Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Кедендік іс

Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын іске асыру және кеден саласының мүмкіндіктері мен болашағы
Загрузка...
Қазақстандық кеден заңдарында кездесетiн "кеден ici", "кеден саясаты" сияқты құқықтық категориялар олардың өзара қарым-қатынасы мен кеден құқығындағы орнын анықтап берудi қажет етедi.
Бұл категорияларды мағынасына қарай кеден құқығындағы бiрiккен құқықтық материалдары peтіндe анықтау керек.
Олардың өзгешелiгi кеден саясатының мемлекеттiң сыртқы және iшкi саясатының құрамдас бөлiктерiне жатқызылуымен түсiндiрiледi, бұл кеден саясатын жалпы кеден саласымен тепе-тең қояды.
Кеден iciн мемлекет белгiлi бiр мақсаттарға жеткiзудiң құралы ретiнде қарастырады. Кеден саясаты мен кедендiк құқықты қоса алғандағы кеден саласы мемлекеттiк басқарудың жаңа бiр саласы iспеттес.
Кеден саласын қабылданатын саяси және экономикалық шараларға әсер етуге тиiс мемлекеттiк құрал ретiнде қарастыру керек. Егер oғaн мемлекеттiк деңгейдегi екiншi элемент ретiнде қарауды жалғастырсақ кеден саласы аморфты жағдайын сақтап қалады және өзгерiстерге дер кезiнде ықпал ете алмайды.
1995 жылы 20 каңтарда Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы тарапынан қол қойылған кедендiк одақ жайлы келiсiмнiң жузеге асырылуына байланысты кеден органдары қызметiнiң маңызы айрыкша арта түcтi.
Қазақстан Республикасы "Халықаралық жол тасымалдауы" (ХЖТ -карнет ТИР, 1995 ж. 15 қараша, Женева) кiтапшасы қолданылатын жол тасымалдауы жайлы кеден конвенциясына қосылды. Бұл жүктерге бақылау жургiзу, халықаралық жүк тасымалдауды қамтамасыз ету және кеңейту, бiрегей кедендiк құжаттарды қолдану, тауарларды шекаралардан асыруды жеңiлдету жағдайларына қатынасты талаптарды унификациялауға мүмкiндiк бердi.
Кеден ici Президенттiң "ҚP Кеден ici туралы" Заң күшi бар Жарлығының l-бабына сәйкес төмендегi элементтерден тұрады:
- ҚP Кеден аймағы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзудiң тәртiптерi мен шарттары;
- кедендiк бақылау және кеден саясатының басқа түрлерi;
- кеден органдарының ұйымдастырушылық-құқықтық негiздерi.
Осы кодификациялық құқықтық нормативтiк акт қабылданғанға дейiнгi кеден ісінің мазмұны тар ауқымда едi.
Кеден iсiнiң құрылымынан кеден саясатын бөлiп қарау маңызды құқықтық мәселе болып табылады. Кеден саясатын жүзеге асыру механизмiнде әр мемлекеттiк opганға және олардың жауапкершiлiгiне қатысты Үкiметтiк деңгейдегi бағдарламаларды қабылдау талап етiлдi.
Кеден органдары тек атқарушы орган ретiнде қалмай, рынок коньюнктурасына талдау және болжам жасауда, тарифтiк және тарифтiк емес шаралардың реттелуіне қатысуы керек.
Кеден саласының шегiн анықтау - маңызды мәселелердiң бiрi. Кеден саясатында кейбiр мақсаттарға басқа мемлекеттiк органдардың ic-әрекетi арқылы қол жеткiзiлетiн болса да, кеден органдарының өкiлеттiк мәселесiн қосқанда, кеден iсiнiң мүмкiндiктерi жеткiлiксiз. Егер бұған экономикалық қауiпсiздiктi ic жүзiнде қамтамасыз ету мәселесiн қоссақ кеден iciн кемелдендіруге тура келеді.
Кеден Одағын сәттi құру кеден iсiнiң мазмұнына сапалы өзгерiстер алып келедi. Ол, әcipece, біріңғай кедендiк тариф құрудан, кедендiк қызметтi басқарудың бiрiңғайлығынан, экономикалық кеңiстiктегi epкін сауда және бiлiм алу тәртiбiне байланысты бiріңғай кеден aумағын құрудан көрiнедi.
Кеден заңдылықтарына суйенсек, Қазақстанның кеден aумақтарына: құрлық аумағы, су аумактары, ішкі сулар, ауа кеңістігі, теңіздік ерекше аймақтардағы жасанды аралдар, ке-шендер, басқа да объектiлер кiредi. Сонымен қaтap заңда кеден aумағынан тыс кеден аймақтары мен epкін қоймалар қарастырылған.
Сонымен бiрге заң epкін кеден аймағының және Қазақстан Республикасының кеден aумағынан тыс орналаскан epкін қоймалардың aумақтарын қарастырады. Кеден аумағының шектерi, сондай-ақ epкін кеден аймақтары мен epкін коймалардың периметрлерi кеден шекарасы болып табылады.
Кеден саласында экономикалық және әкiмшiлiк шараларды қолдану дәстүрi бар. Әкiмшiлiк шараларына тарифтiк емес реттеу тетіктерін жатқызуға болады. Олардың санатында - лицензиялау, квота енгiзу, максималды және мйнималды баға мөлшерiн aнықтay, сертификаттау, тауарлар мен көлiктi кiргiзу мен шығаруға қойылrан шектеулер жатқызылуы мүмкін.
Лицензиялау мен квоталау мемлекеттiң экспорт және импорт операцияларын бақылау жуйесiне жатады. Бұл eкeyi 1995 жылға дейiн кең колданыста болған.
Қазақстанда 1995 жылдан берi жүргiзiлген сыртқы экономикалык қызметтi либерализациялау негiзгi кедергiлердi жоюға бағытталды. Оның iшiнде кедендiк (бақылау тетіктерінен басқасы) кедергiлер де бар. Ондағы мақсат стратегиялық маңызы бар шикiзат экспортын реттеу мен экспорттық-импорттық операциялардан түскен валюталық қаражаттарды бакылау болып табылады.
Осы ретте кеден қызметi кедендiк тарифтер кедендiк құжаттарды жетiлдiру мен реттеудi жеңiлдетуге байланысты нақты ұсыныстар жасауы тиiс. Бұл усыныстар кеден құқығы мен бақылауына және жалпы жүйеге нұсқан келтірмеуді кездеуі тиіс.
Мемлекеттiң стандарттау мен сертификаттауға қоятын талаптары импорт пен экспорт жүйесiн реттеудегi әлемдiк талаптарды ескере отырып жасалады. Қазакстанда сертификаттаудың мiндеттi және еpікті деп аталатын есi түpi қабылданған.
Yкімет тарапынан мiндеттi түрде сертификаттауға жататын тауарлар санаты жасалады. Coған сәйкес кеден қызметi бақылау жургiзедi. Импортталатын тауарларға мемлекеттiк бақылауды күшейте түсiп, әкелiнетiн тауардың нарықтағы орнын ескеріп отыру қажет.
"Тауардың нарықтағы орны немесе беделi" секiлдi ерекшелiк сол тауардың кедендiк бағасын аныктауда басшылыққа алынатын негiзгi талап болып табылады. Бұндай тетікті пайдалануға әкелiнетiн тауарлардың сапасын арттыруға мумкiндiк бередi.
Мемлекет тарапынан мемлекеттiк стандарттар мсн техникалық\ келiсiмдерге қатысты мiндеттi түрде орындалатын және кеңес есебiндегi талаптар қойылып отырады.
Тауарларға қойылатын негiзгi талаптар: олар адам өмipi мен денсаулығына кауiп төндiрмеуi тиiс; қоршаған ортаға зияны болмауы тиiс; қапталу тәртiбi; маркалануы мен мiндеттi талаптарға сай болуын бақылау әдістері.Ұсынылған талаптар тұтынушылар муддесiн қорғау мен тауарлардың сапасын арттыруды көздейдi.
Осы ретте тауарлардың сапасын көтеруге бағытталған шараларды енгiзу кезiнде 1991жылғы 5 маусымда қабылданған "Тутынушылар құқықтарын қорғау туралы" 3аңның кесiмдерiн басшылыққа алып отыру лазым. Бұл заң тұтынушылар құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн калайды.
Барлық мемлекетгiк мекемелер мен уйымдар тутынушылардың құқықтарын қорғап, сапалы тауарлар мен қызмет көрсетiлуге бағытталған ic-шараларды қолданулары тиіс.
Кеден мекемелерi мен басқа да мемлекеттiк ұйымдардың бiрлескен жұмысы тек құқық қорғау саласын ғaнa емес, сонымен бiрге жалпы кеден саясатының мақсат-мудделерін іске асыру, оның ішінде ішкі нapықты қорғау, қазақстандық тауар өндірушілер мен тұтынушыларды қopғay, экономика да-муына жағдай жасау мен құрылымдық қайта құру iciнe ықпал ету, бәсекелестiктi қорғау мен монополияларға жол бермеу, экспорттың өркендеуi мен импорттың орнын толтыра алатын өндiрiстiң дамуына ықпал ету, инвестиция тарту мен мемлекеттің сауда саясатының іске асырылуы т.б. iс-шараларды қамтып отыруы тиiс.
Кеден қызметiнiң ұйымдастырылуы мен бүгiнгi мәртебесi осы мақсаттардың iскe асырылуын қамтамасыз ете алмауда, сондықтан Үкімет Қазақстандығы кеден қызметi жүйесiн реттеуге бағытталған арнайы шаралар ойластыруы тиiс.
Жалпы Yкімет пен басқа да мемлекеттiк органдардың кеден саясатын жүзеге aсыруға қатыстылығы экономикалық мүдделерді, егемендік пен қауіпсіздікті қорғау мақсатында оның тиісті қызметтендірілуінің маңыздылығын білдiредi.
Шын мәнiндегi Кеден Одағының калыптасуы одақ мүшелерi болып табылатын елдердiң аумағын қамтитын Opтақ кедендiк aумақ пен бiртұтас экономикалық кеңiстiктiң пайда болуына байланысты. Осы бағыттағы шешiмiн табуы тиiс негiзгi меселелердiң бiрi - аймақтар мен epкін сауда жағдайының мәртебесiн анықтау болып отыр.
Тауарларға еркін сауда жағдайын енгiзудiң мақсаттары:
- басқа мемлекеттен әкелiнетiн-әкетiлетiн тауарларға көлемдiк және кедендiк шектеулер қоймау;
- жанама салық жинаудың бiрыңғай жүйесiн енгiзу;
- қатысушы елдердiң басқа елден әкелiнетiн тауарларға қатысты сақтандыру ретiнде уақытша шаралар қолдану құқығы. Бұл шаралар қалыптасқан халыкаралық нормалар мен ұлттық зандарға сәйкес болуы тиiс;
- қатысушылардың келiсімiнсiз сауда жасауда үшiншi бiр мемлекетке жеңiлдiктер бермеу;
- бәсекелестiкке койылуы мүмкін шектеулерге жол бермеу;
- тараптар бiр-бiрiнiң тауарларына қатысты кемсiтушілік немесе әдiлетсiз жағдай туғызуы мүмкін шараларды қолданудан бас тартуы тиiс.
Бұл мақсаттардың iскe асуы үшiн Қазақстандағы кедендiк басқару мен жалпы кеден және басқа да салаларда мемлекеттiк басқару жүйесiн ынталандыра түсудi керек етедi. Бiз кез-келген өзгерiстер мен кеден саласы мәселелерiн шешудегi бiрлескен iс-қимылдарға дайын болуымыз керек.
Кеден Одағы аумағында бiрыңғай кедендiк тарифтер мен кеден жүйелерiн басқару тетіктерін енгiзудi тездету қажет. Мемлекеттердiң кеден және басқа да салалардағы құқықтық актiлердiң бiр apнaғa түcyi қамтамасыз етілуі тиіс.
Кедендiк одақтағы әрiптес елдердiң салықжене акциздiк саясатын жақындату жайлы мәселе - өз уақытында интеграциялық комитеттiң жұмыс мәжiлiсiнде арнайы талқыланған мейлiнше күрделi және қиын мәселе. Кедендiк одаққа мүше мемлекеттер үшiн акциздiк саясат сыртқы экономикалық кызметті реттеуден, oтандық өндірушілерді қорғаудағы, бюджеттiң түсiмдiк бөлiгiн толықтырудағы маңызды құралдардың бiрi бо-лып табылады.
Кедендiк одаққа мүше мемлекеттердiң әркайсысының кедендiк саясаты ұқсас мақсаттарды көздейдi, оньщ iшiнде отандық рынокты, отандық тауар өндірушілер мен тұтынушыларды қорғауды, экспортты және импортты қолдауды мақсат етiп қояды. Яғни мүдделердiң қарама-кайшылығы объективтi мүмкiндiк, дегенмен ол өзара келiсiмге келу арқылы шешуiн таба алады.
Каржылық тұрақылыққа қол жеткiзу, iшкi рыноктың реттелуi және оны импортерлердiң озбыр бәсекелестiгiнен бекем қopғay, шетел инвестициясының өндiрiске келуiн жеделдету, отандық тауар өндiрушiлердi шамадан тыс салық жүгiнен босату, кедендiк саладағы контрабанда мен басқа да қылмыстардың жолын кесу, ұлттық экономиканы әлемдiк шаруашылыққа интеграциялау сияқты күрделi мiндеттердiң шешiмi кеден саясатында қолға алынып, осылардың жүзеге асуында оның қаншалықты тиiмдi роль атқаруымен тiкелей байланысты.
ТASIS баFдарламасы аясында Қазақстан TRACECA (Еуропа - Кавказ -Орта Азия және одан әpi Тынық мұхит жағалауына дейiнгi транзиттiк дәлiз) жобасына қатысады. Бұл транзиттiк дәлiздiң маңызы аса зор. TRACECA жобасының өзi оны дамыту үшiн ойлап табылып, жүзеге асырылуда. Бұл жобаға қатысушы барлық мемлекеттер өзара сауда қатынасының өркендеуiне, халықаралық тасымалдаудағы ынтымақтастыққа және кедендік қызметтердің ынтымақтастығына мүдделі.
1996 жылдың барысында жұмысшы топ жобаға мүше мемлекеттерде қолданылатын кедендік және сауда құжаттарына, кедендік жұмысқа байланысты ақпараттарды жинап өңдеумен айналысты. Транзиттiк дәлiздiң маршрутын және жолдағы кедендiк бекеттердi тәжiрибе жүзiнде зерттеу, сондай-ақ оларды үйлестгiру, бөгеттердi жою мақсатындағы жұмыстарды және құжаттарды унификациялауға байланысты кеңестердi дайындаумен аЙналысты.
Қазақстанның жағырапиялық орналасу жағдайының бұл жоба үшін стратегиялық маңызы зор, өйткенi оның территориясымен Орта Азия мемлекеттерiн Қытай Халық Республикасымен байланыстыратын, көне заманда Ұлы Жiбек жолы ретiнде мәлiм болған жол бөлшегi өтедi.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Кедендік іс | Добавил: Admin
Просмотров: 1989 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Қошке Кемеңгерұлы
Ре – мажорлық №104 симфония
Абілда Тәжібаев
Жамбыл - әлем түркілері поэзиясының алыбы
Асан Кайғы
Ғұмар Қараш
Ислам әлемінің мәдениеті
Абай мен Ыбырай шығармаларындағы үндестік
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі
Майлин Бейімбет
Ақан Сері Қорамсаұлы
Электрокардиографтың құрылысы, жұмыс істеу принципі
Жиренше шешен
Құнанбайұлы Абай