Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Кедендік іс

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және оның құралдары, аспектілері
Загрузка...
Әр түрлi елдер әлемдiк экономикада жалпы және оның, жекелеген тауар рыноктарында әр түрлi орын алады. Халықаралық сауданың әрбiр қатысушысы өз мүдделерiн қорғау мақсатында қандай да бiр ic-әрекет атққаруға тырысады, яғни осы салада белгiлi бiр саясат жүргiзедi. Халықаралық сауда саласында саясаттың негiзгi eкi түpi бар:
• халықаралық сауда саясаты;
• сыртқы сауда саясаты.
Халықаралық сауда саясаты - халықаралық сауда саласында жалпылама қабылданған саясат. Бүкiләлемдiк Сауда Ұйымы (БСҰ) жүргізеді және ол әлем елдерінің көпшілігі тарапынан қолдау тауып отыр. Мұндай саясатқа халықаралық сауданы ырықтандыру жатады.
Сыртқы сауда саясаты атауымен мемлекеттiн басқа елдермен сауда қатынасына бағытталған ic-әрекетi түсiндiрiледi. Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттары:
• осы елдiң халықаралық еңбек бөлiнiсiне кіруінің дәрежесi мен әдісін өзгерту;
• экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту;
• елдi қажеттi ресурстармен қамтамасыз ету (шикiзат, энергия және т.б.);
• экспорт пен импорт бағаларының арақатынасын өзгерту.
Кейбiр мақсаттар ұзаұ мерзiмдi сипатта болады, мысалы халықаралық еңбек бөлiнiсiне кipy дәрежесi мен әдiсiн өзгерту. Басқа мақсаттар одан гөpi аз мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін, мысалға экспорт пен импорт көлемін өзгерту. Сыртқы сауда саясатының негiзгi eкi бағыты бар:
• epкін сауда саясаты;
• протекционизм.
Epкін сауда саясаты таза күйiнде мемлекеттiң сыртқы саудаға тiкелей араласудан бас тартып, рынокқа негiзгi реттеушi рөлiн жүктеуiн бiлдiредi. Бiрақ бұл мемлекеттiң осы шаруашылық ic-әрекетiнiң бағытына әсер етуден толық шектелуiн бiлдiрмейдi. Мемлекет өз шаруашылық субъектiлерiне максималды еркiндiк беру ушiн басК,а елдермен келiсiм-шарттарға отырады /елемесов/.
Epкiн сауда оң саяси салдарға әкеледi, өйткенi елдердiң өзара байланыстылығы күшейiп, бiр-бiрiне дұшпандық әрекетінің мүмкiндiгiн төмендетеді.
Epкін сауда саясатының жүргiзiлуi экономикасы дамыған елдерге халықаралық айырбастан неғұрлым көп пайда алуға мүмкiндiк бередi. Ic жүзiнде, epкін сауда саясаты таза күйiнде ешқашан және еш жерде қолданылған жоқ.
Протекционизм - отандық экономиканы шетелдiк бәсекелестерден қорғауға бағытталған саясат. Epкін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизмдегі рыноктың күштердің еркін іc-әpeкеті жоққа шығарылады, өйткенi әлемдiк рыноктағы жекелеген елдердiң экономикалық потенциалы мен бәсекеге жарамдылығы әр түрлi, осыған байланысты дамуы жағынан артта қалып отырған елдер үшін рыноктық күштердің еркін іc-әрекетi пайдасыз болуы мүмкін. Күштi шетелдiк мемлекеттер жағынан шектелмеген бәсеке экономикалық дамуы төменірек елдерде экономиканың тоқырауына және осы елде тиімсіз экономикалық құурылымның қалыптасуына әкелуі мүмкін.
Протекционизм елде белгiлi бiр салалардың дамуына көмектеседi. Аграрлы елдерде протекционизм көбiнесе индустриализацияның қажеттi шарты болады. Одан басқа, протекционизм жұмыссыздықтың азаюына әсер етедi. Бiрақ бұл саясатты ұзақ мерзiм бойына пайдалану экономиканың тоқырауына әкеледi, өйткенi шетелдiк бәсеке болмаса, жергiлiктi кәсiпкерлердiң техникалық деңгейi мен өндiрiс тиiмдiлiгiн жоғарылатуға ынтасы төмендейдi.
Өзiнiң төтенше формасында протекционизм экономикалық автаркия түрiнде болады, яғни ел импортты тек өз елiнде шығаруғы мүмкін болмайтын тауарлармен ғана шектейдi. Экспорт болса, импортты қамтамасыз ету деңгейiнде ғана рұқсат етiледi.
Протекционизм дамушы елдерде ғана емес, өндiрiсi дамыған елдерде шиеленiскен бәсекелестiк жағдайында ұлттық тауар өндiрушiлерiн қорғау үшiн пайдаланылуда.
Мемлекет шаруашылық субьектiлерiне кеңестер беруi және қандай да бiр ic - әрекетке ынталандыруы мүмкін.
Мемлекеттердiң сыртқы саудадағы өтiмдi құралдары әр турлi тыйым салу, мысалға бiр өнімнің экспорты мен импортына және бiр елге қатысты тыйым салу болып табылады.
Сыртқы сауданың құралдарына eкi жақты немесе көп жақты келiсiмдер жүйесi кiредi. Бiрақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылық субьектiлерiн мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешiм қабылдауына мәжбур еткiзедi. Осы құралдарға тарифтiк жене тарифтiк емес шектеулер кiредi.
Кедендiк шекара арқылы жүретiн тауарларға ҚР-ы кедендiк тарифтерiне сәйкес кедендiк баждар салыну керек.
ҚР-ның кедендiк тарифi - ҚР-ның кедендiк территориасына әкелiнген және осы территориядан шығарылған тауарларға қолданылатын кедендік баждар ставкаларының жиынтығы.
Бұл тауарлар ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметiнiң тауарлық номенклатурасына сай жүйеге келтiрiлген және топтастырылған ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметiнiң тауарлық номенклатурасы Бүкiләлемдiк Сауда Ұйымының мүшелерi елдерiнде пайдаланылатын тауарларды кодтау және бейнелеудiң үйлесiмделген жүйесiне негiзделiп жасалған Қазақстандағы экономиканың дамуына қарай сыртқы экономикалық әдiстерi үлкен рөл ойнауда, соның iшiнде орталық орынды кедендiк тариф алады. Онсыз сыртқы экономикалық қызметтi либерализациалау мүмкін емес.
Экономикалық негiзделген кедендiк тарифтi енгiзу әкiмшiл-әмiршiлден сыртқы экономикалық қызметті реттеудің экономикалық әдістеріне өту жолында маңызды қадам болды.
Қазiргi уақытта тарифтiк шараларды қолдану сферасы мен мақсаттары импорт пен экспорт бойынша айрықшаланады. Кейiнгi тарифтiк шаралардың ауыртпалық орталығы импортты реттеу мен экспортқа шектеулерді қысқарту механизiмдерiн этаптар бойынша өңдеу, экспортты мемлекеттiк қолдау жүйесiн құру жағына қарай өзгеруде. Қазiргi экспортты реттеу шараларын уақытша деп қарастыру керек.
Сонымен, кедендiк тариф - бұл нарықтық экономика жағдайында сыртқы экономикалық қызметтi ретеудегi маңызды құрал болып табылады.
Тарифтiң - бұл оның тауарлық номенклатурасы, кедендiк құнды aнықтау және баждарды салу әдiстемесi, оларды жүргiзу механизмi, өзгерiстер мен жоюлар кедендiк-тарифтiк реттеу облысындағы атқарушы өкіметтің қызметiнiң шектерiн анықайтын нормалар, тауардың шығу елiн анықтау ережелерi. Кедендiк реттеудiң белсендi бөлiгi - бұл тауарды әкелу немесе шығару құқығына салық болып табылатын кедендiк баждардың ставкалары 1993 жылға дейiн әрекет еткен кедендiк тариф сыртқы экономикалық қызметтi реттеу функциялары орындалады, баждардың ставкалары экономикалық салаларының даму деңгейiн ескермедi, импорттық тауарлардың бағаларына әсер етпедi және экономикалық мазмұны болмады. Ескі кедендiк тариф халықаралық тәжiрбиеге сәйкес келмедi және Қазақстанның саудалық саяси масаттарына жетудегi құралы бола алмады. Нәтижесiнде Республиканың сыртқы экономикалық кешені өзінің қызметін маңызды экономикалық реттеушісі және шетел нарықтарына тауарлар экспортын қамтамасыз ету құралы болмады.
Кедендiк тариф, Қазақстанның импорттық саясатының басымдылықтарын көрсете отырып, импорттық құрлымның оптималдау және валюта шығындарын рацианалдау үшін жасалған тауарлар немесе тауар топтамалары бойынша баждардың көлемiне байланысы кедендiк тариф не отандық өндiрiстi шетелдiк бәсекелестiктен қорғауға, не отандық және шетел өндiрiсiнiң арасындағы бәсекелестiкке мүмкiндiк жасайтын жағдайларды құруға жасалған, сонымен қатар oтaндык, өнімнің бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн көтеруге мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа кедендiк тариф сыртқы экономикалық қызметтiң жаңа нысандарын дамытуға, Қазақстанның экспорты бiздiң өнімнің импортерларына әр түрлі мақсатты жеңілдіктер үшін жасалған.
Қазақстанның кедендiк тарифi мен кедендiк баждары белгiлеудiң жариялық сипаты осындай баждарды белгiлеу кезiндегi халы шаруашылығының әр түрлі салаларының мүделерін есептеуге ғана емес, сонымен оның Қазақстанның контрагент-елдерiне саудалық саяси мәнін көтеруге мүмкiндiк бередi.
Өз кезегiнде кедендiк тарифтiң жариялық сипатты Республиканың нарығында қызығушылығы бар ұйымдарды демократиялық негiзде тapтуғa мүмкiндiк беретiн осы механизмдi құруды қажет етедi. Бұл тариф импорт және экспорт тауарларына баждар ставкаларын келiсiмдеуге, кедендiк¬тарифтiк саясаттың сұрақтары бойынша ұсыныстарды дайындау, кедендiк¬тарифтiк саясаттың сұрақтарын қозғайтын заң актiлерiнiң жобалары мен халықаралық келісім-шарттарды қарастыруды қажет етті.
Кедендiк баждарды құру кезiнде экономикалық табиғат пен олардың атқаратын функцияларын ескеру қажет, өйткенi олар баждардың принциптерi мен әдiстерiн анықтайды.
Экономикалық әдебиетте кедендiк баждардың табиғаты мен олардың атқаратын функциялары туралы бiрде бiр мәлiмет жоқ.
Нарықтық экономика жағдайында және СЭҚ либерализациялауда кедендiк баждар СЭҚ-тің маңызды экономикалық реттеушiсi болады. Кедендiк баждар көмегімен мемлекет тауарларды әкелу немесе шығаруды қолдауға немесе оларды шектеуге, отандық тауарлар өндiрушiлердiң тауарларын басқа да ұқсас тауарлардың шетел бәсекелестерiне бiрдей тепе-тең экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық, валюта-қаржылық жүргiзуге СЭҚ субъектiлерiнiң қызметiн жалпы мемлекеттiк, ұлттық мүдделерге бағыттауға мүмкiндiгi бар.
Тарифтi саясатты қолдану тиiмдiлiгi туралы көптеген көзқарастар бар.
Экономикалық саясат құралы ретiнде тарифтi қолданудың қарсыластары тарифке қарсы бiрқатар дәлелдер келтiруде:
1. Тарифтер экономикалық өсудi тежейдi;
2. Тариф - тұтынушыларға салықтық ауыртпалықты ұлғайтады;
3. Импортталған тауарларға салынатын тариф жанама түрде елдiң экспортына нұқсан келтіреді;
4. Тариф жұмыстылықтың жалпы деңгейiнiң қысқаруына әкеледi;
5. Тарифтердi бiр жақты енгiзу көп жағдайда сауда соғыстарына әкеледi.
Ал тарифтердi жақтауға мынандай дәлелдер келтiрiледi:
1. Тариф - жас салаларды қорғайды;
2. Тариф - жергiлiктi өндiрушiлердi ынталандыру құралы;
3. Тариф - бюджеттiк түсiмдердiң маңызды көзi;
4. Тариф - ұлттық қауiпсiздiктi, елдiң халықаралық беделiн қорғайды.
Кедендiк тарифтер көп түрлiгi және орындайтын мәселелерi бойынша мүмкiндiгiне байланысты экспорт-импорт мәмiлелерiн реттеуде өте кең қолданылады. Көбiнесе импорттық баж салықтары протекционистiк шара ретiнде пайдаланылады. Дамушы елдерде олар салықтық түсiмдердi ұлғайтуға, дамыған елдерде олар сыртқы сауданы реттеуде қолданылады.
Баж бағалық категориялар санына жатады. Бұл әр тауар бойынша бажды негiздеуге, олардың ұлттық және әлемдiк шығындар мен бағалар арасындағы үйлестiрудi, тұтынушының параметiрлерi мен тауардың сапасын есептеуде, т.б. жеке бағытты алуды талап етедi. Өткен кездегi әкелу баждары анықтаған кезде, яғни 19 ғ. жене 20 ғ. басында фискалдық бағыт болды. Баждар жоғарғы деңгейде анықталды және мемлекеттiң табыс көздерiнiң маңыздыларының бiрi деп қарастырылды. Сонымен бiрге бұл ұлттық экономиканы ағылшын тауарларының eнуінен қорғаудағы мәселенi шешуге мүмкiндiк бердi, себебi Англия басқа елдерден бұрын өнеркәсiптiк революция жолына түсті, оның өнімі жоғары революция жолына түсті, оның өнімі жоғары бәсекелестiк қабiлеттi болды және көбiнесе Европа мен Америка елдерiнiң тауарларынан асып түсті.
20 ғасырда кедендiк баждардың төмендеу тенденциясы, мемелекеттiң табыстарын қалыптастырудағы оның рөлiнiң әлсiреуi байқалды, бiрiншi орынға олардың реттеушi функциясы шығарылды, ал ол өз кезегiнде импорттық тауарларды әкелуге шектеу қоюға немесе рұқсат бермеумен шектелген жоқ. Кедендiк баждардың ставкаларын тауарлы топтар мен әр өнiмдi оның импортындағы қажеттiлiктi, ұлттық және әлемдiк бағалардың деңгейiн ескере отыру бойынша детальдi дифференциялау қажеттiгi өсті.
Кедендiк баждардың мұндай дифференциясы оны ғылыми негiздеудi осы дифференцияны анықтайтын объективтi факторларды оқып бiлудi талап eтті.
Кедендiк баждардың ставкаларының төмендеуi мен оның әр тауар топтары мен әр өнім бойынша дифференциялауын күшейту тенденциялары объективтi факторлармен негiзделдi. Халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң дамуы протекционизмдi әлсiретудi қажет eттi. Ұлттық экономикалардың мамандануы, соның ішінде пәндік, деталдық және технологиялық, елдердің сыртқы экономикалық саясатын тауардың тобы, түpi бойынша және технологиялық кезеңдері бойынша, кедендiк баждарды өнім мен өнім топтары бойынша оларға әсер eтетін сыртқы және ұлттық жағдайларды ескере отырып негiзденудегi дифференцияны талап eттi. Бұл проблеманы шешу тек дифференцияланған рента мен бағаның жалпы теориясының позициясынан ғана мүмкін, яғни баждарды интернационалды дифференциалданған рента түрінде қарастыру керек.
Экономикалық теория мен шаруашылық қызметiнiң тәжiрбиесiнде дифференциалады рентаның eкi негiзгi нысаны бар - құнарлығы мен орналасқан жерi бойынша.
Жердiң құнарлығындағы өзгешелiк жердi өңдеудегi өндiрiс шығндарын дифференциялаудың негiзi болып саналады. Құнапрлығы төмен жерлерде жоғары шығындар және керісінше құнарлы жерлердің шектеулігі құнарлығы төмен жерлердi пайдалану қажеттiлiгiн анықтайды. Оның өнімі қоғамға қажет болғандықтан, оның жеке шығындарын нарықтық бағалар реттейдi. Осындай бағаларды жақсы жерлерде қосымша дифференциацияланған табыс жүзеге асырылады, оны жер иесi дифференциялды рента түрiнде алады.
Сонымен бiрге дифференциялды рента жер учаскелерiнiң орналасқан жерiнiң өзгешелiгi мен көлiктiк шығындарды дифференциялау нәтижесiнде пайда болады.
Әлемдiк экономика жүйесiнде, осы айтылғандардан басқа, түрлi елдердiң өндiрiсiндегi ұлттық шығындарының тұрақты өзгешелiгi негiзiнде пайда болатын дифференциялды рентаның тағы бiр нысаны мүмкін. Мысалы, өндірістің төмен шығындары, экономикалық дамыған елдерде өнімнің жоғары сапасы оны табиғи ресурстарының бағалығымен емес, олардың ipi импортары болып табылады. Олар осы елдердiң қолайлы жағдайымен емес, жоғарыда аталған факторлардың негiзiнде болып отыр. Ұлттық өндiрiстi мамандандыру кезiнде бiр ел маманданған өндiрiстегi өнiмнiң бiр түpi бойынша бәсекелестi басымдылықтарғa ие болса, өнiмнiң басқа түрлерi бойынша мұндай басымдылықтары болмауы мүмкін. Ол өзiнiң өндiрiстiк мамандануына сай келетiн өнiмдi экспорттап, профильдi емес өнiмдi әкеледi.
Халықаралық өндiрiстiк шығындар профильдi, маманданған өнiмнiң ұлттық өндiрiстiк шығындар негiзiндегi бәсекелестiк күресте қалыптасады. Бұл өнiмдi әлем нарығына әкелушi негiзгi өндiрушiлер өндiрiстiң табиғи жағдайлары, орналасқан жерi, кадрлардың оқу және профессионалды дайындығы, техниканың деңгейi, өндiрiстi ұйымдастыру мен технология деңгейi облысында басымдықтары бар елдер болып табылады. Жоғарыда басымдылықтаp маманданған өнім өндiрiсiндегi ұлттық шығындардың төменгi деңгейiн, басқа да бiрдей жағдайларда өнiмнiң экспортерлары болып табылмайтын елдердiң ұлттық нарығында өткiзiлетiн өнiмнiң аналогты түрлерiнiң бағалары мен ұлттық шығындарын салыстырғанда ұлттық және әлемдiк бағалардың төмен деңгейiн қамтамасыз етедi.
Осы ұлттық және әлемдiк шығындар мен бағалар арасындағы айырмашылықтаp кеден баждарының қалыптасуының объективтi негiзi болып табылады.
Баға мен дифференциалданған рентаның жалпы теориясының позициясынан қарағанда, кеден баждарының экономикалық табиғатын түсiндiруге, олардың функцияларын анықтауға, олардың caндық негiзiнiң принциптерi мен әдiстерiн нақты қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.
Сонымен 1996 ж. шiлдесiне дейiн қолдаылған шикiзаттың кейбiр түрлерiне экспорттық баждар, ел iшiндегi оларды өндiру мен тасмалдаудың iшкi жағдайларымен және әлемдiк нapыққa осы өнiмдердi өндiру мен өткiзу шығындарына байланысты, оларға деген жоғары әлемдiк бағалармен анықалатын төмен ұлттық бағалар арасындағы айырмашылықпен көрсетiледi.
Сәйкесiнше әкелу баждары өздерi ел жағдайындағы ұқсас тауарды өндiрушiлердiң жоғары шығындарының арасындағы айырма болып табылады және осындай тауарларды өндiрушiлердiң негiзгi шығындары мен анықталатын сәйкесiнше төмен әлемдiк бағалармен ерекшеленедi. Мұндай өндiрушiлер тауарларды әлемдiк нapыққa шығарып, онда осы тауарларды өндiру облысында тұрақты бәсекелестiк басымдылықтарғa ие болып келедi. Баға мен дифференциялданған рентаның жалпы теориясы және оның кедендiк баждардың қалыптасу концепциясында қолданылуы мемлекеттiң сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асырудың негiзгi құралы болып табылатын кеден саясатының негiзiн жасау үшiн объективтi база құрады.
Қазақтан Республикасының сыртқы сауда саясатының кейбiр аспектiлерi. ҚР сыртқы сауда саясатын зерттеу барысында, оның 1991 жылға дейін КСРО-ның экономикалық шеңберiнде терең интеграция мен жоспарлаудың орталықтандырылған жүйесi жағдайында дамығандығын ұмытпау қажет.
Кеңес заманында Қазақстанның индустриализациясы жүзеге асырылып, экономикасы дамыды, бiрақ республика КСРО-ның басқа республикаларына отын-энергетикалық ресурстарды, астық, ауылшаруашылық өнімдерді, басқаша айтқанда шикiзатты жеткiзуге маманданған едi.
Барлық iшкi, республикааралық және сыртқы сауда мемлекеттiк тапсырыстар жүйесiмен реттеледi. Экспорттық лицензиялар мен квоталар тауарлардың 200-не таралып, стратегиялық тауарлардың экспорты тек монопольды сыртқы экономикалық құрылымдар арқылы жүзеге асырылды.
Бұрынғы КСРО елдерiмен сауда, негiзiнен, eкi жақты үкiметаралық келiсiмдерiмен реттелiп, клиринг негiзiнде жүзеге асырылды. Қазақстанның сыртқы экономикалық және сыртқы сауда саясаты, оның егемендік алуы мен экономикалық реформаларды жүзеге асыруы барысында қалыптасты. Тәуелсiз сыртқы сауда саясаты - республиканың әлемдiк қауымдастыққа кipyiнің қажеттi шарты болып табылады.
Тәуелсiздiк жарияланғаннан кейiн, Қазақстан сыртқы экономикалық ic¬әpeкeтін ырықтандыру жолына түстi. 1992 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Экономиканы тұрақтандыру мен экономикалық реформаларды жүргiзу кезеңiндегi Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық ic-әрекетiн ұйымдастыру туралы" жарлығы қабылданды. Сонымен қатар әр түрлi өнiмдердiң бағаларын ырықтандыру туралы бiрқатар құжаттар қабылданды.
Сыртқы экономикалық ic-әрекеттi ырықтандыруда алғашқы маңызды қадам 1993 жылы жасалды. Онда квоталар саны 34-ке дейiн, ал лицензиялар ¬61-ге дейiн қысқартылды. Республикааралық сауданың үкiметаралық келiсiмi мен қамтылуы 60 пайызға төмендедi. Экспорттық өнiмге деген мемлекеттiк тапсырыс жүйесiн келiсiм бағалар жүйесi алмастырды. 145 өнiмге орташа мөлшерi 15 пайыз болатын экспорттық салықтар енгiзiлдi. Импорттық лицензиялар 5 өнiм түpiнe берiлiп, импорттық салық мөлшерi 0,5 пайыздан 21 пайызға дейiн болды. 20-дан астам кәсiпорындар сыртқы экономикалық ic-әерекетте жеңiлдiктерге ие болған.
1994 жылы лицензиялау (34 өнiмге дейiн) мен квоталауға жататын тауарлар санының (7 өнiмге дейiн) азайтылуы жүргiзiлдi.
1994 жылы 15 шiлдеде ҚР Президентi қаулысымен "Экономикалық дағдарыстан шығу және реформаны тереңдету бойынша үкімет ic-әрекетiнің бағдарламасы қабылданды.
1995 жылы ҚР сыртқы саудасын ырықтандыруда мынандай қадамда жасалды: ұлттық және жеке қауіпсіздік, денсаулыққа деген көзқарастарға байланысты бiрқатар тауарлар тізімінен басқа, барлық экспорттық және импорттық квоталар алынып тасталынды; стратегиялық тауарлардың сыртқы саудасына монополия жойылды; экспортерлердің валюталық табысының міндетті сатылуы тоқтатылды; биржалық және аукциондық сауда ұлғайтылды.
1995 жылдың қаңтарында Ресей, Қазақстан, Беларусь Кедендiк Одағы туралы келiсiмге қол қойылды. Кейiн оларға Қырғызстан мен Тәжiкстан қосылды. Оның басты мақсаты - кедендiк кедергiлердi жою, адамдар, тауарлар, капитал мен қызмет көрсетудiң epкін ауысуы үшiн бірыңғай экономикалық кеiстiк құру болып табылады.
1995 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сыртқы экономикалық ic-әрекеттi ырықтандыру" туралы Жарлығы қабылданды.
1995 жылы 23 наурызда Президент Жарлығымен "ҚР шетелдік инвестициялар туралы" заң қабылданып, ол Қазақстан экономикасына тартылған шетелдік инвестициялардың экономикалық және құқықтық негiздерiн анықтап, инвестицияларды қорғауға берiлетiн мемлекеттік кепілдік тіpкeді.
1996 жылы экспорттық өнімгe салынатын барлық кедендiк баж салықтар алынып тасталынды, инвестициялық тауарларға импорттық тарифтер төмендетілді.
1997 жылы бәсекелестiктi жоғарылату мақсатында тауар импортындағы шетелдiк инвесторларына берiлетiн жеңiлдiктер алынып тасталынды. Тек Қазақстан Республикасының территориясында өңделуге арналған өнімге жеңілдіктер сақталынды.
1997 жылдың 20 шiлдесiнде ҚР Кеден Комитетi мен Ұттық банк "ҚР экспорт-импорттың валюталық бақылауын ұйымдастыру туралы" Ереже қабылдады. Ол экспорт-импорттық валюталық бақылау тәртiбiн орнатып, экспорттан түскен валюталық табыстың дер уақытында келуi мен импорт мақсаттарында валюта қаржыларын пайдалануын заңдылығы мен негiзделгенiн бақылау тәртiбiн белгiледi.
1997 жылдың 28 ақпанында ҚР Укіметі "ҚР тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" заңын қабылдады. Сөйтiп, көрiп отырғанымыздай, сыртқы сауданың ырықтандырылуы қаржы секторының ырықтандырылуын ынталандырды.
Сыртқы сауда ырықтандырылуы iшкi рынокқа ғaнa әсер етiп қойған жоқ. Қазақстанның шет елдердiң, ОЭСР рыноктарына шығу мүмкiндiктерi кеңейдi. Бiздiң республикамызға қатысты нарықтық емес экономикалы елдерге салынатын көптеген кедендiк баж салықтары мен санкциялар төмендетiлiп немесе алынып тасталынды.
Қазақстан Европа Одағы, АҚШ, Канада, Скандинав елдерінің рыноктарында ең тиiмдi жағдайлы мәртебеге ие болды.
1993 ж. - Европа Одағы, 1992 ж. - Канада, 1994 ж. - АҚШ, Қазақстанды Генералды преференциялар жүйесiне қабылдаған.
Алдыңғы жылдардағыдай, 1998 жылы да елдiң сауда балансы тepic болды. Оның құрылымындағы алыс шет елдермен сауда операциясының сальдосы оң, ал оны ТМД елдерiмен саудасындағы экспорттан импорттың асып түcyi ауқымды болды. Бiрақ бұрыңғы одақтас республикаларға арналған экспорт көлемi алыс шет елдерге арналған экспорт көлемiнен өте жоғары. 1998 жылғы экспорттың төмендеуi, ТМД елдерiндегi валюта құнсыздануы, Қазақстан үшiн сауда жағдайын қиындатты.
Әлемдiк қаржы дағдарысына байланысты Қазақстан Республикасына импорт көлемi азайды, 1998 жылы 6588,6 млн. долл. болып, ол 1997 жылдың 92% құрады. Негiзгi экспорт тауарларына бағаның төмендеуi алыс шет елдерге экспорттық 8,8%-ке төмендеуiне әкелдi, әcipece Азия - Тынық мұхит аймағында қазақстандық қара және түстi металдарды тұтынуы күрт төмендедi. 1997 жылы әлемдiк бағалардың төмендеу тенденциясы 1998 жылы да байқалды.
Экспорт құрылымында дәстурлi түрде басым белiгi минералды өнiмдер, асыл емес металдардан тұрды. Экспорттың құндық мәнi өзгергенiмен, оның алдыңғы жылдармен салыстырғанда құрылымында елеулi өзгерiстер болмады.
Қазақстан Республикасының импорты ресей рублiнiң құнсыздануына байланысты ресей тауарларының арзандауы және cоған сәйкес қазақстандық тауарлардың бағаға байланысты бәсекелестiгi төмендеп, республикаға ресей тауарларының әкелiнуiнiң күрт өcyiмен сипатталды. Кедендiк Одақ шеңберiнде шекаралар ашықтығы, әcipece Ресеймен шекаралас аудандарда ресей тауарлардың демпингтiк бағалар бойынша eнyiнe мүмкiндiк бердi. Осы жағдайларға байланысты Ресейге қазақстандық тауарлардың экспорты төмендеді.
Жоғарыда көрсетiлген жағдайларға байланысты Қазақстан 1999 жылдың қаңтар айында бiрқатар демпингке қарсы шаралар қолданды. ҚР мен РФ үкіметтepi арасында "РФ-нан 1 - категориялы тауарлардың әкелiнуiне уақытша тыйым салу туралы" мәжiлiстемеге кол қойылды. Кейiнiрек, Қырғызстан мен Өзбекстаннан әкелетiн тауарларға 200% кедендiк тариф енгiзiлдi.
Бұл шаралар - Қазақстанның сыртқы саудасындағы протекционизм бағытындағы қадамдары болды. Ол eкi мақсатты көздедi. Бiр жағынан - жергілікті өндірушілерді өндіpісті көтеруге ынталандырып, олардың ішкі рынокта позициясын нығайтуға мүмкiндiк беру және ТМД елдерiнiң сапасыз, арзан тауарларына тосқауыл қою; екiншi жағынан -контрабандалық тауар көлемi күрт өсiп, мемлекеттiк бюджетке төлемдер төмендеп, бәсеке, тауарлар ассортиментi азайғаны және жергiлiктi өндiрушiлер өз өнім сапасына талаптарының төмендеуi болды.
1999 жылдың 5 көкек айында ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк валюталық курсты epкін қалқуға жiберу туралы бiрлескен шешiм қабылдады.
Осы шешiмдi қабылдауға әлемдiк қаржы дағдарысы, ТМД елдерiнiң валюталарының құнсыздануы, демпингтiк бағалар бойынша импортың өcyi, экспорт бағаларының төмендеуi, әсер eттi. Одан басқа, валютаның жоғары бағамы Ұлттық банкпен жасанды түрде ұстанып, ол мақсаттарда ҚР алтын¬валюттiк (резервтерi) қорлары пайдаланылды.
Сөйтiп, бұл шара экспортқа бағытталған салаларды қолдау, импортты шектеу, нақты айырбас бағамын орнату, жергiлiктi өндiрушiлердi қорғау мақсатында жүзеге асырылды.
Бүгiнгi күнi Қазақстанның 120 астам елдермен сауда қатынастары бар.
Оның негiзгi әріптестерiне Ресей, ТМД елдерi, Голландия, Швейцария, Германия, АҚШ, Канада, Туркия, Корея жене т.б. елдер кiредi.
Экспорт пен импорт құрылымын бағалауда оның дәстүрлi болып қала беретiнiн баәқаймыз. Алдыңғы жылдары республика сыртқы рынокқа әлi де шикiзат өнімімен шығады. Өңдеушi өнеркәсiптiң бүгiнгi күнi, өкiнiшке орай, бәсекелестiгi төмен, оны қайта жарақтандыру үшiн көп қаржы мен уақыт керек. Әлемдiк қауымдастықта лайықты орын алғымыз келсе, осы салаларға инвестицияларды тартып, өндiрiсiн ұлғайтуымыз қажет. ҚР импорттық құрылымның басым бөлiгi дайын өнім, машина, құрал-жабдық, халық тұтыну тауарлардан тұрады.
Қазiргi уақытта ҚР сыртқы саудасының даму бағыттарына:
• импорт құрылымын рационализациялау;
• жергiлiктi өндiрушiлердi ынталандыру үшiн протекционистік саясат жургізу;
• өндiрiстi жаңарту үшiн қазiргi заманғы технология мен құрал-жабдықтар импортын ынталандыру жатады.

2004 ж. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 32 877,4 млн. АҚШ долларына жеттi. Негiзгi тауар айналымын экспорт құрады. ТМД елдерiнен басқа мемлекеттермен сауда балансы оң болды, яғни 7 315,0 млн. АҚШ долларға жеттi. Ал ТМД елдерiмен сауда байланысының балансы тepic нәтиже көpceттi, бұнда - 2020,7 млн. АҚШ доллары болды.
2004 ж. экспорт көлемi 20 096,2 млн. АҚШ доллар құрады, 2003 жылмен салыстырғанда 55,5%-ға apтық болды. Соның iшiнде ТМД елдерiнен басқа мемлекеттерiмен сауда байланысының экспорты 15 999,0 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткiш 2003 жылмен салыстырғанда 60,9%-ке өстi. ТМД елдерiне экспорт көлемi 4 097,2 млн. АҚШ долларына жеттi, бұнда 37,5%-ке өсті.
Қазақстан Республикасының экспортын негiзгі бөлігін шикiзат өнiмдерi құрайды. Оларға минералды өнiмдердiң 64,3 % және металлургия өндiрiсiнiң 20,4% жатады.
Минералды енiмдердiң экспорты 13 727,2 млн. АҚШ долларын құрады, соңғы жылмен салыстырғанда 5 410,9 млн. АҚШ долларына өстi. Металлургия өндiрiсiнiң өнiмдерiнiң экспорты 2004 жылы 3 897,3 млн. АҚШ долларға жеттi.
Қазақстан өнiмдерiнiң негiзгi сатып алушылары Швейцария (бүкiл экспорттан 18,7%), Ресей Федерациясы (14,1 %), Қытай (9,8%), Италия (15,5%) жене Иран (3,5%).
2004 жылдың импорт көлемi 1 278,1 млн. АҚШ долларына жеттi, ол 2003 жылмен салыстырғанда 52%-ғa өстi. Негiзгi импорт тауарларын машиналар мен құрал-жабдықтар, көлiк құралдары, химиялық және сонымен байланысты өндiрicтiк саладағы өнiмдерi (каучук, пластмасса), дайын азық-түлiк өнiмдерi, тоқыма және тоқыма бұйымдары, минералды өнiмдер, құрылыс заттары құрайды. Импорт көлемiн негiзiн Ресей Федерациясы (37,7%), Германия (8,2%), Украина (5,7%), Қытай (5,9%), АҚШ (4,4%) және Жапония (3,10/0) мемлекеттерi құрайды.
2004 жылда Қазақстан Республикасы 171 мемлекетпен сауда байланыстарында болды, ал 2003 жылы тек қана 153 мемлекет болды.

2004 жылы Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша сыртқы сауда айналымы келесiдей болды: бүкiл тауар айналымының 16,1 % Алматы қаласына келедi, Атырау облысына (16,8%), Қарағанды облысына (10,5%), Маңғыстау облысына (8,7%) және Ақтөбе облысына (9,9%). Соның iшiнде экспорт бойынша Атырау облысына - 21,7 %, Қарағанды облысына - 12,5%, Маңғыстау облысына - 10,3% және Ақтөбе облысына - 11,6%. Сонымен қатар бүкiл импорттың 33,1% Алматыға, Aстанағa - 8,9%, Қарағанды облысына ¬7,2%, Ақтөбе облысына -7,2% және Маңғыстау облысына - 6,3%.

1997-2000 жылдардағы мемлекеттiк бюджет табыстарына кеден төлемдерiнiң түсyiнің динамикасын талдау белгiлi бiр өсудiң байқалғандығын көрсетеді.
1997 жылдардағы 7994 млн, тенгеден 2000 жылғы 18472 млн, тенгеге дейiн мемлекеттiк бюджет табыстарының жалпы сомасында кедендiк төлемдердiң үлес салмағы 2000 жылы 3.5%-ғa дейiн өстi. Бұл кеден төлемдерiнiң өсу қарқынының табыстары мен салықтардың өсу қapқынының жоғары болумен түсiндiрiледi. Кеден және салық заңдарына сәйкес кеден төлемдерiнен басқа тауарларды кедендiк территорияға әкелгенде кеден органдарымен мемлекеттiк бюджет табыстарына салықтық төлемдер есептелiнiп төленедi: ҚҚС және акциздер 2000 жылы импортталатын тауарлардан түскен ҚҚС 1999 жылмен салыстырғанда 55,3%-ғa ұлғайғандығын атауға болады. Сонымен бiрге, импортталатын тауарлардан акциздердiң түcyiн 7,1 %-ғa төмендеген.
Кедендiк табыстардың түсу мөлшерi мемлекеттiк бюджет табыстарының жалпы көлемiнде: 1997 жылғы 7,0%-дан 2000 жылдың екiншi жартысында 10,8%-ғa дейiн өстi.
Мемлекеттiк бюджеттке 2000 жылғы кедендiк төлемдер мен салықтар түciмiн талдау бiршама облыстарда кеден түсiмдерiнiң едәуiр бөлiгi Алматы қаласының салық комитетiне ( 19054 млн. тенге), Батыс Қазақстан облысы (67,17млн. тенге), Қарағанды облысы ( 5221млн. тенге) келуi. Алайда, жоспардың барынша орындалуы Ақмола облысының салық комитетiне (46,30%), Атырау облысына (45,4%), Солтүстiк Қазақстан облысына (29,7%) келедi.
Кедендiк төлемдер мен салықтар Республикалық және жергiлiктi бюджет арасында тартылады, мұнда, олардың басым бөлiгi Республикалық бюджетке келедi. Осылайша, 2000 жылы Республикалық бюджетке 55726 млн. теңге немесе 98,2 % жалпы сомадан кеден табыстары туссе, жергiлiктi бюджетке 1042 млн. теңге немесе 1,8%-ғa түстi. Мемлекеттiк бюджетке кеден баждары мен салықтардың түсу жоспарының орындалуы 2000 жылы 5,7%-ды құраса, көбiнесе баждар бойынша жоспардың орындалу есебiнен қорғау шаралары ретiнде алынатындары 51,8%, экспорттық кеден баждарын алумен байланысты 46,6%, кедендiк бақылау және процедуралар бойынша алымдардан 26% импортталатын тауарларға ҚҚС-ның жоспарының орындалу 6% құрады.
Бұл Қазақстан Республикасының кеден органдарының белсендi шаралар жургізгендігін көрсетеді. Болжамдық еспетегi төлемдер мен алымдағы жинақтарының ұлғаюы үкiметпен қабылданған заңнаманы жетiлдiру шаралары есебiнен, сондай-ақ кедендiк бақылауды күшейту жолымен байланысты.
Әкелу баждары ұлттық бағалар динамикасы мен деңгейiне, iшкi өндiрiс жағдайына сыртқы экономикалық қызметтерден келетiн мемлекеттiң табыстарының деңгейiне ықпал етедi.
Баждар деңгейi ұлттық бағалар деңгейiне тiкелей әсер етедi және олардың арасында тура пропорцианалдық байланыс бар: баждардың төмендеуi iшкi бағалардың төмендеуiне әкеледi, ал жоғарлауы өcyiнe әкеледі.
Кеден тарифтерiне қатысты, айтсақ олар ұзақ мерзiмдiк болашақта айтарлықтай рөл атқармайды, бiрақ сауданы либерализациялаумен байланысты қысқа мерзiмдi жоспарда пайданың көзi ретiнде маңызды рөл атқарады. Сонымен бiрге импортқа тарифтер құрылымы бiрқатар критерилерге жауап беру керек:
• тарифтер контрабанданың пайда болуына әкелетiндей соншалықты жоғары болмауы керек немесе өте дифференцияланған болмауға тиiс, өйткенi бұл iшкi салалардың қорғанысының бұрмалауына әкеледi;
• тариф деңгейi басқа салықтармен бiрге бағдарланып, олардың әрбiр салықтық бюджет табыстарына қажет салымдардың жалпы көлемiн анықтауғa болады;
• қысқа мерзiмдi табыстарға деген қажеттiлiктi қанағаттандырылғаннан соң бюджет тапшылығы бақылау үшiн және басқа да орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi жоспардағы салықтардан аз теуелдi болуды қамтамасыз ету үшiн тарифтердi бiртiндеп қысқартады.
Қазiргi таңда Қазақстан Республикасында халықаралық сауданың көмегімен экономикалық өсудiң мүмкiндiгi пайда болды.
Қазақстан Республикасының экспортын мемлекеттiк реттеудiң жүйесiнiң орталық буыны бұл кезеңде сыртқа шығарудың қаржы несие механизiмi болуы керек, яғни, өзіне ішкі нapық пен экспорттық операцияларды сақтандыруда қызмет ететiндерге қарағанда қолайлырақ жағдайда берiлетiн экспорттық несиелер, сондай-ақ экспортты ынталандыру қаржы тeтіктepi - салықтық жеңiлдiктер мен тiкелей субсидиялар, экспортерлерге шикiзатты шығару кезiндегi кедендiк жеңiлдiктер, егер олар қайта экспорттау үшiн қолданылса.
1999 жылдың екiншi жартысынан бастап Қазақстандағы экономикалық жағдайдың жақсаруы жүзеге асып, экономикалық өсу басталды. Бұл үкіметтің сыртқы экономикалық іc-әрекетті реттеудегі сауатты әpeкeті, теңгенің еркін жүзуге жiберiлуi, шикiзатқа әлемдiк бағаньщ өcyi мен әлемдiк қаржы нapықтарындaғы жағдайдың жақсаруына байланысты болды.
1999 жылы Қазақстанның сауда режимiн реттейтiн бiрқатар заңдар қабылданды:
- 1999 жылдың 1 шiлдесiнде ҚР Үкіметінің "1999-2000 жылдарда ҚР тiкелей инвестицияларды тарту бағдарламасы туралы" қаулысы;
- 1999 жылдың 13 шiлдесiнде "Демпинге қарсы шаралар туралы" ҚР заңы;
- 1999 жылдың 11 ақпанындағы "Өсiмдiктер карантинi туралы" ҚР заңы;
- 1999 жылдьщ "Стандартизация туралы" ҚР заңы;
- 1999 жылдың 16 шiлдесiндегi "Сертификация туралы" ҚР заңы;
- 1999 жылдьщ 16 шiлдесiндегi "ҚР-ғы кедендiк ic туралы" ҚР заңы.
Осы шаралардың бәрi де республиканың құқықытық-нормативтi базасын әлемдiк қауымдастыққа қабылдаған заңдылықтар мен нормаларға жақындата бастап, бұл сыртқы экономикалық iс-әрекетiмiзде оң көзқарастарды тудырды.
2000 жыл Қазақстан үшiн барлық жағдайда ұтымды болды да, көптеген макроэкономикалық көрсеткiштер жоғары деңгейге жеттi. 2000 жылдың 1 тоқсананында экспорт 1960 млн. АҚШ долларына жетiп, ол 1999 жылдың 1 тоқсанының 190,7% және 4 тоқсанының 97,5% құрады. Импорт болса 1550 млн. АҚШ доллары болып, 1999 жылдың 1 тоқсанының 112% және 4 тоқсанның 96,7% құрады.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Кедендік іс | Добавил: Admin
Просмотров: 4404 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Сәбитұлы Асанқайғы
Сот билігі
Мәлімет алмасуды ұйымдастыру
Бейімбет Майлин
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Шәмші Қалдаяқов
Шылым шегудің алдын алу
Марат Отарәлиев: «Тағдырмын ерте жоғалған...»
Батырлар жыры мен Шахнама дастаны арасындағы сабақтастықтар
Жыр жампозы - Жамбыл
Абай Құнанбаевтың әлеуметтік ой-көзқарасы
Батыр жырау - Қожаберген
Қазақ фольклористикасы
Қазақстандағы камералық-аспаптың жанрдың қалыптасуы мен дамуы
Қазақтың демократ ағартушылары