Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 16.12.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Іс жүргізу

ЖЕКЕ ЕҢБЕК ШАРТЫ- үлгі
Загрузка...
ЖЕКЕ ЕҢБЕК ШАРТЫ- үлгі

Акционерлiк қоғам (ЖШС, ҚЖС, ЖК)________________________

Бұдан әрi «Жұмыс берушi» деп аталатын, ___________________
_______________________________________________________
(шартқа қол қоятын тұлғаның аты-жөнi , лауазымы)
____________________________________негiзiнде әрекет ететiн
_______________________________________________________
(лауазымды тұлғаның өкiлеттiгiн анықтайтын құжаттың атауы)
_______________________________________________________ ____________________________
(заңды мекенжайы, нөмiрi, күнi)
____________________________
____________________________
заңды тұлғаны тiркегенi туралы
____________________________
куәлiктi кiм берген)
____________________________
жеке басын куәландыратын
____________________________
құжаттың атауы, кiм берген)

және бұдан әрi «Қызметкер» деп аталатын, ҚР «ҚР еңбек туралы» Заңы негiзiнде іс-әрекет ететiн азамат________________________________ төмендегi мәселелер туралы осы шартты жасады.

1-бап. ШАРТТЫҢ МӘНI
1.1. Жұмыс берушi қызмет бередi, ал Қызметкер штаттық кесте бойынша және осы шартта белгiленген жағдайларға байланысты _____________________________________ лауазымының қызметiн атқаруға келiседi.
1.2. Осы шарт бойынша бұл жұмыс қызметкердiң негiзгi жұмыс орны болып табылады.
1.3. Қызметкердiң басқа қызметтердi қоса атқаруға құқығы бар және өзiнiң негiзгi қызметiнен босамай-ақ қосымша қызмет атқара алады.

2-бап. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНУ МЕРЗIМI
2.1. Осы шарт_____________________________________________________________
(мерзiмiн жазбаша түрде көрсету керек)
мерзiмге жасалды.
- басталуы : «____»_______________2000ж.
- аяқталуы: «____»_______________ 2003ж.
2.2. Қызметкердiң ұйымдастыру қабiлетiн және бiлiктiлiгiн тексеру үшiн ________________________ _________________________ айға сынақ мерзiмi белгiленедi
- басталуы: «____»__________________ 200___ ж.
- аяқталуы: «____»___________________200___ж.
2.3. 2.2 тармақшасындағы сынақ мерзiмi бiткенге дейiн _______________ апта (ай) iшiнде тараптардың жазбаша хабарламасы бойынша бiр жақты тәртiпте шартты бұзуға болады.
2.4. Қызметкер сынақ мерзiмiнде жүрген кезде ҚР еңбек туралы заң актiлерiнде және осы шартта белгiленген нормаларды пайдаланады.

3-бап. Қызметкердiң құқықтары мен мiндеттерi
3.1. «____»______________ 200____ж. №_______«Лауазымдық нұсқаулық» және «____»______200__ж. № __________ «Қызметкерлер туралы» ережелерге сәйкес қызметкерлердiң атқаратын лауазымы бойынша құқықтары мен мiндеттерi болады.
3.2. Қызметкер өзiнiң қызметiн орындауға тiкелей қажеттi Жұмыс берушi берген мүлiктердiң дұрыс сақталуына толық материалдық жауапкершiлiкте болады және осы Шарт бойынша мiндеттердi орындауға мiндеттенедi (1-қосымша).
3.3. Қызметкер қызмет бабына байланысты өзiне ғана мәлiм Жұмыс берушiнiң коммерциялық құпия мәлiметтерiн жарияламау жөнiнде жазбаша түрде мiндеттеме бередi (2-қосымша).
3.4. Қызметкер ___________________________________ тiкелей бағынышты болады.
(басшының лауазымы)
3.5. Қызметкер жылына бiр рет Жұмыс берушiнiң есебiнен Қазақстан Республикасының «ҚР-дағы еңбек туралы» 10.12.99 жылғы № 493-1 Заңының 88-бабында белгiленген жағдайларға сәйкес, лауазымы бойынша өзiнiң еңбектегi мiндеттерiн орындаудан толық босатыла отырып, бiлiмiн көтеруге құқығы бар.
3.6. Жұмыс берушi ҚР «ҚР-дағы еңбек туралы» 10.12.99 жылғы № 493-1 Заңының 91 бабының 2-7 тармақтарында белгiленген жағдайларда қызметкерге келтiрiлген зардабтар үшiн толық мөлшерде жауапты болады.

4-бап. ЖҰМЫС БЕРУШIНIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
4.1. ҚР «ҚР-дағы еңбек туралы» 10.12.99ж. № 493-1 Заңының 8-бабының және iшкi қолданыс үшiн шығарылған жарғылар мен актiлердiң талаптары шегiнде Жұмыс берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi болады.
4.2. Жұмыс берушi қызметкердi осы Шартқа қатысты барлық құжаттармен таныстыруға мiндеттi, оның iшiнде:
- «Қызметкерлер туралы» ереже;
- лауазымдық нұсқаулық;
- жұмысқа алу, ауыстыру, жұмыстан шығару, жазалау, көтермелеу, iссапар туралы және тағы басқа бұйрықтар;
- коммерциялық құпияға жататын мәлiметтердiң тiзiмi.
4.3. Жұмыс берушi келiсiмдi бұзғаннан кейiн немесе жұмысты одан әрi жалғастыру үшiн, сонымен бiрге Қазақстан Республикасы тұрғындарын жұмыспен қамту қызметiне тiркелу үшiн қажеттi - еңбек қызметiн, еңбек ақысын, кепiлдiктердi, өтемақыларды растайтын барлық құжаттарды ресiмдеудi және сақтауды қамтамасыз етедi.
4.4. Жұмыс берушi қызметкердiң арызы бойынша 5 күн iшiнде төмендегi құжаттарды:
- еңбек кiтапшасын немесе оны ауыстыратын құжатты;
- бұйрықтардың (қабылдау, ауыстыру, жұмыстан шығару, көтермелеу, жазалау ж.т.б.) көшiрмесiн;
- жалақы, жұмыс уақыты, лауазымы туралы анықтаманы;
- ұсыным хатты дайындап беруге міндетті.
4.5. Осы Шарттың қолдану мерзiмi iшiнде Жұмыс берушi қызметкердiң лауазымын көтеру мақсатында, «Аттестация туралы» ережеге және тұрақты түрде қолданылып жүрген тарифтiк-бiлiктiлiк комиссияның ережесiне сәйкес қызметкерден аттестация алуға құқығы бар.
Аттестация жақсы нәтиже берген жағдайда осы Шартты қайта жасайды, аттестация нәтижесi Жұмыс берушiнi қанағаттандырмаса, шарт өзгерiссiз күйiнде қалады.

5-бап. ҚЫЗМЕТКЕРДIҢ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫ
5.1. Жұмыс уақыты мен демалыс
а) Қызметкерге:
- бес күндiк жұмыс аптасы және екi күн – сенбi, жексенбi- демалыс белгiленедi;
- «_____» сағаттан бастап «_____» дейiн сегiз сағат жұмыс күнi белгiленедi;
- бiр сағат «_____» сағаттан «_____» сағатқа дейiн үзiлiс жарияланады.
б) ҚР «ҚР-дағы еңбек туралы» 10.12.99.ж. №493-1 Заңының 49-50 баптарына сәйкес мерзiмнен тыс жұмысқа рұқсат етiледi;
в) ҚР «ҚР-дағы еңбек туралы» 10.12.99.ж. №493-1 Заңының 17-23 баптарында белгiленген жағдайларды сақтай отырып, еңбек шартына өзгерiстер енгiзуге, оның iшiнде қызметкердi басқа жұмысқа ауыстыру туралы шешiмдер қабылдауға құқығы бар.
г) ҚР «ҚР-дағы еңбек туралы» 10.12.99.ж. №493-1 Заңының 48,56,58,59- баптарында белгiленген жағдайларды сақтай отырып, қызметкерлердi түнгi ауысымға, демалыс және мереке күндерiнде жұмысқа тартуға болады;
д) Қызметкер атқарып отырған лауазымына байланысты қызметтiк мiндеттерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының шегiне , сонымен бiрге шет елге iссапарға жiберiлуi мүмкiн;
е) Қызметкерге жыл сайын жалақысы сақталатын , ақылы, ұзақтығы 30 күнтiзбелiк күн еңбек демалысы берiледi. Осы шартқа қол қойғаннан соң____________ айдан демалыс алуға құқық кейiн берiледi. Сонымен бiрге, демалыс өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты тараптардың келiсiмiмен мерзiмiнен бұрын үзiлуi мүмкiн.
ж) Қызметкерге аса маңызды тапсырмаларды орындау үшiн :
- __________ күн мерзiмiне қосымша демалыс берiледi;
- __________ теңге мөлшерiнде емделуге материалдық көмек көрсетiледi.
з) орынды себептер болған кезде Жұмыс берушi қызметкерге ——— күнге ақысыз демалыс беруi мүмкiн;
и) еңбек демалысын бiр жылдан артық уақытқа кейiнге қалдыруға болмайды, оның өзiнде ол бұйрықпен ресiмделуге тиiс;
к) демалыстың осы шартта белгiленбеген ресiмдеу рәсімдері мен тәртiбi «____»________2000__ж. №________ «Қызметкерлер туралы» ереже арқылы реттеледi.

5.2. Еңбекақы және сыйақы туралы
а) қызметкерге «__»________200__ж. №_____«Еңбекке акы төлеу туралы ереже бойынша _____ мөлшерiнде жалақы төленедi. Жалақысы ай сайын инфляцияның коэффициентiне, сыйақының және қайта қаржыландыру ставкаларына байланысты дисконттау арқылы индекстелінедi.
б) осы шартқа қол қойған күннен кейiн бiр жыл өткен соң, егер қызметкер өз қызметiн мүлтiксiз орындап, бұйрықпен ресiмделген жаза алмаса, онда қызметкерге ай сайын дербес үстемақы белгiленуi мүмкiн.
в) осы шарттың 5.1 тармағының «б» тармақшасында көрсетiлген мерзiмнен тыс жұмыс үшiн қызметкерге жалақының 1.5 коэф. мөлшерiнде , ҚР «ҚР-дағы еңбек туралы» 10.12.99ж. №493-1 Заңының 73-бабына сәйкес төлем жасалады.
г) Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен тоқтаған жұмыс уақытына және екi қызметтi қоса атқарған кезде «___»____________200____ж №________ «Еңбекке ақы төлеу туралы» ереже бойынша төлем жасалады.
д) Егер жалақы немесе басқа да тиiстi төлемдер Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен кешiктiрiлсе, онда ол қызметкерге Ұлттық Банк белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша берешек сомадан әрбiр кешiктiрiлген күн үшiн өсiмақы төлейдi. Өсiмақыны есептеу төлем жасаудың белгiленген күнiнен бастап берешектi төлеп болғанша жүргiзiледi.
е) кез келген себептерге байланысты шартты бұзған жағдайда Қызметкерге тиiстi сома соңғы күннен кешiктiрiлмей төленедi.

6-бап. КЕПIЛДIКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫЛАР
6.1. Егер Жұмыс берушi Қызметкердi мемлекеттiк немесе қызметтiк мiндеттемелерiн орындау кезiнде жұмыстан босататын болса, онда қызметкердiң жоқ кезiнде оның лауазымдық қызметi мен орташа жалақысы сақталуға тиiс.
6.2. Егер қызметкер дәрiгерлiк тексеруден өтетiн болса, немесе басқа да мiндеттi комиссиялардан өтiп жүрсе, онда осы уақытта оның орташа жалақысы сақталуы керек.
6.3. Қызметкерге пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн _______________мөлшерiнде өтемақы төленедi.
6.4. Iссапарға байланысты кепiлдiктер мен өтемақылар ҚР-ның қолданылып жүрген заң актiлерiне байланысты төленедi. Iссапарға ҚР Үкiметiнiң белгiлеген нормасынан артық төленетiн өтемақылар оны растайтын құжат болғанда ғана төленедi.
6.5. Қызметкер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiпке байланысты әлеуметтiк жәрдемақылардың барлық түрлерiмен қамтамасыз етiледi.
6.6. Қазақстан Республикасының Үкiметiмен реттелген жағдайда өзiне тиiстi қызметiн орындау кезiнде еңбекке қабiлетiн жоғалтқан немесе қайтыс болған адамның отбасына немесе қызметкерге ҚР заңдарында белгiленген мөлшерде жәрдемақы төлейдi.
6.7. Қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде Қызметкердiң денсаулығына тигiзген зиян үшiн Жұмыс берушi жауапты болады, қызметкерлердiң өмiрiн сақтандыруы керек.
6.8. Мына себептерге байланысты:
- жұмыс берушiнiң ұйымы таратылғанда;
- қызметкердi әскерге шақырғанда;
- қызметкер қайтыс болған жағдайда шартты бұзады.
Жұмыс берушi Қызметкерге немесе оның отбасына Қазақстан Республикасының Үкiметiнде белгiленген ең төменгi жалақының _______________________ мөлшерiнде жәрдемақы төлейдi.
6.9. Мына себептерге байланысты:
- штаттық кестенiң немесе қызметкердiң лауазымының қысқаруына байланысты;
- тараптардың келiсiмi бойынша;
- денсаулығына байланысты атқаратын қызметiн орындай алмаған жағдайда;
- зейнетке шығуына байланысты;
- басқа жерге көшуiне байланысты шартты бұзады.
Жұмыс берушi қызметкерге ____________________________________ мөлшерде жәрдемақы төлейдi.
6.10. Жұмыс берушi қызметкердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте арнайы киiммен, құралдармен, көлiкпен және де басқа инвентарлармен, сонымен бiрге еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгiмен қамтамасыз етуге мiндеттi.
6.11. Егер қызметкер Жұмыс берушiнiң кәсiпкерлiк қызметiн орындау мақсатында өз мүлкiн пайдаланатын болса, оған Жұмыс берушi шыққан шығынды төлеуге мiндеттi.

7-бап. ЕҢБЕК ШАРТЫН ТОҚТАТУ НЕМЕСЕ БҰЗУ
7.1. Осы шарт мына жағдайда бұзылады:
а)
- мерзiмiнiң бiтуiне байланысты;
- тараптардың еркiнен тыс себептерге байланысты тоқтатылады;
б)
- тараптардың келiсiмiмен;
- Жұмыс берушi тарапынан;
- Қызметкер тарапынан бұзылады.
- Тараптардың еркiнен тыс, ҚР заң актiлерiнде көзделген басқа да негiздерге байланысты.
7.2. Осы шарт ҚР «ҚР-дағы еңбек туралы» 10.12.99ж. №493-1 Заңының 26-бабында көзделген негiздер бойынша Жұмыс берушiнiң тарапынан бұзылуы мүмкiн және бұл факт белгiленген тәртiппен құжатта ресiмделуi қажет.
7.3. Осы шарт ҚР «ҚР-дағы еңбек туралы» 10.12.99ж. №493-1 Заңының 28-бабында көзделген негiздер бойынша қызметкер тарапынан бұзылуы мүмкiн.
7.4. Бұл шарт тараптардың бiрiнiң атынан жазбаша түрде шарт бұзылғанға дейiнгi бiр ай iшiнде ұсынылған жазбаша хабарламаның негiзiнде бұзылуы мүмкiн.
7.5. Осы шарт тараптардың өзара келiсiмi бойынша бұзылуы мүмкiн. Шартты бұзу себебi осы шартқа қосымша болып тiркелуге тиiс.
7.6. Егер шарттың мерзiмi бiтуiне бiр ай қалғанша екi тараптан да жазбаша түрде хабарлама түспесе, онда шарттың мерзiмi ұзартылған деп есептеледi.
7.7. Меншiк иесiнiң немесе заңды тұлғаның ауысуы осы шартты бұзуға негiз бола алмайды.

8-бап. ЕҢБЕК ДАУЛАРЫ
8.1. Еңбек даулары тараптардың келiсiмiмен төмендегi инстанцияларда:
а) келiсiм комиссиясында (егер ол Жұмыс берушiде бар болса);
б) аралық сотта, оның құрамы тараптардың келiсiмiмен сайланады;
в) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк соттарында қаралуы мүмкiн.
8.2. Қызметкер мемлекеттiк сотқа жүгiнсе, онда ол мемлекеттiк баж салығынан және басқа да соттың төлемдерiнен босатылады.

9-бап. БАСҚА ЖАҒДАЙЛАР
9.1. Егер осы шарттың ережелерi Жұмыс берушiнiң фирма iшiндегi актiлерiне қарсы келетiн болса, онда , негiзiнен, осы шарттағы ережелердiң заңдық күшi болады.
9.2. Егер осы шарттағы ережелер Қазақстанда бекiтiлген халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасының «ҚР-дағы еңбек туралы» заңдарының ережелерiне қайшы келетiн болса, онда ең бiрiншi халықаралық шарттары, содан кейiн ҚР заңдары заңды болып табылады. Шарттың жекелеген тармақтарының заңсыздығы шарттың заңдық күшiн жоя алмайды.
9.3. Егер ҚР заң актiлерiнде қызметкердiң жағдайын жақсарту жөнiнде өзгертулер енгiзiлсе, онда осы шарттың соған сәйкес тармақтарына да өзгертулер енгiзiледi, егер керiсiнше болса, онда шартқа өзгерiс енгiзiлмейдi.
9.4. Осы шарт заңдық күшi бiрдей екi данада жасалады және бiр-бiр данадан тараптарға берiледi, әрбiр тарап қажетiне қарай кез келген санда көшiрме жасауға хақылы.
9.5. Осы шарт «____»__________ 200___жылдан бастап күшiне енедi және мерзiмi бiткенше әрекет етедi, ал оның 2-баптағы мәлiметтерi тараптардың коммерциялық құпиясына жатады.
Қосымша:
1. Жеке материалдық жауапкершiлiк туралы шарт 1 бет, 1 дана.
2. Коммерциялық құпияға жататын мәлiметтердi жарияламау туралы мiндеттеме, 1 бет, 1 дана.

Жұмыс берушi Қызметкер
__________________________________ _________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, СТН) (азаматтық, аты-жөнi, ӘЖК-нiң нөмiрi
__________________________________ _________________________________________
лауазымы, аты-жөнi және уәкiлеттi СТН, мекенжайы, тұратын жерi
__________________________________ _________________________________________
тұлғаның қолы, заңды тұлғаның мөрi, күнi) қолы және күнi)

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



72.5Kb
Категория: Іс жүргізу | Добавил: Admin
Просмотров: 15640 | Загрузок: 479 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Құнанбайұлы Абай
Қазіргі замандағы шертпе дәстүрі
Сәбитұлы Асанқайғы
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Бұқаралық ақпарат құралдары
Қазақстан Республикасының климаты
Аймауытов Жүсіпбек
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі
Германия
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Жұмабаев Мағжан
Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігі арасындағы қатынастар
Жамбылдың ұстазы еді Майкөт ақын
Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы...
Сарыұлы Ақтамберді