Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 26.4.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Халықаралық қатынастар

ХІХ ғасырдың I жартысындағы Орта Шығыс және Үндістандағы халықаралық қатынастар
Загрузка...
ХІХ ғасырдың I жартысындағы Орта Шығыс және Үндістандағы халықаралық қатынастар

Жоспар

1. XIX ғасырдың басындағы Еуропа мемлекеттерінің саясатындағы–Иран

2. Бірінші және екінші орыс-иран соғыстары

3. Англия және Ресей жоспарларындағы Ауғанстан

4. Үнді халықтарының басқыншыларға қарсы күресі

XIX ғасыр басында Еуропа мемлекеттерінің саясатындағы – Иран

VIII ғасыр аяғы -XIX ғасыр басынан Еуропа және Шығыстағы билік үшін, Англия жэне Франция арасындағы, күресте Иран маңызды рөлге ие болады. Географиялық жағдайын есепке ала отырып, олар қандай да жолмен Иранды араларындағы күреске кіргізуге тырысқан. Сонымен қатар осы екі державалар, Закавказье халықтары, Иран және Туркияда билігін сақтауға тырысқан, Ресейге қарсы шыққан. 1801 жылғы Грузияның Ресейге қосылуы, оның Закавказье елдерін қорғауы, екі орыс-иран соғыстарының себепкерлерінің бірі болған.

1800 жылы Иранға ағылшын миссиясы жіберіледі, оның басшысы -Ост-Үнді компаниясының әскери капитаны Малькольм болады. Бұл миссия сэтті болады, өйткені 1801 жылы Иран шахы өз әскерлерін Ауғанстанға жіберіп отыруға және Англияның үнді иеліктеріне шабуылдарын тоқтатуға міндеттейтін келісімге қол қойды. Сонымен қатар, шах француздарды Иранға және Парсы көлінің маңына жолатпауға мін алады. Ал Англия өз кезегінде, Иранның Франция жэне Ауғанстанмен соғыс басталған жағдайда, қару-жарақпен қамтамасыз етуге міндеттенді. Осы келісіммен қатар Иран үкіметімен сауда келісіміне қол қойылады. Бұл келісім ағылшындықтарға:

- Иранда жер алып, иеленуге;

- Парсы шығанағы жағалауына құрылыс салуға; -Салық төлеместен мемлекеттің бүкіл территориясында ашық сауда құқы берілді.

Осы келісім, Иранның Англияға тәуелді мемлекетке айналуына жол салды. Әйтсе де, 1801 жылғы келісім Ресейге қарсы бағытталған болатын.

Францияны Наполеон басқарған жылдары екі рет Шығысқа жол салу әрекеттері жасалды. Екі шабуыл да сәтсіздікпен аяқталды. Египетте француздар жеңіліске ұшырады, ал Үндістанға қарсы франк-орыс шабуылы сол қалпы жүзеге асырылған жоқ. Бірақ француз дипломаттары өздерінің Ирандағы әрекеттерін тоқтатпады. Бірінші орыс-иран соғысының қарсаңында француз үкіметі шахқа Ресейге қарсы одақ құруды ұсынды. Англия көмегіне үміттенген шах, француз ұсынысын қабылдамады.

Бірінші және екінші орыс-иран соғыстары

Грузия Ресейге қосылғаннан кейін, әзірбайжандықтар мен армяндықтар арасында онымен жақындасу өзекті мәселеге айналды. 1802 жылы Георгиевскіде Дағыстан және Әзірбайжанның бірқатар феодалдық басшылығының Ресей қол астына өтуі және Иранға қарсы бірігіп күресуі жайлы келісімге қол қойылады. 1804 жылы орыс әскерлері Ганджоуды басып алып және Ресейге қосады. Осы жылы бірінші орыс-иран соғысы басталды. Әжептәуір ешқандай қарсылық кездестірмей орыс әскерлері Ереван хандығы бағытында қозғалды. Бұл соғыстың ұзаққа созылу себебі - 1805 жылы Ресей Наполеонға қарсы коалициясына қосылып, негізгі күштері Франциямен күреске кеткен болатын. Ресеймен соғыста Иран шахы Англия көмегіне үлкен үміт артқан болатын, бірақ Англия Наполеонға қарсы коалициясының құрамында Ресеймен одақтас болып, 1801 жылғы келісімді ашық түрде жүзеге асыруға жасқанады. Бұл ағылшын-иран қатыныстарын нашарлатады. Бұл жағдайды пайдаланған Наполеон, тағы да шахқа Ресейге қарсы күресте өз көмегін ұсынды. Ирандықтардың бірқатар жеңілістерге ұшырауы, соның ішінде Ресейдің Дербент және Бакуды жаулап алуы, шахты Наполеонмен келісуге міндетті етті. 1807 жылы Иран және Ресей арасында Финкенштейн одақтас келісіміне қол қойылды. Франция Иранға территориясының біртұтастығын және Ресейдің Грузиядан жэне басқа территориялардан әскерлерін эвакуациялауды міндеттеуге кепілдік берді, сонымен қатар, шахқа қару-жарақ және әскери басшылармен көмек көрсетуді өз мойнына алды. Ал Иран өз кезегінде, Англиямен барлық саяси және сауда қатынастарын бұзып, оған соғыс жариялауға; ауғандықтар жолын француздықтарға ашуға, Үндістанды жаулауға шыққан жағдайда, француз әскерлеріне өз әскери күштерін қосуға келіскен еді. Бірақ, француз офицерлерінің Иранда болуы ұзаққа созылмады. Тильзит бейбіт келісіміне қол қойғаннан кейін Финкенштейн келісімі Наполеон үшін құнсыз болып қалды.

Тильзиттегі оқиғалар ағылшындықтарды да үрейлендірді, олар Иранмен келіссөздерді жаңартып, Ресеймен соғыста өздерінің көмектерін ұсынды. Француз жоспарларындағы Үндістанды жаулаудан қорыққан Англия, жалғыз Иранда емес, сонымен қатар Солтүстік Үндістанда, Ауғанстанда және Туркияда дипломатиялық қатынастарын нығайта түседі. 1809 жылы Туркиямен бейбіт келісімге қол жеткізген ағылшын дипломаттары оның Иранмен Ресейге қарсы өзара одақтық келісімге қол қоюға тартты. Бірақ Иран әскерлерін жеңілістен не ағылшындықтардың көмегі, не түріктермен одақ құтқармады. 1812 жылы Бухарест орыс-түрік бейбіт келісіміне қол қойылды. Иран одақтасынан айырылып қалды. Осы жылдың шілдесінде Эреброда Англия және Ресей арасында одақтық келісімге қол қойылды. Иран үкіметі бейбітшілікті сұрады. Бұл келіссөздер 1813 жылы қазанда Гюлистан бейбіт келісіміне қол қойылуымен аяқталды. Бұл келісім бойынша Иран шахы Ресей императорына Карабах, Ганджин, Шекин, Ширван, Дербент, Кубин, Бакин және Талышин хандықтарын берді. Ресей Каспий теңізінде әскери флотын ұстау құқына ие болды, Ирандағы орыс көпестеріне және Ресейдегі иран көпестеріне ашық сауда құқы берілді. Гюлистан келісімі сонан кейінгі Иран режиміндегі капитуляцияны орнатудағы келесі қадам болатын.

Иран шахы және оның қоршаған ортасы Әзірбайжан хандықтарының жоғалтуларымен келіскілері келмеді. Олардың жаңа ойлары ағылшын дипломатиясымен қолданды. 1814 жылы қарашада Ресейге қарсы және Орта Шығыста ағылшындықтардың жаңа басқыншылықтарына негіз салған, Иран үкіметі мен Англия арасында келісімге қол қойылды. Онда қарастырылған мәселелер: орыс-иран шекараларын анықтауда ағылшындықтар араласуы; қандай да Еуропа державаларьшен жаңа соғыс басталған жағдайда жыл сайынғы субсидия берілуі. Егер Ауғанстан Үндістандағы ағылшын иеліктеріне қарсы әскери әрекет еткен жағдайда, Иран Ауғанстанға қарсы соғыс ашуға міндет алды. Бұл келісім, біріншіден Иранды Англиядан саяси тәуелділікке, екіншіден, Ресеймен қайшылықтарға әкелді.

Ағылшын дипломатиясы иран-түрік жақындасуына, сонымен қатар олардың Ресейге қарсы әскери одақ құруына әр түрлі әрекет етті. Бастапқыда, Ресейді әзірбайжан хандықтарын қайтаруға итермелеу үшін, Петербургқа төтенше және өкілетті елші жіберілді, бірақ дипломатиялық миссия сәтсіздікке ұшырады. Орыс-иран келіссөздерінің үзілуінде ағылшын дипломатиясы тікелей қатысты болды. Қалағанына дипломатиялық жолмен жете алмаған Иран, 1826 жылы соғыс жарияламастан Ресейге қарсы әскери әрекеттерін бастап кетеді. Бірақ әскери жеңіс, тағы да, орыс әскері жағында болып, шах бейбітшілікті сұрады. 1828 жылы ақпанда Түркменшай жерінде орыс-иран бейбіт келісіміне қол қойды. Түркменшай келісімі бойынша Иран Ресейге Ереван және Нахичеван хандықтарын беріп, Закавказьедегі шабуылдарын тоқтатып, Ресейге контрибуция төлеуге мойын ұсынды. Осы жерде Иран және Ресей арасында сауда туралы ерекше актіге қол қойылды. Ол бойынша барлық қайшылық мәселелерін бірігіп шешіп, орыстарға түрғын үйлерді және қоймаларды уақытша беруге және сатып алуға құқық беріп, орыс көпестеріне Иран территориясында бірқатар жеңілдіктер берілді.

Ресеймен соғысқа және контрибуция төлеуге кеткен үлкен қаражат бөлігі, Иран халқын кедейшілікке ұшыратты. Бұл қайшылық орыстарға деген жек көрушілік тудырды. Мұндай қарсыластық пен қасшылық құрбандарының бірі орыс дипломаты Грибоедов болды.

XIX ғасырдың ортасына таман Англия және Ресей арасындағы қарама-қайшылықтар өрши түсті. 30-жылдары Англия Иран, Ауғанстан, Закавказье және Орталық Азия хандықтарына жеңіл маталарды тасуды көбейтті. Ол Ресейдің Ирандағы жағдайының нығаюын нашарлатып, Ресейден Кавказ және Закавказье елдерін итеріп тастау үшін қолынан келгенін істеді.

Ағылшындықтардың басып алушылық жоспарлары жалғыз Иранға ғана емес, сондай-ақ Герат және Орталық Азия хандықтарына да жоспарланған еді.

30-жылдардың өзінде-ақ Англия Иран және Ауғанстан ізінше-ақ өзінің нарық табысына Орталық Азия хандықтарын және Гератты айналдыра бастады. Гераттың стратегиялық маңызы зор болды - аса өндіріс орталығы, негізінде сауда керуен жолының бастауы Ираннан Кандагар арқылы Үндістан шекараларына қарай жүріп жатқан еді. Гератты иеленген ағылшындықтар өздерінің үстемдігін орталық Азия хандықтарына және Хорасанға жая алар еді. Ағылшындықтар Гераттың Иран немесе Ауғанстанға қосылуына қарсы болып, қадағалап отырды. Ресейге келетін болсақ, ол Иранда Каджар монархиясы түрінде дәп осындай одақтасы болған. Ағылшындықтардың Орталық Азияға жақындауын қаламаған орыс дипломатиясы Иранды Гератты басып алуға итермеледі. Өйткені, Үндістанстанға апарар кілтті Ресей қолында көргісі келмеді.

1833 жылы Иран басшылары әскерлерімен Ирак басшысын бағындыру үшін шабуылға шығады. 1835 жылы Иран шахы Мұхамед-Мырзаны таққа отырғызған соң Англия және Ресей арасындағы Иранға деген талас күшейе түсті. Өздерінің Ирандағы жағдайын нығайту үшін, ағылшындықтар көптеген әскери миссиясын жібереді. Бірақ орыс дипломатиясы жеңеді. Сондықтан Жаңа Герат шапқыншылығымен ағылшын-иран қатынастары күрт нашарлап кетеді. Ал 1836 жылы Англия Иранмен дипломатиялық қатынастарын үзіп тастайды. Бірден Парсы шығанағында ағылшын эскадрасы пайда болды. Иран территориясын жаулап алумен қорқытып ағылшындықтар Гераттағы жаушылықты алып тастады. Бұл ағылшындықтардың жеңісі болған жоқ. 1841 жылы қазанда Англия Иранға жаңа келісімге қол қойдыртты. Ол бойынша өзіне үлкен кедендік жеңілдіктер мен Тавриз, Тегеран және тағы басқа жерлерінде сауда тыңшыларын ұстау құқығын иеленді. XIX ғасырдың ортасына таман Гераттың қайтадан маңызы өсіп, Орталық Азиядағы басқыншылықтарына жаңа себеп болды. Бай Герат ауданы Иранның да көзін тартты. Қырым соғысы жылдарында шах, ағылшындықтардың Севастопольді жаулауының ұзаққа созылуын пайдаланып, Гератты жаулап алғысы келді. Бірақ Иран басшылары, 1855 жылы Англиямен достық келісімге қол қойған, ауған мемлекетінің басшысы Дост-Мұхаммедтен қорықты.

1856 жыл басында Иран әскерлері Иракты жаулап алды. Жауап ретінде Англия Иранға соғыс жариялап, Парсы шығанағына өз флотын тұрақтандырды. Иран тағы да Англиямен келіссөз орнатуға міндетті болды. 1857 жылы келісім бойынша Англия Иран территориясында өз әскерлерін әкетуге, ал Иран Ауғанстан территориясынан және Гераттан әскерлерін әкетуге мойын ұсынды. Иран шахы Герат және басқа да ауған территорияларына ешқашан тиіспеуге міндетті болды. Мұншама тез келісімге кол жеткізу және ағылшын әскерлерін эвакуациялау Үндістандағы халық көтерілісінің басталуына байланысты болды.

Англия және Ресей жоспарларындағы Ауғанстан

Үндістан, Иран және Орталық Азия арқылы өтетін негізгі сауда жолдарының қиылысында жатқан, Ауғанстанның географиялық жағдайы Англия мен Ресейді өзара саяси және сауда байталастығына әкелді. Бүл кезде, Синд және Пенджабтан басқа, Үндістан жерлерінің барлығы Англияға бағындырылған болатын. Ағылшындықтар Пенджаб басшысын үнді жерлеріне қол сұқтырмау үшін, Ауғанстанды жаулап алуға итермелеп отырған. Ағылшындықтар үнділіктердің қолымен Ауғанстанның шығыс бөліктерін жаулап алғысы келді. Осылайша олар үнділіктердің күшін нашарлатып, әрі қарай өздері басып алуды көздеді. XIX ғасырдың басында ауған шекарасы Үндістанның ең жанды жері еді. Мұхит суларында ағылшын флоттары басшылық еткенмен, құрлықта әлсіз еді. Ағылшын отарлаушыларының өкіметті Үндістан халықтарына толық үстемдік ете алмады. 1807 жылғы франк-иран келісімі және Египетті жаулау туралы Наполеон жоспарлары ағылшын үкіметінің үрейін тудырды. Француз жоспарларының алдын алу үшін, Англия Иран, Ауғанстан және үнді князьдықтарына елшіліктерін жіберген еді.

1809 жылы Ауғанстанға, миссияның жалғыз нәтижесі елді толық суреттеу болған, Ост-Үнді компаниясының елшісі келді.

Патшалық үкімет мүддесі Ауғанстанмен өзара тиімді сауда байланыстарын сақтау және әрі қарай кеңейту болды. Бұл жағдайда, үлкен транзиттік орталық ретінде Герат үлкен маңызға ие болды. 1838 жылғы Иранның Гератқа шабуылы кезеңінде ағылшындықтардың қысымымен орыс дипломатиясы өзінің ауғандық саясатын тез арада өзгерткен еді. Патшалықтың кішіреюі, сол кездегі Таяу Шығыстағы 1839 жылғы египет дағдарысында Ресейге ағылшын көмегі керектігімен түсіндіріледі.

Ресейдің дипломатиялық, ал Иранның әскери шегінуі Ауғанстандағы ағылшын басқыншы жоспарларына пайдасын тигізді. Англия, бірден Ауғанстанға қарсы соғысты бастап, бірден жаулап алмақшы болды.

Сол кезде Ауғанстанда ағылшындықтардың үнді иеліктерімен ортақ шекаралары болмаған, оларды Синд және Пенджаб, тәуелсіз мемлекеттері бөліп жатқан еді. Пенджаб басшысы Ранджит Синг ағылшын әскерлерін Пенджаб территориясынан өткізуден бас тартты, бірақ Ост-Үнді компаниясымен Ауғанстанға қарсы әскери одақ құрады.

1838 жылы күзде ағылшын-ауған соғысы басталды. Кабулды жаулағаннан кейін ағылшындықтарда қиыншылықтар басталды: барлық жерлерде көтерілістер басталып жатты, ал басып алынған мемлекетте әскер ұстау өте қымбат болғандықтан, әскердің жарты бөлігін Ауғанстаннан шығаруға тура келді. 1841 жылы ауғандықтар мен тәжіктер ағылшындарға қарсы бас қосып, террор мен кедейшілікке қарамастан күшті қарсылық көрсетті. Окуппациялық әскердің күйреуі ағылшындықтардың жеңілмес ұранын үзіп, Үндістандағы жагдайын нашарлатты, сондықтан Англия Ауғанстандағы қалған әскерлерін әкетуге міндетті болды. Ауғанстанды ағылшын отарына айналдыруға тырысқан соғыс осылайша аяқталды.

1843 жылы Синдті Ост-Үнді компаниясына бағындырғаннан кейін Ауғанстан ағылшын иеліктерінің тікелей көршісі болды. Біраз кейіннен соң Ост-Үнді компаниясы Пенджабты да өзіне бағындырды. Ағылшын өкіметінің астында көптеген ауған тұрғындарымен жерлер қалғандықтан, Ауғанстан басшылары ағылшын экспансиясынан өздерінің тәуелсіздіктеріне тікелей қауіп көрді. 1849 жылы Пенджаб бағындырылғаннан кейін, Дост Мұхаммед осы жерлерді қайтаруға тырыспады, ол кішкентай өзбек хандықтарын жаулаумен айналысты. Дост Мұхаммедтің мұндай саясаты Ост-Үнді компаниясына тиімді болды, сондықтан ол оны қолдап, көмек көрсетіп отырды. Англия Иранға қарсы күші болу үшін, Ауғанстанмен достық қатынастарды керек етті. 1855 жылы Пешаверде, Иран мен Ресейге қарсы бағытталған, ағылшын-ауған достық келісіміне қол қойылды. Осы жылы Дост Мүхаммед Кандагарды қосып алғаннан кейін, ағылшындықтар онымен Иранға қарсы бағытталған әскери одақ келісіміне қол қояды. Ост-Үнді компаниясы өз одақтасын 1857-1858 жылдардағы Үндістандағы халық көтерілісін басу үшін пайдаланды.

1863 жылы Дост Мүхаммед өлімі алдында, тек ауғандық Кандагар мен Кабулды ғана емес, сонымен қатар өзбектік Гератты да бағындырып үлгерді.

XIX ғасырдың 70-жылдарындағы Ауғанстан халықаралық жағдайы Англия мен Үндістанның, ең алдымен, әскери, саяси және қаржылық нашарлауына байланысты болды. 1857-1858 жылдардағы көтерілістен кейін ағылшындықтар Ауғанстан және Орталық Азияны басып алу саясатын қайта құру жайлы ойлай алмады. Ауғанстан үшін келесі мәселе патшалық Ресейдің Орталық Азияны жаулауы болды. Орталық Азиядағы Ресей жеңістері оның Шығыстағы әскери жағдайын кушейте түсті. Ауғанстанды жаулап алуға толық күші болмаған ағылшындықтар, орыс әскерлерін тоқтатуға тырысып, олармен келіссөздерге түседі. Англия орыс үкіметінің, Ауғанстан тәуелсіздігін Англия және Ресей кепілдігімен, тану ұсынысынан бас тартты.

Осылайша Ауғанстан, әлі де, не отар емес, не бағынышты емес мемлекет болып қала берді. Бірақ оның оңтүстік-шығыс шекарасына Англия отарлық иеліктері, ал Солтүстігінен патшалық Ресей таяп қалған еді.

Үнді халықтарының басқыншыларға қарсы күресі

Британ отарлаушыларының Үндістанды жаулауы халықты өте үлкен күйзеліс, кедейшілік пен аш өлімге әкелді. Барған сайын көбірек жер жаулай бастаған отарлаушылар әрекеті жергілікті халық наразылығын тудырып, оларға қарсы шығуына әкелді.

Ағылшындықтармен басып алынған аумақтарда көтерілістер басталып, 1806 жылы Веллурда сипайлар көтерілісі басталды. Мадрас, Бомбей және Бенгалияда шаруа толқулары мен көтерілулері болып жатты. 1816 жылы Бомбейде үнді солдаттарының толқулары басталды.

Шығыстың сол кездегі басқа да мемлекеттері сияқты Үндістанда да отарлық күйзеліске қарсы күрес, діни сипатқа ие болды. XVIII ғасырдағы мұсылман дінінің өкілі Валиулла-шах Делийскийдің ізбасарлары, Сайид Ахмад Барелви басқарған үнді ваххабиттері сектасына жиылды.

Сайид Ахмад жастық шағынан бастап-ақ Индур әскерінде ағылшындықтарға қарсы күрескен. Маратхтардың жеңілісінен кейін, үнді мұсылмандарын ағылшындықтарға қарсы "қасиетті соғыс" бастауға шақырады. Солтүстік Үндістан және Бенгалия шаруалары мен қолөнершілері, бұл шақыруды жалынды қарсы алды. Көп ұзамай Сайид Ахмад жақтаушылары көпбұталы антиағылшын құпия ұйымын құрады. Сайид Ахмад имам, яғни діни және қасиетті соғысты жүргізу үшін кұрылған ваххабиттер үкіметінің басшысы болып жарияланады. 1823 жылы Үндістан шекарасында өз базасын құрып, бірнеше мыңдаған қолдаушыларымен солтүстік-батысқа қол бастайды.

Ваххабиттер халықты отарлаушыларға қарсы көтеріп, бірнеше қарулы қақтығыстарға әкелген еді. Бірақ, олардың қысқа фанатизмі бір жауға қарсы үндістер мен мұсылмандарды қосуға кедергі жасаған еді. Ваххабиттер ағылшындықтарға ғана емес, сикхтерге де қарсы қасиетті соғыс жүргізген еді. Осы қақтығыстардың бірінде, Сайид Ахмадтың өзі де мерт болған еді.

Сайид Ахмад ұйымымен Бенгалиядағы фараизиттер, яғни жаңа мұсылмандар қозғалысы тығыз байланысты болған. Дуду Мийян басқарған фараизиттер ағылшындықтарға қарсы қасиетті соғысқа шақырып қана қоймай, шаруаларға помещик жерлерін беру үшін ашық күрескен. Дуду Мийянның ойынша қүдайы жеріне ешкімнің салық салу құқы болған жоқ. Ағылшындықтар фараизиттерді қызыл республикандықтар деген. Англия үкіметі сектаға сексен мың адам кірді деп санады. 1831 жылы фараизиттер Калькуттадан алыс емес жерде үш аймақта үлкен көтеріліс бастады. Олардың мүдделері ағылшын үкіметін жойып, тең құқылы мемлекет құру. Помелыциктер жойыла бастады. Көтеріліс барысында бенгал шаруалары Ост-Үнді компаниясының әскерлеріне бірнеше жеңілістер әкелген еді. Бірақ күштер тең емес болып, отарлаушылар өз өкіметтерін қалпына келтіріп алады. 1838, 1841, 1844 жылдары Бенгалияда жаңа шаруа көтерілістері басталды, ал 1846 жылы ағылшын отарлаушыларына қарсы бірнеше ондаған мың шаруалар көтерілді. Бірақ бұл көтеріліс те, күйреуге ұшырады.

IX ғасырдың басында-ақ компания Синд әмірлерімен және Сикх мемлекетімен байланыс орнатқан еді. 1832 жылы ағылшындықтар Синд әмірлерімен Инд өзені арқылы тауар тасуға рұқсат ететін келісімге қол қойдыртты. Алты жылдан соң Ост-Үнді компаниясы әмірлерден өз территориясына ағылшын резидентін кіргізуіне қол жеткізеді. Сол кезде Ауғанстанға қақтығыс даярлап жатқан компания, сылтаумен Синдқа өз әскерлерін кіргізеді. Ауғанстандағы соғыс ағылшындықтардың жеңілісімен аяқталды. Ағылшын-ауған соғысының аяқталысымен әмірлер компанияға ағылшын әскерлерін Синдтан әкетулерін сүрады. Бірақ, Синд ағылшындықтардың Орталық Шығысқа жэне Пенджабтағы Сикх мемлекетіне қарсы агрессиялық жоспарларын жүзеге асыру үшін керек болғандықтан әскерлерін шығармады. Сондықтан 1843 жылы Синдтің Ост-Үнді компаниясымен соғысы басталады. Ағылшындықтардың үлкен әскери күші әмірлерімен жеңілуін болжап қойған еді. Сондықтан, Синд Компания иеліктерінің құрамына кірді.

Осыдан соң ағылшындықтар Пенджаб жайындағы жоспарларын жүзеге асыруға кірісті. Бұл мемлекет ішінде өзара таптық қақтығыстар болып жатқан еді. Мысалы, шаруалар қақтығысын бұзу үшін феодалдар мықты орталықтанған мемлекет құруды көздеді. Пенджабты билеу үшін княздықтар арасында қақтығыстар басталды. Мұнда жеңген және осы мүдделерді жүзеге асырған адам - Ранджит Сингх болды.

Пенджабтың бірігуі экономиканың қалпына келуіне әкелді. Пенджабта өнеркәсіп пен қолөнер дами бастады: мақта, қағаз, жібек және жүннен жасалған мата өндірілді, сонымен қатар қару-жарақ жасалды. Ал Ранджит Сингхтың өзі мылтық, оқ-дәрі, ядролық қару және басқа да өз әскеріне деген қару дайындаумен айналысты. Ол Пенджаб шаруаларының жеріне төмен салық салды. Сонымен қатар тұрғындарға кемшіліктерін де көрсетіп, Ауғанстан жанынан жаулап алған жерлерді аяусыз тонаған. Қазынаға түскен қаржыға еуропалық офицерлерді жалдап, мықты әскер құрды.

Осы әскердің көмегімен Пенджабты билеп қана қоймай, басқа да жаулап алу соғыстарын жүргізген. 1818-1823 жылдары ол өзіне Мультан, Кашмир және Пешаварды бағындырады. Бірақ, билігін Синдқа және Шығысқа қарай кеңейту саясаты Ост-Үнді компаниясының қарсыластығына әкеліп соғады. Сондықтан, Ранджит Синг ілгері шегінуге міндетті болады. 1829 жылғы келісім бойынша Сатледж Ранджит Синг мемлекеті жэне компания арасындағы шекара болып қалады. 1838 жылы Ост-Үнді компаниясы Ауғанстанға қарсы соғыс дайындау барысындағы Ранджит Сингке одақтас болуды ұсынады. Ранджит келісуге мәжбүр болады да, өз әскерлерін береді, бірақ ағылшын әскерлерін территориясынан өткізуге қарсы болады.

1839 жылы Ранджит Синг өлімінен кейін, мемлекетте феодалдық ықыластар басталады. Алты жыл ішінде алты басшы ауысып үлгереді. Ост-Үнді компаниясы бұл қақтығыстарға жағдай жасап отырды. Бұл жерге таласушы мемлекеттер Сикх әскерін өзіне тиімді етіп пайдалануға тырысты. Мемлекет басшысын ақша арқылы өзіне қаратып, келіссөздерге шақырды. Бірақ жер салығын төлемеген шаруалар арқасында қазынаға ақша түспеді, Бұл әскердің ақшасын алмауына әкеліп, әскери міндеттілердің шу көтеруіне әкелді. Мемлекеттің келесі басшысы Шер Сингх Лахор әскери ұйымын құрып, ондағы депутаттарға, шаруаларға жер салығын төлеуге мәжбүрлетті. Бұл ұйым Сикх мемлекетін қорғау мүддесімен феодалдармен күресе бастады. Ал феодалдар ұйымды жою үшін тікелей сатқыншылыққа кірісті. Ост-Үнді компаниясымен келісіп, ағылшындықтармен қайшылық тудыра бастады. Соғыс басталып, 1846 жылы Сикх әскері жеңіліске ұшырап, компания Лахорға кіреді. Бейбіт келісімі жасалып, үлкен контрибуция жарияланады.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



82.5Kb
Категория: Халықаралық қатынастар | Добавил: Admin
Просмотров: 3386 | Загрузок: 310 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Тілендіұлы Нұрғиса
70-80 жылдардағы қоғамның саяси даму ерекшеліктері
“Салауаттану – денсаулықты сақтау” бойынша салауатты өмір сүру салтын ...
Германия
Мағжан - ақынның ақыны
Сағырбайұлы Құрманғазы
Сапарғали Бегалин - халықтың сүйікті жазушысы
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы
Ахмет Байтұрсынов - қазақ әдебиеттану ғылымының атасы
Гайдн симфониялық шығармашылығы
Медетбай Тәжіұлы
Қазақ халқының қол өнері
Жүрек ырғағы
Бағдарлама - Әлем музыкасы
Орыс компазиторлық мектеп қалыптасуы