Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Техника ударов коленями tee khao удары коленями.
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Кедендік іс

Қазақстан Республикасында кеден саясатының қалыптасуының тарихи
Загрузка...
Бұрын Қазақстанда кеден саласын реттейтін нормативтік акт болмаған, бірақ кеден қызметіне байланысты кейбір белгілі бір түсініктер қалыптасқан. Мысалы, қазіргі өзіміз білетін және қолданып жүрген «таможня» (кеден) сөзі татар тілінен аударғанда «таңба», «мөр» («тамга») дегенді білдіреді. Қазақ, түркі тілдерінде де осы мағынаны білдіреді. Кеден баж салықтары келесідей түрлерге бөлінеді: өндіріп алу тәсіліне байланысты олар тауардың бағасынан және арнайы түрінен алынатын баж салығы. Тауардың бағасынан төленетін баж салығы деп көпестің қандай да бір тауардың бағасының (құнының) белгі бір пайызын төлеуін айтамыз. Арнайы баж салығы тауардың салмағына, санына, көлеміне байланысты өндіріп алынады. Мұнда тауардың бағасы еспеке алынбайды. Өндіріп алынатын баж салығы импорттық, экспорттық, транзиттік болып жіктеледі.
XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап сауда-саттық қала өмірі дамуының негізгі себебі болды. Сол кездегі басты сауда орталығы Семей қаласы болған. Ол басқа губерниялармен және елдермен сауда қатынасын жасады. Біртіндеп Ертіс бойындағы қамал көптеген сауда жолдары мен түрлі тауарлары бар керуен келетін ірі орталыққа айналды.
Семей қамалының алғашқы құрылған жылдарынан бастап-ақ Кеден шекарасынан, Құлжадан, Жаркенттен керуен келе бастады. Тауарларымен қытайлар, жоңғарлар, монғолдар келді. Азия көпестері мен Орта жүз малшы қазақтарының сауда-экономикалық қатынасының қалыптасып, дамуына Семейдегі кеден мекемесі мен айырбас ауласының (монетный двор) салынуы біршама ықпал етті.
Басында сауда операцияларын қамалдағы кеден мекемесі қызметкерлері бақылап отырды. Біртіндеп Семей арқылы сауданың дамуына орай әкімшілік алдында қамалға әкелінетін заттарға бақылауды қамтамасыз ету және орыс көпестерінен баж салығын жинауды реттеу үшін шара қолдану қажеттілігі туды. Сондықтан сауданы дамыту туралы укіметтің нұсқауын юасшылық кеден ала отырып, 1754 жылы Сібір шекарашылар әкімшілік Семейде кеденді ұйымдастырды және одан өтетін керуендерді тексеру үшін кеден комиссиясын тағайындады.
Семей кедені Қазақтармен, ортаазиялық және орыс көпестерімен сауда қарым-қатынасын реттеуге үлкен рөл атқарды, ал әкелінген заттардан тусетін баж салығы қомақты кіріс кіргізді. Мысалы,1765-1770 жылдар аралығында баж салығынан 15770 сом ақша жиналды, сол кезде Ямышевск қамалында 13385 сом жиналған еді. Семей қамалының ыңғайлы орналасуы оны айрықша қызу сауда орталығына айналдырды. Сауданы дамытуға орыста,қазақта, ортаазиялық көпестерде қызушылық білдірді. Орыс рыногына жылқы, шикізат, қазақтарға өндіріс бұйымдары қажет болды. Осыны ескере отырып, Ресей үкіметі сауданы жандандыру мен кеңейтуге жағдай туғызытын жарлық шығарды.
XVIII ғасырдың 60-жылдарында Сібір шекаралық линиясының басшыларына қатысы бар үкіметтің бір жарлығы жазылған, біздің көзқарасымыз үшін қызықты құжатта былай делінген: «...Азия халықтарымен сауда қатынасы барынша кеңейтілсін, халықты сауда байланысын жалғастыру үшін қабылдап, келешекте берік негіз қалауға кіріссін, олар жаңа көнестерге мүмкіндігінше жылы және түсіністікпен қарап, олардың қонақ жайлылығы барынша пайдаланылсын. Кеденшенеуніктері мен қызметкерлерінің андаусыз және қорлайтын қызықтарынан кейін ол халық бізбен байланыстан бас тартады. Мұндай жағдайда барлық кеден қызметкерлері жауапқа тартылып, заң талаптарына сай ісі сотқа беріледі» /1/.
Семейде Орта Азия көпестерін саудаға тартып және оның дамуына қызушылық тудыра отырып, патшалық әкімшілік Ресей өндіргіш куштерінің позисиясын бекітуге бағытталған қолдан (протекционистік) саясатын ұстанды. Осы мақсатпен, мысалы, XVIII ғасырдың 60-жылдарында Ресейде жеткілікті шығарылатын шетелдік тауарларды қамалға кіргізуге тыйым салынды.
Шет жерлік көпестердің сауда бостандығын шектеу Семей және Ертіс өңіріндегі басқа да қамалдардың тауар алмасуына кері әсерір тигізді. Бұл әкімшілікті Орынбор, Троицк, Семей кедендерінде азиялық тауарлардың баж салығын төмендетіп, жібек, жүн, ірі қара малды баж салығынсыз кіргізуге арналған жаңа тарифті енгізуге мәжбүр етті.
Семейдің сауда орталығы ретіндегі маңызы, Батыс Қытаймен ара-қатынастың дамуына байланысты өсті. Сібір генерал-губернаторы Пестель 1804 жылы Семей кеденінен қытай тауарларының Семей арқылы өтуі туралы мәлімет талап еткен. Бұл іспен танысқан үкімет Семей шекаралық кеденіне бұл саудаға кедергі жасамауын бұйырды.
Қазақ даласында сауда жасау үшін Орта Азаия мен Қытай көпестеріне Семей кедені белгілі бір бағамен арнайы төлқұжаттар мен куәліктер тапсырды.
Сауда айналымының кеңеюі және соған сәйкес баж салығының алынуы Семей кеденінің мәнін өсіре түсті. Осыған байланысты Семейге Сібір кеден аймағының бас кедені ауыстырылды. 1845 жылғы 9 ақпандағы Семей қаласы Петербург, Кронштадт, Архангельск, Рига қалалары сияқты «ұқыпты кеден» қатарында аталды. Семей кеденінен тасылатын атуарлардың орташа жылдық бағасы 891,5 мың сомды құрады.
Патшалық Ресейде мемлекеттік құрылым басшылығы тарапынан құқықтық реттеу мен кеден ісін ұйымдастыру мәселелеріне үздіксіз назар аударылды. I Петр тұсында бұл процесс өзіндік өрлеу шегіне жетті, сол кезде протекционистік кеден тарифі қабылданды және бекітілген кедендік төлемдерді жинайтын ұйымды басқаратын коммерц-коллегиялар қызмет істеді, көпестерден сайланатын кеден бурмистрлер (кеден басқарушы) институты құрылды.Кейінгі кезеңде кедендік реттеу кеден тарифі мен кеден жарғысынан құралды.
1893 жылы Ресейде белгілеген протекционистік екі еселенген кеден тарифіне ауысуына байланысты орыс тауарларын атсуға жеңілдігі жоқ елдер, орыс тауарына баж салығын кәдімгі ставкадан 15-30 пайызға артық төлейтіндігі туралы заң қабылданды. 1904-1910 жж. Кеден жарғысының кеден құқығын бұзушылармен күрес мәселесі тұрғысынан қарағанда өзіндік ерекшелігі бар.
1922 жылы КСРО Сыртқы сауда халық комиссариаты бас кеден басқармасында 283 жергілікті, 8 аймақтық, оның ішінде Түркістен мен Семей де кіретін кеден мекемелері болды. 1925 жылы КСРО территориясында жергілікті жерлерден кеден апараттарын қайта құру нәтижесінде 11 аудандық кедендік инспекторлық басқарма болды.
КСРО-ның 70 жылдан аса өмір сүру жағдайында сыртқы саудаға мемлекеттік монополия үстемдік етті. Мұндай жүйеде кеден тарифі таза «демократтық» сипатта болды және ішкі баға құрылымының жағдайына әсер еткен жоқ.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында кеден саясаты мемлекеттік қызметтің маңызды, дербес бағытына айналды. Импорт тарифі отандық тауар шығарушыларды шетелдік бәсекелестіктен қорғайды, ал тауарды сыртқа шығару мен кіргізуге әкімшілік шек қою Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
1991 жылдың 12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Президендінің «Қазақстан Республикасының Кеден комитетін құру туралы» жарлығы шықты. Осы күннен бастап егемен елімізде кеден қызметі әрі бюджетке кіріс кігізетін әрі кеден саласындағы құқық бұзушылықтармен қарсы күресетін құқық қорғаушы орган ретінде өз жұмысын бастады.
Қазақстан Республикасында кеден саясатының қалыптасу келесі мәселелерді қамтиды:
- біріншіден, кеден ұйымын жаңа мақсат пен міндеттерге қайта бағыттау, қызметін кеңейту және қайта құру;
- екіншіден, басқару шешімін қабылдау процесін орталық ұйымнан маңызды өкілеттіліктің бірлігін қамтамасыз ететін (кадр мәселесі, оперативті әсер ету шаралары) аймақтық деңгейге дейінгі кеден ұйымы жүйесін құру;
- үшіншіден, өнімдерді кіргізу және шығаруға әкімшілік шек қою, тауарға кедендік салық салумен, қаржы құралдары іс-әрекетін пайдалану.
Қазіргі нарық экономикасы заманында еліміздің экономикалық тұрақтылығын сақ тау мен бюджеттің кіріс жағын толтыруда кеден органдарының үлес салмағы орасан зор.
Кеден саясаты кедендiк шекара арқылы тауарлар тасымалдау iciн реттеу және әкiмшiлiк пен қаржы-салық құралдарының көмeгiмeн iскe асыруға бағыталған шаралар жиынтығы болып саналады.
Кеден саясатының субъектiлерi - кeдeндiк мәселелерге және оларды өмiрде пайдалануға байланысты шешiмдерден тұратын нормативтiк aктi шығару құқығына ие, Президенттiк, Парламенттiк, Үкiметтiк; басқа да атқарушы билiгi бар орталық ұйымдap (мемлекеттiк кipic министрлiгiнiң кеден комитетi) болып табылады.
Кедендiк реттеу әp түрлi бағыттағы eкi мақсатты мүддейдi:
- бipiншi жaғынан, халықаралық зат алмасудың дамуын қамтамасыз ету және ұлттық тауарды сыртқы саудада таратуды жеңілдету;
- екiншi жағынан, iшкi рынокта қолданылып отыратын ұлттық тауарларды ұтымды қолдау арқылы отандық өндірушілерді қорғау.
Кеден саясатының мақсаты кеден ұйымының үpдici мен қызмeтін анықтайды. Оны iскe асыратын құралдар жүйесi қалыптасқан. Кеден саясатының негiзгi құралдары мыналар:
1. Кедендiк-қаржылық реттеу немесе кедендiк салық салу;
2. Әкiмшiлiк реттеу.
Кеден органдарының экономикамызды дамытудағы ролін оның атқаратын қызметтері мен мақсаттарынан-ақ көруге болады. Кеден органдарының міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2) Өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
3) Қазақстан Республикасының кеден шекарксы арқылы өтетін тауарларға тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану.
4) Кеден саласындағы құқық бұзушылықтармен қарсы күресу.
5) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар айналымының артуына жағдай жасап олардың бақылануы мен рәсімделу жолдарын жетілдіру.
6) Валюталық бақылауды жүзеге асыру.
7) Қазақстан Республикасының кеден шарасында радиациялық бақылауды жүзеге асыру.
8) Өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қорғау, адам өмірі мен денсаулығын қорғау.
9) Бірыңғай бюджет саясатын жүзеге асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу.
Сонымен қатар кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін барлық түрдегі тауарла мен көлік құралдарына бақылау орнатып, олардағы еліміздің аумағы арқылы заңсыз алып өтілетін контрабандалық және контрафакттық тауарлардың заңсыз өтіп кетпеуін қадағалайды.
Қазақстан Республикасының заңымен қабылданған кеден төлемiнiң түрлерi: кeдeндiк баж салығы, iшкi салық (қосымша кұн салығы және акциздер), кедендiк төлем. Тауарды сыртқа шығару мен кiргiзу, транспорт құралдарын әкiмшiлiк реттеу билiктiк нұсқаумен iскe асады және тауарды cыpтқa шығару мен кiргiзудің нормативтiк тәртiбiн мемлекет қабылдайды. Ол экономикалық саясатқа (тарифсiз реттеу) шара қолдану және жанама салық салу жүйесiне бөлiнедi. Кеден құқығы мен кеден саясаты рөлiнiң өcyi Қазақстанның егемендiк пен тәуелсiздiк алуына, оның әлемдiк бiрлестiктің толық мүшесi болып қабылдануына байланысты eкeнi белгiлi.
Құқық қорғау органы ретінде де кеден органдарының маңызы артып келеді, олар кеден саласындағы заң бұзушылықтарды анықтап, оны сотқа дейінгі анықтау және сотқа істі тапсыру жұмыстарын атқарады. Ал экономикалық қызметіне келетін болсақ, кеден органдары салықтар мен баждар алу арқылы мемлекет қазынасын толықтырады. Соның ішінде акциздер мен қосылған құнға салық алу тікелей кеден органдарына жүктетілген.Кеденоргандары импортталатын тауарлардың елімізде аналогтары өндірілетін бөлігіне кеденбаждарын, әр түрлі кедендік процедураларды өткізгені үшін алымдар алу арқылы олар импортталатын тауарлардың бағасын көтереді. Бұл әрекеті арқылы олар еліміздің өндірушілерін арзан шетел өнімдерімен бәсекеден қорғайды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының біртұтас кеден жүйесін мыналар құрайды:
1) Кеден ісі жөніндегі уікілетті мемлекеттік орган;
2) Уәкілетті мемлекеттік органның облыстар мен мемлекеттік маңызы бар қалалар бойынша аумақтық бөлімдері;
3) Кедендер;
4) Кеден бекеттері;
5 )Бақылау өткізу пунктері;
6) Мамандырылған кедендік құрылымдар.
Қазақстанның әлемдiк pынокқa шығyы кедендiк қатынастарды реттеуде халықаралық стандарттарды қабылдауға байланысты. Бұл жолда aлға қойылатын талаптар:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және жеке меншiгiн мойындау, оларды тең дәрежеде lқорғау;
- cыpтқы экономикалық қызметте мемлекeттiк монополияны жою, cыpтқы экономикалық қызмeттi аластырy (cыpтқы pынокқа шығуға құқығы бар жеке меншiк заңды тұлғалар саны ұлғайған);
- Қазақстан Республикасының экономикалық eгeмeндігін және экономикалық қауiпсiздiгiн, Қазақстан нарығының дамуын қорғау.
Кеден саясаты - кeдeндiк шекара арқылы, мақсаты мен кеден төлем жолдары арқылы өтeтiн тауарлаpға, мемлекеттің сыртқы экономикалық қарым-қатынас саласына бағыттaлған сыртқы және iшкi саясатының құрaмдac бөлiгi.
Қазақстанда 1991 жылғы 24 желтоқсанда "Кеден тарифi мен баж салығы туралы" Заң қабылданып, cоғaн сәйкес бiркелкi кеден салығы қалыптасып, қолданылды.
Дербес мемлекеттiк кеден саясаты, кеден ici заңды түрде бөлiнбедi және бекiтiлмедi, бiрақ кеден ұйымдарында кедендiк реттеу жүрiп жатты. Бiртiндеп кеден жүйесi нығaйып, кеден құқығы қалыптасып, дами бердi. Қазақстан Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi №2386 заң күшi бар "Қазақстан Республикасының кеден ici туралы" жарлығымен кеден ici кеден құқығы және кеден саласы болып тұңғышш рет бөлiндi /2/.
Кеден тарифi қазiргi сыртқы сауданы реттеудiң маңызды элементi болып табылады. Олар отандық өнiм өндiрушiлердi шетелдiк бәсекелестерден қорғау құралы болып қала бередi. Ұлттық кеден саясатын iскe асыру құралы болып табылатын кеден тарифтерi елiмiздiң кеден шекарасынан өтeтін мүшелiктер мен кұнды заттарға кеден мекемелер жүйесi арқылы салынатын баж салығы тiзiмiн құрайды. Бұл заңның қызет ету аясында Қазақстан республикасының әкiмшiлiк территориясы оның бiртұтас кедендiк территориясына айналды.
Қазіргі кезде кеден ісі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің Кеден комитеті болып табылады. Оның аумақтық бөліктері Кедендік Бақылау Департаменттері деп аталады. Қазір Қазақстан Республикасында он төрт облыстық Кедендік Бақылку Департаменттері, Астана және Алматы қаласы бойынша екі Кедендік Бақылау Департаменті бар.(2.3.)
Маңғыстау облысында «Бейнеу» кедені, Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен», «Семей», «Майқапшағай», «Бахты» кедендері, Жамбыл облысында «Қордай» кедені, Қарағанды облысында «Ұлытау» кедені, Қызыл Орда облысында «Байқоңыр» кедені,Алматы облысында «Достық», «Қорғас», «Қолжат» кедендері бар. Жалпы Қазақстанда он екі кеден, жүз алпыс екі кеден бекеттері жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасында кеден ісі саласындағы іс-әрекеттерді реттейтін негізгі заң Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі болып табылады. Сонымен қатар кеден ісі Кеден істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның шығарған нұсқаулары, бұйрықтары және нормативті құқықтық актілер негізінде реттеледі. Кеден саласындағы Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық келісімдер де кеден саласын реттеуші заң актілері болып табылады.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Кедендік іс | Добавил: Admin
Просмотров: 1827 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Құнанбайұлы Абай
Ислам әлемінің мәдениеті
Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі
Асан Кайғы
Салауатты өмір салтын қалыптастырудьң ғылыми-теориялық негіздері
Жамбыл - әлем түркілері поэзиясының алыбы
Абілда Тәжібаев
Абай мен Ыбырай шығармаларындағы үндестік
Бекболат батыр
Гобелен өнері
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Абайтанушы ғалым Қайым Мұхаметханұлы
Аймауытов Жүсіпбек
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы
Дәрілік өсімдіктермен емдеу