Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 26.4.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Халықаралық қатынастар

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі халықаралық қатынас
Загрузка...
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі халықарарлық қатынас

ЖОСПАР

1. Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері және сипаты. Германияның Польшаға шапқыншылығы. КСРО саясаты

2. Прибалтиканың, Бессарабияның және Солтүстік Буковинаның Кеңестер Одағына қосылуы

3. Англияға қарсы Германия Италияның қарсы әскери іс - қимылдары. Балкандағы әскери кимылдар. Фашистік «жаңа тәртіп» Қарсыластың қозғалысының туындауы

4. Кеңестер Одағының Ұлы Отан соғысы. Дүниежүзілік соғыстың басқа театрларындағы әскери қимылдар. Фашистік Германия мен оның одақтастардың КСРО-ға басып кіруі

5. Жапонияның Тынық мұхит пен Шығыс Азиядағы қимылдары

6. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы

Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері және сипаты. Германияның Польшаға шапқыншылығы. КСРО-нің саясаты

1939 жылы 1 -қыркүйегінде фашистік Германия соғыс жарияламай, Польшаға баса - көктеп кірді. Ол үш бағытта болды: батыс, солтүстік және оңтүстік. Польшаға немістің бес әскері енді. Осыған орай, Польшаның одақтастары Ұлыбритания мен Франция, Германияға үшінші қыркүйекте соғыс жариялады. Соғысқа сонымен бірге Англия мен Францияның доминондары мен отарлық иеліктері де енді. Осылайша екінші дүниежүзілік соғыс басталды.

Польшаның әскері қажырлы түрде соғыс қимылдарын жүргізді, бірақ саны аз, қару-жарақпен нашар жабдықталған поляк әскері, немістің танкілі дивизиясына, мықты авиациясына төтеп бере алмады. Соғыстың басталғанынан екі жұмадан соң Польшаның әскері талқандалды.

Бұл уақытта Кеңестер Одағы 1939 жылғы 23 - тамызындағы келісімінің құпия хаттамасында белгіленгендей, Польшаға қарсы шықты. 1939 жылы 17- кыркүйекте КСРО басшылығы Польша мемлекетінің және басшылығы өз қызметін тоқтатты және осыдан келе кеңес әскері Польшаның Шығыс шекарасынан өтті. Ол негізінен «Батыс Украина және Батыс Белоруссияның тұрғындарын өз қоластына алу» мақсатымен жүзеге асқан шара деп жариялады. Польшаның шамамен 200 мың офицер мен солдаттары кеңестердің қоластына түсті. Ал 1940 жылдың көктемінде олардың шамамен 20 мыңы құпиялы түрде, Катынь аймағында (Смоленск маңында) НКВД-ның ұйымдарымен атылды.

1939 жылы 28 қыркүйекте Мәскеуде герман - кеңес достық және шекара жөнінде келісім жасалды. Ол Германия мен КСРО - нің Шығыс Еуропадағы біріккен іс-әрекеттерін бекіте түсті. Сонымен, онда КСРО мен Германияның арасындағы жаңа мемлекеттік шекара орнатылды.

Польша мемлекеті жойылды. Батыс Украина мен Батыс Белоруссия КСРО -нің құрамына енді. Германиямен шектескен Польша жерлері, ендігі кезекте басшылығы Берлинде орналасқан неміс генерал-губернаторлығына айналды.

1939 жылдың 23 тамызындағы кеңес-герман құпия хаттамасына сәйкес, кеңес басшылығы осы жылы күзде ультиматум түрінде Эстония, Латвия және Литвадан Кеңестер Одағымен өзара көмек және бірлестік, олардың территорияларында кеңес гарнизондарын орналастыруды мойындайтын келісім-шарт жасауды талап етті. Бұл талаптар қабылданды. Сонымен бірге, Кеңестер Одағы Ленинградтан фин территориясын оның орнына ол Финляндияға екі есе үлкен, бірақ аз қоныстанған Кеңестік Кореядан территория ұсынды. Ұзақ келіссөздерден кейін Финляндия ұсынысты қабылдамады.

1939 жылы 30-қарашада кеңес әскері Финляндияға қарсы әскери қимылдарды бастады. Осылайша ұзаққа созылмаған, бірақ ауыр кеңес-фин соғысы басталды. Ұлттар Лигасы КСРО - нің мұндай қимылдарын сынға алып, оны құрамынан шығарып тастады.

Осы тұста, Батыс майданда тыныштық орнап тұрған еді. Онда орналасқан ағылшын-француз әскері Германияға қарсы ешқандай қимылдар жасады, саны жағынан одан әлдеқайда көп болғандығына қарамастан, оған себеп, неміс әскерінің негізгі бөлігі әлі де Польша территориясында орналасқандықтан еді. Батыс майдандағы әскери қарама-қайшылық 1940 жылы көктеміне дейін созылған «отырықты» деп аталған. Бұл соғыста ағылшын және француз басшылығы қорғанушылық стратегияны ұстанды. Олардың есептеуі бойынша теңіздегі ағылшын-француз басымдылығы оларға Германияны блокада құрсағында ұстауға мүмкіндік береді, ал франк-герман шекарасында салынған «Мажино линиясы» немістердің батысқа жорығына жол бермейді деп шешті. Англия мен Францияның басшылықта отырғандардың бір бөлігі герман-кеңес келісіміне қарамастан, Германия мен КСРО-нің әскери қақтығысына сенді.

1940 жылы көктемге таман кеңес әскері үлкен қиыншылықтарға қарамастан қорғанушылық Маниергейім линиясын» бұзып шыға алды. Финляндия жеңіліске ұшырап, 1940 жылы 12 мамырда ол кеңес-фин бейбіт келісіміне қол қоюға мәжбүр болды. Ал бойынша Кеңес Одағына Карель территориясы мен Выборг қаласы берілді.

1940 жылдың көктемінде неміс әскері Батыс майданда іс-қимылдарын бастады, 1940 жылы 9 сәуірде Данияны оккупацияға алып, Норвегияға басып кірді. Норвегияға оккупацияны аяқтаған соң, Германия, Бельгия, Голландия және Францияға қарсы жорықты бастады. 1940 жылы 10 мамырда неміс әскері солтүстіктен «Мажино линиясын» айналып өту үшін, соғыс жариялаусыз Бельгия мен Голландия территориясына енді. Осылайша 14 мамырда Голландия, ол 28 мамырда Бельгия алынған енді. Белгияға көмекке келген ағылшын-француз әскері Дюнкерк қаласының маңында қоршауға алынды. Өте күрделі жағдайда қоршауда қалған әскердің негізгі бөлігі Англияға оралады, бірақ олардың қару-жарақтарының барлығы дерлік немістердің олжасына айналды.

Ағылшындар мен француздар бұл соғысты жеңіліске ұшырады деген оймен, 10 маусымда Италия соғысқа енді.

22 маусымда франк-германдық келісім шарт жасалды, ал 25 маусымда -Франция Италияның келісім жасасты. Бұл келіссөздерге сәйкес Франция барлық әскери іс-әрекеттерді тоқтатуға мәжбүр болды. Оның территориясының 3,2 бөлігі Парижді қосқанда неміс әскерімен оккупацияланған. Сонымен бірге, Франция үлкен мөлшерде оккупациялық қаражат төлуге мәжбүр болды. Ал оккупацияланбаған аймақтарда және француз отарланған иеліктерде билікті Петэна, басшылығы жүзеге асырды. Оның орталығы Виши қаласында орналасты. Кейін Виши басшылығы Германиямен жұмыс жасайтындығын айтты.

Бас кезінде Францияның барлық ірі саяси қызметкерлері мен Францияның отарлық империяның әкімшілігі Виши басшылығын қолдаған еді. Тек қана сол тұста танымал болмаған генерал де Голль келісім шартты және Виши басшылығын мойындамаған. Англияға барып, ол «Тәуелсіз Франция» қозғалысын ұйымдастырып, Германияға қарсы күресті жалғастыра түсіреді.

Прибалтиканың, Бессарабияның және Солтүстік Буковинаның Кеңестер Одағына қосылуы

Күрестегі екі коалицияның негізгі күштері әлі де Батыс майданда орналасып тұрған кезекте Кеңестер Одағы өз территориясын ұлғайтуды жаңа айлаларды қолдана бастады. Олар кеңес - герман құпия хаттамасынан шығып отыр. 1940 жылы 14-16 маусымда Кеңестер Одағының басшылығы Литвияға, Латвияға және Эстонияға басшылықтарының құрамын ауыстыруды және Кеңес Одағының қосымша түрде контингенттерін енгізуді талап етті. Олар бұл талаптарды орындауға мәжбүр болды. Олардың территориясына кеңестердің ірі күштері енді. Кеңестердің саясаткерлерінің және әскерлердің басшылығымен онда жаңа билік құрылды. 1940 жылдың тамызында бұл елдер одақ республикалар түрінде, КСРО - нің кұрамына заңды түрде енді.

1940 жылы 26 маусымда КСРО Румынияға 1918 жылы отарға берілген Бессарабияны және негізінен украиндықтармен отырықтанған Солтүстік Буковинаны беруді талап етті. Бұл талаптарды орындамауға мүмкін болмады. КСРО -нің құрамында жаңа Одақтық Молдавия республикасы құрылды.

Англияға қарсы Германия Италияның қарсы әскери іс- қимылдары

Францияның жеңілісінен кейін Англия бір сәтте Германия мен Италияға қарсы соғысқан жалғыз ел болып қалды. 1940 жылы мамырда ағылшын басшылығына келген консерваторлардың бірі Уинстон Черчилль келіп, ол Германия алдында капитулляциялаудан бас тартты.

Неміс қолбасшылығы ағылшындарды теңіз арқылы кіріп алуды («Теңіз арыстанын») ойластырған, бірақ ағылшын флоты өзінің теңізде басымдылығын сақтап тұрып, Германияға десантты түсіруге мүмкіндік беріледі. Ендігі Германияның ағылшын флотын авиация арқылы алу әрекеттері де нәтижеге бермеді.

Бұл жағдайларда Ұлыбританияға үлкен көмекті АҚШ көрсетті. 1941 жылы наурызда АҚШ-ның президенті Ф.Рузвельттің ұсынысы бойынша конгресс лейд-лиз (ағылшындық «ленд -қарызға беру және лейз-арендаға беру») туралы заң қабылданған, яғни қарызға немесе жалға қару-жарақты беру.

Германия Ұлыбританияға басып кіру туралы іс-шараларға дайындық үстінде болса, Италия ағылшындық отарлар Шығыс және Солтүстік Африкаға эфиоптық партизандар көмегімен италияндықтарды Сомали, Эфиопиядан қуып шықты. Олар Солтүстік Африкада Ливияның жартысын иеленді. Англияның мұндай күшті қарсыластығынан кейін, Гитлер, «теңіз арыстаны» жобасынан бас тартуға тура келді. Ендігі кезекте ол КСРО -ға қарсы соғысқа дайындық үстінде болды. Сыртынан Кеңестермен достық қатынасты жалғастыра отырып, Гитлерлік Германияның басшылығы КСРО -ға жорық жобасын дайындай бастады («Барбаросса жоспары»). Сонымен бірге Германия, Италия және Жапониямен қатынасын күшейте түсті. 1940 жылы 27 қыркүйекте Германия, Италия, Жапония «Үштік пактіге» қол қойды. Ол негізінен дүниені бөлісу туралы келісім болса керек. Кейінірек, Румыния, Венгрия және Болгария бұл пактіге өз қолдарын қойды. Олардың территориясына неміс әскері орналастырылды.

Балкандағы әскери қимылдар. Германия Кеңес Одағына қарсы дайындық үстінде болған тұста, 1940 жылы 28 қазанда фашистік Италия Грецияға басып кірді. Саны жағынан көбірек, әрі жақсы жабдықталған итальян әскері жеңіске қысқа мерзімде жетуді көздеген, бірақ олар грек әскері жағынан күшті қарсыластыққа жол болды. Муссолони өтініші бойынша оларға Германия көмекке келді. 1941 жылы 6 сәуірінде Германия Греция мен Югославияға басып кірді. Өзінің үлкен басымдылығымен ол Греция мен Югославия әскерінің қарсыластығын лезде бұзды.

Фашистік «жаңа тәртіп». Қарсыластың қозғалысының туындауы. 1941 жылдың жазына таман Германия мен Италия 12 еуропалық елді оккупацияға алды және өзінің билігін еуропалық біршама бөлігіне таратты. Оккупацияға алынған елдерде олар қатаң оккупациялық жүйе құрды: демократиялық бостандықты жойды, саяси партия мен кәсіподақтарды таратты, ереуіл мен шерулерге тиым салды. Өндіріс орындары олардың тапсырысы бойынша жұмыс атқарды, ауыл шаруашылығы оларды сауда-саттықпен, шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Фашистік «жаңа тәртіппен» күресте патриоттық және антифашистік Қарсыластық қозғалысы пайда болды. Оның мүшелері газеттер, листовкалар шығарды, әскери барлаулармен айналысты. Олардың арасында әр түрлі саяси және діни көзқарастағы адамдар: коммунистер, социал - демократтар, католиктер, православтар болды. Алғашында бұл саны аз бөлшектенген топтар болған еді.

Кеңестер Одағының Ұлы Отан соғысы. Дүниежүзілік соғыстың басқа театрларындағы әскери қимылдар. Фашистік Германия мен оның одақтастардың КСРО -ға басып кіруі

1941 жылдың жазында Германия КСРО-ға шабуыл дайындығын аяқтады. «Барборосса жоспарына» сәйкес, герман әскері «Кеңестік Ресейді аз уақыт ішінде талқандауды» жоспарлаған еді. КСРО - нің еуропалық бөлігін гитлерліктер неміс отарларының «тіршілік аймағына» айналдырмақ болады. Олар Польшада алдын-ала еврейлер мен славяндарды өлтіруге арналған «өкім лагерлерін» салып қойған. Бұл лагерлерде (Освенцим, Майданек, Треблинка) соғыс барысында 11 миллионға жуық адам өлімге ұшыраған. 1941 жылы 22 маусымда 3 сағат 30 минутта фашистік әскер соғыс жарияламастан КСРО - нің территориясына кірді. Кеңестер Одағының Ұлы Отан соғысы осылайша басталды. КСРО-ға қарсы соғыста Германиядан басқа Румыния, Венгрия, Финляндия, Италия, Хорватия да қатысты. Франконың испандық басшылығы, Вишидің француздық басшылығы Германияға көмек ретінде өз әскерін жіберді. Жалпы Кеңестер Одағына шабуылға 190 дивизия, соның ішінде 153 неміс дивизиясы -Германияның қаруланған шамамен 80 пайыз күші қатысты. Осы сәттен және соғыстың аяғына дейін кеңестер –герман майданында фашистік блоктың негізгі күші шоғырланды. Кеңестер -герман майданы II дүниежүзілік соғыстың негізгі майданы болып табылды.

Кеңестер Одағын фашистік шабуыл өте күрделі жағдайға қойды. КСРО -нің батыстық шекаралық аймақтарында 170 дивизия орналасты. Жалпы саны бойынша одақтық танктері мен самолеттердің саны қарсыластарынан асатын, бірақ техникалық жағынан әлде қайда ескі болды. Кеңестер Одағының техникалық жағынан мұндай артта қалуына негізгі себеп, елдегі жаппай репрессия болса керек. Шамамен 40-мыңға жуық командирлер мен саяси жұмысшылар оның кеселінен көз жұмды. Олардың орнына келген жаңа мамандар жұмысты дұрыс атқара алмады. Германияның соғыс әрекеттерін тек Ұлыбритания мен шектелетіндігіне сенген Смалкин, оған келіп түсіп жатқан әр түрлі хабарларға көңіл салмаған еді. Осылайша, кеңестік басшылық және әскери қолбасшылық бұл жағдайға мүлдем дайын емес еді.

Оккупацияның салдарынан КСРО -нің негізгі бөлігінің өндірісі екі есеге азайды, жұмысшылар саны-бір жарым есе бидай жинау қысқарды. Басында оккупацияланған шамамен 10 мың адам және 1500 өнеркәсіп орындары босатылды, сонымен елдің Шығыс бөлігі, яғни Урал, Сібір, Қазақстан.

1941 жылы желтоқсанда Мәскеу түбіндегі шайқаста Г.К.Жуков қолбасшылығымен Мәскеудің майдан неміс әскеріне бірінші ірі жеңіске жетті. Немістің Мәскеуге шабуылы тойтарылып, алу 100-250 шақырым шегіндірілді.

1942 жылы жазда неміс әскері Шығыс майдандағы жорығын қайта бастады. Олар Курск және Харьков түбіндегі қоршауды алды. 1942 жылы күзде олар Сталинград (қазір Волгоград) және Кавказға бет бұрды. Бұл жерлерде олардың жорықтары тоқтатылды.

Жапонияның Тынық мұхит пен Шығыс Азиядағы қимылдары

Германия КСРО -ға жорық жасау кезінде, Жапонияның басшылығы өзінің экспанциясын қай бағытта жүргізу тиімдірек болатындығын шешуде еді. Солтүстікке КСРО -ға қарсы немесе оңтүстік теңіздер айсағына қарай, АҚШ және Ұлыбританияға қарсы 1941 жылы 2 маусымда оңтүстікке қарай бағытты таңдады. Ал КСРО -ға қарсы соғысты тек Германияның Мәскеуді алып, КСРО - нің әскерін женген соң бастауды жөн көрді.

Жапонияның бірінші мақсаты: АҚШ -тың Тынықмұхиттың флоты болды. Оның негізгі күші Гавай аралдарының Перл-Харбор бұхтасында орналасты. 1941 жылы 7 желтоқсанда жапон кемелерінің ірі эскадрасы, оның құрамына 6 авианоцесі кірді. Перл-Харборбортқа жасырын түрде келіп, американ кемелері бойынша үлкен соққы берген. Сонымен бірге, жапон кемелері мен авиациясы американ-ағылшын әскери-теңіз базалары Филиппин аралдарындағы және Малайе ағылшын отарына да үлкен жарылыстар ұйымдастырды. Әуедегі және теңіздегі өзінің басымдылығын көрсетіп, жапон десанты Филиппинде, Малайеде және Голланд отары Индонезияда түсірілді. 1940 жылы Виши басшылығының рұқсатымен Үнді-Қытайға кіргізілген жапон әскері, 1941 жылы желтоқсанда Тайландқа (Сиамға) кірді, ешқандай қарсылықка тап болмаған олар, Тайландпен шекаралас ағылшын отары Бирмаға жорықты ұйымдастыра бастады.

1942 жылдың жазына таман Жапония қаласында (II дүниежүзілік соғысқа дейін жауланған Қытай және Кореядан басқа) ірі Азияның елдері кірді. Үндіқытай, Филиппин, Тайланд, Бирма, Малайя, Индонезия, онда шамамен 150 миллион адам тұрды. Батыста жапон әскері Үндістанның жағалауындағы Караллово теңізінде (1942 Мысыр) және Тынық мұхитының Мидэй аралының маңындағы (1942 маусым) теңіз қақтығыстарында АҚШ пен Англияға Жапонияның тоқтата алды.

Антифашистік коалиция. Біріккен Ұлттар Лигасы. Германияның және оның одақтастарының КСРО -ға шабуылы, ал кейін Жапонияның АҚШ пен Ұлыбританияға шабуылы фашистік агрессорларға қарсы күрескен күштердің біртұтас антифашистік коалицияға бірігуіне әкелді. Оның негізгі жоспарлы құжаты 1941 жылы тамыздағы Черчилль мен Рузвельттің Канаданың Атлант жағалауындағы кездесулері негізіндегі жасалған Атланттық хартиясы болды. Онда, АҚШ пен Ұлыбританияның «территориялық немесе басқадай қызығушылықтары жоқ екендігін, әрбір халықтық басқару формасын таңдаудағы еркіндігін мойындайтындықтары» туралы айтылды. КСРО Атланттық хартия құрамына кірді.

1941 жылы 12 маусымда ағылшын-кеңес келісімі жасалды. АҚШ-тың президенті Рузвельт ленд-лиз заңын Кеңестер Одағына да қолданды, осылайша КСРО -ға американдық кару-жарақтар, басқада қажетті бұйымдар әкеліне бастады.

1942 жылы 26 мамырда Лондонда «Гитлерлік Германияға және оның Еуропадағы қолдаушыларға қарсы одақ және соғыстан кейін де бір-біріне қолдау, көмек жасау» жайлы 20 жылдық ағылшын-кеңестер келісімі жасалынды. 1942 жылы 11 маусымда Вашингтонда өзара көмек жайлы кеңестер-американ келісімі жасалынды.

Үш ірі державалардың әскери-саяси одағы құрылды: КСРО, Ұлыбритания және АҚШ. Рузвельт пен Черчилль КСРО -дағы ұстанған жүйені сөгіп жэне оның жаңа территорияларға таралуыанан қауіптенгенімен, олар Германияны жеңуде КСРО -нің қолдауы қажеттілігін түсінді. Бірақ коалицияда саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен байланысты теңеу қарама-қайшылықтар да болған.

Сонымен, одақтастар арасындағы қайшылықты тудырған жағдай, ол екінші майдан жайлы мәселе еді. Фашистік күштердің негізгі бағытталған

КСРО өз одақтастары Англия мен АҚШ-тан Германияға қарсы бағытталған екінші майданы тез арада ашуды талап етті. Ол майдан Батыста яғни Францияда орналастырды ойластырған, осылайша Германияға тура жол ашылды. Ал АҚШ және Англия күштердің толықсыздығын сылтау етіп, екінші майданды құруды артқа қалдыра берді.

Соғыс барысындағы ірі бетбұрыс.

Саяси экономиканың дамуы. 1942 жыл бойында антифашистік коалициясы өсе түсті. Ағылшын өндіріс орындары сауда-саттықтың және шикізаттың аздығына қарамастан, қаруланған күштерді қанағаттандыра білді. Сондықтан АҚШ-тың да дамуы қарқынды түрде дами түсті. Мемлекеттік қаражат арқасында ірі әскери зауыттар, жаңа өнеркәсіп салалары құрыла бастады. 1942 жылы өзінде американ өнеркәсібі 32 мың танк және 49 мың әскери ұшақ жасап бірінші орынға шықты. Жасырын түрде Америка мен Англия атом қаруы бойынша жұмыстарды жалғастыра түсті. 1942 жылы желтоқсанда атақты итальян физигі Э. Ферми АҚШ -да өмір сүрген, ал алғашқы басқарылатын тіркеу реакциясы өзі құраған ядролық реакторын құрастырды. Осылайша атом бомбасына жол ашылды. Оны жүзеге асыру мақсатында американдықтар Окридж және Хэнфорд қалаларында құпия зауыттар сала бастаған еді. Ядролық қару жасау «майхэттендік жоба» атына иеленді, ал оның басшысы американ физигі Р. Олленгейлер болды.

Америка мен Англияда жасалынған қару-жарақтардың бір бөлігі ленд-лиз бойынша КСРО-ға 400 мың автомашина, 18,7 мың самолет 10 мыңнан аса танк, көптеген шикізат және сауда-саттық әкелінді. Самолеттердің саны-12, танктердің саны 10 кұрады.

1942 жылы көктемінде Кеңестер Одағы оккупацияланған аудандардан халықты эвакуациялауды аяқтады және өндіріс орындарының негізгі бөлігін қалпына келтірді. Кеңестік өндірістік орындардың өнімдерінің көбі әскери өкімге ауыстырылды. Жұмыс күні 11-12 сағаттан да асып кеткен жағдай туындады. Карточкалық жүйе енгізілді. Кеңестер Одағының танктердің, ұшақтардың артиллериялық қарулардың жаңа түрлері шығарыла бастады. Ол неміс өнімдерінен асып түсті деуге де болады.

Фашистік блок бұл түста өндірісін көбейту үшін үлкен күш салды. Олар «жолбарыс» және «пантера» атты танктың жаңа түрлерін шығарды. Жасырын, жер асты зауыттарда неміс конструкторлары реактивті ұшақтардың және ракеталардың құрылысын жасаумен айналысты.

Бірақ мұның барлығына қарамастан неміс экономикасы антифашистік коалициялардан алде қайда артта болды.

1942 жылы күзге таман Германия, Жапония, Италияны бірге алып қарастырғанның өзінде, Кеңестер Одағы, АҚШ және Ұлыбритания 5 есе көл артиллериялық және 10 есе көп танктері шығарды. КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның әскер саны 1,5 есе фашистік блоктың әскерінен көп еді.

Соғыс барысындағы бетбұрыс. 1942 жылдың аяғына таман антифашистік коалиция қарсы шабуылға көшті. Соғыс барысында түпкілікті бетбүрыс жүзеге асты.

1942 жылы 19 казанда Кеңес Одағының әскері Сталинград түбінде конструктор кешенін бастады. Г.К.Жуков, А.М. Василевскийй, К.К. Рокосовский, Н.Ф. Ватутин, А.И. Ерменколардың басшылығымен Германия мен оның одақтастарының әскерін талқандай алды. Сталинград түбіндегі жеңілістен кейін Германияда үш күндік қаралы күн жарияланды.

1943 жылы жазда Германияның кеңес - герман майданында Курск аймағының маңында жаулап алу мүмкіндіктері толығымен жеңіліске ұшырады. Жауға тойтарыс бере отырып кеңес әскері неміс әскерінің негізгі күштеріне үлкен соққы беріп, ірі жауға табу қимылдарын ұйымдастырды. Оларға КСРО-нің оккупацияланған территорияларында жұмыс атқарған жұмыстардың көмегінің мәні зор болды. Кейбір аудандарда бүтін тыңшылардың аймақтары құралған еді. Олармен күрес үшін неміс әскері өзінің негізгі күшінің 10 пайызын кеңес -герман майданындағы жіберуге мәжбүр болды. Кеңестер әскерінен қатарлас жауға шабуды Англия мен АҚШ-та бастады. 1942 жылы 8 қарашада генерал Д. Эйзенхауердың басшылығымен ағылшын-американ десанты Солтүстік Африканың француздық иеліктері Марокко мен Алжирде түсірілді. Онда орналасқан француз әскері мен фашистік отарлық әкімшілік одақтастар жағына шықты. Ағылшындық генерал Мантогомеридік басшылығымен Мысырдан Ливияға келе жатқан әскерімен Эйзенхауердің әскері біріге отырып, итальян-неміс тобын талқандайды. Солтүстік Африканы иелену үлкен стратегиялық мәнге ие болды. Бұл одақтастарға Жерорта теңізіне иелікті әкелді оларға Италияға апаратын жолды ашты.

1943 жылдың 10 шілдесінде ағылшын-американ әскері Италияның оңтүстігінде түсірілді. Фашистік партия мен әскердің басшыларының бір бөлігі патшаның қолдауымен, Муссолиниді орнынан тайдыру мақсатымен жасырын одақ жасасты. Енді олар Германиямен қатынасты бұзып, Англия мен АҚШ-тың одақтасына айналуды көздеді. 1943 жылдың 25 шілдесінде Фашистік партияның отырысында оның орнына үкімет басшысы ретінде итальян бас штабының бұрынғы басшысы, маршал Бадальоны тағайындалғандығын жариялады. Ол сол тұстан-ақ Англия мен АҚШ арасында құпия келісім жасауға асықты.

1943 жылы 8 қыркүйекте Италия бейбіт келісімге қол қойып, соғыстан шықты. Оған жауап ретінде неміс әскері Солтүстік және Орталық Италияны оккупациялап, Оңтүстік Италиядан солтүстікке бет алған ағылшын-американ әскеріне тосқауыл қойды. Италияның екі бөлікке бөлінді. Гитлердің тапсырысы бойынша неміс парашютистердің арнайы отряды Муссолинді босатып, Солтүстік Италияға апарды. Онда ол неміс оккупанттарының басшылығымен жұмыс істеген басшылықты ұйымд астыр ды.

Антифашистік және ұлттық-азаттық қозғалыстың көтерілуі.

Италияның капитуляциясынан кейін-ақ, агрессорлардың жеңілісінің жақындануын сезгендіктен оккупацияланған елдерде қарсыластық қозғалысының көтерілуіне әкелді. Оның әр түрлі топтары бірігіп қарулы отрядтар құруды және оккупанттарға қарсы партизандық күресті жүргізді. Бұл күресте көбінесе тұтқынға алынған немесе оккупанттармен жұмыстарға айдалынып апарылған, ал кейін ол жерлерден қашқан орыс эмигранттары мен кеңестік азаматтар көп қатысты.

Қарсыластық қозғалыстың мүшелерінің басым бөлігі өз елдерінің босатылуына қолдары жетті, бірақ соғыс алдындағы құрлысқа тәртіпке оралудан, бас тартты. Олардың барлығы фашизмді құртып, демократиялық бас бостандықты орнатып, терең әлеуметтік жаңашылдықтарды енгізуді көздеді.

Батыс Еуропадағы қарсыластық қозғалысының негізгі орталығы сонымен бірге компартия, социалистік партия, кәсіподақтар, буржуазиялық-патриоттық топтар ортақ карсыластықтың Ұлттық Кеңесте бірігіп, генерал де Гольдің жалпы басшылығын мойындады.

Солтүстік және Орталық Италияда оны Германияның оккупациясынан кейін, ондағы қарсыластың қозғалыстын мүшелері әскери отрядтарды құруды бастады. Олар оккупанттармен алған қақтығыстары 1943 жылдың күзінде болды.

Шығыс және Оңтүстік - Шығыс Еуропа елдеріндегі партизандық қозгалыс кең қанат жайды: Югославия, Греция, Албания, Польшада. Олардың аяқ басуға қиын жерлеріндегі кейбір аудандарында билік паризандық әскери комитеттердің қолына өтті.

1943 жылы қарашада Югославияның босатылған территориясында ¥лттық азат ету комитеті құрылды, оның басында Югославияның коммунистік партиясының басшысы И. Броз Тито тұрды. Албанияның босатылған аудандарында билікті Ұлттық- азаттық кеңестер жүргізді.

Жапониямен оккупацияланған Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде де ұлттық- азаттық қозғалыстар өрлей түсті. Малайе да және Филиппин аралдарында қаруланған отрядтар кұрылды. Үндіқытайда 1943 жылдың аяғына таман партизандық отрядтар Солтүстік Вьетнамның бір жақ территориясында өзінің бақылауын орнатты.

Қытайда антижапондық соғысқа қатысқан компартия, босатылған аудандарды көбейту үшін күресті, оларда орталық Чан Кайшидің басшылығына бағынбайтын өзіндік билік органдары болды.

Еуропадағы екінші майдан. Кеңестік Армияның жеңістері және оккупацияланған елдерде қарсыластарының өрістеуі Англия мен АҚШ -тың басқарушы топтарының екінші майдан мәселесіне көзқарастарын өзгертті. Енді олар екінші майданның ашылуын шешті, оған себеп, олардың ойында Кеңес Одағы өз күшімен бүкіл Еуропаны босатуы, яғни онда билік коммунистерінің қолына көшуі мүмкін деген ойлар туындады. Әскери жоспарларды кұру үшін антифашистік коалицияның державаларының басшылары - Сталин, Рузвельт және Черчилль -1943 жылдың қараша-желтоқсанында Иранның астанасы Тегеранда кездесті. Тегеран конференциясының мүшелері екінші майданды 1944 жылдың жазына таман Францияда ашуды шешті. Сталин өзінің одақтастарына соғыс аяқталғаннан кейін Еуропада Жапонияға қарсы соғысқа араласудағы уәде берді.

Тегеранға барар жолда Черчилль мен Рузвельт Египеттің астанасы Каирде Қытай басшысы Чан Кайшимен кездесті. Ондағы декларацияда АҚШ, ¥лыбритания және Қытай бірігіп Жапонияға қарсы іс-қимылдар жөнінде келісті. Олар Қытайға Жапониямен тартып алынған территорияларды қайтаруды, Кореяға тәуелсіздік әперді, Жапониядан «күшпен жаулаған жерлерін тәркілеуді» көздеді.

1944 жылдың жазында АҚШ Англияға генерал Эйзенхауер басқарған ауқымды қаруланған күштерді түсірді. Франциядағы операцияға арналған ағылшын әскерлерін фельдмаршал Монтгомери басқарды. Францияға түсірілуге тиіс болған ағылшын және американ әскерлерімен қоса канадалық әскер және генерал де Гольмен ұйымдастырылған француздық әскери бөлімшелер де болды. 1944 жылы 6-маусымда одақтас әскерлердің Францияның солтүстігіне, Нормандия түсірулерін бастады. Неміс басшылығының негізгі кеңес -герман майданында шоғырланғандықтан, оларға тойтарыс бере алмады. Германияға 1944 жылдың маусымында Фау-1 және Фау-2 ракеталарымен Англияны бомбалау да көмектеспеді. Осылайша екінші майдан ашылды.

Қалыптасқан бұл жағдайда неміс офицерлері мен шенеуліктері Гитлерге қарсы бірігіп, оны биліктен алып және соғысты аяқтауды көздеді. 1944 жылы 20 маусымда олар Гитлерге қарсы жанжал ұйымдастырмақ болды. Полковник Штауфенберг Шығыс Пруссиядағы Гитлердің ставкасына мәлімдеме беруге келген кезінде онда жарылғыш кұрылғыны орнатқан еді. Жарылыстан кейін Гитлер жарақаттанғанымен тірі қалды. Бұл оқиғаға қатысқандардың көбін өлім жазасына тартты.

Бұл тұстас одақтас әскерлері өздерінің әуедегі, танктерімен, артиллерияның басьшдылықтарының арқасында Батыс майданда өздерінің қимылдарын бастады. Француздық қарсыластық отрядтарының бірлестігімен олар неміс әскеріне Францияда соққы беріп, Парижге бет алды. Ондағы күрес үш күнге созылып, француз астанасын негізгі бөлігін босатты. Қарсыластық қозғалыстың көмегіне де Голльдің әскери бөлімшелері көмекке келді. Олар Парижге 25 тамызда кірді. Вишидің жүйесі құлады. 1944 жылы қыркүйекте қарсы Францияның барлық бөлігі оккупанттардан босатылды. Билік Уақытша үкіметке берілді, оны Гелль басқарды. Итальяндық майданда одақтастар күштері 1944 жылы 4 маусымда Римге кірді, ол «ашық» қала болып жарияланды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы

Фашизмнен Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің босатылуы. 1944 жылдың жазы мен күзінде кеңес әскері Польша, Румыния, Югославия және Венгрия территориясына енді. Фашистік әскерге Карель мойнағында және Шығыс Карелияда ауыр соққы бере білді. 1944 жылы 5-қыркүйекте Кеңестер Одағы Болгарияға соғыс жариялады, ешқандай қарсыластыққа тап болмаған олар Болгария иелігіне енді.

Кеңестік әскер Румыния территориясында басқыншылық әрекеттеріне көшкен сәтте, Румыния патшасы І Михай елдегі жасырын түрде жұмыс істеген антифашистік партиялармен алдын-ала келісім жасасып, 1944 жылы 23 тамызда фашистік үкіметтің басшысы маршал Антонескидің тұтқындары, онда антифашистік коалициялық басшылықты құрды.

Болгарияда кеңестік әскерлердің жеңістері жайлы хабарларды естіген соң ондағы партизандық отрядтар, оларға қосылған әскери бөлімшелермен бірлесе отырып 1944 жылы 9 қыркүйекте Болгарияның астанасы Софияны басып алды. Билікке отандық майданның басшылығы келді, онда негізгі рөлді коммунистер атқарды.

Югославия мен Албанияда кеңестік әскерлер жақындаған тұста Қарсыластық козғалыстың мүшелерімен бұрынырақта құрылған билік ұйымдары толығымен орнықты. Югославияның ұлт-азаттық комитеті енді Уақытша үкімет болып ауыстырылды. Сонымен бірге, Уақытша үкімет Албанияда да құрылды. Венгрияда неміс оккупанттардың қулығынан кейін оның территориясының бір бөлігінде Уақытша үкімет құрылды, оның құрамына коммунистік партияны қоса алғанда, әр түрлі антифашистік және патриоттық топтар кірді.

Румынияның, Болгарияның және Венгрияның жаңа басшылығы Германиямен қатынастарын бұзып, одақтастар жағына көшті және олармен бейбіт келісім жасасты. (Румыниямен – 1944 жылы 12 қыркүйекте, Болгариямен -1944 жылы 28 қазанда Венгриямен -1945 жылы 20 қаңтарда) Финляндияның басшылығы алдағы жеңілісті сезе тұра, ол да келісім жасасты (1944 жылы 19 қыркүйекте).

Германияның бұрынғы одақтастары барлық фашистік ұйымдарды таратуды, БҰҰ -на қарсы әрекет жасалуды, КСРО-ға және антифашистік коалицияның басқа державаларына келтірген шығындарды мүмкіндігінше өтуге уәде берді.

Мұндай іс-шаралардың барлығынан кейін босатылған елдердегі коммунистік партиялардың мүмкіндіктері артып, Кеңес Одағының қолдауымен олардың қолында билік шоғырланды. Енді олар бүл елдерде әлеуметтік -экономикалық жаңашылдықтарды енгізе түсті.

Югославияның басшылығы оккупанттарға көмек көрсеткендерді тәркілеп, шетелдіктердің жеке меншіктерін тәркіледі. Яғни, ол Югославтық буржуазияның көбінің мүлкін ұлттандаруын білдірді. Жеке меншіктің қолында өндіріс орындарында кейін жұмысшы бақылауы орнатылды. Албанияда басшылық өндіріс орындарына жэне акционерлік қоғамдастықтарда мемлекеттік бақылау орнатылып, фашистік мемлекеттердің азаматтарының мүліктері және банктер ұлттандырылды.

Ерекше жағдай Польшада қалыптасты, онда кеңестік әскерлермен қоса КСРО-да құрылған Бірінші Польшалық әскер де күресті. Кеңестік әскерлермен босатылған территорияларда Польшаның жұмысшы (коммунистік )партия өкілдері жэне басқада солшыл антифашистік топтардың өкілдері 1944 жылы жазда Люблинде Польшалық ұлттық босатушылық комитеті кұрды. Ол Кеңестік Одақтардың келісімен Польшаның босатылған территориясын басқаруды қолына алды. 1944 жылы желтоқсанда бұл комитет өзін Уақытша үкімет деп жариялады.

Жалпы Шығыс және Оңтүстік - Шығыс-Еуропа елдерінде революциядық мазмұндағы демократияның жаңашылдықтар басталды. Олар халықтың -демократиялық революция атауларын иеленді. Бұл елдерді халықтық демократия елдері деп атай бастады.

Екінші дүниежүзілік соғыс аумағы кеңейіп, оның басты және шешуші бөлігі - Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталған кез. 1941 жылы 22 маусымда Гитлерлік Германия КСРО -ға опасыздықпен шабуыл жасады. Оған Венгрия, Румыния, Финляндия, Италия қосылды. Германия қарулы күштерінің 77 пайызын Кеңес Одағына қарсы қойды. Кеңес елінің фашизммен күресі Екінші дүниежүзілік соғыстың да, бүкіл азаматтың да тағдырын шешті, соғысушы елдердің саясатына және стратегиясына зор әсер етті. Кеңес территориясына баса - көктеп кірген жау қатты қарсылыққа ұшырап таңдаулы қарулы күштерінен айрылды. Қызыл Армияның Мәскеу түбіндегі жеңісі екінші дүниежүзілік соғыстың бүкіл барысына ықпал жасады. Гитлерлік Германияның 1942 жылы маусымдағы шабуылы да нәтижелі болмады. Маусым - қараша айларында кеңес әскерлері Сталинградты ерлікпен қорғап, жауға соққы берді. Қызыл Армия ірі жеңістерге жетті. КСРО -да екінші дүниежүзілік соғыс барысында түбірлі өзгеріс жасауға қажетті жағдай жасалды.

Халықтардың азаттық күресі антигитлерлік одақтың негізін салды. Кеңес үкіметі фашизмге қарсы бірігіп күресу туралы 1941 жылы шілде айында Ұлыбританиямен, Чехословакиямен, Польшаның

Эмигрант үкіметімен келісімге келді. 24 қыркүйекте АҚШ пен Ұлыбритания арасында жасалған Атлантика хартиясына қосылды. Қыркүйектің аяғы қазанның басында Мәскеуде АҚШ, Ұлыбритания, КСРО қару - жарақпен өзара алмасу туралы хаттамаға қол қойды.

1941 жылы 7 - желтоқсанда Жапония Тынық мұхитта Перл - Харбор соғыс басына шабуыл жасап, АҚШ-пен соғыс бастады. 8 - желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания және басқа мемлекеттер Жапонияға соғыс жариялады. АҚШ - тың соғысқа кіруі антигитлерлік одақты нығайта түсті. 1942 жылы 1 қаңтарда Вашингтонда фашизмге қарсы күресуші 26 мемлекет декларация қабылдады. Олар барлық күшті біріктіріп, жауды толық жеңгенге дейін соғысуға келісті. Антигитлерлік одақ дүниежүзіндегі антифашистік күштерді біріктірді. Вашингтон конференциясында 1941 жылы 22 желтоқсанда - 1942 жылы 14 қаңтарда Черчилль мен Рузвельт соғыстың стратегиялық жоспарын белгілеп, Батыс одақтастардың жалпы басқару жүйесін құрды. 1941 жылы қарашада Германия, Италия, Жапония «Антикоминтерн пактісін» 5 жылға ұзартып, 11 желтоқсанда АҚШ пен Ұлыбританияға қарсы соғысты жеңгенше жүргізе беруге келісті. Жапония АҚШ - тың Тынық мұхит флотының негізгі күштеріне соққы беріп, Тайланд, Сянган, Бирма, Малайяны, Филиппин, Индонезияның басты аралдарын басып алып, Австралияға қауіп төндірді. АҚШ бүкіл ресурсын жинақтап, соғыс экономикасын жеделдетуге шара қолданды. Атлантикадан флоттың бір бөлігін Тынық мұхитқа көшіріп, 1942 жылдың 1 жартысында жапондарға қарсы соққы берді. Жапония флоты бірнеше рет жеңіліске ұшырап, қорғанысқа көшті. Индонезия, Үндіқытай, Корея, Бирма, Малайа, Филиппин патриоттары Жапония басқыншыларына қарсы ұлт - азаттық қозғалысын күшейтті. 1941 жылы жазда Жапонияның Қытайдағы шабуылы тоқтатылды. Американ және ағылшын флоттары Германияның сүңгуір қайықтарына тойтарыс беріп, 1942 жылы жазда оларды Атлантиканың орталық ауданына ығыстырды. Соғыстың үшінші кезеңі (1942 жылы 19 қараша - 1943 жылы) - антигитлерлік одақ инициативаны өз қолына алып, жаппай стратегиялық шабуылға көшкен кезең. Шешуші шайқастар кеңес -герман майданында жүргізілді. Германияның 1942 жылы қарсаңындағы 267 дивизиясы мен 5 бригадасының 192 дивизиясы мен 3 бригадасы, яғни 71 пайызы Қызыл Армияға қарсы соғысты. Бұлардан басқа Германия итаршыларының 66 дивизиясы мен 13 бригадасы осы майданда болды. 1942 жылы 19 қарашада кеңес әскерлері Сталинград түбінде қарсы шабуылға шықты. Оңтүстік- Батыстан, Дон, Сталинград майдандарының әскерлері жау қорғанысын бұзып өтті. Волга мен Дон өзендерінің аралығында неміс армияларының 330 мыңдық тобын қоршауға алды. 1943 жылы 2 ақпанда жаудың Сталинград түбінде қоршауға алынған тобы жойылды. Сталинград шайқасының нәтижесінде гитлерлік армияның 32 дивизиясы мен 3 бригадасы талқандалды, 16 дивизиясы әлсіреді. Қызыл Армияның жеңісі КСРО -да партизан қозғалысының қанат жаюына және Польша, Югославия, Чехословакия, Греция, Франция, Бельгия, Нидерланды, Норвегия жэне басқа елдерде фашизмге қарсылық қозғалысының дами тусуіне зор әсер етті. Антифашистік күштердің ұйымдастырушылары коммунистік партиялар болды. Гитлершілер басып алған жерлердегі бұл қозғалыс жаудың біраз күштерінің қолын байлады. 1942 жылдың 1-жартысында Батыс Еуропада екінші майдан ашуға ыңғайлы кез туды. АҚШ пен Ұлыбритания басшылары 1942 жылы 12 маусымда жарияланған ағылшын-кеңес және кеңес-американ коммюникесінде екінші майданды 1942 жылы ашатындғын мәлімдеді. Алайда, Батыс Еуропа мемлекеттерінің басшылары КСРО мен Германияны бірдей әлсіретіп, дүние жүзінде үстемдік ету саясатын жүргізгендіктен екінші майданның ашылуын кешіктірді. АҚШ пен Ұлыбритания үкімет басшылары мен біріккен штаб өкілдерінің Вашингтонда болған кеңесінде 1942 жылы және 1943 жылы Францияға десант түсірмеуге шешім қабылдады.

1942 жылы 23 қазанда Солтүстік Африкада ген Монтгомеридің ағылшын армиясы шабуылға шығып, Әл - Аламейнде жеңіске ие болды. Үш ай бойы Роммельдің корпусын алқымға алып, Триполитания, Киренаиканы басып алды, Тобрук, Бенгазиді азат етті. 1942 жылы 8 қарашада американ- ағылшын экспедициялық корпусы француз Солтүстік Африкасына келіп түсті. Көмекке келген неміс армиясы одақтастары Тунистен ығыстырды. Сол кезде неміс фашист әскерлері Францияны түгел басып алды. Одақтастар Солтүстік Африканы 1943 жылы мамырда толық өз қолына алды. Бірақ Францияда екінші майданды ашуды 1944 жылдың мамырда қалдырды.

Германия Шығыс майданда Қызыл Армияның негізгі күштерін талқандап, соғыстың барысын өзгертуге тырысты. Ол қосымша 2 миллион адамды әскерге шақырды. Қару - жарақтың жасалуын шапшандатты.

« Цитадель» жоспары бойынша фашистік Германия кеңес әскерлерін Курск доғасында қоршауға алып, құртып жіберу, соңынан бүкіл Донбассты басып алмақ еді. Курск шайқасы 1943 жылы 5 - шілдеде Брянск және батыс майдандарының әскерлері қарсы шабуылға шықты. Бұл шайқаста Германияның 30 дивизиясы талқандалды. Германия тек корғанысқа көшуге мәжбүр болды. АҚШ пен Ұлыбритания бүкіл Еуропаны Қызыл Армияның азат етуінен сескеніп, 1944 жылы Солтүстік Батыс Францияда екінші майдан ашты. Қызыл Армия 1944 жылы Прибалтиканы, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасынан өтті. Азат етілген Румыния мен Болгария монархиялық -фашистік құрылысты құлатып, демократиялық жолға түсті және фашистік Германияға қарсы соғыс жариялады.

Тегеран конференциясы. Одақтастар әскерлерінің Жерорта теңізі ауданына келуі Батыс Еуропада екінші майдан ашу мәселесін көтеруге мүмкіндік берді. Бұл мәселе 1943жылы 28 қарашадан 1 желтоқсанға дейін болған Тегеран конференциясында қаралды. Бұл КСРО, АҚШ, Ұлыбритания басшылары И. Сталин, Ф. Рузвельт, У. Черчелльдің бірінші рет кездесуі болатын. Конференцияның басты мақсаты 1944 жылы соғыс қимылдарын бірлесе жүргізу мәселесін және соғыстан кейінгі реттеу мәселесін талқылау еді. Екінші майданды қай жерде ашу керек деген мәселені талқылағанда,Черчилль ағылшын - американ әскерлерін Балқанға жеткізуді ұсынды, ал Сталин Германия шекарасына неғұрлым жақын жерде Солтүстік Францияда ашуды ұсынды. Ф. Рузвельт Сталинді жақтады; екінші майдан Францияның солтүстігінде 1944 жылдың мамырында ашылатын болды. КСРО Германия талқандаған соң Жапонияға қарсы соғысқа кірісуге уәде берді. Соған орай Сталин одақтастардан Кеңес Одағының батыстағы шекарасын мойындатуды талап етті. Тегераннан қайтып келе жатқан жолда Каирде Ф. Рузвельт пен У.Черчилль Қытайдың президенті Чан Кайшимен кездесті . Олар Каир мәлімдемесіне қол қойды, онда Жапонияны бірігіп талқандау , ол басп алған Қытайдың жерлерін қайтару, Кореяға тәуелсіздік беру туралы келісті. Кеңес әскерлерінің 1944 жылғы шабуылдары. 1944 жылы Кеңес эскерлері ірі - ірі жеңістерге жетті. Қаңтар айында Ленинград пен Новгород түбіндегі соққыдан кейін, герман әскерлері шегініп Ленинград қоршаудан толық босатылды. Акпан наурыз айларында Оңтүстік Бугтегі шабуылдар нәтижесінде Солтүстік Батыс Украина азат етілді. Көкек - мамыр айларында жау Одессадан, Севостопольдан , Қырымнан қуылды, 23 маусымнан 29 тамызға дейінгі аралықта неміс әскерлерінің Белоруссияда тұрған Орталық тобына қарсы шабуылдар жүргізілді. Майдан 1100 шақырыма созылды. Осы шабуылдардың нәтижесінде Орталық топ талқандалды, бұл герман әскерлерінің ең ауыр жеңілістерінің бірі болды. 1944 жылдың ортасында кеңес әскерлері Украина, Белоруссия, Прибалтика жерлерін толық азат етті. Кеңес Одағының Баренцтен Қара теңізге дейінгі мемлекеттік шекараларды қалпына келтірілді. Германия мен Жапониядағы саяси дағдарыс. Үштік келісім елдерінің соғыстағы жеңілістері саяси дадарыс туғызды. Германияда ол қарулы күштердің жоғарғы офицерлер тобының катысуымен Гитлерге қарсы бүлік дайындалуынан көрінеді. Олар соғысты тоқтатып, келісім жасауды, Германияны мүлде қүрудан құтқарып қалуды мақсат тұтты. 1944 жылы 20 шілдеде бүлікті белсенді түрде дайындаушылардың бірі полковник Клаус фон Штауфенберг Гитлердің кабинетіндегі әскери кеңес кезінде бомба салған сөмке қалдырып кетті. Бомба жарылды, бірақ Гитлер контузия алып, тірі қалды. Бүлікке қатысушылар түтқындалды, 5 мың адам өлім жазасына бұйырылды, оның ішінде бір фельдмаршал, 56 генерал болды. Төрт фельдмаршал өзін - өзі өлтірді. Жапонияның майдандағы сәтсіздіктері генерал Тодзионаы премьер министр қызметінең кетуіне мэжбүр етті. Билеуші топтар соғыстан шығу жолдарын іздей бастады.

Кеңес әскерлерінің Орталық жэне Оңтүстік Шығыс Еуропадағы шабулдары. 1944 жылы тамыз айында Кеңес әскері Румыния жеріне кірді. Король Михай генерал Антонескуді тұтқынға алды және Германияға соғыс жариялады. 12 қыркүйекте одақтастар мен Румыния Кеңес Одағына Бессарабия мен Солтүстік Буковинаны бергенің мойындады. 5 қыркүйекте Болгария да бітім сұрады.

1944 жылы қыркүйек айында Кеңес әскерлері Югославия жеріне жетті. Бұл кезде Югославия жерінің көп бөлігін И. Броз Титоның басшылығымен Югославияның Халық азаттық әскері азат етіп үлгерген еді. Кеңес Одағы Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдеріндегі коммунистерді және басқа да Кеңес Одағына жылы қарайтын топтары жақтап, осы ауданда өзінің ықпалын күшейтуге тырысты . Бұл әрекет кейбір елдердегі Қарсыласу қозғалысына жік туғызды. Поллшада эмигранттық үкіметпен қатар Кеңес Одағын жақтайтын топтар өкілдерінен жаңа үкімет құрылды. Поляк эмигрантық үкіметі құрған армия Людова 3 әрекет жасады. 1944 жылы 1 тамызда армия Кайрова Варшавада қарулы көтеріліс бастады. Жақын жерде тұрған кеңес әскерлері Черчиллдің жасаған өтінішіне қарамастан, көмекке келген жоқ. Өйткені Сталин бұл көтерілісті саяси қатерлік деп санады, ол поляк үкіметінің Батыс Украина мен Батыс Белоруссияның Кеңес Одағына қосылғанын мойындамай отырғанына ренішті еді. Варшава көтерілісін неміс басқыншылары аяусыз басты. Гитлердің бұйрығымен тұрғындар қуылып, Варшава тұтастай қиратылды. 1944 жылы кеңес әскерлері Венгрия жерінде Германияның әскерлерімен қиян - кескі шайқастар басталды. Венгрия жері 1945 жылдың көкегінде толық тазартылды.

Ялта Қырым конференциясы. 1945 жылы 4-11 ақпанда Ялтада КСРО, АҚШ, ¥лыбританияның басшылары И. Сталин, Ф.Рузвельт, У. Черчилль қатысқан конференция болды. Конференцияда қаралған ең басты мәселе -Германияның болашағы туралы шешім қабылдау. Одақтастар Германия толық тізе бүккенге дейін соысты жалғастыруға, Германия жеңілген соң, оның жерінде фашистік ұйымдар таратылып, соғыс өнеркәсібі жойылып, демократиялық бостандықтар қалпына келтіруге тиісті болды. Кеңес Одағының Батыстағы шекарасының 1939 - 1940 жылдардағы өзгерістерін одақтастар түкпілікті майданды. Кеңес Одағы Германия талқандалған соң 2 - 3 айдан кейін Жапонияға қарсы соғысқа кірісу туралы тағы да уәде берді. Онын есесіне Сталин Кеңес Одағына Оңтүстік Сахалинді, Куриль аралдарын, Маньчжуриядағы Қытай - Шығыс темір жолын жэне Порт -Артурды қайтаруды талап етті. Жапон әскерлерін талқандау шайқасында Монғолия Халық Республикасының әскери бөлімдері де қатысты. 1945 жылы 2 қыркүйекте Токио шығанағында американдық МИССУРИ кемесінде Жапонияның сөзсіз тізе бүккені туралы құжатқа қол қойылды. Осылайша екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары. Соғыс Германия мен оның одақтастарының жеңілуімен аяқталды. Басты соғыс қылмыскерлері Халықаралық сотта жазаларын алды. Екінші дүниежүзілік соғыс өзінің ауқымы мен зардаптары жөнінен ХХ ғасырдағы ең ауыр әскери қақтығысы болды, 6 жылға созылған бұл соғысқа 1,7 миллиардтан астам халқы бар 60 - тан аса мемлекет қатысты. Соғыс 22 миллион шаршы шақырым жерді қамтыды. Соғысқа қатысушы елдердің қарулы күштерінің қатарына 110 миллион әскер болды, 60 миллионан астам адам қаза тапты.

Фашистер бұрын - сонды болмаған қатал қырып жою саясатын жүргізді. Фашистік идеология еврей халқына қатысты ерекше қастандық саясат ұстап, 6 миллион еврейді қырып тастады. Соғыстың басты қорытындысы - әлемдік өркениетті құрып кетуден аман алып қалуы, адамзатқа қас нәсілшілдік фашистік идеологияны жою болды. Соғыс миллиондаған адамдардың санасы мен ой- өрісіне ықпал жасады, енді олар соғысты болдырмау, әлемдік өркениетті сақтау, адам құқығын қорғау мэселесіне неүрлым белсенді түрде араласатын болды.

Алайда, Еуропаның және әлемнің болашақтағы даму жолдары туралы мәселе түпкілікті шешілген жоқ. Ірі мемлекеттер фашизмге қарсы бірлесе күресіп, ортақ жеңіске жетсе де, болашақтағы ынтымақтастық мәселесінде бірауызды бола алмады.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



149.0Kb
Категория: Халықаралық қатынастар | Добавил: Admin
Просмотров: 8389 | Загрузок: 486 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары
Жүрек ырғағы
Бағдарлама - Әлем музыкасы
Азаттық жырының ақтаңгері
Жансүгіров Ілияс
Жүрсін Ерман
Тілендіұлы Нұрғиса
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі
Мағжан - ақынның ақыны
Абыл Тілеуұлы
Үкілі Ыбырай. Тайгадағы түс. “Қалдырған” әні
Гайдн симфониялық шығармашылығы
Бунақденелілер
Отбасы түрлері
Сапарғали Бегалин - халықтың сүйікті жазушысы