Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 18.6.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Халықаралық қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қатынастары
Загрузка...
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қатынастары

Екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 23 қарашада орнатылды.

Саяси саладағы өзара іс-қимыл. Қазақстан-өзбек қатынастары шарт-құқықтық базасын ынтымақтастықтың барлық саласын қамтитын 100-ден астам құжат құрап отыр және оның негізін салушы - Мәңгілік достық туралы шарт.

2006 жылғы 19-20 наурызда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында екі ел Президенттерінің жетекшілік етуімен Мемлекетаралық үйлестіру Кеңесін (МҮК) құру туралы шешім қабылданды. Ол екіжақты ынтымақтастықтың басым мәселелерін тиімді шешуге қызмет етеді.

2008 жылғы 22-23 сәуірде Президент И.Кәрімовтің Қазақстанға ресми сапары болды, оның барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту жолдарын қарастырды. Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасында еркін сауда аймағын құру, бизнес-орталықтар және Сауда өкілеттіктерін ашу, мұнай саласында әріптестікті нығайту және т.б. туралы келісімдерді дайындауға уағдаласты.

2010 жылғы 16-17 наурызда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Ташкентке ресми сапары болды, оның барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасында инвестиция, ауыл шаруашылығы, тасымалдау-көліктік әлеуетін тиімді пайдалану саласында ынтымақтастықты тереңдету мәселелері қарастырылды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық.

2009 жылғы ҚР мен ӨР арасындағы сауда айналымы 1 млрд. 196,3 млн АҚШ долл. құрап (экспорт-891,8 млн., импорт-304,4 млн.), 2008 жылмен салыстырғанда 33,1%-ға төмендеді (дүниежүзілік қаржы дағдарысы әсерінен).

2010 жылғы қаңтар-наурыз аралығында ҚР мен ӨР арасындағы сауда айналымы 372,0 млн АҚШ долл. құрады (экспорт-260,8 млн., импорт-111,2 млн.), бұл көрсеткіш 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 38,4%-ке жоғары.

Қазіргі кезде Өзбекстанда Қазақстан инвестициясының қатысуымен 173 кәсіпорын жұмыс істеуде, оның ішінде 48 бірлескен кәсіпорын бар. Олар өз қызметтер сауда, құрылыс, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, жеңіл өнеркәсібі, металл өңдеу салаларында жүзеге асыруда.

Қазақстанның Өзбекстанға экспорты азық-түлік, энергия тамысмалдаушы, қара және түсті металл, химиялыө өнімдерден құрайды. Өзбекстан Қазақстанға табиғи газ, мақта және жеміс-жидек өнімдерін жеткізеді.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Ташкентке 2010 жылғы наурыздағы ресми сапары барысында 2010-2012 жылдары аралығында мәдениет саласында екі мемлекет ведомстволары аралығында ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



26.5 Kb
Категория: Халықаралық қатынастар | Добавил: Admin
Просмотров: 1282 | Загрузок: 136 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Құранды түсіну
Палеозой заманында тіршіліктің дамуы
Жалпы әлемдік қонақ үй шаруашылығының қалыптасу тарихы
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Абай мен Ыбырай шығармаларындағы үндестік
Тірі ағзалардың бірлестіктері
Дербес Компьютер - сыртқы құрылғылары
Жеке күйшілердің орындаушылық мектебі
Сот билігі
Жер планетасының эволюциясы
Паскаль програмдау тіліндегі файлдармен жұмыс
Байтұрсынұлы Ахмет
Жүрек қызметі
Байжанұлы Жаяу Мұса
Әлеуметтік қорғаудың түсінігі, құрылымы