Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Кедендік іс

Қазақстан Республикасының кеден саясаты қалыптасуының экономикалық және заңдық негіздері
Загрузка...
Қазақстан кеден саясаты жалпы түрде – саяси, әлеуметтік-экономикалық қайта құруды жедел іске асыруға, оның ішкі және сыртқы экономикалық мүддесін қорғауға, оны жүзеге асыруға бағытталған саяси-құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және т.б. шаралар жүйесі.
Кеден саясаты Қазақстан Республикасы ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылады («Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы).
Ол ұлттық экономиканың жан-жақты дамуына жағдай жасауға, оны сырттан келетін құрылымсыз элементтер мен басқа да булдіргіш әсерлерден қорғауға міндетті. Егемен мемлекеттің терең ойластырылған, жан-жақты қарастырылған кеден саясаты сыртқы экономикалық мүддені сенімді түрде іске асырады, экономиканы күйреуден сақтайды, оның сауығуы мен көтерілуіне жол ашады.
Қазақстан Республикасы кеден ісінің 2-бабында еліміздің кеден саясатының мынандай мақсаттары айқындалған: Қазақстан рыногын қорғау; Қазақстандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау; экономикада құрылымдық өзгертуді жүзеге асыруға ат салысу; дұрыс бәсекелестікті және монополизмге қарсы тұруды қостау; экспортқа жағдай туғызу және шетелдік тауарларды алмастырушы өндіріс орындарын қолдау; шетелден инвестиция тарту; сауда саясатын сонымен бірге Қазақстан Республикасы орталық билік органдары белгілеген басқа да мақсаттарды іске асыру.
Мемлекеттің кеден саясатының басты мақсаты – мемлекеттік бюджетті толықтыру. Зейнетақыға тұрмысы төмендерге, бюджет қызметкерлерінің жалақысына төленетін «тірі ақшаны» қазынаға түсіретін негізінен кеден ұйымдары. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арқылы кедендік-банктік бақылауды іске асыруда келісім-шарт бойынша қозғалыстағы тауарлар мен валютаны тексеруді күшейту бюджеттің кіріс бөлігін нығайтуға мүмкіндік береді.
Республиканың кеден ұйымдарының алдында республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін келесідей міндеттер тұр:
- қару-жарақ пен есірткіні контрабандалық жолмен өткізумен күресу;
- тұтынушыларды денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп тұғызатын азық-түліктер мен тауарлардан қорғау;
- терроризмнің алдын алу;
- стартегиялық және ядролық материалды заңсыз әкетуді болдырмау;
- ұлттық рыноктың өзін-өзі қамтамасыз ету қағидаларына қайшы келмейтіндей дәрежеде импорттың көлемі мен құрылымының ұлғаюына жағдай жасау;
- ойшылдық және көркемөнер құндылықтарын алып өтуді болдырмау;
- мемлекеттің құрылымын бұзуға, ұлттар арасында алауыздық туғызуға бағытталған ақпараттық материалды өткізбеу және т.б.
Қазіргі таңда Қазақстанның кеден саясаты қалыптасып болды. Ұлттық кеден саясатының қағидалары Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі болса, кедендік заңдылық – ұлттық заңдылықтың құрамдас бөлігі. Кеден саясатының қызметі келесідей:
- сыртқы экономикалық іс-әрекетті реттеу;
- кедендік реттеуде әкімшілік шара қолдану;
- отандық экспортты қорғау мен қолдау;
- импорттың үйлесімділігіне жағдай жасау;
- сыртқы экономикалық іс-әрекетке қатысушылардың құқықтық теңдігі мен мүддесінің қорғалуын қадағалау;
- сыртқы қызмет істеріндегі тарифтік артықшылықтар мен кедендік жеңілдіктер берудің неғұрлым басым бағыттарын мойындау.
ТМД-ның құрылуына байланысты оғaн кipeтiн теуелсiз жаңа мемлекеттердiң кедендiк ынтымақтастығында проблемалар бой көтердi. Бұл ынтымақтастықтьң құқықтық негiзi, соньщ iшiнде кеден қызметінiң кейбір қырлары Минск пен Алматы келiсiмдерiнде қаланып, 1992 жылғы 13 наурыздағы ТМД мүшелерiнiң келiсiмiнде одан әpi дамыды. Одан кеден одағының құрылғаны,тауарлардың ерікн қозғалысы қағидасы, кедендік заңдылықтың үйлесімділігі, жалпы кеден тарифі келісімі, кеден кеңесінің құрылғаны (оның құқығы мен атқарушы органдары) жарияланды.
Қазақстан Республикасының «Кеден ici» туралы Заңының 8-бабына сәйкес, кеден ұйымдары орталық кеден ұйымы, кеден басқармасы, кеден бекеттерi мен кедендер, кеден мекемелерi мен ұйымдары кipeтін бiртұтас жүйе болып табылады.
Қазақстанның саяси жүйесiнiң әрбiр элементтерiн анықтау және мiнездеме беру ұйымның мәнін түciну, бүкiл жүйеге талдау жасау үшін -маңызды.
Қазақстанда кеден саясатын iскe асыруда мемлекеттiк ұйымдар қызметiнiң әсерлiлiгi де арнайы талдауды қажет етедi.
Қазақстан Республикасы Кеден комитетi кеден iciн тiкелей басқаруды iскe асырады. Ол мемлекеттiк бiртұтастықтың дамуы мен нығаюына есер ете отырып, кеден қызметi жүйесiнiң барлық салаларын бағыттап, басқарады, бiрiктiредi.
Кеден комитетi тiкелей басқаруды iскe асырады, ұлттық кеден саясатын жузеге асыруға, кеден ici туралы заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге, өздерi басқаратын кеден ұйымдары жүйесiнiң қызметi әсерлi болуына жауап бередi.
Кеден ұйымдары жүйесiнiң маңызды құрамдас бөлiгi аймақтық кеден басқармалары болып табылады. Кеден басқармаларының негiзгi мiндеттерi қатарына мыналар жатады:
- Қазақстан Республикасы кеден саясатын зерттеу шаралары мен оны іlске асыруға қатысу;
- өзiнiң құзыреттiлiгi жүретiн жерде елдiң экономикалық кауiпсiздігін камтамасыз ету, контрабандамен, кеден құқығы мен кеден заңдылықтарын бұзушылармен күресу.
Кедендер Қазақстан Республикасы барлық кеден ұйымдары жүйесiнiң iргетасын құрайды. Олар кеден ici саласындағы мiндеттердiң негiзгi бөлiгiн тiкелей атқарады. Кеденнiң шұғыл басқаруында оның территориясында орналасқан кеден бекеттерi бар. Соңғылары кеден саясаты мiндеттерiн атқарып, зандылықтың сақталуын қамтамасыз етудi, кедендiк бақылау бары-сында ақша жинауды іске асырады.
Қазақстан Республикасы Кеден комитетi 1992 жылғы 12 карашада Қаржы министрлiгi жанындағы Бас кеден басқармасы болып қайта құрылған кезден бастап, 1995 жылғы сәуiрде Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi, Үкімет құрамына кiрмейтiн, бiрақ оған бағынышты орталық ұйым мәртебесi бар ҚР Кеден комитетi болып әртүрлi құрылымдық өзгерiстерге ұшырады. Кеден iciнe басшылық жасау тiкелей Кеден комитетiнiң өзiнде қалды. 1998 жылдың күзiнде Кеден комитетi Қазақстан Республикасы Kipic министрлiгiне қарайтын болды.
Қазақстан кеден қызметi халықаралық қатынастардың жалпы формаларын қалыптастыра алды. 1992 жылғы маусымда Қазақстанның Кеден ынтымақ,тастығы одағына - Бүкiл әлемдiк кеден ұйымына (БКҰ) кipyi халықаралық стандартқа сай импорттық-экспорттық тipкey тәртiбiн қабылдауына мүмкiндiк бердi.
Әлемдiк экономикада басымдыққа ие кедендiк қатынастар жүйесiн қабылдайтын кез келдi. БКҰ-ғa мүше болу әлемдiк экономикаға араласуға ұмтылатын мемлекеттер үшiн мiндеттi. 28-30 cәyip аралығында Брюссельде БКҰ-ның ұйымдастыруымен кеден қызметiн қайта құру мен жетiлдiруге байланысты халықаралық форум болып өттi. Форумның жұмысына БКҰ-ға муше 130 ел, оның iшiнде Қазақстан Республикасы да қатысты.
Букiл әлемдiк кеден ұйымы сауда ережесiне сәйкес, қоғам мен салық жинауды қорғау, экономиканың дамуы мен ұлттардың жағдайын жақсартуға кеден қызметi әсерлiлiгiн күшейту арқылы ықпал етудi алдына мақсат етiп қойған, әлемнiң 140-тан аса елдерiн бiрiктiрген тәуелсiз өкiметаралық ұйым болып табылады.
БКҰ халықаралық сауданың өсуі мен жылдамдауына, технологияның дамуына, ұлттық және әлемдік экономиканың өзгермелі сипатына байланысты пайдалануға шектеу қойылған және тыйым салынған тауарларды заңсыз өткізу сияқты проблемаларға кезікті. БКҰ кеден қызметін қайта құру мен жетілдіруге көп көңіл бөледі.
Яғни, кеден қызметi институтынан басқа ешбiр мемлекеттiк ұйым салықты жинау мен қорғауда, қаржы саласында көмек жасауда, контрабандамен күресу арқылы саудада, сыртқы саясатта жене қоғам мүддесiн қорғауда осынша маңызды роль атқармайды.
Әрбiр ел қойған талапқа жауап беретiн жене тапсырылған қызмет пен мiндетrердi орындай алатын кеден қызметi қандай болуы керек eкeнін өздерi шешеді.
БКҰ-ның стратегиялық мақсаты - тауар өндiру мен мамандану арқылы халықаралық саудаға қатынасушы елдердiң барынша пайда табуына жәрдемдесу. Бұл мақсатқа жетудiң негiзгi құралы сыртқы экономикалық, қызметтi либерализациялау (ымыралау), тарифтердi төмендету және сыртқ,ы экономикалық қызметте әкiмшiлiк кедергiлердi жою болып табылады.
БКҰ -ғa кiрушi елдердiң мемлекеттiк сыртқы сауда жүйесiнiң ұлттық, ерекшелiгiне мыналарды жатқызуға болады:
- Жоғары құқықтың қамтамасыз етiлуi. Бұл қажетri болжау жасауға мүмкiндiк бередi, сыртқы экономикалық қызметте (СЭҚ), ұлттық құқықтық peттeyдe жариялылық пен тұрақтылық болады.
- СЭҚ экономикалық нормалар мен ережелердi peттey мен іскe асырудың бiрегейлiлiгiн, оны басқа елдердiң осындай ережесiмен ұштастырудың дамуына жағдай жасайды.
БКҰ-ға кipгeн Қазақстан мынандай артықшылықтарға ие болды:
- басқа елдердiң төменгі және үнемi азайып жатқан тарифтерi негiзiнде СЭҚ-i іске асыруға мүмкіндік алу;
- бiздiң мүддемiздi басқа елдердiң заңсыз шараларынан БКҰ ережелерiне сәйкес және осы ұйым құрылымының көмегі арқылы қорғау.
БКҰ-ның ережесi - eкi бағыттағы қозғалыс: бiздiң тауарлардың шетел рыногына шығуын қамтамасыз ету және басқа елдiң тауарлары үшiн бiздiң рынокты алу.
Кеден ісінің халықаралық құқықтық негізін халықаралық аренада халықарлақ кеден конфренциясы мен келісімінің 3 тобы құрайды:
1) Көп жақты кедендік конвенциялар;
2) Аймақтық кедендік келісім;
3) Екі жақты кедендік келісім.
Кеден ісінің халықаралық құқықтық негізін халықаралық аренада келесі конвенциялар құрайды:
- 1950 жылғы 17 маусымдағы білім беру, ғылым және мәдени сипаттағы материалдарды кіргізу туралы келісім;
- кедендік ынтымақтастық одақ құру туралы конвенция (1952 жылдың 19 қарашасында күшіне енді);
- 1952 жылғы коммерциялық және жарнамалық материалдарды енгізу туралы конвенция;
- кеден мақсаты үшін тауардың құнын анықтау конвенциясы (1953 жылдың 28 шілдесіне күшіне енді);
- туристер үшін кедендік жеңілдіктер туралы конвенция;
- 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы (дипломаттар мен дипломатиялық өкілдіктер үшін кедендік жеңілдіктер) және т.б.
1992 жылғы 13 наурызда ТМД елдерi кеден саясаты принциптерi туралы келiсiмге қол қойды. Бұл келiсiмнiң мақсаты -келiсушi жақтардың арасындағы бiртұтас экономикалық кеңiстiктi камтамасыз ету, осы кеңiстiктiң аясында тауарлардың epкін айналымын қамтамасыз ету, экономиканың дамуына мүмкіндік жасау және ішкі рынокты қорғау.
ТМД елдерiнiң 1992 жылғы 8 ақпандағы транзит тәртiбi туралы келiсiмiнiң мақсаты - ТМД-ның сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы қызметiнiң әсерлiлiгiн қамтамасыз ету, ТМД-ның әрбiр мемлекеттiң экономикалық егемендiгiн қорғау және қамтамасыз ету, транзит еркіндігі қағидаларын қамтамасыз ету.
Транзиттiк жүктердi кедендiк тipкey тәртiбi туралы 1992 жылғы 2 сәуiрдегi келiсiм 1992 жылғы 8 ақпандағы транзит тәртiбi туралы келiсiмнiң дамуы мен iскe асуы нәтижесiнде қабылданды.
Қазақстан басқа Орта Азия мемлекеттерi және Ресеймен өзара саудада кеден процедураларының қолданылу тәртiбi туралы, заңсыз шығарылған мәдени құндылықтарды ұстау мен кepi қайтару саласындағы ынтымақтастық туралы, ecipткi мен психотропты заттарды заңсыз айналымға түcipyгe қарсы күресте ынтымақтастық туралы бiрқатар келiсiмдерге қол қойды.
Ресей Федерациясы, Беларусь, Қазақстан Республикалары арасындағы Кеден одағы туралы келiсiмге 1995 жылғы 20 қаңтарда қол қойылды. Кейiн бұл одаққа Қырғызстан қосылды.
Бұл шартта азаматтардың жүктерi мен қол жүктерiн тексерудi жою, жүктердiң бұл елдердiң шекарасы арқылы epкін және баж салығынсыз қозғалуы, бiртiндеп салықты төлемдi және басқа да шектеулердi азайту, ке-ден процедураларын карапайымдандыру, құжат формаларын бiрегейлендiру көзделген.
Бұл төрт мемлекет кедендiк статистика жургiзуде бiртұтас кеден құруға жағдай туғызуды қамтамасыз ету өте қажет, яғни басқарудың рыноктық шаруашылық механизмi принциптерiне негiзделген бiр типтес экономика құру мен экономикалық қайта құруды жургiзуде жедел қарапайымдылыққа қол жеткiзу, кедендiк одаққка қатысушы елдердiң барлық субъектiлерi үшiн мүмкiндiктер мен кепiлдiк беру, сыртқы сауда, кеден, баға, салық және басқа да шаруашылық заңдарын бiрегейлеу, кедендiк одаққа қатысушы мемлекеттер валюта рыногын ұйымдастырудың ортақ ережелерiн дайындау керек деп санайды.
Кеден мәселесi бойынша eкi жақты келiсiмде мемлекеттер ынтымақтастық саласы бекiтедi, кеден саласында тәртiп бұзушылықты болдырмау, тексеру, алдын алу iстерiнде бiр-бiрiне ынтымақтасуға уағдаласады. Осыған байланысты eкi жақ мемлекеттiң де кеден қызметтерi кедендiк баж салығы мен салық бағасы мәселелерiнде өзара ақпарат алмасу, кеден қызметкерлерiн арнайы мамандыққа машықтану iciнe оқытуды iскe асыру, кеден мәселелерi саласында тәжiрибесi бар эксперттер алмасу туралы да келіседі.
Кеден мәселелерi Ресей Федерациясы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы "Сыртқы экономикалық қызметтi реттеудiң бiртұтас тәртiбi туралы " eкi жақты келiсiмде бiршама орын алды.
Халықаралық кеден нормалары негiзiнде Қазақстан кеден құқығының дамуы және Қазақстанның жаңа халықаралық құқықтық кеден нормаларын дайындауға, халықаралық ынтымақтастыққа белсене араласуы - өзара байланысты және өзара толықтырылымды процесс болып саналады.
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнен республика кеден заңдылықтарының тұтас күйiнде халықаралық кеден құқығы принциптерiне сәйкес келетiнi байқалады: ұлттық тәртiп ұстанымы; қылмыссыздандыру принципi; БКҰ-ғa қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерiнiң теңдiгi; сыртқы сауда мен кеден саясатының жариялылық принципi; кеден тарифiн мемлекеттiң сыртқы саудасын реттеушi ретiнде қолдану принципi.
Қазақстан Республикасының сауда-кедендiк: ұйымдардың жұмысына қатысуы - Қазақстанның халықаралық кедендiк ынтымақтастықтағы мәндi каналдарының бiрi болып саналады. Қазақстан Бүкiләлемдiк кеден ұйымдарының қызметiне 1993 жылдың 3 қазанынан бастап оның мүшесi ретінде қатысып келеді.
Елiмiз – халықаралық өкiметаралық экономикалық ұйым, әpi әртүрлi мемлекеттердiң сыртқы сауда және кеден ici саласындағы халықаралық құқықтық келiсiм болып саналатын ТСБК/БКҰ-да бақылаушы. 1947 жылдың қазанында пайда болған (көп жақты келiсiм 1948 жылдың 1 қаңтарында күшiне ендi) ТСБК мемлекеттердiң кеден ici жөнiндегi әртүрлi бағыттары мен аспектiлерi, кеден саясаты мен зандылықтары бойынша мемлекеттер ынтымақтастығында үлкен әpi құнды тәжiрибе жинақтады.
Қазiргi кезеңде Қазақстан өзiн тариф пен сауда туралы Бас келісім және Бүкiләлемдiк сауда ұйымына (БСҰ) мүше ретiнде қабылдауын өтiнiп тiлек бiлдiруде. Қазақстанның ТСБК мен БСҰ -ға мүше болуы оның халықаралық саудада позициясын күшейтiп, ерекше сауда ережелерiн орындай отырып еліміздің көздеген мақсатына жетуге көмектеседі.
Бiрiншiден, Қазақстан неғұрлым қолайлы жағдай туғызу тәртiбiне негiзделген, сауда әрiптестерi оған ешқандай кедергiлер қоя алмайтын кепiлдiкке ие болады, әpi отандық өндiрiс тауарларын ұсынуда теңдiк алады.
Екiнiшден, ТСБК мен БСҰ даулы мәселелердi шешу процестерiне мол мүмкiндiк берегенi соншалық, Қазақстан тәртiп бузушылықты анықтауда қолдау көредi. ТСБК мұндай тәртiп бұзушылыққа жол берген елдерге қарсы.
Үшiншiден, ТСБК мен БСҰ Қазақстанға оның экономикалық мүддесi болатын ымырашылдық саясатын iскe асыруға көмектеседi және қолдаушылық саясатқа "құлдырап" кету мүмкiндiгi бар eкeнін де ескертедi.
Төртіншіден, ТСБК ережесi нарықтық қатынас үшiн қолайлы жағдай туғызады және сандық шектеудi қолдануды кiдiртедi, әлемдiк балансқа қол жеткiзу үшiн өткiзiлетiн сауда шараларын қолдануды шектейдi.
Қазақстанның кеден шекарасының жалпы ұзындығы 13000 километрден асады, оның 7000 километрi Ресеймен, 2300 километрi Өзбекстанмен, 400 километрi Typiкмeнcтaнмeн, 100 километрi Қырғызстанмен, 1700 километрi Қытаймен, 1700 километрi теңiзбен шектеседi. Қазақстанның кеден шекарасы арқылы жыл сайын 1 миллионнан аса жеке тұлғалар өтедi.
Кеден саласындағы iстелген жұмыс пен параметрлер кеден қызметiне қойылатын талапты күшейту қажеттiлiгiн көрсетедi, оған қoca бюджеттiң кipic бөлiгiне түceтiн түciм үнeмi ұлғаюда.
Кедендiк одаққа қатысушы мемлекеттердiң арқайсысының кеден саясатындағы мaқсaттapы ұқсас, олар: отандық рынокты, өндірушілер мен тұтынушыларды қopғay, экспортқа жағдай жасау, шетел тауарларының орнын ауыстыратын өндірісті қолдау, шетел инвестициясын тарту, сауда саясаты мiндетrерiн шешу және басқа да мaқcaттap.
Бұл күндерi бiздiң экономикалық қауiпсiздiгiмiзге төнiп тұрған қауiп-қатер туралы фактiлер жеткiлiктi. Олардың iшiндегi нғұрлым маңыздыларына мыналар жатады: экспортқа шикізаттың көптеп шығарылуы және республиканың халық тұтынатын тауарлар, машиналар мен жабдықтар импортына тәуелділігінің артуы, сыртқы экономикалық қысымнан экономиканың тұйыққа тiрелiп қалу мүмкiндiгiнiң артуы. ТМД арасындағы шекараның ашық болуы сыртқы экономикалық байланысқа қатысы бар қылмыстық бизнестiң өcyiн, контрабандалық тауарларды кiргiзу мен шыға¬руды оңайлатады.
Кеден ұйымдары мемлекетте жүрiп жатқан барлық демографиялық процестерге белсене қатысуда. Олар бiртiндеп стратегиялық, ұзаұ мерзiмдi мiндеттердi белгiлеу мен шешуге бағыт алуда.
Мемлекеттің экономикалық мүддесiн сақтау жұмысының маңызды бағыты 1997 жылдан бастап өткiзiле бастаған, сыртқы экономикалық қатынастарға қатысушыларды, кедендiк-банктiк валютаны бақылауды iскe асыру болды. 1997 жылдың қыркүйегiнен бастап Алматы қаласында валюталық бақылауды кiргiзу бойынша экономикалық эксперимент басталып, 1997 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның бүкiл террито-риясына тарады. Кедендiк-банктiк валюталық бақылау - елдiң бюджетiнiң кipic бөлiгiн толықтыратын маңызды кездердiң бiрi.
Кеден ұйымдары өздерiнiң қызметi арқылы мемлекет қазынасына, кейiн зейнетақы, жердемақы, бюджет саласы қызметкерлерiнiң еңбекақысына төленетiн "тipi ақша" әкеледi.
Республика кеден ұйымдарының алдында тұpғaн басты мiндет кедендiк баж салығы, салым және түciм жинау арқылы мемлекет бюджетiнiң кipic бөлiгiн толтыру болып табылады. Кеден ұйымдары бюджетке кipic кiргiзетiн қосымша көздердi табуға тырысады.
Валюталық бақылаудың мәнi келiсiмнiң құжатын жасау арқылы тауардың қозғалысын бақылау, валюталық түсiмдi толық бiлiп отыру болып табылады. Қолданылған шаралар кеден төлемдерi мен салықтың жиналуы бойынша жұмыстар динамикасын толық өзгерттi.

Сыртқы экономикалық қызметгi ретгеуде кедендiк одақ пен бiрыңғай тәртiп туралы қолданылып жүрген келiсiмде Кеден одағын құрудың негiзгi шарты болып табылатынбірыңғай кеден тарифiн құру карастырылған.
Кедендiк одақ туралы келiсiмге қатысушы елдердiң тариф саясаты бойынша жүргiзген жұмыстары кеден тарифiн бiрегейлендiрудiң негiзiн қалады, кеден салығының мөлшерi, қатысушы елдердiң барлығында да сәйкес келетiн тауарлар тiзiмiн дайындап, бекiттi.
1997 жылдың наурызынан бастап ҚР Кеден комитeті әуе және темір жол көлiктерiне кезең-кезеңiмен кедендiк бақылау енгiздi. Бақылаудың сенiмдiлiгiн күшейту мақсатында әуежайға "Rapis kan" типтес рентген аппараты сатып алынып, орнатылды. Кеден салығын төлеуде жеңiлдiктер беру мәселелерiн ретгеу мақсатында Қазақстан Республикасының "Тiкелей инвестицияны мемлекеттiк қолдау туралы" 1997 жылдың 28 ақпанындағы №275-1 Заңы кабылданды. Онда инвестициялық жобаны iскe асыруға арналған шетелдiк жабдықтар, материалдар толығымен немесе жартылай кеден салығынан босатылуы мүмкін екендiгi айтылған.
1997 жылғы 22 қазанда Кеден одағына қатысушы мемлекеттер кеден территориясында тауарларды импорттау мен экспорттаудыңбірыңғай тәртiбiн бекiту ушiн "Кеден одағын құрудағы тарифтiк емес реттеудiң бірыңғай шаралары туралы" келiсiмге қол қойды.
Өзiнiң тәуелсiз өмip сүру жылдарында кеден ұйымдарының бiрнеше рет өзгерiске ұшырауы кеденшiлер қызметтерiнiң ұйымдаспаушылығына, тұрақсыздығына әкеп соқтырды. Кеден ici мемлекегтің жеке иелiгiнде, яғни ұлттық кеден саясатын дайындауда және оны iскe асыруда мемлекеттiң ғана ерекше құқығы бар.
Сонымен, кеден ici eкi негiзгi мiндеттi атқарады:
- бұл - елдiң экономикасының өcyi және дамуы ушiн сыртқы экономикалық байланысты пайдалану;
- оны басқа елдердiң сыртқы экономикалық (байланысты) саясатының жағымсыз әсерінен қopfay.
Сыртқы сауданы мемлекеттiк реттеудiң тарихи формасы - кеден саясаты Қазақстанның экономикалық мүддесiн және қазақстандық өндiрушiлердi қорғаудың жолдарының бiрi - кеден заңдылықтары қызметi саласына қатысы бар әртүрлi категориядағы субъектiлердiң бабын таба бiлудi, экспорт-импорт операцияларын анық әpi толық бақылау элементтерiн бойына сiңiрген әсерлi әpi икемдi кеден саясаты болып табылады.
Қазақстанның экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнде кеден саясаты маңызды рөл атқарады.
1997 жылдың 22 шiлдесiнде Қазақстан Республикасы кеден қызметiнiң бүкiл бесжылдық тарихында бiрiншi рет Қазaқстан Республикасы қауiпсiздiгi одағының мәжiлiсiнде оның жұмысы қаралды. Қазақстан кеденшiлерi үшiн жаңа есеп беру уақыты, жаңа даму кезеңi басталды.
Бiрiншiден, елiмiздiң Президентi мемлекеттiк Кеден комитетiнен бюджеттiң кipic бөлiгiн қамтамасыз ету жұмысын нығайтуды және республиканың кеден ұйымының штат санын көбейтудi талап еттi.
Екiншiден, ол Республика Yкіметінен кеден күзет орнын нығайтуға байланысты кеден қызметiнiң ic-әрекетiн толық жүз пайыз қаржыландыруды қамтамасыз ету шараларын қабылдауды талап еттi.
Үшіншіден, кеден қызметi жұмысшыларын әлеуметтiк дамыту және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қоры қалпына келтірілді.
Төртiншiден, мемлекеттiк Кеден комитетiне, Қазақстан Республикасы сыртқы iстep министрлiгiне Қазақстан-Ресей, Қазақстан-Өзбекстан, Қазақстан- Typiкмeнcтaн шекарасынан және Каспий теңiзiнiң қазақстандық бөлiгiнен контрабанданы өткiзбеу мақсатында кеден шекарасын нығайту үшін қатал шаралар қолдану тапсырылды.
1997 жылы Қазақстанның экономикалық дамуында шұғыл бетбұрыс белгiлендi. Мемлекеттiң инвестициялық саясаты анық ерекшелiктерге ие болды, бiртiндеп ұлттық шаруашылықты қайта құру структурасы ретке келтiрiле бастады. Кеден ұйымдары мемлекеттiк билiктi iскe асырудың бiрден-бiр құралы болды. Кеден комитетiнiң жанынан "Кедентранс-сервиз" шаруашылық төлемді кәсіпорын құрылды. Жолаушылардың жүктері мен қолжүктерін шекарадан кеден арқылы алып өту процестерін іске асыру мақсатында 1998 жылы кден ұйымдарыц монтажы аяқталған бртұтас автоматтандырылған информациялық жүйені енгізді (БАИЖ) енгізді.
Кеден шекарасын қорғаудағы басты элементтердің бiрi, кеден ұйымы үшiн жаңа ic-әрекет аясы - күзет және жүктердi тасымалдау бюджетке 700 млн теңге шамасында кіріс кіргізді.
1997 жылы шекара периметрi бойынша 123 кеден посты, 14 халықаралық, 73 республикалық мөндегi автожолдар, 22 әуежай, 25 темiржол өткелдерi болды.
1997 жылдың 19-21 қыркүйегi аралығында Алматыда елдердiң Кеден ұйымдары басқармасы - ОЭС мүшелерiнiң IV мәжiлiсi болып өттi, оның жұмысына Әзiрбайжан, Иран, Қырғызстан, Пәкiстан, Тәжiкстан, Туркия, Typiкменстан, Өзбекстан елдерi катысты. Кездесуде халықаралық сауда қатынасының дамуына әсер еткен және түрлі халықаралық кеден конвенциясына қосылy мүмкiндiгi бар Қазақстан кеденiнiң жүргiзген iстepi туралы айтылды.
IV мәжiлiсте жүктердi тасымалдау туралы ОЭС-тiң бiртұтас кұжаты, ДПГ-нi қолдану және толтыру ережесi, ДПГ-нi реттейтiн ереже мен қаулы қарастырылып, қабылданды. Сонымен бiрге контрабандамен және кедендiк алаяқтыққа қарсы күрес мәселесінде өзара түсініктік меморандумының жобасы келiсiлдi.
Кедендер мен кеден басқармасының көп еңбек етуінің арқасында республика кеден қызметiнiң деңгейi көтерiлдi. Кедендiк бақылау технологиясы деңгейiн арттыру барлық кеден қьiзметiнiң жүйелi жасалған фак-торы, негiзi, баспалдағы болып табылады.
1996 жылдың 9 қазанында Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң басшылығы Қазақстандағы АҚШ -тың төттенше және Өкiлеттi Елшiсiмен кездесiп, онда АҚШ елшiлiгiмен бiрге Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң өзара бiрiгiп әрекет жасау тобын кұру туралы шешiм қабылдады.
Жумыс тобыньң қызметi барысында жумысты Tpainthe Traine's (оқытушылар даярлау) бағдарламасыньң шеңберiнде бастау туралы келiсiмге қол жеткiзiлдi. Кеден қызметiн жолға қоюдьң ең куштi жене тиiмдi жолы - бұл салада маман қызметкерлердiң жумыс iстeyi.
Шетелдiк бизнес өкiлдерi, АҚШ, Канада, Жапония елшiлiктерi, ҚP Кеден комитетi мамандарынан құрылған жумыс тобы "Кеден жаршысын" шығару мен "Байланыс тобын" орнатудан басқа да жетiстiктерге қол жеткiздi. Кеден комитетi кеден мекемелерiне алдын ала және кунбе-кунгi ресми мәлiмдемеқолдануға, кеден қоймасын пайдаланушыларға ыңғайлы жағдай жасауға, құжаттар қабылдау мен бақылауды тексеру процедурасын жеңiлдетуге буйрық, бердi. Бул шаралар ыңғайлы инвестициялық жағдай мен езара пайдалы ынтымақтастық сипатында республика экономикасының мумкiндiгiне сай келедi. Кеден қызметiнiң практикалық қадамдары арқылы Қазақстандағы шетел бизнесi мәселелерi бiртiндеп шешiлуде.
Кедендiк бақылауды толық іске асырушы кеденде қолданылатын, 1996 жылы 1 желтоқсанда қабылданған жүк кеден декларациясы (ЖКД) болып табылады.
Кiргiзiлген тауарлардың кедендiк баж салығы мөлшерiн жуйелендiру жене оның Букiләлемдiк сауда мекемесінің принциптерi мен ережелерiне сай келуiн қамтамасыз ету мақсатыда, 1996 жылдың 14 қарашасында №1389 "Кiргiзiлген тауарлардың кедендiк баж салығы мөлшерi" деген қаулы кабылданды. Бұған дейiн де Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 15 тамызында №1125 "Кiргiзiлген тауарлардың кедендiк баж салығы мелшерi" қаулысы қабылданған болатын.
Отандық ендiрушiлердiң муддесiн қорғау кажеттiлiгiне, Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы жеке тұлғаларды өткiзуге байланысты меселелердi жөнге келтiру мақсатында заң күшi бар, 1925 жылғы 20 шiлдедегi №2368 "ҚP кеден ici жайлы" ҚP Президентiнiң Жарлығы негiзiнде 1996 жылдың 31 желтоқсанында №1712 "Қазақстан Республикасы шекара¬сынан жеке тұлғалар арқылы, oған қоса көлік қуралдары арқылы да тауар тасу тәртiбi туралы" қауылы қабылданды (1997 жылдың 5 қацтарында күшiне ендi).
1996 жылдың 19-20 қарашасында Достастыққа кipeтін мемлекеттердiң кеден қызметi басшылары одағының 13-шi мәжiлiсi болып өттi, онда жолаушылардың Бiртұтас кедендiк декларациясы, интеллектуалдық меншiктi қорғаудың нормативтiк негiзiн дайындау және оны кедендiк бақылау практикасында қолдану жайлы меселелер қарастырылды.
Оның үстiнe Қазастан кеден саясаты Ұлы Жiбек жолының стратегиялық транзиттiк пунктерiнiң бiрi ретiнде интеграциялық функциясын атқара отырып, қазақ халқын тек кана халықаралық саудаға тартып қойған жоқ сонымен бiрге адамзаттық жене қоғамдық қатынастардың барлық қырында басқа мемлекеттермен тығыз байланыстырды.
Бул байланыста Қазақстан кеден саясаты дамуының стратегиялық бағыты - жинақталған кеден тәжiрибесi мен есебiне, әлемдегi қазiргi экономикалық, саяси, ақпаратты ауқымдану процесіне негізделген интеграция болып табылады. Дәл осындай кеден саясаты ғaнa геостратегиялық жоспарда алысты болжағыш, дамығыш дәрежеде бола алады.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Кедендік іс | Добавил: Admin
Просмотров: 2520 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Аймауытов Жүсіпбек
Аңыз әңгімелер
Есенжанов Хамза
Әуезов Мұхтар Омарханұлы
Иоган Себастьян Бах
Компьютерде іс жүргізудің ерекшеліктері
Құнанбайұлы Абай
Салауатты өмір салтын ынталандыру
Денсаулық - басты байлық
ТМД мемлекеттерімен жасалған келісімшартгар
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша Емтихан билеттері
Дулатов Міржақып
Бәсентиін Малайсары батыр
Жамбылдың ұстазы еді Майкөт ақын