Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 18.6.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Халықаралық қатынастар

Қазақстан Республикасы және ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастық
Загрузка...
Қазақстан Республикасы және ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастық туралы

1992 жылғы 22 мамырда ЮНЕСКО құрамына енгеннен бері, Қазақстан Республикасы аталған ұйым және басқа да мемлекеттермен өзара әрекеттесуі жолында қарқынды ынтымақтастық саясатын жүргізуде. Осы уақыт аралығында Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен бекітілген 11 халықаралық конвенцияның мүшесі ретінде танылды. Қазіргі уақытта cпорттағы допингке қарсы күрес жөніндегі Халықаралық конвенцияға (2005 ж.) бекіту шаралары өткізілуде.

ЮНЕСКО Бюросы 1994 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасында қызмет атқару үстінде. 1995 жылы оған Орталық Азия, Кавказ, Иран және Монғолия елдеріндегі коммуникация мәселелері жөніндегі өңірлік Өкілеттілік статусы берілді. Сонымен қатар 1999 жылы ЮНЕСКО Өкілдігі Орталық Азия және Кавказ елдеріндігі білім мәселелері жөніндегі өңірлік статусын иемденді. 2001 жылы Бюро статусы Орталық Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан) үшін ЮНЕСКО-ның кластер-офисі болып қайта құру жолымен жоғарыланды.

2001 жылғы желтоқсанда ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігі ашылды. ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі қызметін О.Сүлейменов атқарады.

1997-2001 жылдар аралығында ҚР ЮНЕСКО Атқарушы Кеңесінің мүшесі болды, ал қазіргі уақытта оның қосалқы органдарының, яғни 2011 жылға дейін Үкіметаралық Кеңесінің әлеуметтік жаңғыртуды басқару бағдарламасы және ЮНЕСКО Штаб-пәтері жөніндегі Комитетінің, сондай-ақ 2009 жылы ЮНЕСКО Бас Конференциясының 35–сессиясының аяқталуына дейін Үкіметаралық Кеңесінің Халықаралық гидрология бағдарламасының мүшесі болып табылады. Қазақстан Республикасының аталған органдарға қабылдануы ЮНЕСКО-ның Азиялық-Тынық мұхиты сайлау тобының шеңберінде басқа мемлекеттермен белсенді мақсатты сұхбатының нәтижесі арқасында қол жеткізілді, бұл елімізге қажетті консенсусті қамтамасыз етуге мүмкіншілік туғызды. Осы орайда (2009-2011жж) Халықаралық координациялық кеңестің «Адам және биосфера» бағдарламасына және де Үкіметаралық кеңестің коммуникацияны жетілдіру туралы Халықаралық бағдарламасына (2009-2013 жж.) Қазақстан Республикасы өз кандидатурасын ұсынғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, ҚР 2005 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның Үкіметаралық Океанографиялық комиссиясының мүшесі болып табылады.

2001ж. Қазақстан Республикасы 18 елді біріктіретін ЮНЕСКО-ның 31–сессиясында құрылған Бас Конференциясының орыс тілді тобының төрағасы болып табылады. Орыс тілді топты құрудың мақсаты – ЮНЕСКО-ның бағдарламалық қызметіне қосымша топ мүшелері арасындағы мәдени байланыстарды ЮНЕСКО мұраттары мен жарғылық мақсаттарына сүйене отырып нығайтуға көмек көрсету. Топ мәдени-ақпараттық шаралар, соның ішінде көрмелер, концерттер мен шығармашылық кездесулер өткізумен айналысады.

ЮНЕСКО басшылығының ресми сапарлары

1995 жылы ЮНЕСКО-ның бас директоры Федерико Майордың Қазақстан Республикасына алғашқы ресми сапары өтті. ҚР мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастық пен Алматы қаласындағы Бюроның ашылуы туралы Меморандумдарға қол қойылды.

2001 жылы ЮНЕСКО-ның Бас директоры К.Мацуура Астанаға «ХХІ ғасыр – ядролық қарудан бос әлем» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға орайластырылған ресми сапарға келген болатын. Қазақстан Республикасын сапары кезінде К.Мацуура ҚР ЮНЕСКО жұмыстары жөніндегі кезексіз Ұлттық Комиссиясының отырысына қатысты.

2006 жылғы қыркүйекте ЮНЕСКО-ның Бас директоры К.Мацуура Қазақстан Республикасына екінші ресми сапарымен келді. Сапар барысында К.Мацуура ҚР Президенті Н.Назарбаевпен, Сыртқы істер, Мәдениет және ақпарат, Білім және ғылым, Қоршаған ортаны қорғау министрлерімен кездесті. Тұрақты дамуды қамтамасыздандыру, білім жүйесін реформалау, мәдени және табиғи мұраларды сақтау мәселелері талқыланды. 2006 жылғы 11 қыркүйекте Астана қаласында ҚР Үкіметі мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. ЮНЕСКО-ның Бас директоры Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ Съезіне қатысып, Қорғалжын табиғи қорығына барды, сондай-ақ Евразия Университетінің қадірлі докторы аталып, аталған университеттің студенттері мен мұғалімдерімен кездесті.

2009 жылдың 30 маусымы мен 3 шілде аралығында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасының шақыруы бойынша Қазақстанға ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің Төрағасы Олабий Бабалола Жозеф Яй келді. Ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ Съезіне қатысып, ҚР сыртқы істер министрі М.М.Тәжинмен кездесу үстінде Қазақстан тарапының бастымасымен жарияланған 2010 жылы «Мәдениеттер жақындастығының халықаралық жылына» дайындылу шараларын қарастырды.

ЮНЕСКО құзыреті шеңберіндегі ынтымақтастық туралы

Мәдениет және өркениет сұхбатының жақтаушысы болып табылатын Қазақстан Республикасы «Мәдениетттер жақындастығы жылын» атап өтудің бастаушысы ретінде үндеу салды, бұл туралы 2007 жылдың қазанында ЮНЕСКО Бас конференциясының 34-сессиясында тиісті қарар қабылданды. Бұл шешім 2007 жылғы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында қолдау тапқан еді (62/90 резолюция). 2009 ж. қазанында ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 35-сессиясында Халықаралық мәдениет жақындастығы туралы іс-шара жоспарының жобасы қарастырылмақ.

ҚР ішкі және сыртқы саясатында ЮНЕСКО-ның басты басымдықтарының бірі болып табылатын мәдениеттердің әртүрлілігі туралы ЮНЕСКО-ның жалпыға бірдей декларациясы мен өркениеттер арасындағы сұхбаттының идеялары іске асырылуда. Астанада өткен үш Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съездері Қазақстанды ЮНЕСКО-ның негізгі мақсаттары болып табылатын татулық пен халықаралық қауіпсіздікті күшейту үшін белсенді күресші ретінде танытты.

Мәдени мұраларды қорғау Қазақстан мен ЮНЕСКО арасында нәтижелі ынтымақтастық туғызады. 2003 жылғы маусым-шілдеде Парижде өткен ЮНЕСКО Әлемдік Мұра Комитетінің 27-сессиясында, ҚР ұсынысы және тарихи ескерткіштер мен мекендерді қорғау туралы Халықаралық Кеңес кепілдемесі бойынша Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Әлемдік мәдени мұралар тізіміне енген болатын. 2004 жылы Қытайда орын алған ЮНЕСКО Әлемдік Мұра Комитетінің 28-сессиясында Қазақстанның тағы бір ескерткіші – «Тамғалы археологиялық ландшафты петроглифтері» аталған тізімге ілікті. 2008 жылы шілдеде Квебекте өткен ЮНЕСКО Әлемдік Мұра Комитетінің 32-сессиясында Орталық Азиядағы ең алғашқы табиғи объект - «Сары-арқа – Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері» Әлемдік мұралар тізіміне қосылды. Құжаттық мұралардың Әлемдік тіркеліміне Қожа Ахмет Яссауи мен шәкірттерінің қолжазбалары мен «Невада-Семей» антиядролық қозғалысқа қатысты мұрағаттық материалдар енді.

2001–2004 жж. Жапонияның қаржылық қолдауымен ЮНЕСКО-мен бірлескен ғылыми құжаттама құру, ескерткішті пайдалану мен жария етушілікке бағытталған ежелгі Отырар қалашығын сақтау жөніндегі жоба іске асты. 2011 жылы Бүкіләлемдік мұралар тізіміне «Орталық Азиядағы Ұлы Жібек Жолының ескерткіштері туралы» номинациясында Отырар-төбе кандидатурасы ұсынылуы мүмкін.

ЮНЕСКО Қазақстанның мәдени құндылықтары мен жетістіктері, оның көрнекті өкілдерінің шығармашылықтарын жария ету және халықаралық абыройын мойындауды қамтамасыз ету және Қазақстан өкілдерінің бүкіләлемдік мәдениетке қосқан үлесін халықаралық қоғамдастыққа таныту жолындағы тиімді арнасы болып табылады. Әр түрлі мерзімдерде ЮНЕСКО Штаб-пәтерінде «Мәдени әртүрлілік және Орта Азия диалогі» атты Фестиваль «Мәдени мұра» атты Қазақстан мемлекеттік программасының тұсаукесері, Абайдың 150 жылдығы, М.Әуезовтың 100 жылдығы, Мұхамед Дулатидің 500 жылдығы, Түркістан қаласының 1500 жылдығы, Қ.Сәтбаевтың 100 жылдығы, Тараз қаласының құрылғанына 2000 жыл, С.Мұқановтың 100 жылдығы, Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығы, Ғ.Мүсіреповтың 100 жылдығы, Әлкей Марғұланның 100 жылдығы, Ахмет Жұбановтың 100 жылдықтары атап өтілді. ЮНЕСКО 2008-2009 жж. естелік күндер күнтізбесіне «Қыз-Жібек» эпосының 500 жылдығы сияқты іс-шаралар өткізілген болатын.

ЮНЕСКО білім саласындағы ынтымақтастықтың дамуына ҚР Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаевтың сапары мен оның 2009 жылғы 9 шілдеде ЮНЕСКО-ның «Микрософт» компаниясымен бірлескен Білім лидерлерінің «Жоғарғы білім: қалпына келтіру мақсатында құндылықтарды қайта бағалау» атты форумында қатысқаны үлесін тигізді.

Жоғарғы оқу орындарындағы оқу программаларының бiрыңғай стандарттар өндiруiнің үлкен мәнін, дипломдардың өзара мойындауы мақсаттарындағы университетаралық байланыстардың дамуы, барлық жастағы азаматтар мен мамандық иелерінің бiлiм алу мүмкіншіліктерінің молаюы және қайта даярлануын есепке ала отырып, ЮНЕСКО бiр университет (мысалы, Гумилев атындағы Еуразия университетi немесе Әл Фараби атындағы КазҰУ) базасында немесе дистанциялық түрде білім алу факультеттiң ашу туралы Қазақстанның әрекетiн қолдады. Сонымен қатар ЮНЕСКО Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнің жанында «Білім беру жөніндегі менеджмент» Халықаралық ғылыми-тәлімдік орталығын құруын қолдап, оған Париждегі Халықаралық Жобалау институтымен байланыс орнатуын ұсынды.

Қазақстан ЮНЕСКО ассоциацияланған мектептерi жүйесі және UNITWIN/ЮНЕСКО кафедрасы бағдарламасының мүшесі болып табылады, бұл қазақстандық мамандарға елiнiң жас буынына әлемдiк деңгейге сай бiлiм беруге мүмкiндiк туғызады. Қазақстан Республикасының жиырма бiр мектебі, лицейлері мен гимназиялары ЮНЕСКО ассоциацияланған мектептерi сертификаттарын иемденді, ұйымның қамқорлығымен сайып келгенде орташа оқу орындардың Бүкiләлемдiк қозғалысының қатысушылары ретінде танылды. 2006 жылдың наурызынан бастап, ЮНЕСКО және UNITWIN аралығында мәдениетаралық түсінушілікке бағытталған дінаралық сұхбат бойынша UNITWIN ынтымақтастық бағдарламасы іске қосылды. 13 ел кафедралары, соның iшiнде ҚР БҒМ шығыстануды институтының кафедрасы ЮНЕСКО кафедрасының мүшесі болып тағайындалды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, Халықаралық экологиялық және гуманитарлық Академиялары, сонымен бiрге Қазақ Ұлттық Музыка академиясында сәйкесiнше ЮНЕСКО-ның төрт кафедрасы – журналистика, ғылымдар зерттеуi, экология, музыка үйрену төңiрегiнде үздiксiз бiлiм беретiн кафедралар ашылды. 2004 жылы Алматы қаласында Сулейменов атындағы Қазақ шығыстану институтында ғылым және рух жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы ашылды. Қазiргі уақытта Қазақстандағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетiнде «Жаңа материалдар және технологиялар» атты кезектi, алтыншы ЮНЕСКО кафедрасын әзiрлеуді аяқтау бойынша жұмыс жүргiзiлуде. Қазақстан студенттерi ЮНЕСКО көмегiмен Жапония, Қытай, Израиль, Франция және Ресей Жоғарғы оқу орындарының стипендияларын иеленуде.

Бiздiң елiмiз ЮНЕСКО-ның ерекше мән беретін бiрқалыпты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған ғаламдық процесіне белсене қатысады. 1995 жылдан бастап «Отанды қайта жандандыру және оның бiрқалыпты дамуы» Меморандумы қабылданғаннан бері Қазақстанның саясатына кешендi түрде әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешу ендi. Қазақстан әскери ядролық қару-жарақ қоймасынан бас тартып, әлемдегі ең iрi Семей полигонын жапты. Ойдағыдай өткiзiлген реформалар арқасында кедейлiк пен жұмыссыздық қысқарды. Йоханнесбургтегi (2002 жыл, қыркүйек) Бүкiләлемдiк саммитте Қазақстан Республикасы ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейде бiрқалыпты дамудың саясатының жолын ұстанушы және өткiзушісi болып табылатынын қайта растады.

2006 жылы мамырда Алматы қаласында Қазақстанның бастамашылығымен «Орталық Азия мемлекеттерiнiң жаңартылатын көз энергияларының бiрқалыпты дамуының стратегиялық рөлi» атты ЮНЕСКО мүше-мемлекеттерi министрлерiнiң деңгейінде Аймақтық конференция өтті. Конференцияға ЮНЕСКО-ның табиғи ғылымдар бойынша бас директорының орынбасары Вальтер Эрделен қатысты. Конференцияның күн тәртiбiнде - Орталық Азиядағы жаңартылатын энергияны дамыту, адамдық қорларын дамыту және технологиялардың тасымалдынуы, сондай-ақ аймақтық басымдылықтарды анықтау және іс-шара жоспарын анықтау жөніндегі ұлттық бағдарламалар қарастырылды. Форум Алматы декларациясы бекітілуі және ЮНЕСКО-ның Орталық Азия басшысының «Орталық Азия елдерiндегi Әлемдік қайта қолданылатын энергияны қолдану төңiрегiндегі мәселелерді шешу жолдарының жоспары» (GREET) ұсынысы бойынша қосылған «Әлемдік қайта жаңарту энергиясы. Білім беру және меңгеру программасы» атты Қорытынды құжатының қабылдануымен аяқталды.

2007 жылғы қазандағы ЮНЕСКО Бас конференциясының 34-шi сессиясы Орталық Азиядағы қайта жаңартылатын энергияның дамытуына бағытталған Алматы конференцияларының қорытындыларының мақұлдауы туралы қарар қабылдады, ал 2008 жылғы көктемде Атқарушы Кеңесінің 179-шы сессиясында ұйымның бас директоры бұл процесте ЮНЕСКО-ның белсендi рөл атқаруын жалғастыратынына кепiлдiк берді.

Бiрнеше жылдар бойы Қазақстан басқа да Орта Азия мемлекеттерімен біріге отырып, аталған ұйымның Арал дағдарысын жеңу жолын iздестiру шараларына белсенді түрде қатысуда. 1997 жылғы ЮНЕСКО қамқорлығымен Арал теңiзiнiң хауызының мәселелерi бойынша Ғылыми консультациялық кеңес (SABAS ) құрылды. Өлке елдерiнiң көмегiмен ЮНЕСКО 2025 жылға дейін қазіргі ахуалдың маңызды жақсаруына жетуге бағытталған Ұзақ мерзiмдi Арал теңiздерi су қорларының көрiну жобасын жасады.

Сонымен қатар Қазақстанның ЮНЕСКО-мен ғылыми саладағы ынтымақтастығы «Адам және биосфера», «Халықаралық гидрология программасы» және «Халықаралық геоғылымдар программасы» атты үш Ұлттық ғылыми комитеттiң ынтымақтастығы арқасында іске асады.

2008 жылдың маусымында ЮНЕСКО-ның Халықаралық Гидрология программасының Мемлекетаралық кеңесiнiң 18-шi сессиясы Қазақстанның ауа райының әлемдік өзгерiсi шарттарындағы мұздықтардың жер асты суларына тигізетін әсерін зерттеуге бағытталған Алматы қаласында ЮНЕСКО қамқорлығымен Аймақтық Гляциологиялық Орталық құру туралы ұсынысын қолдады.

2005 жылдың ақпанында Қазақстандағы А.Қастеев атындағы Алматы балалар көркем мектебiнiң жанындағы ЮНЕСКО Тұрақты өкiлдігiнiң жан-жақты жәрдемдесуi арқасында құрылған алғашқы клубы Бүкiләлемдiк қауымдастықтар, орталықтар және клубтарының федерациясына (FMACU-WFUGA ) ЮНЕСКО-ның белсендi мүшесі ретiнде қабылданды. Қазіргі таңда ЮНЕСКО клубтарының Ұлттық федерациясы құрылған.

2008 жылғы маусымдағы Парижде өткен ЮНЕСКО жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкiлдiгімен ұйымдастырылған Гуманитарлық және әлеуметтiк ғылымдар саласындағы ресми патронажындағы «Халықтардың алғашқы Ұлы қоныс аударуы» атты Халықаралық ұйымының конференциясы маңызды үлесiн қосты. Оған генетика, антропология, археология, палеография және лингвистика салаларындағы Қазақстан, Франция, Италия, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Голландия, Қытай, Үндістан, Перу сияқты мемлекеттердің көрнекті ғалымдары қалай, қашан, неліктен әлемде алғашқы көшіп-қонулар пайда болғаны мен олардың бағыттары туралы сөз сөйледі. Еуропа, Орта Азия, Американы ел қондыру ғылыми болжамдар баяндалып, көшпенді өркениеттердің Ұлы қоныс аударуға қосқан үлестері қарастырылып, қазіргі халықтардың атақоныстары туралы пікір алмасу өткен болатын. Аталған Халықаралық Форум ЮНЕСКО-ның осы саладағы, соның ішінде түрлі мемлекеттердің ұлттық университеттерінде жаңа зерттеулерге жол ашты.

2009 жылдың маусымында Парижде «Халықтардың алғашқы ұлы қоныс аударулары» атты жинақ ағылшын және орыс тiлдерiнде шығарылды. Ол адамгершiлiк өркениеттiң дамыуының миграциялы тұрғыларын зерттеудегi пайдалы аспап ретінде ЮНЕСКО-мен сабақтас дипломаттық және ғылыми шеңберлерде оң үн қосуларын алды.

2009 жылы Қазақстанның ЮНЕСКО қамқорлығымен ұйымдастырылған маңызды халықаралық шаралардың өткiзу орталығы есебінде танылуы жалғасуда. Олардың арасында Орталық Азиядағы шекарааралық су қорларының қолдануының сұрақтары бойынша дөңгелек үстел (Алматы, наурыз), «Орталық Азиядағы Жiбек жолы ескерткiштері» Бүкiләлемдiк мұраның тiзiмiне сериялы номинациясының әзiрлеуi бойынша 5-шi аймақтық семинар (Алматы, мамыр), Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы ВИЧ/СПИД инфекциясымен күрес жолдары бойынша ұлттық стратегияларын жетiлдiру (Алматы,маусым) сияқты семинарларды атап өтуге болады.

ЮНЕСКО қамқорлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық конвенциялардың тізімі

1. Ағартушылық, ғылыми және мәдени сипаттағы материалдарды енгізу туралы Келісім (Флоренция, 1950 жылғы 17 маусым). 1998 жылғы 21 желтоқсанда қосылды.

2. Ағартушылық, ғылыми және мәдени сипаттағы материалдарды енгізу туралы Келісімге хаттама (Найроби, 1976 ж. 26 қараша). 1998 жылғы 21 желтоқсанда қосылды.

3. Авторлық құқық туралы бүкіләлемдік конвенция (Женева, 1952 ж. 6 қыркүйек). 1992 жылғы 6 тамызда қол қойды.

4. Қарулы қақтығыс жағдайында мәдени құндылықтарды сақтау туралы конвенция (Гаага, 1954 ж. 14 мамыр). 1997 ж. 14 наурызда қосылды.

5. Қарулы қақтығыс жағдайында мәдени құндылықтарды сақтау туралы конвенцияға хаттама (Гаага, 1954 ж. 14 мамыр). 1997 ж. 14 наурызда қосылды.

6. Фонограммаларды заңсыз шығару жөніндегі Фонограмма өндірушілерінің мүдделерін сақтау туралы конвенция (Женева, 1971 ж. 29 қазан) 2001 жылғы 3 мамырды қосылды.

7. Бүкіләлемдік мәдени жіне табиғи мұраларды сақтау туралы конвенция (Париж, 1972 ж. 16 қараша). 1994 ж. 29 сәуірде қосылды.

8. Еуропа мемлекеттеріндегі оқу курстары, жоғарғы білім туралы дипломдар және ғылыми дәрежелерді мойындау туралы аумақтық конвенция (Париж, 1979 ж. 21 желтоқсан). 1997 жылғы 14 наурызда қосылды.

9. Азия және Тынық мұхиты мемлекеттеріндегі оқу курстары, жоғарғы білім туралы дипломдар және ғылыми дәрежелерді мойындау туралы аумақтық конвенция (Бангкок, 1983 ж. 16 желтоқсан). 1997 жылғы 14 наурызда қосылды.

10. Еуропа аумағындағы жоғарғы білімге қатысты біліктілікті мойындау туралы конвенция (Лиссабон, 1997 ж. 11 сәуір). 1998 жылғы 7 қазанда бекітілді.

11. Суда жүзетін құстардың мекендейтін жері ретінде халықаралық мәні бар сулы-батпақты жерлер туралы конвенция (Рамсар, 1971 ж. 12 ақпан). 2007 жылғы 2 қаңтарда қосылды.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



58.0 Kb
Категория: Халықаралық қатынастар | Добавил: Admin
Просмотров: 4573 | Загрузок: 276 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Адамға сәуле алудың қауіпі
Жалпы әлемдік қонақ үй шаруашылығының қалыптасу тарихы
Палеозой заманында тіршіліктің дамуы
Программалау технологиялары
Ислам әлемінің мәдениеті
Сағат Әшімбаев
Бақытжан Қаратаев
Нұрғиса Тілендиев
Некелесу түрлері, әдет-ғұрыптар
Байтұрсынұлы Ахмет
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның құқықтық дамуы
Жүрек ырғағы
Сүйінбай Аронұлы
Сот билігі
Ұлы Ақын Жамбыл Жабаев