Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 26.4.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Халықаралық қатынастар

Бірінші дүниежүзілік соғысқа дипломатикалық дайындық
Загрузка...
Бірінші дүниежүзілік соғысқа дипломатикалық дайындық

Соғыс қарсаңындағы ұлы державалар арасындағы экономикалық және саяси кайшылықтар

"Ерікті" капитализмнің империалистік кезеңге өтуі басты капиталистік елдердің басқарушы топтарының жартылай шексіз билігін көрсететін жоспарлардың пайда болумен ерекшелінеді. Англияда бұл жоспар "бұдан да үлкенірек ¥лы Британия" құру жоспары еді. Нәтижесінде ағылшындар басқа дүниежүзі халықтарын өзіне бағындыруды жоспарлады. Германияда банктік және өндірістік магнаттар "¥лы Германия" немесе "Ортақ Еуропаны" кұруды жоспарлады. Жоспар бойынша Германия Австро-Венгрияны, Балканды, Алдынғы Азияны, Скандинавия, Бельгия, Голландия мен Францияның бір бөлігін алуды, сонымен қатар Африкада үлкен Герман отаршылдық империясын құруды, Тынық мұхиты бассейіні арқылы Оңтүстік Америкаға ықпалын күшейтуді көздеді. Француз қаржылық олигархиясы елде реваншистік жағдай туғызып, Францияға Эльзас пен Лотарингияны қайтаруға тырысты. Бұған қоса жоспарда Рур бассейінін жаулап алу және француз отаршылық империясын Африкадағы герман иелігі есебінен кеңейтуге ұмтылды. Ресейдегі буржуазия мен помещиктер Балканда өздерінің саяси жэне әскери биліктерін орнатқысы келді. Сонымен қатар Константинополь мен шығанақтарды иеленуге, өз ықпалына бүкіл Иранды кіргізуге жағдай жасады. Ресей орыс жапон соғысындағы жеңілістеріне қарамастан Қиыр Шығысқа байланысты жоспарларын іске асыруға үміттенді. Австро-Венгрияның басқарушы топтары өздерінің Болгария, Румыниядағы экономикалық және саяси ықпалына қанағаттанбай, Сербияны талқандап, оны өз вассалына айналдыра отырып, Балқан түбегіндегі шығыс және батыс бөлінде гегомониясын күшейтпек болды. Италиян империалистері Триста Италиясын, Албанияны бағындыруға және Кіші Азияны бөлуге қатысумен Африкадағы отаршылық иеліктерден үлесін алуға, Жерорта теңізі бассейінде италияның гегемониясын орнатуға ат салысты.

Кең ауқымды жаулап алу жоспарларын еуропалық емес державаларда құрды. XX ғасырдың басында сенатор Биверидж "Құдай... әлемде тәртіп орнататын жасанды ұйымдастырушылар еткен... Ол барлық нәсілдер ішінен нәтижесінде әлемді кайта жандандыратындар американдықтар деп көрсеткен" деген. Ең бірінші американ империалистері өз ықпалын Батыс жартышарларына ықпалын бекітіп, Қытайға енуді күшейтуді көздеді.

Жапонияда бүкіл Шығыс Азия мен Тынық мұхитымен шектесетін аймақтарында жапон билігін орнатуды жоспарлаған еді.

Империалистік державалардың осы жоспарларын іске асыруға дайындығы және оны орындауда жеке әрекеттері халықаралық аренадағы қайшылықтарды тереңдетіп, жаңа қақтығыстар тууына әкелді.

1904 жылғы ағылшын- француз келісімі. 1905 жылғы Бьерктегі орыс келісімі. Герман империалистерінің отаршылық экспансиясының күшейуі ағылшын- герман қатынастарының күрделенуімен қатар Германия мен Франция арасындағы кақтығыстың өрістеуіне әкелді.

Басқарушы топтар одақтасы Ресейдің Қиыр Шығысқа әсерінін күшеюінен қауіптенді. Нәтижесінде ағылшын-француз келісіміне келуге әкелді. 1904 жылдың 8 сәуіріндегі орыс - жапон соғысы басталғаннан кейін, Англия мен Франция келісімге келді. Негізгі мазмұны Англияның Египетте билігіне құқығын мойындау және Францияның Мароккаға байланысты шарттарын қанағаттандыруы болды. Кейін ағылшын -француз бас штабтарында әскери мәселелер бойынша кұпия келіссөздер басталды. Осылай ағылшын - француздық Антанта пайда болды. Ол Ресей мен Германияға қарсы бағытталды.

Германия империализмі өз тарапынан орыс - жапон соғысында Ресейдің әлсіреуін пайдаланып, алдына қойған негізгі үш мақсатына жетуге үміттенді:

1. Ресейге тиімсіз сауда келісімге отыру.

2. Француз -орыс одағын бұзу, Францияны Еуропа континентінен бөлектеу.

3. Германияның Таяу Шығысқа енуіне экономикалық, саяси жағдай жасау.

Сонымен қатар герман дипломатиясы Патшалық Ресейді өз жағына қаратуға күш салды. 1905 жылдың 24 шілдеде Кайзер Вилгельм II Николайға кұпия келісім жасауды ұсынды. II Николай шартқа кол қойды. Оны білген Франция француз - орыс одағын бұзу туралы қауіп төнді. Бьерк келісімі осылай өз күшіне енбеді. Бірақ империалистік державалар арасында Ресейді өзіне қаратуға тырысу жалғасып жатты.

Мароккандық тоқырау. 1904 жылы француз қаржыгерлері біршама ықпалды саясаткерлер қолдауын иеленіп,

Марокко сұлтанына үлкен қарызды тиесілі кылды. Ол порттағы кеден және полиция бақылауымен салынды. Бүл талаптарды орындау Марокко тәуелсіздігінен айырылатынын айқын көрсетті. Герман империалистері Францияның жоспарына қарсы келіп, араласуды жөн көрді.

1905 жылы 31 наурызында Вельгельм II Танжер Марокко портына келіп, Германияның ешқандай державаның Мароккоға билік етуін қолдамайтынын және оған барынша қарсылық көрсетуге тырысатынын жариялады.

Германия Англияның реакциясына соқтықты. Ағылшын өкіметі француз премьер министрі Рувьеге Марокканы Германияға бермеуді, Делькассені орнында қалтыруды кеңес етті. Англияға Германия шабуыл жасаған жағдайда құрлыққа 100-115 мың ағылшын әскерін түсіруге уәде етті.

1906 жылдың басында Альхесирасте ( Испанияның Оңтүстігінде ) Марокко мәселесі бойыншы конференция ашылды. Онда халыкаралық аренадағы күштердің жаңа орналасуы анықталды. Франция Англия жағынан накты қолдау
тауып, ол ағылшын - француз қамалынан көрінді. Орыс- жапон соғысында әлсіреген Ресейдің қаржылық жағдайы қиындап, шетелден қарыз алуға кажеттілік үлкен болғандыктан, конференцияда Францияға дипломатиялық қолдау көрсетуге келісті. Франция өз кезегінен ревллюцияны басуға қаржылық қолдау көрсетті. Альхесирас конференциясында Италия өзінің одақтасы Германияны емес, Францияны колдады. Бұл 1900 жылы Үштік Одақта болғандығына қарамастан, Солтүстік Африканы бөлу туралы құпия келісімге келгенімен түсіндірілді.

Екі жылдан кейін 1902 жылы Италия мен Франция өзара бейтараптылык жана келісімге кол қояды. Бұл Италияның Үштін Одақтан шығуына әкелді.

Нәтижесінде бұл конференцияда Франция дипломатиялық жеңіске жетті. Конференция формальды түрде барлық "ұлы державалардың " экономикалық теңдігін мойындады. Бірақ та елдегі "ішкі қауіпсіздікті" Мароккалық полицияның үстінен бақылау Францияға берілді.

1907 жылы ағылшын-орыс келісімі. Үштік Одақтың кұрылуы. Осы уақытта Англия мен Ресей арасындағы қарым-қатынасқа көңіл аудартады. Британ империалисі Жапония көмегімен Ресейдің Қиыр Шығыстағы позициясын әлсіретуге тырысты. Енді Ресей Британия жақындасуға әрекет етті, себебі Германия мен соғыс және Шығыстағы ұлт - азаттык козғалысты басу керек еді. Ресейдің батыс еуропалық капиталына тәуелділігі арта түсіп, орыс - жапон соғысынан кейін қарсыласы Германияға қарсы Англиямен келісімге келуге тырысты. Нәтижесінде Герман дипломатиясының орыс- жапон, кейін ағылшын-орыс жағдайы ұшығады деген жорамалы орындалмады.

Ағылшын -орыс келіссөздері барысында отаршылық мәселелерге байланысты ымыраға келді. 1907 жылдыц 31 тамызында қол қойылды. Иран 3 аумаққа бөлінді: Солтүстік бөлігі Ресей ықпалында болса, оңтүстігі- Англияда, ал орталық бөлігі екі державаның "ерікті" бақталастығына байланысты бейтарап аумақ болды.

1907 жылы ағылшын-орыс келісім нәтижесінде Англия, Франция, Ресейдің әскери- дипломатиялық империалистік топтары -Үштік келісімге отыруы аяқталды. Ол басқа империалистік топ Үштік Одаққа Еуропа түпкілікті бір-біріне қарама- қарсы екі әскери блокқа бөлінді.

Босниялық тоқырау. 1908 жылы халықаралык қақтығыс Босния мен Герцеговинаның Австро-Венгриямен аннекциясына байланысты туды. 1878 жылы Берлин трактаты бойынша бұл екі провинция Австро- Венгрия әскерімен оккупацияланып, бірақ формальды түрде Осман империясы кұрамында болған еді. Австро-Венгрия иеліктеріндегі кіші түрік революциясьшан қауіптеніп, Босния мен Герцеговина түпкілікті аннекциялау кезі келді. 1908 жылдың 7 қарашада Австро- Венгрия үкіметі Босния жэне Герцеговина аннекциясын ресми жариялады. Бұл Туркия мен Сербия тарапынан қарсылыққа ұшырады. Патшалық үкіметте мұны халықаралық конференцияда қарастыруды ұсынды. Германия белсенді түрде одақтасына көмектесті. Оның Ресеймен қақтығысы бірнеше айға созылды. Нәтижесінде Австро- Венгрия Германия араласуымен 1909 жылы ақпанда ақшалай компенсация арқылы Туркиядан Босния мен Герцеговина аннекциясына келісімін алды. Кейін австро - венгриялық үкімет өз әскерін Сербия шекарасына шоғырландырды. Наурызда Сербияға, Ресейге ультиматум қойды. Соғысқа дайын болмаған Ресей Германия талаптарын орындады.

Босниядағы тоқырау Балкандағы кайшылықтардың өрістеуіне әкелді. Әсіресе Ресей мен Сербия арасында болғанымен Австро-Венгрияға да қатысты еді. Антанта ішіндегі салқындылық және негізгі империалистік топтар - ағылшын - француз-орыс пен австро-герман келіспеушілігінің тереңдігін көрсетті.

Ағылшын -герман теңіз бақталастылығы. Антантаның құрылуы және оған Герман қарсы әрекеттері халықаралық қатынастарда маңызды өзгерістерді білдірді. Ірі отаршыл Англия мен Франция арасындағы жағдай, Таяу Шығыстағы, Ираыдағы Англия мен Ресей қайшылыгы маңызды емес, екі рөлді иеленді. Бірінші орынға Англия мен Германия арасындағы империалистік қайшылықты экономикалық, саяси және отаршылық бақталастықтан туындаған жағдай теңіз карулануының жарысуы кайшылықты өрістетті.

Англия Германияға қарағанда теңіз карулануы бойынша алдыда тұрды. Англия үкіметі егер Германия Англияның теңізде күштілігін мойындағанда теңіз қарулануын біраз шектеуге келісім берді. Бұл 1907 жылы Гаага халықаралық конференциясында, кейін 1908 жылы Эдуард VII пен Вильгельм II келіссөздері барысында әрекеттер жасалды. Екінші жағдайда Германия нақты түрде ағылшын ұсынып қабылдамай койды, бақталастықты жалғастыра берді. Сонда ағылшын үкіметі Германияға әр ірі кеме кұрылысына осындай екі ірі кеме жасаумен жауап берді. Германия Англияға қарсы компанияны күшейтті, оған "Германияның қоршау" саясатын жүргізді деп кінәлады. Бұл компания герман қарулы күштерін нығайтуға арналды.

Екінші Мароккалық тоқырау. 1911 жылы Герман империализмі ағылшын -француз Антантасына соққы беруге әрекет етті. Франция капиталы ел байлығын өз қолына алып, Германияны ығыстыруға тырысты. 1911 жылы көктемде Феца әскері Фец қаласын жаулап алды. Германия Марокканы бөлуді және компенсацияны талап етті. Германия оның портына " Пантера" қайығын жіберді.

Марокка тоқырауы Германия мен Англия қайшылықтарын ұшықтырды. Бірақ онда Еуропалық соғыс болмады. 1911 жылы Франция меы Германия келісімге келді. Германия Мароккадағы Франция протектаратын мойындады. Орнына француздық Конгоның кіші бөлігін иеленді.

Испания Марокканы бөлуге қатысқысы келді. Ол Франциямен жаңа келісімге келді, ол бойынша Марокканы түпкілікті бөлді. Франция -572 мың шаршы шақырым, Испания-28 мыңды иеленді. Мароккалық тоқырау империалистік кайшылықты бәсеңдетпеді.

Жерорта теңізінде Италияның стратегиялық позициясын бекітуге күресі. Марокка тоқырауы италиян империализмінің жоспарын іске асыруға жағдай жасады. Трипали және Киренаки деген Осман империясындағы африкандық провинциялар Рим банкін қызықтырды. Олар трипалитан мәселесін ішкі саяси қызығушылығы ретінде қарастырды.

Еуропалық державалардың ешқайсысы оның жоспарына қарсылық танытпады. 1911 жылы 28 кыркүйекте Туркияға Трипалитан мен Киренакиді беру туралы ультиматум қойды. Туркия бас тартқаннан кейін әскери қимылдарға көшті. Түрік әскерінің әлсіздігінен италиян әскері соғыстың алғаш кезінде-ақ жетістіктерге жетті. Қосымша кысым ретінде италиян флоты Бейрут мен Дарданелланы атқылады. Туркияға ешкім көмекке келмеді. Балканда тоқыраудың басталуы Туркиядағы ішкі кақтығысты тереңдетіп, Түрік үкіметі шарттарды қабылдады. 1912 жылдың 15 қарашада Италиямен құпия келісімге, 18 қарашада Түрік сұлтаны Трикаж мен Киринаикаға құкығынан айрылғаны туралы келісім жарияланды. Осылай, Италия Грибаш мен Киринаиканы алып, Ливияны отарына айналдырды. Балкан одағының құрылуы: 191І жылы Мароккадағы тоқырау мен 1911-1912 жылдары итальян-түрік соғысынан кейін жаңа тоқырау Балканда пайда болды. Балкан халықаралық ұлт-азаттық қозғалыстары жалғасып жатты. Туркия иелігіндегі Макенодия, Албания басқа да елдер дами берді. Сонымен қатар таптық қайшылықтар ұлттық және діни болып күрделенді. Мысалы Македонияда помещиктер-түріктер - мұсылмандар болса, шаруалар - славян- христиандар болды. Балкан халықаралық ұлт - азаттық күресі орта ғасырлардың калдығы -феодализм мен абсолютизмге қарсы күреспен бірікті.

Бірақ Балкан мемлекетінің ішкі саясатында негізгі рөлде халық емес, динамикалык канау, ірі империалистік державалардын араласуы және ұлт азаттық буржуазиялық жаулап алуға ұмтылуы тұрды.

1911 жылы көктемде Сербия және Болгария үкіметі Еурапалық Туркиядағы Македония мәселесін шешуге тырысты. Италия - түрік соғысынан кейін Сербия бұрын басталатын одақ кұру жөніндегі келіссөзін тездетуге тырысты. Оған орыс дипломатиясы кедергісін тигізді. Патшалық Ресей қажет кезде Туркия, Австро- Венгрияға қарсы коюға болатын балкан блогын кұруға қызығушылық танытты. Ол соғысқа дайын болмағандықтан, Сербия мен Болгарияның әлі Туркия соғыс ашуын қаламады. Сербия Болгария келіссөзі жарты жылға созылды. 1912 жылдың 13 наурызында одақтық келісімге қол қойылды. Оның шарт бойынша кандай да бір ірі держава балкан шекарасы бөлігін жаулап алуға тырысса, бір- біріне қолдау көрсету керек және кұпия
қосымша бап бойынша Туркияға қарсы карулы қозғалысты қарастырды. 1912 жылы 12 мамырда Сербия мен Болгария Туркияға немесе Австро –Венгрияға қарсы соғыс болған жағдайда қанша әскер қоятыны туралы одақтық келісім жасалды. Болгария Грециямен, Сербия Черногориямен келісім жасады. Осылай Балкан түбегіндегі түрік билігін ығыстыруға арналған Балкан одағы құрылды.

1912 жылы жаз бен күзде Балкан одағы мен Туркия қатынасы қиындады. Екі жақта да бір - біріне қауіп төндірді.

Балкандағы халықаралық жағдайдың ұшығуы

Балкан соғысының басталуы.

1912 жылы 9 қазанда Черногория Туркияға қарсы соғысты бастады, 17 казанда оған Болгария, Сербия келесі күні Греция кірді. Бірнеше күн ішінде үлкен жетістіктерге жетті.

Серб әскері Вардардың жоғары бөлігін, Албанияның солтүстік бөлігін алса, гректер Салониканы басып алды. Болгар әскері Стамбулға карай жылжыды. Туркия қасында Эдирне, Яника және Шкодер қамалдары ғана қалды.

1912 жылы 3 қарашада түрік үкіметі үлы державаларға бейбітшілік аралықты ұстануды ұсынды. Әр ірі еуропалық держава Балканда жағдайды өз пайдасына қолдануға тырысты.

Кейін Лондонда ұлы держевалардың елшілерінің жиналысы және бейбіт келісімнің жағдайлары туралы Туркия мен балкандық одақтастар арасындағы келіссөздер басталды. Империалистік державалар бұл келіссөздерге өзіндік әсері күшті болды. Бірқатар мәселелер бойынша бойынша қарама - қайшылықтар да туындай түсті.

Осылайша, Сербияның Адриатикада портты беру жөніндегі талабы Австро- Венгрияның қарсыластығын тудырды. Германияның қолдауымен Австро- Венгрияның Сербия территориясында әскерін шоғырландыруды бастады. Ресей Сербияның территориялық келіспеушіліктерін қолдады, бірақ ашық түрдегі қақтығысты болдырмауды тапсырды. Ал, Франция көлемді Еуропалық соғыстың туындаған жағдайда, Болгарлық және Сербтік әскерді австро-германдық блокқа карсы қолдауды көздеді. Осы мақсатпен Пуанкаре патшалық басшылықты Австро-Венгрияға карсы Сербияға колдауды күшейтуге шақырды. Париж биржасы Ресейге тек әскери қажеттіліктерге арналған, жаңа қарыз берді. Бірақ, мұндай жағдайларға қарамастан, державалар ірі соғысты бастауға батылы жетпеді, Сербияға өзінің жоғарыдағы талаптарынан бас тартуға тура келді.

II Балкан соғысы. Болгариядағы Сербияның жаңа территорияларға ие болуынан туындаған жағдайларды пайдаланып және өзінің патша Фердинанд Габсургке криетурасына сүйенген Германия мен Австро- Венгрия, Болгарияны Балқан одағының басқа мүшелеріне қарсы шығуға итермеледі.

Ал, Сербия және Черногория, Греция өз араларында Болгарияға карсы әскери одақ құрды; кейін оған мүше ретінде Румыния кірді. Ресейдің төніп тұрған жаңа қақтығыстың болдырмауына арналған барлық іс -әрекеттері нәтиже бермеді. Өзінін әскери басылымдылығына сенген Болгария, 1913 жылы 29 маусымда өзінің бұрынғы одақтастарына шабуыл жасады.

Осылайша, екінші балкан соғысы басталды. Қысқа мерзім ішінде Болгария талқандалып, бейбіт келісімді үсынды. 1913 жылы 30 шілде күні Бухаресте бейбіт конференция ашылып, 10 тамызда Болгария мен Сербия, Греция, Румыния арасында бейбіт келісімге қол қойылды; 29 қыркүйекте Болгар-түрік бейбіт келісіміне де қол қойылды. Туркиядан тартып алынған Македонияның бір бөлігі; Оңтүстік Македония және Батыс Фракия, Греция құрамына; Оңтүстік Добруджа -Румынияға, Фракияның шығыс бөлігі Эдирнемен- Туркияға кірді.

Нәтижесінде, Болгария өз қарамағында бірінші балкан соғысының нәтижесінде иеленген жер территориялардың ішінен тек Македонияның кіші бөлігін және Батыс Фракияны ғана сақтап қалды. Австро-германдық империализмі Балкан одағының ыдырауымен пайдалануды көздеді. Бағдад темір жолының құрылысымен герман әскери миссиясы Таяу Шығыста герман империалистерінің жағдайының нығаюын көрсетті.

Еуропалық державалардың соғысқа дайындығы

Саяси күштердің орналасуы: 1914 жылға таман халықаралық жағдай негізінен империалистік қарама-қайшылықтардын аса кауіпті шегіне жеткен еді, яғни олар: ағылшын-германдық, орыс-австриялық, француз-германдық. Бұл екі империалистік әскери блоктар негізінде жүзеге асты. Антантаның үш державаларының арасында туындаған көптеген қарама-қайшылықтарға қарамастан,олар герман-австриялық одаққа төтеп бере алды. Британдық және германдық империалистердің арасында антоганизм және немістерді тек қана Ресей мен Францияның күшімен жеңе алмауы Англияның олар жақ болуын сөзсіз етті.Туындаған жағдай Ресей мен Францияға оған үміт артуға мүмкіндік берді; Грей мен Комбонның арасындағы хат алмасу және де Англия-Франция арасындағы жасалған әскери-теңіз конвенциясы бұл есептеулердің шындығына күмән келтірмеді. Бірақ, орыс және француз саясаты үшін Англияның ұстанымы жайлы нақты ой болмаған.

Германия және Австро-Венгрияның да Италия жайлы нақты көзқарас болмады, олар сонымен бірге австро-итальяндық шекарасына да сенімсіздікпен қарады.

Кіші державалар арасында Сербия мен Белгия шарасыз Антанта мүшесі саналды. Біріншісі /австро-сербтік қарама-кайшылыктардың тереңдігіне; екіншісі -герман әскери жоспарының ерекшелігінен (Шлиффен жоспары), Белгияны соғысқа тартушы және сол арада оны Германияның қарсыласы етуші.

Антантаның франк-орыс тобымен қатынасы, Испания, Италия және Скандинавия елдерінің бейтарап ұстанымға мүмкіндік берді. Бұл елдердің барлығында (Дания мен Норвегиядан басқа) ірі капитал танытушылары мен сарайшылар ортасында күшті германофилдік топтор болды. Ал Италия болса экономикалық және әскери-теңіздік қатынастарды қарастырмағанның өзінде, австро-италияндық қарама - қайшылықтар Италияны Антанта лагеріне итермеледі.

Ағылшын жапон, француз - жапон және бірқатар орыс - жапон келісімдері, Антантаға Жапонияның бейтараптығын қамтамасыз етті.

Халықаралық жағдайға сонымен АҚШ-тың да ұстанымы үлкен мәнге ие болды. Күрделі қарама-кайшылықтар оның тек Жапония емес, сонымен Англия мен Германия арасында да болған. Англия АҚШ-қа қарсы шыға алмауына бірқатар себептер болған еді: Канада мен Вест - Индияға қауіп төндірмес үшін, әрі оның Латын Америкасы үшін мен АҚШ-тың өзіндегі үлкен мөлшердегі капитал - салымдары еді. Ал АҚШ Орталық және Оңтүстік Америкадағы ағылшын-американ талас-тартыстарына қарамастан онымен бейбітшілікте болуға мәжбүр болды. Біріншіден, ағылшын - жапон одағына қарамастан, Англия АҚШ үшін Жапониядан маңыздырақ болды. Екіншіден, Англиямен экономикалық қатынастардың үзілуі АҚШ үшін үлкен соққы болар еді. 1913 жылы Англияға баратын американ тауарларынын бағасы шамаман 6ОО млн. долларға тең еді, ал Канадаға баратын -420 млн. тең болды ол АҚШ-тың толық экспортының 2/5 құрады. Осылайша, Англиямен катынастың үзілуі, ол тек ағылшын рыногының жабылуын ғана емес, сонымен бірге Латын Америкасынан басқа жер шарындағы барлық рыноктардың жабылуын білдіретін еді. Өйткені ағылшын флоты жапондықтармен біріге отырып, Еуропаға, Африкаға, Оңтүстік Азияға және Қиыр Шығысқа апаратын барлық теңіздік жолдарды жабу мүмкіндігі толығымен болды.

АҚШ, Англия немесе Ресейдің жеңісін және нығаюын қолдамады. Бірақ Германияның жеңісі, оның бүкіл Еуропада өз гегемониясын орнату каупі одан да қатерлі жағдай еді. Осындай жағдайлардың барлығын толығымен қарастырған АҚШ басшылығы американ саясатының мынадай бағытын анықтады: АҚШ-тың бұл соғыста бейтараптығы еді.

Германияның жалғыз берік одақтасы Австро-Венгрияның жағдайы нашар еді. Оның өз ішіндегі ұлттық күрес күннен-күнге әлсіз монархияны жою мақсатына жақындай түскен. Осылайша, бұл тұста әлемде орнаған халықаралық жағдай Германия үшін жақын арада күрделене түсу қаупі төнді. Яғни бұрыннан төнген жағдай - Австро-Венгрияның күйреуі еді. Егер де алдағы соғыс бүл оқиғадан кейін басталған болса, Германияның жағдайы 1914 жылғымен салыстырғанда тым ауыр болар еді.

Германияның он жыл ішіндегі, яғни ағылшын-француздық Антантаның кұрылуынан басталған мерзім ішінде, оның ірі саяси жеңісі Туркияның қолдауы болды. Бірінші Балкан соғысы оның жаңа одақтасын сәл әлсіретсе, ал екінші Балкан соғысы Германияға өзіндік үлесін тигізді деуге болады. Өйткені, 1913 жылға дейін Антанта орталық державаларға балкандық блокты қарсы қоя алатын болса, ал екінші балкан соғысынан кейін бұл блок жойылған еді.1913 жылдың аяғына таман германдық басшылығын да Италияның "жұмсаруы" туралы сөз қозғала басталды.

Болгария мен Румыния, Антанта мен орталық державалар арасындағы таластың негізіне айнала бастады. Бұл елдер екі жақта да өзіндік қызығушылығын тудырды.

Империалистік топтардың екі жағына да қарасты жоғарғы топ өкілдері де соғыстың ең алдымен, революциялық күшін бұзатындығына сенді. Бірақ оған мүлдем қарама-карсы көзқарастар да туындады. Мысалға, патшалық Ресейде тек қана Столыпин емес, сонымен бірге Мемлекеттік Думаның депутаттары -Пуришкевич, Мартынов-екінші, Мемлекеттік кеңесте - Дурнов сияқтылар соғысқа қарсы болды. Олардың айтуынша соғыс Англия мен Францияның қажеттілігі, Ресейге қатысы жоқ деген."Жеңілген елде міндетті түрде социалистік революция туындайды, кейін ол жеңген елдің территориясына енуі мүмкін". Бұлай 1914 жылы патшаға Ресей империясының бұрынғы ішкі істер министрі П.Н.Дурново жазған еді. Бірақ Ресей буржуазиясының ауқымды бөлігі, яғни октябристер мен кадеттер керісінше ойда болды.Олардың ойынша жеңіс, қарсыластардың талқандалуы, Таяу Шығыстағы империалистік жоспарлардың орындалуы Ресейде буржуазияның күшейе түседі деген еді.

Басқа да империалистік елдерде соғыстың пролетарлық революцияның пісіп-жетілуін жеделдете түсіреді деген тұжырымды қолдаған саяси қайраткерлер көп болды. Бірақ, олардың ойлары бірде-бір империалистік державалар арасында 1914 жылдың карсаңында басымырақ болмады. Керісінше,"патриоттық сезім" "ұлттық бірлікті" нығайта түсіреді және таптық күресті жояды немесе әлсіретеді деген ойлар басым болды. Әсіресе, Австро-Венгрия жеңістің арқасында Габсбургтік мемлекеттің ыдырауына тосқауыл болып, шек қояды және ұлттық күресті жояды деп сенді.

Екі империалистік топтардың әскери дайындығы. Әскери тәртіптегі келесі одақтар сыртқы саясат және дипломатияның кызметінің мәселеріне, олардың жауаптарына үлкен әсерін тигізді.

Антанта алдында Патшалық Ресейдің әскери күшінің әлсіздігі үлкен қиындықтар туғызды. 1914 жылға таман Германия өзінін теңіздік жоспарларын көбейте түсірді, сонымен жаяу әскерінің саны аса жоғарылай түсті. Өзінің одақтасы Австро-Венгриямен бірге коса алғанда, олардың қарамағында әскери іске даярланған адам саны 8 миллионға таяу болды. Антанта одақтастарының лагерінде әскер саны жағынан бұдан да аса түсті. Бірақ герман әскері француз және орыс әскерімен салыстырғанда, әскери техникалық жағынан әлдеқайда жақсы жабдықталған еді.Ал, ағылшын әскерін оның санының аздығына байланысты, мүлдем аса қауіп төндіретін жау ретінде қарастырмаған да еді.

Ал, Австро-Венгрияның әскерінің барлық жақсы жақтарын бір ғана жағдай басып түскен еді. Ол әскердің жеңіске деген кұштарлығының жоқтығы, славяндық бөлігі соғыс қимылдарына катысудан бас тартуы, әсіресе орыстарға карсы.

Ағылшындық экспедициялық әскері саны жағынан аз болды, тек 6 дивизияны құрады. Дегенмен сапасы, әскери дайындығы жағынан жоғары болды. Доминиондары мен отарларында әскери қимылдарға даярланбаған күш көп болды. Тек үнді әскері бейбіт уақытында шамамен 160 мың адамды құрады. Бұл әскердің жартысын Еуропаға көшіруге мүмкін еді, бірак оған уақыт қажет болды. Англияның Ресей мен Францияға қосылуы Антантаның әскери өндірісін Германиямен теңестіретін еді.

1914 жылға таман теңізде Германияның жетістіктеріне қарамастан,ол Англияның дәрежесіне жете алмаған болатын. Соңғысының қарамағында 30 дреднауттары болса, Франция мен Ресейде әрбіреуінде жетіден болды. Бұл 44 тармақты кемелерге (дреднаут- крейсерлермен бірге) қарсы Германия өзінің 20-сын,ал австриялықтармен бірге алғанда 24-ін қоя алған еді. Англия мен Франция 52 жедел жеңіл крейсерлер болды, жылдамдығы 25 тармақтан кем саны 500-ге жуық крейсерлерді санамағанда. Ал, Германия мен Австро –Венгрия жылдамдығы 25 және 26 тармақтан астам тек 28 крейсерлер болды.

Теңіздегі Антантаның басымдылығы Германияны блокадаға алуға мүмкіндік берді.Бұл жагдай Германияның өндірістік және шикізат көзі ретінде, тек қана Орталық және Оңтүстік- Шығыс Еуропамен ғана шектелуіне тиіс болды. Ал, Антанта үшін бүкіл дүниежүзінің өндірістеріне жол ашық болды. Бірақ 1914 жылы бұл күрделі мәселелерді континентте ешкім ескермеді. Басты штабтар және басшылықтар соғысты кысқа мерзімде аяқтауды көздеді. Сондықтанда, Германия Ресейдің ірі әскери жоспары аяқталмас бұрын,Австро - Венгрия күйремес бұрын, Антантаның балкан блогының құлауынан соң әлсіреуін пайдаланып,ол соғыстың басталуына асық болды. Герман басшылығы өзінің дайындығының дәрежесі мен қимылдардың тездігіне сенді. Ал Франция мен Ресей үшін соғысты бір -екі жыл кейін калдыру ыңғайлы болды.

1914 жылдың жазында халықаралық қатынастар.Таяу Шығыс. Балқан соғыстары халыкаралық жағдайдың одан ары ұшығуына әкелді.Оның арқасында ұзақ жылдық балқан славяндарының Туркия езгісі аяқталды. Бірақ ол Балқан мемлекеттері арасында қарама-қайшылықтарды күшейтті.Түрік езгісі революциямен емес, балкан монархиялық басшылардың соғысының салдарынан жойылды. Бұл Туркияны жеңгендер арасындагы күресті аса ұшықтырды. Греция мен Сербия, Албания үшін жасалған шекарамен келіспеді; Болгария екінші Балкан соғысының салдарымен келіспеген еді. Сонымен бірге Туркия Грециядан Эгей аралдарын қайтарып алу үшін сәтті жағдайды күтті. Бұның бәрі негізгі мәселе емес еді: балкандық монархияның негізінде Таяу Шығысқа әсер ету үшін бір - бірімен талас -тартыста болған ұлы державалар жатты. Австрия Сербиямен кек алысу сәтті тосты; оңтүстік славяндык Австро-Венгрияның әсерінен босануды көздеді; серб басшылығы "Ұлы Сербияны " құруды аңсады. Оған Ресей көмек көрсетіп отырды.

Австро-Венгрияның басқарушы топтары, Сербия мен оңтүстік славяндардан Австро-Венгрия империясының кызметіне солардың тарапынан қауіп көрді.

Ресей Сербияны өзінің Австрияға қарсы балкан плацдармында негізгі тірегі ретінде қарстырды. Австро-сербия арасындағы тағы бір жанжал туындаған сәтте, Ресй мен Австрия арсында лезде согыс басталып кетер еді. Ал, Австрия Сербияға қарсы Германияның қолдауыысыз ешқандай іс-қимылдарға бара алмады. Егер де мұндай соғыс туындаған сәтте, бүл Германияның дүниені бөлісуге арналған сәттің туындағанын мойындағандығын білдірер еді. Мұндай жағдайда Франция мен Англия да Ресейге өзінің жауы Германияға қарсы көмек бермей қоя алмас. Осылайша, Балкан бүкілеуропалық жарылыс төніп тұрған орталығына айналды.

Сараеводағы оқиға . Австро-Венгрияның славяндық аудандарындай, Сербияда да оңтустік славяндардың бірігу үшін күрескен бірқатар ұйымдар болды. Сербияны әскерлерінің офицерлері арасында құпия "Қара қол" ("Черная рука") атты ұйым болды. Оның негізгі мақсаты Австро-Венгрияның қоластындағы сербтерді босату және "Ұлы Сербияны " кұру болып табылады. Оның тікелей басшысы полковник Драгутин Дмитриеви (Апис) болды. Сонымен бірге ел ішінде демократиялық сипаттағы, басқа да ұлттық ұйымдар жеткілікті еді. Оның қатарына "Млада Боснияны" жатқызуға болады.

Қартайған австриялық император Франц-Иосиф біртіндеп кызметіне ығыстырыла түсті. Енді оның орнына Австро-Венгрияның саяси өміріне белсенді қатысқан, эрцгерцог Франц-Фердинандтың маңызы арта түсті.

1914 жылдың наурызында оның Боснияға келетіндігі мәлім болды. Сербтік саясаткерлер оның келуінің тікелей Сербияға жорық ұйымдастырумен байланыстырды. "Млада Босна" эрцгерцогқа өлім жазасын шығарды. Террористік акттің тікелей орындаушылары "Млада Боснаның" мүшелері, Гаврило Принцип пен Неделько Габринович болып табылды. Оларды қару-жарақпен "Қара кол" ұйымы қамтамасыз етті.

Сербтік басшылық дайындалып отырған жағдайлар жайлы хабардар болды. Оның бұл жағдайды болдырмауға арналған барлық іс - әрекеттері нәтиже бермеді. Осылайша, 1914 жылдың 28 маусымында Принцип қолынан Франц-Фердинанд Сараево қаласында өлтірілді.

5-6 шілде күндері Потсдамда Австро-Венгрия мен Германия арасында келіссөздер жүріп жатты. Соғыс туралы шешім нақты қабылданды. Австриялық дипломатияның ендігі кезде көздеген жалғыз мақсаты, Сербияға ол қабылдай алмайтындай талаптардан тұратын ультиматум жариялау болып табылды.

Франция мен Ресей Сараеводағы оқиғалардан кейін орнаған халықаралық жағдайларды жалпы Еуропалық соғыстың алғышарты ретінде қарастырды. 1914 жылдың шілдесінде француз президенті Пуанкаренің Петербургке келуі, олардың ендігі іс-қимылдарын жоспарлауға мүмкіндік берді.

Сербияға Австро-Венгерлік ультиматум. Пуанкаренің Петербургтан кетуін қалаған австриялық басшылық, ультиматумды ұсынуды тежеді. Веналық саясаткерлердің ойынша Пуанкаренің араласуынсыз, патша және оның министрлері Австро-Венгрияның Сербияға соғыс жариялауға кедергі келтіре алмайды деп еселтеді. Осылайша, Белградта 23-ші шілде күні 48 сағаттық мерзімді ультиматум тапсырылды.

Онда, Сараеводағы оқиға Белградта дайындалды, қару- жарақпен қылмыскерлерді сербтік офицерлер мен шенеуліктер қамтамасыз етті және де қаруланған қылмыскерлердің - Боснияға кіруін де сербтік шекаралық кызметтің басшыларымен ұйымдастырылды деп айыптады. Сондықтан да, Австро-Венгрия сербтік басшылықтан ашық түрде Австрияға қарсы насихаттауларды және ұйымдарды жауып, тыйым салуды талап етті. Сонымен қатар, нақтылы он талаптар қойылды. Олардың ішінде: сербтік басылымдарда Австро-Венгрияға

қарсы үгіт-насихаттауларға жол бермеу; анти-австриялық ұйымдардың жабылуы; мектептік білім беруде анти-австриялық үгіттің элементтерін жою; Австро-Венгриялық басшылықпен жасалған анти-австриялық іс- қимылдарда байқалған, офицерлер мен мемлекеттік қызметкерлерін орнынан алуды; сонымен қатар, сербтік басшылық өз территориясында Австр-Венгриялық басшылықтың өкілдерін Сараеводағы оқиғаны зерттеуге жол беруді талап етті.

Австриялық ультиматумның мазмұны арнайы сербтік егемендігіне нұсқан келтіретіндей, яғни бұл талаптардан бас тартатындай етіп жасалған еді.

25 шілде күні, тура мерзімінде сербтік премьер Пашич барон Гизляға сербтік басшылыктың жауабын тапсырады. Онда талаптардың оннан-тоғызын орындауға келісті. Тек бір ғана талапқа Сербия өзінін келісім беруден бас тартты. Ол Сараводағы оқиғалар бойынша серб территориясында австриялық өкілдерін зерттеу жүргізуі болып табылады. Серб басшылығы оны "конституцияға және сот жүргізу заңына қайшы" келеді деп түсіндірген.

Ультиматумның мерзімі аяқталмас бұрын, 24 шілде күні патшалық басшылық төрт әскери аймақтардың мобилизациясы жөнінде шешім қабылдады. Яғни, Одессаны, Мәскеулік, Қазандық және Қаратеңіздік, Балтық флоттары. 25 шілде күні Ресейдің барлық территориясында соғысқа дайындық кезеңі деп жарияланды. Сол күні Француз басшылығы әскери сипаттағы бірққатар дайындық шараларды жүргізді.

25 шілде күні Сербия әлі өз жауабын бермей тұра, британ дипломатиясының жетекшілерінің бірі Эйр Краудың меморандумында: Германияның бұл күресте өзінің басымдылығын көрсетуде, біздің мүддеміз Франция мен Ресей мүддесімен сәйкес келіп отыр",-деп жазады. Осыдан біз орнаған жағдайда Англия ұстанымын көруге болады.

28 шілдеде Австро-Сербия территориясында әскери әрекеттер басталды.

30 шілденің кешіне карай Николай II бүкіл Ресейде жаппай мобилизация шешімін бекітгі. Ол туралы қаулы 31 шілдеде жариялады. Ал, ертеңінде герман басшылығы мобилизациядан бас тартуды талап ететін ультиматум жариялады. Басты Еуропалық державалардың әскери қақтығысы болмауы мүмкін емес еді.

Соғысушы елдердің «Бейбіт бағдарламалары»

Екі жылдан астам әскери қимылдар, 1914 жылдың тамызы - 1916 жылдың аяғы екі жаққа да шешуші жеңіс әкелмеді. Тіпті жеңістің жақындап келе жатқаны туралы сенімділікте берілмеді. Германияның әскери жетістіктері Антантаға қарағанда маңыздырақ көрінді. Германия бүкіл Белгияны, Францияның маңызды бөліктерін, Полшаны, Прибалтика мен Белоруссияның бір бөлігін алып Сербия мен Румынияны талқандады. Оның барлығына Антанта, Морнедегі жеңісі, Вердена қорғау және орыстардың австриялықтар мен түріктердің жеңуімен ғана жауап қайтарды.

Антанта державалары мен территориялық жаулаушылықтары өзінің мазмұнымен көлемі жағынан немістердің соңында қалды. Бірақ Антанта Германияньщ стратегиялық жоспарын бұзды және олардың қысқа соғысқа дайындалуын іске асырмады. Нәтижесінде бүл одақтастардың жеңісін алдын-ала анықтады. Германия соғысқа жақсы дайындалған болатын. Бірақ Антантада экономикалық ресурстар, ақшалары, адамдары көбірек болды. Шлиффена жоспарын бұзып және соғысты созып Антанта державалары өздерінің басымырақ потенциал күштерін мобилизациялауға мүмкіндік алып Германияны өзінің әскери дайындығы жағынан қуып жетті. Соңында оны жеқді.

Бірақ, 1916 жылдың аяғында әлі кім жеңетіні белгісіз болды. Соғысушы екі лагерьде тез арада соғысты аяқтау қажет екені сезінді. Империалистер арасында өздері созған соғысты тоқтатуға негізгі себептер: материалдық ресурстардың тозуы жэне революциядағы бағыттағы халық көтерілістерінің өсуі, миллиовдаған адамдардың қаза болуы жэне аштық пен экономикалық құлдыраулар қоғамның есін жинауға әсерін тигізді,

Франция жағынан бейбітшілікті орнатуды қолдап сөйлеген бұрынғы премьері Кайо, Англия жағынан - бұрынғы шет ел істері бойьшша министрі - Ленсдаун. Ал Австро-Венгрияның жаңа императоры Карл (Франц Иосиф 1916 ж қарашада қаза болған) әулетті сақтау үшін жалғыз мүмкіндік соғыстан тез шығуы керек екендігін көрді.

Германия үшін соғыс одан ары күрделенді. Англиямен оның одақтастары Германия отарларын иеленіп ғана қоймай, теңізде блокадалық саясатты қатаң жүргізді. 1916 жылы 31 мамырда Ютланд түбегінде бірінші эрі соңғы Германия мен Британшшың соғысы болды. Немістр бұл күресте қарсыластарына қарағанда аз шығынға ұшырады, бірақ блокаданы бұза алмады. 1916 ж соңына қарай Германияның жағдайын Людендорф былай бағалады. «Өте күрделі және лажсыз жағдайда» деді. Осы жағдайлардан кейін генерал Бетман ұсынған пацикистік (соғыс атаулыға қарсылық) декларациясына рұқсат берді. Канцлер бұл декларацияны 12 желтоқсанда рейхстагта (1945 жылға дейін Германия парламентінің мәжіліс уйі) жариялады. Бірнеше күннен соң соғыстың тоқтауын қалайтынын АҚШ президенті Вильсон да жариялады.

Антанта елдері Бетман мен Вильсон декларациялары негізіндегі келісім сөздерден бас тартты. Германия сонымен қатар АҚШ президентінің плотформасын (саяси басшысының бағыты) қабылдамады. Көбінесе соғыстың жалғасуын қолдайтын топтар ғана қалды. Нәтижесінде 1917 жылы бейбітшілік турапы келісім басталмастан аяқталып, керісінше соғыс көлемі кеңейді.

АҚШ-тың соғысқа енуі. Ескі дүниеде соғыс басталысымен-ақ Нью-Йоркте құнды қағаздар құны тез өсіп кетті. Лондондағы АҚШ елшісі президентке: «Еуропада банкрот болатындығын болжап, бұл жағдай әлемді біздің қолымызға әкеледі» деп хат жазған. Вильсон әкімшілігінің маңындағылар тіпті қаржы министрі Мак Аду да үлкен бизнестермен айналысқан. Вильсонның бейтараптылық жариялау саясаты монополияны байыту жэне АҚШ-тың жағдайын нығайтуға багытталды. 1914 жылы 15 қарашада «Арнайы бұйрық» АҚШ азаматтарына соғысушы елдерге «Сауда сатуға» рұқсат етті. Көп ұзамай Англия мен Франция американ банктерінен қарыз алды. Антантаның көп сауда жасауы АҚШ-тың депрессиядан шығарды. Мыс пен шойынды экспорттау бірнеше есеге өсті, 1916 жылы жарылғыш заттарды шығару 6 еседен 467 млн доллорға өсті. АҚШ бейтараптылығы арқылы отарларға тауарлар сатты. Мысалы, 1914 жылдың соңында АҚШ арқылы тауарлар шығару Данияда 14 есе көбейді. АҚШ-қа қарулы заттар жасауға көп ұсыныстар түсті. Оньщ буржуазиялық жандануына бұл жағдай тағы бір себеп болды. Нәтижесінде соғыс кезінде зауытшылар, банкирлер байыды. Жағдайды пайдаланып АҚШ империалистері Батыс жарты шарына экспанциясын белсенді етті. Олар Солтүстік Мексикаға интервенция бастады. АҚШ Мексиканың мұнайы мен шикі зат байлықтарына қызығып ғана қоймай, бұл елдерде революциялық демократиялық халық қозғалыстардың жандануына карсы шықты. Вильсин Мексикадан жауланған әскерилерді шығаруға бұйырды. АҚШ Британ елдеріне экономикалық экспансиясын күшейті 1919 жылы Канада да АҚШ инвестициясы екі есе өсті. Ағылшындардың «теңізге басқьшшылық доктринасына» қарсы Америка «теңіздің бостандығы» принциптерін шығарды. 1916 жылы олар үлен әскери теңіз құру бағдарламасын жасап, оны Ұлыбритания мен Жапонияға қарсы бағыттады. Бірақ АҚШ пен Германия арасындағы қақтығыстар күштірек болды, Германияның жеңісі Американікіне қарағанда АҚШ[ - қа көп зиян келтірер еді.

1916 жылы Вильсон сайланғаннан кейін демогратиялық партиялар жетекшілері «ол бізді соғыстан алып қалды» деген сөздерді айтқан. Сайлауда Вильсонмен Республикалық лидер Юзомен бақталастық болды, бірінші кезекте 1916 жылдың соңында Вильсон «бейбіт шабуылға көшті» ол Еуропада қан төгісті тоқтатқысы келетіндігін білдірді. Вильсон «жеңіссіз бейбітшілік» үшін сөйледі.

Лондонда, Парижде жаңа бейбітшілікке ұмтылушь жақсы қабылдамады. Германия үкіметі өз тандауын жасады. 1917 жылы 17 қаңтарда соғыс нәтижелерін кайзерлер мен канцлерлер арасында талқыланып, адмиралистік өкілдері енді субмарин көмегімен Британияны тізе бүкіземіз деп ойлады. Жеңіске жеткізер басқа жол жоқ болғанан соң неміс лидерлері 1- ақпанда әлсіз сауда соғысты жалғастыруда шешті.

Германиямен дипломатиялық қатынастардың үзілгендІгін жариялады. Бұл Нью -Йорк биржа курсын төмендетті. Соғысқа көптеген миллиондаған әскерлердің жабдықталып қатысы үлкен олжаға әкелетіндігі белгілі болды. Бүдан басқа да әскери саяси оқиғаларда болды: Ресейдегі революция Антанта лагерінде келешекте Ресейдің қалуын күмэндандырды. АҚШ - қа Германияның жеңуі өте қауіпті болды.

Соғыс жариялаудың басты себебі германдық сүңгуір қайық американдық кемелердің шабуылдарының жиілеуі. Сонымен бірге Германияның стас - секретары Мексика президентіне АҚШ - қа қарсы одақ жасау туралы ұсыныс жариялаған жедел хатты американ тыңшылары қолға түсірген болатын. Бірақ баспасөз сөздеріне қарамастан көптеген американдықтар согасқа қарсы болды. Бірақ билеуші таптар монополияның жағдайын ойлап 1917 жылы 6 – сәуірде АҚШ соғысқа кіретіндігін жариялады.

Соғысушы елдердің «Бейбіт бағдарламалары»

Екі жылдан астам әскери қимылдар, 1914 жылдың тамызы - 1916 жылдың аяғы екі жаққа да шешуші жеңіс әкелмеді. Тіпті жеңістің жақындап келе жатқаны туралы сенімділікте берілмеді. Германияның әскери жетістіктері Антантаға қарағанда маңыздырақ көрінді. Германия бүкіл Бельгияны, Францияның маңызды бөліктерін, Польшаны, Прибалтика мен Белоруссияның бір бөлігін алып, Сербия мен Румынияны талқандады. Оның барлығына Антанта, Морнедегі жеңісі, Верденді қорғау және орыстардың австриялықтар мен түріктердің жеңуімен ғана жауап қайтарды.

Антанта державалары мен территориялық жаулаушылықтары өзінің мазмұнымен көлемі жағынан немістердің соңында қалды. Бірақ Антанта Германияның стратегиялық жоспарын бұзды және олардың қысқа соғысқа дайындалуын іске асырмады. Нәтижесінде, бұл одақтастардың жеңісін алдын-ала анықтады. Германия соғысқа жақсы дайындалған болатын. Бірақ, Антантада экономикалық ресурстар, ақшалары, адамдары көбірек болды. Шлиффен жоспарын бұзып және соғысты созып Антанта державалары өздерінің басымырақ мықты күштерін мобилизациялауға мүмкіндік алып Германияны өзінің әскери дайындығы жағынан қуып жетіп, соңында оны жеңді.

Бірақ, 1916 жылдың аяғында әлі кім жеңетіні белгісіз болды. Соғысушы екі лагерьде тез арада соғысты аяқтау қажет екені сезінді. Империалистер арасында өздері созған соғысты тоқтатуға негізгі себептер: материалдық ресурстардың тозуы және революциядағы бағыттағы халық көтерілістерінің өсуі, миллиондаған адамдардың қаза болуы және аштық пен экономикалық құлдыраулар қоғамның есін жинауға әсерін тигізді,

Франция жағынан бейбітшілікті орнатуды қолдап сөйлеген бұрынғы премьері Кайо, Англия жағынан - бұрынғы шет ел істері бойьшша министрі - Ленсдаун. Ал Австро-Венгрияның жаңа императоры Карл (Франц Иосиф 1916 жылы қарашада қаза болған) әулетті сақтау үшін жалғыз мүмкіндік соғыстан тез шығуы керек екендігін көрді.

Германия үшін соғыс одан ары күрделенді. Англиямен оның одақтастары Германия отарларын иеленіп ғана қоймай, теңізде блокадалық саясатты қатаң жүргізді. 1916 жылы 31 мамырда Ютланд түбегінде бірінші әрі соңғы Германия мен Британияның соғысы болды. Немістер бұл күресте қарсыластарына қарағанда аз шығынға ұшырады, бірақ блокаданы бұза алмады. 1916 жылдың соңына қарай Германияның жағдайын Людендорф былай бағалады: «Өте күрделі және лажсыз жағдайда» - деді. Осы жағдайлардан кейін генерал Бетман ұсынған пацикистік (соғыс атаулыға қарсылық) декларациясына рұқсат берді. Канцлер бұл декларацияны 12 желтоқсанда рейхстагта (1945 жылға дейін Германия парламентінің мәжіліс уйі) жариялады. Бірнеше күннен соң соғыстың тоқтауын қалайтынын АҚШ президенті Вильсон да жариялады.

Антанта елдері Бетман мен Вильсон декларациялары негізіндегі келісім сөздерден бас тартты. Германия сонымен қатар, АҚШ президентінің платформасын (саяси басшысының бағыты) қабылдамады. Көбінесе соғыстың жалғасуын қолдайтын топтар ғана қалды. Нәтижесінде 1917 жылы бейбітшілік турапы келісім басталмастан аяқталып, керісінше соғыс көлемі кеңейді.

АҚШ-тың соғысқа енуі. Ескі дүниеде соғыс басталысымен-ақ Нью-Йоркте құнды қағаздар құны тез өсіп кетті. Лондондағы АҚШ елшісі президентке: «Еуропада банкрот болатындығын болжап, бұл жағдай әлемді біздің қолымызға әкеледі» - деп хат жазған. Вильсон әкімшілігінің маңындағылар тіпті қаржы министрі Мак Аду да үлкен бизнестермен айналысқан. Вильсонның бейтараптылық жариялау саясаты монополияны байыту және АҚШ-тың жағдайын нығайтуға бағытталды. 1914 жылы 15 қарашада «Арнайы бұйрық» АҚШ азаматтарына соғысушы елдерге «Сауда сатуға» рұқсат етті. Көп ұзамай Англия мен Франция американ банктерінен қарыз алды. Антантаның көп сауда жасауы АҚШ-тың депрессиядан шығарды. Мыс пен шойынды экспорттау бірнеше есеге өсті, 1916 жылы жарылғыш заттарды шығару 6 еседен 467 млн доллорға өсті. АҚШ бейтараптылығы арқылы отарларға тауарлар сатты. Мысалы, 1914 жылдың соңында АҚШ арқылы тауарлар шығару Данияда 14 есе көбейді. АҚШ-қа қарулы заттар жасауға көп ұсыныстар түсті. Оның буржуазиялық жандануына бұл жағдай тағы бір себеп болды. Нәтижесінде соғыс кезінде зауытшылар, банкирлер байыды. Жағдайды пайдаланып АҚШ империалистері Батыс жарты шарына экспанциясын күшейтті. Олар Солтүстік Мексикаға интервенция бастады. АҚШ Мексиканың мұнайы мен шикізат байлықтарына қызығып ғана қоймай, бұл елдерде революциялық демократиялық халық қозғалыстардың жандануына қарсы шықты. Вильсин Мексикадан жауланған әскерилерді шығаруға бұйырды. АҚШ Британ елдеріне экономикалық экспансиясын күшейті 1919 жылы Канада да АҚШ инвестициясы екі есе өсті. Ағылшындардың «теңізге басқыншылық доктринасына» қарсы Америка «теңіздің бостандығы» принциптерін шығарды. 1916 жылы олар үлен әскери теңіз құру бағдарламасын жасап, оны Ұлыбритания мен Жапонияға қарсы бағыттады. Бірақ АҚШ пен Германия арасындағы қақтығыстар күштірек болды, Германияның жеңісі Американікіне қарағанда АҚШ[ - қа көп зиян келтірер еді.

1916 жылы Вильсон сайланғаннан кейін демократиялық партиялардың жетекшілері: «ол бізді соғыстан алып қалды» - деген сөздерді айтқан. Сайлауда Вильсонмен Республикалық лидер Юзомен бақталастық болып, бірінші кезекте 1916 жылдың соңында Вильсон «бейбіт шабуылға көшті». Ол Еуропада қан төгісті тоқтатқысы келетіндігін білдірді. Вильсон «жеңіссіз бейбітшілік» үшін сөйледі.

Лондонда, Парижде жаңа бейбітшілікке ұмтылуды жақсы қабылдамады. Германия үкіметі өз тандауын жасады. 1917 жылы 17 қаңтарда соғыс нәтижелерін кайзерлер мен канцлерлер арасында талқыланып, адмиралистік өкілдері енді субмарин көмегімен, Британияны тізе бүккіземіз деп ойлады. Жеңіске жеткізер басқа жол жоқ болғанан соң неміс лидерлері 1- ақпанда әлсіз сауда соғысты жалғастыруда шешті.

Германиямен дипломатиялық қатынастардың үзілгендігін жариялады. Бұл Нью -Йорк биржа курсын төмендетті. Соғысқа көптеген миллиондаған әскерлердің жабдықталып қатысы үлкен олжаға әкелетіндігі белгілі болды. Бүдан басқа да әскери саяси оқиғаларда болды: Ресейдегі революция Антанта лагерінде келешекте Ресейдің қалуын күмәндандырды. АҚШ - қа Германияның жеңуі өте қауіпті болды.

Соғыс жариялаудың басты себебі, германдық сүңгуір қайық американдық кемелердің шабуылдарының жиілеуі. Сонымен бірге, Германияның стас - хатшысы Мексика президентіне АҚШ - қа қарсы одақ жасау туралы ұсыныс жариялаған жедел хатты американ тыңшылары қолға түсірген болатын. Бірақ баспасөз сөздеріне қарамастан көптеген американдықтар согасқа қарсы болды. Бірақ билеуші таптар монополияның жағдайын ойлап 1917 жылы 6 – сәуірде АҚШ соғысқа кіретіндігін жариялады.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



134.5Kb
Категория: Халықаралық қатынастар | Добавил: Admin
Просмотров: 4342 | Загрузок: 328 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Мыңзықұлы Еділ (Аттила) қаған
Ахмет Байтұрсынов - қазақ әдебиеттану ғылымының атасы
Мұқағали Мақатаев
Абайша сүйіп, Абайша күйіп жүрміз бе?
Мұстафин Ғабиден (1902-1985)
Германия
Қонақ үйдегі қызмет көрсету сапасы мен тиімді жұмыс істеуінің байланыс...
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі
Гайдн симфониялық шығармашылығы
Сүйінбай Аронұлы
Медетбай Тәжіұлы
Жансүгіров Ілияс
60-жылдарда қазақ би сахнасы
“Салауаттану – денсаулықты сақтау” бойынша салауатты өмір сүру салтын ...