Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 19.12.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Кедендік іс

Кедендік бақылау
Загрузка...
ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖОСПАР

Кедендік бақылау.
1. Кеден бақылауының ұғымы, әдістері және түрлері
2. Кеден бақылауың жүргізу және оның нысандары
3. Кеден бакылауының белгілі бір нысандарынан босату

Тауарлар шыққак елін айқындау
1. Тауарлар шыққан елін айкындау мақсаты
2. Тауарлардың шыққак елін растау.
3. Тарифтік женілдіктер
4. Тарифтік артықшылықтар

Кедендік бақылау

Кеден заңының маңызды бөлімдерін құрайтын кеден құқығының келесі институтына кедеп рәсімдеуі мсн кеден бақылауын жатқызуға болады.
Кедендік рәсімдеуі нақты анықталмаған кеден режимі бойынша тауарлар мол көлік кұралын тасымалдау мақсатындағы әрекеттерді жүзеге асыру мсн осы рәсімдеуді кеден заңына сәйкес аяктауды білдіреді.
Қазакстанның кеден шекарасы аркылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдары кеден бақылауына жатады. Ол белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі.
Кұжаттар мен мәліметтерді тексеру, тауарлар мен көлік қүралдарын тексеру, жеке тексеріс, тауарлар мен көлік кұралдарынын есебі, ауызша сұрау алу, есеп пен есеп беру жүйесін тексеру, қоймалар ғимаратын және кеден бақылауына жататын тауарлар мен көлік қүралдары орналаскан басқа да орындарды (адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсім-діктерге кауіпсіз және тауарлар мен көлік қүралдарына зиян келтірмейтін техникалык құралдарды қолдану арқылы) тексеру - кеден бақылауының түрлері болып табылады.
Кеден рәсімдеуі кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарынын заңдылығын аныктайды және бекітуге жол береді, тәртіптерін және оның сақталуын анықтайды, баска да шаралар сырткы сауда мәмілесінің заңга сәйкестігін нактылайды және кеден бақылауын өткізуді қамтамасыз етеді.
Кеден бақылауының мақсаты экспорттық ақша түсімдерінің өз уақытында түсуін және толықтығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ импорт мақсатында валюта қаражатын заңды және негізделген түрде пайдалануды қамтамасыз ету болып табылатын кеден органдарына жүктелген валюталық бақылаумен қатар жүргізіледі. Кеден заңы кеден рәсімдерін құрайтын келесі тараулардан тұрады: жалпы ережелер, алдын-ала жүргізілетін операциялар; уақытша сақтау; кедендік тасымалдау; мәлімдеу.
Кеден рәсімдеуі кеден органына кеден рәсімдеуіне бөлініп берілген орынға тауар мен көлік қүралдарының жеткізілгендігі жөнінде хабардар етілгеннен кейін және кедендік жүк декларациясын және басқа құжаттарды ұсынғаннан соң басталады. Кеден рәсімдеуі тиісті кеден органының қалауы бойынша сол жерде және оның қызмет орнының аймақтарында немесе мүдделі тұлғаның өтініші бойынша басқа да орындарда жүргізіледі. Мұндай жағдайда жалпы тәртіпті Кеден комитеті бекітеді.
Кеден рәсімдеуін жүргізуде (кеден органының талап етуі бойынша міндетті) тауарлар мен көлік құралдары иесінің өкілетті өкілі катысуға құқылы.
Кеден рәсімдеуін жүргізу барысында заңдарда көзделген тиісті органдар жүзеге асыратын малдәрігерлік, фитосанитарлық, экологиялық және мемлекеттік бақылаудың т. б. түрлері ескеріледі.
Рәсімделген немесе рәсімделуі аяқталмаған тауарлар мен көлік қүралдарын пайдалану мен оларға иелік етуге тыйым салынады. Нақты жағдаяттардың туу оқиғаларына байланысты шектеулер мен тыйым салуды пайдалану шарттарын кеден органы бекітеді.
Арнайы экономикалық аймақта (АЭА) кеден реттеулерін, соның ішінде кеден рәсімдеуін жүргізу өзекті проблема болып отыр. 1996 жылдың 16 қаңтарында Президенттің "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақ туралы" Заң күші бар жарлығы (бұдан кейін - "Арнайы экономикалық аймақ туралы" жарлық) қабылданды.
Арнайы экономикалық аймақты еркін кеден аймағы деп жариялау, осы аймақтан экспортталған және осы аймаққа импортталған тауарларға арнайы режим енгізу кез келген уақытта жалған қүжаттарды рәсімдеу мен айналысатын контрабанданың етек алуына әкеледі.
Әр түрлі елдерде түрлі атауларға және жеңілдік режимдерге ие еркін экономикалық аймақтар бар, бірақ ондай аймақтарда мемлекеттің экономиканы көтеруге талпынуын және ішкі резервтердің жеткіліксіздігі кезінде инвесторларға экономикалық босаңсудағы шетел капиталының қүйылуына арналған бағыттарды көрсету арқылы біріктіреді.
Экономикалық аймақтын сипатты белгілері халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, уақытша салық төлеуден босатумен; экспортқа өндіру үшін пайдаланатын тауарлар импортын кеден бажынан босатумен; валюталық бақылаудың босаңдауымен; біріңғай әкімшілік орталық құрумен, толыктай шетелдік меншікке жататын фирмалар құруға рұксат етілуімен байланысты.
"Арнайы экономпкалық аймақ туралы" жарлық арнайы экономикалық аймақты еркін кеден аймақты режимі әрекет ететін Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс орналасқан аумақ ретінде бекітеді.
Еркін кеден аймағы режимі аумақ шегінде шаруашылық қызмет жүргізетін барлық жеке және заңды тұлғаларға отандық және импорттық өндіріс тауарларын бажсыз және салық салынбаған әкелім құкығына мүмкіндік береді. АЭА аумағында өндірілген немесе жеткілікті ұқсатылған тауарлар әкетілу негізінде алып шығу кеден баждарынан босатылады, сарапшы қызметкерлері қатыстырылады. Сынама мен үлгілерді кеден органдарының рұқсатымен мемлекеттік өкілеттігі бар басқа органдар да алуы мүмкін. Заң бойынша сынамалар мен үлгілер зерттеу мумкіндігін қамтамасыз ететіндей аз мөлшерде алынатындығы анықталған.
Сараптама кызметінің әрекетінің заңдылығы, олардың кызмет тәртібі ведомстволық актілермен анықталады, оған 1995 ж. Кеден комитеті бекіткен кеден сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы, зерттеу немесе сараптама үшін тауарлар сынамалары мен үлгілерін алу, оларды сактау мен кайтару тәртібі туралы нүсқаулары жатады.
Әкелінген немесе әкетілетін тауарларға салынатын кеден баждары мен басқа да алымдарының дұрыс есептелуі мен кеден бақылауының жеткіліктігі шыққан шешімге байланысты болады. Сынама мен үлгі алу кеден рәсімдеуі үшін тауар мен оның жолдама қүжаттары ұсынылған жағдайда, сондай-ақ контрабанда және кеден ережесі бұзылғандығы туралы істі жүргізу мен қарау кезінде де алынады.
Негізгі кеден рәсімдеуі мен тауарлар мен көлік құралдарын белгілі бір кеден режиміне орналастыруға алдын ала кеден рәсімдеуі жатады, әкелінуге (әкетілуге) тыйым салынған тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге (әкетуге) жол бермеуге, кедендік құралдарды сәйкестендіруге бағытталған алдын-ала жүргізілетін операцялар болып табылады.
Мүдделі түлғаның тілегі бойынша кеден органдары нақты тауарды немесе нақты шаруашылық операциясына байланысты топтастырылуына, кедендік бағасына, тауардың шыққан еліне байланысты алдын-ала шешім қабылдайды. Мұндай шешім қабылданғаны үшін Үкімет бекіткен мөлшерде төлем алынады.
Егер алдын-ала шешім шығаруға негіз болған фактілер мен жагдайлар өзгеріссіз қалатын болса, алдын-ала шығарылған шешім басқа да кеден органдары үшін міндетті болып табылады, онда заңдық күшін үш жыл (тауардың шыққан еліне қатысты) және бір жыл (басқа мәселелерге қатысты) ішінде жалғастырады.
Кеден аумағына тауарлар мен көлік құралдарын әкелу кезінде сондай-ақ кеден аумағынан тыс әкету кезіде коммерциялық мақсатын пайдаланбай әрі карай кеден органы бекіткен жерге белгіленген бағыт бойынша жеткізу кезінде тасымалдаушы кеден органдарына хабарлама бе-руге міндетті.
Кеден рәсімдеуі барлық мәліметтерді, бақылау үшін немесе үсынылған тауарды тексеру үшін талап етілген барлық қүжаттардың қолда барлығын тексеруден соң аяқталады.
Сыртқы экономикалык кызметтің бұдан кейінгі заңдастырылуы Қазақстанда Үкіметтің біраз қаулылары бойынша мемлекет бақылауындағы (мысалы, 1996 жылгы 12 кашардағы № 298 каулы) экспорт пен импорпык стратегиялык маңызды өтімдер тізбесі сақталғанымен, Қазақстанда тауарлар мен көлік құралдарының экспортқа арналған кедендік босаңсуға әкеліп соғуы мүмкін.
Қазакстанда кедеп шекарасы аркылы өткізілетін тауарлар мен көлік қүралдары мәлімдеуге жатады. Мәлімдеу жөнінде алғаш рет 1993 жылғы 13 ақпандағы Министірлер Кабинетінің Қазақстан Республикасының кеден шекарасы аркылы тауарларды өткізу тәртібі мен мәлімдеу туралы" Қаулысында айтылған, осыған сәйкес 1993 жылдың 1 наурызынан бастап кеден органына кедендік жүк декларациясын ұсыну жолымен мәлімдеу енгізілді. Мәлімдеу тауарлар мен көлік қүралдарын кеден шекарасы арқылы тасымалдаушы тұлғанын кеден органына тауар туралы, мәмілеттің сипаты мен мазмұны жөніндегі барлық мәліметтерді заң, белгіленген (жазбаша, ауызша, электронды түрдегі беріліс және өзге де түрде) үлгі бойынша дәл мәлімдемені қүрайтын арыз арқылы жүргізілсді.
1995 жылы Кеден комитеті «Кедендік жүк декларациясын толтыру тәртібі туралы» нұсқауды бекітті.
Кеден дскларациясы кеден органы рәсімдеген сәттен бастап зандық құжат болып табылады. Кеден органының кеден декларацясын қабылдаудан бас тартуға қүқығы жоқ деген норма жеткілікті маңызды заңдық кепілдік болып табылады ("Қазакстаи Республикасында кеден ісі туралы" заң күші бар Президент Жарлығыныц 199-бабы, 1999 жылы 16 шілдеден -Заң). Сонымен бірге жеткіліксіз мәліметті белгілі мерзім ішінде ұсыну міндетін жүктей отырып, уақытша немесе толық емес декларация беруге рүқсат етілген.
Декларация берілуі үшін кеден органына ұсынылатын декларацияны толтыруға негіз болатын және оны растайтын құжаттар:
- кеден рәсімдеуіне жататын тауарлар мен көлік қүралдарына меншік (билік ету немесе пайдалану) қүқығы;
- декларанттың кеден декларациясын өз атынан беру өкілеттігі;
- тауарларды өткізу фактісі;
- кеден қүны мен тауарлардың шығуы;
кеден төлемдері мен салықтарын төлеу және тарифтік жеңілдіктер мен тарифтік преференция бойынша салық төлеу мүмкіндігінің негізі;
- стандарттаудың міндетті талаптарға сәйкестігі;
- Қазақстан Ресиубликасының заңында және халықаралық келісім-шарттарда карастырылган өкілетті мемлекет органдарының тиісті рұқсаттары мен басқа да құжаттар.
Бұдан баска, кеден органы кеден декларациясының мазмұнындағы және кеден мақсаты үшін ұсынылған тексеру мақсатында қосымша мәліметтерді сұрақ қүжаттаруға, сондай-ақ жеткіліксіз қүжаттармен мәлімсттердің ұсыну мсрзімін сұрауға қүқылы.
Тиісті кеден рәсімдеуіне кеден брокері мен тасымалдаушы қатысуы мүмкін, бұл туралы ережені Үкімет бекітуі тиіс.
Занда қарастырылған жағдайдан басқа Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдары кеден бақылауына жатады. Кеден бақылауы қүжаттар мен мәліметтерді тексеру. тауарлар меи көлік қүралдарын кедендік тексеру. Жеке тексеру жәнс т. б. белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі.
Кеден бақылау анықталған кеден бақылауы аймағында, кедендік рәсімдеу немесе кеден органдары орналасқан жерлерде және кеден органы бекіткен басқа орналасу үшін рүқсат беруді қарастырады, ол үшін кеден бакылауына жататын тауарлар мен көлік құралдары орналастыруга тиіс аумақка және ғимаратқа кез келген түлғаның келуі үшін алдын ала кеден органына хабарлама, қажетті қүжаттар талап етіледі немесс бақылау жүктелген кеден органының қызметі жүзеге асырылады.
"Кеден ісі туралы" заң кедендік рәсімдеу мен кеден бақылауының жалпы ережелерінен тыс "шетелдік түлғалардың жекелеген категорияларына берілетін кеден жеңілдіктері" деп аталатын ерекшеліктерді карастырады (223-228-баптар).
Кеден бакылауына кажетті қүжаттар мен мәліметтерді мүдделі түлға ұсынады. Бүдан басқа, кеден органдары банктер мен ұйымдардан осы тұлғалардың есепшоттарының операциялары туралы және жай-күйі туралы мәлімет алуға, кеден мақсаты үшін тәжірибеде шешімін таппаған көптеген мәселелерге кезіктіретін қаржылық және сыртқы экономикалық қызметін тексеруге құкылы. Кеден бақылауына жәрдем көрсету үшін мамандар мсн сарапшылар тартылуы мүмкін. Жеке тексеру жүргізуден тысқары кеден органдары келік құралдарын мәжбүрлі түрде тоқтатуға, кеден органының рүқсатынсыз кеден аумағынан шығып кеткен теңіз, өзен және әуе кемелерін мәжбүрлі түрде кері қайтаруға, кез-келген уақытта тауарлар мен көлік қүралдарыныц тізімін жүргізуге, валюталық бақылауды жүзеге асыруға қүқылы.
"Кеден ісі туралы" заң бойынша алғаш рет интеллектуальдық меншік объектілерін қамтитын тауарлар тізімін алуды жүргізуі тиіс.
Тауарлар интеллектуальдық меншік объсктілеріне деген құқықты бұзатын белгілерді байқаған жағдайда кеден органдары оларды шығаруды тоқтатады.
Өндірістік үлгілер. патенттер, интегралдық микросхема типологиясы немесе ашылмаған акпараттары бар тауарларды шығару құкықтық иеленушінің мүддесін корғау үшін қажеттілікті қамтамасыз етуді декларанттың ұсынуы (бір айдан кем емес мерзімде) арқылы жүзеге асырылады.
Кеден заңы Қазақстандық кеден шекарасы аркылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кеден бақылауын жасауға қатысты қосымша ережелсрді карастырады.
Кеден бакылауының күрамдас болігі рстінде валюта ба-қылауы ұлттық банкті бірқатар ведомстволық актілері қабылданғаннан кейін оны кеден органдарының қатысуына қосымша мүмкіндіктер туғызады.
1997 жылы 23 мамырда Кеден комитетінің келісімі бойынша Ұлтгық Банктің қаулысымен экспортгык-импорттық валюта бақылауын үйымдастыру жөніндегі ереже қабылданды.
Ресейде кеден органдары 1994 жылдан бастап-ақ мәмілелер құжатын бақылайды, ал Қазақстанда көрсетілген ереже кеден рәсімдеуін аяқтағанға дейін экспорт және импорт мәмілелерінің құжаттарын рәсімдеу тәртібін және кеден рәсімдеуінен кейін осыған ұқсас тәртіпті реттейді.
Бүгінгі таңда валюталық бақылауда қойылатын талаптардың арта түскендігін кеден қызметінің экономика және каржы саласында біліктендірілген мамандарды таңдап алуда жаңа әдіс-амалдар қажет.
Мемлекет валюталық бақылаудан басқа малдәрігерлік, фитосанитарлық, экологиялық және бақылаудың т.б. түрлерін қарастырады.
1999 жылғы 11 акпандағы "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының заңымен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік шараларды жүзеге асырудың кағидалары мен құқықтық негізі анықталған. Мұндағы фитосанитарлық қорғау дегенміз - республиканың өсімдік ресурстарын және өсімдік текті өнімдерді басқа мемлекеттерден тасып әкелуден, сондай-ақ республиканың карантиндік объектілерінің күшпен кіруінен қорғауға, олардың таралуы жағдайында - олардың таралу ошақтарын жергіліктендіру мен жоюға бағытталған мемлекет шараларының жүйесін қарастыратын құқықтық режим

Тауарлар шыққак елін айқындау

"тауардың шығарылған елi" - тауар толық өндiрiлген немесе осы Ережеде белгiленген өлшемдерге сәйкес жеткiлiктi қайта өңдеуге ұшыраған ел, бұл ретте, егер оларды тауардың шығарылған елiн айқындау мақсаттары үшiн болу қажеттiлiгi бар болса, тауардың шығарылған елi деп елдердiң топтары, не елдердiң кедендiк одақтары, не елдiң өңiрi немесе бөлiгi түсiнiлуi мүмкiн;
"үшiншi елдер" - әкелу елiнiң ұлттық преференциялар жүйесiн пайдаланушы болып табылмайтын елдер, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнде олармен тауарлардың шығарылған елiн айқындаудың өзге ережелерiн қамтитын еркiн сауда аймағын құру туралы халықаралық шарттары және еркiн сауда туралы шарттары жоқ елдер;
"жеткiлiктi қайта өңдеу өлшемi" - оған сәйкес тауар, егер оны өндiруге екi немесе одан да көп ел қатысатын болса, тауарға өзiне тән қасиеттердi беру үшiн жеткiлiктi соңғы елеулi қайта өңдеуге ұшыраған елден шығарылған болып саналатын тауарлардың шығарылған елiн айқындау қағидаттарының бiрi;
"тауар" - кедендiк шекара арқылы өткiзiлетiн кез келген жылжымалы мүлiк, оның iшiнде жылу, электр және энергияның өзге де түрлерi мен көлiк құралдары (жолаушылар мен тауарларды халықаралық тасымалдары үшiн пайдаланылатын көлiк құралдарын қоспағанда);
"тауар номенклатурасы" - Тараптар мемлекеттерiнде қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН);
"қосылған құн" - франко-зауыт тауарының бағасы мен оны өндiру үшiн пайдаланылатын импорттық шикiзаттар мен материалдар құнының арасындағы айырма;
"тауардың шығарылуы туралы сертификат" - тауар шығарылған ел туралы куәландыратын және тауар шығарылған елдiң немесе егер әкетiлетiн елде сертификат тауар шығарылған елден алынған мәлiметтер негiзiнде берiлсе, әкетiлетiн елдiң уәкiлеттi органы берген құжат;
"франко-зауыт бағасы" ("франко-қойма") - оның экспорты кезiнде төленетiн немесе төленуi мүмкiн барлық iшкi салықтарды есептемегенде, өндiрiсiнде тауарды соңғы елеулi қайта өңдеу жүзеге асырылған өндiрушiге төленген баға;
"тауар легi" - бiр көлiктiк құжат бойынша бiр жүктi алушының атына бiр жүктi жөнелтушiден жiберiлетiн тауарлар, сондай-ақ бiр почталық жүкқұжат бойынша жiберiлетiн не кедендiк шекарадан өтетiн бiр тұлға қол жүгi ретiнде өткiзетiн тауарлар;
"тауардың шығарылуы туралы декларация" - оларды әкетуге байланысты дайындаушы, жөнелтушi, экспорттаушы немесе өзге де құзыреттi тұлға көрсетiлген тауарларға қатысы бар кез келген құжатта жасаған тауарлардың шығарылуы туралы мәлiмдеме.
Елде толық өндiрiлген тауарлар
Мыналар белгiлi бiр елде толық өндiрiлген тауарлар болып есептеледi:
а) елдiң жер қойнауынан (оның аумағында), оның аумақтық теңiзiнен (суларынан) немесе осы теңiздiң түбiнен өндiрiп алынған пайдалы қазбалар;
б) белгiлi бiр елде өсiрiлген немесе жиналған өсiмдiк тектес өнiм;
в) белгiлi бiр елде туған және өсiрiлген тiрi жануарлар;
г) белгiлi бiр елде өсiрiлген жануарлардан алынған өнiм;
д) белгiлi бiр елде аңшылық және балық аулау кәсiпшiлiгiнiң нәтижесiнде алынған өнiм;
e) белгiлi бiр елдiң кемесiмен алынған теңiз балық аулау кәсiпшiлiгi өнiмi мен теңiз кәсiпшiлiгiнiң басқа да өнiмi;
ж) белгiлi бiр елдiң қайта өңдеушi кемесiнiң бортында "e" тармақшасында көрсетiлген өнiмнен ғана алынған өнiм;
з) белгiлi бiр елдiң, сол теңiз түбiн немесе сол теңiздiң қойнауын игеруге арналған ерекше құқықтары болған жағдайда, осы елдiң аумақтық теңiзiнен (суларынан) тыс жерлердегi теңiз түбiнен немесе теңiз қойнауынан алынған өнiм;
и) белгiлi бiр елде өндiрiстiк немесе қайта өңдеу жөнiндегi өзге деоперациялар нәтижесiнде алынған қалдықтар мен металл сынықтары (қайталама шикiзат), сондай-ақ сол елде жиналған және тек шикiзат күйiнде қайта өңдеу үшiн ғана жарамды, пайдалануда болған бұйымдар;
к) егер осы ел тиiстi ғарыш объектiсi тiркелген мемлекет болса, ғарыш объектiлерiнде ашық ғарышта алынған жоғары технологиялар өнiмi;
л) белгiлi бiр елде осы баптың "a" - "к" тармақшаларында көрсетiлген өнiмнен ғана дайындалған тауарлар.
Тауарларды жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерi
Егер тауарды өндiруге екi және одан көп елдер қатысатын болса, жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерiне сай келетiн тауарды қайта өңдеу немесе дайындау жөнiндегi соңғы операциялар жүзеге асырылған ел тауардың шығарылған елi болып есептеледi. Егер тауарлардың жекелеген түрлерiне немесе қандай да бiр елге қатысты Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлардың шығарылған елiн айқындаудың жалпы тәртiбі қолданылады: егер тауарды қайта өңдеу немесе дайындау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру нәтижесiнде СЭҚ ТН бойынша жiктеу коды кез келген алғашқы төрт белгiнiң деңгейiнде өзгерген болса, тауар сол елден шығарылған болып есептеледi. Жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерiне:
1) тауарды сақтау немесе тасымалдау кезiнде оның сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi операциялар;
2) тауарды сатуға және тасымалдауға дайындау жөнiндегi операциялар (лектi бөлу, жөнелтудi қалыптастыру, сұрыптау, қайта орау);
3) оларды жүзеге асыру Бiртұтас экономикалық кеңiстiк комиссиясы (бұдан әрi - БЭК комиссиясы) белгiлеген тiзбе бойынша тауардың жай-күйiн елеулi өзгертпейтiн қарапайым құрастыру операциялары және өзге де операциялар;
4) егер түпкi өнiмнiң сипаттамалары араластырылатын тауарлардың сипаттамаларынан елеулi түрде ерекшеленбейтiн болса, әр түрлi елдерде шығарылатын тауарларды араластыру;
5) мал сою сәйкес келмейдi.
Тауардың шығарылған елiн айқындау үшiн сондай-ақ, БЭК комиссиясы белгiлейтiн тәртiппен жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеудiң мынадай өлшемдерi пайдаланылады:
1) бұл операциялар орын алған ел тауарлардың шығарылған елi болып есептелуi үшiн жеткiлiктi белгiлi бiр өндiрiстiк немесе технологиялық операцияларды орындау;
2) қосылған құн түпкi өнiмнiң бағасында тiркелген пайыздық үлеске жеткен кездегi тауар құнының өзгеруi (адвалорлық үлес ережесi). Егер адвалорлық үлес ережесі қолданылған жағдайда құн көрсеткіштері:
импорттық материалдар үшін - бұл материалдардың оларды түпкі өнім өндiру жүзеге асырылатын елге әкелу кезiндегi кедендiк құны бойынша немесе импорттық материалдардың шығу тегi белгiсiз болған кезде олардың түпкi өнiм өндiру жүзеге асырылатын елдiң аумағында алғашқы сатылуының құжаттамалық расталған бағасы бойынша;
түпкi өнiм үшiн - сатушының "франко-зауыт" ("франко-қойма") шарттарындағы баға бойынша есептеп шығарылады.
Тауарды легiмен жөнелту
Бiрнеше лекпен жеткiзiлетiн бөлшектелген немесе құрастырылмаған түрдегi тауарлардың шығарылған елiн айқындау кезiнде, егер өндiрiстiк немесе көлiктiк жағдайлары бойынша оларды бiр лекпен жөнелту мүмкiн болмаса, сондай-ақ егер тауарлар легi қателiк немесе мекен-жайына дұрыс жолданбау салдарынан бiрнеше лекке бөлiнген болса, декларанттың қалауы бойынша бiртұтас тауар ретiнде қарастырылады.
Осы ереже мынадай шарттар бiр уақытта орындалған кезде қолданылады:
мұндай бөлшектеудiң себептерiн көрсете отырып, бөлшектелген немесе құрастырылмаған тауарларды бөлшектеу туралы әкелу елiнiң кеден органын алдын ала хабардар ету, СЭҚ ТН-ға сәйкес тауарлардың кодтарын, әр лекке кiретiн тауарлардың құны мен шығарылған елiн көрсете отырып әр лектiң толық сипаттамасын қоса беру, не тауарды бiрнеше лекке бөлу немесе мекен-жайына дұрыс жолдамау қателiгiн құжатпен растау;
барлық лектердi бiр елден бiр жеткiзушiнiң беруi;
тауардың барлық легiн бiр кеден органында кедендiк ресiмдеу;
барлық лектердi бiр келiсiм-шарт шеңберiнде жеткiзу;
тауардың барлық легiн кеден декларациясы қабылданған күнiнен бастап бiр жылдан аспайтын мерзiмде не бiрiншi лекке қатысты оны беру мерзiмi өтiп кеткен кезде жеткiзу. Тауар алушыға байланысты емес себептер бойынша тауарды жеткiзiп беру мүмкiн болмаған жағдайда кеден органы Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында белгiленген мерзiмде декларанттың дәлелдi өтiнiшi бойынша тауардың қалған легiн әкелу мерзiмiн ұзартуы мүмкiн.
Тауарлардың шығарылған елiн айқындау ерекшелiктерi
Тауардың шығарылған елiн айқындау үшiн оларды өндiру немесе қайта өңдеу үшiн пайдаланылатын жылу және электр энергиясы, машиналар, жабдықтар мен аспаптардың шыққан тегi есепке алынбайды. Машиналарға, жабдықтарға, аппараттарға немесе көлiк құралдарына пайдалануға арналған құрал-саймандар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер мен аспаптар, егер осы құрал-саймандар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер мен аспаптар, техникалық құжаттарға сәйкес әдетте осы құрылғылармен бiрге жеткiзiлетiн және мөлшердегi жоғарыда көрсетiлген машиналармен, жабдықтармен, аппараттармен немесе көлiк құралдарымен бiрге әкелiнсе және пайдаланылса, сол машиналар, жабдық, аппараттар немесе көлiк құралдары әкелiнген елде шығарылған болып есептеледi. Орама СЭҚ ТН-ға сәйкес тауардан бөлек қаралатын жағдайларды қоспағанда, кедендiк аумаққа тауар әкелiнетiн орама сол тауардың өзi шығарылған елде шығарылған болып есептеледi. Мұндай жағдайда орама шығарылған ел бөлек айқындалады. Егер тауар кедендiк аумаққа әкелiнетiн орама, тауардың өзi шығарылған елде шығарылған болып есептелсе, тауардың шығарылған елiн айқындау үшiн тауар, әдетте бөлшек саудада сатылатын орама ғана, оның iшiнде адвалорлық үлес ережесiн қолдану кезiнде ескерiледi. Егер оның шығарылуы осы Ереженiң шарттарына жауап беретiн тауар басқа соңғы тауар өндiрiсiнде пайдаланылатын болса, осы тауарды өндiру үшiн пайдаланылған шикiзатқа, материалдарға, жинақталымдарға қолданылатын шығарылу талаптары соңғы тауардың шығарылған елiн айқындау кезiнде назарға алынбайды.
Тауардың шығарылған елiн растау
Тауардың шығарылған елiн растау үшiн кеден органы тауардың шығарылуы туралы декларацияны, ал Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында белгiленген жағдайда, тауардың шығарылуы туралы сертификаттың (бұдан әрi - сертификат) ұсынылуын талап етуге құқылы. Әдетте, бiр немесе бiрнеше көлiк құралымен бiр жүк алушыдан және сол бiр жүктi жөнелтушiге жүзеге асырылатын тауардың әрбiр жекелеген жеткiзiлiмiне сертификат ресiмделедi. Тауардың шығарылуы туралы декларация дайындаушы, сатушы немесе экспорттаушы тауарлардың әкетiлуiне байланысты, тауарға қатысы бар қандай да бip құжатта еркiн нысанда тауардың шығарылған елi туралы жасаған мәлiмдемесiн бiлдiредi. Мұндай құжаттарға: тауар көлiк құжаттары (темiр жол, автокөлiк және әуе жүк-құжаттары, коносамент); шот-фактура (инвойс), шот - проформа (инвойс - проформа); орау парақтары, түсiру ерекшелiктерi, сертификаттар (сәйкестiк, сапа, фитосанитарлық, ветеринарлық және басқалар) жатады. Егер тауардың шығарылуы туралы декларацияда тауарлардың шығарылған елi туралы мәлiметтер өзгеше өлшемдерге негiзделген болса, тауардың шығарылған елi қолданылатын өлшемдерге сай белгiленедi.
Сертификатты ресiмдеу
Сертификаттың бланкiсi баспаханалық тәсiлмен басылуға және ағылшын, француз, испан немесе орыс тiлдерiнде толтырылуға тиiс. Сертификаттың қолданылу мерзiмi берiлген күнiнен бастап 12 айды құрайды.
Сертификатта тазартулардың болуына жол берiлмейдi. Сертификатқа түзетулер қате ақпаратты сызу және сертификатты беретiн уәкiлеттi органның қолымен және мөрiмен расталатын түзетiлген мәлiметтердi енгiзу жолымен енгiзiледi.
Егер сертификатта тауарлардың шығарылған елi туралы мәлiметтер өзгеше өлшемдерге негiзделген болса, тауардың шығарылған елi қолданылатын өлшемдерге сәйкес анықталады.
Сертификатты толтыру
Сертификатта мыналар қамтылуға тиiс:
- тауарды жөнелтушi/экспорттаушы/жеткiзушi туралы мәлiметтер (атауы, мекен-жайы, елi);
- бланктiң реттiк нөмiрi; сертификаттың тiркеу нөмiрi, сертификатты беретiн уәкiлеттi органның логотипi, эмблемасы;
- тауарды экспорттаушы, транзит және/немесе алушы елдiң бақылаушы органдарының қызметтiк белгiлерiн, сондай-ақ қажет болған кезде мынадай "Көшiрме", "Сертификаттың орнына берiлдi", "Соңынан берiлдi" деген жазбаларды қамтуы мүмкiн;
- тауарды алушы/импорттаушы туралы мәлiметтер (атауы, елi, мекен-жайы) немесе "Мақсаты бойынша" деген жазба;
- көлiк құралдары және жүру бағыты туралы мәлiметтер (барынша белгiлi мәлiметтер бойынша);
- тауардың нөмiрi, орындардың саны мен орамның түрi, тауардың сипаттамасы;
- тауардың атауы және кедендiк ресiмдеу мақсаттары үшiн мәлiмделгенге қатысты бiр мәндi сәйкестендiру жүргiзуге мүмкiндiк беретiн басқа да мәлiметтер;
- тауардың салмақтық не сандық сипаттамалары (тауардың iс жүзiндегi мөлшерi сертификатта көрсетiлген тауардың мөлшерiнен 5%-дан аспауға тиiс);
- шот-фактура немесе шот-проформа, немесе тауардың қаржылық-мөлшерлiк параметрлерi көрсетiлген өзге де құжат туралы мәлiметтер (жүк бiр жүктi жөнелтушiден және сол бiр жүктi алушыға жiберiлген кезде ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарттарды жүзеге асыру кезiнде мiндеттi емес);
- қажет болған кезде тауарды сәйкестендiру мақсаттары үшiн өзге де мөлшерлiк көрсеткiштер;
- уәкiлеттi органның атауы мен мекен-жайы, мөрi мен сертификатта көрсетiлген мәлiметтердiң куәландырылған күнi, сондай-ақ сертификатты растауға өкiлеттiк берiлген тұлғаның қолы мен тегi;
- тауар толық өндiрiлген не жеткiлiктi қайта өңдеуге ұшыраған ел туралы мәлiметтер, тауардың шығарылған елi туралы мәлiметтердi декларациялау күнi, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң қолы мен тегi.
Сертификатты берудiң ерекше жағдайлары
Сертификат жоғалған немесе бүлiнген жағдайда оның ресми расталған телнұсқасы ұсынылады. Телнұсқа берiлген кезде, онда "Телнұсқа" деген сөз, жоғалған түпнұсқаның нөмiрi мен күнi көрсетiледi, сондай-ақ телнұсқа берiлген күнi қойылады. Сертификаттың телнұсқасы түпнұсқа берiлген күнiнен бастап күшiне енедi.
Сертификат тауар жөнелтiлгеннен кейiн де, тапсырыс берушiнiң жазбаша негiзделген өтiнiшiнiң негiзiнде берiлуi мүмкiн, бұл ретте тапсырыс берушi көзделген құжаттар пакетiмен қоса сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органға тауардың iс жүзiнде жөнелтiлгенiн растауды ұсынады. Бұл жағдайда сертификатта: "Соңынан берiлдi" деп көрсетiледi. Қандай-да бiр себептер бойынша бұрын берiлген сертификаттың күшi жойылған және күшi жойылған сертификаттың орнына жаңа сертификат берiлген кезде жаңа сертификатқа, күшi жойылған сертификаттың нөмiрi мен күнi көрсетiле отырып "Сертификаттың орнына берiлдi" (орнына берiлген сертификатқа жаңа нөмiр берiледi) деген жазба енгiзiлуге тиiс.
Кеден органдарына шыққан елдi растауды ұсыну
Сертификаттың түпнұсқасы кеден декларациясымен және кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыру үшiн қажеттi басқа да құжаттармен бiрге табыс етiледi.
Егер сертификат тиiсiнше ресiмделген болып табылмаса (тазартулар, бояулар немесе расталмаған түзетулер болса, қажеттi қолдар мен мөрлер болмаса, сертификаттағы мәлiметтер олардың декларацияланатын тауарларға қатысын анықтауға мүмкiндiк бермесе, сертификатта тауарлардың шығарылған елi не олардың негiзінде тауарлардың шығарылған елi туралы қорытынды жасалған өлшемдер нақты көрсетiлмеген болса, егер осындай өлшемдер халықаралық шарттарға немесе Тараптар заңнамасына сәйкес мiндеттi түрде көрсетiлу керек болса) тауарды әкелу елiнiң кеден органы сертификатты куәландырған уәкiлеттi органға немесе тауар шығарылған елдiң құзыреттi органдарына сертификаттарды жай тексеруге байланысты өтiнiштердi қоса алғанда, қосымша не нақтылаушы мәлiметтердi хабарлау жөнiнде дәлелдi өтiнiшпен жүгiне алады.
Тауардың шығарылуын растайтын құжаттар және/немесе мәлiметтер табыс етiлгенге дейiн тауар сол тиiстi елде шығарылған болып есептелмейдi. Сертификатты немесе тауардың шығарылуы туралы мәлiметтердi табыс етпеу кеден органдарына оны ұстау үшiн негiздеме болып табылмайды.
Шыққан тегi анықталмаған тауарларға Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес әкелу баждарының ставкалары қолданылады. Осы тауарларға қатысты кеден органы кедендiк декларацияны қабылдаған күнiнен бастап бiр жыл өткенге дейiн сол тауарлардың шығарылған елiн растауды алған жағдайда ұлттың ең қолайлы режимi қолданылуы (қалпына келтiрiлуi) мүмкiн. Тараптар мемлекеттерiнiң кеден органдары тауар осы мемлекет үшiн қолданылатын халықаралық келiсiмдерге және/немесе оның заңнамасына сәйкес тауарлары әкелу елiне өткiзуге жатпайтын елден шығарылған деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде ғана тауарды өткiзуден бас тартуы мүмкін.
Шыққан елiн растауды ұсыну талап етiлмейтiн жағдайлар
Егер:
Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк аумақтарына әкелiнетiн тауарлар кеден органы тауарларын Тараптардың бiрiнiң тиiстi мемлекетiне әкелуге немесе осы мемлекеттiң халықаралық шарттарына немесе заңнамасына сәйкес оның аумағы арқылы транзитiн тыйым салынған ел тауарлардың шығарылған елi болып табылатындығының белгiлерiн анықтаған жағдайларды қоспағанда, халықаралық кедендiк транзит кедендiк режимiне немесе кедендiк баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босата отырып уақытша әкелу кедендiк режимiне сәйкес әкелiнетiн болса;
егер бiр жөнелтушi бiр уақытта бiр алушының мекен-жайына жөнелткен, кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлардың жалпы кедендiк құны Тараптардың бiрiнiң тиiстi мемлекетiнiң заңнамасында белгiленген сомадан аспайтын болса;
егер жеке тұлғалар тауарларды жеке және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға байланысты емес өзге де мақсаттар үшiн кедендiк шекара арқылы өткiзетiн болса;
Тараптар мемлекеттерiнiң халықаралық шарттарында және/немесе заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда шыққан тегiн растауды ұсыну талап етiлмейді. Шығарылған елiн айқындау ережесi Тараптар мемлекеттерiнiң экономикалық және сауда қызметi жағдайындағы өзгерiстер аясында олардың баламалық дәрежесiн айқындау мақсатында кемiнде үш жылда бiр рет қайта қаралуға тиiс.

ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛЫР

Реферат тақырыптары:
1. ҚР кеден құқығының жалпы сипатамасы.
2. Кеден органдарының функциялары.
3. Кеден төлемдері мен салықтарының түрлері.
4. Кеден бақылауын жүргізу және оның формалары.
5. Кеден құқығының қайнар көздері.
6. Кеден ережелері (режимдері).
7. Халықаралық кедендік ұйымдар.
8. Тауарларды декларациялау.
9. Еркін кеден аймағы мен еркін қойма режимдері.
10. Контрабанда.
11. Кеден қоймасы режимі.
12. Тауарларды тексеру және жеке тексеру.
13. Кеден ережелерін бұзу.
14. Кеден одақтары және басқа да халықаралық ұйымдар.
15. Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің жалпы ережесі.
16. Кедендік рәсімдеудің түсінігі, орны, уақыты және тілі.
17. Уақытша сақтауға берілген тауарларың құқықтық режимі.

Емтихан сұрақтары:
1. Кеден құқығы: ұғымы, пәні, әдісі, субъектілері мен бастаулары.
2. Кеден ісінің мазмұны мен құрылымы.
3. Кеден саясатынын мақсаттары.
4. Кеден аумағы мен кеден шекарасы.
5. Кеден органдарының ұгымы, міндеттері, функциялары және жуйесі.
6. Кеден органдары шығаратын актілердің турлері.
7. Кеден органдары лауазымды адамдарының құқықтық мәртебесі.
8. Кеден органдары мен лауазымды адамдарының жауапкершілігі.
9. Тауарлар мен көлік кұралдарын ҚР әкелу және ҚР әкету құқығы.
10. Тауарлар мен көлік кұралдарын ҚР әкелуге және ҚР әкетуге құқығы тиым салу.
11. Кеден режимі: ұғымы мен түрлері.
12. Тауарлардың еркін айналыс үшін шығару.
13. Тауарлардың кері импорты.
14. Кеден қоймасы.
15. Бажсыз сауда дүкені.
16. Тауарлардың кедендік аумақта қайта өндеу.
17. Тауарларды кеден аумақтан тыс жерлерде қайта өндеу.
18. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өндеу.
19. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу.
20. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкету.
21. Тауарлардың экспорты.
22. Тауарлардың кері экспорты.
23.Тауарлар транзиті.
24. Еркін кеден аймағы.
25. Еркін қөйма.
26. Арнайы кедендік режим.
27. Кеден төлемдердің, алымдардың, салықтардың ұғымы мен түрлері.
28. Кедендік баждың ұғымы.
29. Кеден құнын айқындау жуйесі.
30. Кеден құны жөніндегі декларанттын құқықтары мен міндеттері.
31. Кеден құнын айқындау жөніндегі кеден органның құқықтары мен міндеттері.
32.Кеден бақылауының ұғымы, әдістері, және түрлері.
33. Кеден бақылауын жүргізу және оның нысандары.
34. Жеке тексеру.
35.Кеден бақылауын ұйымдастыру.
36. Тауарларды, көлік құралдарын, үй-жайлар басқа орындарды тендестіру.
37. ҚР кеден органдары лауазымды адамдарының кеден бақылауын жүргізу үшін аумақтар мен үй-жайларға кіруі.
38. Кеден бақылауынын белгілі бір нысандарынан босату.
39. Кеден ісі саласындағы қылмыстар ұгымы, түрлері.
40. Контрабанда.
41. Кеден ережелерін бұзұдын түрлері және солар үшін жауапкершілік.
42. Кеден ережелерінін бұзулуы туралы істерді жүргізу және оларды қарау тәртібі.
43. Кеден ережелерінін бұзулуы туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары.
44. Кеден ережелерінін бұзулуы туралы іс жөніндегі ҚР кеден органның қаулысына шағым жасау.
45. ҚР кеден органдарының анықтама жүргізу қызметі.
46. ҚР кеден органдарының жедел іздестіру қызметі.
47. Кеден ісі саласындағы халықаралық – құқықтық арақатынас.
48. ТМД елдердін кеден бірлігі.
49. Кеден төлемдері мен салықтарын төлеу тәртібі.
50. Тауарлар шыққан елін айқындау мақсаты.
51. Тарифтік жеңілдіктер.
52. Кедендік ресімдеудің ұғымы.
53. Алдын-ала жүргізілетін операциялар.
54. Негізгі кедендік ресімдеудің сатылары.
55. Декларанттын міндеттері мен құқықтары.
56. Кеден ісі саласындағы қылмыстар және жауапкершілік.
57. Кеден органдарының құқық қорғау қызметі

ГЛОССАРИЙ

Курс бойынша негізгі ұғымдар мен анықтамалар:

Валюталық бақылау – бекітілген тәртіпте кеден шекарасы арқылы заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың сақтауына бағытталған және кеден органдары арқылы жүзеге асытын кедендік бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылатын тиімді қызмет;
Ішкі кедендік шекара – бір уақытта басқа мемлекеттің де кеден аумағының шегі болып табылатын, Кеден Одағына кіретін әрбір мемлекеттердің кеден аумағының шегі;
Декларант – тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлға не тауарлар мен көлік құралдарын өз атынан декларациялайтын, білдіретін және ұсынатын кеден брокері;
Декларациялау – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және (немесе) кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметтерді мәлімдеу;
Сыртқы кеден шекарасы – Кеден Одағына кірмейтін мемлекеттер аумағы мен Кеден Одағына қатысушы мемлекеттер аумағын бөліп тұратын Кеден Одағына қатысушы мемлекеттердің бірыңғай кеден аумағының шегі;
Қазақстандық тауар- толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген, жеткілікті қайта өндеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасында қайта өнделген, Қазақстан Республикасының аумағында еркін айналым үшін шығарылған, Кеден Кодекске сәйкес мемлекеттің меншігіне айналдырылған тауар;
Қазақстан Республикасының кедендік аумағы – құрғықтағы аумақ, аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар, олардың үстіндегі әуе кеңістігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, ғимараттар және кеден ісі саласында Қазақстан Республикасының юриздикциясында ғана болатын өзге де объектілер құрайды;
Кеден делдалы (брокер) – Орталық кеден органынан кеден делдалы қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған, өз құрамында кедендік рәсімдеуші маманы бар заңды тұлға;
Кеден ісі – кеден шекарасы арқылы тауардар мен көлік құралдарын өткізу тәртібі мен шарттарын, кеден төлемдері мен салық салуды, кедендік рәсімдеу, кеден бақылауын, кеден саясатын іске асырудың құралдары, сондай-ақ кеден органдары қызметінің ұйымдық-құқықтық негіздерін қамтиды;
Тарифтік емес реттеу шаралары – тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар мен шектеулер, квоталау, лицензиялау, тауарлардың қауіпсіздігі бойынша стардарттар мен талаптарға (оның ішінде техникалық, фармакологиялық, санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық, радиациялық, экологиялық стандарттар) сәйкестігін расстау және Қазақстан Республикасының заң актілерімен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларымен белгіленетін өзге де талаптар;
Тарифтік реттеу шаралары – тауарлар мен кұралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде кедендік тарифті пайдалана отырып, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметті мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шаралар;
Кедендік әкімшілік жүргізу - Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық және өзге де іс-әрекеттер мен шаралар жиынтығы;
Кедендік бақылау - Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын, орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдары жүктелген шаралардың жиынтығы;
Кедендік рәсімдеу –тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты адамдар және Қазақстан Республикасының кеден органдары жасайтын іс-әрекеттер мен рәсімдердің жиынтығы;
Кедендік баж - Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарды Қазақстан Республикасының кедендік аумагына әкелген кезде немесе тауарды аталған аумақтан әкеткен кезде алатын және осындай әкелу немесе әкетудің ажырамас шарты болып табылатын кедендік төлемнің түрі;
Кедендік режим - Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, Кеден Кодексте белгіленген нормалардың жиынтығы;
Кедендік алымдар - Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарың кедендік ресімдеу, кедендік алып жүру үшін, сондайөақ оларды Қазақстан Республикасының кеден органдары бекітетін қоймаларда сақтау үшін алатын кедендік төлем түрлері;
Кеден органдарының лауазымды тұлғасы – бекітілген тәртіптегі міндеттерді атқарушы және арнайы құқықтар берілген кеден органдары жүйесіндегі қызметкер. Лауазымды тұлға ретінде тек Қазақстан Республикасының әрекетке қабілетті, өз ісі мен адамгаршілік қасиеті, білім деңгейі мен денсаулық жағдайы кеден органдарының жүктеген қызметін орындай алатындай қабілетті тұлға бола алады.
Қысқаша декларация – тауарлар мен көлік құралдарын кеден режиміне жатқызбас бұрын кеден органына берілетін, өткізілетін тауарлар жөніндегі мәліметтер мазмұндалған құжат.
Преференциялар – жеке елдің бірнеше немесе барлық тауарлары үшін, басқа қалған елдердің тауарына қолданылмайтын кеден бажын салуда берілетін жеңілдіктер.
Жалпы кеден тарифі – Кеден Одақтарына қатысушы мемлекеттер аумағына үшінші елден әкелінетін тауарларға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сыртқы экоомикалақ қызметтегі тауарлардың бірыңғай номенклатурасына сәйкес қолданылатын әкелінген таурға салынатын кеден баждарының келісілген біріңғай тізімі.
Кеден саясаты – кеден шекарасы арқылы өткізілетін объектілерге қолданылатын және бір мақсатқа бағытталған, бірыңғай кеден төлемдері жүйесін құру жолымен жүзеге асатын, сыртқы экономикалақ қызметті мемлекеттік реттеуге бағытталған, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі.
Кеден қызметі – кеден оргадарында мемлекеттік қызметті ұйымдастыруды қоса алғанда, кеден саясатын жүзеге асыру мақсатында және кеден ісін жүзеге асыруда тікелей қатысатын кедендік органдар мен басқа да органдар және ұйымдардың жиынтығы.
Кеден жеңілдіктері – тауарлар мен көлік құралдары транзитінде немесе әкелу мен әкетуде заңды және жеке тұлғаларға берілетін артықшылықтар.
Кедендік құн – тауарды кеден шекарасынан өткізу кезінде нақты төленген немесе төленуге тиісті құны және ол мына мақсатқа – тауарға кеден төлемдерін және салық салу, сыртқы экономикалық және кеден статистикасын, сыртқы сауда саясатын мемлекеттік реттеудің өзге де шараларын қолдану.

Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1998 жылғы 7 қазаңдағы № 284-1 заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен / Алматы:Юрист. - 2004. - 40б.
2. Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі 2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II, 2003 жылғы 10 шілдедегі № 483-II, 2004 жылғы 9 шілдедегі № 592-II заңдарымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен / Алматы: Юрист. – 2005.-255б.
3. «Казақстан республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16 шілде 1999 жылғы.
4. Алибеков С.Т. Казахстанское таможенное право. (Общая и Особенная часть): Учебное пособие./ Алматы;: ВШП Әділет.- 1999.-204б.
5. Алибеков С.Т. Таможенное право Республики Казахстан: теория и практика. Дисс. канд. юр. наук./Алматы.-1997.
6. Борисов К.Г. Международное таможенное право./ Москва.-1997
7. Габричидзе Б.Н. Таможенное право./ Москва.-1995
8. Жақашев Д.С. Кеден органдарының құқықтық мәртебесі: теориясы мен практикасының мәселелері: Оқу құралы./Алматы: Дәнекер.- 2003.-212б.
9. Сарсембаев М.А. Правовое регулирование внешнеэкономической деятельности./Алматы.- 1995
10. Сарсембаев М.А. Таможенное право. / Алматы.-1997

Қосымша әдебиеттер:
11. Алексеев С.С.Теория права./ Москва.-1995.
12. Бахрах Д.Н., Кивалов С.В. Таможенное право России./ Екатеренбург.-1995.
13. Вибол. Е. Правовые основы управления таможенным делом в Республике Казахстан. Дисс. канд. юр.наук./Алматы.-1999.-137б.
14. Габричидзе Б.Н., Шахмаметов А.А. Таможенно-тарифное регулирование внешнеэкономической деятельности в Российской Федерации. /Журнал Государство и право.-1994.№1
15. Габричидзе Б.Н., Суслов Н.А. Таможенные органы РФ: правовой статус и пути его совершенствования./ Журнал Государство и право.-1995.№3
16. Гребенщикова Л.В., Кубасова И.А, Сарсембаев М.А. Таможенное законодательство Казахстана и международные таможенные конвенции./ Алматы.-1996.
17. Касымов Г.Е. Итоги деятельности таможенных органов в 1997 году./ Таможенный вестник.-1998.№1.
18 Ким В.А., Ким Г.В. Конституционный строй Республики Казахстан./ Алматы.-1998.
19. Мадиярова Д.М., Текенов У.А, Акбаева Б.М. Международные транспортные перевозки и управление таможенным делом: Учебное пособие./Алматы.-2000.
20. Мауленов К.С.Основы таможенного законодательства./ /Основы государства и права РК/ Алматы.-1997.-493б.
21.Мулькин С. Сильная таможня – сильное государство./ Таможенный вестник. Алматы.-2001.№1.
22. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы/ Егемен Қазақстан.-1997. 11 қазан.
23. Нұрахметов Б. Қазақстан Республикасының кеден ісі: сұрақтар мен жауаптар. /Алматы.-2000.
24. Сарсембаев М.А. Международно-правовые отношения государств Центральной Азии./Алматы.-1995.
25. Укин С.К. Конституционные основы правового статуса таможенных органов Республики Казахстан. Дисс. канд.юр. наук./Алматы.-2000.-116б.
26. Тілемісов Н.Х. Қазақстандағы кеден тарихы (сауда жолдарынан кеден жұйесіне дейін)./Алматы.-2001.
27. Тленчиева Г.Д. Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане./Алматы.-1996.
28. Угаров Б.М. Международная борьба с контрабандой./Москва.-1981.
29. Храбсков В.Г. Таможня и закон./Москва.-1979.
30. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан./Алматы.-1995.
31. Худяков А.И. Налоговое право./Алматы.-1996.
32. Шалтыков А.И. История таможеного дела./Алматы.-1999.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



171.0Kb
Категория: Кедендік іс | Добавил: Admin
Просмотров: 4463 | Загрузок: 357 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Домбырамен ән айту арқылы жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру
Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптастырудың ерек...
Халық ағарту ісі
Азаттық жырының ақтаңгері
Windows объектілі-бағытталған платформасы
Саясат және оның қызметтері
Тастанбекқызы Сара
Ғабиден Мұстафин
Айбек Қалмағанбетовтың Жоғалған қыз туралы аңызы
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Гигиена
Сот билігі
Бетховеннің симфониялық шығармашылығы
Жапония
Қасым Аманжолов