Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 18.1.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Халықаралық қатынастар

В категории работ: 84
Показано работ: 61-75

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Қазақстан Республикасы мен Палестина Мемлекеті (ПМ) арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 6 сәуірде орнатылды. Палестинаның Қазақстандағы Елшілігі 1993 жылдың маусымынан бері жұмыс атқарады. 2008 жылғы шілдеден Елші Хусейн Юсеф Абу аль-Аала.
Читать полностью

Категория: Халықаралық қатынастар

Еуропа мен Азия ежелден бері Ұлы Жібек Жолы арқылы байланысқан болып келетін, ал бірінші еуропалықтардың арасында жеті ғасырдан артық уақыт бұрын қазақ даласын алғаш ашқан поляк францискан тақуасы Бенедикт Поляк болатын. Оның 1245-1247 жылдардағы Қасиетті Тақтың елшілік миссиясының құрамында қазіргі Қазақстанның даласы арқылы Азияның ішіне қарай саяхаты аймақтарымыздың арасындағы елшілік қатынастардың орнауының алғашқы дәйегіне айналды.

1992 ж. 19 тамыз – Қазақстан Республикасы мен Португал Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды. 2005 ж. 15 қарашада – Португалияның Ресей Федерациясындағы және қосымша Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мануэль Марселу Монтейру курту ҚР Мемлекеттің Хатшысы О.Әбдікәрімовке сенім грамоталарын тапсырды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін Пәкстан Ислам Республикасы 1991 жылы 20 желтоқсанда мойындады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Пәкстанға 1992 ж. 28 ақпандағы мемлекеттік сапары барысында ҚР және ПИР арасында дипломатиялық және консульдық қатынастарды орнату жөніндегі келісімге қойылды.

1991 жылы Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін таныды. 1992 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1992 жылы – Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Елшілігі ашылды.

1992 ж. шілде – Румынияның Сыртқы істер министрі А.Настасенің Қазақстанға ресми сапары орын алды. Сапар барысында Қазақстан мен Румыния арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы Протоколға қол қойылды.

Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі (САК) арасындағы дипломатиялық қатынастар 1994 жылғы 30 сәуірде орнатылды. Қазақстан Республикасының Эр-Риядтағы Елшілігі 1996 жылдың мамыр айында ашылды. ҚР САК-гі Елшісі Қ.Лама Шариф. Сауд Арабиясының Қазақстандағы Елшілігі 1997 жылдың наурыз айында ашылды. САК Астанадағы Елшісі Әбділмәжид Хаким.

Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылы 30 наурызда орнатылды. 1991 жылы Алматы қаласына Сингапур Үкіметінің аға министрі Ли Куан Ю сапармен келіп қайтты.

Қазақстан Республикасы мен Сирия Араб Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 28 наурызда орнатылды. Қазақстан мен Сирия арасындағы өзара қатынастарға қазіргі уақытта еліміздің Египеттегі Елшілігі жетекшілік етеді. 2007 жылғы сәуір айынан бастап Дамаск қаласында Қазақстанның Консулдығы жұмыс істейді. Консул- А.Асылов.

1991 жылдан бері Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар ек3 ел халқының тарихи және мәдени мұраларының ұқсастығы, өзара сыйластық пен сенімділік ахуалы негізінде тұрақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы жан-жақты тығыз ынтымақтастықты одан әрі тереңдетумен ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 5 қазанында орнатылды. Cаяси саладағы өзара іс-қимыл. Ынтымақтастықтың нормативтік-құқықтық негізін 65 құжат құрайды, соның ішінде негізгілері – 1993 жылғы 19 мамырдағы Достық қатынастар және ынтымақтастық туралы шарт, 1997 жылғы 27 ақпандағы Ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы декларация.

Қазақстан Республикасы және Тәжікстан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 7 қаңтарда орнатылды. Саяси саладағы өзара іс-қимыл. Бүгінгі күні Қазақстан және Тәжікстан кең көлемді екі жақты қатынастар көлемінде ынтымақтастың бар саласын қамтитын елуден астам құқықтық негізі бар 70 астам келісім-шарттарға қол қойған.

Дипломатиялық қатынастардың орнатылу мерзімі – 22 шілде 1992 жыл. Дипломатиялық өкілдіктердің ашылу мерзімі – 1994 жылдың желтоқсанынан бастап Киев қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі қызмет атқарады; 1994 жылдың мамырынан бері Алматы қаласында және 2001 жылдың қаңтарынан бастап Астана қаласында Украинаның Елшілігі қызмет атқарады.

Екі ел арасындағы саяси диалогтың негізі Финляндия Президенті М.Койвистоның Қазақстанға сапары барысында 1992 ж. қыркүйекте қаланды. Саяси консультациялар Қазақстанға ФР Сыртқы істер министрінің орынбасары Я.Бломбергтің (10-11 қараша 1997 ж.), Сыртқы істер министрі Э.Туомиойдың (10-11 ақпан 2005 ж.), ФР СІМ Мемлекеттік хатшысы П.Торстилдің (9 қазан 2006 ж.) сапарлары барысында жалғасын тапты.

Екі жақты қатынастардың негізгі қағидаттары 1992 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Францияға ресми сапары кезінде Достық, ынтымақтастық және өзара түсіністік шартына қол қою барысында қаланған болатын. Екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен басымдылықтары 1993 жылғы Франция Президенті Ф. Миттеранның Қазақстанға сапары барысында қарастырылды.

Загрузка...
Предыдущая 1 2 3 4 5 6 Следующая