Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 20.9.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Іс жүргізу

Жауап хат
Загрузка...
Жауап хаттың мәтіні бастама құжаттың мазмұнына байланысты болады. Мұнда хатқа, сұрау салуға, өтінішке, үндеуге, ұсынысқа, талап етуге байланысты жауап жіберіледі. Жауап хатта жауап берілетін бастама (кіріс) хаттың индексі мен күніне сілтеме берілуі тиіс. Егер бастама хат жеке тұлғадан түссе, сілтемеде кіріс құжаттың түскен күні көрсетіледі. Мәтінде бастама хатқа байланысты қабылданған шешім беріледі: ұсыныстан бас тарту, өтінішті орындау, сұрау салуға жауап. Жауап нақты, анық түрде берілуі тиіс.

Заңның орындалуы туралы

Астана қаласы (Сарыарка ауданы)
Ішкі саясат басқармасы директоры
Байтенов Тiлек Маратұлына

Сіздің 2009 жылғы «14» наурыз № 123 хатыңызға жауап.
Визуалды ақпарат пен жарнама құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерін қолдануда ҚР «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңының, «Жарнама туралы» Заңның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуде, қолданыстағы кестеге сәйкес, қала (аудан) әкімдігі «Татым» қоғамымен бірлесіп, қаладағы (аудандағы) заңсыз жарнама қалқандары мен тақталарын жою бойынша осы жылдың бір тоқсанында 10 рейд жасады. Рейд барысында 10 нысан тексерілді, олардың ішінде 6 нұсқау берілді, 4 нысанға ескерту берілді,
№ 13 магистралды даңғылдары мен көшелерінде қайта жөнделген ауыстырмалы штендорлар – 9 дана.
Сондай-ақ әкімдіктің жауапты қызметкерлері «Татым» қоғамымен, қоғамдық қорғау полициясының арнайы көмекшілерімен бірлесіп, жарнама тумбаларында, көшеге жарық беруші бағандарға, дуалдарға, ғимараттардың қабырғаларына, кіреберістердің есіктеріне қалыпқа салынбаған сипаттағы (парақшалар, ілінбе қағаздар, плакаттар) жарнамалық-ақпараттық өнімдерді орналастыру бойынша ұдайы әрі қатаң бақылау жүргізіп отырады.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасып отырады және ұдайы бақылауда болады.

Астана қаласы
(Сарыарка ауданы)
әкімінің орынбасары __ Муц __ Муцев Б. К. (қолы) (аты-жөні)

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



24.0Kb
Категория: Іс жүргізу | Добавил: Admin
Просмотров: 2832 | Загрузок: 172 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Қазақтың күй өнері
Қазақстан Республикасы мен Сирия Араб Республикасы арасындағы қатынаст...
Жүсіпбек Аймауытов
Сәбитұлы Асан қайғы
Жер планетасы
Мұнай және мұнай өнімдерінің топыраққа әсері
Халық ауыз əдебиеті
Сапарғали Бегалин - халықтың сүйікті жазушысы
Атқарушы органдар
Шығайұлы Дәулеткерей
Шәмші Қалдаяқов
Құдайбердіұлы Шәкәрім
Компьютердің құрылғылары
Шоқай Мұстафа
Мағжан - ақынның ақыны