Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 16.12.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Кедендік іс

Кеден құқығы мен қеден ісі
Загрузка...
Кеден құқығы мен қеден ісі

Құкык саласының институты біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқыктык нормалар жиынтығымен сипатталады.
Осыған байланысты кеден құқығында негізгі институттар мынандай түрге бөлінеді: мемлекеттің ішкі және сырткы саясатының құрамдас бөлігі ретінде кеден саясаты және кеден аясындағы кедендік саясат мен міндеттерге жету мақсатының құралы ретінде кеден ісі.
Ресейдің Кедендік кодексінің Қазақстандык кеден құқығынан айырмашылығы кеден саясатын кеден ісінің құрамында қоса карастырады.
Ондай ережені Б. Н. Габричидзе қате деп санап, былай деп жазады: "РФКҚ-ң 2-бабының 2 бөлігі кеден саясатының мақсатына Ресейдін үлттық экономикасын дамытуды арттыру, оның қүрылымдық қайта қүруын жүргізуге көмектесу, тауар алмасуды реттеу де жатады деген мағына береді. Басқа да маңыздылығы аз емес максаттар да карастырылады. Бүдан кеден саясаты кеден ісінің шегінен тыс екендігі көрінеді".
Кеден ісін кеден құқыганың жүзеге асуының нысаны ретінде карастырудың күкыкгық және ғылыми негізі бар.
Құқықтың құрылуы-деп жазады С.С Алексеев өзінің шығу негізі бойынша объективті келісімін, қажетті сипатка ие".
Құқық кұрудың бастапқы сатысы - объективті экономикалық, әлеумеггік-саяси, адамгершілік немесе басқа қоғамдық қатынастарды заң негізінде рсттеу қажеттілігі туғанда пайда болады. Осы қажеттіліктер келесі кезекте саяси катынастар жүйесіне - саяси, адамгершілік жөне қүкыкгык санада, үстемдік ететің қоғамдык пікірдең өте отырып, өзгерістерге ұшырайды, мүдделер тоғысады немесе тар шеңберде қалып, бүрмаланған, өзгерген сипатқа ие болады.
Кеден ісінің алғашқы даму сатысында кеден күқығы осы кездегі мазмүны кеден заңдарымен аныкталған және кедендік жүйе шекарасы анықгалмаған кедендік реттеумен айқыңдалды. Кедендік реттеуте кеден шекарасы арқылы тауарлар мен баска мүліктерді өткізу, кеден төлемдері, кедендік процеду-ралар жатады. Әкімшілік және кылмыстық жауапкершілік ҚазССР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және Қылмыстық Кодексіне сәйкес анықталды.
1993 жылғы 1 наурыздан бастап Қазакстанда кеден шекарасы арқылы сырткы экономикалык кызмет шегінде өткізілетін тауарлар мен басқа да мүліктерді міндетті мәлімдеу енгізілді.
Үкімет кеден шекарасы аркылы өткізілетін тауарлар мен баска да мүліктерді өткізу мен рәлімдеу тәртібі туралы ереже, саудаға жатпайтын айналыс туралы уақытша ереже, бас декларант және :тскларант туралы ережені бекітті. Мәлімдеу туралы 1991 жылгы 26 наурызда КСРО Кеден Кодексінде көрсетілген.
1992 жылгы 25 кантардағы Президенттің "Экономиканы тұрақтандыру және құруды жүргізу кезеңінде Қазақстан Реслубликасында сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру туралы" Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында бұрынғы Кеңес Одағында қабылданған экспорт пен импорт тауарларына (жүмыс, қызметіне) салық, кедсндік тариф және бартерлік мәлімдеме сиякты нормативтік актілердің күші жойылды, ал Кеден Комитетіне К.Р кеден шекарасы арқылы өткізілетіндіктен, мәлімдеуте жататын баска да мүліктер мен экспорттык-импорттық жүкті мәлімдеуді қамтамассыз Мәлімдеу кедендік процедура ретінде сыртқы экономиқалық қызметке катысушыларымен өз бетінше немесе кедендік рәсімдеуге рұқсат алған үйымдар аркылы келісім негізінде жүзеге асады.
Бас кедепдік басқарма мен Қаржы министрлігі бас декларант ретінде танылған ұйым болғандықтаң, кедін шекарасы арқылы өткізілетін барлық заттар мен тауарларды мәлімдеуді жүзеге асыра алады. Бас декларант пен иелік етуші субъектісінің арасындағы өзара катынас тәртібін ереже анықтайды. Өз еркімен мәлімдеуді декларанттық куәлігі бар декларанттық ұйым жүзеге асырады. Ал ондай үйымның пайда болуын осындай үйымды мамандандыруға арналган қызмет көрсетудің кеден аясында процедуралық қызметтің кең тарауымен түсіндіруге болады.
Бас декларант кеденге жүктің кеден мәлімдеуіне кедені шекарасынан өткізілетін әрбір тауар мен баска заггың әрбір партиясын таныстыруға, оларды кедендік рәсімдеуге беруге, тауар мен баска заттарды өткізудін мақсаты туралы кедендік бакьшау мен кедеіндік рәсімдеуге қажет нақты мәліметті беруге міндетті.
Декларант болып кез келген үйым және Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуден өткен занды түлға бола алады, Декларант кеденге жүктің кедендік декларациясын ксдендік ресімдеуге беріп, кеденнің талабы бойынша уәкілетті түлғаны ауыстырып, кедендік процедураны жүргізгені үшін қажет жағдайда кеден алымдарын төлеп отырады.
1991 жылғы 27 желтоксандағы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасынан азық-түлікті жеткізуді лицензиялау және квоталау тәртібі туралы" № 804 қаулысы бойынша 1992 жылғы каңтардан бастап Қазақстан Республикасының шегінен тыс азық-түлік, тауарлар, шикізат және жүмыс еткізу Мемлекеттік басқару органдарының осыған берген лицензиясы мен квотасы негізінде жүзеге асырылады. Кеден комитеті лицензиясыз рәсімдеп әкетуге болмайтын шикі затқа, тауарлар мен азық-түліктерге бақылау жасау нысанын анықтауға тиіс болды.
Кедендік және баска мемлекеттік бақылау нысаны ретінде тексеру жүргізу туралы 1992жылғы 3 қаңтардағы Министрлеге, өнім беретін және өнім бермейтін тауарларды, малды әкетуді тәртіпке келтіру туралы" № 5 каулысы бойынша 1992 жылғы 10 каңтарға дейін көлік жолдарында, темір жол бекеттерінде, аэропортта, тең және өзен порттарына өткізетін бақылау бөлімі жүйесін күру тапсырылды. Шыньщда, осы актіні кабылдау негізінде Қазакстаннан бақылаусыз азық-түлікті әкетуді тоқтату арқылы түтынушылар нарығын түраісгандырды. ТМД елдерімен шекарадағы кеденді бақылау Қазакстан шекарасы арқылы ететін жолаушылар мен жүктер, көлік кү-ралдарының барлық түрлеріне кедендік бакылауды толық негізде қамтамасыз ету үшін түракты кеден мекемесі дислокациясы орнын ұйымдастыруды қажет етті. Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 10 каңтарындағы № 1109 Каулысы негізінде 1993 жылы кеден мекемелерінің қызметкерлерінің штаттык саны 5 мыңға көбейді, ал 1994-1995 жылдары әр жыл сайын 2 мыңға өсті. Осы қаулы бойынша кеден мекемелеріне кедендік бақылау зонасында көлік күралдарын мәжбүрлеп тоқтатуға, жүкті тексеруге, бухгалтерлік, каржылык, банктік және басқа да құжаттарды талап етуге қүқықтар берілді.
Кеден құкығының алгашкы кезеңінде кедендік реттеу Казақстан шекарасында бакылау қызметін аткаратын ішкі істер органдарымен бірлесе отырып жүзеге асырылды. Осы кезден-ак сыртқы экономикалық кызметті толык либерализациялау кажеттілігі арта түсті. Бұл туралы " К Р-ның сыртқы экономикалык. кызметті үйымдастыру жөніндегі жарлыгын жүзеге асыру туралы" Мииистрлер Кабинетінің № 717 каулысында, 1994 жылғы 26 сәуірдегі "Қазакстан Рсс-публикасы аумағындағы тауарлар импорты (жүмыс, қызмет) және экспортын лицензиялау жәнс квота."'туралы" № 435 каулысынла, 1995 жылғы 19 қаңтардағы "Казакстан Республикасы аумағында тауарлар (жүмыс, қызмет) импорты меи эксиортын реттеу тәртібі туралы" № 66 каулысында. Премьер-Министрдің осылай аталатын резолюцияларында жеке касіп-орындар мен фирмаларға қатысты, жеке тәртіптік көптеген сүрактар шешілді.
Жеңітдіктер категориясына қатысты мемлекеттік заң мәселелері бұзылды, жеңілдіктер жеке түрде берілмейтін болды, тек белгілі үйымдар мен түлғаларға ғана берілді, сондай-ак кеден төлемдері мен салықтарын төлеудегі кейінге қалдыру, бөліп төлеу әдістері де бүзылды, 1995 жылғы 20 шілдедегі "Қазақстан Республикасы кеден ісі туралы" Заң күші бар қабылданған соң (1999 ж. 16 шілдеден бастап) "Қазакстан Республикасының кеден ісі туралы" Заңы әрі қарай халықаралық кеден жүйесіндегі талапка сай кеден ісі түсінігін енгізді. Мүнда кеден ісі мемлекетке өз негізін өзгертпей, оның монополиясын сақтай отырып кедендік реттеу механизмін калыптастыру перспективасы мазмүнын айкындады.
Сырткы экономикалык кызметті әрі карай либерализациялау Қазакстан экономикасына шетел инвесторларының катысуы, Қазақстанның интеграциялык мүддесі және тағы басқалар кедендік саясат кұралы мен кеден максаттарын сактай отырып, кеден ісінің элементтерін унификациялауды, кажет етеді.
Кеден қүқығының осы және баска институтарын қарастыра отырып, автор оның мазмүнында мынадай маңызды бөлімдерін және кеден ісінің мәселелерін карастырмаған; кедендік статистика, сырткы экономикалык кызметтегі тауарлар номенклатурасы, кедендік экспертиза, өйткені олар тәжірибеде объективті сипатқа қатысты тәуелсіздікке ие болуға тиіс және дәл сол кездегі кеден жүйесінде мақсатты кызмет аткаруға тиісті.
Статистпкалық акларат баскарма шешімінің ғылыми негізділігі мен кез келген салада дүрыс шешім шығаруға көмектеседі.
Кедендік статистика - кеден орындары қызметінің кажетті атрибуты кажет жағдайда онын мәліметтері негізінде сырткы экономикалык байланыстардың толық суретін көруге болады және кабылданған шешімді түзетуте болады. Кеден статистикасының "Кеден ісі туралы" занда аныкталған міндеттері ТМД мемлекет катысушыларының сырткы сауда кедеішік статистикасынын біртүтас методологиясының максаттары және шешімімен Казақстан сиякты және тағы баска мемлекеттердің техникалық мүмкіншілік перспективасына ортақ болуға тиіс.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



38.5Kb
Категория: Кедендік іс | Добавил: Dastan
Просмотров: 2978 | Загрузок: 195 | Рейтинг: 5.0/1

Это может Вас заинтересовать:
Астана - Қазақстанның саяси ерік-жігерінің нышаны
Адам болам десеңіз (білім сайысы)
Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы...
Қазақстан Республикасының климаты
Төлеген Айбергенов
Компьютерлік Вирустар
Ұлытау мұражай қорығы
Канар аралдары
Нәзір Төреқұлов
Домбыра философиясы
Бақытжан Қаратаев
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен жүйесі
Діни экстремизм мен терроризм
Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазірг...
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу