс-шараға 19 мүше-мемлекетер, 7 бақылаушы-мемлекеттер, 6 халықаралық және өңірлік ұйымдардың делигациялары қатысты. Кездесу барысында Бірлескен тәсілді іс-жүзінде іске асыру мәселесіне ерекше көніл бөлінді.
Жалпы алғанда, форумның сенім шараларды дамыту және іске асыру сондай-ақ ынтымақтастықтың әр түрлі формалары шенберінде ары қарай дамуы мен алға басуын болжай беруге болады. Қолда бар алғышарттар болашақта Кеңесті ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейі – превентивті дипломатия және қақтығыстарды болдырмау жағдайына жеткізуге мүмкіндігін береді.

2.1 Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселесінің ерекшелігі мен қайнар көздері

Өңір қауіпсіздігіне тікелей байланысты Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Әбдіровпен сұхбат:
– Нұрлан Мәжитұлы, әлем елдерін қауіп¬сіз¬дік проблемасы қатты алаңдатып отыр. Оның ішінде Орталық Азия өңірі де бар. Ал Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесін қалай сипаттауға болады?
– Орталық Азия өңіріндегі жағдай негі¬зі¬нен ұлттық қиын проблемалармен, қалып¬тас¬қан ішкі және мемлекетаралық саяси-эко¬но¬ми-калық, сондай-ақ аумақтық қарсы тұрушы¬лықпен тығыз байланысты. Өңірдегі жағдайды түрлі діни экстремистік құрылымдар мен лаң¬кес¬тік ұйымдардың іс-әрекеті одан әрі қиын¬дата түсуде. Тұрақтылық болмаған елде әлеу¬мет¬тік-экономикалық мәселелер шешіл¬мей¬тін¬дігі, экономика өсіп-өркендемейтіндігі белгілі. Жалпы, Орталық Азия өңірінде лаңкестік пен діни экстремизмнің таралу қаупі ұзақ мер¬зім¬дік сипат алып барады. Өйткені, Ауған¬стан¬дағы қалыптасқан жағдайлар діни экстре¬мис¬тік және лаңкестік ұйымдардың қызмет ет осы. Мәселеге осы тұрғыдан келсек, діни экстре-мистік ұйымдардың идеясы Қазақстан аумағына таралу қаупі бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Мұны айтып отырған себе¬бім, елімізде сот тәртібімен 13 халық¬ара¬лық лаңкестік құрылым мен 1 экстремистік ұйым – “Хизбут-Тахрирдің” қызметіне тыйым салынды. Сондай-ақ Орталық Азия өңі¬ріндегі жағдайға Таяу Шығыстағы, Ирак¬тағы, Ауғанстандағы ұзаққа созылып бара жат¬қан жанжалдардың да кері әсер етуі мүмкін. Иран мен оның ядролық бағдарламасына бай¬ланысты қалыптасқан геосаяси жағдайларды да естен шығармауымыз керек.
Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесіне кері әсерін тигізетін фактордың бірі – заңсыз көші-қон көлемінің уақыт өткен сайын өсіп бара жатқандығы. Өйткені, бүгінде Орталық Азия мемлекеттерінің аумағы Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Еуропаға заңсыз көші-қонды жеткізуші транзиттік база ретінде пайдаланылуда. Сонымен қатар, Ау-ғанстанда героин өндірудің көлемі жыл өткен сайын арта түскендігі өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кері әсерін тигізіп отыр. Есірткі трафигінің негізгі бағыттары көршілес мемлекеттердің аумақтары арқылы өтуде. Бұл біздің еліміздің аумағында да халықаралық есірткі құрылымдарының орнығуын және ел ішінде есірткі заттарын қолданушылар санын өсіруі мүмкін. Бұларға қоса Орталық Азия өңіріне мүдделерін өткізгісі келетін әлемдегі жетекші мемлекеттердің геосаяси ойындарын да жоққа шығаруға болмайды.
– Орталық Азия елдерінде өңірлік қауіп-қатерге қарсы әрекет ету мақсатында қандай бірлескен шаралар жүзеге асырылуда? Проблемалар да болуы мүмкін ғой.
– Трансұлттық сипаттағы қауіп-қатердің алдын алу, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек көршілес мемлекеттермен тығыз ынты¬мақ¬тастық жағдайында жұмыс істегенде ғана тиім¬ді болмақ. Қазақстан көпжақты формадағы – Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына, Шан¬хай ынтымақтастық ұйымына, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесіне қатысушы ретінде, сондай-ақ Орталық Азия аясында әртүрлі бағыттар бойынша белсенді саясат жүргізіп келеді. Оның ең бастысы – өңірлік қауіпсіздікке қатер төндіретін халық¬аралық лаңкестікке, діни экстремизмге, ха-лық¬аралық есірткі бизнесіне, заңсыз көші-қон¬ға, тағы басқа да қылмыстарға қарсы күрес болып табылады. Қазақстан өңірде қауіп¬сіз¬дік¬ті қамтамасыз ету мақсатында барлық мәсе¬ле¬лер бойынша көршілес елдермен ынтымақ¬тас-тықты дамытып, тереңдетуде нақты шаралар қа¬былдап келеді. Оның ішінде арнаулы қызмет және құқық қорғау органдарымен ынты¬мақтастық өз деңгейінде деп айтуыма болады.
Бірер мысал келтірейін, 2006 жылы Ұжым¬дық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) аясында осы Ұйымға мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігіне қатер төндіретін лаңкестік және экстремистік ұйымдардың тізімі туралы хат¬та-маның жобасы дайындалып, Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтің лаңкестікпен және есірткімен күрес сала¬сын¬дағы қажеттілігі үшін бірлескен ша¬раларды жүзеге асыру бағ¬дар¬ла¬масы қабыл¬дан¬ды. Мұндай ша¬ра¬ларды Шан¬хай ынтымақ¬тас¬тық ұйымына мү¬ше мемлекеттер¬дің сарапшы топ¬тары да өткізді. Қазіргі кезде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің аума¬ғында қызметін жүргізуге тыйым салынған лаңкестік, сепаратистік, экстремистік ұйым¬дар¬дың біртұтас тізімі дайындалып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттермен бірлесе отырып, кон¬тра¬бандалық есірткі каналдарын жою, қылмыстық топтарды іздестіру, оларды өз елдеріне қайтару жөнінде ұйымдастыру-практикалық шаралары қарастырылуда.
Ал Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы ая¬сында осы Ұйымға мүше мемлекеттердің мем¬лекет¬тік шекаралары арқылы тасымалданатын контрабандалық есірткінің жолын кесуге ба¬ғытталған “Канал” кешенді жедел-профилак¬тика¬лық операциясы жыл сайын өткізіліп келеді. Өткен жылы кезекті осындай операцияны жүзеге асыру барысында заңсыз есірткі айна¬лы¬мына қатысты 472 қылмыс анықталып, 8 ұйым¬дасқан қылмыстық топ жойылды. Екі тоннаға жуық есірткі алынды, оның 47 килосы героин. Қазіргі кезде БҰҰ-ның көмегімен Алматыда өңірлік ақпараттық орталығы құрылып жатыр. Бұл орталық Орталық Азиядағы есірткіге қарсы күрес қызметін үйлестіретін болады. Орта¬лық¬тың Алматы қаласында ашылуы Қазақстанның есірткі таралуына қарсы күрес ісінде ұстанған ұстанымын айғақтап тұр.
Менің пікірімше, трансұлттық есірткімен күресте негізгі күшті бірлесіп жүргізу тиімді бо¬лар еді. Ол үшін Ауғанстанның қаржы-эконо¬микалық жағдайын жақсартуды көздейтін нақты бағдарлама дайындау керек. Ауғанстанның экономикалық жағдайы жақсарса, есірткі өндірісі төмендер еді. Бірақ бұл мәселе осы өңірдегі мемлекеттердің ғана қатысуын емес, әлемдегі барлық ірі елдердің белсенді түрде қатысуын қажет етеді. Бүгінде, сондай-ақ ТМД аясында оған қатысушы мемлекеттердің 2006-2008 жылдарға арналған заңсыз көші-қонның алдын алу бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Бағдарламада аталған мәселеге байланысты профилактикалық, жедел-іздестіру және арнайы операциялар өткізу шаралары қарастырылған. Ал өткен жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйы¬мының негізінде заңсыз көші-қонды бол¬дырмау, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтардың шекаралардан өтуіне тосқауыл қою мақсатында операция өткізілді. Оның қоры¬тын¬дысында Қазақстан аумағында заңсыз жүрген 10 мың шетелдік пен азаматтығы жоқ адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1,5 мыңнан астамы сот шешімдерімен ел аумағынан шығарылды.
– Қазақстанның Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығында қай бағыт басымдыққа ие болып табылады?
– Жаңа Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына сәйкес Қазақстанның қауіпсіздігі Орталық Азиядағы барлық елдердің қауіпсіздігіне тікелей байланысты. Біздің сыртқы саяса¬ты¬мызда осы жағы нақтыланған. Сондықтан Елба¬сының Орталық Азия одағын құру идея¬сын жүзеге асырудың маңызы ерекше. Бұл бастама Оталық Азия елдерінде экономикалық ынтымақтастық орнатып, өңірде ұзақ мер¬зімдік инвестициялық ірі жобаларды жүзеге асыруға барынша ықпал етеді. Ал қауіпсіздік мәселесіне тоқталар болсақ, Орталық Азияда өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекетаралық кешенді бағдарлама дайын¬дап, жүзеге асыру ойластырылуда. Басым ба¬ғыт¬тардың бірі – болуы ықтимал табиғи катаклизмдер саласындағы мониторинг және төтенше апат салдарын жою тетігін құру ын¬тымақтастығы болып табылады. Сондай-ақ ха¬лықаралық лаңкестікпен, діни экстремизммен, есірткі бизнесімен күрес мәселесі де басым бағыттардың бірі болып қалады.
Қазіргі таңда өңірде көші-қон тасқынына бақылау жасаудың тиімді тетігін құру өзекті міндеттердің бірі болып отыр. Президент Н.Ә.Назарбаев 2006 жылғы Шанхайда өткен сам¬митте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасын¬да заңсыз көші-қонмен күрес ынтымақ¬тас¬тығы туралы рамалық келісімді бекітуді ұсын¬ған еді. Қазақстан дайындаған құжат жобасы әріптестерімен келісім сатысында тұр. Елі¬міз¬дің қауіпсіздігі дегенде, Каспий аймағындағы тұрақтылыққа көп мәселе байланысты. Жақын жылдары Каспий аймағында милитариза¬ция¬лауды шектеуге және ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құруға бағытталған шаралар қабыл¬данатын болады. Трансшекаралық өзендердің су ресурсын бірлесіп пайдалануға да баса назар аударылады .
Тағы бір мәселе, Қазақстан Орталық Азия елдерімен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында, сонымен бірге екіжақты форматта әскери ынтымақтастықты кеңейте түспек. Олардың арасында әскери-техникалық ынтымақтастыққа, Ұйымға қатысушы елдердің әскери оқу орындарында кадр даярлауға басымдық берілмек. Осы тұста атап өтейін, бүгінде Қазақстанның әскери оқу орындарында Қырғызстан мен Тәжікстанның курсанттары оқып жүр.
– Нұрлан Мәжитұлы, Мемлекет басшысы өңірде интеграциялық үдерістерді және қауіп¬сіздікті нығайтуға бағытталған бастамаларды үнемі көтеріп келеді. Бірақ сол бастамалардың жүзеге асырылуы көңілдегідей емес екені бай¬қалады. Осыған байланысты пікіріңізді білсек деп едік.
– Тәжірибе көрсеткеніндей, Қазақстанның жүргізіп отырған саясаты қай жағынан алып қарасақ та орнықты. Дәлірек айтқанда, Ор¬та¬лық Азияда ғана емес, бүкіл Азия құрлығын¬дағы саяси атмосфераны сауықтыру болып табылады. Бұған көптеген мысалдар келтіруге болады. Мысалы, Қазақстан 2006 жылғы 17 маусымда Алматыда өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің өтуіне бастамашы болды. Бір үстелдің басында көптен бері бастары қосылмай келе жатқан Үндістан мен Пәкстанның, Иран, Палестина мен Израильдің басшылары пікір алысқанын әлем жұртшылығы көрді, куә бол¬ды. Жалпылай алғанда, Орталық Азия өңіріне көптеген елдердің қызығушылығы арта түсуде.
Мемлекет басшысы таяуда Алматыда өткен ЭСКАТО-ның 63-сессиясында сөйлеген сөзінде Орталық Азияның орны мен рөлі туралы әлемдегі іргелі мемлекеттердің біздің өңірге деген мүддесін конфронтация алаңы үшін емес, дамыту үшін пайдалану қажеттігін атап көрсетті. Ол үшін Орталық Азиядағы мемлекеттер бір-бірімен интеграциялық байланыстарды нығайтуы тиіс. Бұл жерде Президенттің Орталық Азия мемлекеттерінің одағын құру бастамасының мәні зор.
– Өңірдегі өзге мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестері аппараттарымен өзара іс-қимыл барысы қанағаттандыра ма?
– Әрине, қанағаттандырады. Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында елімізбен Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжік¬стан қауіпсіздік кеңестері аппараттары ара¬сын¬дағы ынтымақтастық үйлесімді дамып ке¬леді. Жақында Бішкекте ШЫҰ-ға мүше мем¬лекеттер қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кезекті үшінші кездесуі өтті. Кездесуде өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті проблемалары кеңінен талқы¬лан¬ды. Біздердің өзара тиімді ынтымақтастықты алдағы уақытта тереңдете түсуге толық мүмкіндігіміз бар деп есептеймін [27].
Шанхай ынтымақтастық ұйымы: Қазақстан аймақта геосаяси ойын жүргізе ала ма? ШЫҰ құрамына Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің Қытай және Ресей тәрізді екі бірдей тұрақты мүшесінің кіруі, ұйымның халықаралық аренада үлкен саяси беделге ие болуына және аумақта осы державалар мен АҚШ мүдделерін теңгермешілік дәрежеде ұстауға мүмкіндік беруде. Сыртқы қатынаста ШЫҰ өзге мемлекеттерге қарсы бағытталмаған және ашық саясат принциптеріне жүгінеді.
ШЫҰ ауқымында оған мүше мемлекеттердің бірлесіп жасалатын іс-қимылдары әскери-стратегиялық қауіпсіздікті дамыту, сенімділік шараларын нығайту; лаңкестіккке және экстремизмге, заңсыз көші-қонға, есірткі тасымалына, трансшекаралық өзге де қылмыстық істерге тосқауыл қою; экономикалық ынтамақтастық, өзара сауда жүйесінде Дүниежүзілік сауда ұйымының стандарттарына біртіндеп жақындау; табиғи және техногенді мазмұндағы төтенше жағдайларды бірлесе отырып сақтандыру және болдырмау, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бағыттары бойынша атқарылады.
Бұл нақтырақ айтқанда, Шанхай ұйымына мүше елдердің жарғысында атап көрсетілген негізгі бағыттар. Десек те, Шанхай ұйымының белсенділігі мен геосаяси бағыты үстіміздегі жылдың 5 шілдесінде Астанада өткен саммиттен кейін нақты көріне бастады. Астана саммитінде тұңғыш рет «АҚШ-қа Орта Азиядан әскери базаларын алып кету туралы» шарт қойылды. Өзбек билігі Ханабадтан әскери базасын әкету үшін Ақ үйге 6 ай уақыт берді. Ал мұның бәрі не үшін? Бірінші себеп – АҚШ Әндіжан оқиғасына ресми Ташкентті айыпты деп тапты. Ал Қытай мен Ресей «Әндіжан оқиғасы Өзбекстанның ішкі ісі» деп таныды. Демек, Орталық Азияда әскери базалары бар АҚШ-қа Каримовтың, тіпті алғашқыда жаңадан президент болған Бакиевтің «базаларды алып кету туралы» пікір айтуының астарында не жатыр?
Қазақстан алғашқы елдердің қатарында, Ресей мен АҚШ Президенттерінің 2006 жылы шілде айында ұсынған, Ядролық терроризм актілерімен күресі жөніндегі жаһандық бастамаға қосылды. 2007 жылғы маусым айында Астана қаласында Жаһандық бастаманың сыртқы істер министр орынбасарларының үшінші кездесуі өтті. 2008 жылы Қазақстанда Жаһандық бастаманың шеңберінде келесі іс-шаралар өткізілді:
- 6 маусымда Алматыда Ұлттық ядролық орталықтың Ядролық физика институтында «Атом-Антитеррор -2008» атты терроризмге қарсы халықаралық оқулары өткізілді.
- 11 қыркүйекте Өскемен қ. Ульба металлургиялық зауытында «Жобалық қауіп» атты екі күндік семинар өтті [40].
Ядролық терроризм – жаһандық қауіпсіздіктің қас жауы. Алдағы 11-12 маусым күндері Астанада Ядролық терроризммен күрес жөніндегі ғаламдық бастамаға мүше мемлекеттердің 3-ші кездесуі өтеді. Бұл бастаманы Ресей Президенті Владимир Путин 2006 жылғы шілдеде Санкт-Петербургте өткен “Үлкен сегіздік” елдерінің саммиті қарсаңында көтерген болатын. Қазақстан Республикасы алғашқылардың бірі болып бұл бастаманы қолдады. Оны іске асыру ядролық қаруды таратпау және оның құрамдас бөлшектерінің лаңкестер қолына өтіп кетпеуі үшін маңызды болып табылады.
Бұл бастамаға мүше елдердің ал¬ғашқы кездесуі 2006 жылғы қа¬занда Марокко астанасы Рабат қа¬ласында, екінші кездесу Түр¬кияның Анкара қаласында өтсе, үшіншісі елордамыз – Астанада өткелі отыр. Сыртқы істер министрлігінің дерегіне сүйенсек, осы кездесуге әлемнің 45 елінен делегаттар келеді деп күтілуде. Мұндай кездесудің Қазақстан үшін ғана емес, адамзат баласы үшін берер пайдасы мол. Өйт¬ке¬ні, бүгінгі әлем қауіп-қатерге толы екенін сіз бен біз жақсы білеміз. Оның ең қауіптісі – ядролық терроризм.
Жаппай қырып-жоятын осы қару бүгінде бірнеше мемлекетте бар. Ал, ол өз кезегінде ғаламдық тыныштыққа көлеңке түсірмей қоймайды. Қазіргі таңда біз тер¬роризм, экстремизм дегенді жиі ес¬тиміз. Бетін аулақ қылсын дейік, әлемдік сарапшылар тер¬рористік топтардың ядролық қаруды пайдалану мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Кеңестер одағы күйрегеннен кейін Қазақстан ядролық қаруы бар мемлекеттер қатарында бол¬ды. Алайда, қашанда бейбітшіл Қазақ елінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “ажал ошағы” – Семей ядролық полигонын жабу туралы шешім қабылдағанын әлем халқы жақсы біледі. Өйт-ке¬ні, дәл осы тарихи шешім мил¬лион¬даған адамдардың тағдырын шешкенмен бірдей еді. Кеңес өкіметі тұсында Қазақ¬станда 500-ге жуық ядролық жа¬ры-лыстар орын алды. Қазақ же¬рін жарылыс алаңына айналдыра отырып, ресми Мәскеу АҚШ-пен қырғи-қабақ соғыс жүргізді. Біз үшін саяси ерегістен кімнің ұтып, кімнің жеңілгені мақсат емес, ең жаманы, қазақ халқы шеккен зардап бүгінге дейін өз салдарын жойған жоқ. Бүгінде әлемнің оншақты мемлекетінде ядролық қарудың барын ескерсек, жаһандық қауіпсіздіктің діңгегі берік деп айта алмаймыз.
Қазақстан тәуелсіздігін алы¬сы¬мен-ақ ерікті түрде ядролық қару¬дан бас тартып, өзінде бар уранның бай қорын бейбіт мақсатта пай¬да¬ланатындығынан әлемдік қауым¬дас¬тықты хабардар еткен болатын. 1945 жылдан 1990 жылға дейінгі стратегиялық маңызға ие уран өндіретін кен орындары туралы шынайы ақпарат алу мүмкін емес, яғни жабық тақырып саналып кел¬ді. Сондықтан да, баспасөз бетінде жарық көрген материалдардағы деректер бір-біріне қайшы келіп жатты. Бүгінде Қазақстан уран қоры жөнінен әлемде екінші орын алады. Алайда, оның әлеуетін толық пай¬даланып отырмыз ба? Гәп осында болса керек. Мәселен, жер көлемі Қа¬зақстаннан 5 есе кіші Франция¬да жалпы электр қуатының 78 пайызы осы атом электр станса¬лары арқылы өндіріледі екен.
Қазіргі уақытта атом энергиясы әлемдік экономиканы дамытуда бар¬ған сайын маңызды рөлге ие бола түсуде. Алдымызға қойылған және бүгінгі таңда жүзеге асыры¬лып жатқан міндеттер мен жоспар¬ларға сәйкес Қазақстан үшін бұл саланың маңызы мұнай мен газ са¬ласымен бірдей болады деп күтілуде. Бүгінгі таңда еліміздің бірқатар аймақтары электр және жылу энер-гиясының тапшылығын айқын се¬зініп отыр. Мамандар бұл олқы¬лық¬тың орнын атом энергиясын пайдалану арқылы шешуге бола¬тын¬дығын әлдеқашан-ақ айтқан-ды. Алайда, атом стансасын салу мә¬селесіне еліміздің ғылыми-кадр¬лық әлеуетінің әлі де дайын емес¬тігі ескеріліп, мәселе бірталай жыл кейінге шегеріліп келеді. Әзірше, еліміз әлемдік рынокқа қуат көзде¬рі бойынша уранмен қоса, қара алтын шығарып келеді. Қазақстан 2007 жылы мұнай мен газ қос¬па¬ларын өндіру көлемін 64 млн. тон¬на¬ға жеткізеді. Бұл туралы өткен жылғы 6 қазанда Алматыда Азия¬лық ынтымақтастық диалогына мүше-мемлекеттердің энергетика жөніндегі семинары барысында ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Болат Ақшолақов мәлім еткен болатын.

2.2 Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары

Елбасы жолдауларының ерекшелігі өміріміздің барлық саласын қамтитындығынан да көрінеді. Соның бірі де, бірегейі де – сыртқы саясат. Президент бұл бағыттағы жұмыстың маңыздылығын: “Оныншы міндет – жаңа Қазақстанның Орталық Азия өңірі мен әлемдік қоғамдастықтағы жетістіктері мен мүмкіндіктерін ілгерілету”, деп атап айту арқылы айшықты көрсетті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Германия еліне сапары барысында Еуропалық Одақ және Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы қатынастарды жаңа да жоғары деңгейге көтеру керектігі жөнінде пікір алмасылған еді. Осыған орай 2007 жылдың жазына дейін Еуропалық Одақ өзінің Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасын нығайту жөніндегі Стратегиясын қабылдайтынын мәлімдеді. Осы құжаттың екі жақты болуы үшін алдын ала наурыздың 28-інде Астана қаласында Еуропалық Одақтың үш басты мемлекеттерінің өкілдері Қазақстанның және де басқа көршілес Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрліктері басшылығымен кездесу өткізетін болды.
Бүгінде Еуроодақтың Қазақстанға және жалпы Орталық Азия аймағына ерекше назар аударуының маңызды себептері бар. Бірінші себебі – осы өңірдің энергетикалық ресурстарға бай болуы. Еуроодақ өз энергетикалық импорт маршруттарын әртараптандыруға мүдделі. Қазақстан және көршілес елдер осыған біраз ықпал ете алады. Еуропаның Қазақстанмен энергетикалық ынтымақтастығын ерекше қарастыратынын екі жақтың арасындағы Энергетика саласындағы түсіністік жайындағы меморандумға қол қойылғаны да көрсетеді. Ол құжат тек жаңа маршруттардың ашылуы жөнінде ғана емес, ол сонымен қатар Қазақстанның Еуропа бағытындағы ірі қуат тасымалдаушы болуына мүмкіндік жасайды.
Қазіргі таңда Орталық Азия аймағы, әсіресе, Қазақстан, Еуроодақтың көлік саласындағы белді әріптесі ретінде қалыптасып келе жатыр. Біздің аймақтың орналасқан жері Шығыс пен Батысты байланыстыру үшін өте қолайлы. Осы себептен Еуроодақ бұл өңірден экономикалық прагматизм тұрғысынан сенімді әріптестер іздеуде. Жалпы, Еуроодақтың осындағы өз саясатын стратегиялық тұрғыдан жаңа деңгейге шығаруы әлемде болып жатқан құбылыстардың заңдылығы деп қарауға әбден құқы­лымыз. Еуропамен қарым-қатынасты дамытудың Орталық Азия мемлекеттері, әсіресе Қазақстан үшін қандай нақты тиімділіктері бар деген сұрақтың жауабы сараптамашылар үшін өте айқын. Еліміздің ЕО-ға мүше мемлекеттермен сауда айналымы 20 миллиард доллардан асып кетті. Былтыр экономикалық мәселелерді алға қойған Қазақстан Үкіметі ЕО мемлекеттерімен өзара тиімді екіжақты қатынастарын кеңейтіп, елімізді Орталық Азия аумағындағы бас әріптесі ретінде мойындата білді. Осының арқасында “Кәрі құрлықтың” көптеген мемлекеттері мен трансұлттық компаниялары біздің елімізді Азиядағы ең тартымды рыноктардың бірі әрі сенімді инвестициялық әріптесі ретінде қарастыра бастады. Экономикамызды жеделдете жаңарту мақсатында Қазақстан Еуроодақпен ынтымақтастыққа аса мүдделі. Бұл орайда еуропалық әріптестеріміздің отандық экономиканың түрлі, әсіресе жоғары технологияларға қатысты салаларында қолға алған жобаларын дамытуына жағдай жасағанымыз жөн. Демек, біздің басты экономикалық әріптестеріміз болып табылатын ЕО-мен қарым-қатынастарды дамыту мемлекетіміздің сыртқы саясатындағы маңызды бағыты болып табылады. Біз үшін Еуроодақпен саяси қарым-қатынас та аса үлкен маңызға ие. ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 2009 жылы Қазақстанның осы аса беделді ұйымға төрағалық етуі туралы шешімі ең алдымен осы құрылымның көзқарасына қатысты. Соңғы екі жылда бұл бағытта біраз шаруа атқарылды. ЕҚЫҰ-ға мүше 59 мемлекеттің 56-сы еліміздің кандидатурасына қолдау көрсеткені мұны айқын дәлелдейді. Аталған ұйымның Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының ұсыныстарына сәйкес, еліміздің сайлау заңнамасындағы жиналыстар еркіндігін шектеген даулы түзетулер алынып тасталды. Былтыр күзде жергілікті билік органдары құрамының 30 пайызы сайлау жолымен толықтырылды. Бұл қадам жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі ауқымды бағдарламаның маңызды бір көрінісі. Басқа шаралар ретінде күні кеше өз Жолдауында Президент жария еткен маңызды жайды – Парламент өкілеттіктерін кеңейтуді атауға болды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы мәселесі 2007 жылдың соңында Мадридте өтетін ЕҚЫҰ-ның министрлер жиналысында қарастырылмақ. Соған дейін қалған уақытта көздеген нәтижеге қол жеткізу үшін бар мүмкіндікті пайдаланғанымыз жөн.
Қазақстан мен Еуроодақ қарым-қатынастарында қандай маңызды бағыттар бар деген сұраққа жауап беретін болсақ, аумақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін алдымен атауымыз керек. Астанада 28 наурыз күні тұжырымдамалық түрінде талқыланбақ “Еуропа Одағының Орталық Азиядағы стратегиясы” атты құжат, көптеген басқа мақсаттарын атамағанда, біздің аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған. Президентіміз атап айтқандай, Еуроодақ пен Орталық Азия арасында ынтымақтастықтың нақты бағыттары деп лаңкестікке, есірткі тасымалы мен экстремизмге қарсы күрес, экология мәселелерін қарастыруымызға болады. Бұл тізімге су-энергетика жүйелерін реттеу және ирригация мәселелерін де қосу жөн. Орталық Азия мемлекеттерінің дамуы бірыңғай болмай тұрғанда бұл проблемалардың шешімін таппауы бүкіл өңірге қауіп төндіруі ықтимал. Аталған қатерге бірігіп қарсы тұрмасақ, Орталық Азиядағы әлеуметтік-экономикалық, саяси тұрақтылық әрі қауіпсіздік тұралы әңгімеміз мүлдем мәнсіз болып кетуі мүмкін.
Алайда «Шанхай ұйымы әскери блогқа айналуы мүмкін бе?» деген сауалға отандық сарапшылар сақтықпен жауап беретін секілді. Мысалы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ОДКБ) Бас хатшысы Николай Бардюжаның пікірінше, «Шанхай ұйымы әскери-саяси Одаққа айналмаса-дағы, ол аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде белсенді бір ұйым болып табылады. Ал ОДКБ Шанхай ұйымымен бірлесе қызмет етуге дайын».
«Шанхай ұйымының дәл қазір әскери саяси Одаққа айналуы мүмкін емес. Өйткені біз Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ОДКБ) мүшеміз. Аймақта бұдан басқа әскери Одақ құрылуы үшін одан шығуымыз керек немесе оған Қытай енуі тиіс. Ал негізінен ОДКБ-да Ресейдің қамын ойлау басымырақ. Дегенмен, аймақтағы саяси ахуалдарға байланысты бәрі лезде өзгеруі мүмкін. Егер НАТО-ның Тайваньға, Белоруссияға экспансиясы жалғасып, ол ушыға түсетін болса, онда Қытай мен Ресей бір саяси одақта бас түйістіруі әбден мүмкін», - дейді саясаттанушы Берік Әбдіғалиев.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



185.5Kb
Категория: Халықаралық қатынастар | Добавил: Admin
Просмотров: 3915 | Загрузок: 523 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Бунақденелілер
Отбасы түрлері
ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары
Арқа ән мектебіндегі Мәди шығармашылығының сипаты
Әлихан Бөкейханов
Ыбырай Алтынсарин
Аймауытов Жүсіпбек
Жансүгіров Ілияс
Көмірсулар жане липидтер
Абыл Тілеуұлы
Қазақ халқының қол өнері
СӨСҚ қызметінің негізгі бағыттары
Кіші өзендердің энергетикалық мүмкіндігін пайдалану
Жүрек ырғағы
Асан қайғы - дала данышпаны