Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Кедендік іс

Қазақстан Республикасының кеден саласындағы халықаралық ынтымақтастығы және ұлттық рынокты қорғаудағы рөлі
Загрузка...
Қазақстанның кеден құқығының қалыптасуы халықаралық кеден құқығының дамуымен үйлесiмдi келе жатыр. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 1990 жылдың 12 қыркүйектегi шешiмi бойынша 1999-2000 жылдар аралығындағы мерзім халыкаралық құқықтың он жылдығы деп аталып, халықаралық құқық келiсiмдерiнiң барлық мемлекеттер үшiн мiндеттi екендiгi аталып өттi. Яғни, халықаралық құқықтың саясатта басым болуы тиiс деген сөз, халықаралық құқық келiсiмдерiнiң сақталуы ұлттық мүдделерден жоғары болуы тиiс.
Oсыған орай, М. А. Сарсембаев "Кеден ici тек мемлекеттiң iшкi құзыретiнде ғaнa қалып қоймайды, ол халықаралык мемлекеттiң халықаралық аренасында да реттеледі, кеден ісі халықаралық аренада халықаралық құқықтық нормалармен реттеледi. Халықаралық құқықтық жүйесiнiң iшiнде халықаралық кеден құқығы атты жеке сала бар" деген.
Халықаралық экономикалық қатынастар халықаралық құқықтық қағидаларға және халықаралық кеден құқығына негiзделедi. Атап айтар болсақ, ұлттық тәуелсiздiктi және егемендiктi құрметтеу, iшкi iскe араласпау, күш көрсетпеу, толық тең құқылық ұлттық мүдделер мен әр халықтың өз тағдырын өзi шешу, құрметтеу, өзара пайда құқығын шектемеу, т. б.
Қазақстанның егемендiгi экономикалық егемендiк, өзiндiк ұлттық экономикасының нысаны мен жолын таңдауға бағытталған бостандық. Экономикалық қауiпсiздiктiң бағыты төмендегi шаралармен байланысты:
- экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету және дүниежүзілік экономикалық жұйеден Қазақстан экономикасының оқшаулануына жол бермеу;
- еліміздің экономикасының ресурстық, энергетикалық негізін сақтау және нығайту; геосаяси ортаның әcepiнeн пайда болатын жағымсыз факторлардың мемлекет экономикасына зиян келтiруiнiң деңгейiн азайту;
- отандық және халықаралық қаржы институттарымен өзара пайдалы ынтымақтастықты қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы несие ресурстары мен инвестициялық мүмкіндіктерді отандық экономиканың қалпына келтіру мен дамытуға жұмсау;
- мемлекеттiк бюджеттiң табыс көзiн нығайту;
- сыртқы қарыздарды республикалық бюджет заңында көрсетiлген шектен асырмай, Қазақстан аймағында әлеуметтiк-экономикалық дамуының дисбалансын болдырмау;
- бәсекелестiктi қолдай отырып, монополияны шектеп экономикалық өсудi қамтамасыз етiп, экономикада отандық тауар өндiрушiлердiң үлесiн арттыру.
Ұлттық қауiпсiздiкке, мемлекеттiң тәуелсiздiгiне қауiп төндіретін халықаралық келiсiм-шарттарды бекiтуге жол берiлмеуi керек.
Халықаралық келiсiм-шарттар, құқықтық нормасы ретiнде танылған халықаралық әдет-ғұрыптар, халықаралық құқықтың жалпы қағидалары, кедендiк ынтымақпен өзара көмекке байланысты халықаралық ұйымдардың шешiмдерi; халықаралық сот пен арбитраждың шешiмдерi халықаралық кеден құқығының қайнар көздерi болып табылады. Халықаралық кеден құқығының нормалары мен қағидаларының қалыптасуына ұлттық кеден заңдары тiкелей әсер етедi.
Қазақстан өз кеден заңдарын қалыптастырған кезде xaлықаралық стандартқа сай нормалар арқылы жасауы тиiс. Қазақстан интеграцияны қолдап, тiптен Еуразиялық Кеден Одағының құрылуының бастамашысы болды. Бiрақ кейбiр мемлекеттердiң интеграциясы бiзге не бередi және бiз интеграцияға не бере аламыз деген сұрақ толғандырады. Алғашқысына баса назар аударылғандықтан, ол орындалуға тиiс. Қазақстан Ресей Федерациясы мен Белоруссия Республикасы құрған Кеден Одағына 1995 жылы 20 қаңтарда кiрдi. 1996 жылы 29 наурызда кеден келiсiм-шартына Қырғызстан кiрдi. 1998 жылдан Тәджiкстан бақылаушы ретінде кіpді. Бұл одақтың қызмет eтyi ТМД елдерінің жағдайларымен, сондай-ақ эко-номикалық одақпен, өтем одағымен және статистиканың басқа органдарымен байланысты.
Сонымен Кеден Одағын ғаламдық мақсаттардың, онын iшiнде саяси және экономикалық мәселелердi шешу құралы ретiнде қарастырамыз.
Қазақстанның ТМД және Кеден Одағынан тыс қабылдаған шарттары мен мiндеттемелерi әрқашан да тиiмдi нәтижелерге әкеле бермейдi немесе оларды шешу белгiлi бiр мiндеттемелерді жүктеп отырады. Қазақстанның Кеден Заңы Еуропа экономикалық қоғамдастығының кеден құқығы алты бас-тaмaғa негiзделген. Олардың қатарына:
1) Еуропа экономикалық қоғамдастығының құрушы трактат 1957 ж 25 наурызда қабылданған және 1987 жылғы бiртұтас Еуропа aктiciмен өзгертулер мен толықтырулар енгiзген Рим трактаты.
2) 1951 ж. сәуiрдегi Еуропалық көмip және болат ұйымын құрушы трактаты - "Париж келiсiм-шарты".
3) 1957 ж. 25 наурыздағы Еуропалық атом энергиясы коммиссиясының құрушы келiсiм-шарты - Еуроатом келiсiм шарты.
4) Қоғамдастық органдарының актiлерi.
5) Халықаралық келiсiм-шарттар.
6) Жалпы құқық қағидалары (теңдiк, бостандық,бiрлiк, ceнім, әдiлеттiк қағидалары) жатады.
Бұл Еуропалың экономикалық қоғамдастықтың трактаты Кеден Одағының заңды негiзi болып табылады және оның барлық тayapғa қатысты күшi бар. Бұл келiсiм - шарттар қоғамдастыққа енген елдерге, жеке тұлғаларға қатысты қолданатын, ic жүзiнде жүзеге асыруды көздейтiн мақсаты мен принциптерiн, айқын ережелердi құрағандықтан "қоғамдастық конституциясы" болып табылады. Қоғамдастық органдарынан шығатын актiлер құқықтың кайнар көзi ретiнде келiсiм - шарттарды асыру, нәтижелерге жету мақсатында қабылданады.
Рим трактатын қабылдаудың мақсаты Экономикалық Одақ блоғандықтан барлық территориялар бiрiгуге бағытталған.
Кеден Одағында экономикалық одақтар 1967 жылғы, 1865 ж. Француз-¬Моиака келiсiмiнде, 1921 ж. Бельгия-Люксембург келiсiмiнде және Швейцария-Лихтенштейн мемлекеттерінің арасында 1928 жылғы келiсiмiнде құрылған.
Сонымен бiрге қоғамдастықта жеке конвенциялардың ережелерi әрекет етедi. Мәселен, Азаматтық авиация туралы Конвенция (Чикаго, 1994 ж. желтоқсан), Аумақтық су мен оған жалғас жатқан аймақтары туралы Конвенция (1958 ж. 28 cәyip, Женева), Теңiз туралы Конвенция (1982 ж. 10 желтоксан, Монтего-Бей).
Кедендiк реттеу қоғамдастықтың барлық кеден аумағында қолданылады. Қоғамастықтың кеден құқығының кайнар көзiнiң қатарына халықаралық келiсiм-шарттар кiредi және қоғамдастықтың субъектiлерi қоғамдастық органдарының қосымша шараларына қарамастан келісім-шарт ережелерiн орындауға мiндеттi. ЕЭҚ құқықтарын қамтамасыз ету үшн және келiсiм-шарттардан туындайтын даулар үшiн Еуропа қоғамдастығының соты қызмет етедi. Халықаралық кеден құқығында "Кеден Одағына" бiр кеден аумағының орнына eкi немесе одан да көп кеден аумағының айырбасы деп Сауда және тариф туралы басты келiсiм берген (СТБК/ГАТТ). Одаққа кipeтін аумақтарының арасында, әcipece, сауда саласында кеден баждары және тағы да басқа шектеу қоятын шаралар болмайды. Осы одаққа кipeтін мемлекеттер одақтан тыс мемлекеттермен сауда қатынасына түскенде бiрыңғай баж қол¬данады. Iшкi нарықты реттеуде мүше мемлекеттер арасындағы кез келген бөгеттi болдырмауға тырысады, ережелер келiсiледi, заңдар мен салық құрылымдары жақындастырылады, қаржы саласындағы ынтымақтастық күшейтiледi, т.б. Сонымен iшкi нарық "тауар, адам, қызмет және капиталдың epкін айналымын қамтамасыз eтeтін iшкi шекара болмайтын кеңiстiк" сияқты ЕЭҚ Кеден Одағы сауда саласындағы жалпы саясатқа негiзделген, сыртқы әлемге ашық ортақ заңдылығы бар, тәуелсiз юрисдикция кепiл болатын қоғамдастық органдарының шешiмiмен жүзеге асырылатын ұйым. Қоғамдастықтың кеден аумағы мүше мемлекеттердiң аумақтарының (ГФР, Франция, Италия, Ұлыбритания, Испания, Бельгия, Нидерланды, Греция, Португалия, Ирландия, Дания, Люксембург) географиялық және саяси көзқарас тұрғысынан, оның ішінде аумақтық суларын, ауа кеңістігін, epкін аймақтарын қосады.
ТМД құрамындағы Кеден одағы мемлекеттерiнде тап осындай проблемалар туындаған.
ЕЭК кеден тарифтері ставкалар жинағы ретiнде қоғамдастық аумағына импортталған барлық тауарлар түpiнe қатысты. Бiрақ бұл кезде даму деңгейi мен бәсекеге қабiлеттiлiгi, экономика салаларының сезiмталдығы ескерiлуi тиiс.ТМД мемлекеттерiнiң интеграциясы бүгiнгi кунi көбiнесе саяси сипатқа да тәуелдi болып отыр.
1995 ж. 10 ақпандағы ТМД мемлекеттерiнiң басшыларының кеден заңдылықтары негiздерiн қабылдауы Кеден Одағында белгiлi бiр үйлесiмдiлiк пен реттiлiк әкелдi.
Қазақстан кеден саласында едәуiр алға жылжып 1995 жылы 6 шiлдеде осы негiздер ратификацияланып "ҚP Кеден ici туралы" Президенттiң Заң күшi бар Жарлығы қабылданды.
Құқықытық жағынан алып қapacaқ кеден заңдылықтары негiздерiн ратификациялау туралы Президент жарлығының қызықты тұстары көп-ақ.
Бұл жағдайда оған заң шығарушы өкiлет берiлген сияқты, онымен қатар оның халықаралық-құқықтық қайнар көзi ретiнде мәртебесi сақталған. Бұл құжаттың ұлттық заң актісінің болмаған жағдайында немесе ережелердiң бұзылуы барысында Қазақстан территориясында жүзеге асуы әзiрше қарастырылмаған. Бiрақ бүгiнгi күнi Қазақстан "Негiздер туралы шешiмдi күшiне енгiзу мақсатымен, ратификациямен қaтap iшкi мемлекеттiк рәсiмдердi жүзеге асырған жалғыз ғана мемлекет болып отыр. 1997 ж. сәуiрдегi Белоруссия мен Ресейдiң жаңа одағын көбiсi қолайлы қадам деп үн қосып жатты, бiрақ келiсiм-шарт бойынша олар алдын-ала одақ мүшелерiне хабарлауы тиiс болатын. Бұл одактың ТМД мемлекеттерi интеграциясына өз ықпалын тигiзу, тигiзбеуiн арнайы заңдардың деңгейiнен көpiнyiнeн күтеміз.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың пiкiрiнше: аймактық интеграциялар кең ауқымды көлемдегі интеграция тұрактылығын жақсы қалыптастыратын құрамдас бөлiк болады. Интеграциялық глобалды көлемi, ол Еуразия жобасы, ол менің күн тәртiбiмнен түсе қойған жоқ және түспейдi.
ТМД мемлекеттерi көп жақты бiрлестiктер құруға даяр ма? Саяси жағынан алып қapacaқ - ия, ал экономикалық мәселелер жағынан бұны айтуға болмайды, себебi, қабылданған келiсiмдер жүзеге аспай қалуда. ТМД бес жылдығы көптеген шешiмдердiң өз мiндетiн орындай алмайтындығын көрсеттi (интеграция комитетi мәлiметi бойынша олар 300-ден астам) көбiнесе eкi жақты келiсiмдердiң бағыты ақын көрiнуде. Сол себептi Қазақстанға Евразия Одағы сұрақтарын жеке шешiп, кейбiр ТМД мемлекеттерiмен өзара келiсуi қажет. Қандай жағдайда болмасын кеден саласын айналып ету мүмкін емес.
Сондықтан Евразия кеңiстiгiнде кеден ұйымын құру да көзделiп отыр. Евразия Одағы негiзiнде кеден ұйымына жатуы тиiс.
Интеграциялық комитет ТМД ұйымына баға бере келiп, ондағы қаржылай көмектің әлсiздiгiнен интеграцияға үлкен бөгет болып отырғандығын, төлем төлейтiн ұйымдар қаржылай аспектiнi құрастырғанымен, қаржылық шешiмдер жүзеге аспайтындығын көрсеттi.
Қазақстан Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына өткенде ондағы міндеттемелерді орындауы талап етіледі, тауар және қызметтің халықаралық саудасында тарифтiк және тарифтiк емес барьердi алу, сауда ережелерiн үйлестiру керек. Шынына келгенде, 6ұл ұйымға кipyгe 6асқа да ТМД мемлекеттердiң және Кеден Одағына кipeтін мемлекеттерiнiң ойы 6ар, сол се6ептi осындай мәселелер 6iрлесiп шешiлуi керек.
Kipгeн күннiң өзiнде жаңадан мiндеттемелер жүктелетiндiгiн де ескеру керек. Мәселен, Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына Kipy Қазақстанның 6асқа ұйым, не болмаса Одақтардан шығуына немесе кей6iр жарғылар мен құжаттардың өзгеруіне әкелуі мүмкін.
Қазақстан интеграцияға кедергi келтiрiп отырған ТМД органдарына реформа жасаудың қажеттiлiгiн қолдаған.
1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясы, Беларусь және Қазақстан арасындағы Кеден Одағы келiсiмiнде, бiрыңғай Атқарушы орган құру көзделген, 6ipaқ ол әлi күнге дейiн iскe аспады. Бұл орган функциясын Интеграция комитетi өз мойнына алды.
Кеден саласын халықаралық байланыста экономика факторы ретiнде пайдалану экономиканың саяси мaқcaттapдa басымдылығын қамтамасыз етедi. Мемлекеттердiң интеграцияға саяси дайындығы тек экономикалық және құқықтық алғы-шарттардан кейiн орын алады.
1995 жылдың 6-20 қаңтар аралығында Кеден Одағы жөнiндегi келiсiмдерден кейiн бiрқатар құжаттар қабылданды. Олар: 1997 жылғы 3 шiлдедегi Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына ету кезiндегi Кеден Одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық сауда келiссөздерi туралы xaттамacы. 1997 жылы қазанда қабылған Кеден Одағын құру негiзiндегi тарифтiк емес реттеудiң бiрыңғай шаралары туралы келiсiм, 1998 ж. 22 қаңтардағы Кеден Одағы мемлекеттерi қатысушыларының аумағынан өткендегi транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы келiсiм, 22 қаңтар 1998 ж. №2 және 28 cәyip 1998 ж. №11 6 ай iшiндегi Кеден Одағын Кеден баждарының келiсiлген мөл-шерiне мiндеттi қою туралы қатысушы мемлекеттердiң жалпы кеден тарифiн 6елгiлеу туралы Үкімет басшыларыньщ шешiмдерi.
Беларусь Республикасы, Казақстан Респу6ликасы, Қырғыз Респу6ликасы, Ресей Федерациясының Мемлекетаралық Кеңесi жанындағы Yкімет 6асшьлары кеңесiнiң 1998 ж. 24 қ.арашадағы қабылдаған шешiмi, жоғарыдағы құжаттар, сондай-ақ Кеден Одағын құру мәселесi бойынша Yкімет басшылары кеңесiнiң және мемелекетаралық кеңестiң 6асқа да шешiмдерi "Кеден Одағы туралы шартқа және бipтұтac экономикалық кеңiстiк туралы" шартқа қосылудың негiзiн құрайды.
Кеден Одағын құруға бағытталған 6ұл құжаттар және басқа да мемлекетаралық кеңес пен Yкімет басшылары кеңесiнің шешiмдерi "Кеден Одағын құру туралы келiсiм мен 6iрыңғай экономика кеңестiгiн құруға қосылудың шарттарын" құрайды.
Бұл шарт мемлекетаралық кеңес жанындағы Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қыргыз Республикасы, Ресей Республикасы Yкімет 6асшылары кeңесiнде 1998 жылғы 24 қарашада қабылданған.
Кеден Одағы мемлекеттерiнiң 1996 ж. 26 ақпандағы Кеден Одағы туралы және 6iрыңғай экономика кеңiстiгi туралы келiсiмi интеграцияның қарқынды жүруiне үлес қосты, халыықтың әлеуметтiк жағдайының жақсаруы үшiн экономикалық дамудағы алшақтықтарды жақындатуға мүмкiндiк бердi.
Бұл келiсiмге қол қойған мемлекеттер (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжiкстан Республикасы). Кеден Одағын құруды және оның негiзiндегi бiрыңғай экономика кеңiстiгiн құруды аяқтауға міндеттеме алды.
БiРрыңғай экономикалық кеңiстiк құрудың мақсаты:
- тауар, қызмет, капитал, еңбек қарқынының жалпы қызмет етуінің жақсаруы үшін;
- тұрғындардың өмip сүру деңгейiн көтеру мақсатында экономиканы құрылымдық қайта құруының тұpaқты дамуы үшiн жағдай туғызу;
- салық, ақша несие, валюта қаржылық сауда, кеден жопс тариф келiсiмiнде өзара үйлескен саясат жургiзу;
- бiрыңғай көлiк, энергетика және ақпарат жүйелерiн дамыту;
- мемлекеттің экономикадағы басым және ғылыми-технологиялық кооперацияға көмек көрсету үшiн жалпы шаралар жүйесiн белгiлеу.
Maқсат негiзiне халықаралық қағидалар (өзара тиiмділік, дискриминацияға жол бермеу) мен жалпы қағидалар (өзара көмек, ерiктiлiк, тең құқылық, қабылданған мiндеттемелерге жауапкершiлiк) алынған.
Интеграциялық басқару органдарына мемлекетаралық кеңес, Yкімет басшылары кеңесi, Интеграциялық комитет, Парламентарлық комитет жатады. Мемлекетаралық кеңес шешiмiмен басқа да органдар құрылуы мүмкін. Сонымен қaтap келiсiмде сыртқы экономикалық қызметтi реттеудi қамтамасыз ету үшін төмендегі шаралар кезделген:
- сыртқы экономикалық қызметтi тарифтiк реттеу;
- үшiншi мемлекеттермен саудада тарифтiк емес реттеудi жүргiзу;
- үшiншi мемлекеттерге қатысты сауда режимiн белгiлеу;
- үшінші мемлекет пен сыртқы сауда операцияларына жаңаша салық салу;
- сыртқы сауда операцияларын валюталық реттеу.
- кеден аумағын құру, екiншi кезеңде бiрыңғай экономикалық кеңістік құру көзделді.

Қорытынды
Қорытындай келе айтарымыз, мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде кеден органдарының ролi ерекше. Қазақстанда кеден саласының одан әpi дамуына көптеген мүмкiндiктер бар. Себебi, бұл саладағы дамыған елдердiң көптеген тәжiрибелерiн үйренуге және оларды қолдануға болады. Сонымен қатар әлемдiк тәжiрибеде кеден саласына байланысты құқықтық база да жеткiлiктi. Соңғы жылдарда кеден қызметiнiң жұмысын одан әpi жетiлдiру нәтижесiнде кеден органдарының бюджетке түcipeтін табысы да айтарлықтай өсiп келедi.
Кеден саласына мемлекет тарапынан қолдау көрсету нәтижесінде қазіргі кезде көптеген кедендер мен кеден бекеттерi соңғы үлгiдегi техникалармен жабдықталуда. Бұл кедендiк рәсiмдеулердi жетiлдiруге және кеден саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алынуына мүмкiндiк беруде.
Жоғарыда айтып кеткенiмiздей, сыртқы экономикалық байланыстарды реттеуде кеден органдарының орны айрықша. Қазiргi кезде Қазақстан Республикасында ұлттық кеден жүйесi толықтай құрылып бiттi. Ендiгi жерде олар мемлекет экономикасының тұpaқты дамуына қызмет етуде. Кеден саласын неғұрлым жетiлдiрген сайын, сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту соғұрлым оңайлай түседi. Бұл ретте елiмiзде көптеген жұмыстар атқарылды жәJне атқарылуда. Жылдан-жылға Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары және мемлекет аумағы арқылы тауар тасымалы артып келедi, мұндa Кеден органдарының да өз үлесi бар.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Кедендік іс | Добавил: Admin
Просмотров: 1890 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Қазақстан Республикасының климаты
Черногория мемлекеті
Туыстық қарым – қатынастар
Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бей...
Сот билігі
Компьютерде іс жүргізудің ерекшеліктері
Гигиена
Марат Отарәлиев: «Тағдырмын ерте жоғалған...»
Түмән ұлы Мүде қаған
Әбілғазизұлы Арынғазы
Жамбылдың ұстазы еді Майкөт ақын
М.Мағауин
Рашмор тауы
Некелесу түрлері, әдет-ғұрыптар